ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ...

13
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҦЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ АБАЯ АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҦЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ ТҤЛЕГІНІҢ ЖҦМЫСПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖӚНІНДЕГІ ЖАДНАМАСЫ ПАМЯТКА ВЫПУСКНИКУ КАЗАХСКОГО НАЦИОНАЛЬНОГО ПЕДАГОГИЧЕСКОГО УНИВЕРСИТЕТА ИМЕНИ АБАЯ ПО ТРУДОУСТРОЙСТВУ Алматы 2015

Upload: others

Post on 11-Jan-2020

11 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

Page 1: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ ...kaznpu.kz/docs/otdel_trudoustroistva/Jadnama.pdf · 2015-02-06 · жыл ауылдық жерде орналасқан

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҦЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ

ИМЕНИ АБАЯ

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҦЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ

УНИВЕРСИТЕТІ ТҤЛЕГІНІҢ ЖҦМЫСПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

ЖӚНІНДЕГІ ЖАДНАМАСЫ

ПАМЯТКА ВЫПУСКНИКУ КАЗАХСКОГО НАЦИОНАЛЬНОГО

ПЕДАГОГИЧЕСКОГО УНИВЕРСИТЕТА ИМЕНИ АБАЯ

ПО ТРУДОУСТРОЙСТВУ

Алматы 2015

Page 2: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ ...kaznpu.kz/docs/otdel_trudoustroistva/Jadnama.pdf · 2015-02-06 · жыл ауылдық жерде орналасқан

Қҧрметті тҥлек!

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде

Қазақстанның оқу бітіруші түлектерін жұмыспен қамтамасыз етуге септігін

тигізетін тәжірибе және жұмыспен қамтамасыз ету бӛлімі қызмет атқарады.

Байланыс телефоны: 291-83-50

E-mail:

[email protected]

Сіздің білуіңіз керек:

I. 2008 жылы 24 желтоқсанда Мемлекет басшысы «Ауылдық елді

мекендердегі әлеуметтік саладағы қызметкерлерді әлеуметтік қолдау және

ынталандыру мәселелері жӛніндегі Қазақстан Республикасының кейбір заң

актілеріне ӛзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» № 111-IV ҚРЗ

Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заң бойынша мамандарға тӛмендегідей шаралар ҧсыну қарастырылған:

а) 2009 жылдың 1 маусымынан бастап 70 АЕК (89100 теңге) кӛлемінде

бір реттік кӛтерме жәрдемақы тӛлеу;

б) 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап 630 АЕК (801990 теңге) кӛлемінде

0,01 % сыйақы мӛлшерінде 15 жыл мерзімге тұрғын үй алуға әлеуметтік кӛмек

кӛрсету;

в)2012 жылды қаңтарынан бастап 1500 АЕК (3 млн. дейін теңге)

кӛлемінде 0,01 % сыйақы мӛлшерінде 15 жыл мерзімге тұрғын үй алуға

әлеуметтік кӛмек кӛрсету;

г) 2012 жылдың 1 маусымынан бастап 70 АЕК (121000 теңге) кӛлемінде

бір реттік кӛтерме жәрдемақы тӛлеу;

д) ауылдық елді мекендерде орналасқан және республикалық бюджеттен

қаржыландырылатын әлеуметтік сала мекемелері мамандарының еңбек

ақыларын лауазымдық еңбек ақының 25 %-нан кем емес мӛлшерде (тарифтік

мӛлшер) кӛтеру.

Нәтижесінде:

- маман тҧрғын ҥйдің меншік иесі болады;

- мемлекеттік қаржы – қайтарымды;

- маман ауылда 5 жылға орнығады;

- бҧл бюджеттік қаржыны адамзат капиталына жҧмсау.

ІІ. Маманды ауылдық жерге жұмысқа жіберу және ӛз бетімен жұмысқа тұру

құқығын беру тәртібі

1. Ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын мамандықтар

бойынша ауыл (село) жастары арасынан шыққан азаматтарға берілетін квота

шегінде оқуға түскен білім беру грантының иегерлері ауылға (селоға), кентке,

ауылдық (селолық) округке (бұдан әрі - ауылдық жер) жұмысқа жіберіледі.

2. Педагогикалық және медициналық мамандықтар бойынша ауыл (село)

жастары арасынан шыққан азаматтарға берілетін квота шегінде оқуға түскен

білім беру гранты иегерлері үшін білім беру қызметтерін ұсынуға арналған

шарт жасасқан кезде олардың жоғары оқу орнын аяқтағаннан кейін кемінде үш

Page 3: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ ...kaznpu.kz/docs/otdel_trudoustroistva/Jadnama.pdf · 2015-02-06 · жыл ауылдық жерде орналасқан

жыл ауылдық жерде орналасқан білім беру ұйымдары мен медициналық

ұйымдарда жұмысты ӛтеуі міндетті шарт болып табылады.

Жұмысты ӛтеу мерзімі жұмыс беруші мен жас маман арасында еңбек шарты

жасалған күннен бастап саналады.

3. Жас мамандарды жұмысқа жіберу мақсатында оларды дербес бӛлу жүзеге

асырылады.

Жас мамандарды жұмысқа бӛлу және жіберу мынадай тәртіппен жүзеге

асырылады:

1) облыстың жергілікті атқарушы органы жыл сайын 1 наурыздан кешіктірмей

білім беру және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органдарға (бұдан әрі

- уәкілетті органдар) ауылдық жерде орналасқан білім беру ұйымдарында және

медицина ұйымдарында кадрларға қажеттілік туралы ӛтінім береді;

2) ЖОО жыл сайын 1 наурыздан кешіктірмей уәкілетті органдарға ауыл (село)

жастары арасынан шыққан азаматтарға берілетін квота шегінде оқуға түскен

бітірушілердің тізімдерін жібереді;

3) уәкілетті органдар жыл сайын 1 мамырдан кешіктірмей тікелей ауыл (село)

жастары арасынан шыққан азаматтарға берілетін квота шегінде оқуға түскен

білім беру грантының иегерлері оқитын ЖОО-ға ауылдық жерде орналасқан

білім беру және медицина ұйымдары үшін кадрларға қажеттілік туралы

ӛтінімдерге сәйкес ақпарат жібереді;

4) ЖОО-да жас мамандарды жұмысқа дербес бӛлу жӛніндегі комиссия (бұдан

әрі - Бӛлу жӛніндегі комиссия) құрылады.

Бӛлу жӛніндегі комиссия туралы ережені уәкілетті органдар бекітеді.

4. Бӛлу жӛніндегі комиссия жыл сайын квота шегінде білім беру гранты

бойынша оқуға түскен ауыл (село) жастары арасынан шыққан азаматтар оқуды

аяқтайтын Қазақстан Республикасының тиісті жоғары оқу орындарының

жанында құрылады.

5. Жас мамандарды дербес бӛлу отырысқа ұсынылған құжаттар бойынша

және облыстардың жергілікті атқарушы органдарының ауылдық жерде

орналасқан білім беру ұйымдарындағы және медицина ұйымдарындағы

кадрларға қажеттілік туралы ӛтінімдеріне сәйкес уәкілетті органдар ұсынған

ақпарат негізінде жүзеге асырылады.

6. 14. Жас мамандарды дербес бӛлу кезінде:

1) тұрақты тұратын орны немесе сонда бӛлген дұрысырақ болатын ауылдық

елді мекен;

2) Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасында және осы

Ережеде кӛзделген бірінші кезекте бӛлу құқығын беретін жағдайлардың болуы;

3) Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасында және осы

Ережеде белгіленген, жұмысты ӛтеу жӛніндегі міндеттен босататын немесе

жұмысты ӛтеу жӛніндегі міндетті орындау мерзімін кері шегеретін

жағдайлардың болуы ескеріледі.

Жас маман тұрақты тұрған ауылдық жерде орналасқан білім беру ұйымдарында

және медицина ұйымдарында бос жұмыс орны болмаған жағдайда ол жақын

жердегі ауылда (селода), кентте, ауылдық (селолық) округте, ауданда, облыста

Page 4: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ ...kaznpu.kz/docs/otdel_trudoustroistva/Jadnama.pdf · 2015-02-06 · жыл ауылдық жерде орналасқан

орналасқан білім беру ұйымдарына және медицина ұйымдарына бӛлінуге

жатады.

7. ЖОО-дағы оқуды бір мезгілде аяқтаған ерлі-зайыптыларға бір ауылда

(селода), кентте, ауылдық (селолық) округте орналасқан ұйымдарда жұмыс

беріледі. Егер ерлі-зайыптылардың бірі оқуын бұрын бітірсе, онда оған жұмыс

жалпы негіздерде беріледі. Мұндай жағдайда жұбайының (зайыбының) жұмыс

орнын, оның ішінде зайыбының (жұбайының) жұмыс орны бойынша да таңдау

құқығы бар.

8. 16. ЖОО жыл сайын 10 тамыздан кешіктірмей уәкілетті органдарға

ауылдық жерде орналасқан білім беру ұйымдарына және медицина

ұйымдарына жұмысқа жас мамандарды бӛлу туралы ақпаратты ұсынады және

бӛлу жӛніндегі барлық материалдарды жас мамандарды бӛлу туралы шешім

қабылданған күннен бастап 15 күннің ішінде білім беру саласындағы уәкілетті

органның сенім білдірілген агентіне жібереді.

9. Дербес бӛлу жӛніндегі комиссияға дәлелді себептерсіз келмеген жас

мамандар оның қатысуынсыз бӛлінеді.

10. Ауылдық жерге жұмысқа жіберілген жас мамандар Қазақстан

Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік кепілдіктер алады.

11. Бірінші кезекте бӛлу құқығы:

1) жұбайы бос жұмыс орнын ұсынған ауылдық жерде немесе оған жақын

орналасқан ауылда (селода), кентте, ауылдық (селолық) округте тұратын,

жұмыс істейтін немесе қызметін ӛтеп жатқан адамдарға;

2) ата-анасының бірі немесе екеуі де І және II топ мүгедектері болып табылатын

адамдарға, сондай-ақ бос жұмыс орнын ұсынған ауылдық жерде тұрақты тұрып

жатқан адамдардың қамқоршысы және қорғаншысы болып табылатын

адамдарға беріледі.

12. Бӛлу жӛніндегі комиссияның шешімімен жас мамандардың мынадай

санаттары жұмысты ӛтеу жӛніндегі міндеттен босатылады:

1) бӛлу кезінде ауылдық жерде орналасқан білім беру ұйымдарында және

медицина ұйымдарында бос жұмыс орны болмаған кездегі адамдар;

2) жұбайы (зайыбы) тұратын, жұмыс істейтін немесе қызметін ӛтеп жатқан

ауылдық жерде немесе оған жақын орналасқан ауылда (селода), кентте,

ауылдық (селолық) округте бос жұмыс орны болмаған кездегі адамдар;

3) І және II топтағы мүгедектер;

4) одан әрі магистратураға, резидентураға оқуға түскен адамдар;

5) жүкті әйелдер, үш жасқа дейінгі баласы (балалары) бар әйелдер, сондай-ақ

баласын (балаларын) жалғыз тәрбиелеп отырған әкелер.

13. Ағымдағы жылы оқуын бітірген жас мамандар 1 тамыздан кешікпей

жұмыс орнына жолдама бойынша келеді.

14. Облыстың жергілікті атқарушы органы жас маман келгеннен кейін бір

айдың ішінде білім беру саласындағы уәкілетті органның сенім білдірілген

агентіне жұмыс орны және берілетін әлеуметтік кӛмек түрі туралы мәліметтерді

ұсына отырып, бӛлуге сәйкес келгені туралы растау жібереді.

Page 5: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ ...kaznpu.kz/docs/otdel_trudoustroistva/Jadnama.pdf · 2015-02-06 · жыл ауылдық жерде орналасқан

15. Мерзімдік әскери қызметке түскенде немесе шақырылғанда жас

маманның жұмысты ӛтеу мерзіміне қызметті ӛтеу уақытын қоспастан, қызметті

ӛтеу уақытына жұмысты ӛтеу мерзімі кейін шегеріледі.

16. Бюджеттің оқытумен байланысты шығыстарын қайтарусыз жұмысты ӛтеу

жӛніндегі міндетін тоқтату білім беру саласындағы уәкілетті органның

шешімімен ресімделеді және:

1) жұмысты ӛтеу жӛніндегі міндеттің орындалуына байланысты;

2) тиісті құжаттармен расталған білім алушының (жас маманның) қайтыс

болуына байланысты;

3) жұмысты ӛтеу мерзімі ішінде І, II топ мүгедектігі белгіленген жағдайда;

4) осы Ереженің 20-тармағында кӛзделген жағдайларда жұмысты ӛтеу

жӛніндегі міндетінен босатылуына байланысты басталады.

17. Осы Ереженің 19, 20, 23, 24-тармақтарында кӛрсетілген жағдайлар тиісті

құжаттармен расталуға тиіс.

18. Облыстың жергілікті атқарушы органы жыл сайын 1 қыркүйекке қарай

білім беру саласындағы уәкілетті органның сенім білдірілген агентіне 2011

жылдан бастап алдағы үш жыл бойы ауылдық жерде жұмыс істеу үшін

бӛлінген жұмыс істеп жатқан жас мамандардың тізімін жібереді.

19. Ауылдық жерде жұмыс істеуге бӛлінген жас маманмен жасалған еңбек

шарты жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзылған жағдайда жұмыс

беруші еңбек шартын бұзғаннан кейін үш күннен кешіктірмей бұл туралы

облыстың жергілікті атқарушы органдарына хабарлайды. Облыстың жергілікті

атқарушы органы жас маманның жұмыстан шығарылғаны туралы мәліметтер

мен растайтын құжаттарды білім беру саласындағы уәкілетті органға жібереді.

Бұл орайда жас мамандармен жасалған еңбек шарттары жұмыс беруші - заңды

тұлғаның таратылуы немесе жұмыс беруші - жеке тұлғаның қызметін тоқтатуы,

сондай-ақ қызметкерлер саны немесе штаты қысқартылуы негізінде бұзылған

жағдайда олар қайтадан белуге жатады.

Жас мамандармен жасалған еңбек шарттары жұмыс берушінің бастамасы

бойынша осы тармақта кӛзделмеген негіздер бойынша бұзылған жағдайда

оларды қайтадан бӛлу жүргізілмейді, және осы Ережеге сәйкес қаражатты

бюджетке қайтару жүзеге асырылады.

20. Жас маман жоғары оқу орнын аяқтағаннан кейін кемінде үш жыл

ауылдық жерде орналасқан білім беру ұйымдары мен медициналық ұйымдарда

жұмысты ӛтеу міндетін орындамаған жағдайда бюджеттің жас маманды

оқытумен байланысты шығыстары бюджетке қайтарылуға тиіс.

21. Жас мамандардың жұмысты ӛтеу жӛніндегі міндеттерді орындауы және

бюджеттің жас маманды оқытумен байланысты шығыстарының қайтарылуы

мониторингін қамтамасыз ету білім беру саласындағы уәкілетті органның сенім

білдірілген агентіне жүктеледі.

22. Білім беру саласындағы уәкілетті органның сенім білдірілген агенті ӛз

құзыреті шегінде:

1) жас мамандардың жұмысты ӛтеу жӛніндегі міндеттерді орындауына

мониторинг жүргізу мақсатында жас мамандар бойынша дерекқорды

Page 6: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ ...kaznpu.kz/docs/otdel_trudoustroistva/Jadnama.pdf · 2015-02-06 · жыл ауылдық жерде орналасқан

қалыптастырады және жүргізеді, ұсынылған құжаттардың сақталуын

қамтамасыз етеді;

2) облыстардың жергілікті атқарушы органдарының жәрдемімен бӛлу жӛніндегі

комиссиялар шешімдерінің орындалу мониторингін жүргізеді;

3) жас мамандар жұмысты ӛтеу жӛніндегі міндеттерді бұзған жағдайда олардың

бюджеттің ӛзін оқытумен байланысты шығыстарын қайтаруын қамтамасыз ету

жӛнінде шаралар қабылдайды.».

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

К. Мәсімов

Бҧл қаулы бірінші ресми тҥрде жарық кӛрген кҥннен бастап кҥшіне

енетін болады.

III. «Жҧмыспен қамту - 2020» Бағдарламасы бойынша

Ақпарат

Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт Кӛшбасшысы Нұрсұлтан

Назарбаев ӛзінің Қазақстан халқына 2012 жылдың 27 қаңтарындағы

жолдауында он негізгі бағытты жүзеге асыру бойынша міндеттер кешенін

алдыға қойды, олар – экономиканы нығайту, халықтың әл-ауқатын кӛтеру

мақсатындағы жаңа міндеттер.

Олардың ішінде алдыңғы қатардағы және маңызды міндеттердің бірі –

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 316

Қаулысымен бекітілген «Жұмыспен қамту - 2020» Бағдарламасын жүзеге

асыру.

Бағдарламаны жүзеге асыру тӛмендегідей бағыттарда жүргізіледі.:

- тиімді оқу және жұмысқа орналасуға жәрдем беру жүйесін құру;

- ауылда кәсіпкерліктің дамуына ықпал ету;

- еңбек ресурстарының оңтайлылығын арттыру.

Бірінші бағыт: оқыту және жҧмысқа орналастыру

Осы бағыт аясында Бағдарламаға қатысатын ӛз бетінше

еңбектенушілерге, жұмыссыздарға және тұрмысы нашар тұрғындарға

мемлекеттік қолдаудың мынадай түрлері ұсынылады:

- біліктілікті жоғарылату, кәсіби даярлау және қайта даярлау (бұдан әрі –

кәсіби оқу) курстарында стипендия ала отырып оқу мүмкіндігі беріледі;

- қажетті бос жұмыс орындарын іздестіру және жұмысқа орналасуға

(соның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарына) орналасуға жәрдем беру;

- жұмыс тәжірибесінен ӛтетін жастардың еңбек ақысын тӛлеу.

Екінші бағыт: ауылда кәсіпкерліктің дамуына ықпал ету (шағын

несиелер беру)

- Бағдарламаның бұл бағытына ауылдық кәсіпкерлер және ӛз ісін ашқысы

келетін, оған мүмкіндіктері бар ӛз бетінше еңбектенуші, жұмыссыз және

тұрмысы нашар тұрғындар қатыса алады. Ауылда ӛз ісін ұйымдастырғысы

Page 7: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ ...kaznpu.kz/docs/otdel_trudoustroistva/Jadnama.pdf · 2015-02-06 · жыл ауылдық жерде орналасқан

келетін әйелдердің осы бағытқа қатысуына басымды құқық беріледі. Аталған

бағыт аясында тӛмендегідей мемлекеттік қолдау түрлері кӛрсетіледі:

- шағын несиелер беру;

- инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту,

- ақыл-кеңес беру қызметі ұсынылады;

- кәсіпкерлік негіздері бойынша оқыту.

Несие мерзімі – 5 жыл, несиенің ең кӛп сомасы 3 млн. теңгеден

асырылмайды.

Ҥшінші бағыт: еңбек ресурстарының оңтайлылығын арттыру Бұл бағытта еңбек ресурстарының оңтайлылығын Қазақстан Республикасы

азаматтарының әлеуметтік-экономикалық әлеуеті тӛмен елді мекендерден

мұндай әлеуеті жоғары елді мекендерге және экономикалық ӛсу орталықтарына

ӛз еріктерімен кӛшулеріне жәрдем беру есебінен арттыру шаралары

қарастырылады. Бағдарламаны жүзеге асырудың үшінші бағытына қатысуға

басым құқық ауыл жастарына беріледі.

Бағдарламаға қатысушыларға тӛмендегідей мемлекеттік қолдау түрлері

кӛрсетіледі:

- кӛші-қонға субсидиялық жәрдем беру;

- кәсіби даярлау, қайта даярлау және біліктілікті жоғарылату курстарында

оқыту, сондай-ақ жаңа тұрғын орнында жұмысқа орналасуға кӛмек беру;

- жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысушы Қазақстан

республикасының азаматтарына қызметтік тұрғын үйлер беру.

«Жастардың іс-тәжірибесі» бағдарламасы

Бұл бағдарлама - жұмыссыз жастарды әлеуметтік қорғаудың мемлекеттік

шараларының бірі.

Бағдарламаға дипломы бар, бірақ жұмыс тәжірибесі жоқ, 24 жасқа дейінгі

жастар қатыса алады.

Іс-тәжірибеден ӛту оқу бітірушіге мынадай мүмкіндіктер береді:

- кәсіби тәжірибе жинақтау;

- ӛзін жақсы жағынан кӛрсетіп, одан әрі жұмысқа орналасу мүмкіндігін

алу;

- айына 28000 (жиырма сегіз мың) теңге мӛлшерінде мемлекеттен

қаржылық қолдау алу (жұмыс беруші ӛз ұйғарымымен іс-тәжірибеден ӛтушіге

қосымша ақы тӛлей алады).

Оқу бітіруші іс-тәжірибеден меншік түріне (мемлекеттік және жеке

меншіктік) байланыссыз кез-келген ұйымда ӛте алады. Іс-тәжірибеден ӛту

мерзімі – 3 айдан 6 айға дейін.

Жастарға арналған бұл бағдарламаға қатысу үшін оқу бітіруші аумақтық

еңбекпен қамту орындарына баруға тиіс. Ӛзімен мынадай құжаттар болуы

керек: жеке куәлігі, диплом, ЖСН, зейнеттік қормен келісім-шарт, үй кітабы

немесе мекен-жай бюросының анықтамасы.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бӛлімінде оқу бітірушіге

жұмыс берушімен алдын ала әңгімелесуге жолдама беріледі. Әңгімелесу

Page 8: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ ...kaznpu.kz/docs/otdel_trudoustroistva/Jadnama.pdf · 2015-02-06 · жыл ауылдық жерде орналасқан

табысты ӛтсе, еңбек келісімшартына қол қойылады. (Оқу бітірушінің жастарға

арналған іс-тәжірибеден ӛту үшін жұмыс берушіні ӛз бетінше табуына болады).

Жастарға арналған іс-тәжірибе мерзімі біткен соң жұмыс беруші оқу

бітірушінің жинақтаған жұмыс тәжірибесі туралы баяндалған ұсыныстық хат-

мінездеме береді. Сондай-ақ іс-тәжірибе мерзімі аяқталған соң жұмыс беруші

ол жас маманды ӛз кәсіпорнына тұрақты жұмысқа қабылдай алады.

Заң қабылданды. Жҧмыс енді басталып жатыр!

Құрметті 2015 жылғы түлектер! Жұмысқа орналастыруға, бос жұмыс

орындарына байланысты жаңалықтарды Абай атындағы Қазақ Ұлттық

педагогикалық университетінің тәжірибе және жұмыспен қамтамасыз ету

бӛлімінен 6-корпус, 201-кабинеттен білуіңізге болады.

Телефон: 2-/7272/918350

Қазақстан Республикасының жекелеген ҧйымдары мен мекемелері туралы

ӛзекті ақпарат 1. Алматы қаласы Білім басқармасы 2716509 2. Алмалы АОБ 3759229 3. Медеу АОБ 2939161 4. Әуезов АОБ 2982895 5. Алатау АОБ 2454308 6. Бостандық АОБ 2752198 7. Жетісу АОБ 3822310 8. Түркісіб АОБ 2365664 9. Алматы облысы бойынша

білім басқармасы

8/728/2272731

10. Оңтүстік Қазақстан облысы

бойынша білім басқармасы

8/725/2563247

11. Қызылорда облысы бойынша білім

басқармасы

8/724/2272934

12. Жамбыл облысы бойынша білім

басқармасы

8/726/2432429

13. Шығыс Қазақстан облысы

Бойынша білім басқармасы

8/723/2570154

14. Ақтӛбе облысы бойынша

білім басқармасы

8/713/2560482

Page 9: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ ...kaznpu.kz/docs/otdel_trudoustroistva/Jadnama.pdf · 2015-02-06 · жыл ауылдық жерде орналасқан

15. Қарағанды облысы бойынша

білім басқармасы

8/721/2412242

16. Солтүстік Қазақстан облысы

бойынша білім басқармасы

8/715/2463334

17. Қостанай облысы бойынша білім

басқармасы

8/714/2547485

18. Ақмола облысы бойынша

білім басқармасы

8/717/2556851

19. Батыс Қазақстан облысы

Бойынша білім басқармасы

8/711/2260468

20. Алматы облысы (Бақанас ауылы)

Балқаш ауданы білім беру, дене

мәдениеті және спорт бӛлімі

8/72773/91370

21. Жұмыспен қамту және

әлеуметтік бағдарламалар

орталығы

2616778

22. Алматы қаласының мектептері

№147 271-14-34

№173 276- 76-46

№13 221-75-26

№86 228-23-78

№140 376-44-20

№4 397-43-56

№123 299-95-12

№12 291-68-73

№19 382-37-19

№28 261-64-82

№29 291-61-54

№30 262-10-74

№ 33 291-79-51

№35 291-99-32

№47 271-54-15

№48 261-16-05

№52 271-85-62 23. Сарқанд қ. Абай атындағы

мектеп-гимназия

8/72839/21492

24. Алматы қалалық соты 2798562 25. Арнайы ауданаралық

экономикалық сот

2547705

26. Алматы облыстық соты 2212795 27. Алматытелеком ТМО 2975759 28. «Халық банкі» АҚ 2590777 29. « Центр Кредит Банкі» АҚ 2584158

30. «Тұран Әлем Банкі» АҚ 2505100

Page 10: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ ...kaznpu.kz/docs/otdel_trudoustroistva/Jadnama.pdf · 2015-02-06 · жыл ауылдық жерде орналасқан

31. Сараптау және сертификаттау

ұлттық орталығы

2210808

32. Мұрағаттарды және құжаттарды басқар 2784431

33. Алматы қ. салық комитеті 2671554

34. Қазыналық комитет департаменті 2717705

35. «Егемен Казахстан» 352939092

36. «Вечерний Алматы» 2792890

37. Homеcredit Bank 2445506 ішкі17-76

38. Сбербанк России 2669009 ішкі 3457

39. Алматы қаласы ІІД 2544690

Page 11: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ ...kaznpu.kz/docs/otdel_trudoustroistva/Jadnama.pdf · 2015-02-06 · жыл ауылдық жерде орналасқан

Түйіндеменің үлгісі

Балтабеков Нҧрбол Жҥсіпҧлы

Жалпы ақпарат Мекен-жайы: Алматы қ., Байзақов к., 125, 13 п.

Ұялы тел., 8 777 1451763

Үй телефоны: 8 (727) 2941368

E-mail:[email protected]

Туған жылы: 9 тамыз 1985 ж.

Білімі: 2011 - 2015 жж. Абай атындағы Қазақ ұлттық

педагогикалық университеті

Мамандығы: 5В010900 - Математика

Академиялық дәрежесі: 5В010900-Математика

мамандығы бойынша білім бакалавры

Қосымша білімі: 2012-2013 жж. Components of a Successful

Language

ағылшын тілінің қарқынды курстары

Components of a Successful

Language курсын ӛту туралы «Small Business

Training Center» (SBTC) сертификаты

Еңбек

тәжірибесі:

Қыркҥйек, 2014-осы уақытқа дейін ООО

«Грант», Алматы қ.,

Сату бойынша менеджердің кӛмекшісі

Міндеттері:

Тұтынушылармен жұмыс

Келімшарттарды рәсімдеу

Қоңырауларды қабылдау

Ішкі құжаттық айналымды жүргізу

Тілдерді білуі:

Қазақ тілі: еркін

Ағылшын тілі: еркін

Испан тілі: базалық

Компьютерлік

дағдылар: IT: C/C++, Pascal, VS Office, HTML,

Photoshop, Web Design, Graphics software

OS: Windows, Unix.

Математикалық және статистикалық есептер: Mat

Lab, Evrista, Statistica 6.0,

Mathematica 5.2 etc. Халықаралық байланыс,

Телекоммунациялар, VoIP, WoIP2 технологиялары

Telme (s) Pte Ltd Team-Builderom

компаниясындағы еңбек тәжірибесі

Жеке сапалары: Коммуникативтілік, белсенділік, стреске

тӛзімділік, жылдам үйренушілік

Қосымша

ақпарат:

Шетелдік тӛлқұжат, «В» категориялы жүргізу

куәлігі

Page 12: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ ...kaznpu.kz/docs/otdel_trudoustroistva/Jadnama.pdf · 2015-02-06 · жыл ауылдық жерде орналасқан

Жұмысқа жолдама берудің үлгісі

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҦЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ

УНИВЕРСИТЕТІ

ЖОЛДАМА

____________________________________________________________________

________________________________________________________________

(Т.А.Ә., толық)

____________________________________________________________________

________________________________________________________________

20__ж. бітірген

Абай атындағы Қазақ ҧлттық педагогикалық университеті

(оқу орнының атауы)

мамандығы бойынша _______________________________________________

__________________________________________________________________

Осы мекеме иелігіне жіберіледі _______________________________________

____________________________________________________________________

________________________________________________________________

(ұйымның атауы мен мекен-жайы)

Лауазымы бойынша жұмыс істеу үшін

Келу уақыты «___»______________________20__ж.

Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры ___________________ С.Ж.Пірәлиев

(қолы)

М.О. «___»_______________20__ж.

Page 13: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ ...kaznpu.kz/docs/otdel_trudoustroistva/Jadnama.pdf · 2015-02-06 · жыл ауылдық жерде орналасқан

Ескерту!

№2 Ҥлгі

Толтырылған кҥйінде бітірушінің жҧмыс орнына келген кҥнінен бастап

жеті кҥндік мерзім ішінде

Абай атындағы Қазақ ҧлттық педагогикалық университетіне

(Алматы қ., Достық даңғылы, 13, тел.: 2918350) қайтарылуы керек

№___ ЖҦМЫСҚА КЕЛГЕНІН РАСТАУ

____________________________________________________________________

________________________________________________________________

(ұйымның атауы)

мәлімдейді ________________________________________________________

(Т.А.Ә., толық)

бітірген ___________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

(оқу орнының атауы)

жұмыс орнына келді «___» _____________________________20__ж.

және қызметке тағайындалды ________________________________________

Ұйым жетекшісі ___________________________________________

(Т.А.Ә., қолы)

М.О. «__»________________20__ж.