Жас буын және кәсіпкерлік менталитет · 2017-09-29 · Жас...

12
№47 (29028) 7 НАУРЫЗ, СЕЙСЕНБІ 2017 ЖЫЛ E-mail: [email protected] www.egemen.kz TWITTER.COM/EGEMENKZ FACEBOOK.COM/.EGEMEN.KZ 1919 жылғы 17 желтоқсаннан шыға бастады ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ГАЗЕТ EUR/KZT 333.87 USD/KZT 317.46 RUB/KZT 5.4 CNY/KZT 46.03 ВАЛЮТАЛАРДЫҢ РЕСМИ (НАРЫҚТЫҚ) БАҒАМДАРЫ: ТҮРМЕДЕН КЕЙІН ДЕ ТІРШІЛІК БАР БІЗ ЕҢСЕРГЕН БЕС ҚАУІП 4-бет 8-бет Александр ТАСБОЛАТОВ Жангелді ШЫМШЫҚОВ КЕЛБЕТ ҚОҒАМ ЗЕРДЕ ЭКОНОМИКА УАҚЫТША ҮКІМЕТ ЖӘНЕ БОЛЬШЕВИЗМ ТЕЛАҒЫС ҮНДІСТАН ЭКОНОМИКАСЫ ӨРЛЕУ ҮСТІНДЕ БІЛІКТІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ – ЕЛ ТІРЕГІ 4-бет 5-бет 6-бет 9-бет ОЙЛАСУ ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– ткен жылдың соңында Үкімет 2017-2021 жылдарға арналған Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын бекіткені белгілі. Бұл бағдарлама қаншалықты нәтиже бермек? Бұған дейінгі бағдарламалардан артықшылықтары қандай? Осы тектес сауалдарға жауап іздеп крген едік. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасз қызметі. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– Мемлекет басшысына қол қою үшін ұсынылған «Қазақстан Республикасының Конституциясына згерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң Конституциялық Кеңеске жолданды, деп хабарлады Президенттің баспасз қызметі. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан» Кəсіпкерлердің мүд- десін қорғайтын, халық- ты жұмыспен қамтуға бағытталған бағдарлама- лар бұған дейін де бол- ған. Əңгімені жаңа бағдар- ламаның ерекшеліктерінен бастайық. – Жаңа бағдарламада азаматтарға кəсіби жəне техникалық білім алуға, жұмысқа орналасуға мүм- кіндік беретін тетіктер қарастырылған. Бұл, əсіресе, ауылдық жерлердегі жа- стар үшін жақсы мүмкін- дік деп ойлаймын. Дұрыс жолға қойылған жағдайда халықты жұмыспен қамтуға да, кəсіпкерлікті дамыту- ға да жол ашылады. Жал- пы, кəсіпкерлік пен биз- нес дегеніміз – қоғамның игілігі үшін қызмет ететін, сол арқылы өзі де табысқа кенелетін қоғамның бір ка- тегориясы. Ал мемлекет болса бизнес пен қоғамның арасын үйлестірумен ай- налысады. Əр тарап өзінің міндетін дұрыс атқарса, бұл барлығы үшін де тиімді бо- лады. Біреуінің жұмысында кемшілік көп болса, жұмыс мүлде тежеліп қалуы ықтимал, – дейді кəсіпкер Данияр Тұяқбаев. Оның пайымдауынша, Қазақстан əлі жас мемлекет болғандықтан, бизнес жүр- гізу, оны мемлекет тарапынан реттеу ісінде əлі де шешімін табуға тиісті мəселелер аз емес. Дамыған мемлекет- тердің барлығы мұндай кезең- нен өткен, ұзақ мерзімді жо- спар құрған. Кəсіпкер жаңа бағдарламаны теориялық жағынан мінсіз деп санайды. Мұндай ауқымды дүниені жа- сау үшін көптеген мамандар терең талдау жұмыстарын жүргізгені түсінікті. Егер жергілікті атқарушы орган- дар тиімді жолға қоя алса, ол жеміс беруге тиіс. – Жұмыс орындарын көбейту үшін бизнестің белсенділігін күшейтуге жағдай жасау керек. Мəселен, салық төлемдеріне қатысты жеңілдіктер жасалса, бизнес- ті ынталандыруға бірша- ма ықпал етер еді. Соны- мен қатар, бағдарламаның орындалу барысы да жіті бақылануға тиіс. Атқарушы органдардың кеңестік кезеңдегідей жоспардың асыра орындалғаны тура- лы жалған ақпар беруіне жол берілмеуі керек, – дейді Данияр Тұяқбаев. NID компаниясының бизнесті дамыту жөніндегі директоры, бизнес-тренер Айбек Сыдықовтың айтуын- ша, жаңа бағдарламаның бас- ты артықшылықтарының бірі – мамандарды оқыту жəне қайта оқытуға көңіл бөлінгені. Сонымен қатар, еңбек ре- сурсы көп шоғырланған өңірлердің халқын басқа өңірлерге ерікті түрде көшіру мəселесін де атап өткен жөн. Қаржылай қолдау көрсетуді қолға алу арқылы мемлекет кəсіпкерлікті дамытуға жаңа қарқынмен кірісті деуге бо- лады. – Жаңадан іс бастаған кəсіпкерлерге, əсіресе, ауыл шаруашылығы саласындағы жеке кəсіпкерлерге шағын несие беру идеясы бұл бағ- дарламаның басты артықшы- лықтарының бірі деп санай- мын,– дейді ол. Жалпы, жаңа бағдарлама халықтың барлығын бірдей кəсіпкер етіп шығарады де- уге болмайды. Бұл – қиял болар еді. Егер 100 адам- ның ішінде үш-төртеуі жеке кəсібін дөңгелетіп əкетсе, онда Қазақстанды əлемдегі дамыған он елдің қатарына қоса беруге болар еді. Бұл – əлемдік тəжірибеден туын- даған мысал. (Соңы 5-бетте) Жас буын және кәсіпкерлік менталитет Кездесу барысында Мемлекет басшысына Дін істері жəне аза- маттық қоғам министрлігінің қыз- меті мен алдағы жұмыс жоспары туралы есеп берілді. Қазақстан Президенті дін саласында қалыптасып отырған жағдайға тоқталып, министрліктің рөлін, оған жүктелген міндеттерді ерекше атап өтті. – Бұған дейін бізде мұндай ми- нистрлік болған жоқ. Діни қоғам- дастықтармен, үкіметтік емес сектормен жəне жастар ұйым- дарымен жұмысты жолға қойып, оны əрі қарай жалғастыру қажет, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Елбасы мемлекеттің дінге жəне діни ұйымдарға, діни экстре- мизммен күрес шараларына қатыс- ты жүргізіп отырған саясатына айрықша назар аударды. – Елімізде кез келген діни бір- лестіктің жұмыс жүргізуіне бар- лық жағдай жасалған, дін ұстану бостандығына кепілдік берілген. Бұл салада бізге байыптылық керек. Сонымен бірге, діни экс- тремизм мəселелерін реттеп, заң- наманы қайта қарастыру қажет. Министрлік алдында ауқымды жұмыстар тұр, – деді Мемлекет басшысы. Н.Ермекбаев Қазақстан Пре- зидентіне өзі басшылық ететін са- ладағы жағдайдың тұрақты екені туралы хабарлап, бүгінде еліміз- де қызметін жүргізіп отырған 18 конфессияның 3600-ден астам діни бірлестігі бар екенін айтты. Министрдің ақпараты бойынша, бірлестіктердің көбі ислам дініне тиесілі. Сондай-ақ, Н.Ермекбаев Нұрсұлтан Назарбаевқа ми- нистрліктің этносаралық жəне конфессияаралық татулық пен келісімді сақтай отырып, мемлекет пен діни бірлестік- тердің қазақстандық өзара іс- қимыл моделін қалыптастыру бағытындағы жұмысы туралы баяндады. Кездесу қорытындысы бо- йынша Елбасы бірқатар нақты тапсырма берді. Сурет Президенттің баспасз қызметінен алынды Министрлікке жүктелген міндеттер аталды Елбасы әйелдер қауымы өкілдерімен кездеседі Президенттің баспа- сз қызметі Мемле- кет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуы- мен тетін алдағы іс-ша- ралар аңдатпасы туралы хабарлады. 7 наурызда Нұрсұлтан Назарбаев 8 наурыз – Халық- аралық əйелдер күніне орай Қазақстанның əйелдер қауымы өкілдерімен «Көктем шуағы» атты кездесу өткізеді. Əңгіме барысында тарап- тар екіжақты қарым-қаты- настың қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқыла- ды. Көшбасшылар Ауғанстан Президентінің Қазақстанға 2015 жылғы қарашадағы рес- ми сапарының қорытынды- сы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асы- рылу барысына көңілдері то- латынын жеткізді. Атап айт- қанда, соңғы уақытта өзара тауар айналымының көлемі айтарлықтай артқаны байқалып отыр. Мемлекеттер басшылары биылғы 12 ақпанда Қазақстан мен Ауғанстан арасында дип- ломатиялық қарым-қатынас орнағанына 25 жыл толуына орай бірін-бірі құттықтады. Сондай-ақ, тараптар Қазақстан Республикасының БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде Ауғанстан жөніндегі комитет- тің төрағасы екенін ескеріп, Ауғанстандағы ахуалды талқылады. Ауғанстан Президенті биыл Астанада өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесі отырысына, Ислам ын- тымақтастығы ұйымының Ғы- лым жəне технологиялар жөнін- дегі саммитіне қатысатынын растады. Телефон арқылы сөйлесуге Ауғанстан жағы бастамашы болды. Жаңа заң Конституциялық Кеңеске жолданды Телефон арқылы сөйлесті ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ауғанстан Ислам Республикасының Президенті Мохаммад Ашраф Ғанимен телефон арқылы сйлесті, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасз қызметі. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– 2017 жылғы 6 наурызда Қазақстан Республикасының Парламенті «Қазақстан Республикасының Конс- титуциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңды қабылдап, Мемлекет басшысына қол қою үшін ұсынды. Конституцияның 72-ба- бына сəйкес, Нұрсұлтан Назарбаев аталған заңды мемлекеттің қызмет қағи- даттары мен басқару ны- санына негізделген, Конс- титуцияда белгіленген құн- дылықтарға сəйкестігі тұр- ғысынан қарастыру үшін Конституциялық Кеңеске өтініш білдірді. Өнер мен ғылымды өмірінің егіз өріміне айналдырған Досым СҮЛЕЕВ айтқан сыр

Upload: others

Post on 20-Jul-2020

29 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

Page 1: Жас буын және кәсіпкерлік менталитет · 2017-09-29 · Жас буын және кәсіпкерлік менталитет Кездесу барысында

№47 (29028) 7 НАУРЫЗ, СЕЙСЕНБІ 2017 ЖЫЛE-mail: [email protected] TWITTER.COM/EGEMENKZFACEBOOK.COM/.EGEMEN.KZ

1919 жылғы 17 желтоқсаннан

шыға бастады

ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ГАЗЕТ

EUR/KZT 333.87 USD/KZT 317.46 RUB/KZT 5.4 CNY/KZT 46.03ВАЛЮТАЛАРДЫҢ РЕСМИ (НАРЫҚТЫҚ) БАҒАМДАРЫ:

ТҮРМЕДЕН КЕЙІН ДЕ ТІРШІЛІК БАР

БІЗ ЕҢСЕРГЕН БЕС ҚАУІП

4-бет 8-бет

Александр ТАСБОЛАТОВЖангелді ШЫМШЫҚОВ

КЕЛБЕТ

ҚОҒАМ

ЗЕРДЕ

ЭКОНОМИКА

УАҚЫТША ҮКІМЕТ ЖӘНЕ БОЛЬШЕВИЗМ

ТЕЛАҒЫС

ҮНДІСТАН ЭКОНОМИКАСЫ ӨРЛЕУ ҮСТІНДЕ

БІЛІКТІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ – ЕЛ ТІРЕГІ

4-бет

5-бет

6-бет

9-бет

ОЙЛАСУ

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––�ткен жылдың соңында Үкімет 2017-2021 жылдарға арналған Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын бекіткені белгілі. Бұл бағдарлама қаншалықты нәтиже бермек? Бұған дейінгі бағдарламалардан артықшылықтары қандай? Осы тектес сауалдарға жауап іздеп к�рген едік.–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады, деп хабарла ды Президенттің баспас�з қызметі.–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Мемлекет басшысына қол қою үшін ұсынылған «Қазақстан Республикасының Конституциясына �згерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң Конституциялық Кеңеске жолданды, деп хабарлады Президенттің баспас�з қызметі.––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Кəсіпкерлердің мүд-десін қорғай тын, халық-т ы ж ұ м ы с п е н қ а м т у ғ а бағыт талған бағдарлама-лар бұған де йін де бол-ған. Əңгімені жаңа бағ дар-ламаның ерекшеліктері нен бастайық.

– Жаңа бағдарламада азаматтарға кəсіби жəне техникалық білім алуға, жұмысқа орналасуға мүм-кіндік бере тін тетіктер қарас тырылған. Бұл, əсіресе, ауылдық жерлердегі жа-стар үшін жақсы мүмкін-дік деп ойлаймын. Дұрыс жолға қойылған жағдайда халықты жұмыспен қамтуға да, кəсіпкерлікті дамыту-ға да жол ашылады. Жал-пы, кəсіпкерлік пен биз-нес дегеніміз – қоғамның игілігі үшін қызмет ететін, сол арқылы өзі де табысқа кенелетін қоғамның бір ка-тегориясы. Ал мемлекет болса бизнес пен қоғамның арасын үйлестірумен ай-налысады. Əр тарап өзінің міндетін дұрыс атқарса, бұл барлығы үшін де тиімді бо-лады. Біреуінің жұмысында кемшілік көп болса, жұмыс

м ү л д е т е ж е л і п қ а л у ы ықтимал, – дейді кəсіпкер Данияр Тұяқбаев.

Оның пайымдауынша, Қазақстан əлі жас мемлекет болғандықтан, бизнес жүр-гізу, оны мемлекет тарапы нан реттеу ісінде əлі де шешімін табуға тиісті мəселелер аз емес. Дамыған мем лекет-тердің барлығы мұндай кезең-н ен өткен, ұзақ мерзімді жо-спар құр ған. Кəсіпкер жаңа бағдарламаны тео рия лық жағынан мінсіз деп санайды. Мұндай ауқымды дүниені жа-сау үшін көптеген мамандар терең талдау жұ мыс тарын жүргізгені түсінікті. Егер жер гілікті атқарушы орган-дар тиімді жолға қоя алса, ол жеміс беруге тиіс.

– Жұмыс орындарын көбейту үшін бизнестің белсенділігін күшейтуге жағдай жасау керек. Мəселен, салық төлемдеріне қатысты жеңілдік тер жасалса, бизнес-ті ынталандыру ға бірша-ма ықпал етер еді. Соны-мен қатар, бағдарламаның орындалу барысы да жіті бақылануға тиіс. Атқарушы о р г а н д а р д ы ң к е ң е с т і к кезеңдегідей жоспардың асыра орын далғаны тура-лы жалған ақпар беруіне

жол берілмеуі керек, – дейді Данияр Тұяқбаев.

NID компаниясының бизнесті дамыту жөніндегі директоры, бизнес-тренер Айбек Сыдықовтың айтуын-ша, жаңа бағдарламаның бас-ты артықшылықтарының бірі – мамандарды оқыту жəне қайта оқыту ға көңіл бөлінгені. Сонымен қатар, еңбек ре-сурсы көп шоғырланған өңір лердің халқын басқа өңірлерге ерік ті түрде көшіру

мəселесін де атап өткен жөн. Қаржылай қолдау көр сетуді қолға алу арқылы мемлекет кəсіпкерлікті дамытуға жаңа қарқын мен кірісті деуге бо-лады.

– Жаңадан іс бастаған кəсіп кер лерге, əсіресе, ауыл шаруашы лы ғы саласындағы жеке кəсіпкер лер ге ша ғын несие беру идеясы бұл бағ-дар ламаның басты артықшы-лықтарының бірі деп санай-мын,– дейді ол.

Жалпы, жаңа бағдарлама халық тың барлығын бір дей кəсіпкер етіп шығарады де-уге болмайды. Бұл – қиял болар еді. Егер 100 адам-ның ішін де үш-төртеуі жеке кəсібін дөң гелетіп əкетсе, онда Қазақстанды əлем дегі дамыған он елдің қатары на қоса беруге болар еді. Бұл – əлемдік тəжі ри беден туын-даған мысал.

(Соңы 5-бетте)

Жас буын және кәсіпкерлік менталитет

Кездесу барысында Мемлекет басшысына Дін істері жəне аза-маттық қоғам министрлігінің қыз-меті мен алдағы жұмыс жос пары туралы есеп берілді.

Қазақстан Президенті дін сала сында қалыптасып отырған жағдайға тоқталып, министрліктің рөлін, оған жүктелген міндеттерді ерекше атап өтті.

– Бұған дейін бізде мұндай ми-нистр лік болған жоқ. Діни қоғам-да с тықтармен, үкіметтік емес сектормен жəне жастар ұйым-дарымен жұмысты жолға қойып, оны əрі қарай жалғастыру қажет, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасы мемлекеттің дінге

жəне діни ұйымдарға, діни экстре-мизммен күрес шараларына қатыс-ты жүргізіп отырған саясатына айрықша назар аударды.

– Елімізде кез келген діни бір-лес тіктің жұмыс жүргізуіне бар-лық жағдай жасалған, дін ұстану бостандығына кепілдік беріл ген. Бұл салада бізге байыптылық керек. Сонымен бірге, діни экс-тремизм мəселелерін реттеп, заң-н а маны қайта қарастыру қажет. Министрлік алдында ауқымды жұмыстар тұр, – деді Мемлекет басшысы.

Н.Ермекбаев Қазақстан Пре -зи дентіне өзі басшылық ететін са -ла дағы жағдайдың тұрақты еке ні

ту ралы хабарлап, бүгінде елі міз -де қыз метін жүргізіп отырған 18 кон фес сияның 3600-ден астам ді ни бір лестігі бар екенін айтты. Ми нистр дің ақпараты бойынша, бір лес тік тердің көбі ислам дініне тиесілі.

Сондай-ақ, Н.Ермекбаев Нұрсұлтан Назарбаевқа ми-нистр ліктің этносаралық жəне кон фессияаралық татулық пен келі сімді сақтай отырып, мем ле кет пен діни бірлестік-тер дің қазақстан дық өзара іс-қимыл моделін қа лыптастыру бағы тындағы жұмысы туралы баяндады.

Кездесу қорытындысы бо-йын ша Елбасы бірқатар нақты тапсырма берді.

Сурет Президенттің баспас�з қызметінен алынды

Министрлікке жүктелген міндеттер аталды

Елбасы әйелдер қауымы өкілдерімен кездеседі

Президенттің баспа-с�з қызмет і Мемле-кет басшы сы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуы-мен �тетін алдағы іс-ша-ра лар аңдатпасы туралы хабарлады.

7 наурызда Нұрсұлтан Назарбаев 8 наурыз – Халық-аралық əйелдер күніне орай Қазақстанның əйелдер қауымы өкілдерімен «Көктем шуағы» атты кездесу өткізеді.

Əңгіме барысында тарап-тар екіжақты қарым-қаты-нас тың қазіргі жағдайы мен перс пективаларын талқыла-ды. Көшбасшылар Ауғанстан Президентінің Қазақстан ға 2015 жылғы қарашадағы рес-ми сапарының қорытынды-сы бойынша қол жеткізілген уағ даластықтардың іске асы-рылу барысына көңілдері то-ла тынын жеткізді. Атап айт-қанда, соңғы уақытта өзара тауар айналымының көлемі

айтарлықтай артқаны байқалып отыр.

Мемлекеттер басшылары биылғы 12 ақпанда Қазақстан мен Ауғанстан арасында дип-ломатиялық қарым-қатынас орнағанына 25 жыл толуына орай бірін-бірі құттықтады.

С о н д а й - а қ , т а р а п т а р Қазақстан Республикасы ның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі нің тұрақты емес мүшесі ретін де Ауғанстан жөніндегі комитет-тің төрағасы екенін ескеріп,

А у ғ а н с т а н д а ғ ы а х у а л д ы талқылады.

Ауғанстан Президент і биыл Астанада өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесі отырысына, Ислам ын-ты мақтастығы ұйымының Ғы-лым жəне технологиялар жөнін-дегі саммитіне қатысатынын растады.

Телефон арқылы сөйлесуге Ауғанстан жағы бастамашы болды.

Жаңа заң Конституциялық Кеңеске жолданды

Телефон арқылы сөйлесті–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ауғанстан Ислам Республикасының Президенті Мохаммад Ашраф Ғанимен телефон арқылы с�йлесті, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспас�з қызметі.–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

2017 жылғы 6 наурызда Қазақстан Республикасының Парламент і «Қазақстан

Республикасының Конс-титуциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңды қабылдап, Мемлекет басшысына қол қою үшін ұсынды.

Конституцияның 72-ба-бына сəйкес, Нұрсұлтан Назарбаев аталған заң ды мемлекеттің қызмет қағи-дат тары мен басқару ны-са нына негізделген, Конс-титуцияда белгіленген құн-дылықтарға сəйкестігі тұр-ғысынан қарастыру үшін Конс титуциялық Кеңеске өтініш білдірді.

Өнер мен ғылымды өмірінің егіз өріміне айналдырған Досым СҮЛЕЕВ айтқан сыр

Page 2: Жас буын және кәсіпкерлік менталитет · 2017-09-29 · Жас буын және кәсіпкерлік менталитет Кездесу барысында

2 7 наурыз 2017 жылКонституциялық реформалар бағдарламасы

Нұрлыбек ДОСЫБАЙ,«Егемен Қазақстан»

Конституциялық түзетулер қоғам дамуымен үндеседі

Конституциялық реформа – бұл мықты президенттік билікті сақтай отырып, ең алдымен демократияны одан әрі нығайту, халықтық билік нег ізін күшейту, Парламент пен Үкі­меттің жауапкершілігін арттыру болып табылатындығын атап өткен Мәжіліс Төрағасы күн тәртібіне сәйкес негізгі баяндама жасау үшін мінберді Бірлескен комиссияның төрағасы, Мәжіліс депу­таты Нұрлан Әбдіровке ұсынды.

«Қазақстан Республикасының Конс­титуциясына өзгерiстер мен толық­тырулар енгiзу туралы» Қазақстан Рес­пу б ликасы заңының жобасы» жөнін де екiншi оқылымда баяндаған Н.Әбдіров Ата Заңымызға енгізілетін өзгеріс тер мен толықтырулар Мәжіліс пен Сенат­тың тұрақты комитеттерінде, саяси партиялардың фракцияларында кеңі нен талқыланып, барлық ұсыныстар Бірлес­кен комиссияға берілгендігін айтты.

Парламенттің бүгінгі отырысы сипа­ты жағынан – тарихи, мазмұны жағынан – тағ дырлы. Біз қазақстандық қоғамның, мемлекеттің саяси жүйесі дамуының жаңа бағытының жобасын қараудамыз. Сонымен бірге, Қазақстан дамуының осыған дейін жүріп өткен жолын аяқтап, Тәуелсіз Қазақстанның жаңа тарихының тағы бір бетін аудардық. Ұсынылып отырған заң жобасында көрініс тапқан, дамудың жаңа сатысына бастаған тарихқа қадам жасадық. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев осы шешімді алғаш рет жария еткен кезде, сөзін «заманның дидары өзгерді, біз де өзгеруіміз керек. Сол себепті, мемлекеттің басқару жүйе­сін де жаңғыртатын кез келді. Мен елдің мүддесі мен заманның талабын, ұр пақ тың болашағын ойлай отырып осын дай байлам жасадым», деп бастаған бола тын. Сондай­ақ, бұл Елбасы ұсын ған конституциялық реформа елдің әлеуметтік­экономикалық және саяси дамуының жаңа сатысына, жаңа кезеңіне аяқ басқалы тұрғанын көрсетеді. Өйт кені, өркениет көшінен қалмай, саяси жүйе ні одан әрі жетілдіру – заман тала бы, деді Н.Әбдіров.

Одан кейінгі сөзін ол Елбасы ұсын­ған конституциялық реформаның бас­ты мақсаты – атқарушы билік тар­ма ғын неғұрлым тиімді, жауапты әрі жедел ету және анық президенттік бас қару нысаны мен президенттік би­лік вертикалін сақтай отырып, Парла­мент тің бақылау функцияларын кү­ше й ту болып табылатындығымен са­бақ тады. Сондықтан да, ұсынылған конституциялық түзетулер мемлекет

пен қоғамның тарихи даму қисынына сай келеді деуге толық негіз бар. Өткен кезеңнің ең маңызды сатыларының бірі – 1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы бо­лып отыр. Ол халықтық егемендік ар­қы лы көрініс табатын демократизм, идео логиялық және саяси алуантүрлі лік, жергілікті өзін өзі басқаруды мойын дау мен оны қамтамасыз ету, құқық тық мем­лекетті бекіту сияқты конституция лық құрылыстың негіздерін бекітіп берді.

Қолданыстағы Конституциямыз қабыл данғалы 22 жылға жуық уақыт өтті. Осы уақытта еліміз өз дамуын да орасан зор жетістіктерге қол жет кізді. Мемлекет басшысы белгілеген стра­тегиялық бағыт бойынша орнықты әрі кезең­ кезеңмен ілгерілеу арқасында Қазақ стан қазір 1995 жылмен салыс­ты рғанда мүлдем басқа елге айналды. Бүгінгі таңда еліміз еуразия кеңістігінде мүлдем жаңа лайықты мәртебесі мен орасан зор перспективасы бар қуатты мемлекет болып табылады. Және де осы кезеңде әлемнің барынша дамыған 30 мем лекетінің қатарына кіруді қамтама­сыз ету – негізгі мақсат, деді Н.Әбдіров.

Мемлекет басшысы ұсынған консти­ту циялық реформа барынша дер кезінде қолға алынғанын әрі аса қажеттіліктен туындап отырғанын және оны іске асыру үшін бізде барлық қажетті ресурс тық әлеует жеткілікті екендігін тілге тиек еткен баяндамашы, Мемлекет бас шысы ұсынып отырған заң жобасы Конс­титуцияның 19 бабына 26 түзету енгізу­ді көздейтінін мәлімдеді. Сөйтіп, баян­дамашы заң жобасын екінші оқылымда қарау шеңберінде бүкіл конституциялық реформаның мәні туралы тұтас көзқарас­тың болғаны маңызды дей келе, алды­мен депутаттардың бірінші оқылымда тұжырымдамалық тұрғыда қолдаған түзетулеріне қысқаша тоқталып өтті.

Басқару жүйесін жаңғыртатын

теңгерімді шешімБірлескен комиссия төрағасы мәлім

еткен түзетулердің басым бөлігі Пре­зиденттің, Парламент пен Үкімет тің билік өкілеттіктерін қайта бөлу мәсе­лелерін қозғайды. Сондықтан да бұл түзетулер Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыруға бағыт­талған. Президенттің қорғаныс қабілет­тілігі, ішкі саясат, мемлекеттік басқару, Конституцияны қорғау және мемлекеттік билік тармақтарының тиімді жұмысы мен олардың өзара іс­қимылын қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі құзыретін сақтау дұрыс қадам болғаны күмәнсіз.

Парламенттің заң шығару билігін

жүзеге асыратыны туралы норма бекі­тіледі. Мемлекет басшысының әлеу­меттік­экономикалық саладағы заң­мен белгіленген өкілеттіктерінің басым бөлігін Үкіметке беру ұсынылады. Сон дай­ақ, билік тармақтары арасын­дағы қарым­қатынасты конституция­лық деңгейде теңгерімді ету міндетін шешеді. Адамның және азаматтың конс­титуциялық құқықтары мен бостан­дықтарын қорғаудың жаңа пәрменді тетігі пайда болды, деді Н.Әбдіров. Мем­лекет конституциялық құқықтар мен бостандықтарды қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелерді қабыл дай отырып, оны жүзеге асырудың құқықтық, ең алдымен, конституция лық тетіктерін белгілейді. Мәселен, Мемлекет басшысы осыларды қорғау мүддесінде Конституциялық Кеңеске қолданыстағы және қабылданған заң дар дың, сондай­ақ өзге де құқықтық акті лердің Конституцияға сәйкестігін тексеру үшін жүгіне алады. Осындай конституциялық бақылаудың жаңа бағыты заңдар мен құқықтық актілердің сапасына жақсы әсер ететіні сөзсіз. Ал бұл болса, Қазақстанның құқықтық мем­лекет ретінде одан әрі нығаюына ықпал етеді, деген Комиссия төрағасы аталған түзетулерді арқау еткен алты бапқа егжей­тегжейлі тоқталды.

Бірінші. Конституцияның 91­бабына енгізілетін түзетулерде мемлекет Тәуел ­сіздігінің мызғымастығы, сондай­ақ Негізгі Заңға өзгерістер мен толық­тырулар бойынша республи каның Конс­титуциялық Кеңесі қорытынды сының міндетті түрде болуы бекітіледі.

Басты құндылығымыз – мемлекет Тәуелсіздігінің беріктігіне кепілдіктер конституциялық деңгейде бекітіледі. Конс титуцияның 91­бабында біртұтас­тықпен, республиканың аумақтық тұтастығымен және басқару нысанымен қатар, ешбір жағдайда, тіпті, Негізгі Заңды қайта қарау арқылы да еліміздің

Тәуелсіздігінің өзгермейтіндігі тікелей белгіленген.

Бұл түзету өте әділ, өйткені, тәуел­сіздік «Қазақстан Республикасының мем лекеттік тәуелсіздігі туралы» 1991 жылғы 16 желтоқсандағы Қазақ стан Республикасының арнайы Конститу­циялық заңымен бекітілген.

Осы конституциялық ережелердің мызғымастығын қамтамасыз ету үшін Конституцияға өзгерістер мен толық­тырулар олардың белгіленген талап­тарға сәйкестігі туралы Конституциялық Кеңестің қорытындысы болған жағдайда ғана республикалық референдумға немес е Парламенттің қарауына шығары­луы мүмкін деп белгіленген. Осы мәсе­ле бойынша өтініш жасау субъектісі ретін де Мемлекет басшысын айқындау ұсынылады.

Екінші. Конституцияның 49­бабының 1­тармағына сәйкес, Парламент – заң шығару функцияларын ғана емес, Конституцияның 3­бабы негізінде заң шығару билігін жүзеге асыратын рес­публиканың ең жоғары өкілді органы болып табылады. Сондықтан да Негізгі Заңның 3­бабының 3­тармағына сәйкес, халық пен мемлекеттің атынан билік жүргізу құқығы Президентке, сондай­ақ конституциялық өкілеттіктері шегінде республика Парламентіне тиесілі.

Заң шығару билігі – маңызды қоғам дық қатынастарды реттейтін, жеке және заңды тұлғалардың құқық субъектілігіне қатысты негізге алы­натын қағидаттар мен нормаларды белгілейтін және Конституцияның 61­бабының 3­тармағында аталған басқа да қатынастарды реттейтін заңдарды әзірлеумен, қараумен және қабылдаумен айналысатын мемлекет тік билік тармағы. Бұл түзету де толығы мен қисынды. Өйткені, 64, 75 және 76­баптарда елімізде атқарушылық билікті – Үкімет, ал сот билігін – соттар (судьялар) жүзеге

асыратыны туралы ереже нақты бекітілген. Аталған түзету Конституцияның 3­бабы 4­тармағының нормаларына сәйкес келтіру үшін жасалып отырғаны анық, себебі, онда мемлекеттік билік жүйесі билікті үш тармаққа бөлу және тежемелік әрі тепе­теңдік жүйесін пайдалану арқылы өзара іс­қимыл жасау қағидатына сай белгіленген.

Үшінші. Конституцияның 57­бабы­ның 6­тармақшасына Үкімет мүше­лерінің өз қызметі мәселелері жөніндегі есептерін тыңдау және олар заңдарды орындамаған жағдайда қызметінен босату туралы Президентке өтініш жа сау құқығы туралы өте маңызды түзету енгізіліп отыр. Мұндай жағдайда Прези дент Үкімет мүшесін қызметінен босатады.

Төртінші. 61­баптың 2­тармағының жаңа редакциясына сәйкес, Президент заңдар жобаларын қараудың басымды ғын белгiлеуге құқылы, бұл тиісті заң жоба­лары бірінші кезектегі тәртіппен екі ай ішінде қабылдануға тиіс екенін бiлдiредi.

Бесінші. 70­баптың 1­тармағына ай­тар лықтай өзгеріс енгізу ұсынылуда. Онда Үкімет жаңадан сайланған Мәжі ліс­тің алдында өз өкілеттіктерін доға ра ды. Бұл норма депутаттардың жауап тылы ғын арттырумен қатар, елдің сай лау жүйесінің партиялық қағидатын күшейтеді.

Алтыншы. 44­бапқа түзетулер мемлекеттік бағдарламаларды және мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қам тылатын барлық органдарды қар­жылан дырудың және олардың қыз мет­керлеріне еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесін бекіту жөніндегі өкілеттіктерді Президенттен Үкіметке беруді көздей ді. Бұл міндетті Үкімет Мемлекет бас шы­сымен келісіп шешеді. Сондай­ақ, жо ба­да Мемлекет басшысының Үкімет және Премьер­Министр актілерінің кү шін жою не қолданылуын тоқтата тұру құ қы ғы алып тасталады. Осылайша, Үкі мет өз ак ті леріне өзі толық жауапты болады.

Тағдырлы сәттегі –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Тәуелсіз Қазақстанның даму жолындағы биылғы көктемнің алғашқы дүйсенбісі айшықты күндердің бірі ретінде тарих қойнауына енетіні анық. Қос палатаның бiрлескен отырысында «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы заңының жобасын депутаттар екінші оқылымда қарап, дауыс беру қорытындысы бойынша Конституцияға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы шешiм қабылданды. 47 Сенат пен 105 Мәжіліс депутаты, ел Премьер-Министрі мен Мемлекеттік хатшы, Президент Әкімшілігінің Басшысы, Конституциялық Кеңестің, Жоғарғы соттың, Орталық сайлау комиссиясының төрағалары, Үкімет мүшелері мен Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары сынды өзге де ведомстволардың жауапты қызметкерлері қатысқан жиынға Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин жетекшілік етіп отырды. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Ақан БИЖАНОВ,Парламент Сенатының депутаты

Біз еліміз өміріндегі тарихи оқи ға ның қатысушысы болып отыр мыз. Осы ған орай конс титуциялық рефо рма лар мен ба йла н ысты саяси про цес тердің қазақ­стан дық кейбір ерекше ліктеріне тоқтала кетсем деймін.

Ең алдымен, бұл – оның дәйектілігі. Мем лекет басшысы Н.Ә.Назарбаев елді одан әрі демо­к ра т ия ландыру алдағы реформалардың басты бағыты еке нін атап өтті. Елбасының бастамасы бойынша Пар­л а мент Конституцияға басқарудың президенттік ны са­нын сақтай келе, өкілеттіктердің біраз бөлігін Пар ла­мент пен Үкіметке бере отырып, өзгерістер енгізілді.

Екіншіден, Парламент шешімінің Қазақстан халқымен тікелей байланысы. Консти туциялық

реформа туралы Елбасының бастама­сынан кейін белгілі уақыт аралы ғын­да мемлекеттің әрбір азаматына ал­дағы реформаның мағынасы мен маз­мұны бойынша өз ұсыныстары мен ескертулерін беру мүмкіндігі болды.

Үшіншіден, бұл – әлемнің саяси тарихында өте сирек кездесетін қадам. Елбасы Парламенттің рөлін және мем­лекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру дағы Үкіметтің жауаптылығын

арттыруға бағыт тал ған бұл реформаны дер кезінде қолға алды. Бұл ара да Мемлекет басшысының өз еркімен өзінің кейбір өкілеттіктерін Парламент пен Үкіметке бергенін ерекше айтуымыз керек.

Бұл факторлардың барлығы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жаһандық деңгейдегі Көшбасшы екендігін және еліміздің демократия жолымен келе жатқандығын көрсетеді.

Анар ЖАЙЫЛҒАНОВА, Парламент Мәжілісінің депутаты

«Қазақстан Республикасының Конс­титуциясына өзгерістер мен толық­тырулар енгізу туралы» заң жобасы Парламент палаталарының бірлескен оты­рысында екінші оқылымда мақұл данды. Онда ел талқысынан өткен, жұмыс тобы егжей­тегжейлі қарас тырған мәселелер басты назарда болды.

Жалпы, елімізде қолға алынған бұл конс­титуциялық реформалар мықты президент тік билікті сақтай отырып, халықтық билікті күшей­ту, Парламент пен Үкіметтің жауапкершілі­гін арттыру екендігі белгілі. Осы орайда біз дің Конституциямыз уақыт сұранысына сай болуы тиіс.

Мәселен, 41­баптың 2­тармағына елдің

президенттігінен үміткерлер үшін жоғары білімінің болуын оларға қойылатын талаптардың бірі ретін­де белгілеуге қатысты өзгеріс енгі­зіледі. Сондай­ақ, халықаралық келі­сім шарттар бойынша да бірқатар то­лық тырулар ұсынылды.

Сонымен қатар, Президент­тің ұсы нуымен еліміздегі Адам құқық тары жөніндегі уәкілді бес жыл мерзімге қызметке сайлау­

ды және оны қыз метінен босатуды Парламент Сенатының ерек ше қарауына жатқызу мәселесі Ата Заңда көз дел мек. Бұл Адам құқықтары жөніндегі уәкіл инс ти тутын конституциялық тұрғыда бекітуді, Негіз гі Заңның 1­бабында бекітілген адам мен аза мат тың құқықтарының басымдығын ең жоғары мемлекеттік деңгейде тануды білдіреді.

Светлана БЫЧКОВА, Парламент Мәжілісінің депутаты

Мемлекет басшысы ұсынған консти­туциялық реформа еліміздің әлеуметтік­экономикалық және саяси дамуының жаңа сатысына, жаңа кезеңіне аяқ басқалы тұрғанын көрсетеді. Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Қазақстан Республикасының Конс­титуциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңның жобасы екінші оқылымда қабыл­дануы елімізді халықаралық тұрғыда дәреже­деңгейін көтерді деуге толық негіз бар.

Осылайша, конституциялық реформа идеясы­на ұйысу арқылы Қазақстан қоғамдық қатынас­тар дың дамуына қарай кезең­кезеңмен ілгері басу­да. Сонымен қатар, Елбасы ұсынған конституция­лық реформаның негізгі мәні мемлекеттік билік

тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу тәртібі де тиянақталып, кемелді келешекке жетелейтін батыл шешімдер қабылданды деп санаймын.

Әсіресе, ел азаматтарының еркін­дігі мен бостандығының құқық тық тұрғыда қорғалуына елеулі үлес қосатын маңызы зор ұсы ныс тар көптің көңілінен шықты. Тіпті, адам құқын қорғау жөніндегі Париж келі­

сімі негіздеріне сай келетін талап­тілек тер заң­намалық тұрғыда бекітілді әрі мұндай қадам дар халықаралық сарапшылар қауымынан қолдау табады деген сенімдемін.

Бұған қоса, конституциялық бақылау жүйесін нығайта отырып, тәуелсіздігіміздің, ел мен жер­дің бір тұтастығына конституциялық деңгейде берілетін кепілдік тағы да бекемдене түсті. Бұлар – еліміз үшін аса маңызды мәселелер.

Бақтыбай ШЕЛПЕКОВ,Парламент Сенатының депутаты

Мемлекет басшысының конститу­циялық реформа жасау туралы айт­қан ұсынысы жалпыхалықтық сарап­таудан өтіп, баршаның ойынан шық ты. Елбасының бұл ұсынысы ел бас қару­дағы демократиялық бағытты ұстану­ды көздейді. Қазіргі таңдағы ел бас­қарудағы демократия қағидаларын ұстану жал­пы әлем дамуындағы дұрыс бағыт екені дау сыз. Сондықтан Президент Жолдауларында, страте­гия лық құжаттарда ол туралы жан­жақты айтыл­ған болатын. Сол ұсыныстар Парламентте қызу талқыланды.

Бүгінгі таңда Президенттің «Қазақстан­2050» Стратегиясында әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына ену туралы алға қойған тапсырмасы

бар. Ол үшін елімізде басқарудың тиімді жүйесін жетілдіру керек. Бұл жерде Президент Парламент пен Үкіметке қосымша өкілеттіктер бере оты рып, жауапкершілігін арттыруды көз деген еді. Үкімет елдегі экономика­лық жағдайды мойнына алып, соны ойдағыдай жүргізеді және оның дұрыс жүзеге асуына жауапкершілігі арта түседі.

Заң шығару мәселесіне келгенде, Пар ла менттің деңгейі, оның жауапкершілігі көтеріледі, Парламент пен Үкімет арасындағы бай ланыс жүйелі қалыпқа түседі. Парламент ендігі жерде елдегі экономикалық жағдайды Үкіметтен сұрай алады. Яғни, Парламент пен Үкіметтің бірлесе атқаратын жұмысы үйлесімді болады, екі орталық орган ұйымшылдықпен жұмыс өнегесін көрсетеді деген сенім бар. Өзгерістерді халықтың түсініп, қолдағанына біз де ризамыз.

Дұрыс жолмен келе жатырмыз Ортақ мүддеге сай өзгеріс

Тереземізді теңестіре түседіЖауапкершілік артады

Page 3: Жас буын және кәсіпкерлік менталитет · 2017-09-29 · Жас буын және кәсіпкерлік менталитет Кездесу барысында

7 наурыз 2017 жыл 3Конституциялық реформалар бағдарламасы

Сонымен бірге, республика Прези­денті адамның және азаматтың құқықтары мен бо стандықтарын қорғау, мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, егемендігі мен тұтастығы мүддесі үшін Конституциялық Кеңеске күшіне енген заңның немесе өзге де құқықтық актінің Конституцияға сәйкестігін қарау үшін өтініш жасай алады.

Құқық саласын жетілдіру – заман талабы

Конституцияның 79­бабы 3­тармағы­ның қолданыстағы редакциясында судьяларға біліктілік талаптары белгі­ленгені белгілі. Осы талаптар «Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судья ларының мәртебесі туралы» Конс­ти туциялық заңда да көрсетілген. Заң жобасында судьяларға біліктілік талап­тарын тек заңмен нақтылау ұсынылады.

Ал 81­баптағы Жоғарғы Соттың соттар қызметін қадағалауды жүзеге асыруы туралы норма Жоғарғы Сот заңда көзделген жағдайларда өзінің соттылығына жататын сот істерін қарай­ды деген нақтылаумен алмастырыла­ды. Сондай­ақ, 83­баптың 1­тармағына енгізілетін өзгерістер прокуратураның жекелеген функцияларын жинақтау ға қатысты, себебі, оларды прокуратура Қазақстан Республикасының аумағын­да заңдылықтың сақталуын жоғары қадағалау шеңберінде жүзеге асырады. Сонымен қатар, заң жобасында жергілікті өкілге және атқарушы органдарға қатысты нормалар да қамтылған.

Атап айтқанда, 86­баптың 5­бабына өзгерістер енгізіліп отыр, оларға сәйкес мәслихаттың өкілеттігін Қазақстан Республикасының Президенті Премьер­Министрмен және Парламент палаталары төрағаларымен консультациялардан кейін мерзімінен бұрын тоқтатады. Мұндай алқалы шешім оның негізділігі

мен қажеттілігін қамтамасыз етеді және мәслихаттардың мәртебесін арттырады. 87­баптың 4­тармағында қалалық, аудандық және ауылдық деңгейдегі әкімдерді қызметке тағайындау немесе сайлау, сондай­ақ, қызметінен босату тәртібі заң деңгейіне жатқызылып отыр. Естеріңізге сала кетсек, ол қазіргі кезде Президенттің Жарлығымен реттеледі, деді Н.Әбдіров өзінің сөзінде.

Баяндамашының сөзіне қарағанда, бұл күндері Сенат пен Мәжілістің бар­лық тұрақты комитеттері, саяси пар­тия лардың фракциялары, Қазақстан халқы Ассамблеясының депутаттық тобы енгізілген заң жобасын және бірін­ші оқылым барысында депутат тар­дың айтқан ұсыныстарын талқылаған. Парламент палаталарының бірлескен комиссиясы 4 және 5 наурыз күнгі бел­сенді жұмыстарының нәтижесінде депу­тат тардан, Парламент палаталары ның тұрақты комитеттерінен, саяси партия­лар дың фракцияларынан қолда ныстағы Конституцияның бірқатар нор маларына барлығы 26 түзету келіп түсіп, олардың барлығы Бірлескен комиссияда жан­жақты қаралған.

Комиссия өз жұмысының қорытын­ды лары бойынша Парламент палата­лары ның бірлескен отырысының қа­рауы на екінші оқылымда 10 түзету енг ізу туралы шешім қабылдады. Оның көпшілігін Парламент депутаттары Парламент Палаталарының бірлескен отырысында заң жобасын бірінші оқылымда талқылау кезінде жария еткен болатын, деген Н.Әбдіров қабылданған түзетулерді рет­ретімен түсіндіріп берді.

Қабылданған түзетулерне дейді?

Бірінші. Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдық тарихы ел Президенті ұсынған барлық идеялар мен қағидаттардың

жан­жақты терең ойластырылғанын және заңдылығын растап отыр, олар саяси тұрақты және экономикалық тұрғыдан өсіп­өркендеген мемлекетті қалыптастыру үшін берік іргетас қалады. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жетекші рөлі, оның бастамалары қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуын және дамуын қамтамасыз етті. Қазақстан қоғамының өкілдері Елбасының мемлекетімізді құрудағы ерен еңбегін баянды ету туралы мәселені бірнеше рет көтерді.

Осыған байланысты Конституцияның 91­бабының 2­тармағы: «Конституция­да белгiленген мемлекеттiң тәуелсіз­дігін, республиканың бiртұтастығы мен аумақтық тұтастығын, оны басқару ны­санын, сондай­ақ, тәуелсіз Қазақ стан ды құрушы, Қазақстан Республикасының Тұң ғыш Президенті – Елбасы іргесін қала ған республика қызметінің түбегей­лі принциптерін және Қазақстан Рес пуб­ликасының Тұңғыш Президенті – Елба­сының мәртебесін өзгертуге болмайды» деген редакцияда ұсынылды.

Екінші. Қазақстан халқы Ассамблея­сының депутаттық тобы конфессияаралық татулықты ұлтаралық татулықпен қатар конституциялық құндылық деп тану мақсатында Конституцияның 39­ба­бы ның 2­тармағын ұлтаралық және конфессияаралық татулықты бұзатын кез келген әрекет конституциялық емес деп танылады деген ережемен толықтыруды ұсынды. Себебі, конфессияаралық татулық – қазақстандық мемлекеттіліктің ең жоғары құндылықтарының бірі және сондықтан да, ол конституциялық құн­дылық ретінде бекітілуі тиіс.

Үшінші. Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуымен Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілді бес жыл мерзімге қызметке сайлауды және оны қызметінен босатуды Парламент Сенатының ерекше

қарауына жатқызу ұсынылады. Бұл Адам құқықтары жөніндегі уәкіл институтын конституциялық бекіту жеке адамның мәр тебесін, адам мен азаматтың құқық­тары мен бостандықтарын іске асыру кепілін одан әрі нығайтуға бағытталған демо кра тиялық процестерді дамытудағы кезекті маңызды қадам болады. Сондай­ақ, елдің Негізгі Заңының 1­бабында бекітіл ген адам мен азаматтың құқық­тарының басымдығын ең жоғары мем­лекеттік деңгейде тануды білдіреді.

Төртінші. 41­баптың 2­тармағы­на елдің президенттігіне кандидаттар үшін жоғары білімнің болуын оларға қойылатын талаптардың бірі ретінде белгілеуге қатысты өзгеріс енгізіледі. Мұндай талап президенттікке канди­даттарға қойылатын қосымша талап­тарды конституциялық заң деңгейінде енгізу мүмкіндігін белгілейді.

Бесінші. Ішкі істер министрлігінің азаматтардың қауіпсіздігін, мемлекеттің ішкі қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісін­дегі маңызды стратегиялық рөлін ескере отырып, 44­баптың 3­тармақшасында ел Президентінің Ішкі істер министрін тағайындау жөніндегі өкілеттігін сақ­таған жөн деген шешім қабылданды. Өйткені, бұл жерде ел Президентінің Жоғар ғы Бас қолбасшы болып табылаты­ны, ал Ішкі істер министрлігінің құры лы­мына Ұлттық ұланның кіретіні басым­дыққа алынған.

Алтыншы. Конституцияның 4­бабы­ның 3­тармағын мынадай редакцияда жазу ұсынылды: «Республика бекіт­кен халықаралық шарттардың респуб­лика заңдарынан басымдығы болады. Қазақстан қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың Қазақстан Республикасының аумағында қолданылу тәртібі мен талаптары республиканың заңнамасында айқындалады».

Жетінші. Конституциялық құры­лысты қорғауды, қоғамдық тәртіпті,

азаматтардың құқықтары мен бос­тан дықтарын сақтауды күшей ту ма қ­сатында Конституцияның 10­бабы ның 2­тармағында террористік қылмыстар жасағаны үшін, сондай­ақ, Қазақстан Республикасының өмірлік маңызы бар мүдделеріне өзге де ауыр зиян кел­тір гені үшін азаматтықтан айыруға соттың шешімімен ғана жол берілетініне қатысты норманы бекіту ұсынылды.

Осы ретте аталған ұсыныстың маңыз­дылығын ашып айтқан баян дамашы «Азаматтықтың болмауын қысқарту туралы» 1961 жылғы 30 тамыздағы БҰҰ Конвенциясының 8­бабына сәйкес, ешбір мемлекет азаматтықтан айыру құқығын жүзеге асыруға тиіс еместігін және ол тек қана тиісті тұлға үшін соттың немесе өзге де тәуелсіз мекеменің істерді әділ талқылау құқығын көздейтін заңға сәйкес жүзеге асырылатындығын алға тартты. Сондықтан да, Бірлескен комиссия азаматтықтан айыру туралы мәселедегі объективтілік пен әділдік нақ сот шешімімен қамтамасыз етілуі тиіс деген ұйғарымға келді, деді Н.Әбдіров.

Сегізінші. Конституцияның 2­бабы­ның жаңа 3­1­тармағын Астана қаласында Конституциялық заңға сәйкес нақ қаржы саласында ерекше құқықтық режім белгілену мүмкіндігі туралы нормамен толықтыру мақсат етіледі. Ал бұл түзету Конституцияда Конституциялық Заңмен реттелетін «Астана» халықаралық қар­жы орталығының мәртебесін бекіту мақ­сатында ұсынылып отыр.

Бірлескен комиссия Конституцияның 74­бабының 2­тармағын 44­баптың жаңа 10­1) тармақшасының нормаларымен үйлестірсе, онда Президенттің Конс ти­туциялық Кеңеске өтініш жасау өкілеттігі көзделген. Осыған орай, Консти­туцияның 74­бабының 2­тармағындағы «нормативтік» деген сөзді алып тастау қажеттігі көлденең тартылды.

Заң жобасы бірауыздан қабылданды

Осылайша, әрбір ұсыныс­пікір назар­ға алынып, талқыланған мәселелерге Парламент палаталарының барлық тұрақты комитеттері, Мәжілістегі саяси партиялардың фракциялары өздерінің оң қорытындыларын және заң жобасын қолдау туралы шешімдерін жазбаша үлгіде бергендігін айтқан Комиссия төрағасы Н.Әбдіров сөзінің соңында депутаттардан заң жобасын екінші оқылымда тұтастай қабылдауды сұрады.

Негізгі баяндамашының сөзінен кейін Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Бірлескен комиссия әзірлеген «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заңы жобасының қорытынды салыстырма кестесі мен заң жобасын тұтастай қабылдауды дауысқа салды және шешім бірауыздан қабылданды.

Сонымен, қаулы қабылданды. Біз Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсыныстарын негізге ала отырып, Конс титуциямызға енгізілген барлық өзгерісті қабылдадық. Осы тарихи шешіммен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын, деді Н.Нығматулин.

Суреттерді түсіргенЕрлан ОМАРОВ,

«Егемен Қазақстан»

Жалпы, бізде Конс титу­цияға бұған дейін үш рет өзгерістер енгізілген бола­тын. Бірінші өзгерістер 1998 жылы енгізілсе, екін­ші өзгерістер 2007 жылы, үшінші өзгерістер 2011 жы­лы енгізілді. Ал осы жолы Конституцияға төртінші рет өзгерістер енгізіліп отыр.

Неге Конституцияға өзгеріс­тер енгізілді деген жалпы сұрақ туады. Оның себебі – қоғам үнемі жаңару үстінде. 1995 жылы Конституция қабылданған кез­дегі вертикальді президенттік биліктің күшейтілуі Қазақстан үшін аса үлкен қажеттілік бол­ды. Экономикалық, қаржы лық, құрылыс мәселелері сияқ ты көп­теген өзекті мәселелерді тез ара­да шешу қажет еді. Сондықтан да, өтпелі, яғни транзитті кезеңде жылдам, тиімді вертикальдік би­лік тің, атқарушы биліктің рөлін атқару заңды болды.

Енді қазір қоғам біртіндеп демо кратияланып келе жатыр. Ал демо кратиялық жүйе неге керек десеңіз, бұрынғы қатаң әкім­шілдік­әміршілдік вертикаль ді басқару жүйесі қазір кей жағдай­да жұмыс істемейді. Өйткені, Қазақ стан қоғамы демократия ­лық бостандықтарға зәру бола бас тады. Жалпы, либералдық қоғам да адамға қа жетті бостан­дық тар, әсіресе, эко номикалық бостандық күшті болуы керек. Ал әкім шіл дік жүйе күшті бо лып тұрғанда экономикалық бос тан ­дық тардың дамуына бөгет жасай­ды. Сондықтан, әкімшілдік жүйе­ні не ғұрлым әлсіретіп, солғұрлым

Пар ла мент тің рөлін арт тыру қажет еді. Жер ­г ілікті атқарушы би лік­тің, бас қа да бар лық биліктің рөлін кү шей те берсе, қоғам дамы май қалады. Сол үшін де қазір парла мен та ризм­нің рөлі күшейтілді.

Парламент атқару­шы билікті үнемі назарда ұстап, оның әрбір ісін бақылап отыруы керек. Себебі, жем қорлық сияқты түрлі жа ғым сыз құбылыстар осы әкім шілік жүйеде көп болады.

Қазір әлемдегі дамыған озық мемлекеттердің барлығының саяси жүйесі – демократиялық жүйе. Себебі, демократиялық жүйе экономикалық бостандықтарға жол ашады. Бұл әлемдік тәжірибе, әлем­дік үрдіс. Егер біз әлемдік бәсе кеге қабілетті дамыған елдерден арт та қалғымыз келмесе, шын мәнін де, демократиялық жүйеге көшуі міз керек. Мысалы, әлемде 194 тәуел­сіз мемлекет болса, соның 150­ге жуығы демократиялық саяси жү­йені таңдап алған. Бұл бекерден бекер емес. Қазақстан әлемдік демо кра тия ландырудың үшінші толқыны на қосылып отыр. Жалпы, демократия ландыру толқындары ХІХ ғасырдың бас кезінен­ақ басталған.

Сондықтан, өзімізді АҚШ, Гер­мания, Франция, Италия, Жапо­ния, Оңтүстік Корея сияқты да­мы ған мемлекеттер қатарынан кө р гі міз келгендіктен де, саяси жү йе ні демократияландыру қ а­жет тігі туындады. Адам бостан­дық та болмай, материалдық бай­лық келмейді. Азаматтардың сая си

бос тан дығының, көзқарас бос тан­дығының болуы түптің­түбін де адам ның экономикалық бостан ды­ғына жол ашады екен. Ал эко но­микалық бос тандық адамның тиімді еңбек етуіне, байлық жа сауына жол ашады. Қоғамның неғұр лым әді­летті бола түсуіне жол ашады.

Парламент палаталарының бір­лес кен отырысында қабылдан­ған «Қазақстан Республикасының Конс титуциясына өзгерістер мен толық тырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша енді әрбір бағ­дарлама үшін Үкімет өзі жауап беріп, оларды тікелей өзі іске асыр­мақ. Егер сол мемлекеттік бағдар­лама іске аспай жатса, Үкімет мү­ше лері жауапты болмақ. Ондай бағ дар ламаларды жүзеге асырмаған Үкі мет мүшесін Парламент үштен бір дауыспен қызметтен алу туралы Президентке ұсыныс та бере ала ды. Бұрын Парламентте ондай құқық болмайтын. Ал үштен екі дауыспен оны Үкіметтен шығарып тастауға дейін Президентке ұсыныс айта алады. Осының барлығы Үкі меттің Парламент алдындағы жауап­кершілігін күшейте түспек.

Міне, Конституцияға енгізіл­ген өзгерістер мен толықтырулар қоғам ды демократияландыруға, қоғам дағы өмірдің бүгінгі ағымына сай Қазақстан қоғамын құруға көмек те сетіні даусыз. Сондықтан, біз осын дай қазақстандық демо­кра тиялық эволюцияны қуаттауға тиіспіз.

Сайын БОРБАСОВ,саяси ғылымдар докторы,

профессор

АЛМАТЫ

тарихи шешім

Демократиялық эволюция жемісіӨңірдегі өзге елдерге үлгі

Марк МЭДОУС,Солтүстік Каролина штатынан Өкілдер палатасының депутаты (АҚШ)

Мен Қазақстан Республи касы мен оның Президентінің бас қару­дың ашық және демокра тия лан ған фор масындағы бағытына бет алуын ерек ше атап өткім келеді. Жақында Прези дент Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметтің есеп беру­ші лігін арттыратын және Парламент пен ми­нистр ліктерге көптеген өкілеттіктерді бере тін конституциялық реформаларды жариялады.

Өткен жылдың желтоқсанында Қазақстан өзінің Кеңес Одағынан тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығын атап өтті. Жиырма бес жыл ішінде Қазақстан дамыған республикаға айналып, нарықтың экономика жолына түсті, халқының әл­ауқатын арттыруға зор көңіл бөлді. Қазіргі уақытта Қазақстан Президенті Н.Назарбаев республиканы әрі қарай дамыту үшін ұзақ

мерзімді тұрақтылық пен өркендеуге қажетті саяси және конституциялық реформаларды жүзеге асыруды мықтап қолға алды. Сөйтіп, осы бағытта нық қадамдар жасауда.

Мен Құрама Штаттар мен Қазақстан арасындағы әріптестік қатынас тар ды мақтан тұтамын. Қазақстан өз аза­маттары құ қық тары ның айнымас тығы

саясатын жал ғас тырады және біз осы үрдістің түрлі бағы ттарда тереңдей түскенін қалаймыз. Елдегі демо кратиялық қадамдар өңірдегі өзге елдерге үлгі.

Мен алдағы кезеңде Қазақстанның Аме­рика Құрама Штаттарындағы жаңа елшісі Ер­жан Қазыхановпен жұмыс жасайтын кезді асы­ға күтемін және Қазақстан Үкіметінің ел дегі мемлекеттік басқару жүйесін үнемі жетіл ді ру ге деген ұмтылысын жоғары бағалаймын.

Вашингтон,АҚШ

сырт Көз – сыншы

Гильермо Амадор ЭРНАНДЕС,Мексика ұлттық медицина университетінің оқытушысы, Панамерика анатомия қауымдастығының мүшесі

Қазақстан Президенті Н.Назарбаев билік өкілеттіктерін қайта бөлу туралы дұрыс шешім қабылдады. Бұл – жаһандық үрдіс және аталған қадам Қазақстанға әлемдік үдерістер динамикасына енуге мүмкіндік беріп қана қоймай, басқаруды қазіргіден де тиім­ді ете түсетін болады. Өйткені, бұл бастама

Қазақстан сияқты жас мемлекетті дамудың даңғыл жолына салады деп есептеймін.

Қазақстан халқына да мақтануға болады. Себебі, оның 25 жылда қол жеткізілген жетістіктері атап көрсетуге лайық. Бүгінде Қазақстан мен Мексика арасында жақсы қарым­қатынас қалыптасып отыр. Бұған

Мехикода Қазақстан елшілігінің ашылуы айқын дәлел бола алады. Ал «Қазақстан­2050» стратегиясы Қазақстанды әлемдегі аса дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосатыны күмәнсіз.

Бұл – жаһандық үрдіс

Page 4: Жас буын және кәсіпкерлік менталитет · 2017-09-29 · Жас буын және кәсіпкерлік менталитет Кездесу барысында

4 7 наурыз 2017 жыл

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Жасыратыны жоқ, ауыл шаруашылығы десе көз алдымызға бірден егде адамдардың елестейтіні рас. Өйткені, бүгінгі жастардың көбі мал өсіргенді, оны бағып-қаққанды бейнетті кәсіп санайды. Қиындығынан қашады. Алайда ата кәсіпке адалдық танытып, мал шаруашылығымен шұғылданып жүрген жастар да жоқ емес. Көп болмаса да, бар. Сондай ат төбеліндей аз жастың бірі – Күршім ауданының 20 жастағы тұрғыны Сая Ақанова.––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

экономика

Күкірт қышқылын өндіру көлемі артты

Біз еңсерген бес қауіп

Былтырғы 2016 жыл аса күрделі, ауыртпалығы көп, экономикамыз үшін өте ауыр жыл болғанын атап өту керек.

Әлемде болжамы қиын әлеуметтік, экономикалық, діни, саяси аумақтық қарсы тұрулар, нарықтар жіктелуі мен қаржы нарықтарындағы ресурстар­дың қолжетімсіздігі сияқты жаһан­дық қайшылықтарды бастан кешір­дік. Оның үстіне көптен қордаланып келген еліміздің сыртқы экономика­лық саясатындағы ұстанымы да өзі жайлы «дауыс көтеріп» тұрақ ты лық­қа кері ықпалын жасады. Бұл жер де біздің меңзеп отырғанымыз экспорт қа шикізат сатуға үйір болып, әртарап­тандыру мәселесі сөз жүзінде қалып ел экономикасы дамуының шикізатқа тәуелді сипатының сақталуы еді.

Чехов айтқандай, «Егер I актіде сахнада мылтық ілулі тұрса, III актіге қарай атылуға тиісті», ал әлем эконо­мистерінің «шикізат лағнеті» деген сөзі тағы бар, әйтеуір, «мың асқанға бір тосқан» демекші, 2016 жылдың қаң тарында әлемдік мұнай бағасы 27 АҚШ долларына дейін құлдырады. Ол аз болғандай, темір прокаты, түрлі­түсті металдар, т.б. шикізаттардың әлемдік бағалары 30%­ға дейін арзандап кетті. Мұндай жағдай шикізат экспортына арқа сүйеп келген ел экономикасына қауіп­қатер тудырғаны түсінікті жайт.

Осыдан келіп 2016 жылы Қазақ­стан ға 5 қатерлі жағдайдың болу қаупі туындады.

Біріншіден, бұл рецессия қаупі бола тын. Жай сөзбен айтқанда, ұлт­тық экономиканың құлдырау қаупі. Мысалы, 2015 жыл дың қорытындысы бойынша Ресей экономикасының өсу көрсеткіші 3,2%­ды құрап, рецес­сияны бастан кешірді. Рецессияның бір жаман жері оның салдары көпке дейін экономикаға тежеуіш бо­лып, салааралық теңгерімді бұзып, арасалмаққа нұқсан келтіреді. Үкімет 2016 жылға 2,1% экономикалық өсу көрсеткішін жобалаған кезде сырт­қы және ішкі факторлардың осын­ша ушығарын болжай алған жоқ еді. Сондықтан ендігі мәселе, эко­но ми каның құлдырауына жол бер­меу болатын. Қазақстан халқының ыж да ғатты еңбегі мен шыдам ды­лы ғының арқасында 2016 жыл дың қорытындысы бойынша +1% көр сет­кішке қол жеткізіліп, рецессияға жол берілген жоқ. Бұл сөзсіз, үлкен жетістік.

Екіншіден, инфляция қаупі еді. Инфляция – қымбатшылық пен тең­генің құнсыздануы халықтың әл­ауқатын әлсіретіп, тұтыну қабілетін төмендетіп, әлеуметтік наразылық пен толқулар тудыруы мүмкін. Оның үстіне 2015 жылдың қорытындысы бойынша жыл дық инфляция 13,6% болған еді. Әлем дік тәжірибеге сүйене отырып, Прези дент Н.Ә.Назарбаев Үкімет пен Ұлт тық банкке 2016 жылғы инфляция­ны 6­8% аралығынан асырмауды тап­сыр ған болатын. Бұл тапсырма да негі­зінен орындалды деуге болады. Жап пай қымбатшылыққа жол берілген жоқ.

Үшіншіден, Ұлттық қордағы резервтерді жұмсап, тауысу және оның салдарынан қаржы жүйесінің бұзылу қаупі еді. Ұлттық қорымыз болашақ ұрпақтың несібесі және экономикамыздың қиын­қыстау кезеңдегі қауіпсіздік кепілі. Ендеше, ертеңін ойлаған мемлекет Ұлттық қорды мейлінше қорғап, үнемдеп, тек жылдық өсімінің ғана белгілі бір мөлшерін мысқалдап жұмсап, оны үстемелеп өсіруге міндетті. Сонымен, 2016 жылдың 1 желтоқсанында еліміздің халықаралық резервтері 90,9 млрд АҚШ долларын құрап, жыл басынан кейінгі кезеңде бар болғаны 0,6%­ға кеміді, ал Ұлттық банктің алтын­валюта резерві жыл басынан 7%­ға өсіп, 29,8 млрд АҚШ долларына теңелді.

Төртіншіден, жаппай жұмыссыздық қаупі болатын. Экономика ғылымында табиғи жұмыссыздық көрсеткіші еңбекке жарамды белсенді халықтың 5­6% деңгейінде болса, тұрғындарды толық еңбекпен қамту орын алды деп есептеледі. Жұмыссыздар саны аталған көрсеткіштен асқан сайын әлеуметтік тұрақсыздық күшейіп, Үкіметтің орнында қалуына қауіп төнері сөзсіз. Сондықтан 2016 жылы «Жұмыспен қамтудың жол карта­сы­2020» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуы жалғастырылып, тек өткен жылдың 10 айында 175 мың адам тұрақты жұмыс орнын тапты.

Бесіншіден, инвестициялық тоқы­рау қаупі, яғни кәсіпорындар дың негізгі капи талына салынатын қаржы­ның азаю қаупі. Мұндай жағдайда жаңа кәсіпорын ашылуы да, бұрынғы кәсіпорындардың жемісті әрекеті де қаржы тұзағына ілігіп, экономика ұзақ мерзімді тоқырауға ұшырауы мүмкін. Бұл қауіптен де еліміз аман­есен шыға алды.

Сөйтіп, өткен 2016 жылы Қазақстан сыртқы қатерден арылып қана қойған жоқ, сонымен бірге, ұзақ мерзімді өсу бағыт­бағдарын сақтап, «2050» Стратегиясына сай алға басуын жалғас­тыра алды. Ескі жыл ескеріп, Қазақстан жаңа жаһандық әлем ахуалына толық бейімделгенін жыл қорытындысы арқылы дәлелдеп шықты.

Жангелді ШЫМШЫҚОВ, экономика ғылымдарының кандидаты

Азамат ҚАСЫМ,«Егемен Қазақстан»

Былтырғы желтоқсан айында бор­дақылау алаңын ашқан бойжеткен бұл кәсіпке кездейсоқ келгенін айтады. Сая Ақтөбе қаласындағы колледждердің бірінде байланыс саласы бойынша білім алыпты. Оқуын бітіргеннен кейін туған жеріне келеді. Бірақ мамандығы бойынша жұмыс табылмайды. Қол қусырып, қарап отыратын емес. Дипломды сандықтың түбіне салады да, мал бордақылаумен айналысуды жөн деп табады. Қызының идеясын ата­анасы да құптайды. Сөйтіп, ол алып­ұшып аудандық жұмыспен қамту орталығына барады, сол жердегі мамандардың ақыл­кеңесін тыңдайды.

Содан, «Жұмыспен қамтудың жол картасы­2020» бағдарламасы арқы лы 1,5 млн теңге несиеге қол жеткізіп, 11 ірі қара сатып алады.

– Несиенің құжаттарын ресімдеу жұ­мыстары қиын екен. Талай уақытым соған кетті. Ал мал таңдауға әкем көмек тесті. Малдың бағасына келісу, саудаласу оңай шаруа емес екен, – дейді Сая.

Аудан орталығы – Күршім ауылында тұратын бойжеткен қазір отбасымен бірге күн­түн демей несиеге алған сиыр­ларын күтіп, бағып жүр. Қыстың көзі қырауда малға қарау да оңай шаруа емес. Сондықтан Сая бұл тарапта әкесі мен мектептегі бауырының көмегіне сүйенеді. «Несие менің атымда болғанымен, шаруа бәрімізге ортақ. Олар болмағанда бұл іске

кіріспеуім де мүмкін еді. Өйткені, биз нес­жобамның атауы «Отбасылық мал бор­дақылау алаңы» деп аталады», дейді ол.

Осындайда ақын Қадыр Мырза Әлінің айтқан «Бизнес дегенің біреудің ақшасын ұрмай­соқпай тар тып алу» деген сөзі еске түседі. Әзілге бұрып ай тыл са да, расында, бизнеспен шұғылдану екінің бірінің қолынан келе бермейтін кәсіп екені анық. 20 жастағы бойжеткен мал бордақылауға кіріспес бұрын кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалында бизнестің әліппесін меңгеріпті.

– Біздің ұйымға уылжып тұрған жас қыз келіп, ауылда кәсіп ашқысы келе­тінін айтқанда, таңғалғанымыз рас. Өйт кені, Саяның замандастарының көбі ешкім жайлы жұмыс дайындап тұрмаса да, қалаға ұмтылады ғой. Кейін онымен сөйлесе келе, қандай істі қолға алса да, орта жолдан тастамайтынына сендік. Біздің филиалда оқи жүріп, өзі үшін ең қолайлы кәсіп мал бордақылау деген шешімге келіпті. Расымен күте білсе, малдан түсер береке көп қой, – дейді филиал директоры Светлана Кудедаева.

Еңбексүйгіш Сая қазіргі уақытта Өск­емен дегі колледждердің бірінде мұ ға лім мамандығын сырттай оқып жатыр екен. Келешекте ұстаздықпен бірге ата кә сіпті қатар алып жүргісі келетінін де жасырмады.

– Көп кәсіптің ішінен мал бордақылау жобасын таңдап алғаныма өкінбеймін. Өйткені, бұл істің қыр­сыры бала кезден таныс. Ең бастысы, айналысып жүрген кәсібім өзіме ұнайды. Малдың күтіміне араласуды ар санамаймын. Мал баққанға ғана бітеді ғой, – дейді Сая Ақанова.

Шығыс Қазақстан облысы

Үйренетін Үрдіс

Бойжеткен мал бордақылаумен айналысады

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ,«Егемен Қазақстан»

Жұмыр Жерді мекендейтін 7 мил­лиардтың үстіндегі адамзаттың үштен бір бөлігінен астамы Қытай мен Үндістанда тұрады. Сондықтан бұл екі алып елдің әлем экономикасына тигізетін ықпалы өлшеусіз. Оның үстіне соңғы он жыл көлемінде бұл елдердің экономикасы дамудың аса жоғары қарқынын көрсетіп келеді. Мәселен, 1995 жылдан бергі уақытта Қытайда орташа табыс көлемі он есе өссе, осы кезеңде Үндістанда орташа табыс мөлшері төрт есе көбейген. Яғни, бұл ел дер ді мекендейтін мил лион­да ған адамдардың табысы еселеніп, кедей шілік бұғауын бұзып өтті. Әлеуеті жағы нан дүние жүзіндегі екінші, кейбір ретте, бірінші экономика атанып жүрген ҚХР­дың экономикалық реформалары хақында аз айтылып та, аз жазылып та жүрген жоқ. Қытай экономикасының әлеуетін осындай деңгейге көтерген елдің экспортқа негізделген қайта өңдеу өнеркәсібі болғандығы даусыз. Білікті сарапшылар әділ атап көрсеткендей, бүгінде Қытай «әлем шеберханасы» болып табылады.

Экономикалық әлеуеті жағынан әлемдегі көшбасшы үштіктің қатарынан берік орын алған Үндістанның қазіргі даму қарқыны Қытайдың өзін шаң қаптыратын түрі бар. Беделді «Forbes» журналының дуалы ауыз сарапшылары 2016 жылы Үндістан Республикасы экономикасының өсімі 7,7 пайызға жеткендігін атап көрсетіп, 2017 жылы бұл көрсеткіш 7,8 пайыздық межеден асады деген болжам жасап отыр. Өт кен ғасырдың 90­шы жылдарына дейін әлемдегі экономикалық даму деңгейі ең төмен елдердің бірі саналып келген Үндістанның бүгінде экономикалық даму қарқыны бойынша әлемдік көш бас шыға айналуының сыры неде? Мәсе лен, 1950 жылдан 90­шы жылдарға де йін Үндістан экономикасы жыл сайын 3­3,7 пайыз деңгейінде ғана өсім ге қол жеткізді. Бұл кезеңде Жапо­ния ның экономикасы 10 есе, Оңтүстік Корея ның экономикасы 5 есе жоғары қар қын мен дамыды. Ал соңғы жылдары ҚХР эко номикасы ілгерілеген түрде 8 па­йыз д ық өсіммен дамыған болатын. Сөй­тіп, Үндістанның экономикалық өркендеу дәуірі 1991 жылдардан бастау алды.

1991 жылға дейін Үндістан эконо­микасында лицензиялық талап үстемдік етті. Халық шаруашылығының барлық саласында шетелдіктердің үлесі мүлде мар дымсыз болып, бәсекелестік дамы­мады. Экономиканың барлық саласына мемлекеттің араласуы кәсіп кер ліктің дамуын тежеп, өндіріс тің өсуіне кедер­гі келтірді. Үндістанның эконо мика­лық реформасы 1990 жылы халық

шаруашылығының бар лық саласында лицензиялық талап тарды жоюдан басталды. Рефор ма басталғаннан кейін бір жыл өтер­өтпестен елдегі тарифтер төмендеп, Үндістанның қаржы рыногы әлем компаниялары үшін ашыла бас­тады. Мәселен, 1990 жылы ел эконо­мика сына құйылған шетелдік қаржы көлемі нөлге жақын болса, 2007 жылы бұл көрсеткіш мемлекеттің ішкі жалпы өнімінің 8 пайызы мөлшеріне дейін көтерілді. Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарында елдегі өңдеу өнеркәсібінің дамуымен бірге, қызмет көрсету түрлері кеңінен өрістей бастады. Ағылшын тілін жетік білетін Үндістанның жас ин­женерлері Батыстың қызмет көр сету, әсіресе, ақпараттық технология сала­сын дағы жетістіктерін өз елдеріне әке­ліп, жергілікті ерекшеліктерге бейім деп, жаппай өндіріске енгізе бастады.

Үндістан Республикасы экономика сы өсімінің шарықтау қарқыны 2014 жылы басталған реформалардан кейін айшықты көрініс тапты. Үндістан премьер­министрі Нарендра Моди сол жылдың тамыз айында елдің Тәуел сіздік мерекесі құрметіне өткен сал танатты жиында экономикалық дамудың бағдарламалық баяндамасын жасады. Бұл бағдарламаның негізгі идеясы түбегейлі өзгерістер жасай от ы­рып, экономикалық өсімнің жаңа тетік ­терін табу болып табылады. Шын мәнінде Нарендра Модидің бұл бағ дар ламалық сөзі тәуелсіз Үндістан тарихындағы «Неру­Ганди әулеті» дәуірінің аяқталғанын жария етті.

2015 жылды Үндістан үкіметі жаңа бетбұрыспен бастады. Осы жылдың бірінші қаңтарында Н.Моди үкіметі елде 1950 жылдан бері 12 бесжылдық жоспарды жүзеге асырып келе жатқан Жоспарлау комиссиясының жұмы сын тоқтатты. Оның орнына жаңа мем­лекеттік мекеме – Үндістанның ұлттық трансформация институтын (ҮҰТИ) құрды. ҮҰТИ­дің негізгі міндеті эко ­но мика және саясаттың шешуші мәсе­лелері бойынша стратегиялық және технологиялық ұсыныстар мен жоба­лар белгілеу болып табылады. БАҚ өкіл дері «Модиномика» деп атайтын Нарен дра Моди үкіметі реформасының негізі экономикалық инфрақұрылым мен өнер кәсіпті дамытуға басымдық береді. Инфра құрылым мәселесі елдегі ұзақ уақыт тан бері шешімін таба алмай келе жатқан ең өзекті проблема. Тозығы жеткен инфрақұрылым ел экономикасының дамуын тежеп отыр. Осыған байланысты Моди реформасы мемлекет қаржысын бөлуде бірінші кезекте, әрине, қорға­ныс саласынан ке йін инфрақұрылым­ға басымдық беріп отыр. Бұл ретте 2015­2016 жылғы мем лекеттік бюджет­те қорғаныс саласына бөлінген қаржы

18,9 пайызды құрағанын айта кеткен жөн. Қазір Үндістанның мемлекеттік бюд жеті нен инфрақұрылымға, оның ішінде, энергетикалық және көлік инфра­құрылымын дамытуға бөлінетін мем­ле кеттік қаржы еселене түсті. Finan cial Times сарапшыларының зерт теу лері бо­йынша, әлемдік мұнай бағасының күрт төмендеуінен Үндістан экономикасы жоғары қарқынмен дамуға зор мүмкіндік алған.

Қалай болғанда да, қазіргі таңда Үндістан Республикасы экономи касының даму қарқыны әлемдік бәйгені бастап тұр. Білікті сарапшылардың ай туын­ша, елдің негізгі макроэкономи ка лық көрсеткіштерінің алдағы уақыт та да жоғары даму қарқынын ұстайтын ды­ғына толық жағдай бар. Атап айтқан да, үкімет ел экономикасына шетел инвес ­тициясын тартуға қолбайлау бо лып келген барлық кедергіні жойды. Бүгінде Үндістан экономикасы ашық ты ғы бойынша әлемдегі алдыңғы орын дарды иеленеді. Сонымен бірге, қазір экономикасының өсу қарқыны жағынан әлемдік көшбасшылыққа таласып келе жатқан екі алып мемлекет – Қытай мен Үндістан арасындағы бәсекелестікте Үндістан пайдасына шешілетін бірқатар өзекті факторлар бар.

«Әлем шеберханасы» атанған Қытайда алдағы уақытта арзан жұмыс күшіне деген тапшылық орын алуы мүмкін. Ұзақ жылдардан бері бұл елде жүргізіліп келген «бір отбасына – бір бала» атты демографиялық саясаттың салқыны енді басталмақ. Бүгінде Қытайдағы экономикалық белсенді тұрғындардан зейнеткерлік жасқа жеткен қарттар үлесі асып кеткен көрінеді. Бұл экономикалық өсімге кері әсерін тигізетіндігін, тигі­зіп те отырғандығын Аспанасты елінің ғалым дары ашық айтып, дабыл қағуда. Осыған байланысты ел билігі отбасын шектеу шараларынан бас тартты. Бірақ елде ұзақ уақыт үстемдік құрған «бір отбасына – бір бала» саясатының салқыны ҚХР экономикасының дамуын біраз уақыт тежейтін сияқ ты. Ал Үндістанда керісінше, демогра фиялық ахуал барынша жоғары қар қынмен өсуде. Күннен күнге артып келе жатқан экономиканың арзан жұмыс күшіне деген сұранысы еселей қанағаттандырылуда. 2015 жылғы санақтың дерегі бойынша, ҚХР халқы ның

саны 1 миллиард 370 миллион адамға жетсе, Үндістандағы адам саны 1 мил­лиард 250 миллионнан асып жығыл ған болатын. Мамандардың айтуын ша, енді бір­екі жылда халқы ның саны жағынан да Үндістан Респуб ликасы ҚХР­ды басып озатын көрінеді.

Үндістанды ұзақ уақыт бодандықта ұстаған Британия империясы бұл елге өзінің бірқатар өркениет өнегелерін де мұра етіп кетті. Атап айтқанда, Үнді станда жоғары демократия мен парламенттік билік жүйесі көп ұлтты үлкен мемлекеттің қалыптасуына игі ықпалын тигізуде. Сонымен бірге, Британия бұл елге барлық аймақты байланыстыратын аса зор әлеуетті темір жол торабын жасап берді. Үнді стан темір жол жүйесі қазір дамыған экономиканың шын мәніндегі күрета мырына айналған. Ең бастысы, үнділер бүгінде империя зорлықтың күшімен кіргізген ағылшын тілінің игілігін молынан көруде. Ағылшын тілін жетік білетін үндінің жас мамандары бүгінгі ғылым негізі болып табылатын ақпараттық технологияны тез игеріп, ғылым саласында өздерінің айшықты орындарын ойып алуда. Қазір әлемдік ғылым саласында нано жетістіктердің майын ішкен жас үнді инженерлері көш бастап тұр. Патриоттық сезімдері басым жас ғалымдар ғылым мен технология жаңалықтарын елдеріне импорттауда. Сарапшылардың мәлімдеуінше, бүгінде ақпараттық технология, ғарыштық бай­ланыс жүйесі, фармацевтика сала лары бойынша Үндістан әлемдік көшбасшылық биікке көтеріліпті.

Жаһандық экономикалық бәсекелес­тікте асықпай, даурықпай биік меже­лерді біртіндеп бағындырып, алдыңғы үштіктің қатарынан берік орын алған Үндістан Республикасында жүзеге асы­рылып жатқан реформалардың бүгінгі жетістігі осындай. Нарендра Моди үкіметі күн тәртібіне қойған елдегі білім беру сала сының деңгейін көтеру, экономиканы әртараптандыру, еңбек өнімділігін арттыру, озық ғылы ми технологияларды кеңінен өндіріске енгізу, шетел инвестициясына жол ашу мақсатындағы реформалар үнді фи лософиясы негізінде байсал дылықпен іс жүзіне асырыла беретін болса, Үнді­станның жаһандық экономикадағы алар асуының асқаралы болатыны анық.

сараптама

Үндістан экономикасы өрлеу үстінде––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Жақында жарыққа шыққан БҰҰ-ның «Әлем экономикасының ахуалы және болашағы» атты дәстүрлі баяндамасында Үндістан экономикасының соңғы жылдардағы даму қарқынына өте жоғары баға беріліп, 2017 жылы бұл ел экономикасының өсімі 7,7 пайызға жететіндігіне болжам жасалыпты. Ал PwC (PricewaterhouseCoopers) экономистерінің айтуынша, Азия үстіміздегі жылы да әлемнің ең жоғары қарқынмен дамитын аймағы болып қалмақ, бірақ басты назар Қытайдан Үндістанға ауысатын көрінеді. Сөйтіп, жаһандық бәсекеде Үндістан экономикасының даму қарқыны көш бастады.––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Жолдауды жүзеге асыру жайы қаралды

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Степногор күкірт қышқылы зауыты өзінің толық өнді ріс тік қуатына жетіп отыр. Бұл жөнінде «Қазатомпром Күкірт-қыш қылы зауыты бірлескен кәсіпорны» ЖШС директоры Төлеужан Жексембаев мәлімдеді.–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ,«Егемен Қазақстан»

Кезінде Степногор кен­хи­мия лық комбинаты деп аталып кел ген кәсіпорын 2008 жы лы өз атауын «Қазатомпром Кү ­кіртқышқылы зауытының бір ­лескен кәсіпорны» ЖШС де п өзгерткен болатын. Со дан бері жаңа кәсіпорын өз өн ді рісін жол ға қойып, кү кі рт қышқылын сапалы етіп шы ғара бастады.

«Күкірт қышқылын өндіруді 2015 жылы бастадық. Ал был­тыр зауыт толық қуатына көш­кен нен кейін жылына 180 тонна күкірт өндіре бастадық», дей ді Төлеужан Жексембаев. Құ ны 13,3 млрд теңгелік инвес ти­ция лық жоба Қазақстан Рес­пуб л икасының 2010­2014 жыл­дар ға арналған үдемелі ин дус­трия лық­инновациялық даму бағ дарламасы және еліміздің 2015­2019 жылдарға арналған

Ин дустрияландыру картасы шең берінде іске асып отыр. Кү­кірт қышқылы зауытын қайта құ рылымдау 222 жұмыс орнын құруға мүмкіндік берсе, со­лардың 97 пайызы жергілікті тұр­ғындар екендігін де айта кеткен орынды. Ал орташа айлық жа­лақы 154 526 теңге ша ма сында.

Ақмола облысының кәсіп­кер лік және өндіріс басқармасы ақ паратына қарағанда, 2015 жыл дан бері Индустрияландыру кар тасы бойынша 13 мың жұмыс ор ны ашылып, құны 815,2 млрд тең ге болатын 110 жоба іске асы рылыпты.

Ақмола облысы

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Үкімет Үйінде Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысын өткізді.––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Отырыс барысында Мемлекет басшысының «Қазақ­станның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабі­леттілік» Жолдауында айтылған тапсырмаларды жүзеге асыру мәселелері қарастырылды, деп хабарлады Премьер­Министрдің баспасөз қызметі.

Page 5: Жас буын және кәсіпкерлік менталитет · 2017-09-29 · Жас буын және кәсіпкерлік менталитет Кездесу барысында

7 наурыз 2017 жыл 5

қоғам

талап және тәртіп

жазылған жайдың жаңғырығы ойласу

сақтансаң – сақтайды

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Кадр саясатында «100 нақты қадам» Ұлт жоспары темірқазық етіп алынады. Соған сәйкес, мемлекеттік билік органдарының қызметін жетілдіруге бағытталған іріктеу, біліктілікті арттыру жөнінде жұмыстар қолға алынса, соның негізгісі 2017 жылдың бірінші жарты-сында басталған «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін аттестаттау болып табылады. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Көктем келіп, қара жердің бауыры бусанып, қалың қардың көбесі сө гіл генде, су тасқынының алдын алу әрбір өңірде өзекті мәселеге ай на ла тыны шын. Себебі, қар қалың жауып, жердің тоңы жібімей тұрған уа қытта күннің күрт жылынуы салдарынан су тасқыны оқиғалары орын алып жатады. Бұл – әр өңірге қатысты күн тәртібіндегі мәселе. Әсі ресе, таулы аймақтардағы елді мекендерде бұл мәселе айта қа лар лық тай өзекті.–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Биыл Жайық өзеніндегі су тасқынының қаупі жоғары. Синоптиктер өзен бастау алатын Ресей аумағында қар мөлшері мен топырақ ыл ғал дылығы жылдағыдан 50 пайызға дейін артқанын айтып отыр. Об лыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Өмірзақ Са ғынбектің мәліметінше, су тасқынынан қауіпті деген аймақта бір қала, 16 елді мекен, 7800 үй мен 15 мыңнан астам тұрғын бар. Құр ма нғазы ауданындағы ауылдарды су тасқынынан қорғау үшін 63 ша қырым бөгет құрылысының жобалық құжаттары әзірленуде. Ма хам бет ауданындағы Алға ауылында екі шақырым бөгеттің қорғаныс жұ мыстары сәуір айында басталады. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Мемлекеттік қыз мет ші­лер дің кәсіби деңгейін лауа­зы мы бойынша біліктілік та лаптарын сай кел ті ру ге ба­ғытталған аттестат тау мем­ле кеттік аппа ра т тың кадрлық әлеу етін объе ктив ті түрде ба ға лауға жә не ұтымды пай ­да ла нуға септігін ти гі з е тіні анық. Атқаратын лау азым­дық са натына сай үш дең ­гейде өткізілетін ат тес та т ­тау дың нәтижесі мем ле кет ­тік қызметшілердің құ зы ­реттілігін дамыту арқылы олар дың біліктілік сапасын арт тырады деген пікірдемін. С о нымен қатар, аталған сы­

нақ нәтижесінде білімі мен еңбек тәжірибесінен бөлек, әлсіз тұс тары анықталған қыз­мет керлерге өз кем ші лікт ерін тү зетіп, кәсіби бі лік тілігін шың дау үшін мүм кіндік бе­рі леді.

Қызметшілерді аттес тат­тау кадрлық сая саттағы жә не мемлекеттік бас қару қыз ме­тін дегі де мо кра тия лық не­гіз дерді к е ңей ту дің құ қы қт­ық құ ра лы және мем ле кет тік органдардағы мақ сат ты жә­не болжамды кадр сая сатын қа л ып та с тыруды іске асыру мен қам тамасыз етудің ама лы

бо лып табылады. Бұл аттес­тат таудың үш жылда бір рет өт кізілген бұ рын ғы ат тес тат­т ау дан бас ты айыр м а шы лы­ғы бар, ол – бір жолғы жә не ке шен ді сипаттылығы.

Мем лекеттік қызметшілер ар найы авто мат тандырылған бағ дарламаларды қол дану ар қылы нақты лауазым­да тиім ді қызмет атқаруы үшін олардың қажетті құ­зы реттіліктері бағаланатын бо лады. Ол кәсіби даярлық дең гейін анықтау ғана емес, сон дай­ақ, одан әрі дамыту мен мансаптық ілгерілету үшін қызметшілердің әлеу е­

тін анықтайды. Осыған бай­ланысты, аттестаттау ко мис­сиясының қызметшіні ж о ға­ры лату туралы шешiмді қа ­ бы л дай ала тындығы «Қазақ­стан Рес пуб ли ка сы ның мем­ле кет тік қызмет туралы» За ңын да көрсетілген.

Елімізде 2011 жылы да мем лекеттік қыз метшілерді аттес таттау өткен болатын. Ол кезде 14,6 мың мем ле кет­тік қыз метшінің 13,3 мыңы ат қарып отырған лауазымы­на сәйкес деп танылған. Бұл жо лы бүкіл ел бойынша 65 мың мем лекеттік қызметші

аттес тат таудан өту ге қатысады. Бұл еліміздің жаңа тари хын да бұрын­соңды болмаған жо ғары және елеулі емтихан бол мақ.

Жалпы, мемлекеттік қыз­метші қызме тінің тиім ді лі­гін не үшін бағалау қажет? Егер қызметшілердің жұ­мыс ы жал пы қоғамның мұқ­тажына сәйкес кел се, онда бұл жағдайда мемлекеттік қыз ­метшілер қыз метінің әлеу мет­тік тиім ділігі жо ға ры бо лады. Мем ле кет тік қыз мет шілер қыз ме ті нің тиім ді лігі осы тұр­ғы дан ба ға ла нады. Ал бұл, өз к е зе гін де, Қазақстан Пре зи­денті нің сөз де рінде жиі атап өті летін ме ритократия мен тран с па рен т тік қағидаттарын ны ғайту тиім ділігінің көрінісі бо лып та былады.

Бүгінгі таңда Мем ле кет тік қыз мет іс тері және сы байлас жем қорлыққа қар сы іс­қимыл агент тігі ке шенді ақ па раттық­тү сіндіру жұмыстарын жүр­

гі зіп, республикалық жә не об лыстық деңгейдегі мем­ле кеттік органдар аудандар мен қалалардың, сонымен қа тар, ауылдық аумақтардың мем лекет тік қызметшілеріне ат тес тат тау жөніндегі ақ па ­рат тар ды жеткізуде. Со ны мен қа тар, бұқаралық ақ парат құ­ралдарында да, ин тер нет же­лісі арқылы да мем лекеттік қыз мет жә не қо ғамдық ұйым­дар өкіл де рінің қа ты суы­мен түсіндіру жұ мыс тар ы белсенді жүргізілуде. Атал­ған шаралар шеңберінде мем лекеттік қызметшілердің

ө з де рін толғандырған сауал­дар қой ғанына куә болдым. Әсі ре се, жұмыстан босату мә­се лесі ең жиі көтеріледі.

Е л б а с ы Н ұ р с ұ л т а н Назарбаев «Б» корпусындағы әкім шілік мемлекеттік қыз­мет шілердің кешенді аттестат­тауын 2017 жылы өткізу жө­ніндегі Жарлыққа қол қой­ғаны белгілі. Бұл барлық мем л екеттік қызметшілерді сіл кін тіп, оларды сергектікке бас тады. Осылайша, Пре зи­дент Жарлығына сәйкес ат­тестаттау нәтижесі бойынша біліктілігін, кәсібилігін дәл ел ­ дей алмаған мамандарға ат­тес таттау комиссиясы олар ды төменгі лауазымға ауыс ты­руға ұсыныс білдіреді. Егер мем лекеттік органда төменгі лау азым болмаған жағдайда, ма ман қызметінен босатыла­ды. Ең маңыздысы, егер мем­лекеттік қызметшінің білімі өз лауазымына сәйкес кел­мей тін болса, мемлекеттік қыз мет көрсету сапасы тө­мен болса, өзінің мүддесін ха лықтың және мемлекеттің мүд десінен жоғары қойып, дү ниеқорлығын тыя алмаса, заң бұзушылық фактілерін жиі жіберсе, аттестаттау ко­мис сиясының аталған ше шім­ді қабылдауы дұрыс дер едім.

Сондықтан, мемлекеттік қыз метшілерге бұл мәселеге осы кезден бастап аса мән бе ріп, мұқият болған жөн. Мен өз атымнан, мемлекеттік қыз меттің ардагері ретінде, мем лекеттік қызметшілердің аттес таттаудан өтуін дұрыс әрі орынды деп есептеймін. Өйт кені, әр мемлекеттік қыз­мет шінің міндеті – халыққа қыз мет ету, сондықтан мем ле­кет тік қызметшілерді ба ға лау үшін құрылған аттес тат тау комиссияларының құ рамына азаматтық қоғам өкіл дерінің қа тысуы өте орынд ы жайт жә не салмақты ше шім деп бі лемін. Аталған қа ғи дат тар­дың сақталуы ең лай ықты кадр ларды іріктеуді, олар ­ д ың жеке сіңірген ең бек терін бағалау негізінде кә сіптік және мансаптық ілге рі летуді қам тамасыз етуге ба ғыт тал­ған. Бұл – Елбасының жа ңа кә сіби мемлекеттік ап парат құ ру тапсырмасын орын дау мақ сатындағы үлкен сая си шара.

Тоқтарбай ҚАДАМБАЕВ,

мемлекеттік қызмет ардагері

ҚОСТАНАЙ

Бақытгүл БАБАШ,«Егемен Қазақстан»

– Облыс орталығы мен ау дан дар­дың төтенше жағдайға арналған қа­ра жат қоры 1 млрд 349 млн теңге. Шұ ғыл шығындарға арналған қорда 203 млн теңге бар. Бірақ Мақат ауда­нында аталған екі қорға да қаржы қа­рас тырылмаған. Индер, Құрманғазы ау дандарында шұғыл шараларға қо­сымша ақша бөлінбей отыр, – дейді де­партамент басшысы. – Бұл өз кезегінде аталған аудандардың тө тен ше жағдайға дайын еместігін көр се теді.

Атырау қаласындағы 13 бөлімшеде қар суын кәріз жүйесі арқылы далаға жі беру жұмыстары қолданысқа ен гі­зі л мек. Қала әкімі Серік Шәпкенов 78 бөгеттің 27­сінде ғана құжат барын ай ­тады. Елеусіз жатқан бөгеттердің то­пырағын тұрғындар ұрлаған дерек тер де

тіркелген. Облыс орталығы ма ңындағы Геолог кентінде соңғы жыл дары жер асты суы төмендемей отыр. Бұрын үш метр тереңдіктен шы ға тын су қазір елу сантиметрден­ақ анық көрінеді.

Шалғайдағы Қызылқоға ауданын да елді мекендердің жолы жабылып жат қаны да алаңдатарлық жайт. Об лыс тық маңызы бар жолдарға техни ка жіберіліп, аршылып­ты. «Ал ау дан ның теңгеріміндегі ауыл­ дарда 220 ша қырым жол бар. Оларды та­залап тұ руға қаржы қаралған жоқ», – дейді ау дан әкімі Мақсот Мұқанов.

Ықтимал қауіптің алдын алуға ба­ғытталған төтенше жағдай ко мис сия ­сының отырысында облыс әкімі Нұрлан Ноғаев кез келген уақытта кез кел ген жағдайға дайын болу керектігін қа перге салды. Өткен жылы Атырау қа ласында 1 мың, аудандарда 500 үй суға кеткен еді.

Атырау облысы

Хамит ЕСАМАН,«Егемен Қазақстан»

Су – тіршілік көзі, күнкөрістің қай нары. Қара жердің қасиетін се­зі ніп, өнім алып, өркендеу үшін де су шаруашылығының маңызы зор. Осы орайда, Жамбыл облысы көрші Қыр ғыз Республикасының Талас об­лысында орналасқан «Киров» су қоймасынан су алып, ауыл шаруа шы­лығы ахуалын нықтап отыр. Алай да, өткен жылы қар суының көп ті гі нен «Киров» су қоймасынан Жам был об­лысына қарай секундына 250 тек ше метрге дейін су жіберілген бо латын. Салдарынан Әулиеата ірге сін дегі біраз елді мекенді, бірқатар кө шені, Талас өзенінің бойындағы ба ғаналарды, газ құбырларын су шай ып, егістіктер мен жайылымдарды басып қалғанын елдің бәрі біледі. Сөй тіп, бұл жағдай Таластың төменгі жа ғын дағы қарапайым ша­руалар мен ди қандарды әбігерге сал­ды. Енді бұл ке лең сіздіктер күн күрт жылынғанда та ғы да қайталанбай ма деген сауал бү гін де әрбір тұрғынның көкейінде тұр. Осыдан біраз жыл бұрын «Киров» су қой масына қатысты қауесет шығып, ел дің біраз дүрліккені де бар.

Жамбыл мен Талас облыстары – 337 шақырымға дейін шектесіп жат қан көрші аймақтар. Сондай­ақ, 7 ше каралық бекет те екі елдің азамат та рына қызмет көрсетеді. Алайда, «ауы лы аралас, қойы қоралас» қырғыз ағай ындардың өткен жылы суды бір ашып, бір жауып мәселе туындатқаны бел гілі. Енді биылғы аху­ал қалай бол мақ? Көктемнің көкөзегі болса кел ді. Жамбыл облысының таулы аймақ та ры на биыл қардың қалың түс кені де ел ге аян.

Дегенмен, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің су ресурста­рын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Шу – Талас бассейндік инс­пекциясы басшысының орынбасары Ғалымбек Құралбаевтың айтуынша, биыл бұл мәселеге байланысты қауіп жоқ. Себебі, Талас облысының Манас ау данында орналасқан «Киров» су қой­масында бүгінде 461,4 миллион тек ше метр су бар. Ал бұл көрсеткіш өт кен жылы 487 миллион текше метр болған. Жоспар бойынша 15 жә не 20 нау рыз аралығында мұндағы су дың дең гейі 500 миллион текше метр ге жет се, 20 текше

метр су бері жі бе рі ле ді. Әзірге 5 текше метр су бері қарай жіберілуде. Ал мамыр айында су ды ағызу деңгейі 35­40 текше метрге дейін артады.

Бүгінгі таңда Жамбыл және Та­лас облыстарының арасында су мә се ле­сіне байланысты келіссөздер жүр гі зі ліп жатыр. Көрші ағайындар да өз де рі нің ұсыныстарын айтуда. Талас об лысы су шаруашылығы бассейнінің бас шысы Болатбек Батырқұловтың пі кірінше, «Киров» су қоймасына күр делі жөндеу жұмыстарын жүргізу ке рек. Ал оған қажетті қаражат мә се лесі қалай шешіледі және бұл жұ мыс қашан басталады? Ол жағы әлі белгісіз. Сонымен қатар, екі ел­ге де ортақ «Кож» каналы да жөн деу жұ мыс тарын қажет етіп тұр екен. «Қаз­су шар» республикалық мем ле кеттік кә­сіпорны Жамбыл облыстық филиалы директорының орынбасары Берік Нұ р­алиев бұл мақсатқа ел бюджетінен 15 мил­лион теңге бөлініп отырғанын жет кізді.

Айта кетейік, «Киров» су қой ма­сының сыйымдылығы 550 миллион текше метр болса, өткен жылы мұн да 549 миллион текше метр су жи налып, көптің көңілін күпті еткен бо латын. Бөгеттің ернеуінен қайтқан су бар­шаның басты мәселесі еді. Енді би ыл бұл түйткілдің қалай өрбитіні ал да ғы күндері белгілі болады. Егер екі об­лыс басшыларының арасындағы ке лі­сімге қырғыз ағайындар түсін іс тік пен қараса, өткен жылғыдай мә селенің бо ла қоймайтыны анық.

«Кісідегінің кілті аспанда» де мек ші, өзгеге жалтақтамай, суға тәу ел ді лікті жеңілдету басты мәселе. Бұл тұр ғыда Жамбыл облысы құны 12,5 миллиард теңге болатын 4 үлкен жо ба н ы қолға алып отыр. Егер жоба то лық жүзеге асқан жағдайда, суға тәу ел ділік біршама жеңілдейді. Әрі кө к тем кезінде қар суы текке кетпей, сол қоймаларға жиналады.

Жақында болған Жуалы ау да нын ­ д ағы қар көшкінінен елдің есі ке т кені рас. Енді көктем келіп, көк ш ыға бастаған уақытта да су тасқыны мә се лесі күн тәртібіне көтеріледі. Жам был облысы әкімдігі табиғи ресурс тар және табиғат пайдалануды реттеу бас қармасының басшысы Серік Қой ба қов ағын су жүйелерінің суару мау сы мына және өңірдің көктемгі су тас қы нына тосқауыл қоюға дайын екенін ай тып отыр.

Жамбыл облысы

Білікті мемлекеттік қызметші – ел тірегі

Күн тәртібінде «Киров» тұр!

Тасқынға тосқауыл қоя аламыз ба?

Әрине, мақалада ай т ылған фактілер нақты, дұрыс көр­сетілген. Семей қаласын ауыз сумен қамтып отырған су таза­лау қондырғысы әбден тозып кеткені рас. Ол жарылып, істен шығып қалса бір емес, бірнеше мемлекеттің ауыз суы ластанады. Дюкерден шыққан лас қалдық Ертіске құйылып, өзеннің та­би ғаты мен тіршілігіне, балық, жан­жануарлар әлеміне апат ке­леді. Республикалық газеттің кө теріп отырған тақырыбын қол даймыз. Республика тарапы­нан бюджетке енетін проблема­лы мәселе еді, биыл облыстық әкім діктің ұмытып кетуі салда­рынан назарға алынбаған. Нақ­ты айтсақ, Ұлттық экономика министрлігінің құрылыс жә не тұрғын үй­коммуналдық ша­руашылық жұмыстары ко ми­тетінің төрағасы Бейбіт Ша­хановтың мәлімдеуінше, «2017­2019 жылдардағы рес пуб ли­ка лық бюджетке бұл мә селе жө нінде ешқандай да ұсы ныс об лыс әкімдігі тарапынан түс­пе ген. Сондықтан да бюджетке кір гізілмей қалған». Осындай жауаптар алынғаннан кейін жә­не республикалық газетке жа­рияланғаннан соң да, дюкер біздің тікелей назарымызда тұр­ды. Айта кету керек, «Нұр Отан» партиясының Семейдегі фили­алы жыл қорытындысы бойын­ша өз жұмыстарын жүр гі зуде

Астана және Алматы қала ла­рынан кейін үшінші орынды ие леніп отырмыз. Жақында Өскемен қаласында облыс әкі мі Даниал Ахметовтің есебі тың­дал ған еді, Семей қаласынан ар найы барып, тұрғындарының аты нан сөз алған мен ол кісіге осы дюкер мәселесіне қатысты сұ рақ қойдым. Қалада Ертіс өзені арқылы өтетін кәріз дюкері жылдар бойы үлкен мәселеге ай налып келе жатқанын, атал­ған мәселенің барлық тиісті ат­қарушы билік орындарда кө те­рілгенін, проблеманың газет бе­тіне жазылғанын айтып, қашан оң шешілетінін сұрадым. Бұл сауалыма облыс әкімі Даниал Ахметов Семей қаласындағы дю­керге қатысты мәселенің ше ші мі соңғы екі жылда дұрыс табыл­май келе жатқанын, жалпы жо­баның құны әзірше 980 млн теңге болатындығын, жұмыстар келер 2018 жылы басталатынын айтты. Дегенмен, кездесу аяқталған соң, облыс басшысы бұл дюкердің келесі жылға дейін шыдамауы да мүмкін екендігін ескеріп, жөндеу жұмыстарының мейлінше тез арада басталуын тікелей назары­на алыпты.

Зульфия ЖАМАЛАТДИНОВА,

«Нұр Отан» партиясының Семей қалалық филиалы

төрағасының орынбасары

Дюкер мәселесі оң шешімін табатын болды

(Соңы. Басы 1-бетте)

– Қазақстанда шағын немесе ірі бизнес субъекті­ле рінің мемлекеттен қолдау күтіп, қаржылай көмек сұрап отыруы әдетке айналған. Шындығында, мықты бизнес мемлекетке тәуелді болмауға тиіс. Мемлекеттің міндеті бизнестің жұмысын реттеп оты­ру, түрлі шаралармен қолдау екені түсінікті, әрине. Алайда, кәсіпкерлердің билікке қарап алақан жайып отыруы, жеке кәсібін бастай салысымен тапсырыс пен гранттан дәмеленгені дұрыс емес. Өкінішке қарай, біздің кәсіпкерлеріміздің көпшілігі өркениетті биз­нес орта құрғысы келмейді, 5­10 жылдан кейін табыс әкелетін биз неспен шұғылдануға ерінеді, әрі кетсе 1­2 жылда пай даға кенелгісі келеді, – дейді Айбек Сидиқов.

Оның айтуынша, кәсіпкерлер өздерінің атақ­беделін қалыптастыруға, бизнестің ережесі мен заң ды лықтарын қалыптастыруға мүдделі болуға тиіс. Бұл орайда, отандық кәсіпкерлерге шетелдік әріптестерінен көп нәрсе үйрену керек. Бизнес пен кәсіпкерлік дегеннің өзі дайын асқа тік қасық болу емес, тәуекелдерге дайын болуды талап етеді. Ал біздің халық көп қиналмай ақша табуға бейіл. Кә сіп­кер атанып жүргендердің көпшілігі бұған дейін осы­лай жұмыс істеп келгенін де жасыруға болмайды. Алай да, жаһандық экономикалық дағдарыс, ел эко­но микасында болып жатқан өзгерістер қазір ондай әре к етке мүмкіндік бермейді.

– Халық қалғып­мүлгіген күйден оянып, енді еш нәрсе бұрынғыдай болмайтынын түсінуі керек. Жаңа дәуір келді, жаңа талаптар туындады. Еліміз жаһандық экономикамен ықпалдасқысы келсе, сол талаптарға жауап беруге тиіс. Яғни, оған отандық кәсіпкерлер де бейімделуге міндетті. Оған мемлекет те қолдау көрсетіп отыр, – дейді бизнес­тренер.

Кәсіпкерлердің пайымдауынша, жаңа бағдарлама тиімді жүргізілген жағдайда елімізде тұтынушылық менталитет емес, кәсіпкерлік менталитет қалыптасып, жаңа көзқарастағы ұрпақ өсіп шығады. Осылайша, бірнеше жылдың ішінде бизнес пен кәсіпкерлік дамыған елге айналуға мүмкіндік туады. Сонда ғана қазақтың Джобс, Гейтстері пайда болуы мүмкін.

Жас буын және кәсіпкерлік менталитет

zib.com.ua

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Ел газеті «Егемен Қазақстан ның» 2017 жылдың 26 қаң тар кү нгі санында Раушан Нұғ ман бе кованың «Даудың басы дюкер болмасын...» деген мақаласы жа рия ланған еді. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Page 6: Жас буын және кәсіпкерлік менталитет · 2017-09-29 · Жас буын және кәсіпкерлік менталитет Кездесу барысында

6 7 наурыз 2017 жыл

зерде

тарих толқынында––––––––––––––––––––––––––1917 жыл Ресей тарихындағы тү­б i рлi бетбұрыс жылы болды. Ел да мудың реформалық және ре во л­юциялық жолдарының бiреуiн таң­дау ға тиiстi еді. Бiрiншi дү ние жү­зiлiк соғыс қарсаңында жә не соғыс кезiнде қалыптасқан жағ дайлар елдi революция жолына түсiрдi.Бiрiншi дүниежүзiлiк соғыс Ресей эко номикасының жағдайын ерек­ше нашарлатты. Өнеркәсіптің ба­сым бөлігі майдан қажеттіліктерін өтеу ге жұмылдырылғандықтан, қа лаларды азық­түлікпен және тұр мысқа қажетті тауарлармен қа м тамасыз ету қиындады. Соғыс шы ғындары көбейген сайын баға да өс тi, алыпсатарлық кең өрiс алды. Ре сей қоғамында елдi күйзелiстен шы ғаруға дәрменсiз болып отыр­ған патша өкiметiне деген на ра­зы лық күшейдi. Наразылық қо ға­м н ың барлық әлеуметтiк топта ры мен жiктерiн қамтыды. 1915 жы лы Мем лекеттiк Думаның құ ра мын­да ғы алты партияның өкiл де рiнен Про г ресшiл одақ құрылды. Патша үкi метiне қарсы күресте бар лық сая си партиялардың ке лi сiмге ке­луi осылайша басталды. Про гре­сшiл одаққа меньше вик тер мен ең бек тобы кiрген жоқ, бi рақ олар да партиялардың ын ты мақтастық әрекетiн қолдады. ––––––––––––––––––––––––––

«Ресейдің Штюрмерде, ал Штюрмердің

Ресейде не ақысы бар?» Патша өкiметi 1916 жылы 20 қаң тар­

да үкiмет құрамына өзгерiс жасады: пре­мьер­министр болып ерекше қа бiлетi бай қалмаған, бірақ қызметке тия нақ ты Б. Штюрмер тағайындалды. Бұл қо ғам да абыржушылық тудырды. Граф И.М.Толстой сол күндерде: «Бұл православие сеніміндегі неміс баяғыдан белгілі болатын: ...қатал адам, ақылы, әкімшілік тәжірибесі бар және сыпайы адам. Бірақ дәл бүгінгі күні немісті премьер қылып тағайындау Ресейде және әскер арасында қандай әсер туғызады де­ген сұрақ пайда болады. Содан кейін оның православтық екенін және неміс тілінен гөрі орыс тілінде әлдеқайда жақсы сөйлейтінін дәлелдеп көр», – деп жазады. Ал Сыртқы істер ми нис трлігінің экономикалық де пар­та мен ті нің жетекшісі князь Л.В.У ру сов тың күн де лігіне: «Штюрмер ту ралы ешбір жер­де еш кімнен жақсы сөз ес тіл мей тұр – бү­кіл жұрт оны неге та ғай ындағанын түсіне ал ма й ды және оны өте төмен бағалайды... Петро градтың тоғышарлары Ресейді неміс бас қаратын болды деп ашуланып жатыр, алайда бұл түсінбеушілік. Ресейдің Штю р ­ мерде, ал Штюрмердің Ресейде не ақы­сы бар?». Үкiметке жақын топтар бұл ше­шiмдi патша Григорий Распутиннiң ық­палымен қабылдады деген ойда болды (құжаттық деректер бұл мәселедегі им пе­ратордың шешіміне патша­ханымның ық­палы болғандығын көрсетеді).

1916 жылы 1 қарашада кадеттердiң жет ек шiсi П.Милюков Думаның мә жiл i­сiн де үкiмет елдi қиыншылықтан шы ға­руға ешқандай әрекет жасамай отырғанын ай та келiп, «бұл не – ақымақтық па әлде сат қындық па?» деген сұрақ қойды. Штюр­мер патшаға үнемі Мемлекеттік Ду маны жа ман даумен болды. Бұл үкімет пен Мем­ле кеттік Дума арасындағы қа ты нас тар­ды қатты шиеленістіріп жіберді. Ақы ры пат ша 11 қарашада Штюрмердi орнынан ал ды. Жалпы, соғыстың үш жылында Ре­сейде төрт премьер­министр ауысты. Бұл өкiметтiң дағдарысқа ұшырауының кө рi­нiсi болды. Патшаның революцияның қар­саңында жүргізген саясаты Романовтар әу­летінің Еуропадағы билеуші әулеттердің «ағартушылық абсолютизмі» деген атауға ие болған тәжірибесінен сабақ алма ған ды­ғын көрсетті. Ресей монархиясы ел дің қо­ғамдық өміріндегі өзгерістеріне бей ім де луге ұмтылған жоқ, абсолюттік м о на р хияның кү­ні өтіп бара жатқанын түсіне ал мады.

Оппозиция монархиялық тәртiптi жою, елдi демократияландыру мақсатымен мем ле­кеттiк төңкерiс жасауға дайындалды. Әйт се де төңкерiс төменнен басталып кеттi. Оң шыл топтар мен ұйымдар соғыста жеңiп шы ғуды және сол жеңiстi қамтамасыз ете тiн патша өкiметiн қолдауды ұран қы лып көтердi. Либералдық бағыттағы пар тиялар (октя­бристер мен кадеттер) со ғыс жағ дайында Ре сейдiң жеңiске же туiне ке дергi келтiрмеу үшiн уақытша мо нар хия лық тәртiпке қарсы күрестi тоқтата тұру қажет деп тапты. Әйтсе де майдандағы орыс әс кер лерiнiң жағдайы нашарлаған кезде кадет партиясының iшiнде әртүрлi пiкiрлер ту ды. Солшыл кадеттер пат­ша билiгiне қа тысты қатаң саясатқа көшудi талап еттi.

«Айналам толған сатқындық...»

23 ақпанда (8 наурызда) Выборгта жұ­мыс шы әйелдер Халықаралық әйелдер кү­нiн атап өтуге арналған жиындарында бү­кiл қала жұмысшыларын қымбатшылық пен жоқшылыққа қарсы наразылық ереу iл дерiн жасауға шақырды. Сол күнi Петроградтың көптеген кәсiпорындарында ереуілдер басталды. 27 ақпанда (12 нау­рызда) социалистердің ұсынысы бойын­ша Петроград жұмысшы және жауынгер депутаттарының Кеңесі құрылды. Ат қа­рушы комитеттің төрағасы болып мень ше­вик Н.С.Чхеидзені тағайындады, ал оның орын басары эсер А.Ф.Керенский бол ды. Осы күні Мемлекеттік Думаның мү шелері Уақытша комитет құрып, оны М.В.Родзянко басқарды (1911­1917 жж. Мем лекеттік Думаның төрағасы).

25 ақпанда (10 наурызда) Могилевтағы әс кери орталықтағы патша Николай ІІ ас танадағы жағдай туралы хабар алып, Петроградқа қарай жолға шықты. Жолдағы әртүрлі кедергілерден өтіп, патша 1(14) нау рызда Псковтағы Солтүстік майданның

штабына келіп жетті. Патша Мемлекеттік Думаның төрағасы М.В.Родзянкомен телефон арқылы сөйлесіп, егер Дума Петроградтағы жағдайды реттей алатын болса, өз тарапынан барлық талаптарға келісетінін айтты. Родзянко жағдайды рет­теу мүмкіндігі мүлде жоқ екендігін ескертті. Өйткені, 28 ақпанда (13 наурызда) үкiмет қызметтен кетіп, министрлердiң бiрқатары тұтқындалған болатын. 1(14) наурыздың кешiнде князь Г.Е.Львов бастаған Уақытша үкiмет құрылды.

Николай II патшаға тақтан бас тарту туралы ұсыныс жасалды. Патша май дан­дар дың қолбасшыларымен, өзіне жақын адамдармен ақылдасты, олар тақтан бас тартудан басқа жол жоқ дегенді айтты. 2 (15) наурызда iнiсi Михаилдың пайдасы­на тақтан бас тартты. Сол күні Николай ІІ өзінің күнделігіне мындай өкінішті сөздер жазды: «Менің тақтан бас тартуым қажет екен. Ресейді құтқарып қалу үшін және әскерді майданда тыныш ұстап тұру үшін мен осы шешімге бел байлауым қажет. Мен келістім. Ставкадан Манифестің мәтінін жіберді. Кешке қарай Петроградтан Гучков пен Шульгин келді, мен олармен сөйлесіп, Манифестің өзгертілген және қолым қойылған нұсқасын бердім. Түнгі сағат бірде Псковтан шіміркенген ауыр сезіммен аттанып кеттім. Айналам толған сатқындық, қорқақтық және алдау­арбау!». Келесi күнi Михаил таққа отырудан бас тар­тып, бүкiл билiктi Уақытша үкiметке бердi. Осылайша Ресейде монархия iс жүзiнде жой­ылды (ресми түрде республика 1917 жылы 1 қыркүйекте жарияланды).

9 (22) наурызда Америка Құрама Штаттары мен Ұлыбритания, 11(24) нау­рызда Франция мен Италия Ресейдің жаңа үкіметін ресми түрде мойындады. Осы күндерде АҚШ әскери­теңіз флотының хатшысы И.Даниелс өзінің күнделігіне пре­зидент Вудро Вильсон орыс революциясын «жасампаз әрекет» деп атағаны туралы жазған еді.

«Құдай қаласа,бәрі реттеледі!»

Ақпан революциясының алғашқы күндерінде князь Г.Е.Львов осы сөзді жиі айтатын еді. Бұл сөз еңбекқор, білімді, зиялы, адал, халықтың қуатына сенген адамның сөзі болатын. Николай ІІ патшаға дағдарыстан шығу үшін бұрынғы үкіметті таратып, жаңа үкімет құруды ұсынғандардың барлығы да жаңа үкімет басшысы қызметіне князь Г.Е.Львовты атаған еді. Тақтан бас тарту туралы мәлімдеме жасамай тұрып, патша бұрынғы үкіметті тарату және Г.Е.Львовты жаңа үкіметтің басшысы етіп тағайындау ту­ралы жарлыққа қол қойған болатын. Алайда, бұл кезде бұрынғы үкімет биліктен айыры­лып қалған еді, сондықтан либералдар патша­дан басқа құжат – тақтан бас тартуы туралы мәлімдемені талап етті. Бірақ Мемлекеттік Думаның мүшелері үшін патшаның аталған жарлығы айрықша маңызды болды, ол биліктің патша тағайындаған үкіметтің қолынан Дума құр ған үкіметтің қолына заңды түрде өтке нінің айғағы сияқты еді.

Князь Львов басқарған Уақытша үкімет елді Құрылтай жиналысы шақырылғанға дейін басқаруға тиісті болды. Елді басқару түрі мен конституция жасау сияқты түбiрлi мәселелердi Құрылтай жиналысы шешуге тиiстi едi. Уақытша үкiмет 3 наурызда өзiнiң бiрiншi кезекте iске асы рат ын ша ра лары туралы мәлiмдеме жа ри ялады. Бұл құжатта саяси және дiни көз қарасы бой ынша тұтқын болғандарды бо сату, сөз, баспасөз, одақтар, жиналыс және ере у ілдер бостандығын беру, сос ло вие лік, діни сенімдік және ұлттық шект еу ліліктерді жою, Құрылтай жиналы­сын жал пыға бір дей, тең, құпия және ті­келей дау ыс беру не гізінде шақыруға де реу дайын дық жасау, жергiлiктi өзiн­өзi бас қа­ру органдары на сайлау жүргiзу, тағы бас қа мiндеттер бел гiлендi.

Уақытша үкімет 19 наурызда аграрлық мәселе туралы қаулы шығарды. Қаулыда жер мәселесін оны біреулерден тартып алу арқылы шешуге болмайды, «зорлық пен тонау – экономикалық қатынастар са­ласындағы нағыз жаман да қауіп ті әдіс», жер мәселесі заңды жолмен ше ші луге тиіс­ті деген мәлімдеме болды. 21 сәу ір де жер комитеттері құрылды, олар ба р лық по­мещиктердің, шіркеулердің және импе ра­тордың жер иеліктерін есепке алуға тиісті болды, есепке алынған жерлер болашақта халық иелігіне берілуге тиісті еді.

Соғыс мәселесі Уақытша үкіметтің

алдындағы кезек күттірмейтін мәселе қойды. Уақытша үкімет халықаралық қатынастардың сол кездегі қалыптасқан дәстүрлі қағидаларын сақтауға тырысты, соғыстан шығу және сепараттық бітім жасау деген ой мүлде болған жоқ, үкімет Англия­мен және Франциямен одақты күшейту қажет деп тапты.

Уақытша үкімет қоғамды демократия­ландыру бағытында бірқатар қадамдар жа­сады. Барлық саяси тұтқындар босатылды, цензура жойылды, сөз, баспасөз, жиналыс, одақтар құру бостандығы жарияланды. 3(16) наурызда әділет министрі А.Ф.Керенский Петроградтың бітімшілік соттарына халық­тың әртүрлі топтары арасындағы қақ ты­ғыс тық мәселелерді шешетін уақытша сот­тар құруға қатысу туралы ұсыныс жаса ды. 12(25) наурызда өлім жазасын жою ту ралы қаулы шықты. Бұл сол замандағы адам шы­лық қағидасын енгізген маңызды құжат бол ды. Әскер мен флотта әскери­дала со­тын құру жүйесі жойылды. Мамыр айында жергілікті өзін­өзі басқару мекемелеріне сайлау жүргізу туралы заң шықты. Сайлауға ауданның барлық азаматтары қатыса алатын болды. Үгіт­насихат жұмыстарын жүргізуге еркіндік берілді. Елде 8 сағаттық жұмыс күні енгізілді. Кәсіпкерлік еркіндігі жария­ланды, кооперативтер құруға жол ашылды. Патшалық кезеңнің полициясы таратылып, халықтық милиция құрылды. Қалалық, уездік, аудандық және ауылдық милиция бастықтары мен олардың орынбасарларын жергілікті өзін­өзі басқару мекемелері сай­лайтын болды. Осы шаралардың барлығы Уақытша үкіметтің демократиялық сипа­тын көрсетеді.

6 мамырда Г.Е.Львов басқарған үкімет құрамына Петроград жұмысшы және жа­уынгер депутаттары Кеңесінің өкілдері кіргізілді. Сол күні құрама (коалициялық) үкіметтің бағдарламасы жарияланды. 7 мамырда «Известия» газеті Петроград Кеңесі өз өкілдерінің Уақытша үкімет құрамына енгізілгенін көпшілік дауыспен мақұлдады деп хабарлады. Бұл іс жүзінде елдегі билік қос өкімет жүйесінен заңды бір өкімет жүйесіне өткендігін көрсетеді. Алай да, большевиктерді елдегі негізгі сая­си күштердің осылайша ымыраласуы қана­ғат тандырмады, олар жеке өздерінің билігін аңсады.

Уақытша үкіметтің мүшелері арасында Украинаға автономия беру туралы үкімет мәлімдемесіне байланысты алауыздық туып, 2 шілдеде кадеттер үкімет құрамынан шығып кетті (жеке ұлттарға автономия беру мәселесін Құрылтай жиналысы шешуге тиісті еді). Уақытша үкіметтің Оңтүстік­Шығыс майданда шабуылды өрістетіп, шиеленіскен жағдайды реттеуге бағытталған әрекеті сәтсіздікке ұшырады. Майдандағы сәтсіздіктерді пайдаланып, большевиктер Уақытша үкіметке қарсы үгіт­насихатты күшейтті. Шілде айында большевиктер Петроградта жарты миллион адам қатысқан шеру ұйымдастырды. Шеру кезіндегі қақтығыс Уақытша үкіметтің беделіне үлкен нұқсан келтірді. 7 шілдеде Львов премьер­министр қызметінен кетті де, орнына А.Ф. Керенский тағайындалды. Уақытша үкімет пен большевиктердің арасында ашық күрес басталды.

«Кешігу – өліммен тең!»

Ленин большевиктер партиясының ал­дына қарулы көтеріліске дайындалу міндетін қойды. Л.Б. Каменев, Г.Е. Зиновьев сияқты байсалды большевиктер қарулы көтеріліс бастауға қарсы болып, Құрылтай жина­лысын күтуді, өкімет билігін зорлықсыз, заңды жолмен алуды ұсынды. Алайда, 16 қазанда Орталық Комитет қарулы көтеріліс туралы шешім қабылдады (19 да­уыс қолдады, 2 адам қарсы болды, 4 адам қалыс қалды). Қарулы көтерілісті дайын­дауды Әскери­революциялық комитет іске асыруға тиісті болды. Алайда, 24­25 қазанда Петроградта болған оқиғалар ауқымды қарулы көтеріліс деңгейіне жеткен жоқ еді. Ленин «Ресей азаматтарына» деген құжат дайындады. 25 қазанда таңертең жарияланған бұл құжатта Уақытша үкімет құлатылды, билік Петроград Кеңесі мен Әскери­революциялық комитеттің қолына көшті деп хабарланды. Алайда, Уақытша үкімет әлі құлаған жоқ еді. А.Ф. Керенский 25 қазан күні таңертең Уақытша үкіметке адал әскерді Петроградқа алып келу үшін Солтүстік майданға аттанған болатын. Ленин большевиктердің алдына Уақытша үкімет майданнан көмекке әскер шақырып

үлгермей тұрып, Қысқы сарайды жыл­дам басып алу міндетін қойды, Лениннің «кешігу – өліммен тең!» деген сөзі осы тұрғыдан айтылған еді. Керенский үкіметінің Жұмысшы депутаттары кеңесінің алдында беделінен айырылып қалуына, Кеңестерде большевиктердің ықпалының күшеюіне генерал Корниловтың бүлігі де әсерін тигізді. Екі жақтан – оңшылдардың және большевиктердің – қыспағына ұшыраған Уақытша үкімет жеңіліс тапты.

Кеңестік кезеңде А.Ф. Керенский туралы өте бір жағымсыз пікірлер қалыптастырылды, сондай­ақ «Керенский әйел киімін киіп, Петроградтан қашып кетті» деген аңыз таратылған еді. Кеңестік «Баспасөз жаңа лық­та ры агенттігінің» тілшісі Генрих Боровикпен өткен ғасырдың 60­жылдарында кездескен кезде, Керенский әңгімесін «Мен Қысқы са­райдан әйел киімін киіп қашқан жоқпын!» деген сөзбен бастаған.

Керенский 1917 жылдың мамырында Уақытша үкіметтің құрамына жұмысшы депутаттары кеңесінің өкілдерін енгізу ту­ралы идеяны ашық айтып, демократиялық партиялардың ымыраласуына мұрындық болған­ды. Петроград большевиктердің қолына көшкен кезде Керенский майдандағы әскерге жеткен еді, алайда оған бірінші кез­дескен әскерлер бұрын Корнилов басқарған корпустың 3­ші атты әскер бөлімі болып шықты. Керенскийді қолдауға аз ғана ка­зактар бөлімі келісті де, олар Петроградқа бет алды. 14 қарашада олар Гатчино са­райына орналасқан кезде большевиктердің қарулы тобы келіп, Керенскийді ұстап берсе, казактардың үйлеріне қайтуына рұқсат береміз деп мәлімдеді. Керенский мен көмекшісі большевиктердің қолына түскенше, өлімді артық көріп, дайындала бастаған еді. Алайда, оларды эсерлер пар­тиясында болған жас жауынгер құтқарып алып, алыстағы ауылға жеткізді. Кейіннен 5 қаңтарда Құрылтай жиналысының ашылу­ына кенеттен бармақшы болып ниеттенген Керенскийді партиялас әріптестері тоқтатты, бұл қадам Керенскийдің өмірін сақтап қалды. Одан кейін ағылшын елшілігінен серб офицерінің атына паспорт алып, Керенский Мурманск портынан француз кемесіне отырып, шетелге сапар шекті, содан ұзақ уақыт Лондонда, Берлинде, Парижде тұрды. Францияны немістер басып алғаннан кейін Керенский Америка Құрама Штаттарына кетті. 50­60­жылдарда Керенский Амери­ка тарихшысы Р.П.Браудермен бірлесіп, Гувер институтындағы орыс құжатттарын реттеп, аударып, жинақ шығарды. Стэнфорд университетінде орыс революциясының тарихы бойынша семинар жүргізді. 1965 жылы Керенскийдің естелігі басылып шықты. Керенский туралы Ресейде шыққан жариял анымдарда Уақытша үкіметтің соңғы төрағасы туралы әртүрлі, қайшылықты пікірлер айтылып жатады. Дегенмен де, бұл адам Ресей тарихында өзіндік орны бар қайраткер екені даусыз.

«Орыс пролетариаты тек қана азамат

соғысын тудырады...»25 қазанда кешке қарай Жұмысшы және

жауынгер депутаттары Кеңестерінің ІІ съезі ашылды. Съезде билік, бітім және жер туралы декреттер қабылданды. Онда Ресей соғыстан шығады, демократиялық бітім жасалынады, шаруаларға жер беріледі деп көрсетілді. Үкімет Халық Комиссарларының Кеңесі (ХКК) деп аталды, төрағасы В.И. Ленин болды. Осылайша Құрылтай жиналысының шақырылуына жеткізбей, большевиктер мемлекеттік төңкерістің нәтижесінде билік басына келді (мемлекеттік төңкеріс рево­люция емес). Большевиктер заңды жолмен өкімет билігін ала алмайтын еді, өйткені халық арасында жақтаушылар аса көп пар­тия эсерлер (социалист­революционерлер) партиясы болатын. Құрылтай жиналысының 707 депутатының қатарында 410 эсер, 175 большевик болды.

Құрылтай жиналысы 1918 жылы 5 қаң­тар да ашылды. Я.М. Свердлов «Еңбекші ж ә не езілген халық құқықтарының декла­рациясын» бекітуге ұсынды. Бұл құжатта Ресей жұмысшы, жауынгер және шаруа де­путаттары Кеңестерінің Республикасы деп жарияланған болатын. Құрылтай жиналысы көпшілік дауыспен құжатты қабылдамай қойды. Құрылтай жиналысы Кеңестердің ІІ съезінде қабылданған декреттердің күшін жойды. Өзіне қауіп төнгенін сезген кеңес өкіметі Құрылтай жиналысын тарату тура­лы шешім қабылдады. Осылайша Ресейде

парламенттік демократияға, көппартиялы жүйеге өтудің бір мүмкіндігі жойылды.

Меньшевиктердің солшыл тобының жетекшісі Л. Мартов Кеңестердің съезінде сөйлеген сөзінде большевиктердің өкімет билігін зорлықпен тартып алуы демо­кра тиялық күштер арасында алауыздық туғызды, бұл азамат соғысына апаруы мүмкін деп мәлімдеген­ді. Г.В.Плеханов та өзінің Петроград жұмысшыларына 1917 жылдың 27 қазанында жазған хатында тап осындай ескерту жасады: «Сіздердің көпшілігіңіз А.Ф. Керенскийдің құрама үкіметін құлатқан және саяси билікті Жұмысшылар мен әскерлер депутаттарының Петроград Кеңесінің қолына алып берген оқиғаларға қуанышты екеніңізге күмән жоқ. Сіздерге ашық айтайын: мен бұл оқиғаларға қынжыламын. Жұмысшы табының сал­танат құруын қаламағандықтан емес, қайта соны бүкіл жаныммен тілегендіктен қынжыламын. ...Орыс пролетариаты өкімет билігін кезексіз алып, әлеуметтік револю­ция жасай алмайды, ол тек қана азамат соғысын тудырады, ал бұның өзі оны осы жылдың ақпанында және наурызында қол жеткізген жетістіктерінен де тым артқа қарай шегіндірген болар еді....». Бұл жорамал кейіннен расқа шықты, елде азамат соғысы басталды және онда жеңіп шыққан больше­виктер Ресейді тоталитарлық мемлекетке ай­налдырды. Уақытша үкіметтің кезінде Ресей республикасының демократиялық рефор­малары мүлде жойылды. Адам құқықтары мен бостандықтары тек қағаз жүзінде қалды.

«Зұлымдықты тек қана махаббат жеңеді...»

Е.Г.Львов Уақытша үкіметтің басшы­сы ретінде патшаның болашақ тағдырын шешуге тиісті болды. Николай ІІ генерал М.В.Алексеев арқылы патша отбасының Мурманск портына жақын жерге баруы­на рұқсат беруді өтінді, өйткені бұл порт­та ағылшын әскери кемелері тұрған еді. Патшаның саяси пана ретінде Англияны таңдауы кездейсоқ емес­ті. Англия Ресейдің соғыстағы одақтасы болуымен қатар Георг V король Николай ІІ патшаның туған бөлесі болатын (замандастарының айту­ынша, болашақ монархтардың бір­біріне қатты ұқсайтындығы сондай, осы екі ба­ланы кейбіреулер шатастырып та алатын). 6 (19) наурызда Львов келісімін беріп, генерал Алексеевке жеделхат жіберді. Алайда, Петроград жұмысшы және жау­ынгер депутаттары кеңесінің төңірегіне біріккен саяси күштер бұл мақсатты іске асыруға жол бермей, патшаны тұтқындауды талап етті де, Уақытша үкімет патша мен патша­ханымды тұтқынға алу тура­лы шешім қабылдауға мәжбүр болды. Дегенмен де Уақытша үкіметтің Сыртқы істер министрі П.Н.Милюков Ресейдегі ағылшын елшісі Дж.Бьюкененге орыс патшасына Англиядан саяси пана беру ту­ралы өтініш жасады. Милюковтың ресми өтінішіне Ұлыбританияның Сыртқы істер министрлігі орыс патшасының отбасы үшін қолайлы тұрақ Дания немесе Швейцария бо­латын шығар деген жорамал айтты. Десе де, 22 наурызда патша отбасы Ұлыбританиядан пана табатыны туралы келісімге қол жетті, бірақ Дж.Бьюкенен патша отбасы дұрыс өмір сүруі үшін Ресей үкіметі жеткілікті түрде қаржымен қамтамасыз ету туралы мәселені шешеді деп үміттенетіндіктерін айтты. Алайда, Ресей үкіметі тарапынан қаржы мәселесі туралы шешім берілген жоқ, ал ағылшындар жағы бұл мәселені жыл дамдату туралы бастама көтеруге асық пады (осы мәселеге байланысты ко­роль сарайы мен британ үкіметі арасында орыс патшасының отбасын құтқарып ал­ма ғандары үшін бірін­бірі айыптау орын алды). Кейіннен британ құпия қызметі патшаның отбасын құтқару әрекетін жоспар­лады, бірақ большевиктердің күшейіп кетуі және майдандағы жағдайларға байланысты бұл жоспар іске аспай қалды. Дегенмен де ешкім большевиктердің патша мен оның отбасының тағдырын аяусыздықпен шешетінін күткен жоқ.

Патша отбасы әуелі бес ай шама­сында үй тұтқынында болды, тамызда оларды Тобольск қаласына алып келді. Большевиктер өкімет басына келгенге дейін патшаның отбасына қатты қауіп төнген жоқ еді. 1918 жылдың сәуір­мамыр айла­рында патшаның отбасын Екатеринбург қаласына әкеліп, Ипатьев үйіне орналас­тырды. Николай ІІ отбасының бұл жердегі өмірі аса ауыр болды. Олар өз өміріне қауіп төніп тұрғанын айқын түсінді. Патшаның үлкен қызы Ольга өзінің хатында: «Әкем... ол үшін кек сақтамауды өтінеді, өйткені ол барлығын кешірді және олар үшін құдайға құлшылық қылды, және қазіргі әлемдегі зұлымдық бұдан да күшейе түсетінін, алай­да зұлымдықты зұлымдық жеңбейтінін, оны тек махаббат қана жеңетінін есте сақтауды өтінеді», – деп жазған.

Шілденің 16­сынан 17­сіне қараған түнде Ипатьев үйінің төменгі қабатында большевиктер Николай ІІ патшаны, патша­ханым Александраны, олардың балалары Ольга, Татьяна, Мария, Анастасья және Алексейді азаппен өлтірді. Олармен соңғы демі біткенше бірге болған дәрігер Е.Боткин, қызметшілер А.Трамп пен А.Демидова, аспаз И.Харитонов та қаза тапты.

Егер тарихқа көз жіберсек, XVII­XVIII ғасырлардағы алғашқы революцияларда ғана патшаны өлім жазасына кесу орын алғанын көреміз. Ал ХІХ­ХХ ғасырлардағы революцияларда монархтар тақтан түскен соң, шетелдерге кетуіне бөгет жасалмайтын. Патша ханым Александраның туған бөлесі кайзер Вильгельм ІІ Гогенцоллерн 1918 жылы тақтан түскен соң, Голландияға кетіп, 82 жасқа дейін өмір сүрді. 1919 жылы Париж конференциясы кайзерді соғыс қылмыстысы ретінде жауапқа тартпақ болған кезде, Голландия королевасы Вильгельмина оны беруден бас тартты. ХХ ғасырда, әлемде гуманизм, құқықтық мемлекет, еркіндік пен бостандық идеялары жеңіп жатқан кезде, Ресей патшасының өзін ғана емес, бейкүнә балаларын да азаптап өлтіру қажет пе еді?

Гүлжаухар КӨКЕБаЕва, тарих ғылымдарының докторы,

профессор

Уақытша үкімет және большевизм

Page 7: Жас буын және кәсіпкерлік менталитет · 2017-09-29 · Жас буын және кәсіпкерлік менталитет Кездесу барысында

7 наурыз 2017 жыл 7қаржы

Ұлттық Банк хаБарлайды, түсініктеме Береді, түсіндіреді

– Виталий Алексеевич, Қазақстан Үкіметі 2017-2019 жылдарға арналған нақ ты-ланған бюджеттегі макро эко-номикалық көрсет кіштер бол-жамын ұлғайту жағына қарай түзетті. Мұны жағымсыз сце-нарийлерден жағымды сцена-рийлерге өтуіміз деп санауға бола ма?

– Ақша-кредит саясатын әзірлеу және макроэкономикалық айнымалылардың болжамда-рын жасау кезінде Ұлттық Банк экономиканың мұнай баға-сының түрлі болған жағдай-дағы даму сценарийлерін еске-реді. Расында да, Қазақстан Респуб ликасының 2017-2021 жыл дарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының бол-жамы және 2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюд-жет шеңберінде сценарийлік нұсқалар мұнай бағасының неғұрлым жоғары болуы жағына қарай ұлғайтылған болатын және ол бір баррель үшін 45–50–55 АҚШ долларын құрайды, ал алдыңғы болжамдар бол-са, бір баррель үшін 30–35–40 АҚШ доллары сценарийлері бойынша есептелген болатын. Тиісінше, алдыңғы болжам-дармен салыстырғанда, эконо-мика өсіп қана қоймай, басқа барлық макроэкономикалық көрсеткіштер іс жүзінде өзгереді деп күтіледі. Сценарийлік нұс-қалардың өзгеруі объективті, пайдаланылатын алғышарттар ағымдағы жай-күйді де, бола-шаққа берілген бағаны да көрсетуге тиіс. Оны өзге макро-эконо микалық жағдайларда бас-тапқы әзірленген сценарийлерге сүйенетіндей өте жағымды, не пессимистік деп пайымдауға болмайды. Ұлттық Банк бірқатар негізгі макроэкономикалық көр-сеткіштер бойынша меншікті бол-жамдарын, негізінен, қолай лырақ жа ғына қарай қайта қарады. Ал ин фляция бойынша нысаналы бағдар лар бұрынғысынша қалды: 2017 жылы – 6-8%, 2018 жылы – 5-7%, 2020 жылға қарай оны 4%-ға дейін баяулаумен 2019 жылы – 4-6%.

– 2017 жылы инфляция деңгейіне негізінен қандай фактор лар әсер ететін бола-ды? Инфляция деңгейі бол-жамды 6-8%-дық дәліз дең-гейінен шығып кететін сырт-қы күйзелістердің туындауы мүмкін бе?

– 2017 жылғы қаңтардың қорытындысы бойынша, Қазақ-стан Республикасында инфля-ция Ұлттық Банк бұған дейін болжағандай, нысаналы дәліз шегіне кіріп, жылдық көрсеткіш бойынша 7,9% болды. Қаңтарда инфляция құрылымында азық-түлік тауарлары бағасының жылдық өсу қарқынының 9%-ға дейін, азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының 9,2%-ға дейін, ақылы қызметтердің 5,3%-ға дейін төмендеуі жалғасты.

Ағымдағы жылы инфля-ция қарқынын айқындайтын негізгі факторлар қатарына ішкі

тұ тынуды қалпына келтіру мен оның өсуі, мемлекеттің бюд-жет саясаты, кірістер серпіні және тұтынушылық белсенділік, сондай-ақ, халықтың инфля-циялық күтуі жатады. Ұлттық Банктің бағалауынша, айтар-лықтай сыртқы және ішкі күй-зелістер болмаған және тау-ар мен валюта нарықтарында ағымдағы жағдайлар сақталған жағдайда жылдық инфляция деңгейі бүкіл 2017 жыл бойы орнықты түрде 6-8%-дық ны-саналы дәліз шегінде болады. Ағымдағы жылдың соңында инфляция бойынша күтулеріміз мұнай бағасы бір баррель үшін 50 доллар болатын сценарий жағдайында 6,5-7,0% және мұнай бағасы бір баррель үшін 40 доллар болатын сценарий жағдайында 7,5-8,0% деңгейінде қалыптасады. Мұнай бағасының күрт төмендеуі инфляцияның нысаналы дәлізден шығуы үшін айтарлықтай тәуекел болып та-былады, алайда ОПЕК-ке кіретін елдердің де, оның мүшесі бо-лып табылмайтын елдердің де мұнай өндіру көлемін қысқарту туралы шешіміне байланысты ахуал айтарлықтай өзгереді деп күтілмейді. Тұтастай алғанда, халықаралық ұйымдар да мұнай бағасы 2017 жылы алдыңғы жылғы деңгейден төмен болмай-ды деп болжап отыр.

Төмен инфляция кез келген ел экономикасының үдемелі дамуы үшін негізгі жағдай бо-лып табылады. Төмен инфля-ция ұлттық валютадағы актив-терді құнсыздандырмайды және экономикалық шешімдер қабылдау кезінде, мысалы, биз-нес-жоспарлау кезінде немесе жинақ ақшаны қалыптастыру кезінде неғұрлым сенімді болуға мүмкіндік береді. Іс жүзінде, инфляцияның төмендеуі және, ең маңыздысы, оның Қазақстан жағдайында тұрақтануы айтар-лықтай күрделі міндет болып табылады. Бұл ретте инфля-цияны қысқа мерзімде күрт шектеу жөнінде қатаң шара-лар қабылдаудың ұзақ мерзімді жағымсыз салдарларға соқты ра отырып, экономикаға жағым-сыз әсер ететінін түсіну қажет. Сондықтан да инфляция біртін-деп төмендеуі қажет, оның жы-лына 3-4%-ға дейін баяулауы Ұлттық Банктің, Үкіметтің және жергілікті атқарушы органдар-дың бірлескен және үйлестірілген күш-жігерімен ғана қамтамасыз етілуі мүмкін.

– Қазақстан инфляцияның қандай үлесін сырттан импорт-тап отыр?

– Тұтыну бағалары индексінің құрылымына кіретін тауарлардың түрлі санатында импорт үлесі әртүрлі. Мәселен, азық-түлік та-уарлары нарығында Қазақстанда шығарылатын тауарлардың (ет, сүт, нан-тоқаш, ұн өнімдері) үлес салмағы айтарлықтай. Азық-түлікке жатпайтын тауар лар нарығы, көбіне, басқа елдер ден әкелумен қамтамасыз етіледі. Мәсе лен, 2015 жылы импорт тың

азық-түлік тауарларын тұты-нудағы үлесі 21,6%-ды, азық-түлікке жатпайтын тауарлар-ды тұтынудағы үлесі 64,4%-ды құрады, тауарлардың жекелеген санаттары бойынша 100%-ға дейін жетуі мүмкін.

Көбіне отандық тауарлардың бағасы ішкі факторлардың әсері мен, импортталатын тауар-лар бағасының серпіні тең-генің айырбастау бағамының ауытқуы есебінен қалыптасты. Импортталатын инфляцияның тұтынушылық бағалар индексіне қосқан үлесі келісімшарттық бағалардың төмендеуі, қым-бат тұтынушылық және инвес-тициялық тауарларды арзанырақ ұқсас тауарларға ауыстыру, сондай-ақ, азық-түлікке жатпай-тын тауарларға деген сұраныстың төмендеуі есебінен мардымсыз – 0,5 пайыздық тармақтан кем.

– Халықтың инфляциялық күтулеріне қатысты Ұлттық Банк жүргізетін зерттеулер жайында айтып берсеңіз. Соң-ғы сауалдама нәтижелері нені көрсетіп отыр?

– Қазақстанда 2016 жылғы қаңтардан бері инфляциялық күтулерді өлшеуге бағытталған сауал дама жүргізіледі. Оның нә тижелері талданады, сан дық мәні шығарылады және макро-экономикалық көрсеткіштер бол жамын әзірлеу кезінде еске-ріледі. Инфляциялық таргеттеу режімі шеңберінде халықтың инфляциялық күтулерін баға-лаудың маңыздылығы дұрыс коммуникациялық саясатты құру, болжамдарды нақтырақ жасау және ақша-кредит саяса-ты бойын ша дұрыс шешімдер қабылдау үшін Ұлттық Банктің халықтың инфляцияны қабыл-дауы жайында ақпарат алуын-да болып табылады. Халықпен сауалдама ай сайын жүргізіледі және алынған ақпарат айдан айға өзгеруі мүмкін, бірақ халық қалып тасқан ахуалды нақтырақ бағалай бастады. Халықпен қаң-тарда жүргізілген соңғы сауал-дама нәтижелері халық қабыл-дайтын жылдық инфляция деңгейінің төмендегенін көрсетіп отыр. Халықтың инфляциялық күтулері де төмендеуде және алынған сандық бағаға сәйкес нақты инфляция деңгейінен төмен деңгейде белгіленді.

– Елдің осы жылға арналған экономикалық өсу перспекти-валарын Ұлттық Банктің қа-зіргі кездегі бағалауы қандай?

– ІЖӨ бойынша болжамдарды

әзірлеу кезінде Ұлттық Банк экономика салалары дамуының жедел және есептік ресми дерек-терін және сол сияқты халық пен бизнес субъектілеріне жүр-гі зілген өз сауалдамалар нә ти-желерін пайдаланады. Соны-мен қатар, болжамдарда сыртқы сектордың дамуы бо йынша күтулер және Үкімет қабыл-даған экономиканы ынталанды-ру жөніндегі дағдарысқа қарсы қосымша шаралар пайдала-нылады. Осы факторлардың бірлесіп ықпал етуі аясында Ұлттық Банктің бағалауы бойын-ша, Қазақстанда ІЖӨ-нің 2017 жылғы өсуі мұнайдың әлемдік бағасы бір баррель үшін 40 дол-лар болған кезде 1,5-2%-ды және мұнайдың бағасы бір баррель үшін 50 доллар болған кезде 2-2,2%-ды құрайды.

Нақты экспорттың өсуі ІЖӨ қарқынына оң үлес қосады, бұл энергия ресурстары бағаларының жаңа, неғұрлым жоғары де ң-гейде тұрақтануына, сыртқы сұраныстың қалпына келуіне және мұнай өндіру, оның ішінде Қашаған кен орнында өндірудің өсуімен байланысты. Халықтың және кәсіпорындардың жаңа талаптарға бейімделуіне, ва-люта нарығындағы ахуал-дың тұрақтануына және бол-жамдалуының артуына, инф-ляция мен инфляциялық кү-тулердің, сондай-ақ, долларлану деңгейінің төмендеуіне байла-нысты ішкі тұтынудың қалыпты түрде қалпына келуі күтіледі. Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруды жалғастыру ин-вес тициялардың өсуіне және экономиканың мұнайға жат-пайтын – ауыл шаруашылығы, өңдеуші өнеркәсіп, құрылыс сияқты салаларының дамуына себепші болады. Ұлттық Банктің Қазақстан экономикасының өсуі бойынша болжамдары нақ-тылануы мүмкін, бірақ ағым дағы макроэкономикалық ахуалдың сақталуы және күй зелістердің болмауы жағдайында болжам-дарда түбегейлі өзгеріс тер күтілмейді.

– Осы жылы Қазақстанда болған ХВҚ миссиясы сапа-рының нәтижелері бойынша қорытынды мәлімдемесінде Ұлттық Банктің ақша-кре-дит саясатын жүргізудегі жетістіктерін атап өтті, алай-да рет теушінің алдында кейбір «сын-қатерлердің» қалып отыр ғанын атап өтті. Сіздің ойы ңызша, әңгіме қандай

сын-қатер лер туралы болып отыр?

– Жалпы алғанда, ХВҚ сарап-шылары Ұлттық Банк жүргізіп отырған ақша-кредит саясаты-на оның тиімділігін атап өте оты рып, оң баға берді. Олар сондай-ақ, инфляциялық тар-геттеу қағидаттарын негізге алу ды және баға тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі негізгі мақсатты ұстануды жал-ғастырудың маңызды екенін атап өтті. Сонымен бірге, олар бірқатар сын-қатерлерді атап өтті, мысалы, банк секторындағы артық қысқа мерзімді өтімділік, кірістілік қисығын құру бойынша жұмысты жалғастыру, өзгермелі айырбастау бағамы режімін негізге алу, Ұлттық Банктің тал-дамалық әлеуетін одан әрі дамы-ту қажеттілігі, қабылданатын ша-ралар мен қаржы нарығындағы ахуалды белсенді түрде ақ па-раттық жария ету. Осы міндет-тер сондай-ақ, біздің 2016 жыл-дың соңында қабылданып, жарияланған «Ақша-кредит саясатының 2017 жылға ар нал-ған негізгі бағыттары» атты құжатымызда бірінші кезек-тегілер ретінде қаралады. Банк секторын қалыпқа келтіру маңызды міндеттердің бірі бо-лып отыр. Соңғы жылдардағы күрделі макроэкономикалық ахуал банк секторына әсер етпей қалмады. Қорландыру қыс қарған және оның құны ұлғайған, тұтынушылық сұраныс төмендеген және рентабельді жобалардың тапшылығы болған жағдайда банктік бизнестің экономиканың нақты секто-рын кредиттеу процесіндегі тиімділігі аз болды. Сондай-ақ, банк секторының жүйелік проблемалары да бар, оларды шешпей банктердің экономи-каны толыққанды кредит теуді қамтамасыз етуі мүм кін емес. Осыған байланыс ты елдің қаржы секторын «қайта жаңғырту» қажет. Бұл бағыт ты Мемлекет басшысы Қазақ стан халқына Жолдауында айқындады және біз банк секторын қалыпқа келтіру жөніндегі шаралардың бағыттарындағы, оның ішінде Ұлттық Банктің тиісті ман-датын күшейту, аудиторлар мен бағалаушылардың жауап-кершіліктерін арттыру арқылы тиісті жұмысты бастадық.

– Ұлттық Банктің экономи-каның нақты секторы кәсіп-орындарының арасында оның «жай-күйін» бағалау мақса-тында жүйелі түрде сауалдама жүргізетіні белгілі. Бизнес 2017 жылдан не күтеді?

– 2000 жылдан бастап Ұлт тық Банк тоқсан сайын аумақ тық филиалдар арқылы ел экономикасының нақты секторындағы іскерлік ахуалды зерттеу үшін кәсіпорындардың басшылары арасында сауал-дама жүргізеді. 2017 жылғы қаңтарда 2016 жылғы 4-тоқсан-ның нәтижелері бойынша эко-номиканың нақты секторындағы ахуалды бағалау мақсатында кезекті сауалдама жүргізілді. Оған 2836 кәсіпорын қатысты, оның ішінде 1504 ірі және орта кәсіпорын болды. Мониторинг нәтижелері экономиканың өсудің қалпына келу фазасына өткенін растайды. 2016 жылғы 4-тоқсанда кәсіпорындардың іскерлік және инвестициялық белсенділігі өсті. Бұл инвестицияларды

қар жыландыратын кәсіпорындар үлесінің ұлғаюымен қатар жүрді. Кәсіпорындардың көпшілігінің осы мақсаттар үшін дәстүрлі түрде өз қаражатын пайдалана-тынына қарамастан, банктердің кредиттерінің инвестицияларды қаржыландырудағы үлесінің өсуі де байқалып отыр. Зерттеудің маңызды нәтижелерінің арасы-нан дайын өнімге сұраныстың төмендеуіне байланысты теріс әсер етулердің әлсірегенін атап өтуге болады. Осы әлсіреудің себебі, экономикалық агенттердің жаңа экономикалық жағдайларға бейімделуі болды. Сонымен қатар, экономиканың нақты секторы кәсіпорындарының рен табельділік көрсеткіштері тау-кен өндіру өнеркәсібіндегі түсімділіктің өсуі есебінен жақ-сарды. Рентабельділігі жоғары кәсіпорындардың үлесі іс жүзінде өзгерген жоқ, бірақ сату рентабельділігі орта кә-сіп орындардың үлесі өсті. Кә-сіпорындарға жүргізілген сауал-дама деректеріне сәйкес теңгенің шетел валюталарына қатысты айырбастау бағамы өзгеруінің кәсіпорындардың шаруашылық қызметіне теріс әсер етуінің төмендеу үрдісі жалғасып отыр. Жағдайдың жақсаруының негізгі себебі валюта нарығындағы ахуалдың тұрақтануы және нақты экономика субъектілерінің теңгенің еркін өзгермелі ай-ырбастау бағамының режіміне біртіндеп бейімделуі болып та-былады.

Сондай-ақ, бірқатар макро-экономикалық көрсеткіштер ескеріле отырып, экономиканың нақты секторындағы кәсіп орын-дарға жүргізілген конъюн к-туралық сауалдамалар негізінде Ұлттық Банк үдемелі композиттік индикаторды (ҮКИ) есептейді. Осы индекс бизнес талаптардың өзгеру индикаторы және эко-номиканың ағымдағы жай-күйін, экономикалық бизнес-циклдың ағымдағы фазасын талдау және экономикалық дамудың қысқа мерзімді қарқынын болжаудың пайдалы құралы болып табы-лады. 2016 жылғы 4-тоқ санның қорытындысы бойынша кә сіп-орындарға жүргізілген сауалда-малар нәтижелері бойынша ҮКИ өткен тоқсанмен салыстырғанда 0,2 тармаққа ұлғая отырып, 100,6 тармақты құрады. 100 тармаққа тең мән ұзақ мерзімді үрдіске – ұзақ мерзімді тепе-тең деңгейге сәйкес келеді, одан асып кету үрдістен оң ауытқуды, төмендеуі теріс ауытқуды көрсетеді. ҮКИ мәнінің үш тоқсан қатарынан (2016 жылғы екінші тоқсан – төртінші тоқсан аралығы) ба-рынша ұзақ мерзімді үрдістің өсуі аймағында болғаны, эко-номикалық циклдың өсу фа-засына өтуін көрсетеді және экономикалық белсенділіктің қалпына келтірілгенін және э к о н о м и к а д а ғ ы а х у а л д ы ң жақсарғанын растайды.

Жалпы алғанда, 2017 жылы іскерлік белсенділіктің жақ-саруы, халық пен нарыққа қа-ты сушылардың жаңа эконо -микалық жағдайларға бейім-делуіне байланысты ішкі тұтыну б ірт індеп қалпына келеді деп күтілуде. Экономикалық дамуға оң үлес қосу экономи-каны әртараптандыру мен ын-таландырудың мемлекеттік бағдарламаларын іске асыруды жалғастыруға ықпал етеді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 11 ақпандағы кеңейтілген отырысында Мемлекет басшы-сы проблемалы кредиттерден ары-лу, банктердің кредиттік жұмыс істеу қабілетін қалпына келтіру және оған іс жүзінде мұқтаж қазақстандықтардың ипотекалық кредиттер бойынша бо-рыштарын қайта құрылымдау мәселесін шешу қажеттілігі туралы тапсырма бергенін еске саламыз. Осы тапсырма-ны орындау үшін ипотекалық қарыз алушылардың проблемаларын шешу жөніндегі шаралардың бірі ретінде Ұлттық Банк Үкіметпен бірлесіп ипотекалық және ипотекалық тұрғын үй қарыздарын қайта қаржыландыруға

Ұлттық Банктің қаражатынан 130 миллиард теңге бөлу туралы шешім қабылдаған болатын. Тиісті бағдарлама 2015 жылғы сәуірде бекітілді.

Реттеуші статистикаға талдау жа-сап, ипотекалық қарыз алушылардың өтініштерін зерделеді және осы жұмыс қорытындысы бойынша банктердің 2004-2009 жылдар аралығындағы кезеңде қарыз алған клиенттеріне кө-мек беру керек деп шешті, себебі, про-блемалы ипотекалық қарыздардың жалпы көлемінің айтарлықтай үлесі (82%) дәл осы кезеңге келеді. Сол жыл-дары қаржылық қызметтерді тұтыну-шылардың құқықтарын қорғау жүйесі енді қалыптаса бастағаны, банктердің

қамтамасыз етудің құны сияқты жағдайға мән беріп, қарыз алушылардың төлем қабілетіне жеткілікті түрде талап қоймай, халықты белсенді кредиттегені көпшіліктің есінде. Өкінішке қарай, көп-теген қарыз алушылар өздерінің қа рызға қызмет көрсету жөніндегі қар жылық мүмкіндіктерін дұрыс есептемеді, ал жылжымайтын мүліктің жоғары бағасы содан бері бірнеше есе төмендеді.

Ипотеканы қайта қаржыландыру бағдар ламасын іске асырудың айқын-дылығын қамтамасыз ету мақсатында б а ғ д а р л а м а н ы ә з і р л е у к е з і н д е ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды.Жұмыс тобының құрамына Ұлттық Банктің мамандарымен қатар, мем ле-кеттік органдардың, саяси партия лар дың және түрлі қоғамдық бір лестіктердің өкілдері кірді.

Іс жүзінде мұқтаж қарыз алушы-ларға көмек көрсету үшін қайта қар-жыландырылатын қарыздардың нақты өлшемшарттары айқындалды. Атап

айтқанда, 2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша негізгі борыш бойынша 36,5 млн теңгеден аспайтын қалдығы бар ипотекалық тұрғын үй және ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру тура-лы шешім қабылданды.

Борыштық жүктемені жеңілдету мақсатында қарыз алушының жылдық 3%-дан аспайтын сыйақы мөлшерлемесі бойынша негізгі борышы қайта қаржы-ландыруға жатады, бұл ретте сыйақы, ко-миссиялар, қарыз бойынша тұрақсыздық айыбы бойынша жинақталған берешекті банктер кешіреді.

Бағдарлама меншігінде жалғыз бас-панасы бар қарыз алушыларға арналған.

Қайта қаржыландыру бағдарламасын іске асыру барысында туындаған мәсе ле-лер ді талдау нәтижелері бойынша Ұлт-тық Банк оның талаптарын жетілдірді.

Халықтың әлеуметтік осал топта-рының (ХӘОТ) ішіндегі қарыз алу-шыларға жәрдем беру үшін қарыз алу-шы лардың осы санаты қарыз бойынша

берешекті банктің пайдасына өндіру кезінде сот тағайындаған мемлекеттік баж төлеуден босатылды, ал пробле-малы валюталық қарыздарды қайта қаржыландыруды Ұлттық Банктің 2015 жылғы 18 тамызда белгіленген ресми бағамы (1 АҚШ доллары үшін 188,35 теңге) бойынша жүргізу шешілді.

Қазіргі кезде қарыз алушылар Ұлттық Банктің бастамасымен Бағдарламаның талаптары бойынша қарыздарды қайта қаржыландыру кезінде туындаған са-лық тарды төлеуден босатылды.

2017 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша банктер ипотеканы қайта қаржыландыру үшін 27 099 өтінім берді, оның ішінде 123,8 млрд теңге сомаға 20 473 өтінім мақұлданды.

Ұлттық Банкте бағдарламаны іске асыру үшін бөлінген ақшаны игеру кезеңі 2017 жылғы 1 сәуірде аяқталатынын еске салады. Алайда ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру мүмкіндігі осы мерзімнен кейін де сақталады. Мәселен, тағы да 10 жыл ішінде қарыздар бұрын қаржыландырылған қарыздарды өтеуден түскен ақша есебінен қайта қаржыландырылуы мүмкін.

Өсу кезеңіне өту–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Төмен инфляция кез келген ел экономикасының үдемелі дамуы үшін негізгі талап болып табылады. Сондықтан да Ұлттық Банк инфляцияны 2020 жылға қарай 4%-дан төмен деңгейге дейін төмендетуге бағытталған саясатты жүйелі түрде жүргізбекші, деп хабарлады Қазақстан Ұлттық Банкі Зерттеулер және статистика департаментінің директоры Виталий ТУТУШКИН берген сұхбатында. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде 25 мыңнан аса қарызды қайта қаржыландыру жоспарланып отыр. Ипотекалық кредиттерді қайта құрылымдаудан үміткер қазақстандықтар жылдам шешім қабылдауы керек, себебі, мемлекеттік бағдарлама қаражатын игеру кезеңі 2017 жылғы 1 сәуірде аяқталады. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Бетті дайындаған Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Борыш ауыртпалығы жеңілдеді

Page 8: Жас буын және кәсіпкерлік менталитет · 2017-09-29 · Жас буын және кәсіпкерлік менталитет Кездесу барысында

8 7 наурыз 2017 жыл

құқық

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Заңгерлер тұрғын үй сатылымы кезінде құжаттардың заңды екендігін анық­тап, сатылымдағы үйге қатысты алаяқтық істердің бар­жоғын тексеру қа жет екендігін айтады. Алайда, нақты іске келгенде көпшілік но та ри ус тың кө ме­гі мен тұрғын үйді сату және сатып алу туралы екіжақты өзара ке лі сім шарт жа саумен шектеліп жатады. Тіпті, кепілақы төлемін еш куәгерсіз рә сім деп, ар т ынан опық жеп жататындар да жоқ емес. Сонымен қатар, үйді күр делі жөн деуден өткізгенде кейбір тұрғындар үйдің техникалық жоспарын өз гертіп жі береді. Мұның арты неге әкелуі мүмкін? Үйдің жобасы өзгергеннен кейін оны сату кезінде қандай қиындықтар орын алып жатады? Осы ретте «Тұрғын үй сатылымындағы тараптар құқы» мәселесі жөнінен құ қықтық сауатыңыз болғаны абзал. Осыған байланысты заңгер нотариус Райхан ҚУАНТАЕВАНЫҢ кеңесіне жүгінген едік. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Атырау аймағын Еуроодақ елдеріне шығатын дәліз деп те атауға болады. Алыс­жақын шетелдерден Ресейге ағылатын мигрант­тар Жайықты жағалап өтеді. Былтырдың өзінде мұнайлы өңірге келген шетелдіктердің саны 52 мыңнан асқан. «Оның ішінде 36 мың мигрант «көлеңкеден» шығарылып, 430 млн теңге салық өндірілді», – дейді облыстық ішкі істер департаменті басшысының орынбасары Асан Шалқаров. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

–––––––––––––––––––––––––––––Алк огольды ішімдік ішіп, қоғамдық тәр тіпті бұзғандарға жазаны қа та ң ­ датпай болмайды. Өз мін дет те рі н е сал ғырт қараған ондайларды түр ме ге дей ін отырғызу шаралары қа рас ты­рыл са, құба­құп балар еді.–––––––––––––––––––––––––––––

МаМан кеңесі

ТүйТкіл Мәселенің Мәнісі

Уәж

Түрмеден кейін де тіршілік бар

Аяқ-қолы балғадай, тепсе темір үзетін дені сау адамның өзіне кей жағдайда екі қолға бір күрек табыл-май жатқанда, кезінде қылмыс жа-сап, сотталып, қайта оралған адамды қоғам қалай қабылдамақ? Өйткені, те мір тордың арғы жағындағы тір-шіліктің ережесі мүлде бөлек екені белгілі.

Оған қамалған жан бірнеше жыл-да еркіндіктегі тұрмыстың жан-жақ-ты ерекшелігін ұмытып, бір ғана ба-ғыт тағы қатаң түрме күйін үйреніп және соған дағдылануына тура келеді. Сон дай-ақ, көп нәрседен қол үзуге, ұмы туға мәжбүр болады. Жұмыс іс-теу ебін жоғалтып, адамдармен қа-рым-қатынас жасау мәдениеті тө-мен д ейді. Әрине, қоғамнан еріксіз оқ шауландырылғаннан кейін жағдай жақ сы болмайтындығы белгілі, бірақ кім болса да қылмыс жасады ма, жаза-сын тартуы тиіс.

Түзеу мекемесінің де негізгі міндеті – сотталғанның бостандыққа шыққанда қайтадан қылмыс жасамауы үшін соған сай алдын ала жұмыс істеу. Сонда жыл сайын темір тордың арғы жағынан топ-топ болып шыққан, яғни бостандықтың не екенін ұмытуға таяп қалған жандар-ды қоғам қалай қарсы алмақ? Барар жері қандай болмақ? Түрменің қатқыл тіршілігіне еті әбден үйренген олар алдағы күндеріне үмітпен қарауды жалғастыра ала ма?

Міне, мәселе мәні осында. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай жасалған рақымшылыққа байланыс ты біраз сотталғандар бостандыққа шы-ғып жатыр. Демек, түрмеден кейін де өмір бар екенін ұмытуға бол майды. Олар үшін нағыз өмір енді бастала-ды. Өйткені, түзелді деп есептейміз. Түзелгендер дұрыс өмір сү реді. Ал олардың қайтып қылмыс жа самауы үшін еңбекке араласқаны жөн. Жұмыс істеуі керек.

Үстіміздегі жыл дың қаңтар айын қоса алғанда, елі мі зде еңбекке жарам-ды 18 731 сот тал ған бар екен, олардың 17 403-і ерлер, 1328-і әйелдер. Сол 19 мыңға жуық сотталғанның 12 655-і түзеу ме ке мелерінде жұмысқа тартылған. Бас бостандығынан айырылғандардың кө-бі нің мамандықтары жоқ. Мұндай кем-ш і ліктің орнын толтыру мақсатында түз еу мекемелерінде кәсіптік білім беретін оқу орындарының санын арт-тыру қамтамасыз етілген. Мәселен, соның арқасында 2017 жылы кәсіпке дайындау орталықтары 54-ке жетіп, 2 975 адамды қамтыпты.

Осыған орай бүгінде еңбекке жа-рам ды сотталғандарды жұмысқа ор-на лас тыру жобасы басталып кет ті. Мә се лен, 2018 жылға дейін соттал ған-дар дың кемінде 75 пайызы жұмыспен қам тылуы тиіс. Мұның нақты нәтижесі де көрініп жатыр. Қазірдің өзінде түр-ме дегілерді ақылы жұмысқа орналас-тыру 51-ден 67 пайызға өскен. Тіпті, ко лониялардың ішінде 207 кәсіпкер өн діріс орындарын ашыпты.

Ал түрмеден босатылатын адамдар таңдаған тұрғылықты жерiне немесе жұ мыс орнына дейiн тегiн жол жү ру-мен, сондай-ақ Қазақстан Рес пуб ли ка-сы аумағының шегінде жол жүр ген де азық-түлікпен не ақшамен қам та масыз етi ледi. Мекемеден босатылатын адам-ның маусым бойынша қажетті киі-мі, аяқкиімі және оларды сатып алу-ға қаражаты болмаған жағдайда, ол бюджет қаражаты есебінен киіммен және аяқкиіммен қамтамасыз етіледі. Оларды тамақпен, киiммен, аяқкиiммен қамтамасыз етудi, сондай-ақ жол жү-руі не ақы төлеуді жазаны орындай-тын мекеме жүзеге асырады. Оларға оңал туға жәрдемдесетін мемлекеттік ме ке мелердің байланыс мәліметтері, сон дай-ақ тұрғылықты жері бойынша тіркелу, жұмыспен қамту, денсаулық сақ тау және т.б. органдарына есепке қою тәртібі көрсетіледі.

І және ІІ топтағы мүгедектер, 63 жастан асқан ерлер және 58 жастан асқан әйелдер мүгедектер және қарттар үйлеріне жіберіледі. Әлеуметтік кө-мек ке мұқтаж өзге де адамдар әлеу-мет тік бейімдеу орталықтарына жі бе-ріл еді. Сөйтіп, жалпы өткен жыл дың көр сеткішіне қарасақ, 5 230 (2015 ж. – 3 292) босап шыққан адам жұмыспен қам тылған екен. Жергілікті атқарушы органдармен бірлесе атқарылған іс тің нәтижесінде, яғни түрмеден шық қан -дарды жұмысқа орналастыру ар қа-сында есепте тұрған адамдардың қыл-мыс жасауы 30 пайызға азайыпты.

Енді 201 7 жылдың 6 наурызы-нан бастап бас бос тандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтар-ды жұмысқа орналастыру бойынша «Қақпа алдындағы кездесу» атты жаңа әлеуметтік жоба бастау алды. Бұл жобаның да түпкі мақсаты – түзеу мекемелерінен босатылып жатқан адамдарға әлеуметтік көмек көрсетіп, жұмысқа орналастыру. Осылайша түрмеден кейінгі өмірге де мемлекет толық жағдай жасап отыр. Тек сол мүмкіндікті қолдан шығармау керек-ақ...

Александр ТАСБОЛАТОВ,«Егемен Қазақстан»

– Үй сатып алу үшін құжаттардың заңды екенін қалай тексеруге бола-ды? Яғни, баспананы сатар тұста не-ме се сатып алар кезде қандай құ жат -тар тиянақты әрі толық болуы тиіс?

– Сатып аларда немесе сатар кез-де жылжымайтын мүліктің барлық құжаттары түпнұсқа екенін тексеріп алыңыз, яғни мүліктің құқықтарын білдіретін: сатып алу-сату шарты, сыйға тарту шарты, мұраға құқық тура-лы куәлігі, жеке меншікке беру куәлігі, салынған үйдің заңдастырылған актісі және т.б. құжаттары болуы керек. Осы құжаттарда бірінші – но та риустың неме-се құжатты берген ме кеменің көк бояулы мөрі және сатып алушы мен сатушының, жауапты орындаушының қолы қойылған бо луы керек, екінші – мемлекеттік тір-кеуден өтті деген мөрі немесе мем ле-кет тік тіркеу туралы электрондық ха-бар ламасы болуы міндетті. Сонымен қа тар, мүліктің техникалық жоспары, жер телімінің мемлекеттік актісі бо-луы шарт. Егер сіз сатып алушы бол-са ңыз, үй иесімен нотариусқа, немесе ха лыққа қызмет көрсету орталығына ба рып, құжаттарыңызды көрсетіп, жыл жымайтын мүлікке тіркелген құ-қықтар (ауыртпалықтарды) және оның техникалық сипаттамалары тура лы анықтаманы алып, құжаттардың орта-лық базада дұрыс тіркелгенін тексеріп алғаныңыз жөн.

– Пәтердің қолдан-қолға жиі өтуі орын алып жатса, ал риелторлар оны «инвестициялық» мақсаттағы пәтер деп сатуға ұсынып отырған жағдайда сатып алушы қандай құжаттарға баса назар аударуы керек?

– Жылжымайтын мүліктің қолдан-қолға жиі өтуі орын алып жатса, ол «инвестициялық» мақсаттағы немесе «заң сыз тұстары бар, криминалды» бо луы да мүмкін. Мұндай жағдайда с атып алушы жылжымайтын мүлікті жан-жақты, яғни көршілерінен, КСК арқылы немесе Халыққа қызмет көр-сету орталығы арқылы тексеріп ал-ғаны дұ рыс және жоғарыда айтып кет кендей, жылжымайтын мүліктің құ жаттары түпнұсқа екеніне көз жет-кі зуі қажет.

– Егер сатып алушы құрылыс ком паниясынан үй сатып алғысы кел се, ақшасын бөліп төлейтін бол-са, онда қандай келісімшарт жасала-ды? Үлескерлік келісімшарт жасал-са, қарызын өтеп болғаннан кейін қо сымша шарт жасала ма әлде сол жет кілікті ме?

– Сатып алушы мен құрылыс ком паниясы арасында алғашқы жар-на төленгеннен кейін үлескерлік келісімшарт жасалады. Содан кейін үй салынып бітіп, құжаттар толық тіркеуден өткеннен кейін, егер сатып алушы пәтердің құнын толық төлесе

келесі келісімшарт, яғни меншікке беру келісімшарты жасалады және бұл келісімшартты аудандық әділет бас-қармасына барып тіркеуден өткізу қа-жет болады, сонда ғана сатып алу шы-ның алған жылжымайтын мүлкі толық мен шігіне өтеді.

– Жылжымайтын мүлікті сатып алар кезде ақшаны берудің қауіпсіз тәсілдері қандай? Үйді сатушы банк ар қылы есеп айырғысы келсе, онда ке лісімшарт қай кезде жасалуы тиіс? Ақ ша аударылуға дейін бе, әлде кейін бе? Егер алдымен ақша аударылса, оған куәгер керек пе, ал сатушы қо-лы нан ақша алғандығы туралы рас-та ма қағазы қажет пе?

– Жылжымайтын мүлікті сатып алар кезде, немесе ақшаны беру кезінде қасыңызға жақын туыстарыңызды ертіп алғаныңыз дұрыс. Ақшаны меншік құқығы ауысу шартын жасаған кезде

қолма-қол бергеніңіз жөн. Сондай-ақ, сатып алушы қолынан ақша алғандығы туралы растама қағаз алуыңыз қажет. Сатушы банк арқылы есеп айырғысы келсе, онда келісімшартты жасар алдын-да ортақ бір шешімге келіп алған дұрыс. Егер алдымен ақша аударылса, әрине, куәгердің болғаны жақсы. Мүмкін бол-са, келісімшарт жасағанға дейін банкке өтініш беру арқылы шотқа бұғау салып қойған жөн, және сатушы қолынан ақша алғандығы туралы растама қағаз алу қажет. Егер келісімшартты ақша аударылуға дейін жасаған жағдайда, келісімшартыңызда төлемақы банкте жасалды деп көрсеткеніңіз дұрыс бо-лады.

Арман ОКТЯБРЬ,журналист

АЛМАТЫ

Тұрғын үй сатылымыОндағы тараптар құқы жайлы не білеміз?

Бақытгүл БАБАШ,«Егемен Қазақстан»

Шеттен келгендердің басым бө лігі Түркия, Өзбекстан, Қытай, Үнді стан елдерінің азаматтары. Атап өтерлігі, шекара асып Аты-рау ға жол тартқандардың барлығы бір дей «тәртіпті» емес. Заң бұ за-д ы. Жаңылады. Өткен жылы 5 мың ға жуық мигрант әкімшілік жау ап кершілікке тартылған. Кө-ші-қон заңдарын бұзған 1 051 адам ел аумағынан шығарылып, төрт қылмыстық іс қозғалған. Қол даныстағы заңға немқұрайлы қа рай тын «меймандармен» күрес жұмыстарын жүргізу үшін арнайы шаралар ұйымдастырылады екен. Өткен жылы заң талаптарын сақ-тамағандарға 17 млн теңгенің үс-тін де айыппұл салынған. Сонда да айы лын жиғандар шамалы.

Атырауда трансұлттық заңсыз ұйымдасқан топ анықталыпты. «Олар 2015 жылдың қазаны мен 2016 жылдың наурыз айы ара-лығында Ауғанстан Ислам Рес-пуб ликасының азаматтарын тран -зит пен Қазақстан, әрі қарай Ре-сей дің Мурманск облысындағы «Сол түстік маршрут» деп ата-латын Ресей-Финляндия шека-расы арқылы Ресей, Еуропалық одақ елдеріне жеткізіп отырған. Облыстық ҰҚД анықтағандай, ұйымдасқан топ шетел азаматта-рын арнайы жасақталған жоспар бойынша тасымалдаған және қылмыстық топтың барлық мү-шесінің атқаратын қыз мет тері нақты бөлінген. Шетел аза мат-тарын арнайы тасымалдау үшін оларды Қазақстан-Ре сей ше кара-сы на жеткізетін так си жүр гі зу-ші сін жалдаған. Қыл мыс тық топ бас шысы Р.Ж. және тер геу де анық т алмаған Ресей Фе де ра циясы мен Ауғанстан Ислам Рес пуб-ли касының азаматтары болған. Сот үкімімен төрт сотталушы Қыл мыстық кодекстің 264, 394 – бап тары бойынша кінәлі деп та-нылды. Сотталушы Р.Ж.-ға түзеу колониясының қатаң режімінде 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы, қалған сотталушылар А.Т., К.К., О.М.-ға мүліктерін тәркілей отырып, түзеу колониясының жал пы тәртібінде 8 жылға бас бос тандығынан айыру жазасы та-ғ айын далды. Такси жүргізушісі

қыз метін атқарған тағы бір сы-бай лас А.Б.-ға алдын ала сөз бай-ласу арқылы заңсыз көші-қон-ды ұйымдастырғаны үшін 3 жыл мерзімге бас бостандығынан шек-теу жазасы тағайындалды», – дей ді облыстық соттың баспасөз қызметі.

Мұндай мысалдар қазақы қо-нақ жайлыққа салып, қаперсіз оты руға болмайтынын көрсетеді. Әри не, отандық экономикаға шет елдік еңбек күшін, соның ішін де кәсіби біліктілігі жоғары ма мандарды тарту керек-ақ. Ми-гра циялық саясаттың да көздейтін мақсаты – осы. Шекара асып, шеттен келгендердің көп ші лігі мұнайлы мекендегі ірі жо баларда еңбек етеді. Олардан жер гілікті жұмысшылардың үй рен ері де, үйренгені де көп. Соң ғы жылда-ры шетелдік мамандарды отандық қызметкерлермен ал мастыру ша-ра лары қолға алына бастады. Бұрынғыдай, бірдей жұ мыс іс те-се де, шетелдік бол ға ны үшін жа -лақыны асыра тө леу деректері де азайды. Об лыс тық Ішкі істер де-партаменті көші-қон по лициясы басқармасы бас шы сы ның орынба-сары Болат Дос қа лиевтің айтуын-ша, Каспий маңы ау мағында 3 958 шетел азаматы тұ рақты тіркеуде тұр. Өткен жылы Қазақстанда тұ-ру ға ықтиярхат рә сім деу үшін 490 шет елдік өтініш бер ген.

Бір ескерер жайт – заңсыз ке-летін «қонақтар» арқылы еліміздегі тыныштық пен тұрақтылыққа сы-зат түсіретін қару-жарақ, оқ-дәрі, тыйым салынған әдебиет, басқа да қауіпті заттар шекарадан өтіп ке туі мүмкін. Соны қаперге алған Ұлт тық қауіпсіздік комитетінің ше кара қызметі Атырау шекара от ряды мемлекеттік шекарада заң-ға қарсы әрекеттермен кезіксе, жа-қын маңдағы бөлімшелерге хабар-лау керектігін мұнайлы аймақ тұр ғындарының назарына әркез са лып келеді. Көші-қон заңына ен гізілген жаңалық – азаматтарды тір кеу де осындай қауіптің алдын алу мақсатын көздеуден туын-дағанын түсінуіміз керек.

«Жаман үйді қонағы билей ді-нің» кебін кимес үшін көші-қон са ла сындағы жұмыстарға әлі де жіті назар аударылуы керек-ақ.

АТЫРАУ

Азамат ҚАСЫМ,«Егемен Қазақстан»

– Өскемен қалалық жол-патрульдік полициясы батальонында қазір кадр тап-шы лығы қатты сезіліп отыр. Батальон құ -рамында бүгінде 341 қызметкер бар. Әр ротада елу шақты полиция жол, көше қау іп-сіздігін қамтамасыз етіп келеді. Дәл бүгінгі күні бізге 47 полиция қызметкері керек, осыншама полицияның, яғни бүтіндей бір ротаның орны бос тұр, – деді Өскемен қа-лалық ІІБ жергілікті полиция қызметінің бас шысы Александр Соколовский жақында Қо ғамдық кеңес мүшелерінің қатысуымен өт кен жиында.

Жергілікті полиция қызметі басшы-сы ның айтуынша, мамандардың тап шы-лығына басты себеп – олардың алатын ең бекақыларының мардымсыздығы. Мәсе-лен, қатардағы батальон полицияларының жалақысы бар-жоғы 60 мың теңге көрінеді. Алек сандр Соколовский бұл қызметте н егізінен аудандар мен ауылдардан келген жас тар еңбек ететінін, алайда, олардың бас-пана мәселесі шешімін таппай отырғанын, үй жалдауға тапқан жалақыларының жет-пей тінін көлденең тартты.

– Міне, қазір 30-40 адамның жұмыстан кетуге орай жазып берген өтініші алдым-да жатыр. Оның бәрін қоя берсек, мүл де мамансыз қаламыз. Пәтер жалдау ақы сын төлеуге жеңілдіктер беру жағы қарас ты-рыл май келеді. Қызметке тұру үшін жас жігіт тердің әскерде болуы да басты шарт, – деді ол.

Маман мәселесі шешімін таппай отырса да, өскемендік жол полициялары өз мін дет-терін мүлтіксіз атқарып келеді. Мәселен, қаладағы жол жүру ережесін бұзу фактілері биыл былтырғы жылмен салыстырғанда

біршама төмендеген. Қаңтар айының қорытындылары Өскеменде өткен айда жол жүру ережесін бұзу фактілері 2016 жылдың аталған мерзімімен салыстырғанда 24,3 пайызға азайғанын көрсетіп отыр. Өскемен қалалық жол-патрульдік полициясы ба-тальоны құрамы былтыр қаңтар айында 4 883 жол ережесін бұзу фактісін анықтапты, биылғы көрсеткіш – 3 697.

Жақында облыстық әкімдікте өткен жиындардың бірінде Шығыс Қазақстан облыстық ІІД жергілікті полиция қыз ме-тінің бастығы Дулат Қазақпаев 2016 жы-лы өңірде орын алған қылмыстық көр-сет кіштерге тоқталып, облыс орталығы – Өскемен қаласының облыста қылмыс жа саудан көш басында тұрғанын тілге тиек еткен-ді. Оның айтуынша, аймақта 202 бейнебақылау камералары орнатылған, со ның арқасында 255 қылмыстың ізі суы-м ай ашылып, 20 236 әкімшілік құқық бұ-зу шылық анықталған екен. Жергілікті по лиция қызметінің бастығы қоғамдық орын дар (3,3) мен көшелерде (14,8) орын ала тын қылмыстардың деңгейі біршама тө мендегенін де атап өткен болатын сол жиында.

Бұл деректерді бекерге келтіріп отырған жоқпыз. Біз сөз етіп отырған жол-патрульдік полициясы тек жол-көлік ережелерін бұ з-ған дарды анықтаумен ғана емес, қала кө-ше леріндегі, тұрғын үйлердің аулалары мен қоғамдық орындардағы қауіпсіздікті қам-та масыз етумен айналысатыны да белгілі. Енд еше, қылмыстық көрсеткіштер бой ы н - ша өңірде көш бастап тұрған Өскемен қа-ласының құқық қорғау органдарындағы ма-ман жетіспеушілігінің түйінін тарқату ке зек күттірмейтін өзекті мәселе екені анық.

ӨСКЕМЕН

Өмір ЕСҚАЛИ,«Егемен Қазақстан»

Құқық қолдану тәжірибелерінің өзекті мәселелері бойынша өткізілген ғы л ы-ми-практикалық конференцияда жұрт-шы лықты мазалайтын маңызды жайттар, ювеналдық по лицейлер, учаскелік по ли-ция инспектор лары, жол-патрульдік қыз-мет теріне қатысты мә селелер қамтылды. Де сек те, тиіс ті заң намаларға өзгерістер ен гі зу шең бе рін де заң герл ер тарапынан ай-тыл ған ұсы ныс тар дың өзект ісі – ішім дік ке бей ім адамдарға қол да нылатын жазаларды кү шейту.

Соңғы кездері өңірде әкімшілік айып пұл-ды төлемеушілердің саны әлдеқайда арт қан. Былтыр 12 мыңнан астам адамға әкім шілік хаттамалар толтырылып, 114 миллион теңге айыппұл салынса, оның жар тысы ғана өтелген. Араларында ақыл-есінен айрылғанша ішіп, қоғамдық тәртіпті бірнеше мәрте бұзғандар да аз емес. Олар дың басым бөлігін еш жерде жұ мыс істемейтіндер мен ішімдікті суша сі мі ретіндер құрайтындықтан, айыппұл өн діру өте қиын. Сондықтан мұндай са нат тағыларды түрмеге қамап, түзеу жұ мыстарына да мәжбүрлеу ке-рек. Ол үшін заң намаға өзгерістер енгізілуін қолдаймыз. Қ азіргі заңнама нормалары бой-ынша айып пұл салумен ғана шектеліп жүрміз, дейді сол түстікқазақстандық полицейлер.

Қоғамдық тәртіп сақшыларының пікі-рін ше, айыппұлдық жаза түрімен қоса, қыл-мыстық құқық бұзушылық шаралары да қолданылса, аяғын аңдап басатындардың санының көбейе түсері анық.

Солтүстік Қазақстан облысы

Шеттен келіп, шектен шығатындар көп

Қылмыс көбейіп, полиция қызметкерлері азайып барады

Жазаны күшейткен жөн

Page 9: Жас буын және кәсіпкерлік менталитет · 2017-09-29 · Жас буын және кәсіпкерлік менталитет Кездесу барысында

7 наурыз 2017 жыл 9

келбет

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Жетпісінші жылдарда «Дос-Мұқасанның» даңқы дүрілдеп тұрды. Ойхой, шіркін, ой-қырымыз тегіс «Той жырымен» тербеліп, теле-дидар мен радио күндіз-түні шаттық әуендерін шарықтатып «қияқ, қияқ...» деп қиқулаған қызық уақыт еді-ау ол да бір. Есіңе түссе, еріксіз елжірейсің. Құданың құдіреті, ертелі-кеш эфирді кернеген керемет әндерге әбден елтіген бізге бұлардан асатын дүлдүлдер дүйім дүние жүзінде жоқ секілді көрінетін. Одақта олжа салған «Орэрэ», «Песняры», «Самоцветы» саңлақтарының шеберліктеріне қанша сүйсінгенімізбен қанымызға тартып, «қазақтың «Битлзын» көлденең көк аттылардың қанжығасына бөктеріп жібергіміз келмейтінін несіне жасырайық.Жарты ғасыр бойы жарқырап көпшіліктің көз алдында жүрген жұлдызды топтың тұңғыш ұйымдастырушысы әрі жетекшісі Досым Сүлеев бүгін 70 жасқа толды. Осынау мерейтойға орай өнер мен ғылымның тізгінін тең ұстап, асқаралы абырой биігіне көтерілген көрнекті тұлғаны құттықтай отырып, газетіміздің тілшісі хатқа түсірген естеліктерін назарларыңызға ұсындық.–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

есімі елге елеулі

Әртіс болғанымды әке-шешем әуелден

қаламадыЖауларын ордасында жайратып,

Отанына жеңіспен оралған орденді май дангердің ұлы екенімді әркез мақ­тан тұтамын. Қарт сарбаз – Қасым әкем жа сының тоқсаннан әлдеқашан ас қа­ны на қарамастан арамызда әлі аман­сау жүр геніне шүкіршілік қыламын. Әс­ке ри адам болған соң ба, әлде әуелден ұс та нымы солай ма, әйтеуір балаларын бұл жымас тәртіпке баулыды. Саналы ғұ мырын мұғалімдікке арнаған анамыз Ай наш та адалдықтың, әділдіктің, адам­гер шіліктің ала жібін аттамауды қар ша­дай ым ыздан қанымызға сіңірді.

Мен үшінші сыныпты бітіргенде от­ба сымыз Сарыағаштан Кентауға көш ті. Жай наған жас қала қанатын кеңге ен ді жай ып келе жатыр екен. Дастархан үс­тін дегі үйішілік әңгіме үстінде әке­ше­ше міз қарындасым екеумізді жаңадан ашыл ған музыка мектебіне беретіндерін жеткізді. Мен баян тартуды, Күләш фор­тепианода ойнауды үйренбекпіз. Бірақ бізге бірден ескертті: болашақта әртіс бол маймыз. Музыкалық білім жан­жа қ ­ ты, жарасымды дамыған мәдениет иесі ата нуымыз үшін қажет. Тоқсан ауыз сөз­дің тобықтай түйіні осы болды.

Сонымен қойшы, қабілетімізге қа рай қабылдау емтихандарын еңсеріп, кі дір­мей сабаққа кірістік. Жатпай­тұр май со­ль феджио жаттаймыз. Аспапта ой науға асық қанымызбен үйде баян да, пиани­но да жоқ. Айналамыздағы дүкенд ер ді ара лап таба алмадық. Алты айдан кей ін папа мның достары Украинадан әкел ді­ау сарыла күткен сырнайды. Ал, қа рын­да сым арнайы жасатқан ағаш тақ тайша бе тіне ақ және қара түспен боя л ған жан­сыз клавиштарды басып жатт ығатын. Кей де «жыны» келіп жылайтын.

Обалы нешік, ондағы білікті маман­дар шәкірттерін шығармашылық тұр­ғы дан әжептәуір шыңдады. Теория лық сау атымызды тереңдетті.

Оң­солымызды толық айыра қой­ма ған оқушы кезімізден­ақ кен ші лер ша һарындағы шағын кештерге қа ты­сып, талабымызды ұштадық. Әсі ре се, саусақтарынан саз төгілген грек жі гі­тінен кларнетте ойнаудың қыр­сы ры­на қанығып, қыз­жігіттер думан кө ­рігін қыздырған би алаңында құй қыл ­жытқаным сірә, естен кетер ме? Клар­нет пен «туыс» болғандықтан саксо­фон ды тез меңгердім. Оның пайдасын «Дос­Мұқасанда» жүргенде көрдім.

Қашан, қайда екені есімде қалмапты, әй теуір мерекелік шаралардың біріне қа тысқанда өзім құралыптас өренмен таныс тым. Кентау мен Түркістанның ортасында орналасқан кішкентай ауылда тұрады екен. Мен баянымды бе зілдетіп, ол аккор деонын аңыратып, екеу іміз үзеңгі қа ғыстыра қатарласа шап тық. Содан дос тасып, әртүрлі ойын­сау­ықтарда та лай мәрте кездесіп, мәре­сә ре бол ға ны мыз бар. Бұл бала болашақ та­лант ты ком позитор, әйгілі «Әлия» әнінің авторы Сейдолла Бәйтереков еді.

Тағдыршешті таңдауОрта мектепті ойдағыдай аяқтап, кә­

мелеттік аттестат қолымызға тиетін күн­ге де жеттік­ау. Арманымыз асқақ. Кө­ңі ліміз көктегіні көксейді. Алдымызда ай қыш­ұйқыш алыс сапарларға ша қыр­ғандай.

Қай мамандықты қалайсың? Бұл ма ңызды сұрақ барлық құрбы­құр­дас тарым сияқты мені де қатты ма за­ла ғаны рас. Музыканы жан­тә німмен ұна т қаныммен ата­анамнан асып қайда ба ра мын. Спортты да теріс көр меймін. Үстел теннисінен қалалық жа рыс тың же ңім пазымын. Математика, физика, хи мия пәндерінен үлгерімім өте жақсы бо лып, оқушылар олимпиадасында бір­не ше рет топ жардым. Осылардың бәрін са ра лап санам сан­саққа жүгірді. Ақыры ақыл ға салып, заман талабына сай техни­ка са ласының бейтаныстау әлеміне бет бұ ру ғ а бел будым.

Албырт сезім аяқ­қолымызды жерге тигізбей алып­ұшқан жастықтың же­л і гі мен Ресейдегі Таганрог қаласына тар тып кете жаздағанымды қайтерсің. Өйт кені мектепті бізден бұрынырақ бі­тір ген бір досымыз сондағы радиотехни­ка мамандарын даярлайтын институт та оқитын. Каникулға келгенінде әл гі нің әңгімесін аузымның суы құрып тың­дай тынмын. Сол жаққа аттанбаққа тәу­екел етіп отырғанда тағы басқа ақыл­шы ларым табылып, алған бетімнен а й нытып тастады. Олардың ойынша, Мәскеу мен Ленинград болса жарай­ды, ал енді провинциялық Таганрогқа тамсанудың реті келіңкіремейді. Одан

да өзі міз дің астанамыз ару Алматыдағы по литехникалық институтта былтыр ға­на ашылған автоматика және есептеу тех никасы факультетіне барғаным дұ­рыс. Көшелі сөз көкейіме қонып, бұған дей інгі пікірімді күтпеген жерден күрт өз гертіп жіберді. Сөйтіп, өз өмірімдегі тағ дыршешті таңдауымды жасадым.

Алыстағыны болжаған аяулы ағамыз Өмірбек Жолдасбеков іргетасын қалаған атал мыш факультетке құжат тапсырушы­лар қарасы тым көбейіп, бір орынға он үміт кер таластық. Сынақтан сүрінбей, сту денттер қатарына қабылданғаныма қат ты қуандым. Бізден «құлағандар» өз ге факультеттерге оп­оңай «өтіп» ке­те тін.

Бұдан біразырақ бұрын осы оқу орда­сын әр жылдары тәмамдаған түлектердің кездесуі болды. Сол жолы сыйлас аза­мат, белгілі мемлекет қайраткері Нұрлан Бал ғынбаевты былайша қалжыңмен қа­ғыт тым: «Сен ғой, мен секілді қырғын та ласта қиналмай­ақ, абитуриенттері аз­дау мұнай бөліміне түсіп ақылды істеп­сің. Қазір міне, қалтаңдағы ақшаңды қай да жұмсарыңды білмейсің. Біздің тү ріміз мынау, қаржыдан қысылып әркімнің қолына жаутаңдаған...» Мар­

құм миығынан күліп, «Сенде интуиция бол мағанына кінәлімін бе» деп әде мі әзіл мен қарымта қайтарғанын әлі ұмыт­пай мын.

«Дос-Мұқасан» дүниеге осылай келгенЖастарға бұйығылық жараспайтыны

белгілі. Жатақханамыз баз­базында жай­ма базарды елестетін. Мұнда бәрі бар. Бі реу көз майын тауысып сабақ оқиды, екін шілері тамақ пісіріп әлек, үшіншілері жа нығып би кешін «жандырып» жатады. Әйтеуір ырду­дырдуға ықтиярыңыздан тыс араласуыңызға тура келеді. Сол ду­думанның ортасына қойдық та кеттік. Қоғамдық жұмыстардан қол босамай­тын. Көркемөнерпаздар үйірмесіне де қа ты сатынбыз.

Жоғары курста Қамит есімді есті жі гіт болды. Германияда әскери боры­шын өтеп қайтқан. Белгілі жазушы Сәтімжан Санбаевтың туған інісі. Өзі фа культеттегі комсомол бюросының хат шысы. Айналасын әп­сәтте үйіріп, ай т қанын өткізе біледі. Көрген­білгені көп теу сол көшбасшымыз бірде маған қол қа салсын... «Дос, байқауымша, му­зыкаға бейімсің. Өзіңдей өнерпаз сту­дент теріміздің басын қосып, эстра да­лық ансамбль құрсақ қайтеді. Қорық­па, қолтығыңнан демейміз. Жоғары жақ тағылар да қамқорлық жасаудан қашпас», деді үміт арта үгіттеп. Же тек­ші н ің өтінішін жерге тастау ұят. Тап сы р­м а ны орындаудан тартынбадық. Тәуекел етіп, тас жұттық.

Ептеп қиындық тудырғаны менен басқаларда бастауыш музыкалық бі­лім нің жоқтығы еді. Әу демейтін қа­зақ жоқ қой, ән салатын «сал­сері лер» баршылық. Ал, аспаптармен сүйе­мел деу жағынан ақсайтын тәрізд і міз. Бі рақ, алдыңа айқын мақсат қой саң

алын байтын асу болмайды екен ғой. Жі герін қайраған жігіттеріміз ол қы­лық тың орнын тез толтырды. Ерін бей ең бектенген Мұрат Құсайынов пен Мейірбек Молдабеков гитараны тәп­тәуір тартатын дәрежеге жетті. Дауыл­паз дағы Александр Литвинов алғашқы аяқ алысынан­ақ алысқа шабатынын аң ғарт ты. Айтпақшы, оның басқа фа­культет те оқитындығына байланысты дау туып, біраз уақыт ансамбльден қол үзіп қалған сәттері де жоқ емес. Жыл сай ын ұйымдастырылатын «Политех көк темі» атты фестивальда институттың бар лық құрылымдары өзара бәсекелесіп, бәй генің бәсін көтеретін. «Айдаладағы» авто матиканың намысын жыртып «ада­с қан» Саняға деканы кейіп, кері ша­қы рып әкетті. Оның ойсырап қалған орны на конкурс жариялап, ноталық сауаты нық Юрий Лимді отырғыздық. Табиғатынан табанды Шәріп Омаров қатардан қалмас үшін намысына қамшы басып, гитараның ішектері саусақ та рын қиып, қанатқанына қарамай аңса ры ауған биіктікті бағындыра білді. Алматы дағы жоғары оқу орында ры арасын да кәдім­гі дей танымал ұжымымыз осылайша құ рыл ды.

1967 жылдың жазында Баянауыл бау­райында құрылыс отрядының құрамында болып, ауылдық мәдениет үйіне жөндеу

жұмыстарын жүргіздік. Іші­сырты сыла­нып, сырланып көз қуантарлық кейіпке енген клубта концерт қойып, жергілікті тұрғындардың қошеметіне бөлендік. Бізбен бірге жұмыс істеген Венгрия студенттерінің басшысы Янош Карпати сонда тосын ұсынысын алға тартып, ансамбліміздің атын «Дос­Мұқасан» деп қоюымызды сұрады. Алғашында аң­таң болып, аңырап қалдық. Түк түсінсек бұйырмасын. Не орысша, не қазақша емес, қандай сөз бұл өзі. Ол ежіктеп

түсіндірген соң барып ұқтық. Сөйтсек біз дің есімдеріміздің бірінші буындары­нан құралған атау екен. Демек, Дос­Досым, Мұ­Мұрат, Қа­Қамит, Сан­Саня. Ма сайрай мақұлдадық. Алайда «Дос­Мұ қасанның» қазақ мәдениетінің тари­хына енетінін сол сәтте сезбеген едік.

Осылайша Алматыға арқаланып орал дық. Бағымыз жанып, көрермендер көз айымына айнала бастадық. Теледидар мен радионың арқасында Алаш жұр ты­на тез арада танылып үлгердік. Тіп ті қалалық партия комитетінің ха т шы­сы Петр Иванович Ерпилов ша қы рып, ыстық ықыласын білдірді. Алды мен асы ра мақтап, артынан ансам блі міздің аты на тиісті. Мәселенің мә нісін тү­сіндіріп көріп едім, көне қой мады. «Мы наларыңды өзгертіңдер. Қой ыр т ­ пақ бірдеңе. Дұрыстау ештеңе тап­па дыңдар ма? «Юность», «Тұлпар», «Жастар» десеңдер жараспай ма, неме­не? «Жастықтың жалыны сыртқа теу іп тұрған тентектеу кезіміз ғой,

айтқан да рына құлақ аспайтындай құлық бай қат тым. Соған ашуланды ма, әлде құ­зы ретті кеңсенің құдыретін көрсеткісі кел ді ме ректорымызға телефон соғып, жү ген сіз кеткен жүгірмектерді жөнге са­луды бұйырыпты. Бақытымызға қарай, ай ғай ға аттан қосылмай, бәрі сәтімен бітті.

Жарты ғасыр жарқыраған жұлдыз

Айымыз оңынан туып, атағымыз алыс­жақынға жайылды. Бастапқыда қолда бар аспаптарымызды өзіміз амалдап жетілдіріп, өйтіп­бүйтіп пай­да лансақ, кейін ректоратымыз кө­ме к тесіп, комсбюроның ұйым да с­ты руымен сенбіліктерге шы ғып, одан түскен ақшаға керекті сах на­лық құрал­жабдықтарымызды сатып

ал дық. Ұжымның шығармашылық әлеу етін арттыру мақсатында сырт­тан бірнеше дарынды қыз­жігіттерді ша қыр дық. ЖенПИ­дің мақтанышы «Айгүл» ансамблінің маңдайалды мү­шесі Құрманай Толыбаеваға «құда түс тік». Ерекше дауыс иесі­тұғын. Әт­тең, ғұмыры ерте үзілді. ҚазМУ­дегі «Оптимисте» солист болып жүрген Бақытжан Жұмаділовті аттай қалап ал­дыр дық. Бұлардың сыртында Дариға Тұрсынова, Асқар Жанкүшіков, Нұртас Құсайынов, Ақнай Шопотов және басқа әріптестеріміз өнеріміздің өрге жүзуіне өз үлестерін қосты.

Қазақстанды мойындатқан «Дос­Мұқасан» бірте­бірте мәртебесі биіктеп, ха лықаралық деңгейде дүркіреді. Нақ­ты деректерге жүгінсек, сол кезде со­циа листік елдер саналатын Польшаға, Венгрияға, Германияға, Чехияға сапар­лап, еліміздің атынан айтулы сайыстарға қа тысты. Ташкенттегі халықтар достығы фестивалінде бірінші орынды иеленді. Минскідегі кәсіби орындаушылардың Бүкілодақтың конкурсында алдарына тек атақты «Песнярыды» салып, лауреат атанды. Қазылар алқасы атынан кори­фей композитор Александра Пахмутова қайырлы қадам тілеп, келешегімізге үлкен үміт артты. Ең ірі жетістіміз есебінде 1973 жылы Берлинде жалауын

көтерген жастар мен студенттердің Бү­кіл әлемдік фестивалінде алтын медаль­мен марапатталғанымызды еске тү сір сек кеудемізді мақтаныш кер ней ді. Рес пуб­лика Ленин комсомолы сый лығының бе рілуі де ел алдындағы еңбегіміздің еленгенін айғақтаса керек.

Жарты ғасыр жарқырап жұрт ал­дын да жүрген «Дос­Мұқасан» биыл өзі нің торқалы тойын атап өтпек. Аты аңызға айналған ансамбльдің әлі та­лай ұрпақтың талғамын тәрбиелеп,

мәдени­рухани қажеттіліктерін өтеуге қызмет ететіндігіне сенімім мол. Біз ал ғаш құрылған күннен бастап ұлттық рух ты ұлықтауға, қазақ халқының бай му зыкалық мұрасын насихаттауға ден қой дық. Тыңнан түрен тартып, өзімізден кейінгілерге өнеге көрсеттік. Жақсы дәс­түр жалғасса, игі.

«Той жыры» жарты-ақ сағатта жазылған

Біздің ортамызда алғаш отау құрған – Мұрат Құсайынов. Шақыру билетін ал­ған соң аз­кем ақылдастық. Жас ша ңы­рақ қа қандай шашу әзірлейміз? Әрине, ән­тартуға ештеңе жетпейді. Оны кім жа зады? Жанымдағылар маған жалт қа­рады. Себебі, мен онда махаббат та қы­рыбындағы екі­үш әннің авторы бола­тын мын. Ендеше бұлталаққа сасып, бұл данудың реті жоқ. Бірден келісім бер дім. Мәтінін жазу «Бәйшешек» атты жас ақындар клубын басқаратын

досымыз Ұлықпан Сыдықовқа жүктелді. Содан не керек, күнделікті күйбеңмен жүріп, мойындағы міндетімізді ұмытып кетіппіз. Дәл той болатын күні түске таман Ұлықпан әннің сөзін әкеліп тұр. «Әй, есің дұрыс па, қас пен көздің ара­сында қайтіп музыка шығарам?» деймін ғой баяғы. «Енді бірдеңе қылсаңшы» дейді анау да екіленіп. Шегінерге жер қал мағандықтан қысыла­қысыла ги та­рам ды алып дыңылдата бастадым. Құ­дай жанды оңғарайын десе оп­оңай ғой. Сәл­пәл кібіртіктен кейін сауылдап са­намнан саз құйылып қоя бергені. Әл де жүрек түкпірінде бұрыннан әуен жүр­ді ме екен? Білмеймін. Білетінім, ай­на ласы жарты­ақ сағатта «Той жыры» ту ды. Іле­шала репетицияға кірістік. Ние тімізге қарай, ойдағымыз орындал­ды. Кешкісін той үстінде шарықтата шы р қадық. Жиналған жұрт мәз­мей­рам. Бізге де қанат бітіп, қияға серме­ген қырандай қалықтадық. Кейін бұл ән ре пертуарымызға кіріп, «Дос­Мұқа сан­ның» төлқұжатына айналғаны әмбеге аян. Күні бүгінге дейін қазақтың бірде­бір үйлену тойы онсыз өтпейтінін ой­ла ғанда төбем көкке екі­ақ елі жетпей тұ ра ды.

Жалпы, мен ұзын саны жиырма шақты ән жазған адаммын. Олардың ішінде «Алматы түні», «Жан досым», «Күт мені» сынды шығармаларымды тың даушылар жылы қабылдады. Хал­қы мыздың Қадыр Мырзалиев, Тұ­ман бай Молдағалиев, Бәкір Тәжібаев, Иранбек Оразбаевтай ардақты ақын да­ры мен творчестволық байланыста бол­ған дықтан өзімді бақытты жанмын деп есептеймін.

Ғылым ғаламаттары қызықтырды

Политехникалық институтты бі тір­генде екіұдай сезімде болдым. Ма ман ­дығым да ұнайды, өнер ді де қи май мын. Оның үстіне та ны мал ды ғымыз жө нінен еңбек сі ңір ген әртіс тер ден асып түс­песек, кем соқ пай мыз. Құрметке құ­нығып қал ған даймыз ба, қалай?.. Ма­мам бірде маған «Балам, өздерің тым ша рықтап кеттіңдер ғой. Радионың құ­ла ғын бассақ та, теледидарды қоссақ та, газеттерді ашсақ та сендерді көріп, тың даймыз. Сауық­сайрандар қашанға дейін созылмақ. Ғылымды қайтесің?» деді ашық әңгімеге шақырып. «Өзіңіз қа лай ойлайсыз?» деп едім, жауабын қыс қа қайырды: «Мен айтарымды саған ба ла күніңде­ақ айтқанмын!». Екеуміз үнсіз ұғыстық.

Мәскеудегі болат және қорытпалар институтының аспирантурасын тә мам­дап, кандидаттық, докторлық диссер­та цияларымды қорғадым. Ғылым ның

ғажайып әлемі әй­шайға қаратпай бау­рап әкетті. ҰҒА академигі атандық. Ал маты Энергетика институтында про ректор, томағамды сыпырған Қан­ыш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлт тық тех никалық университетінде рек тор бо лып, республикамыздағы жо ға ры бі лім жүйесін реформалауға қал­қа де ­р ім ше атсалыстым. 1997­2001 жыл да­ры Білім және ғылым ми ни стр лі гін­де гі жоғары және арнаулы орта бі лім бе ру департаментінің ди рек торы, ода н соң Әкімшілік департаментінің ди ­ректоры лауазымын абыроймен ат қар­дым. Кейіннен Пре мьер­Министр ке ң­се сінің әлеуметтік­мә дени даму бө лімі мең герушісінің орын ба сар лы ғына та­ғай ындалдым. Бұл жау апты орын дар­дың бәрінде еліме адал қыз мет етуге ты рыстым. Жүзеге асыр ған жұ мыстарды жіп ке тізе берсем мақ тан ған дай болуым мү м кін.

Бүгінде Біріккен Ұлттар Ұйымының консультативтік мәртебесі бар Қара және Каспий теңіздері елдері халықаралық қо рының вице­президентімін, ҰҒА тө­рал қасының мүшесімін, Жоғары мек­теп ұлттық ғылым академиясы пре зи­дентінің бірінші орынбасарымын.

Жасымыз жетпіске жеткенін желеу етіп, жантайып жатуға уақыт жоқ. Жұ­мыс көп. Ғылымның қызығы мен қиын­шы лығы мол қия жолында қиыс баспау­ды парыз санадық. Ұзын­ырғасы 6 моно графия, 7 оқулық пен оқу құралын, 300­ге тарта ғылыми еңбек жаздық, 9 ғы лым доқторын, 12 ғылым кандидатын даяр ладық.

Жан жарым Людмила Байдабекқызы екеу іміз бауырымыздан өрбіген ұл­қыз ы­мызды өсіріп, енді немерелеріміздің қы­зығын көрудеміз. Солардың бірі «атам­ның мерейтойына арнап ән шығардым» деп жүрген көрінеді. Бұйырса, тыңдап қалармыз...

ТелағысӨнер мен ғылымды өмірінің егіз өріміне айналдырған Досым Сүлеев айтқан сыр

Талғат БАТЫРХАН, «Егемен Қазақстан»

Жарты ғасыр Жарқырап Жұрт алдында Жүрген «дос-Мұқасан» биыл өзінің торқалы тойын атап өтпек. аты аңызға айналған ансаМбльдің әлі талай ұрпақтың талғаМын тәрбиелеп, Мәдени-рухани қаЖеттіліктерін өтеуге қызМет ететіндігіне сеніМіМ Мол.

Page 10: Жас буын және кәсіпкерлік менталитет · 2017-09-29 · Жас буын және кәсіпкерлік менталитет Кездесу барысында

10 7 наурыз 2017 жылспорт

дода

–––––––––––––––––––––––––Көптен күткен жаңа футбол мау-сымы да келіп жетті. Ертең, яғни 8 наурыздан бастап еліміздің әр аймағынан сынға түсетін 12 ко-манда қарашаға дейін ала доп аламанының көрігін қыздыратын болады. –––––––––––––––––––––––––

Универсиада тағылымыҚазақстанда қысқы спорт түрі кенже қалған. Тек қана

шаңғы жарысы біршама дамыған. Шайбалы хоккей өз арамызда болмаса, әлемдік жарыста жарытып жүргені шамалы. Ал, сноуборд, биатлон, керлинг, фристайл сияқты қысқы спорт түрінің өзі түгілі, атын да білмейтін едік. Оған қатысып жүрген қаракөз ұл-қыздарымыз ту-ралы бейхабар болатынбыз.

Ал енді, қысқы спорт түрінен талай ұл-қыздарымыздың ешкімнен кем емес екеніне қөзіміз жетті. Келешекте бұлар қысқы спорт түрінен Қазақстанның көк байрағын талай желбіретер деген үміттеміз. Тек солардың жетістігін бұқаралық ақпарат құралдары дер кезінде ха-барлап, насихаттап отырса, дұрыс болар еді. Спорттың қысқы түрлерімен айналысатын ұландарымызды елдің көбі Универсиададан кейін ғана біліп жатыр. Бұл да – Универсиада өткізгеніміздің жемісі.

Ең қызығы, қысы қысқа, қары аз шымкенттік ұл-қыздарымыздың қысқы спортта жетістікке жетуі болды. Естуімізше, шымкенттік бес фристайл-акробатшымыздың бәрі қазақтың ұл-қыздары екен. Фристайл-акробатика – қысқы спорт түрінің ең бір қауіпті түрі. Біздің жастарымыздың жүректері шайлықпай осындай қауіпті спортпен айналысуы қазақ рухының күштілігін көрсетсе керек. Жалпы, қазақтар жай спортқа қарағанда қауіпті спортпен шұғылданғанды тәуір көреді. Қайсарлық пен өжеттікті талап ететін бокс, күрес, дзюдо, таэкван-до, ережесіз жекпе-жек, т.б. спорт түрінде қазақтың ұл-қыздары көп. Бұл – қазақтарда сақтық, түркілік жауынгерлік рухтың жойылмағанын көрсетеді. Жастарымыз Универсиадада 11 алтын, 8 күміс, 17 қола, барлығы 21 медаль алып, жалпыкомандалық есепте 2-орынды иеленді. Дүркіреген дүбірлі дода Қазақстан спортшылары үшін табысты өтті деуге болады.

Алматыдағы Универсиададан кейін, іле-шала Жапонияның Саппора қаласында VІІІ қысқы Азия ойын-дарында Қазақстан спортшылары 9 алтын, 11 күміс, 12 қола, барлығы 32 медаль алып, жалпыкомандалық есепте 4-орынға көтерілді. Бұл да жаман емес. Енді Олимпиада ойындарында көк байрағымыз көкте көбірек желбіресін деп тілейміз.

Назрахмет Қали,зейнеткер

алМаТЫ

Бергер кестесіАлдымен Премьер-лиганың жүйесіне

тоқталып өтсек. Қазақстан Премьер-лигасында биыл тағы 12 команда ойнай-ды. Бірақ бұрынғыдай алғашқы екі айна-лымнан кейін қос алтылыққа бөлінбейді. Бұл жолы чемпионат Бергер кестесі бо-йын ша өткізіледі.

Өткен жылғы маусым аяқталған соң, жаңа чемпионаттың форматына қатысты көптеген ұсыныстар айтылған еді. Премьер-лигадағы командалар санын 14 немесе 16-ға дейін жеткізу мәселелері көте рілді. Алайда, сол бұрынғысынша 12 команда қалатын болды. Қазақстан Кәсіп қой футбол лигасының жалпы жина-лысында қабылданған шешім осын дай. Әйтеуір, бір өзгеріс бар. Енді ел біріншілігі үш айналымдық жүйе мен өткізіледі. Алғашқы екі айналымда барлық коман-далар үйде және түзде ке з десіп шығады. Ал үшінші айналым дағы матчтар Бергер кестесі бойынша құрастырылады.

Премьер-лигамен үш команда қоштасады

Премьер-лигадағы өзгерістің бірі мау сым соңында 11-ші және 12-орын алған командалар бірден бірінші лигаға түсіп қалады. Ал 10-орынға ие болған команда «өтпелі матчта» бақ сынайды. Есесіне, бірінші лигадағы бірінші және екінші орын алған командалар 2018 жылы жоғары топтағы мықтылар ара-сында ойнайтын болады.

ЛегионерлерЛегионерлерге қатысты ережеге

де ешқандай өзгеріс енген жоқ. Сол бұрынғыша әр команда хаттамаға 8 ле-гионер тіркей алады. Оның алтауы бір мезетте алаңға шығады. Сон дай-ақ, осы күнге дейін Қазақстан футбо лында ле-гионер ретінде доп теуіп келген Ненад Эрич, Евгений Пост ников, Сергей Куцов, Вячеслав Кот ляр, Тарас Данилюк, Михаил Бакаев секілді бір неше ойыншының арыз-дары қанағат та ндырылды. Енді олар біздің елде Қаза қстан футболының түлегі ретінде ойнай тын болады. Кәсіпқой футбол лига-сы ресми сайтының түсіндіруінше, олар «Қазақстан футболының түлегі» ережесі қабыл данғанға дейін біздің елдің азама-ты болғандықтан арыздары қанағат тан-дырылыпты.

Чемпиондықтан үміткерлер

Бас жүлдеден үміткер деп «Астана» мен «Қайратты» ғана айтуға болатын

сияқты. Өзге командалардың құрамы, қаржылық мүмкіндігі еліміздің екі бас қаласының командасымен бәсекелесе алмайтын түрі бар.

«Астана» маусымаралық үзіліс ке-зінде Аздрен Лулаку, Иван Маевский Роман Мұртазаев, Дидар Жалмұқан, секілді жаңа ойыншылармен толықты. Ал Алексей Щеткин, Сергей Малый, Джордже Деспотович үшеуін «Тобылға», Рохер Каньясты Кипрдің АПОЭЛ клу-бына маусымға дейін жалға берді. Егер елорда клубының ойыны жүрмей жатса, аталған футболшылар қайтып орала-тын шығар. Таңат Нөсербаев пен Азат Нұрғалиев туған жерлері – Шымкенттің «Ордабасы» клубына ауысты.

Шыны керек, «Астананың» ойыншы-ларының деңгейі дәл қазір «Қайраттан» сәл төмендеу. Оны бас бапкер де сезетін секілді. Бас жаттықтырушы Станимир Стойлов шабуыл шебін күшейтетін фут-болшы керек дегенді айтып қалды.

«Қайрат» былтырғыдан күшеймесе, бәсеңдеген жоқ. Енді сол футболшы-ларды ойнату бас бапкердің қарым-қабі-летіне байланысты. Трансфер ашыл ған кезде Елдос Ахметов, Иво Иличевич, Георгий Жуков қатарға қосылды. Деген-мен, сұрмерген Жерар Гоудың маусым бойы жалғыз өзі жоғары деңгейде ойна-уы мүмкін емес. Сондықтан командаға тағы бір шабуылшы қажет екені анық.

Үш жыл қатарынан «Астанаға» чем-пиондық жарыста есе жіберген Алма ты командасы биыл жанкүйерлерін қуанта ала ма, жоқ па? Бұл сұрақтың жауабын қарашада білетін боламыз.

«Бразилиялық команда»Ел біріншілігінде 10 жылдан астам

тұрақты түрде жүлдеге ілігіп, бес

мәрте чемпион атанған «Ақтөбе» өткен жылы чемпионатты алтыншы болып аяқтады. Маусым аяқталған соң, клуб директорының үстінен қылмыстық іс қозғалып, қамауға алынды. Бас бап кері еліне қайтты. Биыл команда қай тадан жасақталып жатыр. Бас жаттық тырушы қызметіне Украинадан Игорь Ра хаевты шақыртты. Ол командаға латын амери-калық легионерлерді жинап алды. Қазір-дің өзінде Хуан Мануэль Торрес (Арген-тина), Жуниньо (Бразилия), Кас сиано (Бразилия), Витор Жуниор (Бра зилия), Иури Мамуте (Бразилия) секілді ойын-шылар «Ақтөбемен» келісімшартқа қол қойып үлгерген.

«Атыраудан» 9 ұпай алындыҚазақстанда жылда жаңа футбол

маусымында шу шығады. Өткен жылы «Алтай» клубынан 9 ұпай алынып тасталған еді. Бірақ, кейіннен Шығыс Қа зақстан командасы Халықаралық сот-қа шағымданып, ұпайларын қайтарып алған болатын. Бұл жолы Премьер-лига дағы «Атырау» клубынан 9 ұпай алынды.

«Атырау» клубы бұрынғы ойын-шысы Джонатас Рикардо да Соуза мен бапкер Зоран Филиповичке қарыз ақша ларын өтемеген. Аталған ойын-шы мен бапкер 2011-2012 жылдары «мұнайшылар» қата рында болған екен. Енді сол үшін FIFA тәртіптік коми-теті ҚФФ-дан батыс қазақстандық ко-мандадан тоғыз ұпай алып тастауды сұрапты. Қазақстан Фут бол федерация-сы Халықаралық Футбол қауым дасты-ғының бұл өтінішін орындаған.

Алайда «Атырау» клубының бас-шылығы бұл жазамен келіспейді. Өйткені, клубта жоғарыда аталған

берешектің төленгендігін дәлелдейтін қаржылай құжаттар бар екен. Клуб ди-ректоры Тимур Нығымов сол себептен де Лозаннадағы Халықаралық спорттық арбитраж сотына апелляция жолдағанын айтып отыр.

Бапкерлікті директордың креслосына ауыстырдыБір жарым жыл «Ордабасы» клубына

бас бапкер болған Бақтияр Байсейітов енді директордың креслосына жайғасты. Байсейітов бапкерлік еткен тұста коман-да екі маусым қатарынан төртінші орын-нан көрінді. Еуропа лигасының іріктеу раундына қатысты.

Байсейітов «Ордабасы» клубында бұған дейін де директор болып қызмет атқарған. Бірақ 2003 жылы келісілген ойын өткізді деген күдікпен сол кездегі облыс әкімі Болат Жылқышиевтің өзі босатқан еді. Бұл жағдай кейбір шым-кент тік жанкүйерлерді алаңдататыны анық. Дегенмен, Бақтияр Даниярұлының жаңа жұмысына сәттілік тілейміз!

Байсейітовтен қалған бас бапкерлік қызметке Алексей Петрушин тағайын-далды. Бұл маман Қазақстанға жақсы таныс. Кезінде «Қайратты», одан кейін Семейдің «Спартак» клубын бір маусым жаттықтырған.

Легионері көп командаПремьер-лигаға қайта оралған Қы-

зыл орданың «Қайсары» трансферлік нарықта өте белсенді болды. Командаға жаңадан 16 ойыншы келіп қосылды. Оның ішінде жетеуі легионер. Әзірге өзге клубтардың бірде-біреуі мұнша легио-нер алған жоқ. Джон Камарра (Сьерра-Леоне), Матиас Курьор (Мартиника),

Грегори Нельсон (Голландия/Бразилия), Владимир Аржанов (Украина), Аб дель Ламанж (Франция/Камерун), Сте фан Николич (Черногория), Саиди Нти-бонкиза (Бурунди) Қызылорда клубы-мен келісімшарт жасап үлгерді. Сондай-ақ, Қазақстан азаматы деген төлқұжаты бар Мақсат Байжанов, Жамбыл Көкеев, Валерий Коробкин, Алексей Мулдаров секілді футболшылар да жаңа маусымда «Қайсардың» намысын қорғайды.

«Біздің Джерард» карьерасын аяқтады

Спорттық карьерасында бір ғана клубта доп тепкен ойыншы әлемнің өзін де аса көп емес. Қазақстанда тіп-тен сау сақпен санарлық. Сондай ой ын -шылардың бірі қарағандылық «Шах -тердың» шабуылшысы Андрей Фи-нонченко болатын. Жақында футболшы өзінің карьерасын аяқтады.

Финонченко ойыншы ретінде алаңда доп теппесе де, «Шахтердан» кетпейді. Ол енді бас бапкер Алексей Еременконың көмекшісі болып қызметіне кірісіп кетті.

Жақында «Шахтер» клубының мүше-лерімен кездескен Қарағанды облы-сының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков Фи нон ченконы әйгілі «Ливерпульдің» капи таны Стивен Джерардпен салыс-тырды.

Андрей 1982 жылы Қарағанды қала-сында дүниеге келген. Алғашында ба-лалар бапкері Анатолий Чудиновтен тәлім алған. Кейіннен Чудинов бап-кер өмірден өткеннен кейін, оның ор-нын «Шахтер» футбол клубының экс-ойыншысы, КСРО спорт шебері Ген-надий Костюченко басты. Дәл осы бап-кер Финонченконың жаңа қырларын ашты. Бұдан кейін Андрей шабуылға жиі араласатын болды. Нәтижесінде, футболшы өзінің алаңдағы нақ орнын та-уып, өз командасының табысқа жетуіне көп еңбек сіңірді.

Осы уақыт ішінде футболшы «Шах-тер» сапында 434 матчқа қатысып, 126 гол соққан. «Шахтермен» бірге екі рет ел чемпионатын ұтып алды. Сондай-ақ, 2013 жылғы Қазақстан кубогы мен Супер кубогының иегері атанды.

2003 жылы ел біріншілігінің сұрмер-гені атанса, 2013 жылы Қазақстанның үздік ойыншысы атанды. Сондай-ақ, екі рет «Шахтермен» қола жүлдеге қол жеткізгені тағы бар. Еуропа лигасының топтық кезеңінде өнер көрсетті. Ұлттық құрама сапында 20 матч өткізіп, 5 мәрте мергендік танытқан.

Сонымен, 8 наурыз күні миллион-дардың сүйікті ойыны – футболдан Қазақстан Премьер-лигасының чемпио-наты тұсау кеседі. Армысың, футбол аламаны дейміз!

Бек ТӨлЕУОВ,журналист

аСТаНа

аян ӘБДУӘли,«Егемен Қазақстан»

Қарағандыда өткен ойында «Сарыарқа» Чеховтің «Звезда» ко-мандасын қабылдап, 5:0 есебімен ойсырата жеңді.

Төрешінің ысқырығы естіле сала алға ұмтылған айдын иелері қарсыластарын бірден қысымға ала жөнелді. Орайы келген тұс-тарда қауіпті соққыларын да жау-дырып жатты. Алайда, шабуыл-да қаншалықты сес көрсетсе де, алғашқы голды тек бірінші ке-зең нің соңғы минутында салды. Ойыншы басымдығын тиімді пайдаланған қарағандылықтар Михаил Анисиннің көмегімен алға шықты.

Ойынның келесі бөлігі де дәл осы бағытта өрбіді. 30-минутта Дмитрий Желнеровский бағыттаған

соққы қарсы қақпаның торынан бір-ақ шықты. Үшінші кезең «Сары-арқа» үшін аса сәтті өтті. 52-ми-нутта Дмитрий Желнеровский ойын дағы екінші шайбасын салса, араға төрт минут салып, Нериус Алишаускас есептегі басымдықты арттыра түсті. Ал 58-минутта Антон Сагадеев кездесудегі соңғы голдың авторы атанды.

«Сарыарқа» осылайша «Звезда» клубын жалпы есепте 4:1 етіп же-ңіп, Жоғары хоккей лигасы плей-офф кезеңінің ширек финалына жолдама алды.

Осы сында «Торпедо» коман-дасы өз айдынында «Ижсталь» ұжымымен кездесіп, 3:2 есебімен басым түсті.

Матчтағы алғашқы шай-ба 14-минутта соғылды. Денис Игна шин мергендігімен таны-лып, шығысқазақстандықтарды

алға шығарса, 28-минутта Антон Кочуров екінші шайбаның авто-ры атанды. Арада алты минут өт-кенде қонақтар сапынан Леонид Метальников есеп айырмашылығын қысқартты.

Кездесудің үшінші кезеңінде қос команда бір-бір голдан соқты.

Алдымен, Талғат Жайлауов 47-минутта «Торпедоның» үшін-ші голын салса, 58-минутта Ки-рилл Князев соңғы нүктені қой-ды.

«Торпедо» командасы сериялы матчта төртінші рет жеңіске жетіп, ширек финалға шықты.

Армысың, футбол аламаны!

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Күнпарағымызға көктемнің алғашқы айы – наурыз келіп кірді. Сонымен бірге, биылғы футбол маусымы да есік қағып тұр. Өткен жылы жүлдеге іліге алмаған «ақтөбе» футбол клубының биылғы маусымға әзірлігі қандай деңгейде? Бұл сауалды бас бапкер игорь Рахаевқа қойған едік. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Жоғары хоккей лигасының плей-офф кезеңінде өнер көрсетіп жатқан қазақстандық қос клуб – Қарағандының «Сарыарқасы» мен Өскеменнің «Торпедосы» қарсыластарынан басым түсіп, келесі раундқа шықты. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––XXVIII Дүниежүзілік қысқы Универсиада дода-сы алматы үшін ғана емес, бүкіл Қазақстан үшін айтулы оқиға болды. 57 елдің 2 000-нан аса жас спортшылары бақ сынасты. Осы Универсиадаға қарап-ақ келешекте қысқы спорттың қай түрінен, қай ел, қай шамада боларын бағамдауға бола-тын еді. Қазақстан да өзінің қысқы спорттан артықшылығы мен кемшілігін түйіп алды. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Футбол

Хоккей

Темір ҚҰСаЙЫН,«Егемен Қазақстан»

Оның айтуынша, ақтөбелік фут-болшылар осының алдында Түркияда оқу-жаттығу жұмыс тарына қатысып қайтыпты. Біз барған кезде олар кәсіби шебер ліктерін одан әрі шыңдау мақса-тында Шымкент қаласына аттан ғалы

жатыр екен. «Ақтөбе» футбол клу-бы биылғы маусымдағы алғашқы кездесуін Алматының «Қайратымен» өткізетіні жөніндегі дерекке де осы жерде қанықтық.

Клубтың өткен жылғы құрамы әжептәуір өзгеріске ұшырағанын айта кеткен жөн. Соның ішінде негізгі ойыншылар түгелге жуық

жаңартылған. Дәл бүгінгі күні коман-да құрамының үлкен тобы елімізден тыс жерден шақыртылған футбол-шылар болғанымен, облыс әкімдігі белгілеген бағыт пен бағдарға сәйкес, «Ақтөбенің» құ рамын жергілікті жас-тармен то лықтыру жұмыстары да қатар жүр гізілуде. Бұл үшін болашақ кәсіби футболшыларды тәрбиелеу ісі қолға алынған. Өңірдің барлық аудандарында облыстық футбол орталығының филиалдары қызмет істейтіні де осы сөзімізге дәлел бола алады.

Қазір жаңартылған коман-да құрамында жергілікті тоғыз

футболшы бар. Солардың бірі – өткен жылы шебер ойынымен және дәл соққыларымен көзге түсіп, жан-күйерлердің ризашылығына бө-ленген Бағдат Қайыров. Осы ара да өзінің «Ақтөбесіне» қайта оралған Андрей Сидельниковтің атына да оң пікір, жылы лебіз білдіре кеткеннің артықшылығы жоқ.

Сөз соңында «Ақтөбе» футбол клубының ойыншылары жаңа мау-сымда өз жанкүйерлерін жақсы нәтижелерімен қуантады деп сенім білдіргіміз келеді.

аҚТӨБЕ

«Ақтөбе» маусымға дайын

«Сарыарқа» мен «Торпедо» – ширек финалда

www.uefa.org

Page 11: Жас буын және кәсіпкерлік менталитет · 2017-09-29 · Жас буын және кәсіпкерлік менталитет Кездесу барысында

7 наурыз 2017 жыл 11жарнама

Егер сіз «Егемен Қазақстан»

газетіне жарнама бергіңіз келсе,

мына телефондарға хабарласыңыз:

Астана 37-64-48, 37-60-49. Электронды пошта: [email protected]

Алматы 273-74-39, ф. 341-08-11. Электронды пошта: [email protected]

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Инемен құдық қазғандай еңбегінің арқасында өз саласында төңкеріс жасағанымен, соның жемісін татпағанына, елеп-ескерілмегеніне, әділетсіздік кешкеніне қарамастан бәрібір ізденісін итжандылықпен жалғастырып, айналасына қуана қарайтын да адам бар арамыз-да. Сүлеймен Рахымжанұлы нендей кедергіге тап болса да, өзіне дейін ешкім жүйелемеген экономикалық сөздік түзу машақатын жалғастырып, үнсіз күреседі, яғни жазады, сызады, салыстырады, түзейді, қалайда соңғы жаңа нұсқасын табады. Іздегені сөз болса да, сөздің емес, істің адамы. Ғылыми атағы, бір де бір марапаты жоқ, сый-сияпатқа ентелемеген момын, тап-таза қалпында, міне, 75 жасқа жетті.–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Орталық коммуникация лар қызметінде Білім және ғылым минис-трлігі өкілдерінің қаты суымен брифинг өтті. Оған вице-министр Элмира Сұбханбердиева, Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Дархан Ахмед-Зәкі, Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры Жаңыл Жонтаева мен Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Нұрсейіт Байжанов қатысты. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––ХХ ғасырдың басында қазақ халқының болашағы үшін күресіп, халықтың ұлттық сана-сезімін оятуға ұмтылған, отаршылдыққа қарсы шыққан Алаш қозғалысының тарихтағы орны мен маңызы зор. Ғұмыры қысқа болса да бұл қозғалыс қазақ тарихында өшпес із қалдырған, ең бір айтулы тарихи кезең ретінде сақталған. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының инженерлік орталығы» РМК директоры

лауазымының бос орнына конкурс жариялайды

«Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының инженерлік орталығы» РМК мына мекенжайда орналасқан: 010000, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 4-үй, анықтама телефоны: (7172) 74-67-07. Кәсіпорынның негізгі қызметі – Қазақстан Республикасының Парламенті, тиісті саланың уәкілетті органы, басқа да тұлғалар үшін бұқаралық ақпарат құралдары, байланыс, коммуникациялар, ақпараттандыру және баспа қызметі саласындағы қызметтерді көрсету және жұмыстарды атқару болып табылады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:● білімі жоғары кәсіби;● мамандығы бойынша экономика саласы кәсіпорнының бейініне

сәйкес басшы лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілінің болуы;● осы санаттағы нақты лауазым мамандарына сәйкес, салалардағы

қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу;

● Word, Excel бағдарламалары бар дербес компьютермен жұмыс жасай білу, Интернет, электронды поштасындағы жұмыс дағдылары;

● лауазым бойынша функционалды міндеттерді орындау үшін қажетті міндетті түрдегі басқа да білімдерді меңгеру.

Әңгімелесуге рұқсат алған кандидаттар конкурс жариялаған Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасында құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін үш жұмыс күн ішінде өтеді.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар хабарландыру жарияланған сәттен бастап сағат 10.00-ден 17.30-ге дейін қабылданады.

Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттар тізімі: 1. Конкурсқа қатысу туралы өтініш;2. Кадрларды есепке алу бойынша жеке парағы;3. Мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме; 4. Еркін түрде жазылған өмірбаяны;5. Білімі және еңбек өтілі туралы нотариалды бекітілген құжаттар

көшірмесі;6. Нысан бойынша денсаулығы туралы анықтама;7. Қазақстан азаматтығының жеке куәлігі.Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды қабылдау және кон-

курс мына мекенжайда өтеді: Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, Министрліктер үйі, 12-кіреберіс, А314-кабинет. Анықтама теле-фоны: (7172) 74-74-68, тел/факс 74-74-27.

«Сорос-Қазақстан Қайырымдылық қоры» Корпоративтік қорының 2016 жылға Жылдық есебі

«Сорос-Қазақстан Қайырымдылық қоры (СҚҚ)» Корпоративтік қоры – 1995 жылы «Ашық қоғам» Институтымен құрылған қазақстандық үкіметтік емес қайырымдылық қоры. Қордың миссиясы – Қазақстанда ашық қоғам қағидаларын жылжыту.

Қаражат Сорос-Қазақстан Қоры қызметінің Жарғысы мен бағдарламалық бағыттарына сәйкес гранттарға, түрлі шаралар мен әкімшілік шығыстарға жара-тылды.

СҚҚ саяси партиялар мен қозғалыстардың қызметін қаржыландырмайды және қолдамайды.

2016 жылға бөлінген қаражат«Қоғамдық саясат» бастамасы 168 341 038«Баршаға ашық қоғам» бастамасы 117 762 142 «Адам құқықтары» бағдарламасы 201 805 438«БАҚ-ты қолдау» бағдарламасы 124 170 071Жастар бағдарламасы 118 384 947«Жергілікті бюджет» бастамасы 106 686 770«Ашықтық және есептілік» бағдарламасы 109 595 428«Ашық экономика» бастамасы 39 754 977Әкімшілік шығыстар 331 257 214Барлығы: 1 317 758 025

Қор қызметі және есеп туралы толық ақпаратты www.soros.kz сайтынан ала аласыздар.

А б з а л а з а м а т Қайырбек ОСПАНОВ үстіміз дегі жылғы 10 ақпанда 85 жасында дүниеден озған еді. Ол 1932 жы лы 22 наурыз-да Щу чье ауданының Көр некті ауылында ту-ған. Орта мектепті бі тір-геннен кейін 1952 жылы Семей пе да гогикалық институтының орыс тілі мен әдебиеті факуль-тетіне сырттай оқу бөліміне түс-ті. Осы жылы ол Щучье ауда-нын дағы Жаңажол жетіжылдық мектебінде еңбек жолын мұғалім болып бастап, одан соң Обалы жетіжылдық, Көрнекті бастау-ыш, Қызылту ауданындағы Карл Маркс орта мектептерінде орыс тілі мен әдебиетінен сабақ берді. Институтты қызметтен қол үзбей жүріп 1957 жылы бітірді. 1958 жылы Еңбекшілдер аудандық оқу бөліміне инспектор болып ауысты. Бұл ау-данда түрлі деңгейдегі қызметтерді абыроймен атқарып жұртшылықтың ілтипатына бөленді.

Негізгі қызметімен бірге қо ғамдық жұмыстарға да бел-сене араласты. Халық ағарту қыз меткерлерінің аудандық кә-сіп одақтары комитетінің төр-ағасы, аудандық кеңестің депу-таты болып сайланды. Зайыбы Майра Әбдікәрімова екеуі 6

бала тәр бие леп өсірді. Ұзақ жылғы еселі

еңбегі лайықты баға-ланып, бірнеше ме-дальмен марапатталды. Қазақ КСР халық ағарту ісінің озық қызметкері төс белгісіне, Халық ағарту қызметкерлері республикалық кә сіп-одақтар комите тінің, об лыстық оқу бө лі-мінің, тағы да бас қа

мекемелердің гра мо таларына ие болды. 1998 жылы Астана қаласына қоныс ауда рып Сарыарқа ауданы ардагерлер кеңесінің жұмысына белсенді атсалысты. Қайырбек Оспанов «Ұрыңқай қырғызы», «Шежірелер жиынтығы», «Те гімді менің сұрасаң» деген еңбек тер жа-риялады.

Бірімізге әке, бірімізге ата болған Қайырбек Оспановтың жарқын бейнесі туған-туысқан-дарының, балаларының, немере-шөберелерінің жадында әрдайым сақталады. Марқұмның қырқы 2017 жылғы 22 наурызда сағат 13.00-де Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде беріледі.

Еске алушылар: зайыбы – Майра

Әбдікәрімқызы, балалары, күйеу балалары, келіндері мен

немерелері

ЕСКЕ аЛУ

Жарқын бейнесі әрдайым жадымызда

Қазақстанның инвестициялық қоры «ОҚО-да заманауи тоқыма өндірісін

ұйымдастыру» жобасын жүзеге асырады

«Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ (бұдан әрі – Қор) «ОҚО-да заманауи тоқыма өндірісін ұйымдастыру» жобасын жүзеге асыруды ұсынады.

Қор ынтымақтастықтың мынадай түрлерін ұсынады:1) мүлікті бір жолғы сатып алу;2) мүлікті бөліп төлеу арқылы сатып алу;3) мүлікті жалға алу;4) мүлікті кейінгі сатып алумен жалға алу;5) мүлікті сенімді басқару;6) мүлікті кейінгі сатып алумен сенімді басқару;7) мүліктік қарыз (өтеусіз пайдалану);8) мүлікті кейінгі сатып алумен мүліктік қарыз (өтеусіз пайда-

лану);9) мүлік үлесін бөліп төлеумен алу.Жоба мақсаты – «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында

тоқыма өндірісін ұйымдастыру; мақта талшықтарынан жіп өндіру; дайын мақта-қағаз тоқыма киімін шығаратын тігін-тоқыма өндірісі; мақта-қағаз жіп шығаратын өндірісті кеңейту (лизингтік мәміле); дайын мақта-қағаз маталары мен тігін бұйымдарын шығаратын тоқыма және бояу-әрлеу өндірісін қайта құру.

Жоба Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласында орналасқан.

Шығарылатын өнім: түрлі нөмірдегі мақта-қағаз жіптері, қатты және дайын маталар (бөз, миткаль, сәтен, твил және т.б.), ма-талар (сәтен-жібек, түкті, сәтен), дайын бұйымдар (төсек-орын жиынтықтары, киімдер, түкті бұйымдар).

Өндіріс соңғы жаһандық өндірістік брендтермен жабдықталған.Иіру жабдығы: Rieter (Switzerland);Тоқыма өндірісі: Dornier Bonas (Germany, Belgium), Jűrgens

(Germany), Benninger (Switzerland), Knotex (Germany);Жіп бояу: THIES (Germany);Орау өндірісі: Savio (Italy), RITE (Italy);Бояу-әрлеу өндірісі: Zimmer (Austria), Benninger (Switzerland),

Kűsters (Germany), Monforts (Germany), OSTHOFF WUMAG (Germany), Рirovano (Italy) BOGE (Germany), Biancalani (Italy);

Иіру цехы: LTG (Germany), Neuenhauser (Netherlands), Rieter (Switzerland), Atlas Copco (Sweden), BERKOL by HUBER + SUHNER (Switzerland), Muratec (Japan), JUKI (Japan);

Тігін цехы: JUKI (Japan), Union Special (USA), Тajima (Japan), GERBER (USA), NAOMOTO (Japan), USTER (Switzerland);

«Оңтүстік» АЭҚ-тағы құрылысы аяқталмаған тоқыма өндірісі: Sonoco (USA), Dornier (Germany), Giuseppe Crespi SAS (Italy), SSM (Switzerland), Genkinger (Germany), Bonas (Belgium), Samsung (South Korea), Caverion (Finland), KARL MAYER (Germany), Staubli (Switzerland), Zimmer (Austria), Zweigle (Switzerland), Brustio (Switzerland), USTER(Switzerland);

Жобаның бастапқы құны – 17 956 141 мың теңге.Барлық сұрақтар мен ұсыныстар бойынша мына нөмірге

хабарласыңыздар: 8 (7172) 55 95 96, ішкі 325.

2017 жылдың 5 нау рызында белгілі мұ найшы, соғыс жә-не еңбек ардагері , Қа зақстан мұнай-газ өнер кәсібінің өсіп-өр кендеуіне, мұ найлы а й м а қ т ы ң ә л е у -меттік-экономикалық дамуы на зор үлес қос қан ардақты мұ-н а й ш ы Ж е т п і с б а й Есенжанұлы өмірден өтті.

Ол 1923 жылы 5 маусым-да Атырау облысында дүниеге келген. Мұнай техникумын бітіргеннен кейін еңбек жолын Сағыз мұнай кәсіпшілігінің геоло-гы болып бастаған. Мәскеу жоғары кәсіподақ мектебін бітірген. Ұлы Отан соғысы басталғанда майданға аттанып, Берлин опера-циясына дейін жауынгерлік жол-дан өтеді. Соғыстағы ерлігі үшін І және ІІ дәрежелі Отан соғысы, үш Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталған. Әскери шені – отставкадағы полковник. Бейбіт еңбектегі сіңірген еңбегі үшін «Құрмет Белгісі» ордені мен медальдарының, Қазақ КСР Ж оғарғы Кеңесінің, КСРО Мұнай-газ өнеркәсібі министрлігінің Құрмет грамоталарының иегері атанды.

1947 жылы әскерден оралған ол Атырау облысындағы Мақат аудандық партия комитетінің өнеркәсіп және көлік бөлімінің меңгерушісі, Қазақ мұнай өнер-кәсібі жұмысшылар кәсіп одағы республикалық комитетінің төрағасы, Атырау қалалық кеңесі атқару комитеті төрағасының бі рінші

орынбасары, Жергілікті өнеркәсіп облыстық басқармасының бас-тығы, Атырау қа ла-лық халықтық ба қы-лау комитетінің төр-ағасы, Жаңаөзен аудан-дық кеңесі ат қару ко-митетінің төр ағасы, Маң ғыстау газ өн-ді ру басқармасы бас-ты ғының орынбасары

қыз меттерін атқарды. 1988 жыл-дан – дербес зейнеткер, Жаңа өзен қаласының құрметті азаматы.

Жетпісбай Есенжанұлы жа-уапты қызметтерде басшылық еткенде іске тиянақтылығымен, өзінен де, өзгеден де жұмысты талап ете білетіндігімен, кадрлар-ды іріктеп, адамдармен тіл табыса алатын қасиетімен ерекшеленді.

Н.Ә.Марабаев атындағы «Мұнайшы» қоғамдық қоры-ның ұжымы Жетпісбай Есен-жанұлының қайтыс болуына бай-ланысты марқұмның отбасы мен туған-туысқандарына, үзеңгілес жолдастарына қайғы ларына ортақтасып көңіл айтады. Өмірдің сан сынағынан өткен қайсар да қайратты, іскер де ізгілікті жанның, бірнеше буын шәкірттерін тәрбиелеген ұстаз мұнайшының, асыл ағаның бейнесі біздің жады-мызда әр дайым сақталады.

Н.Ә.Марабаев атындағы «Мұнайшы» қоғамдық

қорының құрылтайшылары А.Құлыбаев, О.Ақшолақов,

Л.Марабаева, атқарушы директоры С.Жылқайдаров

Жетпісбай ЕСЕНЖАНҰЛЫ

Мағира ҚОЖАХМЕТОВА,Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Журналистика факультетінде бірге оқыған Сүлеймен Тоқсанбаев 1969 жылы университетті қызыл дипломмен бітіріп, жаңадан құ-рылып жатқан «Қазақ совет энци-клопедиясына» ғылыми редактор болып орналасты да, ұлтымыздың рухани қазынасына қосылған 13 томның дайындалуына бастан-аяқ қатысты. 1978 жылдан Партия та-рихы институтының құрамындағы «В.И.Лениннің толық шығармалар жинағын қазақ тілінде шығару жөніндегі Бас редакцияда» кеңестік көсем шығармаларын, Саяси бюро мү шелерінің сөйлеген сөздерін аударуға белсене қатысты. Сол тұста аудармада араласпаған са-ласы жоқ екен: медицина, био-логия, ветеринария, химия, мате-матика, география, құрылыс, по-литехника, философия, тарих, т.б. Ғылыми атағы жоқ, пар тия мүшесі емес, сондықтан, эн циклопедияға аты-жөні жазылмады. Аса жауап-ты да азапты жұмыс Сүлейменді төзімділікке баулып, қаламақы төлеудің түрлі қитұрқысына көнуіне тура келді. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстан ұлттық энциклопедиясында эконономи-ка, заң, демография салаларын бір өзі жүргізіп, онда 500-ге тарта мақаласы жарияланып, біразында аты-жөні көрсетілді.

Сүлеймен Рахымжанұлының қаржы-экономика салаларының терминдерін жинап, жүйелеуі, бір ізге түсіруі 1990 жылы Қаржы ми нистрлігіне аударма бөлімінің бастығы болып келген кезінен бас талып, сүйікті кәсібіне ай-налды. Экономика салалары бойын ша автор ұсынған 2 500 аталым мемлекеттік терминком-да бекітілді. Күні бүгінге дейін жарық көрген сөздіктерінің саны 20-ға жетіп, жалпы көлемі 2 200 есепті баспа табақтан асты. Оның

біразын өз ақшасына шығарды, қоржында сүрленіп жатқан 5-6 сөздігі тағы бар.

«Үлкен экономикалық орысша-қазақша сөздігі» – «Боль шой эко-номический русско-казахский словарь» Парламенттен бастап, атқарушы билік құры лымдарының аудармашыларына дейін қолдан түспейтін сөз дікке айналды. Өйткені, мұнда экономиканың негізгі терминдері мен шет сөз дерге қысқаша түсініктеме беріл ген. Сірә, сондықтан да шығар, бұл сөздікті ҚазМҰУ-дің экономика факультеті мен Т.Рысқұлов атындағы ҚЭУ-дің студенттері мен оқытушылары оқулық ретінде пайдаланып келеді. «Большой экономический русско-казахский словарь» (үшінші басы-лым, 85 мың терминді қамтиды, көлемі 112,2 есепті баспа табақ) және «Іскер адамдарға арналған орысша-қазақша тілашар» мен «Банк жүйесінің қызметшілеріне арналған орысша-қазақша анық тамалық-тілашар» 2007 жылы Кипрдің аста-насы Никосия қала сында шығатын халықаралық «ABBYY Lingvo х 3 электронды сөздіктер әлеміне» (Қазақстаннан жалғыз) еніп, элек-тронды нұсқасы дүние жүзіне та-рады. Аталмыш «Үлкен сөздік» Мәскеудегі «Что? Где? Когда?» танымдық бағдарламасынан берілді және Сүлеймен Тоқсанбайдың ең бегі жайында «Айтуға оңай» бағдарламасында «Аударма және терминология» тақырыбы аясында телехабар көрсетілді.

Ол зейнетке шыққаннан бері сөздік түзуге біржолата ден қойып, күніне 15-20 сағат компьютердің алдында отырады. Нәтижесінде, кім-кім де таңғаларлықтай, екі том-дық экономикалық сөздік дайын.

150 мың терминді қамтитын сенсациялық көлемдегі мұн дай сөздік әлемнің бірде-бір елінде жоқ. Бұл сөздігін Тәуел сіздігіміздің 25 жылдығына арнауы да сондықтан.

Мира БАЙБЕК,«Егемен Қазақстан»

Қазақстан Республикасы Ұлт-тық кітапханасының Н.Дәуле това атындағы залында Ш.Уәли ханов атындағы Тарих және этноло-гия институты, Ұлттық кітапхана және «Әділет» тарихи-ағарту қоғамы Алаш қозғалысының 100

жылдығына орай «Алаш деп ғұмыр кешкен» жобасы аясында «Алаш қозғалысы: тарихы мен тағдыры» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.

Кіріспе сөз сөйлеп, ғылыми кон-ференцияны ашық деп жариялаған Ұлттық кітапхана директоры Жанат Сейдумановтан кейін сөз алған Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және

этнология институтының директо-ры, профессор Хангелді Әбжанов, танымал ғалым Әбсаттар Дербісәлі, белгілі тарихшы Мәмбет Қойгелдиев, «Әділет» тарихи-ағарту қоғамы төрағасының орынбасары Бейбіт Қойшыбай, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас ғылыми қызметкері, профессор Айгүл Ісмақова, «Арыс» қорының президенті Ғарифолла Әнес және басқа да белгілі тарихшы ғалымдар, сарапшылар, ғылыми қызметкерлер баяндама жасап, ұсыныс-ойларын ортаға салды.

Ахмет Байтұрсынұлы мұра-жай-үйінің директоры Райхан Имаханбет Алматының қақ

ортасында орналасқан аталмыш музейдің әлі күнге дейін мемле-кеттің қарауына кірмегенін қын-жыла жеткізе отырып, А.Байтұр-сынов музейін Алаш орталығы ету туралы бастама көтеріп, өз ұсынысын айтты.

Қазақ халқының дербес мемле-кет құруына, ұлттық тұтастануына үлкен септігін тигізген, азат тық жо лындағы көтерген идея ла-ры халықтың жүрегіне жол тау-ып, саяси санасын оятқан Алаш қоз ғалысына арналған жиында

арнайы қарар қабылданып, Алаш қозғалысының 100 жылдығына орай Алаш қайраткерлеріне арналған фо-тоальбом шығару, Алаш қозғалысы жайлы зерттеу монографиялар, жинақтар даярлау, Алаш зиялыла-ры ашқан «Қазақ» газетінде 1915, 1916, 1917-ші жылдары төте жазумен жарық көрген мақалаларды кирилл қарпімен кітап етіп шығару, Алаш қайраткерлерінің өмірі мен қызметіне арналған деректі және көркем фильм-дер шығару, мектептерде, жоғары оқу орындарында осы тақырыпта арнайы кештер, семинарлар, тәрбие сағаттарын ұйымдастыру, Алаш энциклопедиясын шығару, Алаш қайраткерлеріне кешенді ескерткіш орнату, т.б. бірқатар маңызды ұсы-ныстар қабылданды.

АЛМАТЫ

Маңызды ұсыныстар қабылданды

мЕмЛЕКЕттіК тіЛдің мәртЕбЕСі

аЛыпқашпа Сөздің ақиқаты

аЛаш-100

Сара сөздікші

Дастан КЕНЖАЛИН,«Егемен Қазақстан»

Брифингте вице-министр Эл-мира Сұбханбердиева әлеуметтік желілерде ведомствоның қызме-тіне қатысты тарап жатқан ақпа рат туралы мәлімдеме жасады. Ол ал-дымен осыдан бір ай бұрын елімізге белгілі бір топ ғалымның жоғары оқу орындарында қазақ тілі мен әдебиеті және басқа да пәндердің алынып тасталуына байланысты министрдің атына жазған хатына байланысты түсініктеме берді. Онда вице-министр хаттың қалай пайда болғаны белгісіз екенін, аталған пәндердің білім ордаларында оқы-тылып жатқанын, олардың алдағы уақытта да сақталатынын атап өтті.

– «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Тарих», «Лингвистика» мен «Шы-ғыстану» пәндері өз орнында. Ештеңе өзгерген жоқ, өзгермейді де. Болашақта пәндердің бәрі сақ талады. Оларды университетте жабу тура-лы ақпарат жалған. Елімізде қазақ тілі мен әдебиетінің қафедралары қалыпты жағдайда жұмыс істеп жа-тыр. Сондықтан осы кафедралардың жабылуы туралы мәлімдемелер жоспарланған жалған ақпарат тарату болып табылады, – деді ол.

Одан кейін ол әліппе оқулығын

алмастыру мен «Серпін» бағдар-ламасына қатысты алыпқашпа әңгіменің шындыққа жанаспай-тынын айтты. Оның айтуынша, былтыр педагогтармен келісе отырып әліппенің 0-ші сынып-та оқытылатыны туралы шешім қабылданған. Қазіргі уақытта мек-тепке баратын балалар әріп танып, оқи алады. Сондықтан «Әліппе» мектепалды даярлық деңгейінде оқытылу тиіс, яғни балаларды мек-тепке даярлайтын 0-ші сыныптарға беріледі. Ал «Ана тілі» пәні 1-ші сыныптан бастап оқытылады.

Жиында министрлік өкілдері әлеуметтік желіде көптен бері қызу әңгіме болып жатқан «Серпін» бағ дарламасына қатысты да тү-сініктеме берді.

Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директо-ры Жаңыл Жонтаева «Серпін» бағдарламасының жоспарлы түрде жүргізіліп жатқанын, биыл оған қосымша 500 орын бөлінгенін ай-тып, қазір жобаға 9 мыңнан астам адам қатысып отырғанын айтты.

– Биыл бөлінген қосымша 500 орын магистранттар мен док-торанттарға бағытталды. Бұл мәселе педагог қауымымен және жер гілікті атқарушы органдармен кеңінен талқыланды, – деді ол.

Министрліктің мәлімдемесі

Page 12: Жас буын және кәсіпкерлік менталитет · 2017-09-29 · Жас буын және кәсіпкерлік менталитет Кездесу барысында

12 7 НАУРЫЗ 2017 ЖЫЛДИДАР

ФОТОЭТЮД ЕЛДІ ЕЛЕҢ ЕТКІЗГЕН

МӘССАҒАН!

––––––––––––––––––––––––––––––––––Елімізге танымал семейлік қол�нер иесі Құрман Абайұлы Аймұханбетов Қытай елінде, Шәуешек қаласында дүниеге кел-ген. Кейінірек қана атамекенге оралған қандас бауырларымыздың бірі. Сондықтан болар, оның туған жерге деген ыстық сезімі, махаббаты әрбір туындыларынан байқалып тұрады. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Жалпыұлттық республикалық газет. 1919 жылғы 17 желтоқсаннан шыға бастады.

Меншік иесі:«Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамыБасқарма төрағасыДархан ҚЫДЫРƏЛІБасқарма төрағасының орынбасарыАйбын ШАҒАЛАҚОВБас редакторАмантай ШƏРІП

Газет мына қалалардағы:Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «Ernur» Медиа холдингі» ЖШС,Алматы қ., Гагарин к-сі, 93 А, «Дəуір» РПБК ЖШС,Қарағанды қ., Сəтбаев к-сі, 15, «Типография Арко» ЖШС,Қостанай қ., Мəуленов к-сі, 16, «Қостанай полиграфия» ЖШС,Қызылорда қ., Байтұрсынов к-сі, 49, «Энергопромсервис» ПФ» ЖШС,Ақтөбе қ., Рысқұлов к-сі, 190, «А-Полиграфия» ЖШС, Атырау қ., Ж.Молдағалиев к-сі, 29 А, «Атырау-Ақпарат» ЖШС,Шымкент қ., Т.Əлімқұлов к-сі, 22, «Ernur prіnt» ЖШС,Павлодар қ., Ленин к-сі, 143, «Дом печати» ЖШС,Тараз қ., Төле би д-лы, 22, «ЖБО «Сенім» ЖШС,Орал қ., Достық-Дружба даң., 215 А, «WESTA» ЖШС,Өскемен қ., Абай д-лы, 20, «Печатное издательство-агентство Рекламный Дайджест» ЖШСбаспаханаларында басылып шықты.

Индекс 65392. Аптасына 5 рет шығады.«Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 6 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. «Егемен Қазақстанда» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Газетті есепке қою туралы №01-Г куəлікті 2007 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республи касының Мəдениет жəне ақпарат министрлігі берген. «Егемен Қа зақ стан» республикалық газеті» АҚ ҚР СТ ИСО 9001-2009 Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» талаптарына сəйкес сертификатталған.

Таралымы 202 360 дана

Нөмірдің кезекші редакторыҰларбек НҰРҒАЛЫМ

Mекенжайымыз: 010008 АСТАНА, «Егемен Қазақстан» газеті көшесі, 5/13 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58аАнықтама үшін:Астанада: АТС 37-65-27, факс 8 (7172) 37-19-87; Электронды пошта: [email protected] Интернет-редакция: [email protected] Алматыда: 8 (727) 273-07-87, факс 8 (727) 273-07-87; Электронды пошта: [email protected] Жарнама-ақпарат бөлімі: Астанада – 8 (717 2) 37-60-49, 37-64-48, [email protected]Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 273-07-26, [email protected]А Материалдың жариялану ақысы төленген. Жарнама, хабарландырудың мазмұны мен мəтініне тапсырыс беруші жауапты.Газеттің жеткізілуіне қатысты сұрақтар үшін байланыстелефоны: 1499 («Қазпошта» АҚ)

Меншікті тілшілер:Астана – 8 (717-2) 37-54-21;Ақтау – 8 (701) 593-64-78;Ақтөбе – 8 (713-2) 56-01-75;Талдықорған – 8 (728-2) 27-05-70;Атырау – 8 (712-2) 31-74-13;Көкшетау – 8 (716-2) 25-76-91;Қарағанды – 8 (701) 3757434;Қостанай – 8 (714-2) 21-01-42;Қызылорда – 8 (701) 772-70-74;Орал – 8 (775) 336-47-57;Өскемен – 8 (777) 355-41-14;Павлодар – 8 (718-2) 54-31-56;Тараз – 8 (726-2) 43-37-33;Шымкент – 8 (701) 362-63-76;Петропавл – 8 (715-2) 50-72-50.

Суретті түсірген Сәрсенбек ҚЫЗАЙБЕКҰЛЫ

Азамат ҚАСЫМ,«Егемен Қазақстан»

Мектеп директоры Райхан Жанғазықызы құттықтау сө зінде тəрбие ошағына ойшыл ақынның есімін беру оңайға түспегенін, осы сəтті 12 жыл бойы асыға күткендерін айтты.

Көптен бері көкейде жүрген арманымыз орындалып отыр. Мектебіміздің Шыңғыстаудың үш шыңының бірі, ғұлама ға-лым Шəкəрімнің есімімен ата-лып отырғаны біз үшін үлкен мақтаныш, зор қуаныш. Білім ордасында шəкəрімтану курсы оқытылады. Оқушыларымыз

ақынның өлеңдері мен филосо-фиялық ойларын жатқа біледі десек те болады. Бұл тарапта мек-теп ішінде көптеген жұмыстар жүргізіледі, – деді мектеп ди-ректоры.

Тұсаукесер рəсіміне қатысқан Өскемен қалалық білім бөлімінің басшысы Мəдениет Ахметова мұғалімдер мен оқушыларды мерейлі мезетпен құттықтап, шаһардағы қазақ мектептері санының жылдан жылға артып келе жатқанын атап өтті.

– Өскемендегі 34 мыңға жуық оқушылардың 15 мыңдайы қазақ мектептерінде оқиды. Құдайға шүкір, тəуелсіздіктің арқасында елімізде қазақ тілінде

білім беретін оқу орындарының қатары көбейді. Бұл бағыттағы жұмыстар əлі де жалғасады. Оқу-шылар, сіздерге айтарым, Шə-кəрім аталарыңның «Адамдық борышың – халқыңа еңбек қыл» деген тамаша сөзі бар. Ойшылдың осындай сөздерін саналарыңызға сіңіріп, келешекте халыққа адал еңбек ететіндеріңізге кəміл сене-міз, – деді ол.

Сонымен қатар, бұл күні мек-тепте Шəкəрім атындағы ка би-неттің тұсаукесер рəсімі өтті.

�СКЕМЕН

Суретті түсіргенЕсімхан ОРЫНБАЕВ

Азамат ҚАСЫМ,«Егемен Қазақстан»

Иə, дəл солай. Өскемендегі Ертіс өзенінің жағасындағы кеме үстінде орналасқан «Арабелла» мейрамханасы суда жүзіп жүр. Жүзгенде, еріккеннен жүзіп жүрген жоқ. Мейрамхананы жағамен жалғастырып тұрған темір арқан сыр беріп, үзіліп кетсе керек. Темір арқан неге

үзілді? Бұған не себеп болды? Ол жағы əзірге беймəлім. Мəн-жайды білмек ниетпен мейрамха-на əкімшілігіне хабарласып едік. Мандытып жауап бермеді. «Бəрі жақсы, бəрі дұрыс» деп қысқа қайырды.

�СКЕМЕН

Суретті түсіргенМәнап МҰРЗАТАЕВ

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,«Егемен Қазақстан»

Жаңаөзендік оқушы Рамазан Қой-шыбаев – болашағынан үлкен үміт күттіретін ізденімпаз жас, жоқтан бар жасауды мақсат еткен өнертапқыш. Бұған дейін адамның араласуынсыз-ақ перделері ашылып, жарық жанатын «Ақылды үй» жобасын ойлап тапқан ол енді даяшы қызметін атқаратын жəне адамдармен сөйлесіп, тілек тілей алатын құлтемірді ойлап тапты.

Биіктігі 40 см болатын құлтемір тамақты алып келеді, тамақтың дайын болғандығын хабарлайды жəне тамақты қолына алған адамға «ас дəмді болсын» деген тілегін арнауды да ұмытпайды.

Құлтемір жасауды көптен ойында жетілдіріп, дамытып жүрген оқушы бір жыл сызбаларын сызып, екі аптада өз мақсатына қол жеткізеді. Өнертапқыш тілек тілеп, сұхбаттаса алатын құлтемірдің сөздік қорын молайтуды ойлап жүр. Рамазанның ұстазы Б.Мұхаммед шəкіртінен зор жетістіктер күтеді.

– Аз уақытта маған миын жасап, сөйлетіп, қалай жасайтынын, қалай жүретінін көрсетті. Одан кейін сыртын жасауға кірісіп кетті. Бұл бірінші нұсқасы, оны одан əрі жетілдіріп, негізгі дизайнына дейін жеткізу жоспарлануда, – дейді ұстаз.

Ал Рамазан болса жапон үлгісінде дайындалған құлтемір болашақта мей-рамханаларда қызмет ететініне сенімді. Ол осы салада білімін жетілдіріп, бас-қа да интеллект иелерін ойлап тап пақ. Қазір ол көктемдегі іріктеуден өтіп, Ал-маты қаласында өтетін үлкен сайыстарға қатысуды жоспарлап отыр.

Маңғыстау облысы

Нәзира Ж�РІМБЕТОВА,«Егемен Қазақстан»

Марфуға Селтеткенова əжей-дің келбеті мен қимылына қарап таңғалмасқа болмайды. Тəңірі сыйлаған ұзақ жасы мен денсаулығы болар, əжейді қашан көрсең де қарағайдай болып, диванның үстінде кітап оқып отырады. Қызы Жібек апай əжеміздің кітап оқығанды ұнататынын айтады. Жас кезінде ме-дреседе оқыған, араб харпін жақсы білетіндіктен көбіне «Құранды» түпнұсқасынан оқиды екен. Со-нымен қатар, əжей шөберелері əкеліп берген кітаптарды, журнал-дарды қазақ, орыс, татар, башқұрт тілдерінде бірдей оқи береді.

Марфуға əжей Ресейдің Қор-ған облысында 1902 жылы нау-рыз айында туған. Оның өмірі тақтайдай тегіс болған жоқ. За-мана əкелген қиындықтардың барлығын да басынан өткерді. Əжейдің шалы Ұлы Отан со-ғысына аттанғанда, Марфуғаны еңбек армиясына жібереді. Сиыр да сауды, астық та жинады, мал

да бақты. Бейнетті көруіндей көрді. Соғыстан бұрынғы жылда-ры да жырғамаған еді. Ашқұрсақ əрі үреймен өткізген жылдар аз болған жоқ.

Марфуға 12 бала тəрбиеледі, оның екеуі шалының бұрынғы əйелінен қалған, бауырына салған қыздары екен. Олардан қазір 40 немере, 30 шөбересі бар, тіпті шөпшектерінің алақанынан су ішкен бақытты жан. Өскеменде тұратын үлкен қызы 97 жасқа келіпті. Өзін бағып-қағып отырған алтыншы қызы Жібек апайдың өзі жетпісті алқымдап қалды.

Бүгінде 115 жасқа толып отырған əжейді жақын білетін туыстары оның ақ көңіл, ешкімді ренжітпеген, жүрегі таза кісі екенін айтады.

– Ол үйге келген кісінің бар-лығына батасын беріп отырады, жас күнінен ешкімге жамандық жасамапты, тілі тимепті. Сосын анам өте еңбекқор болды. Жүзден асып кеткенде де адамдарға құран сүрелері жазылған тұмарлар істеп беретін, тігін тікті. Ол қарап отыр-майды, – дейді қызы Жібек апай.

Бір қызығы, осыдан екі жыл бұрын Марфуға əже қатты ауы-рып, екі ай төсек тартып жатып қалыпты. Балалары анасы қайтып тұрмайтын болар деп, дайында-ла бастайды. «Жедел жəрдем» шақырғаны болмаса, ауруханаға да апармайды. Ал Марфуға əжей бірте-бірте беті бері қарап, жазы-лып кетеді де, сол тұрғаннан кейін тамақ таңдамайтын болыпты.

– Бұрын асқа талғаммен қарай-тын, ет, жұмыртқа, дүкендегі шұ-жықты, қант жемейтін. Қазір бəрін жейді, – дейді Жібек апа күліп.

Марфуға əжей əлі ширақ. Жасы 112-ге келгенше бес уақыт намазын үзбепті. Сөзі де пысық. Ол енді бір-екі жылда 117 жасқа келсе, Гиннестің рекордтар кітабына енген жапондық Мисао Окаваны қуып жетеді. Əжейдің өзі жапондық əйелден де асып түскісі бар екен. Оның бұл арман-мақсаты негізсіз де емес, ұзақ жасау бұл кісінің анасы жағынан келсе керек. Анасы да, тағы бір наға шы ағасы да жүзден асқан көрінеді.

ҚОСТАНАЙ

Бүгінде Құрман Абайұлы қаладағы ең үздік оқу орнының бірі – Бизнес жəне сервис колледжінде табысты еңбек етіп жүр.

– Менің жас буын сту-денттерге сабақ беріп қана қоймай, осындай өнермен өз шығармашылығыммен ай-налысатынымды байқаған директорымыз, білгір ма-

ман, білікті басшы Альмира Балтабекқызы Хожанова үнемі қолдау, көмек көрсетіп тұрады, – дейді Құрман аға ағынан жарылып, – колледж-де менің авторлық көрмем тұрақты жұмыс істеп тұр. Сонымен қатар, алғашқы еңбектері жақсы жасалған шəкірт терімнің де көрмесі бірге қойылған.

Жақында Астанада Қа-з а қ с т а н Р е с п у б л и к а с ы

Тұң ғыш Президенті – Елбасы кітапханасында Семей ядро-лық сынақ полигонының құнды құжаттарына орай көр-ме ұйымдастырылған еді. Көр-меге мүсінші бас-аяғы он бес дүние апарыпты.

Құрман Абайұлы жасаған дүниелер көрмеде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Семей полигонын жабу,

Кур чатовтағы Ұлттық ядро-лық орталығын ашу сияқты көптеген құнды құжат тары-мен қатар тұрыпты. Сол туындыларының қата рын-да «Өлім себуші саңы рау-құлақтың жануарға əсері», «Жа рылыс азабы», «Отқа оранған үшеу», «Қара жəне шо шы» сияқты көптеген ғажайып мүсіндер бар.

– М е н і ң к ө р м е г е қойған жұ мыс тарымнан

Марфуға әжей рекорд жаңартқысы келеді

Ертісте мейрамхана жүзіп жүр...

ЖАҒЫМДЫ ЖАҢАЛЫҚ

КӨРМЕ БӘРЕКЕЛДІ!

Шәкәрімнің есімі берілді

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––�скемендегі №1 мектепке қазақтың ұлы ақыны, философ, ғұ-лама ғалым Шәкәрім Құдайбердіұлының есімі ресми түрде бері-ліп, білім ордасында осы қуанышқа орай тұсаукесер рәсімі �тті. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Бейнелер ойдан шығарылмайды

ша ра сыз дық ты ға-на көрмеңіздер. Бұл алда ғы бо-лашаққа қор қы-ныш, алаң дату деп түсініп, осындай сұмдықты адам-дар енді қай та-ламаса деген ес-керту. Əрбір экс -понат жан түр-шіктіреді . Ойға батырады. Бұл ара-мызда өмір сүріп жатқан жандардың

прототипі. Олар тек тауқымет ше гіп жатыр. Бі реу дің қатесі үшін азап шеккендер. Осыны істеген Адам! – дейді Құрман аға, – Мына бір мүсінімде, полигонның зардабы ти-месе, шіркін, сұлу қыздар қарайтын жігітке айналар ма еді деген бозбаланың ойын жеткізуге тырыстым. Əрбір мүсіннің өзіндік мəні мен

мағынасы бар. Бейнелер ой-дан шығарылмайды. Бүгінде Семей полигонының зарда-бына байланысты 30 мүсін жасалды. Əлі де 2 көлік ағаш бұтақтары мен шөркелер ке-зегін күтіп тұр.

Раушан НҰҒМАНБЕКОВА

СЕМЕЙ

Суреттерді түсірген автор

Тамақты робот тасиды