ертегі айта ма? ФАНЕР - egemen · 2017-10-30 · Сол кезде бізге...

10
(Соңы 4-бетте). (Соңы 2-бетте). (Соңы 2-бетте). Бїгінгі нґмірде: Ќаржы нарыєындаєы ќайшылыќтар 3-бет Ґнімі ґтімді «ЌазАзот» 4-бет Жырдыѕ жарыќ жўлдызы 6-бет Ата-əжелеріміз ертегі айта ма? 10-бет №14 (28492) 23 ҚАҢТАР ЖҰМА 2015 ЖЫЛ Еңбегімен еленген Раушан НҰҒМАНБЕКОВА. Дұрыс əзірленген тамақ – адамның көтеріңкі көңіл күйінің кепілдігі. Тамақты жақсы дайын- дайтын маман барлық жерде қажет. Перзентханада, балалар үйінде, зауытта, қазіргі заманғы офис пен сəулетті мейманха- наларда аспаз таптырмайтын мамандық. – Мен Бородулиха ауданының тумасымын. Балалық шағым Камышенка ауылында өтті, – дейді Лəйла Ыдырысова, – кейін отбасылық жағдайға байланысты Семей қаласына көшіп келдік. Семейде қатарлас- тарымнан қалмай еңбек еттім. Бұл тоқсаныншы жылдар болатын. Жұмыс жоқ, электр энергиясының өзі тапшы Семейде үйіміз қаланың шет жағында. Сол кезде біз сияқты жас отбасыларға да оңай болған жоқ. Қолымызда кішкентай ба- ламыз бар, оны бағып-қағу керек. Киім, тамақ керек. Бəрі ақшаға келіп тірелмей ме? Осындай қиын уақытта жұбайыма бір көмегім тисін деп асханаға ыдыс-аяқ жуу- шы болып орналастым. Осыдан менің еңбек жолым басталды десе де болады. Ыдыс-аяқ жуушы бо- лып көп жұмыс істеген жоқпын. Өзімнің жеке кəсібімді бастағым келді. Мен табиғатымнан тамақ дайындауға өте жақынмын. Асханада ыдыс жуып жүріп, қандай тағамның болсын дəмін татып көргім келетін. Жетпей тұрған, болмаса көп салынған нəрсесін бірден сезіп қаламын. Тамақ дайындауға табиғатымнан жақын болған соң бəрінен де осы мамандықты таңдадым. «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы туралы естіген Лəйла Ыдырысова қалалық жұмыспен қамту орталығында біліктілігін қайта көтеру курсы- на жазылып, аспаз мамандығына жолдама алады. Курс бары- сында бүгінгі күнгі ас мəзірі жəне мерекелік дастарқан мəдениетінің қайта өркендеуінен түсінік алып, заман талабына сай келетін асханалық ыдыс- аяқтарды жетілдіруді, дастарқан басында өзін-өзі ұстауды оқып- түйсініп, білімін қажетінше кеңейтеді. Курсты тəмамдаған соң қаладағы «Бауырсақ» деп аталатын шағын асханаға аспаз болып орналасады. Кейінірек асхананың иесі Ресейге көшпекші болып, «Бауырсақты» Лəйла Ыдырысова жеке өзі жалға алып, жұмыс істей бастайды. – Шағын асханамды біраз уақыт өткен соң кеңейтіп, дəмханаға айналдырдым. Адамдар дəмханама түскі асқа, демалуға, уақытын қызықты əрі мазмұнды өткізуге, отбасы мерекелері мен мерейтойларын атап өтуге келеді. Сол кезде бізге рахметін айтып жатады. Барлық халықтың ұлттық тағамдарын дайындаймыз. Кейбір адамдар аспаз өнерінде ешқандай қиындық жоқ, тек қана тағамдар- ды араластыру керек, ал пеш өзі пісіріп шығарады деп ойлайды. Қазіргі заманда кім тамақ дайын- дау білмейді, тіпті кез келген адам аспаз бола салады дейді. Бірақ олай емес. Бұл істе ең алдымен талғам керек, дəм мен иісті сезіп, халықты тойдырып қана қоймай, көңілінен де шыға білген жөн, – дейді бас аспаз Лəйла Ыдырысова. Оның дəмханасында жұмыс күні таңғы сағат алтыдан баста- лады екен. Қарамағындағы сегіз қызметкері осы уақытта келіп, өз жұмыстарына дереу кірісіп жатады. Нан, ет өнімдерінен жасалған тағам уақытында тезірек əзір болу керек. Ал сағат таңғы жеті жарымнан бастап адамдар тамақ ішуге келе бастайды. Жеке дəмханам бар деп қол қусырып отырған Лəйланы байқамадық, ол жұмысшыларымен бірге нан илеп, тамақ пісіріп, жанталасып жүр. СЕМЕЙ. АСПАЗ Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан». Таяуда Семей қаласына ісса- пармен барғанымызда, шаһар басшысы Айбек Кəрімов қалада Индустрияландыру картасына енген жобалардың нəтижелі жұ- мыс істей бастағанын жеткізді. Солардың бірі – «Семей ағаш өңдеу зауыты» ЖШС. Зауыт ди- ректоры Ғажап Қалиев бұрын «Ромат» компаниясында, Семей кірпіш зауытында еңбек етіпті. Жеке өндіріс орнын құруды көз- деген ол осыдан үш жыл бұрын жаңа кəсіп бастаған. Алдымен Кеңес өкіметі кезінде ағаш өндіру зауыты болған, кейіннен қаңырап бос қалған ескі ғимаратты сатып алады. Ғимаратты қалпына кел- тірген соң ондағы ағаш өңдеу за- уытын қайта жаңғыртуды қолға алған кəсіпкер шетелден жоғары технологиялы қондырғылар алып келген екен. 2012 жылы құрылған Семей ағаш өңдеу зауыты бүгінде фа- нер өндіреді. 2013 жылы Қытай- дан жаңа технологиялық қондыр- ғылар сатып алынған. Зауыт ди- ректорының айтуынша, аталған қондырғының өндірістік қуаты өте жоғары. – Озық технологияға негіз- делген автоматты қондырғы бір мезетте 25 дана фанер шығара- ды. Кеңестік кезеңдегі зауытта 6 дана ғана шығаруға мүмкін- дік болатын. Дəл осындай қон- дырғылардың ресейлік түрлері де бар. Бірақ олардың өнімділік қуаты төмен. Өйткені, жарты- лай автоматты болғандықтан, ресейлік құрылғы 18 фанер ұя- шығына дейін ғана шығара ала- ды. Ал біздің станоктарымыз ең- бек өнімділігін арттыра отырып, автоматты түрде фанердің енін 1,22, ал ұзындығын 2,44 метр көлемінде кеседі. Сондай-ақ, фанердің қалыңдығын 6 милли- метрден 26 миллиметрге дейін ұлғайтуға мүмкіндігіміз бар. Қытай елінен əкелген цех қон- дырғысын орнатуға бір жарым жыл уақыт жұмсалды. Оның ерекшелігі компьютерлік бағ- дарлама арқылы құрылатындығы екен. Оны орнатуға қытайлық мамандарды шақырған жоқпыз. Өз білімімізге сүйеніп, бағдар- ламаны қытай тілінен орыс тіліне аудару арқылы қондырғыны орнатып шықтық, – деді Ғажап Қалиев. ФАНЕР Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан». Күн тəртібінде бірінші қарал- ған «Мемлекеттік жастар саяса- ты туралы» заң жобасы бойынша баяндаған Білім жəне ғылым ми- нистрі Аслан Сəрінжіпов: Елбасы «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауында «жастар – біздің болашағымыздың тірегі», деген сөз айтты. Заң жобасы Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында əзірленіп отыр», – деді. Атап айтқанда, Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІХ сессиясында мемлекеттік жас- тар саясаты мəселелері бойынша заңнаманы жаңарту жəне «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанатының II съезінде заң жобасын бүгінгі талаптарға сəй- кес келтіріп, сапасын жақсарту Жастар – біздіѕ болашаєымыздыѕ тірегі Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жетекшілігімен өткен палатаның кешегі жалпы отырысында «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» жəне оған ілеспе «Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» заң жобалары талқыға салынды. Бағдарламада реформалар жүргізу, сондай-ақ, Қазақстанның əлеуметтік-экономикалық дамуы- ның шешуші салаларында ірі жо- баларды жүзеге асыру қарасты- рылған. Елдік бағдарлама Қазақ- станның ЭЫЖД-ның бірқатар қарарлары мен ұсыныс-кеңестеріне қосылуына, оның құрылымдық бөлімшелерінің жұмысына атсалы- суына мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасы мен ЭЫЖД арасындағы екіжақты ын- тымақтастық елдің мемлекеттік басқару жүйесі, білім беру, ден- саулық сақтау, жұмыспен қамту, фискальдық саясат салаларындағы бəсекеге қабілеттілігін арттыруға жағдай жасап, іскерлік ахуалды жақсартады. Қазақстан ЭЫЖД алғаш рет Елдік ынтымақтастық бағдарламасын бірлесіп əзірлеген төрт елдің бірі болып отыр. Елдік бағдарламаны жүзеге асыру 2050 жылға қарай əлемнің не- ғұрлым дамыған 30 елінің қатарына қосылу жөніндегі ұзақмерзімді міндетке қол жеткізу үшін Қазақ- станның ЭЫЖД елдерінің озық тəжірибелерін енгізуге деген ұм- тылысын айғақтайтын екіжақты қарым-қатынастардың стратегия- лық маңызды сатысы болып табы- лады, деп атап өтті Кəрім Мəсімов қол қою қорытындысы бойынша. Өз кезегінде, Анхель Гурриа да қол қойылған құжаттың маңызды- лығын атап көрсетті. Қазақстан Еуропа мен Азияның қиылысында стратегиялық тұрғы- да орналасқан, Орталық Азияда экономикасы көш бастаушы ел бо- лып табылады. Мен Елдік бағдар- ламаны жүзеге асырудың оң əсері- нің реформаларға жəне өңірдегі өзге елдерге пайда əкелетініне сенімдімін, деді ЭЫЖД-ның Бас хатшысы. Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан». Мемлекеттік хатшы қордың Қазақстан халқының тұрақты дамуы мен əл-ауқатының артуындағы елеулі үлесін атап өтіп, оның атқарып жатқан істеріне ризашылығын білдірді. Сіздер Қазақстан аумағында 1992 жылдан бері қызмет етіп келесіздер. Халыќаралыќ ўйыммен ыќпалдастыќ артпаќ Кеше Давостағы Дүниежүзілік экономикалық форумда Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кəрім Мəсімов пен Экономикалық ынтымақтастық жəне даму ұйымының (ЭЫЖД) Бас хатшысы Анхель Гурриа 2015-2016 жылдарға арналған Елдік ынтымақтастық бағдарламасын жүзеге асыру туралы Қазақстан Үкіметі мен ЭЫЖД арасындағы өзара түсіністік тура- лы меморандумға қол қойды, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі. Ынтымаќтастыќ жалєасады Кеше Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Əбдіқалықова БҰҰ Тұрғын халық саласындағы (ЮНФПА) қорының Орталық Азия елдері жөніндегі кеңсесінің директоры Николай Ботевпен кездесті. Семей аєаш ґѕдеу зауытыныѕ ґнімдері еуропалыќ елдерге экспортталады басты талап. Заң жобасының мақ- саты – жастардың дамуына жағдай жəне олардың мемлекет өміріне қатысуына мүмкіндіктер жасау. Заң жобасының мазмұнына да тоқ- тала кеткен министр оның бес та- рау мен отыз бір баптан тұратын- дығын мəлімдеді. Бұл ретте мем- лекеттік жастар саясатының үш негізгі міндеті қарастырылса, олар жастардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау; жастарды ел- дің əлеуметтік-экономикалық жəне қоғамдық-саяси өміріне тар- ту; азаматтыққа тəрбиелеу жəне қазақстандық патриотизм сезімін нығайту деп белгіленген. Сондай-ақ, қолжетімді жəне са- палы білім беруді қамтамасыз ету, ғылыми-техникалық əлеуетті да- мыту мен денсаулық сақтау жəне нығайту назардан тыс қалмаған. (Соңы 2-бетте). Қабиболла Жақыпов аталған бағыт біздің еліміздің стратегиялық басымдықтарының бірі екенін алға тарта келіп, Қазақстан Президентінің сан қырлы саяса- ты əлемнің көптеген елдерімен ынтымақтастық орнатуға айқын жол ашатынын атап өтті. Ивета Григуле Қазақстанның əлеуметтік-экономикалық даму үдерісіне өте жоғары баға берді. Оның айтуынша, біздің елде əрбір Ќазаќстан мен Еуроодаќ теѕ ќўќылы əрі ґзара тиімді əріптестер Кеше Мəжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыпов пен Орталық Азия елдерімен ынтымақтастық жөніндегі Еуропарламент делегациясының басшысы Ивета Григуле қазақстандық-еуропалық өзара іс-қимылды нығайту мəселелерін талқылады. Бұл – Ивета Григуленің жаңа қызметінде Қазақстанға алғашқы келуі, деп ха- барлады Мəжілістің баспасөз қызметі. адамның, жалпы алғанда, бүкіл қоғамның əл-ауқатын көтеруге ай- рықша көңіл бөлінген. Бүгінгі күні Еуроодақ – Қазақстанның барлық саладағы ірі əріптесінің бірі. Мəртебелі мейманның атап өткеніндей, адамдар арасында сенімділік қарым-қатынасты ор- нату мен дамыту өте маңызды, ол жалпы мемлекет табысының жарқын кепілі. Кеше Қазақстан Респуб- ликасы Парламенті Сена- тының Төрағасы Қасым-Жо- март Тоқаев Біріккен Ұлт- тар Ұйымы АИТВ/ЖИТС жөніндегі біріккен бағдар- ламасының (ЮНЭЙДС) Шығыс Еуропа жəне Орта- лық Азиядағы Өңірлік дирек- торы Виней Салдананы қабылдады, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі. Мейманмен жүздесуде Қ.То- қаев В.Салдананың таяуда осы жауапты лауазымға тағайындалуы ЮНЭЙДС-тің аймақтағы жұмысын үдетуге ықпал ететініне сенім біл- дірді. Сенат Төрағасының пікі- рінше, БҰҰ-ның 11 ұйымының қызметін үйлестіретін ЮНЭЙДС ЖИТС жұқпалы ауруына диаг- ностика жасау, алдын алу, емдеу жəне ақырында жоюды бағдар ет- кен əлемнің түрлі аймақтарындағы қызметінде елеулі нəтижелерге қол жеткізді. В.Салдана ЖИТС-пен күрес жөніндегі Қазақстан жүргізіп келе жатқан жұмыстарды жоғары бағалады жəне осы көкейкесті мəселені шешуде Парламент пен Үкіметтің өзара іс-қимылының маңыздылығын атап өтті. «ЖИТС- пен күресте Қазақстан 2020 жылы Орталық Азия жəне ТМД-дағы алдыңғы саптағы ел болады деп күтеміз», – деді ЮНЭЙДС-тің Өңірлік директоры. Ұйым елдегі Алматы кеңсесін АИТВ жұқпалы ауруына диагностика жасау, ал- дын алу, емдеу жəне мониторинг жүргізу жөніндегі шараларды үйлестіру мақсатында Орталық Азиядағы ресурстық орталық дең- гейіне дейін нығайтуды жоспар- лап отыр. Сенат Төрағасы жүздесушіні елдегі əлеуметтік-экономикалық ахуалмен, Орталық Азиядағы жағдаймен жəне Парламенттің заң шығару қызметімен таныс- тырды. В.Салдана Президент Н.Назар- баевтың украин шиеленісін рет- теу туралы бастамасы мен оның Астанада «Норманд төрттігінің» кездесуін өткізу туралы ұсынысы əлемдік қоғамдастық тарапынан ризашылықпен қабыл алынғанын жəне ол БҰҰ тарапынан қолдау тапқанын атап өтті. Ґѕірлік директорды ќабылдады Арнаулы баяндамашымен жїздесті Кеше Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі жəне құқық қорғау орган- дары комитетінің төрағасы Серік Ақылбай мен Мəжілістің Заңнама жəне сот-құқықтық реформа жөніндегі комитетінің төрағасы Рахмет Мұқашев БҰҰ-ның Бейбіт басқосулар мен шерулерді өткізу саласындағы еркіндік құқықтары жөніндегі арнаулы баяндамашысы Майна Киаимен кездесті. Жүздесу барысында тараптар бейбіт басқосулар мен шерулерді өткізу саласындағы еркіндік құқықтары саласындағы қазақстандық заңнамалық базаның жағдайы жəне оны жетілдірудің келешегі туралы пікір алмасты, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

Upload: others

Post on 04-Jun-2020

27 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

Page 1: ертегі айта ма? ФАНЕР - Egemen · 2017-10-30 · Сол кезде бізге рахметін айтып жатады. ... ған «Мемлекеттік жастар

(Соңы 4-бетте).

(Соңы 2-бетте).

(Соңы 2-бетте).

Бїгінгі нґмірде:Ќаржы нарыєындаєы ќайшылыќтар

3-бетҐнімі ґтімді «ЌазАзот»

4-бетЖырдыѕ жарыќ жўлдызы

6-бетАта-əжелеріміз ертегі айта ма?

10-бет

№14 (28492)23 ҚАҢТАР

ЖҰМА2015 ЖЫЛ

● Еңбегімен еленген

Раушан НҰҒМАНБЕКОВА.

Дұрыс əзірленген тамақ – адамның көтеріңкі көңіл күйінің кепілдігі. Тамақты жақсы дайын-дайтын маман барлық жерде қа жет. Перзентханада, балалар үйінде, зауытта, қазіргі заманғы офис пен сəулетті мейманха-наларда аспаз таптырмайтын мамандық.

– Мен Бородулиха ауданының тумасымын. Балалық шағым Камышенка ауылында өтті, – дейді Лəйла Ыдырысова, – кейін отбасылық жағдайға бай ланысты Семей қаласына көшіп келдік. Семейде қатар лас-тарымнан қалмай еңбек еттім. Бұл тоқсаныншы жылдар болатын. Жұмыс жоқ, электр энергиясының өзі тапшы Семейде үйіміз қаланың шет жағында. Сол кезде біз сияқты жас отбасыларға да оңай болған жоқ. Қолымызда кішкентай ба-ламыз бар, оны бағып-қағу керек. Киім, тамақ керек. Бəрі ақшаға

келіп тірелмей ме? Осындай қиын уақытта жұбайыма бір көмегім тисін деп асханаға ыдыс-аяқ жуу-шы болып орналастым. Осыдан менің еңбек жолым басталды десе де болады. Ыдыс-аяқ жуушы бо-лып көп жұмыс істеген жоқпын. Өзімнің жеке кəсібімді бастағым келді. Мен табиғатымнан тамақ дайындауға өте жақынмын. Асханада ыдыс жуып жүріп, қандай тағамның болсын дəмін татып көргім келетін. Жетпей тұрған, болмаса көп салынған нəрсесін бірден сезіп қаламын. Тамақ дайындауға табиғатымнан жақын болған соң бəрінен де осы мамандықты таңдадым.

«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы туралы естіген Лəйла Ыдырысова қалалық жұмыспен қамту орталығында біліктілігін қайта көтеру курсы-на жазылып, аспаз мамандығына жолдама алады. Курс бары-сында бүгінгі күнгі ас мəзірі жəне мерекел ік дастарқан

мəдениетінің қайта өркендеуінен түсінік алып, заман талабына сай келетін асханалық ыдыс-аяқтарды жетілдіруді, дастарқан басында өзін-өзі ұстауды оқып-түйсініп, білімін қажетінше кеңейтеді. Курсты тəмамдаған соң қаладағы «Бауырсақ» деп аталатын шағын асханаға аспаз

болып орналасады. Кейінірек асхананың иесі Ресейге көшпекші болып, «Бауырсақты» Лəйла Ыдырысова жеке өзі жалға алып, жұмыс істей бастайды.

– Шағын асханамды біраз уақыт өткен соң кеңейтіп, дəмханаға айналдырдым. Адамдар дəмханама түскі асқа, демалуға,

уақытын қызықты əрі мазмұнды өткізуге, отбасы мерекелері мен мерейтойларын атап өтуге келеді. Сол кезде бізге рахметін айтып жатады. Барлық халықтың ұлттық тағамдарын дайындаймыз. Кейбір адамдар аспаз өнерінде ешқандай қиындық жоқ, тек қана тағам дар-ды араластыру керек, ал пеш өзі пісіріп шығарады деп ойлайды. Қазіргі заманда кім тамақ дайын-дау білмейді, тіпті кез келген адам аспаз бола салады дейді. Бірақ олай емес. Бұл істе ең алдымен талғам керек, дəм мен иісті сезіп, халықты тойдырып қана қоймай, көңілінен де шыға білген жөн, – дейді бас аспаз Лəйла Ыдырысова.

Оның дəмханасында жұмыс күні таңғы сағат алтыдан баста-лады екен. Қарамағындағы сегіз қызметкері осы уақытта келіп, өз жұмыстарына дереу кірісіп жатады. Нан, ет өнімдерінен жасалған тағам уақытында тезірек əзір болу керек. Ал сағат таңғы жеті жарымнан бастап адамдар тамақ ішуге келе бастайды. Жеке дəм ханам бар деп қол қусырып отырған Лəйланы байқамадық, ол жұмысшыларымен бірге нан илеп, тамақ пісіріп, жанталасып жүр.

СЕМЕЙ.

АСПАЗ

Думан АНАШ,«Егемен Қазақстан».

Таяуда Семей қаласына ісса-пар мен барғанымызда, шаһар бас шысы Айбек Кəрімов қалада Ин дустрияландыру картасына енген жобалардың нəтижелі жұ-мыс істей бастағанын жеткізді. Солардың бірі – «Семей ағаш өң деу зауыты» ЖШС. Зауыт ди-ректоры Ғажап Қалиев бұрын «Ромат» компаниясында, Семей кірпіш зауытында еңбек етіпті. Жеке өндіріс орнын құруды көз-деген ол осыдан үш жыл бұрын жаңа кəсіп бастаған. Алдымен

Кеңес өкіметі кезінде ағаш өнді ру зауыты болған, кейіннен қаңырап бос қалған ескі ғимаратты сатып алады. Ғимаратты қалпына кел-тірген соң ондағы ағаш өңдеу за-уытын қайта жаңғыртуды қолға алған кəсіпкер шетелден жоғары технологиялы қондырғылар алып келген екен.

2012 жылы құрылған Семей ағаш өңдеу зауыты бүгінде фа-нер өндіреді. 2013 жылы Қытай-дан жаңа технологиялық қондыр-ғылар сатып алынған. Зауыт ди-ректорының айтуынша, аталған қондырғының өндірістік қуаты өте жоғары.

– Озық технологияға негіз-дел ген автоматты қондырғы бір ме зетте 25 дана фанер шыға ра-ды. Кеңестік кезеңдегі зауыт та 6 дана ғана шығаруға мүм кін-дік болатын. Дəл осындай қон-дыр ғылардың ресейлік түр лері де бар. Бірақ олардың өнім ділік қуаты төмен. Өйт кені, жар ты-лай автоматты болған дық тан, ресейлік құрылғы 18 фанер ұя-шығына дейін ғана шыға ра ала-ды. Ал біздің станокта рымыз ең-бек өнімділігін арттыра отырып, автоматты түрде фанердің енін 1,22, ал ұзындығын 2,44 метр кө лемінде кеседі. Сондай-ақ,

фанердің қалыңдығын 6 милли-метрден 26 миллиметрге дейін ұлғайтуға мүмкіндігіміз бар. Қы тай елінен əкелген цех қон-дыр ғысын орнатуға бір жарым жыл уақыт жұмсалды. Оның ерек шелігі компьютерлік бағ-дарлама арқылы құры ла тын дығы екен. Оны орнатуға қытай лық ма мандарды шақырған жоқ пыз. Өз білімімізге сүйеніп, бағ дар-ла маны қытай тілінен орыс тіліне аудару арқылы қондырғыны орнатып шықтық, – деді Ғажап Қалиев.

ФАНЕР

Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ,«Егемен Қазақстан».

Күн тəртібінде бірінші қарал-ған «Мемлекеттік жастар саяса-ты туралы» заң жобасы бойынша баяндаған Білім жəне ғылым ми-нистрі Аслан Сəрінжіпов: Елбасы «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жол дауында «жастар – біздің болаша ғымыздың тірегі», деген

сөз айт ты. Заң жобасы Мемлекет басшы сының тапсырмаларын орын дау мақсатында əзірленіп отыр», – деді. Атап айтқанда, Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІХ сессиясында мемлекеттік жас-тар саясаты мəселелері бойынша заңнаманы жаңарту жəне «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанатының II съезінде заң жобасын бүгінгі талаптарға сəй-кес келтіріп, сапасын жақсарту

Жастар – біздіѕ болашаєымыздыѕ тірегі

Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жетекшілігімен өткен палатаның кешегі жалпы отырысында «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» жəне оған ілеспе «Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» заң жобалары талқыға салынды.

Бағдарламада реформалар жүргізу, сондай-ақ, Қазақстанның əлеу меттік-экономикалық дамуы-ның шешуші салаларында ірі жо-баларды жүзеге асыру қарасты-рыл ған. Елдік бағдарлама Қазақ-станның ЭЫЖД-ның бірқатар қарарлары мен ұсыныс-кеңестеріне қосылуына, оның құрылымдық бөлімшелерінің жұмысына атсалы-суына мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасы мен ЭЫЖД арасындағы екіжақты ын-ты мақтастық елдің мемлекеттік басқару жүйесі, білім беру, ден-саулық сақтау, жұмыспен қамту, фискальдық саясат салаларындағы бəсекеге қабілеттілігін арттыруға жағдай жасап, іскерлік ахуалды жақсартады. Қазақстан ЭЫЖД алғаш рет Елдік ынтымақтастық бағдарламасын бірлесіп əзірлеген төрт елдің бірі болып отыр.

Елдік бағдарламаны жүзеге

асыру 2050 жылға қарай əлемнің не-ғұрлым дамыған 30 елінің қатарына қосылу жөніндегі ұзақмерзімді мін детке қол жеткізу үшін Қазақ -станның ЭЫЖД елдерінің озық тəжі рибелерін енгізуге деген ұм-тылысын айғақтайтын екіжақ ты қарым-қатынастардың страте гия-лық маңызды сатысы болып та бы-лады, деп атап өтті Кəрім Мə сі мов қол қою қорытындысы бой ынша.

Өз кезегінде, Анхель Гурриа да қол қойылған құжаттың маңыз ды-лығын атап көрсетті.

Қазақстан Еуропа мен Азияның қиылысында стратегиялық тұр ғы-да орналасқан, Орталық Азияда эко номикасы көш бастаушы ел бо-лып табылады. Мен Елдік бағдар-ламаны жүзеге асырудың оң əсері-нің реформаларға жəне өңірдегі өзге елдерге пайда əкелетініне сенімдімін, деді ЭЫЖД-ның Бас хатшысы.

Жақсыбай САМРАТ,«Егемен Қазақстан».

Мемлекеттік хатшы қордың Қазақстан халқының тұрақты дамуы мен əл-ауқатының артуындағы елеулі үлесін атап

өтіп, оның атқарып жатқан істеріне ризашылығын білдірді. Сіздер Қазақстан аумағында 1992 жылдан бері қызмет етіп келесіздер.

Халыќаралыќ ўйыммен ыќпалдастыќ артпаќ

Кеше Давостағы Дүниежүзілік экономикалық форумда Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кəрім Мəсімов пен Экономикалық ынтымақтастық жəне даму ұйымының (ЭЫЖД) Бас хатшысы Анхель Гурриа 2015-2016 жылдарға арналған Елдік ынтымақтастық бағдарламасын жүзеге асыру туралы Қазақстан Үкіметі мен ЭЫЖД арасындағы өзара түсіністік тура-лы меморандумға қол қойды, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.

Ынтымаќтастыќ жалєасады

Кеше Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Əбдіқалықова БҰҰ Тұрғын халық саласындағы (ЮНФПА) қорының Орталық Азия елдері жөніндегі кеңсесінің директоры Николай Ботевпен кездесті.

Семей аєаш ґѕдеу зауытыныѕ ґнімдері еуропалыќ елдерге экспортталады

бас ты талап. Заң жобасының мақ -саты – жастардың дамуына жағ дай жəне олардың мемлекет өмі рі не қатысуына мүмкіндіктер жасау. Заң жобасының мазмұнына да тоқ-тала кеткен министр оның бес та-рау мен отыз бір баптан тұра тын-дығын мəлімдеді. Бұл ретте мем-лекеттік жастар саясатының үш негізгі міндеті қарастырылса, олар жастардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау; жастарды ел-дің əлеуметтік-экономикалық жəне қоғамдық-саяси өміріне тар-ту; азаматтыққа тəрбиелеу жəне қазақстандық патриотизм сезімін нығайту деп белгіленген.

Сондай-ақ, қолжетімді жəне са-палы білім беруді қамтамасыз ету, ғылыми-техникалық əлеуетті да-мыту мен денсаулық сақтау жəне нығайту назардан тыс қалмаған.

(Соңы 2-бетте).

Қабиболла Жақыпов аталған бағыт біздің еліміздің стратегиялық басымдықтарының бірі екенін алға тарта келіп, Қазақстан Президентінің сан қырлы саяса-ты əлемнің көптеген елдерімен

ынтымақтастық орнатуға айқын жол ашатынын атап өтті.

Ивета Григуле Қазақстанның əлеуметтік-экономикалық даму үдерісіне өте жоғары баға берді. Оның айтуынша, біздің елде əрбір

Ќазаќстан мен Еуроодаќ теѕ ќўќылы əрі ґзара тиімді əріптестер

Кеше Мəжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыпов пен Орталық Азия елдерімен ынтымақтастық жөніндегі Еуропарламент делегациясының басшысы Ивета Григуле қазақстандық-еуропалық өзара іс-қимылды нығайту мəселелерін талқылады. Бұл – Ивета Григуленің жаңа қызметінде Қазақстанға алғашқы келуі, деп ха-барлады Мəжілістің баспасөз қызметі.

адамның, жалпы алғанда, бүкіл қоғамның əл-ауқатын көтеруге ай-рықша көңіл бөлінген. Бүгінгі күні Еуроодақ – Қазақстанның барлық саладағы ірі əріптесінің бірі.

Мəртебелі мейманның атап өткеніндей, адамдар арасында сенімділік қарым-қатынасты ор-нату мен дамыту өте маңызды, ол жалпы мемлекет табысының жарқын кепілі.

Кеше Қазақстан Респуб-ли касы Парламенті Сена-тының Төрағасы Қасым-Жо-март Тоқаев Біріккен Ұлт-тар Ұйымы АИТВ/ЖИТС жөніндегі біріккен бағдар-ламасының (ЮНЭЙДС) Шығыс Еуропа жəне Орта-лық Азиядағы Өңірлік дирек-торы Виней Салдананы қабыл дады, деп хабарлады Сенат тың баспасөз қызметі.

Мейманмен жүздесуде Қ.То-қаев В.Салдананың таяуда осы жау апты лауазымға тағайындалуы ЮНЭЙДС-тің аймақтағы жұмысын үдетуге ықпал ететініне сенім біл-дірді. Сенат Төрағасының пікі-рінше, БҰҰ-ның 11 ұйымының қыз метін үйлестіретін ЮНЭЙДС ЖИТС жұқпалы ауруына диаг-ности ка жасау, алдын алу, емдеу жəне ақырында жоюды бағдар ет-кен əлемнің түрлі аймақтарындағы қызметінде елеулі нəтижелерге қол жеткізді.

В.Салдана ЖИТС-пен күрес жөніндегі Қазақстан жүргізіп келе жатқан жұмыстарды жоғары баға лады жəне осы көкейкесті мəсе лені шешуде Парламент пен

Үкі меттің өзара іс-қимылының маңыздылығын атап өтті. «ЖИТС-пен күресте Қазақстан 2020 жылы Орталық Азия жəне ТМД-дағы алдыңғы саптағы ел болады деп күтеміз», – деді ЮНЭЙДС-тің Өңір лік директоры. Ұйым елдегі Ал маты кеңсесін АИТВ жұқпалы ауруына диагностика жасау, ал-дын алу, емдеу жəне мониторинг жүргізу жөніндегі шараларды үйлес тіру мақсатында Орталық Азия дағы ресурстық орталық дең-гейі не дейін нығайтуды жоспар-лап отыр.

Сенат Төрағасы жүздесушіні елдегі əлеуметтік-экономикалық ахуалмен, Орталық Азиядағы жағдаймен жəне Парламенттің заң шығару қызметімен таныс-тырды.

В.Салдана Президент Н.На зар-баевтың украин шиеленісін рет-теу туралы бастамасы мен оның Астанада «Норманд төрт тігінің» кездесуін өткізу туралы ұсынысы əлемдік қоғамдастық тарапынан ризашылықпен қабыл алынғанын жəне ол БҰҰ тарапынан қолдау тапқанын атап өтті.

Ґѕірлік директорды ќабылдады

Арнаулы баяндамашымен жїздесті

Кеше Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі жəне құқық қорғау орган-дары комитетінің төрағасы Серік Ақылбай мен Мəжілістің Заңнама жəне сот-құқықтық реформа жөніндегі комитетінің төрағасы Рахмет Мұқашев БҰҰ-ның Бейбіт басқосулар мен шерулерді өткізу саласындағы еркіндік құқықтары жөніндегі арнаулы баяндамашысы Майна Киаимен кездесті.

Жүздесу барысында тараптар бейбіт басқосулар мен шерулерді өткізу саласындағы еркіндік құқықтары саласындағы қазақстандық заңнамалық базаның жағдайы жəне оны жетілдірудің келешегі туралы пікір алмасты, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

Page 2: ертегі айта ма? ФАНЕР - Egemen · 2017-10-30 · Сол кезде бізге рахметін айтып жатады. ... ған «Мемлекеттік жастар

www.egemen.kz2 23 қаңтар 2015 жыл

● Біз – қазақстандықтармыз!

Айнаш ЕСАЛИ,«Егемен Қазақстан».

Сонымен, қыздар уни вер ситетінде «Менің Қазақстаным!» атауымен өткен ауқымды бас қо суда əртүрлі ЖОО-да білім алып жатқан тегі – бөлек, теңдігі – бір, түрлі этнос өкілдері қазақ стандық патриотизм моделін нығайту, ұлтаралық татулық пен достық қатынас, этносаралық то ле ранттылық пен қоғамдық келі сім тақырыбында дидарласты.

Жастардың ауызбіршілігіне бас-таған жиынды Қыздар педу ни вер-си т е тінің ректоры Динар Нөкетаева ашып, елдіктің жолы, Қазақстан халқы Ассамблеясының тарихы, татулыққа

қосқан үлесі жайлы студенттерге жан-жақты əңгімелей келе:

– ...Мемлекеттің тыныс-тір шілігі, қайнаған өмірінің кіш кен тай көрінісі біздің киелі шаңы ра ғымызда өтіп жа-тыр. Арман қуып əсем Алматыға аяқ басқан қыздар арулар ордасына табан тіреп, сапалы білім алып, білікті ма-ман болып шығып жатқандарына, міне, 70 жылдан асты. Қазақтың ғана емес, қырғыз, өзбек ағайындардан бастап, ұйғыр, тəжік, күрд, орыс, украин, ко-рей секілді 480-нен аса өзге ұлт өкілдері білім алып жат қан тілегі бір қыздарына Қыздар университеті үлкен тірекке ай-налды, – деді.

Одан əрі сөз алған «Мем ле кет тік тілге құрмет» бірлестігінің төрайымы,

Қазақстан халқы Ас самблеясының мүшесі Асылы Осман: «Бүгін келе-шегі міздің кепілі, Алматының бетке ұстар қаймағы – жастар бас қосып отыр ған маңызды күн. Бүгінгі таңда Елба сының қойып отыр ған негізгі мақсаты да ел бір лігі. Ол бірліктің тұтқа сы да, ұйыт қысы да, келешегі де жас тар деп үміт артып отыр, сол сенім ді ақтайтындай елдің мықты қайрат кері, елін сүйген, жерін сүйген азамат тары болыңдар. Ел бірлігін ақ қар дай асқақтата біліңдер, елдің ынты мағына, татулығына ұйытқы болыңдар! Қыздар университетінде оқитын көптеген өзге ұлт өкілдерінен тұратын сіңлілеріме апалық ретінде айтар назым «Тілді білген адам ғана

сол ұлтты құрметтейді, салтына, дəстүріне бойлайды», – деді.

Шара барысында Қыздар универ-ситетінде білім алып жатқан өзге ұлт өкілдері де татулық пен ынтымақ туралы өз ой-пікірлерін білдіріп, жүрекжарды тілектерін жеткізді. Атап өте кетейік, арулар ордасында қазіргі таңда 480-нен аса өзге ұлт өкілі оқиды.

Жиын соңында белсенді жастар Қазақстан халқы Ассам блеясының 20 жылдығына орай арнайы қарар қабылдады. Онда: ««Мəңгілік Ел» болуға бет алған Қазақ елінің «ал-тын» жастары болашаққа үлкен сенім білдіре отырып, ұлтының өс іп-өр кен деуіне ықпал етет ін , өркениетті ел азаматы болуға дай-ындалуда. Сондықтан, біз алдымызға н а қ т ы м і н д е т т е р қ о я о т ы р ы п , мықты да бəсекеге қабілетті «Мəңгі Қазақстанды» құру үшін аянбай тер төгеміз, барлық жастық күш-жігерімізді арнаймыз!» делінген.

АЛМАТЫ.

Табалдырығымыздан аттаған жыл ел бірлігінің, татулықтың жылы болып тұр. Бұл іске биыл Алматы шаһарының белсенді жастары да араласатын болады. Жəне осы бастамаға Қазақстандағы талай ұлттың қызына жоғары білім берген Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті де қосылды. Осынау шаралар Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналады.

ЖарасымдылыќАветик АМИРХАНЯН, «Айдана» ЖШС директоры, «Мирзоян» армян этномəдени қоғамдық бірлестігінің төрағасы, қалалық мəслихаттың депутаты.

Қазақ елінің егеменді ел атан-ғанына 23 жылдан асты. Осы уақыт ішінде Елбасы Нұрсұлтан На зарбаевтың бастамасымен елі-мізде көптеген инновациялық бағ дарламалар жүзеге асырылды. Нəтижесінде Қазақстан экономи-касы дамыған өркенді елге ай-налды.

Бүгінде Қазақ елін бүкіл əлем таниды, оның басшысының көре-гендігін барша жұрт мойындай-ды. Өзім жеке кəсіппен айналыса-тын болғандықтан, кəсіпкерлерге жасалып жатқан жеңілдіктерді жиі пайдаланамын. Басқа елдер-де кəсіпкерлерге мұндай қолдау жасалмайды. Өзге мемлекеттің кəсіпкерлері бізге қызыға қарайды.

Елбасының сарабдал саяса-ты ның арқасында біздің елімізде бар халықтың өкіл і б ірдей жағдайда, ын тымақтаса өмір сүруде. Түрлі ұлт өкілдерінің тату-тəтті өмір сүруі нің арқа-сында Қазақстанда саяси жағдай тұрақты. Мен осын дай дархан да бауырмал, қонақ жай елде тұра тынымды мақтан тұтамын. Менің жəне балала рымның Ота-ны на айналған Қазақ елінің еге-мен дігі мəңгілік болсын!

Батыс Қазақстан облысы.

Бұдан басқа, заң жобасында саламатты өмір салтын қалыптастыру; жұ мыспен қамту мен жастар ара сында кəсіпкерлікті дамыту үшін жағдайлар жасау; жас отба-сылар үшін қолжетімді тұрғын үй жүйесін дамыту; құқықтық мəде ниет деңгейін арт-тыру, сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеу шілікке тəрбиелеу көр сетіл ген. Экологиялық мəдениетті қалып тас-тыру мен талантты жастарды дамы туға жəрдемдесу жəне бос уақыт пен мəдени демалыс үшін жағ дайларды қамтамасыз ету де көзделген.

Мемлекеттік жастар саясаты сала-сындағы консультативтік-кеңесші орган-дардың қатарына Қазақстан Респуб-ликасы Пре зи дентінің жанын дағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес; Əкімдіктер жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңестер; Жастар ұйымдарын дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесі жатады. Республикалық жас тар форумында орталық жəне жер-гілікті атқарушы органдардың есеп тері тыңдалады, Қазақстан Респуб ликасы Үкіметіне мемлекеттік жас тар саясатын жетілдіру жөнін де ұсы ныстар енгізіледі. Ал өңірлік жастар форумы мемле кет тік жастар саясатын іске асыру мəселелерін талқылауды; жер гі лікті атқарушы ор-гандар мен жас тар, жастар ұйымдары арасындағы үнқатысу мен өзара іс-қимылды; мемлекеттік жастар саясатын жетілдіру жөнінде ұсыныстар əзірлеуді қамтамасыз етеді.

Жастар ресурстық орталықтары жастар мен жастар ұйымдарын қолдау жəне дамы-ту үшін қызметтер көрсету мақсатында құрылатыны да ерекше атап өтілді. Осы орталықтар жастардың бастамаларын ақпараттық-əдістемелік, консультациялық қолдауды, жастар арасындағы ахуалдың мониторингін жəне оны талдауды жүзеге асырады. Жастардың мемлекеттік жастар саясатын қалыптастыру мен іске асыруға қатысуы: жастар ұйымдарының қызметіне; волонтерлік қызметке; білім мекемелері мен еңбек ұжымдарындағы жастардың өзін өзі басқару органдарының қызметіне қатысуы арқылы анықталып отыр. Қоғамға ерекше пайдалы қызмет болғандықтан, волонтерл ік қызмет заңнамалық тұрғыдан алғаш рет өз бекітілуін таппақ.

Сонымен, заң жобасында мемлекеттік жастар саясатының басты міндеттері, негізгі бағыттары анықталды, орта-лық мемлекеттік органдардың құзы-рет тері мен мемлекеттік жастар сая-сатын қалып тастыру мен іске асыру тетіктері бекітілді. Заң жобасын қабыл-даудың күтілетін нəтижесі ретінде жас тардың ойдағыдай əлеуметтенуіне, олар дың əлеуетін елді одан əрі дамы-туға бағытталған мемлекеттік жас тар саясатының тиімді моделін қалып тас-тыру қарастырылады.

Заң жобасы бұған дейін Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің Атырау, Қызылорда, Қостанай қала-ларындағы көшпелі отырыстарында, оған қоса, «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының базасында, ЮНИСЕФ халықаралық ұйымы, отандық жəне шетелдік сарапшылардың қатысуымен белсенді талқыланды. Жастар – ең жақын болашақтағы біздің адами капиталымыз, бəсекеге қабілетті мемлекеттің негізгі ресурсы. Сондықтан, жастарды қолдау мен дамыту Қазақстанның мемлекеттік саясатының басымды мəселелері болып табылады. Бірқатар талқылаулардан кейін заң жобасы депутаттар тарапынан қолдауға ие болды.

Сондай-ақ, депутаттар «Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» заң жо-басын екі оқылымда қарап, қабылдады. Заң жобасымен жұмысқа алғаш кірген жас маманмен екі жылдан кем емес мерзімге еңбек шартын жасасу; он сегіз жасқа толмаған адамдарға, сондай-ақ, техникалық жəне кəсіби, орта білімнен кейінгі, жоғары жəне жоғары оқу орны-нан кейінгі білім беру ұйымдарында оқу-білім бағдарламаларын меңгерген, олар-ды бітірген күннен бастап бір жылдан кешіктірмей алған мамандығы бойынша жұмысқа алғаш кіретін адамдарға сынақ мерзімі орнатылмайтыны қарастырылған. Тұтастай алғанда, заң жобасы жастардың еңбек саласындағы құқықтарын қорғауға бағытталған. Оларды қабылдағаннан кейін жас мамандармен еңбек шартын жасасу мерзімі ұзартылады жəне сынақ мерзімі орнатылмайтын жастардың санаттары кеңейтіледі.

Жастар – біздіѕ болашаєымыздыѕ тірегіЫНТЫМАЌ ЫРЄАЄЫ

487 ЎЛТТЫЅ ҐКІЛІ70 ЖЫЛ ІШІНДЕ АЛМАТЫДАЄЫ ЌЫЗДАР УНИВЕРСИТЕТІНДЕ БІЛІМ АЛЄАН

Мəжіліс Спикері өз кезегінде Елбасы саясатының арқасында жыл санап ны-ғайып келе жат қан қазақстандық қоғам-ның толе рант тылық үлгісіне көңіл бөлді.

К е з д е с у б а р ы с ы н д а Қ а з а қ -стан мен Еуроодақ арасында сау-д а - э к о н о м и к а л ы қ ы н т ы м а қ т а с -тықты нығайту , ин вес тиция лық тартымдылық, тран зит тік-кө ліктік əлеует, сондай-ақ, парла мент аралық қарым-қатынас сынды ау қымды

мəселелер əңгімеге арқау болды. Қабиболла Жақыпов делегация

мүшелеріне Мəжіліс қызметі туралы, елдің заңнамалық базасын жетілдіру жолында атқарылып жатқан жұмыстар жайында баяндап берді.

Парламентаралық қарым-қаты-насты тереңдету қажеттігін айт қан Ивета Григуле Орталық Азия елдері-мен ынтымақтастық жөніндегі делега-циямен байланысты кеңейту мақса-тында қазақстандық депутаттарды Еуропарламентке шақырды.

Осы жылдарда халық өмірінің тұрақты дамуы мен өсуіне өздеріңіздің үлестеріңізді қосып, бірнеше жоба-ны іске асырдыңыздар. Сондай-ақ, сіздер оралмандардың, жастар мен жасөспірімдердің, əйел-аналардың да жағдайын зерттеудесіздер. Соның ішінде, бірнеше облыста 13-16 жас аралығындағы жасөспірім қыздарға болашақ əйел-ана ретінде өсу мен қалыптасуға қаншалықты жағдай барын қадағаладыңыздар. Əсіресе, соңғы бес жылда жүзеге асырған жобаларыңызға жоғары баға бере аламыз. Егер 2008-2009 жылдары 100 мың адамға шаққандағы ана өлімі 36,8 адам болса, сіздердің осы істі зерт-теп, соның арқасында біз өкімет көмегін ұйымдастыруымыздың арқасында бұл сан соңғы жылы 11,5 адамға дейін төмендеді. Алдағы уақытта да осындай игілікті жұмыстарды бірлесе атқаратынымыздан үміттіміз, деді Г.Əбдіқалықова. Өзі тара-пынан Н.Ботев Мемлекеттік хатшыға қор жұмыстарына жоғары баға бергені үшін ризашылығын білдірді.

Кездесуден шыққан соң Н.Ботев журналистерге брифинг берді. Біздің қорымыз Қазақстан тұрғындары үшін негізгі үш бағыт бойынша жұмыс істейді. Ол халықтың өмір сапасы бойынша қалыптасқан үрдістер, өсім динамикасы жəне демография. Сондай-ақ, ананың денсаулығын сақтау, бала өлімінің азаюы мəселелерін де қарастырамыз. Ана денсаулығын сақтау мəселесінде

Қазақстан соңғы жылдары жақсы нəтижеге жетіп келеді. Біз Мемлекеттік хатшымен алдағы уақыттағы осы бағыттарда атқаратын жұмыстарымызды талқыладық, деді ол.

К е з д е с у г е а т а л м ы ш қ о р д ы ң Қазақстандағы атқарушы өкілі Р.Сисе-мəлиев, Қазақстан Президенті жанындағы Əйелдер істері жəне отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрайымының орынбасары, Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Л.Сүлеймен қатысты. Л.Сүлеймен де жур-налистерге аталмыш қордың жұмыстары туралы пікірін білдірді. Бұл қор еліміздің мемлекеттік органдарымен тығыз бай-ланыста. Соның ішінде Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму, Білім жəне ғылым министрліктері, Əйелдер істері жəне отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия, Статистика агенттіктері бар, деді ол.

Өткен жылы мемлекеттік органдар осы қормен бірлесіп, бірнеше жоба-ны табыспен жүзеге асырыпты. Соның ішінде отбасын жоспарлауды жақсарту, əйелдер мен жастардың репродуктивті денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету, оралмандармен жұмыс жəне мигранттар мəселесі бар екен.

Мемлекеттік хатшыдағы кездесу қорытындысы бойынша алдағы уақытта да Мемлекет басшысының «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауының аясында халықтың əлеуметтік тұрмысының көкейкесті мəселелерін бірлесе шешу жол-дарын жалғастыру туралы келісілді.

Ќазаќстан мен Еуроодаќ теѕ ќўќылы əрі ґзара тиімді əріптестер

– Сұлтан Омарұлы, сіз ақын, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтің үзеңгілес əрі сыралғы досысыз. Екеуің-ізді осы «Невада-Семей» қозғалысынан басқа не біріктіреді? Қандай ортақ көз-қарастарыңыз бар?

– Қазір айтсам, ешкім сенбеуі де мүмкін. Бірақ кезінде маған «Олжастан бас тарт», деп соңыма шырақ алып түскендер болған. «Сөйтсең, қызметіңді өсіреміз, құрметтеп, қаржылай сыйлық береміз», деді. Мен көнбедім. Содан сегіз жыл бойы Олжаспен достығым үшін жаныма тыныштық бол-мады. «Ертіс ГЭСстройда» жұмыс істеген кезімде үш рет қуғындалдым. Үш рет өзімнің конс титуциялық құқығымды қорғап, жанталастым. Осының бəрінде мені Олжас қана қорғады, Олжас қана қолдады.

Басымыздан неше түрлі өтті ғой, сон-да да біз достығымызды сақтай білдік. Біздің арамыздағы достық – нағыз ерлер достығы. Мұндай бақыт екінің бірінің басына қона бермейді. Мен сол үшін де өмірге ризамын. Біз қазірде бір-бірімізге жиі қонаққа барып тұрамыз. Екеуміз де Павлодар облысынанбыз. Екеуміз де шах-мат ойнағанды ұнатамыз. Қай жерде кез-дессек те – аэропортта, вокзалда, далада ол маған «Сұлтан, кəне шахматты шығаршы!» дейді. Кездескен сайын ол өткен күннің қиындықтарын есіне алады.

– Сіздердің қатарларыңызға Қа зақ-станның ғана емес, бүкіл əлемнің халқы қосылды. Қозғалыс басталмастан бұрын сіз қандай іспен шұғылданып жүрдіңіз?

– Миллиондаған əлем халқы сияқты мен де ядролық қаруға қарсы болдым. Себебі, 40 жыл бойы полигонның дəл түбінде өмір сүрдім емес пе?! 1984-1989 жылдары Шүлбіге жұмыс бабымен ау-ысып, «ЕртісГЭСстрой» мекемесіне

ди ректордың орынбасары қызметіне кіріс-тім. Зайыбыммен, балаларыммен апта сай-ын жер-дүниені тітіреткен жарылыстың куəсі болатынмын.

Сол кездегі Семей облысының тұр-ғындары сияқты біздің үйімізде де киім-кешек салынған екі шабадан дайын тұратын. Бірінде қосымша құжаттар, екіншісінде қысылтаяң сəтте қажет бо-лып қалар деген азық-түлік пен дəрі-дəрмектер. Соғыс жағдайында өмір сүрдік қой. Осылай істеуге мəжбүр болдық. Кез келген сəтте бомба жарылып, жер орта-сына түсіп кетуі мүмкін еді. Үйлеріміз «би билеп», шкафтардағы ыдыстар сыңғырлап «əн салатын» қорқынышты сəттер əлі де күні кешегідей көз алдымда.

1986 жылы Чернобыльде бол ған қай-ғылы оқиғадан кейін ядролық сынақтарға деген ең алдымен ғалымдардың, со-дан кейін қоғам қайраткерлері мен ха-лықтың көзқарасы өзгере бастады, дəл сол жылы шілденің 11-і күні Мəскеуде өткен халықаралық форумда ядролық сынақтарға тыйым салу керектігін ғалымдар қатаң түрде ескертті. Өйткені, əлемдегі адамзат құрып кету қаупінің ал-дында тұрды. КСРО Ғылым академиясы ұйымдастырған форумға əлемнің дамыған озық елінен 340 ғалым шақырылды. Ол кездері ғалымдардың айтқанын, келтірген мəліметтерін назарға алып, полигонды жабайық деп халық тағдырын ойлап, бас қатырып жатқан бірде-бір басшы жоқ еді.

Ал кеңестік компартияны қолдайтын орталық басылымдар, Мəскеуден шы-ғатын газет-журналдар «Семейде еш-қандай проблема жоқ, адамдар малдарын жайып, тойларын өткізіп жатыр, демалуға болатын тамаша таза табиғат ортасы» деп жазғанын талай оқыдық. Иə, егер біздің

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің тари-хи Жарлығымен бəріне нүкте қоймағанда, мұндай айтыс-тартыс, дау-жанжалдар жалғаса берер еді де, сұрапыл ядролық полигон ешқашан жабылмас еді. Полигон жабылған сол жылдары халық дүниеге кел-ген ұлдарын Олжас атап, еліне қорған бо-лар ер-азамат болсын деп ырымдап жатты.

– Полигон жабылды, олай болса ал-дағы уақытта «Невада-Семей» қоз ға-лысының алдында қандай жұмыстар тұр?

– Біз Курчатовтағы Ұлттық ядролық орталықпен бірлесіп жұмыс істеуге көштік. Мақсатымыз – Елбасы тапсы-руы мен бейбіт атомды насихаттау. Орта-лық директоры, ғалым Ерлан Батыр беков Қазақстанда жапондармен бірлесіп, АЭС салу жұмысын бастады. Бұл – тың жоба. Бұған дейін де Ерлан Ға-ді летұлы көптеген шаруалардың ба-сын қайырды. Соның бірі – полигон орналасқан Дегелең тауының етегіндегі инженерлік құрылымдарды, ондағы зиян-ды қалдықтарды тауып, оған арнайы құйма құйғызып, радиоактивтіліктің айналадағы қоршаған ортаға тарамауына ықпал етті.

Бүгінде Дегелең тауын Ішкі істер минис тр лігінің ішкі əскерлері қорғауға алған. Сондай-ақ, қорғанысты нығайту үшін Дегелеңде үш деңгейлі жоба іске асырылды. Жоба бойынша бейнекамера-лар, басқару бекеті орналасқан. Осынау үш деңгейлі Қазақстан, АҚШ, Ресей ғалымдарының ойлап тапқан жобасы бой-ынша қорғаныс жүйесін жергілікті жер-ден де, Курчатов қаласынан да бақылап отыруға болады. Міне, əлем ғалымдары осылайша соғыс атомын болдырмауды қадағалауда.

Ал осының басында əу баста Олжас Сүлейменов тұрған еді ғой. Сондықтан да халқы Олжасты ешқашан ұмытпайды. Өз басым Олжастай досым барын қашанда мақтан тұтамын.

ƏңгімелескенРаушан НҰҒМАНБЕКОВА,

журналист.

СЕМЕЙ.

Сұлтан КАРТОЕВ:

Ќазаќтан досыѕ болса, жолда ќалдырмайды

Сұлтан Картоев халықаралық «Невада-Семей» антиядролық қозғалысына қатысушылар қатарына қалың көпшілікпен бірге, полигонды жапсақ екен деген арманмен қосылды. Бірақ ол

бұл қозғалыстың жолы ауыр болатындығын, отбасын, негізгі мамандығын ұмытып, халықтың бейбіт өмірі үшін тек қана ат үстінен түспей жүру керектігін сол шақта білмеген де еді.

(Соңы. Басы 1-бетте).

(Соңы. Басы 1-бетте).

(Соңы. Басы 1-бетте).

Ынтымаќтастыќ жалєасады

Page 3: ертегі айта ма? ФАНЕР - Egemen · 2017-10-30 · Сол кезде бізге рахметін айтып жатады. ... ған «Мемлекеттік жастар

23 қаңтар 2015 жыл www.egemen.kz 3

Қазір бүкіл əлемде «Шарли Эбдо» сатиралық журналының қызметкерлеріне қарсы жасалған террорлық қастандық, сондай-ақ, сол журналда Мұхаммед пайғамбарды əжуалаған карика-тура жариялануы туралы əңгіме де көп, əрекеттер де көп. Қоғам екіге жарылғандай: біреулер террорлық əрекетті айыптаса, екіншілері журналды айыптайды. Бұл екі топтағылардың басты си-паты дінге де қатысты болып отыр. Басым жұртшылық исламистік экстремистердің террорлық əрекеттерін айыптаса, негізінен мұсылман қауымын біріктірген екінші топ журналда орынсыз ка-рикатуралар жарияланбаса, экстре-мистер оларға тиіспес еді дегенді тұжырымдайды.

Берлиндегі мұсылман қауы-мының бастамашылығымен өткен митингте жағдай басқаша бол-ды. Елдегі 28 мұсылман ұйымын біріктіріп отырған Орталық кеңес пен осындағы түрік қауымдастығы негізінен ислам экстремистерін айыптап, өз діндестерін сабырға, түсіністікке, бірлікке шақырды. Митингке келгендер бірлікке шақырған плакаттарды, сондай-ақ, əртүрлі діндердің символы сана-латын кресті, жарты айды, Дəуіттің жұлдызын алып жүрді. Митинг имамның құран оқуынан басталды.

Ұйымдастырушылардың ша-қыруымен бұл шараға ел басшы-лары, түрлі қоғамдық ұйымдардың өкілдері келген. ФРГ президенті Гаук елдегі мұсылмандардың көпшілігі өздерін ерікті неміс қоғамының бір бөлігі санайтынын

р и з а ш ы л ы қ п е н а т а п ө т т і . Германиялық мұсылмандар «Террормен біз бірге емеспіз, бізді олар басқаларға қарсы қойғысы келеді, олардан біздің жолымыз бөлек» дегенді айтады. Президент Гаук мұсылман қауымының патриотизміне жоғары баға берді.

Германиядағы мұсылмандар Орталық кеңесінің басшысы Ай-ман Мазиектің сөзі де прези дент-тің сөзімен үндес естілді. «Экс-тремистердің біздің қоғамымызды іріткеніне жол бермейміз, біз – бір Германиямыз», деді ол. Митингке қатысқандар шараның соңында бір-бірімен қол ұстасып жүрді, соны-сымен ел бірлігін паш етті.

Парламентте сөйлеген ФРГ канцлері Ангела Меркель елдегі жағдайға баға бере отырып, Германиядағы мұсылмандарды оқшаулауға да, олардың аты-на негізсіз айыптар айтуға да жол берілмейтінін үкімет аты-нан мəлімдеді. Бұл елде 4 мил-лиондай мұсылман бар. «Біздің конституциямыздың шегінде ислам дінін ұстауға кепілдік беріледі», деді канцлер. Сонымен қатар, ол Парижде болған террорлық əрекетті де қатты айыптады.

Сөйтсе де бұл елде де əсіре ұлтшылдық желігі жоқ емес. Мұсылмандарға қарсы сөздер де ай-тылып, əрекеттер елесі аңғарылып қалады. Тек үкіметтің ұстанған бағыты олардың жолын кесетінін айтқан жөн.

Өкінішке қарай, біраз елде антиисламист ік , сондай-ақ , керісінше, исламистік желікке жол берілген, тіпті, оларды қолдағандай жағдай қалыптасып отыр. Оған белгілі дəрежеде сол ел басшы-лары ұстанған жаңсақ саясат та себепші. Діни желікті қоздырумен əділдікке жету мүмкін емес. Бұл желігу исламистерге де, ұлтшыл антиисламистерге де қатысты. Парасатқа жүгінгенде ғана түрлі дін өкілдерінің түсіністікпен өмір сүруіне мүмкіндік туады.

Тіпті, елде билік президенттік-парламенттік сипаттан парламент-тік-президенттік сипатқа көшкен күнде де Кəрімовтің беделіне нұқсан келе қоймайтыны кү мəн-сіздей көрінген. Өйткені, тікелей президенттің партиясы саналатын Өзбекстан либерал-демократиялық партиясы ғана емес, парламенттен орын алған тағы да үш партия Ислам Кəрімов жүргізіп отырған саясатты қолдайтындықтарын білдірген.

Ел енді осындай қалыптасқан саяси ахуалмен президент сайла-уына бара жатыр. Ол үстіміздегі жылдың 29 наурызында өтеді. Сайлау науқаны айтарлықтай са-яси дабырмен өтетін де шығар, бірақ онда шын мəнінде саяси күрестің бола қоюы екіталай. Оның басты себебі – қазіргі биліктегі партияның атынан Ислам Кəрімов президенттікке қайта ұсынылып отыр. Бұл елде оған қарсы тұрып, өз бағдарламасын ұсынатын жəне көпшілікті соңынан ертетін тұлға, алда болса, болатын шығар-ау, дəл қазір жоқ екені белгілі.

Заң бойынша бұл елде прези-денттікке кандидатты тек тіркелген партиялар ғана ұсына алады. Ке-шегі парламентте орын алған төрт партия да Кəрімовке оң қа-рай ды. Оны ұсынған либерал-демократтар қазіргі президентті барынша жарнамалайтыны анық. Ал өзге партиялар да өз канди-даттарын ұсынғанмен, қазіргі президенттің атына қатқыл сын

айта қоймайтыны, өз адамдарын жеңіл насихаттаумен шектелетіні жəне анық.

Ислам Кəрімов 1989 жылы Өзбекстан Компартиясының бірінші хатшысы болып сайлан-са, бір жылдан кейін оны Жоғарғы Кеңес президент етіп сайлады. Содан кейін 1991, 2000 жəне 2007 жылдарда жалпыхалықтық сайлау-да жеңіске жеткен. 2002 жылы жалпыхалықтық референдум өтіп, оның президенттік өкілеттігі ұзартылған. Сөйтіп, ол 2007 жылы жаңа мерзімге сайланды. Енді тағы да сайлануға толық құқылы.

ЛДП өз ұсынысын президенттің басшылығымен қол жеткен та-быстармен негіздейді. Ең басты-сы – елде тыныштық бар. Сол жақсылықтар жалғаса беруі үшін басшылық тізгіні алда да Ислам Кəрімовтің қолында болғаны жөн деп есептейді либерал-демократ-тар. Бұл – президенттің соңғы сай-лану мүмкіндігі. Содан да нағыз күрес келесі сайлауда болмақ.

Оппоненттер дегенде, ол бір жағы сайлау демократиясының бір талабы екенін де естен шығармау керек. Сайлау баламалы болуы шарт. Халықтық-демократиялық партия өзінің Орталық кеңесінің төрағасы 45 жастағы Хатамжон Кетмоновты, «Ұлттық жаңғыру» партиясы парламент комитетінің жетекшісі, белгілі заңгер-ғалым 56 жастағы Акмал Саидовты, ал «Əділет» социал-демократиялық партиясы өзінің саяси кеңесінің төрағасы 62 жастағы Нариман Умаровты ұсынып отыр. Бұлардың ешқайсысы да қазір президент-пен тайталасуды ойламайтыны белгілі. Сірə, Кəрімовтен қалған 15-20 пайыз дауысты бөлісуді ой-лайтын шығар. Содан көбірек үлес алып жатса, ол да аз олжа болмас. Болашақ үшін керек болады. Бес жыл деген өте шығады. Əзірге таңдау – Кəрімов.

Тїсіністік бар жерден тыныштыќ алыстамайды

Мамадияр ЖАҚЫП, журналист.

Берлиннің ортасында 10 мың адам қатысқан ми-тинг өтті. «Террорға қарсы шеру» деп аталатын бұл шарада Парижде болған террорлық əрекет ай-ыпталып, жұртшылықты діни сабырға, бірлікке шақырған үндеу қабылданды. Бұл шара оны Германиядағы мұсылмандардың Орталық кеңесінің ұйымдастырғанымен ерекшеленді.

Ґзбектер ґз президентімен бір болатын сыѕайлы

Жақында ғана Өзбекстанда парламент сайлауы өтіп, сая си күштердің ара-салмағы айқындалғандай еді. Сондай-ақ, бұл елде айта қалғандай саяси өзгерістің бол-майтыны аңғарылған. Президент Ислам Кəрімовтің беделі мызғымай тұрғаны айқын еді.

ДҮБІРГЕТОЛЫ ДЇНИЕ

Ќор нарыєы 50 пайызєа ќўлаєалы тўр

Американың қор рыногы жақын ара-да 50 пайызға құлауы мүмкін. Бұл туралы беделді сарапшылар арнайы тұжырымдар жасады. «Біз қор рыногының қазіргі ауыр халі мен сөзсіз құлайтындығына таңғалуға тиіс емеспіз. Мұның өзі біздің күткен нəрсеміз еді», – деді қордың 2008 жылғы дағдарыстың кезінде табыс ставкасына $1 млрд. салуымен аты шыққан хедж-менеджері Марк Спицнагель.

«Біз қазір қаржы активінің алып көпіршігі үстінде отырмыз, – деп ескертеді швейцариялық қаржы кеңесшісі жəне қордың менеджері Марк Фабер. – Оның кез келген сəтте жарылып кетуі мүмкін». Фабер мұның бəріне АҚШ президенті Барак Обама мен федералды резерв жүйесінің ойланбай жүргізіп келе жатқан саясатын кінəлайды. «Олар жеке іскерлерге де, салымшыларға да, сондай-ақ, ата-аналарға да қатты қиянат жасап отыр, енді біздің əке-шешемізге акциялар мен жылжымайтын мүліктерді тықпалап не керегі бар еді?», – деп ашынады ол.

Кейбір қауесеттерге қарағанда, төніп келіп қалған апат инвестор Уоррен Баффеттің миллиард долларын да айналып өтпейді. «Уоррен Баффеттің индикаторы» қазір шынында үлкен қауіптің қарсаңында тұрған сияқты. Қор нарығының тарс ете түсуі кез келген сəтте орын ала салуы əбден ықтимал. Мұндай кезде инвесторларға не істеген лəзім? Бірінші нұсқа – өзіңнің барлық акцияларыңды сат та, ақшаңды жастықтың астына тық. Екінші нұсқа – тəуекел етіп, тас жұтып, дауыл дүркіреп өтіп кеткенше, əліптің артын баға тұр.

«Алайда, – дейді Absolute Profi ts-тің негізін қалаушы Шон Хайман осыған орай, – мұның үшінші нұсқасы да бар. Нарықта алдағы апталарда ешқандай қауіп-қатерге ұшырамайтынына кепілдік беруге бола-тын нақтылы бір секторлар бар. Ақшаны əзірге солай қарай шығара тұру оншалықты қымбатқа түспейді». Хайман неліктен өзінің ойына өзі сенімді болып отыр? Ол Уолл-стриттің құпия күнтізбесінен хабар-дар. Ол соның арқасында 1968 жылы на-рықты 250 пайызға басып озуға қол жет-кізген. Ал күнтізбеде 19 инвестиция (ры-нок секторлары негізінде) мен 38 дата атап көрсетілген. Сіз тек акцияларды қажет ті уақытында сатып ала қоясыз да, олар-ды қажетті уақытында сатып үлгересіз. Осылайша 1 мың долларды жиырма жыл-дың ішінде 178 мыңға айналдырып аласыз.

«Бірақ бұл күнтізбе менің инвести-циялық жүйемнің бір бөлігі ғана, – дегенді қосады Хайман. – Менде, сондай-ақ, нарықта кез келген бір айтарлықтай өзгерістердің болғалы жатқанын ескертіп тұруға арналған апат туралы хабар беру жүйесі де бар». Апат туралы хабар беру жүйесін ядролық зымырандардың «қырғи-қабақ соғыс» кезіндегі ұшу өрісін есеп-теп шығарған адамдардың бірі талдап жасаған екен. Олай болса, жүйенің ешбір ақаусыз дəлдікпен жұмыс істеп, көрсететін болжамының деңгейі 100 пайызға барады.

Хайманның айтуынша, нарық құлай бастаған кезде апат туралы хабар беру жүйесі инвесторларға акцияларды қолма-қол ақшаларға айырбастайтын кездің жеткенін білдіреді. «Егер сіздерде осы жүйе бар болса, 2000 жəне 2008 жылдарғы дағдарыстардан ешбір қиындықсыз шығып кеткен болар едіңіздер, – дейді Хайман. – Енді ойланыңыздар, егер сол бір жаппай сатушылыққа ұрынып қалмаған болсаңыздар, қанша ақшаны алып қалар едіңіздер?».

Шон Хайманның бұл сөздерін жеңіл-желпі көретіндер де бар. Бірақ ол өзінің алған бағытының ешқашан бұрыс бол-мағанын ұдайы дəлелдеумен келеді.

«Мистральді» Ресейге беруді жаќтайды

Француздың қоғамдық пікірлерді зерт-теу институты La Tribune газеті берген тапсырыс бойынша жүргізген сауалдама ел тұрғындары 64 пайызының тікұшақ тасы-малдаушы екі «Мистральді» Ресейге беруді қолдайтынын көрсетті.

Ф р а н ц у з д а р д ы ң б а с ы м б ө л і г і президенттің «жаңа өкімі берілгенше» операциясы тоқтап қалған «Мистральді» Ресейге беруді жақтайтынын президент Франсуа Олланд жоққа шығара алмай-ды. Орыс флоты 2011 жылғы маусымда Францияның DCNS компаниясымен 1,2

млрд. еуроға келісімшартқа отырып, осы тапсырысты берген болатын. Ал өткен ап-тада Ресей Франциядан əскери кемелерді беруден бас тартудың себебін сұрап, рес-ми хат жолдады. «Мəселені бұдан əрі қараудың сотқа барып тірелер-тірелмесін шешу үшін француз тарапының əлі де ой-ланатын уақыты бар, Ресей бұған жазбаша түрде түсініктеме алуы тиіс», – делінген осыған байланысты жолданған сұраныста.

Ал ел тұрғындары екі «Мистральді» Ресейге беру керек екеніне еш күмəн -дан байды. Олардың басым бөлігі (75%) Францияның Ресей флотына корабльді беруден бас тартуы Украина мен Ресейдің арасындағы жанжалды реттеуге тиімді ықпал жасай алмайды, деп есептейді. «Француз қоғамдық пікірінде бұған бай-ланысты осындай нақтылы ұстаным бар. Ол, əсіресе, жастары 35-тен асқан адам-дар арасына кеңінен тараған», – деп атап көрсетеді IFOP қызметкері Дамьен Филиппо. Оның айтуына қарағанда, сұрау салудың нəтижелері жұрттың мəселе нің саяси жағына назар аударуды қойға нын көрсетеді. «Респонденттердің 66 пайызы Ресей мен Украина арасындағы қа рым-қатынаста соңғы апталарда атап айтар-лықтай ештеңенің өзгермегенін білдір-гендеріне қарамастан, мұның өзі өте жақсы нəрсе», – деп тағы бір түйіп өтеді маман.

Сұрау салынғандардың 77 пайызы тікұшақ тасымалдаушыларды беруден бас тартушылықтың соңы француздың кеме жасаушы зауыттары (DCNS, STX France) мен жұмысшыларды еңбекпен қамтамасыз етуге орасан зор залалын тигізеді. «Бұған қоса, мұның зардаптары қалай болатынын жұрттың өзі біліп отыр», – деген ой тастай-ды Дамьен Филиппо. Мұндай бірауызды пікірлер ересектер мен жастардың, ер-лер мен əйелдердің ойлары бір жер-ден шығып жатқанын байқатады. Бұдан бөлек, француздардың 72 пайызы мұндай

əрекеттің француздың күллі қорғаныс өнеркəсібіндегі жұмыстарына зиянын тигізіп, коммерциялық келісімдердің орындалуына күмəн келтіретінін айтады. Үндістанда Dassault Aviation компания-сы, міне, үш жылдан бері француздар-дан Rafale сатып алуға əрекет етіп келеді. Бірақ Францияның «Мистральге» бай-ланысты ұстанып отырған саясаты əрбір жолы үнділіктерді тоқтатып қойып жүр. «Үндістанның ресейлік əріптестерінің бəрі бізді сенімсіз кəсіпорын ретінде көрсетеді. Ағылшындардың айтатындары да осы», – деп мəлімдеді таяуда сенаторлармен кездесуі кезінде қорғаныс министрлігі жоғары лауазымды тұлғаларының бірі ге-нерал Лоран Колле-Бийон.

Дəл осындай пікірді сұралғандардың 69 пайызы да білдіреді. Респонденттердің 56

пайызы мұның Францияның халықаралық деңгейдегі беделіне де нұқсан келтіретінін айтады.

Юаньныѕ оффшорлыќ орталыєы ашылады

Қытай мен Швейцарияның орталық банктері 21 қаңтар күні Цюрихте юань-ның оффшорлық орталығын ашу жөнін-дегі келісімге қол қойды. Орталық əлем нарығына Қытай валютасын кеңінен тартуға жəне Еуропада юаньмен есеп айырысушылық көлемін арттыруға ықпал ететін болады.

Екі ел банк басшыларының түйінді келісімге қол қоюлары ҚХР мемлекеттік

кеңес ін ің премьері Ли Кэцянның Швейцарияға Давоста өтіп жатқан Бүкілəлемдік экономикалық форумға қатысу үшін келген сапары бары-сында жүзеге асты. «Ли Кэцян өзінің Швейцарияға сапары барысында Цюрихтен юань оффшорлық орталығын ашу жөнінде жоспарлары бар екенін мəлімдеді, – деп хабарлады «Синьхуа» агенттігі. – Енді қол жеткен келісімдерге сай, Қытай бұл үшін Швейцария тарапына 50 млрд. юань ($8 млрд.) көлемінде квота беретін бо-лады». Аталмыш қадам QFII (Qualified Foreign Institutional Investor) бағдарламасы шеңберінде, континеттік Қытайдағы бир-жаларда акциялар саудасын жүргізетін шетелдік инвесторлардың оизенциялары бойынша қолға алынып отыр. Мұндай юань оффшорлық орталықтары қазіргі күндері Гонконг пен Лондонда жұмыс істеп тұр.

2014 жылғы шілдеде КХР мен Швейцария банктері екіжақты сауда-экономикалық қарым-қатынастарын да-мыту үшін 150 млрд. юань ($24 млрд.) көлемінде валюталық своп жасау ту-ралы келісімге қол қойған еді. «Қытай валютасының 2014 жылғы трансшекаралық төлемі ауқымы 9,95 трлн. юаньды ($1,6 трлн.) құрады», – деп жазады Қытай халық банкіне бағынышты Financial News газеті. «Қазіргі таңда əлемде юаньмен сауда жа-сайтын 14 халықаралық орталық бар», – деп атап өтілген аталмыш басылым мақаласында.

Кїшті доллар да соќќы болып тиеді

Əлемдік валюта бағамының соңғы кездері күрт өсе түсуінен Америка ком-паниялары мен ритейлерлері айтарлықтай салмақты зардаптар шеге бастады. Бұл ту-ралы Газета.Ru хабарлады.

«Ұлттық валютаның күшеюінен ше-телдерде сатқан заттарыңнан түсетін қаржының көлемі азаяды, ол өз кезегінде компанияның жалпы таза табысының көлеміне соққы болып тиеді», – деп жаза-ды осы орайда АҚШ-тың The Wall Street Journal газеті. Бұған қоса, жақын келешек-терде АҚШ-тағы көптеген клиенттердің шетелдер компанияларына қарай бұрылып кетулеріне апарып соқтырады. Бұдан бірінші кезекте Америка косметология саласының компаниялары зардап шегеді. Айталық, осы кезге дейін өз тауарының 88 пайызын шетелдерде сатып келген Avon Products Inc оның бағасын доллардың бағамымен бірдей үздіксіз көтеріп отыра алмайды. Мұны, əсіресе, жергілікті реалы соңғы үш жылда доллармен салыстырғанда 50 пайызға арзандап қалған, компанияға көп табыс əкеліп тұрған Бразилия нарығында, тіпті, орталық банктің ставка-ны көтергеніне қарамастан, қолдана алмай-сыз. Нəтижесінде Еуропадағы бəсекелестер Бразилиядан да, бірқатар басқа аймақтардан да өзінің үлесін алатындай дəрежеге келіп, баға жағынан айтарлықтай басымдыққа қол жеткізеді.

Avon компаниясының бас директоры Шери Маккойдың айтуынша, Бразилия бұлардың сататын тауарларының бестен бір бөлігін алып отырады. Ал қалған таны-мал нарықтар қатарында Ресей, Аргентина, Польша жəне Оңтүстік Африка бар. Доллар бағамының өсуіне байланысты компания осы елдерге шығарылатын өнімдерінің бағасын да көтерген. Бірақ 2014 жылдың үшінші тоқсанында сатылған өнімдер жалпы көлемінің 8 пайызға азайғаны байқалған.

Мұндай проблемалар АҚШ-тың кос-метика шығаратын Johnson & Johnson компаниясының да басында бар. Ал мұхиттың арғы жағына туристік сапар-мен барып қайту Еуропаның орта табыс-ты адамдары үшін тек түске ғана кіретін арманға айналып бара жатыр. Мұндай серуенді енді жұрттың қалтасы көтере бермейді.

Дайындаған Серік ПІРНАЗАР,

«Егемен Қазақстан».

Қандай бір дағдарыс та қаржы рыногындағы қайшылықтарға қатысты болады. Ал бұл жолғы тығырықтың көп жағдайда қолдан жасалғандай қалпы бар. Мұндағы көп келеңсіздік əлем нарығындағы əділ бəсекелестіктің əлпетін көрсете алмайды. Бұдан

гөрі ол телілер мен тентектердің текетіресіне көбірек ұқсайды. Бірақ

дүрбелеңнің дөңгелегі өз белдеуінен айналып кетті. Енді осыған апарған тегершікті бірінші болып басқандар тұйыққа тірелгендіктің түйткілін түйсіне бастады. Ал мұның қамтып жатқан арнасының ауқымы сан алуан. Бүгінгі топтамада осыған қатысты бірқатар ма-териалдар жарияланып отыр.

ЌАРЖЫ НАРЫЄЫНДАЄЫ ЌАЙШЫЛЫЌТАР● Дүние жəне дағдарыс

Page 4: ертегі айта ма? ФАНЕР - Egemen · 2017-10-30 · Сол кезде бізге рахметін айтып жатады. ... ған «Мемлекеттік жастар

23 қаңтар 2015 жылwww.egemen.kz4

– Ермек Бекенұлы, ел тəуел -сіздігі еркін дамуға жол ашумен қатар, қолда барды ұқсата білуді, ертеңгі есіктеріміздің алаңсыз ашылуын да қамдайды. «Қолда бар» дегеніміз – баламалы қуат көздері. Сіздің ауданда ерен жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұрын болмаған бастама еді. Өзіңіз та-ныстыра əңгімелеп өтсеңіз.

– Елбасы Нұрсұлтан Назар -баев жуырда жетекші телеарна -лар дың, БАҚ өкілдерінің қаты суы-мен өткен кездесуде тəуелсіздікті алумен қатар оны ұстап қалудың орасан зор жауапкершіліг ін алға тартты. Еліміздің тəуелсіз ғұмыр кешкеніне 24-ші жылға аяқ басты. Қазақстан тынысының тереңдігімен, Көшбасшысының көрегендігімен, болашағының кемелдігімен əлем назарына ілініп отыр. Қазақтың қайтпас мінезі – отыздықтан орын алу. Оған көптеген негіз бар. Жетілдіре түсер тұстарымыз да баршылық. Соның бірі – əлемді қатты толғандырып отыр ған табиғат байлықтарын пайда ланудың озық үлгісі. Бұл орайда, жаһандық экономикалық сынақтарды былай қойғанда, ЭКСПО-2017-нің емтихандары бар-шамызды толғандыратыны бел гілі. Өйткені, əлем назарындағы шара-ның ұраны – баламалы қуат көзде-ріне аударылып отыр. Еліміз бұған дайын екендігін көрсету үстінде. Оған дəлел – Ерейментау ауданын-да салынып жатқан, өзге өңірлерде баламасы жоқ бірінші жел электр стансасы болып табылады.

«Жасыл энергетика» кешені-нің жалпы аумағы 60 гектарды алып жатыр. Бұл істі қолға алған «Бірінші жел электр стансасы» ЖШС алғашқы мезеттегі 45 МВт қуатты келешекте 300 МВт-ға жеткізуге сенімді.

– Жел энергетикасы жаңа қуат көздерінің мейлінше даму үстіндегі тиімді түрі саналады. Қазақстандағы жел энер гия-сының əлеуеті мейлін ше мол аймақ ретінде Ереймен тау ға таңдау түсуінің сыры неде?

– Бұл тыңғылықты зерттеулер-ге негізделген мəселе. Арқа төсінде айрықша артықшылыққа иеленіп отырмыз деу жараспас. Осы орай-да, Асан қайғы атамыздың аңыз ретінде айтылатын мына сөздеріне құлақ түрген артық емес сияқты. Ел аузында аңыз болған, ұрпақтан-ұрпаққа жеткен бір əңгіменің түпкі төркіні бүгінгі заман жаңалығымен толық үйлесім тапқандай. Асан қайғы бабамыз кезінде желмаясы-мен жолға шығып, жерұйық іздеп, Ерейменнің төңірегінен өткен сəтінде «Жарықтық, бұл өңірдің жеті есігі бар екен-ау. Жыл он екі ай айналасынан жел уілдесе де, ха-лыққа жайлы қоныс, малға ыңғайлы өріс боларлық құтты өңір екен. Баурайында жайлаған мал оңалар, шүкір, елдің тұрмысы да көш ілгері болар», – деп сипаттаған деседі. Үкімет басшылары мен ғалы м-дарымыз, өндірістің жаңа шыл ұйым дастырушылары осы байламға тоқтам жасағанына ризамыз.

– Шын мəнінде бұл жоба Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақ-стан халқына арнаған «Қазақ-стан-2050» Стратегиясы – қалып-тасқан мемлекеттің жаңа сая-си бағыты» атты Жол дауын да қойылған міндеттерді жүзеге асырудың жолашары болып отыр. «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» жаңа Жолдауы да осыдан екпін алатыны белгілі. Ендеше, «Бірінші жел электр

стансасына» қойылатын міндет пен мақсат нені көздейді?

– Елбасы өз Жолдауында энер-гетика саласына тоқтала келе: «. . .Астанадағы Дүниежүзілік ЭКСПО-2017 көрмесіне дайын-дық ты болашақтың энергиясын іздеу жəне жасау жөніндегі озық əлем дік тəжірибені зерделеу мен енгізу ор талығын құру үшін пай-далану керек», деп атап көрсетті. Ерейментаудағы айрықша жоба баламалы жəне жаңармалы қуат көздері арқылы елімізде пайдаланы-латын қуат жиынтығының жарты-сын қамтамасыз етуге бағытталған. Мақсат – жылу-энергетикалық ресурстардың жалпы шығынын төмендету, экологиялық ортадағы ықтимал əсер деңгейін мейлінше азайту арқылы үдемелі əрі тиімді қуат құрылымдарын қамтамасыз ету. Сондай-ақ, аталған жоба Ақмола облысындағы электр қуатына сұра-ныс пен оған деген тапшылықты елеулі түрде төмендетуге мүмкіндік береді. Жоба авторлары мұнымен де шектеліп қалмайтындығын айтуда.

Біз үшін басты қуаныш «Бо-лашақтың энергиясы» ұра нын көтерген ЭКСПО-2017 ха лық аралық көрмесі толығымен Ерейментау ЖЭС-те өндірілген электр қуатын пайдаланатындығы. Бұл ел үшін үлкен жауапкершілік жүктейтін əрі бұрын-соңды болмаған мерейлі оқиға болмақ. Бүгінгі таңда «Мəң гі-лік Ел» ұстындарын нықтап жатқан Қазақстан аталған міндет үдесінен абыроймен шығатыны анық.

– Жаңалыққа жаны құмар. Біздің қалың оқырманымыз Ерейментау жел электр стан-сасының техникалық көрсет-кіштеріне ден қоятыны белгілі. Осы жөнінде мағлұмат берсеңіз.

– ЖЭС əрқайсысы 2,05 МВт қуаттағы 22 турбинадан тұрады. Өткен жылы Елбасы қатысқан тікелей телекөпір байланысын-да «Бірінші жел электр станса-сы» ЖШС жобасының менеджері Əлижан Құрманов мынадай де-ректер келтірді. Еліміздің үдеме-лі индустриялық-инновациялық

бағ дарламасына енгізілген жобаның жалпы құны, тиісті өзгертулерді қосып есептегенде 18 миллиард теңгеден асып түседі. Техникалық экономикалық негіздемелерге сай, кемінде 20 жыл жұмыс істейтін стан-сада бұл қаржы сегіз жылда толық өтеледі. Дайындық жəне құрылыс-монтаж жұмыстарының бір бөлігі бұрнағы жылы аяқталған. Атап айтқанда, құрылыс алаңдарына мұнаралардың 12 кешені жəне қалақшалардың толық құрамы жеткізіліп, сегіз жел қондырғысы орнатылды. Мұнымен бір ме-зетте Ерейментау подстансасы-нан құрылыс орнына дейінгі 4 шақырымға 10 кВт қуаттағы жəне KEGOC-тен 220 кВт қуаттағы 8 шақырымдық электр желісі тар-тылды. Сондай-ақ, 20 шақырымдық жол құрылысы аяқталды. Құрылыс жұмыстарына 162 адам мен 30 бірлік техника қатыстырылуда.

Бүгінгі күні желқуат қондыр-ғыларының 22 алаңы дайында-лып, 19 жел электр қондырғылары құрастырылып отыр. Маңызды нысан 63000 кВА қуаттағы транс-форматормен, басқа да көмекші жабдықтармен қамтамасыз етіл ді. Өткен жылы 13 ЖЭҚ іске қосыл са, қалған тоғыз қондырғы биыл пай-далануға беріледі деп жоспарланған. Қорыта айтқанда, 2015 жылдың шілде айында Ерейментау ЖЭС ортақ желіге алғашқы «жасыл» ки-ловаттарын бере бастайды.

– Ереке, «Бірінші жел электр стансасы» ЖШС – аудан да мем-лекеттік үдемелі индус трия лық-инновациялық даму бағдар-ламасы аясында жүзеге асы-рылып отырған бірінші жоба. Сіздерде дəл осындай тағы бір егіз жоба бар ғой. «Самал» ЖЭС-ін айтып отырмын.

– Иə, 2012 жылдың екінші тоқсанында «Шеврон Мұнайгаз Инк.» корпорациясы «Самал» жел электр стансасы құрылысының

жобасын ұсынды. Мақсат – стан-са құрылысын жобалау жəне пайдалануға беру. Бұл Қазақ-стандағы шетел инвесторларының қатысуымен жүзеге асырылып отырған ең ірі жоба саналады. Бас ты идея экономиканы əрта раптандыру, жоғары техно ло гиялық өндірістер, жаңғырмалы жəне экологиялық тұрғыда таза электр қуаты салала-рын дамыту, жаңа жұмыс орында-рын құруды қолдауға бағытталған. «Самалдың» жобалық қуаты 50 мВт-ға лайықталған. Мұнда 54945 миллион теңге инвестиция игеріледі деп отырмыз. Қажетті жабдықтар əлемнің озық компания-ларынан жеткізілген. Қазір нысан құрылысында жүзден астам адам жұмыс істеп жүр. «Самал» жоспар бойынша 2017 жылдың бірінші тоқсанында пайдалануға беріледі.

– Ауқымды жобаның жемісі алымды кадрлардың қолында. Бұл орайда қандай мəселелер қолға алынып жатыр?

– Аталған екі жоба шетелдік технология мен жабдықтар күшімен іске асырылуда. Бас мердігер «BI ENERGI PLUS» ЖШС мен қосалқы мердігер «Квинтек» ЖШС жұмысқа екі жүз елуден астам адамды жұмылдырды. Нысандар пайдалануға берілген сəтте білікті электриктерге, операторларға сұ-раныс өседі. Сондықтан, германия-лық мамандар жергілікті тұрғын-дарды оқытып, үйрету үстінде. Өз тарапымыздан да белгілі тұрғы-да қам-қарекеттер жасалуда. Кешенді түрде жүргізіліп отыр-ған дайындық шаралары кадр мəселесіндегі сұрақтардың оңтай-лы шешілетіндігіне негіз қалайды.

– Əңгімеңізге рахмет.Əңгімелескен

Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан».

Ақмола облысы,Ерейментау ауданы.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,«Егемен Қазақстан».

Негізі сонау 1964-1970 жылдары қаланған кəсіпорын талай өзгеге қосылу, қайта бөліну нəтижесінде тəуелсіздік алған соң жаңаша құрылды, жаңа тарихын бастады. Бүгінде еліміздің индустриялық дамуы барысында өзіндік қадамын қалыптастырып, өтімді өнімдерімен танылған іргелі мекеме.

Синтетикалық сұйық жəне газ

түріндегі мүсəтір мен мүсəтір селитра-сын, сондай-ақ, əлсіз азот қышқылын өндіретін бірден-бір зауыт. Сұйық мүсəтір «Қазатомөнеркəсіп» кəсіпорны бөлімшелеріне, Тараз қаласындағы «Қазфосфат» ЖШС-ға технологиялық қажеттіліктер үшін жеткізілсе, мүсəтір селитрасы екі түрлі мақсатта қолда-нылады. Бірі ауыл шаруашылығы са-ласында минералды тыңайтқыштар ретінде пайдаланылса, екіншісі тау-кен өндірісі саласында қопару жұмыстары

үшін қоспаларды дайындауға жараты-лады. Индустрияландыру бағытындағы мемлекеттік бағдарлама аясында жаң -ғырту мен қайта құрылымдаудан өткен өндіріс орны заманауи құрал-жабдықтар орнату нəтижесінде жаңа технологиямен жұмыс жасай бастады. Ал ол өз кезегінде еңбек өнімділігіне жол ашты, сондай-ақ, жұмысшылар саны 30 адамға артты. Қазіргі таңда «ҚазАзот» ЖШС-інде фосфорлы минералды тыңайтқыштар өндірісінде бұрыннан қолданылған

қ ұ р а л - ж а б д ы қ т а р д ы ң н е г і з і н д е кəсіпорынның мамандарымен жасалған түйіршіктеу барабандарында сирек кездесетін мүсəтір сілтісін түйіршіктеу технологиясы пайдаланылады.

Төл өнімдерімен əлемдік нарықта лайықты бəсекелес бола алатын зауыт өнімдерін Румыния, Латвия, Венгрия, Молдавия, Литва, Эстония, Болгария, Польша, Украина, Ресей, Түрікмен-стан, Əзербайжан мен Қырғызстан нарықтарына шығарып келеді, дерек-терге сүйенсек, соңғы үш айда 50 тон-надан астам өнім шет мемлекеттер-ге шығарылған. Қайта жаңғырту мен құрылымдаудан өткен зауыттың еңбек

өнімділігі 50 пайызға артып, яғни 250 мың тонна мүсəтір, 450 мың тонна азотты тыңайтқыш өндірілген. Құны 5 610 млн. теңге құрайтын жоба толық қуатына енгенде мүсəтір өндіру көлемін жылына 200 мың тоннаға, əлсіз азот қышқылын жылына 270 мың тоннаға, мүсəтір селитрасын осы мерзімде 330 мың тоннаға жеткізу межеленіп отыр. Кəсіпорын əзірге жобалық қуатына толыққанды шыға алған жоқ, себебі, əлі де бірқатар жабдықтарды жаңартуды қажет ететіндігімен байланысты.

Құрлықта «Жезқазған – Бейнеу» жəне «Өзен – Түрікменстанмен мемле-кеттік шекара» жаңа теміржол желісінің ашылуы, теңізде тасымал қарқынын арттыруға арналған шаралар өңірдегі əр салалы кəсіпорындардың да өрісін кеңейте түседі. «ҚазАзот» ЖШС де бұл мүмкіндіктен тысқары қалып жат-қан жоқ, экспортқа шығаратын өнім

көлемін арттыруының бір себебі де осы. Алдағы уақытта Түрікменстанмен ара-да Үндістан, Біріккен Араб Əмірліктері, Парсы шығанағына жету жолдары қарастырылып, келіссөздер жүріп жатыр.

...Күнделікті өмір ырғағымен жұмыс уақыты басталған соң, «ҚазАзотты» бетке алған мыңға тарта жұмысшы зауыт аума-ғына еніп, өз жұмыс орындарына, арна-йы цехтарға тарай бастады. Көп ұза май құрал-жабдықтарын іске қосып, кезек ті өнім дайындаудың қамына кірісті. Алда үлкен жоспар-жобалар, міндеттер тұр. Сырт қы нарықта бəсекеге берік болу, өнім сапасы мен еңбек өнімділігін арт ты ру, қажетті орындарды өніммен қамта масыз ету – кəсіпорындағы мақсат осы.

Маңғыстау облысы.––––––––––––––

Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН.

ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ ІС ЇСТІНДЕ

Ґнімі ґтімді «ЌазАзот»«Кісідегінің кілті аспанда» дейді қазақ. Өзгеден ат-түйедей етіп сұрап, алыстан арқалағанша қажетті дүниеңнің өзіңнен табылып тұрғанына не жетсін?! Еліміздегі химия өнеркəсібінің іргелі кəсіпорындарының бірі – өз өнімдерімен ерекшеленетін Ақтаудағы «ҚазАзот» зауыты.

Ерейменніѕ ерен жобаларыЭКСПО-2017-ге ќызмет етеді

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2013 жылдың маусымында еліміздің «жасыл экономикаға» көшу жөніндегі тұжырымдамасын бекітті. Бұл жаңашыл құжат мұнай, газ, көмір сияқты дəстүрлі байлықтарымызды тиімді пайдалануды, ең бас тысы, шексіз мүмкіндіктегі жел жəне су ресурстарының қуатын игілікке жаратуды көздейді. Осы бағыттағы жобалардың бірі Ерейментау ауданында іске асырылуда. Біз елді елең еткізген бастаманың мəні мен мазмұны жөнінде аудан əкімі Ермек НҰҒЫМАНОВТЫҢ пікірлерін оқырманға жеткізу мақсатында əңгіме құрып едік.

(Соңы. Басы 1-бетте).

Өндіріске қажетті шикізат Р е с е й Ф е д е р а ц и я с ы н ы ң Барнаул, Новосібір, Краснояр жəне Кемеров өңірлерінен бөре не күйінде жеткізіледі. За уыт басшысының айтуын-ша, бүгінге дейін шикізат тап-шылығы туындаған жоқ. Кəсіп-орында көбінесе қайың өңде-леді. Ал қайың көрші елде жеткілікті. Оның үстіне Ресей-дің қайыңдары діңді, жуан бо-лып келеді. Сонымен бірге, қарағай, майқарағай, самырсын ағаштары да өңделеді. Семей қаласының əкімі Айбек Кəрімов Ресейде 12 мемлекеттік орман шаруашылығы бар екенін айтады. Шаһар басшысы кəсіпкерлерге Шығыс Қазақстан облысындағы орман шаруашылықтарымен де бірге жұмыс істеп, санитарлық кесуге арналған ағаштарды алу керектігін жеткізді.

Зауыттың ағашты кептіруге арналған жабық алаңы бар. Онда қайың ағашы суға салу технологиясы арқылы тез тарқатылып, шпон алынады. Сосын жоғары градустағы ка-биналарда жылдам кептіріледі. Кептіру өндірісі сағатына 15 тек-ше метр ағаш шикізатын кептіре алады. Цехқа жеткізілген соң, станокқа қойылған қайыңды 1,2 мм жұқалығында айналды-рып, кесіп шығады. Кесілген өнімді тығыздау қондырғысына əкеліп, пішінін келтірген соң желім мен қабатты араласты-рып, қатты салмақпен қысады. Осылайша, фанер дайын бо-лады. Зауытта фанерден бөлек ламинатталған тақтайлар шы-ғарылады. Бұл құрылыста құ-йылатын іргетастың қалыбын дайындауға қолданылады екен.

Инновациялық шешім ре-тінде фанер өнімдерін дайын-даудың қалдықсыз өнді рісі ен-гізілгенін айтуға болады. Яғни, ағаш жаңқалары мен қиынды-ларынан ОСБ тақтайлары (қат-ты тығыздалған плита) жаса-лады. Аталған өнім үйлерді қаптауға жəне жылылауға кеңінен қолданылады. Қазіргі кезде ағашты тығыздап, жа-быс тыруға қажетті желім за у-ыт тың өзінде жасалады екен. Осыған дейін желімді Ресейдің Том қаласынан алып келген кəсіпорын қызметкерлері оның жабысқақтығы солғындау, кебу уақыты көп болғандығын айт-ты. Сондықтан, формальдегид,

натрий хлориді, сілте қышқылы сынды химиялық заттардан өздері желім шығара бастаған. Оның сапасы мен беріктігі де көңілге қонымды.

Айына 5 мың текше метр фанер өндіретін зауытта осыған дей ін 26 адам жұмыспен қамтылса, биыл жаңа цехтың монтаждау жұмыстары аяқталып, толығымен іске қосылғанда 200 адамға жұмыс табылады деп күтілуде. Жұмысшылардың еңбекақылары 60-70 мың теңгені құрайды. Кəсіпорын жетекшісі алдағы уақытта еңбекақы көлемін көтеруді жоспарлап отырғанын жеткізді.

Семей қаласы кəсіпкерлік бөлімінің басшысы Марат Нө-геровтің айтуынша, ағаш өң-деу зауытының өндірістік то-лық қуатына көшуіне жеті ай уа қыт қажет. Жобаның жал-пы құны 2 млрд. 61 млн. тең-гені құрады. Оның ішінде 260 млн. теңге көлемінде кəсіп кер-дің жеке қаражаты жұмсал-са, қалған қаражат екінші дең-гей лі банктердің несие лік қар-жысы есебінен алынды. Зауыт биыл үдемелі индус трия лық-инновациялық даму бағ дар-ламасына қосылды. Жалпы, өт кен жыл дың 10 айында зауыт та 700 млн. теңгенің өнімі өндірілген.

– Семей ағаш өңдеу зауы-тының өнімін өткізуде ешқандай мəселе туындаған жоқ. Осы зау-ытпен əріптес болып отырған компанияның кеңсесі Алматыда орналасқан. Ол компанияның Қазақстан бойынша 15 филиалы жəне Ауғанстан, Иран елдерінде шетелдік əріптестері бар екен. Жалпы, елімізде ағаш өңдеу саласында бəсекелес аса көп емес. Ал көрші Ресейге келсек, жуырда Краснояр фанер зауы-ты жабылды. Сондықтан біздің өнімдерімізге сұраныс үлкен болады. Бизнес саласындағы келісімдер бойынша таяуда құрылыс жəне жиһаз өндірісіне арналған өнімдерді Португалия, Испания , Бельгия сынды еуропалық елдерге шығармақ, – деді қалалық кəсіпкерлік бөлімінің басшысы М.Нөгеров.

Ғ.Қалиев алдағы уақытта зауыттың өндірістік алаңын кеңейту көзделіп отырғанын, теміржолдың жанынан өнім дер-ді сақтайтын қойма ғимара ты-ның құрылысы жүргізілеті нін жеткізді.

СЕМЕЙ.

ФАНЕР

Page 5: ертегі айта ма? ФАНЕР - Egemen · 2017-10-30 · Сол кезде бізге рахметін айтып жатады. ... ған «Мемлекеттік жастар

23 қаңтар 2015 жыл www.egemen.kz 5Австриялық дипломат Сигизмунд Герберштейн

(1486-1566) Қасым билеген Қазақ хандығы туралы жазып, оның тұрғындарын «қазақ татарлар» («Cosatski») деп таниды.

1518 жылдың маусым айынан 1519 жылдың қаң тар айына дейін Мəскеуде елшілік сапармен болған италиялық Франческо Да-Колло мен Ан-тони Де-Конти өз еліне қазақ жерлері жөнінде мəлі меттер алып қайтты. Иранға, Қытайға жəне басқа да шығыс елдеріне сауда-саттық жəне дипломатиялық жұмыстарымен барып қайтқан неміс ғалымы жəне жазушысы Адам Олеарийдің (1635 ж.), голландиялық Ян Стрейстің (ХVII ғасырдың екінші жартысы), француз үкіметінің дипломатиялық агенті Де-ла-Невилльдің (1689 ж.), француз көпесі Жан Батист Таверньенің (ХVII ғасырдың 30-жылдары), швед елшілігінің хатшысы Энгельберт Кемпфердің (1683 ж.), голланд сурет-шісі Корнелий де Бруиннің жолжазбаларында қазақ тар жəне олардың қоныстары туралы сан алуан тарихи жəне этнографиялық материалдар топтастырылған.

Əсіресе, 1664-1665 жылдары голланд елшілігі құрамында Мəскеуге келіп, оның шығыстағы аймақтары жөнінде материалдар жинастырған географ Н.К. Витсеннің 1692 жылы Амстердамда жарық көрген «Солтүстік жəне Шығыс Татария туралы» деген еңбегін ерекше атау керек. Кітапта Есім ханның, Тəуке ханның, Тұрсын мен Болат сұлтандардың, Сайрам, Түркістан, Созақ, Аққорған, Икан, Сауран, Отырар секілді қалалардың аттары аталады. Түркістан қаласында ұзындығы жиыр ма бес сажын ғимарат бар, ол «Астана» деп ата ла ды; Астананың ішінде жүзден астам баспана орна-ласқан; олардың біреуінде адам бойындай қазан тұр; Астанада Əзірет-қожа деген қасиетті адамның бейіті бар деп жазады автор (Оқырман не туралы, кім туралы айтылып отырғанын білетін шығар).

Голландиялық жазушының мəліметтері бойын-ша Қазақ хандығы Тəуке хан тұсында бір орталыққа бағынған, саяси жағынан нығайған мемлекет болған, хандықтың тек Сыр бойындағы қалаларының саны отыз екіге жуықтаған. Қазақтар туралы сыңаржақ пікірлер таратушыларға швед авторы Иоганн Табберт фон Страленбергтің 1738 жылы Лондонда жарық көрген «Еуропа мен Азияның солтүстік жəне шығыс бөліктерінің тарихи-географиялық сипаттамасы» атты кітабын парақтап шықса, біраз пайдасы тиер еді.

Ф. Страленберг Қазақ хандығын Қазақ Ордасы («Kosachi Hordaе») деп атап, қазақтардың көне мəдениеті бар халық екендігіне деректер келтіреді. Олардың ішінен автор «жұмбақ жазуларды» (Орхон-Енисей жазуларын), Солтүстік жəне Оңтүстік Қазақстандағы ескерткіштерді, əсіресе, Ұлытау шыңдарының біріндегі петроглифтерді, Ертіс пен Есіл өзендері жазығындағы көне мазарлар мен қорғандарды атайды.

Қазақ мемлекеттілігін зерттеуде бұрмалау-шылықтарға ұшырап келе жатқан тақырыптардың бірі – қазақ дəстүрлі қоғамының саяси жүйесі.

Қазақ қоғамында билік жүргізу бірнеше деңгейде жүзеге асырылды. Көшпелілердің синкреттік дүниетанымына орай орныққан биліктік жүйе мемлекеттік атрибуттардың бəрін қамтыды. Ең жоғары билік жүргізу құқы Шыңғыс хан ұрпақтарының əлеуметтік-корпоративтік тобынан сайланатын ханға тиесілі болды.

Хандық биліктің негізгі функцияларына экономикадан тыс қайшылықтарды реттеу, ру-тай палар арасындағы келіспеушіліктерді шешу, əскери-саяси жəне сот қызметтері жатты. Қазақ-тарда хан билігінің басты функциясы – халықты сыртқы шапқыншылықтардан қорғау, ел мен жердің тұтастығын сақтау болды.

Қазақ қоғамындағы аға хан институтына қазақ жүздері арасындағы бірлікті нығайту, тұтас қазақ жұртына қатысты мəселелерді реттеп отыру міндеті жүктелді. Қайсыбір деректерде Қазақ хандығының Тəуке ханнан кейінгі билеушісі Қайып Мұхамбет болған (Казахско-русские отношения. Вып. 1. Док. 15. С. 18). 1718 жылдың көктемінде Əбілқайыр ханның «Қайып ханның тапсырмасымен соғысуға дайын екендігі» (Памятник Сибирской истории ХVIII века. Т. ІІ. С. 160) жөніндегі мəлімдемесі де Қайып тың бас хан болғандығын растайды. Кейін бұл дəрежеге Əбілқайыр, Абылай қол жет кізеді. Хан билігінің дискреттік сипатта бол ған дығы, Қазақстанның саяси жүйесіндегі түрлі билік субъектілерінің арасында қатаң верти каль д ы тəуелділіктің орын алмағандығы жөніндегі пайымдаулар орталық биліктің əлсіздігі секілді, қысқаша айтқанда, Қазақ хандығының мемлекеттілік болмысының пісіп-жетілмегендігі туралы идеяға қосымша қолдау табу ниетінен, қазақ мемлекеттілігінің өзіндік ерекшеліктерін ескермеуден, мəселені отырықшы-егіншілікті мемлекеттерге тəн биліктік жүйе негізінде қарастырудан туындайды.

Қоғамдық санада хан билігі мемлекеттіліктің, қоғамды ұйымдастыру ісіндегі тарихи сабақтас-тық тың символы, қауіпсіздік пен игіліктің нышаны ретінде қабылданды. Бұл – сонау Түрік қағанаты заманынан бері келе жатқан хан мен халық тұтастығының бір көрінісі болатын.

Хан бірден-бір билік иесі болған емес. Жоғарғы сюзерен ретіндегі оған хандықта билік жүргізуді қарауындағы ұлыстар мен тайпалық бірлестіктерді билейтін сұлтандармен жəне билермен бөлісуге тура келді. Жалпы мемлекеттік сипаттағы мəселелерді шешу үшін құрылтай (халық жиналысы) шақырылды. Тарихта Қарақұмдағы халық құрылтайы, Ордабасы құрылтайы белгілі. Орыс дереккөздерінде құрылтай «съезд» деп аталды. ХІХ ғасырдың орта кезінде қазақтар өмірімен танысқан бір орыс көпесі: «Көне заманнан қырғыздарда орыс бодандығына өтуіне дейін көп адамдар қатынасқан съездер болды» деп жазды (Записки саратовского купца Я.П. Жаркова о киргизах. 1852 г. / Путевые дневники российских чиновников и исследователей о казахской степи ХVIII – середины ХІХ века. Сб.док. и материалов / Сост. И.В. Ерофеева и др. Астана, 2012. С. 599).

Құрылтайда хан сайлау, жау шапқыншылығына қар сы күрес, шет елмен бітімге келу, т.б. бүкіл қа зақ халқының тағдырына қатысты мəселелер талқыланды.

М.Х. Дулати «Тарих-и Рашидиде» Күлтөбені Моғолстанның əйгілі аймағы деп жазады. Күлтөбе басында ел бірлігі мен оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты қиын-қыстау кезеңдерде халық жиналысы бірнеше рет өткізілгенге ұқсайды. Бірақ онда қабылданған шешімді ханның бұлжытпастан орындау қажеттілігі қағидатты ешбір өзгеріске ұшырамады.

Хандық билік жəне оның статусы мен функ ция-лары, сұлтандар жəне билермен қарым-қаты на сы, хандық биліктің пəрменділігі мен берік тігі секілді мəселелер шығыс авторларының шығармаларында кеңінен зерттелді.

Дəстүрлі қазақ қоғамының ең ықпалды саяси күшін, ханнан кейін, сұлтандар немесе төрелер құрады. Шыңғыс хан əулетінен тарағандардың барлығы сұлтандар аталып, олар, Шыңғыс ханның қай бұтағына жатса да, хан тағынан үміткер болды.

Қазақтар далалық мемлекеттілік дəстүрлерді сақтай отырып, сұлтандардың жеке ұлыстарды басқару құқын да қабылдады. Олардың саяси құқықтарына жалпы мемлекеттік басқаруға, жергілікті (яғни, ұлысты) басқаруға қатысу жатты. Ұлысты басқару сұлтандарға оның халқының үстінен əскери-саяси билік жүргізуге мүмкіндік тудырды. Ұлыстық сұлтандарға соғыс кезінде жасақ құрып, оған қолбасылық ету құқы берілді.

Марта Олкотт: «Қазақтарда екі сатылы əкімші-лік құрылым болды: хандар мен сұлтандар арис то-кратиясы рулық қағидатқа негізделген əкімшілік жүйе сінен биік тұрды», – деп жазады. Алайда, аме-рикалық профессордың пікірі үстіртіндеу секілді. Ол қазақ қоғамындағы билер институтының орны мен рөлін жеткілікті түсінбеушіліктен туындайды.

Дəстүрлі қазақ қоғамының саяси-əлеуметтік жүйесіндегі демократиялық биліктің маңызды буыны – би халық түсінігінде: сот, төреші; бата-гөй, шешен; бітістіруші дипломат, елші ретін-де ұғынылды. Би, «Жеті Жарғы» бойынша, өзіне бағынышты ру-тайпа шегінде сот жəне əкім-шілік билік (ханмен қатар) жүргізді. Өз қауы-мының тұрмыс-тіршілігін қадағалап, тəртіп пен тыныштықтың бұзылмауына жауапты болды. Осылайша, билер билеуші хандардың халық арасындағы сенімді тірегіне айналып, сұлтандармен тең құқылы дəрежеде мемлекеттік мəселелерді талқылауға қатысты.

Қазақтарда билер, атқаратын жұмысына, лауазымына, беделіне, адами қасиеттеріне орай, ата би, төбе би, қатар би, жеке би, төтен би, бала би болып бөлінген.

Билер институты мемлекеттің саяси жəне əлеу-меттік құрылымын тек қана ғұрыптық құқық емес, сол сияқты рухани-мəдени салт-дəстүр негі зін де де ұштастыра əрі теңдестіре отырып қам та масыз етуді көздеген бірден-бір құрылым бол ды. Оның үстіне ол мемлекеттік басқару жүйе сімен тығыз астаса отырып, халық пен билеу ші топтардың белгілі бір əлеуметтік-саяси құнды лықтар төңірегінде топ тасуы на ықпал етті (Ораз баева А. Қазақ хан-дығындағы билер институтының генезисі мен та-рихи эволюциясы / Саясат. 1997. 107-б.).

Билер институты көшпелілер қоғамында бұрыннан да белгілі болды. Қазақ қоғамында ежелгі құқықтық реттеу формаларының бірі ретінде билер соты жұмыс істеді. Оны көне замандардағы хандық басқару жүйесінің тайпа көсемдеріне сүйену арқылы мемлекет ішіндегі тəртіп пен реттілікті нығайтуға бағытталған ұмтылысы нəтижесінде өмірге келген далалық демократияның классикалық үлгісі деуге болады.

Қазақ қоғамында сот төрелігі мемлекеттік басқару иерархиясындағы жоғарғы буын-хандық билікпен теңдес, кейде одан биік деңгейде тұрды. Билер соты жергілікті мəндегі дау-дамайды, қылмыстық жəне азаматтық істерді қараған. Билер сотының шешімдеріне көңілі толмаған, əділдігіне сенбеген дауласушы тарап өзге билерге немесе төбе би төрелігіне жүгінуге құқылы болған.

Ал төбе би дəстүрлі қазақ қоғамында арбитр қыз метін атқарған (Кенжалиев З. Көшпелі қазақ қоға мындағы дəстүрлі құқықтық мəдениет. А., 1997; Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. 2-том. А., 1999).

Дəстүрлі қазақ қоғамында Еуропа елдерінің парламентімен деңгейлес институт – билер кеңесі

болды. Ол жылдың бір мезгілінде, əдетте ел жайлауға көшіп болған соң (ал кейбір авторлар күз айларының бірінде дейді) өткізілген, оған хан, сұлтандар, үш жүздің елге сыйлы, «қара қыл-ды қақ жаратын» əділдігімен танылған билері, батырлар мен қожалар қатысқан. Билер кеңе-сінде мемлекеттік маңызы бар мəселелер талқы-ланып, тиісті шешімдер алынған. Билер шешім-дерін ешкім бұза алмаған, хан да, қара да оны орындауға міндетті болған. Тəуке хан қалып-тас т ырған осы демократиялық-құқықтық қағи-да ны кейінгі қазақ хандары қатаң ұстанған. Ал би лер кеңесінің Ресеймен тек бейбіт келісімге келу жөніндегі ұйғарымын бұзып, өз дегенімен Ресей бодандығын (мейлі, тіпті, протекторат-ақ бол сын) қабылдау жөніндегі Əбілқайыр ханның қадамы халық тарапынан қатты қарсылыққа ұшы-рады. Қазақтардың Əбілқайырдан сырт айнал-ғаны соншалық, 1736 жылы оның ордасына келген ағылшын суретшісі Джон Кэстль: «Хан өз қол астындағылармен аса бір үлкен сақтықпен

араласуға мəжбүр, сондықтан жеке басына көрсетіп отырған олардың тұрпайылығын айтып, менің сөге жамандауымды сұрады» деп жазады өз «Күнделігінде» (Джон Кэстль. 1736 жылы Кіші жүз ханы Əбілқайырға барып қайтқан сапар туралы. Алматы, 1996. 22-23-б.).

Билер кеңесінің шешімдері хан беделінен жоғары қойылғанымен, орталықтандырылған билік пен басқару ісіне қайшы келмеді (С. Өзбекұлы).

Сонау ғұндар заманы, Түрік қағанаты кезеңдері-нен бері келе жатқан мемлекеттік атрибуттар мен басқару институттары Қазақ хандығында сол күйінде, өзгерместен қабылданды деу қателік болар еді. Қазақ қоғамы мемлекеттілік дəстүр сабақтастығын жалғастыра отырып, оны өзінің өмір сүру жағдайына орай дамытты. Əсіресе, ХVIII ғасырда сыртқы күштердің ел егемендігіне байланысты жəне қоғам өмірінде отырықшылықты – егіншілікті өңірлер рөлінің артуын ескере отырып, аға ханды салтанатты түрде сайлау тəртібі жəне оған өзгеріс енгізу нормалары қабылданады. Оны Абылайды сайлауға үш жүздің хандары, сұлтандары, билері жəне басқа да ықпалды адамдарымен бірге, тұңғыш рет Оңтүстік Қазақстан қалаларының өкілдері қатысуынан көреміз.

Абылай (1771-1780) отырықшы халықтарға қоса, көшпелілерден де салық жинай бастайды. Мем лекеттілік билікті күшейту шаралары қолға алына ды. Абылай төлеңгіттерден тікелей өзіне ғана бағы натын жеке гвардия құрады. Хан өкілеттілігі кеңейтіледі.

Төрелер өкілеттігін шектеу мəселесі де алға қойылды. Төле би ханға, қандай қиыншылық болса да, оны көтеретін төрелер емес, халық екендігін айтып, «Қабырғадан қар жауса, атан менен нарға күш; Ел шетіне жау келсе, батырлар мен биге күш», – дейді. Əйтеке бидің 1698-1699 жылдары Түркістанда өткен жиында Ресейдің, Қытайдың, не

басқа елдердің көмегі түбінде опа бермейтіні, оның орнына əскери дайындықтан өткен тұрақты жасақ ұстап, оған керекті қаражатты төрелер мен ауқатты адамдардан жинауды ұсынады. Ұсынысты Төле би мен Қазыбек би де қолдайды (Билер институты жөнінде: Оразбаева А. Дəстүрлі қазақ қоғамына тəн билер институты. Алматы, 2004).

Мұның өзі қазақ мемлекеттілігінің түбірлі саяси-əкімшілік реформалардың алдында тұрғанын, оның өзгеріске, прогрессивті дамуға қабілеттілігін көрсетеді.

«Қырғыз – қайсақтардың саяси жəне əлеуметтік қатынастарын» зерттеген неміс ғалымы Франц Шварц: «Қырғыз-қайсақтарда, дворяндармен қатар, жай халықтан шықса да, құрмет тұту жағынан атақты ақсүйектерден жоғары тұрған адамдар бар. Олар – жорықтар кезінде ерлігімен жəне айла-тəсілмен ерекше көзге түскендер, яғни батырлар», – дейді (Шварц Ф. Туркестан – ветка индогерманских народов / Немецкие исследователи в Казахстане. Ч.І. Пер.с нем. Алматы, 2006. С. 180).

Отандық тарихнамада батырлар институты, оның дəстүрлі қазақ қоғамындағы орны, батырлардың əлеуметтік категория ретінде қалыптасуы біршама зерттелген. Батырлардың дəстүрлі функциясы – елді сыртқы шапқыншылықтан қорғау. Америкалық дипломат Ю.Скайлер: «Ерен ерлікті, елдік пен тəуел сіздікті жоғары ұстаған қырғыздар қай кезеңде де, Сырым, Арынғазы немесе Кенесары сияқты дала төсінде атқа қонған батырлар туы астында жи на луға дайын тұратын», – деп жазды (SchuyІer E. Turki stan. Notes of a journey in Russian Turkistan, Kho kand, Buchara and KuІdja. VoІ. I. Іondon, 1876. P. 34).

Батыс авторлары Қазақ хандығындағы билік бөлінісінің дəстүрлі қазақ қоғамының өмір сүру жəне даму ерекшеліктеріне байланысты екендігін, қайта қоғамды тұрақтандыруға, нығайтуға бағыт-тал ғандығын ескере бермейді. Себебі, сан ғасырлар тарихы бар көшпелілік, өзіндік өркениет ретінде, абсолюттік жүйені, ешқандай шектеу қойылмаған билікке ұмтылушылық үрдісін қабылдамады. Хан мен халық арасындағы билік тепе-теңдігінің сақталуы көшпелі қоғамның дамуына қолайлы жағдайлар тудырды.

Қазақ мемлекеттілігі функцияларының жүзеге асырылуы негізінен əдеттік ғұрыптар басым түрлі құқықтық нормалар жүйесімен реттеліп отырылды.

Түркі халықтарының сан ғасырлық құқықтық нормалар жүйесі Тəуке ханның 1680-жылдары Күлтөбеде хан кеңесін шақырып, жеті би атсалысып құрастырған қазақтардың «Жеті Жарғы» атты ата заңында жүйеленді. А.И.Левшин: «Билердің ертеден келе жатқан Қасым хан мен Есім хан тұсындағы əдеттік-құқық жүйелері «Жеті Жарғы» заңында жинастырылды», – деп жазады.

Қазақ құқығы өз бастауын ХІІІ ғасырда өмір сүрген үйсін Майқы биден алады. «Жеті Жарғы» ережелер жинағында бұрыннан басшылыққа алынып келе жатқан «Қасым ханның қасқа жолындағы», Хақназардың «Ақ жолындағы» «Есім ханның ескі жолындағы» жосықтар ғана емес, «Ұлы Жасақтың» да кейбір баптары пайдаланылады. Бірақ соңғылары қазақ халқының тұрмыс-салтына, əлеуметтік-экономикалық жағдайына орай бейімделіп алынды.

«Жеті Жарғы», Моңғол империясы немесе Алтын Ордадағы секілді, жоғарыдан түсірілген құқық емес, құқықтық əдет-ғұрыпты жаңа саяси жағдайға бейімдеудің нəтижесі болды. Мұны неміс ғалымы Г. Дёрфердің көшпелілердегі моңғолдық жəне түркілік элементтерді зерттеуге арналған еңбегінен айқын көруге болады (Doerfer G. Türkische and mongoІischen elements im neufersischen. Bd. I. Wiesbaden, 1963. S. 264-265).

Ғұлама ғалым С. Зимановтың сөзімен айтқанда, қазақ құқығының ерекшелігі – оның көшпелі мəде-ниет шеңберінде туып, сол дəуірдің ең құнды сипатын иеленуінде.

«Жеті Жарғыда» əдеттік құқықтың басымды-лы ғы қазақ халқының басын біріктіріп, Қазақ хан дығының нығаюына жұмыс істеді. Ə.Бөкей-ханов тың: «Көшпелі жəне отырықшы өмір сүрген қарғатамырлы қазақтарды «əдет заңы» ортақ тəртіпке шақырды, өз таңбасы, өз ұрандары бар тайпаларды «алаш» ұраны ел басына күн туғанда бір тудың астына біріктірді» деген сөзінде осы тарихи шындық жатыр (Туземец [Ə. Бөкейханов]. Женщина по киргизской былине Кобланды / Туркестанские ведомости. 1899. №35. С. 208-209).

«Жеті Жарғы» – Тəуке хан тұсында қоғам өмірінің сан-саласын қамтыған, Қазақ хандығының, ел-жұртының тұтастығы мен бірлігін қамтамасыз етуге бағытталған конституциялық құжат болды.

Қазақ хандығының этностық негізінің ны-ғаюын да ислам діні маңызды рөл атқарды.

Сырт қы күштерге қарсы күресте діни идеология халықты жұмылдырушы, интеграциялық процесті жеделдетуші күш болды. Қазақ хандарының бір дінге сенуі жəне бəрі бірдей ислам дінінің сопылық бағытын ұстанып, далалық исламның негізін қалауы қоғам мен мемлекетке ерекше ықпалын тигізді, рухани жікшілдікке тосқауыл қойды. Парсы ғалымы Меһди Санаи Қожа Ахмет Ясауидің қазақ халқының қалыптасуындағы рөлін жоғары бағалап, ол «Қазақстан үшін ұлттық жəне исламдық жағынан өзін-өзі тану құралы əрі халық мақтанышы болды» деп көрсетеді (Mehди Caнaи. Иассауи тариқаты – Қазақ əдебиеті. 1998. 17 шілде).

Ислам діні, Қазақ хандығының мемлекеттік діні ретінде, ішкі жəне сыртқы саясатының доктринасына айналды. Қазақтардың бүкіл қоғамдық-саяси жəне мəдени өмірі Шариаттың басымдық рөлімен сипатталды. Қазақ заңдарының құқықтық дереккөздерінің бірін ислам діні құрай бастайды. Қорыта айтқанда, Қазақ хандығы исламдық мемлекет ретінде қалыптасады.

Шариаттың мемлекет өмірінде берік орын алуы-мен халықтың əдет-ғұрпында, мəдени дамуын-да соны өзгерістер, елеулі алға басушылық орын алады (Нуртазина Н. Ислам и эволюция государ-ственности в Казахстане / Отан тарихы. 2006. № 1.).

Қазақ хандығының экономикасын тек көшпелі мал шаруашылығымен ғана сипаттап, осыдан барып «қазақтарда мемлекет болмады» деу ешқандай тарихи құжаттармен расталмайды. Еуразия кеңістігінің тұрғындары, олардың ішінде Қазақ хандығы халқын құрағандар ежелден, мал шаруашылығына қоса, егіншілікпен шұғылданып, кен қорытқан, қолөнер кəсібімен айналысқан. Мұны Еділдің төменгі жағы мен Жайық бойында, Сырдария, Талас, Жетісу өңірінде, Орталық Қазақстанда, Алтай тауының қойнауларында жиі кездесетін тарихи ескерткіштер айқын дəлелдейді.

Қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуы мен генезисінде отырықшылық мəдениет пен ежелгі жəне орта ғасырлар кезіндегі қалалардың рөлі ерекше болды. Осы орайда А.И.Левшиннің мына сөздері ойға оралады: «Один бухарец, часто посещавший Оренбург и слывший человеком ученым, рассказывал нам, будто бы в древние времена берега Сыра и Аральского моря были столь населены, «что кошка могла прийти из Турке-стана в Хиву, перебегая с одной крыши на другую» (Левшин А.И. Описание киргиз-казачьих или кир-гиз-кайсацких орд и степей. Алматы, 1996. С. 111).

Бүгінгі Қазақстан аумағын мекендеген мемлекеттердегі көшпелілік жəне отырықшылық симбиозы əсіресе, қарахандар тұсында айрықша көрінді (Қараңыз: Прицак О. Караханиды / Ислам. ХХХІ. 1951. С. 21-23; Байпаков К.М. Средневековая городская культура Южного Казахстана и Семиречья. А.꞊А., 1986; Пищулина К.А. Присырдарьинские города и их значение в истории Казахских ханств в ХV-ХVII вв. / Казахстан в ХV-ХVIII веках. А.-А., 1969).

Х ғасырдағы ғалым-географ əл-Макдиси өзінің «Китаб əл-бəд ва-тарих» («Дүниенің басталуы мен тарихы жөніндегі кітап») атты энциклопедиялық шығармасында қазіргі Қазақстан аумағында орналасқан ондаған қала тізімін келтіреді. Олар қолөнер өндірісі мен зат айырбасына, сауданың дамуына байланысты пайда болып қалыптасады.

Созақ, Сығанақ, Отырар, Түркістан, Сауран, Қойлық, Талғар (Тальхиз), Тараз, Аркук жəне т.б. ортағасырлық қалалардың ірі сауда, қолөнер жəне саяси, мəдени орталықтар болғандығы шығыс дереккөздерінде айтылып, археологиялық жəдігерлермен нақтыланып отыр.

Бір ғана Алтын Ордада 110 қала болғандығы, оның 21-інде ақша соғылғандығы анықталды. Бұлардың саны жыл санап артып келеді. 2001 жылы Орал қаласының түбінен, Шағанның Жайыққа құяр сағасындағы қырқасының мүйісінен ХІІІ ғасырдың екінші жартысы мен ХІV ғасыр кезеңінде өмір сүрген қаланың орны табылды.

Отырықшы өңірлерді, қала тұрғындарын былай қойғанда, көшпелілердің өздері де кейбір дəнді дақылдар өсірумен шұғылданған. Батыс дипломаты Иософат Барбаро Дешті-Қыпшақ тұрғындарының егін шаруашылығымен айналысатынын өз көзімен көреді (Барбаро и Контарини о России. К истории итало-русских связей в ХV в. Ленинград, 1971).

Сырдария өңірі дамыған егіншілік пен сауданың, қолөнер мен мəдениет орталығы болды. Сырдария бойындағы қалалардың əлеуметтік-экономикалық жəне саяси маңызы, Қазақ хандығының тарихындағы рөлі В.В.Бартольд, А.Н.Бернштам, А.Х.Марғұлан, К.А.Пищулина тарапынан жан-жақты зерттелді. Тобылдық боярин С.Салтыковпен бірге Тəуке ханға барып қайтқан орыс елшісі В.Кобяков Сібір приказына былай деп хабарлайды: «А города у них, Тевкехана, все сделаны из сырого кирпича... А всего их, воинских людей, будет с 20 000 человек, которые кочуют по Сыру реке... А хлеб у Тевкихана родитца многое число, пшеница и ячмень и проса...» (Расспросные речи в Сибирском приказе казака Василия Кобякова о пребывании его в Туркестане / Дополнения к актам историческим. Т. Х. 1867. Док. № 80, ХІV. С. 389-390).

ХVI-ХVІІ ғасырларда Ясы (Түркістан) қаласы үлкен егіншілікті аумақтың орталығына айналады. Ибн Рузбихан Ясыны «Түркістан билеушілерінің астанасы» деп атайды. Бұл өңір дəнді дақылдармен жəне басқа да азық-түлікпен өз халқын ғана емес, басқаларды да қамтамасыз етеді. Түркістанда Дешті Қыпшақтың, Мəуреннахр жəне Қытайдан келетін сауда жолдары тоғысады.

Шығыс дереккөздерінде Ясы қаласының төңірегінде орналасқан Икан, Карнак, Карачук жəне т.б. елді мекендер аталады.

Қазақ хандығының түпкілікті астанасы болуы-нан бастап Түркістан Сырдария өңірінің саяси, мə-де ни ғана емес, мұсылмандық орталығына айналды.

Отырықшылық Жетісу өңірінің біраз аумағын қамтиды. Қазақтардың мұнда моғол хандығының тұсында тұрақты жайлау, қыстаулары болған. Қазақ қыстаулары бүкіл Сырдария өзенінің бойын алып жатады (Фазлаллах ибн Рузбихан Исфахани. Михман наме йи Бухара (Записки Бухарского гостя. Перевод, предисловие и примечание Р.П. Джалиловой, М. 1976. С. 94, 31).

Қазақтардың көшпеліліктен гөрі, жартылай отырықшы болғандығын Қасым ханның (ХVI ғ.) моғол ханы Сеид ханға айтқан мына сөздерінен-ақ байқауға болады: «Қыс болса жақындап келеді, біз, дала өңірінің тұрғындары, бұл кезде қыстау мəселесінің қамын ойластыруымыз керек» (Материалы по истории казахских ханств ХV-ХVІІІ веков. А.-А., 1969. С. 227).

(Жалғасы бар).

Қазақ хандығы – 550

Көшім ЕСМАҒАМБЕТОВ,тарих ғылымдарының докторы, профессор.

(Жалғасы. Басы 11-13-нөмірлерде).

ЕЛДІК БЕЛЕСТЕРІ

Page 6: ертегі айта ма? ФАНЕР - Egemen · 2017-10-30 · Сол кезде бізге рахметін айтып жатады. ... ған «Мемлекеттік жастар

23 қаңтар 2015 жылwww.egemen.kz6

Фариза Оңғарсынова поэзиясы қазақ жырындағы қыз-келiншектер өлеңдерiне ғана емес, жалпы ұлттық рухқа, халықтық болмысқа қатысты көптеген қасаң қалыптарды қақыратып өткен қасиетiмен қымбат танылады. Бiз қай заманда да халқымыздың əйел-анаға, сүйген жарға, қыз балаға құрметi бөлекше болды десек, қазақ қызды жа-сытпай, жарқылдатып өсiрдi десек, олар-дан батыр да, ақын да, көсем де, шешен де шықты десек, соның бəрiне даусыз дəлелдi Фариза жырларынан табамыз. Оңғарсынова өлеңдерi қазақ қызының бiз айрықша ардақтайтын асыл қасиеттерiн — жан тазалығын, ар тазалығын, ш ы н ш ы л д ы ғ ы н , с ы р ш ы л д ы ғ ы н ,

батылдылығын, ақылдылығын, аяулы сезiмi мен қаяулы көңiлiн кiр шалдыр-май ұстауға ұмтылатын асқақ аңсарын айрықша көркем күйде ақ қағазға төгiлте түсiрiп бергенiмен қымбат.

Ə дегеннен əдеби ортадан жырақтау жүрiп, жыр жарысына жетпiсiншi жылдардың бас жағында ғана қосылған Фариза өлеңдерi қазақ поэзиясына өзiндiк үнiн ала келдi дей салу аздық етедi. Фариза – қазақ рухына əсер еткен ақын. Сексен алтының желтоқсанында Алматының қақ ортасындағы қарлы алаңға шыққан қарындастарымыздың арасында Фариза жырынан жанына жылу алғандар аз болмағаны анық. Онсыз да қыз баланы бөлекше қастерлейтiн халқымыз Фариза

өлеңдерi арқылы əйел затының қадір-қасиетiн бұрынғыдан да биiк бағалай түстi деудiң ешқандай артықтығы жоқ. Фариза өзiне дейiн «қыз-келiншектер поэзиясы» деп аталып, кеңдiкпен, кейде тiптi кешiрiммен қаралып келген ұғымға да басқаша сипат бердi. Поэзияда жаңа өлшем орнатты. Бiз ақын жырларының жұмсақ лиризмiн, жұмбақ табиғатын əлi де ашып көрсете алмай жүрмiз. Автордың күнделiктi өмiрдегi қалпына қарап оның жырларынан бiрыңғай асқақтық, кiлең бiр өрлiк iздей беру де қате ұғым. Шынтуайтында, əйелдiң əлсiз əлемiнен шыққан Фариза жырларының табиғаты нəзiк, тiптi қорғансыз болып келедi. Ақын жырларының күшi де сол əлсiздiгiнде.

Антологияның бұл ұсынымындағы «Əйелдiң монологы» соншалықты дəл табылған поэтикалық ырғағымен де, шыңғырған шындығымен де, сызда-тар сыршылдығымен де, адамның ең бiр жан түкпiрiнде жататын интимдiк сезiмдердi жалаңаштай жаздап барып қайтадан жарқыратып алып кететiн ғажайып шеберлiгiмен де қайран қалдырады. Сұрапыл сезiм суретiнiң мұндай үздiк үлгiлерiн əлем əдебиетiнiң қазынасына қысылмай қосуға бола-ды. Ашығын айтар болсақ, Фаризаның махаббат лирикасындағы жекелеген өлеңдер Ахматова мен Цветаеваның сөз қадiрiн бiлер жұрт мiнəжаттай жаттайтын жауһар жырларынан бiрде-бiр кем емес. Сондықтан да Фариза Оңғарсынова поэ-зиясы өткен ғасырдың соңғы ширегiндегi қазақ əдебиетiнiң бөлекше құбылысы болды, сондықтан да Мұқағали «жiгiтiнен қазақтың дос таба алмай» қиналғанда жүрегiн жегiдей жеген жан сырын Фаризаға айтты, сондықтан да Фариза жырларының рухы нəзiк өрлiктiң, сыр-шыл ерлiктiң бейнелi баламасына айнал-ды. Қазақ өзiнiң Фаризасын, аяулы ақын қызын сол үшiн де қадiрлейдi, қастерлейдi.

Сауытбек АБДРАХМАНОВ.(«Жиырмасыншы ғасыр жырлайды»

авторлық антологиясының алғысөзінен, «Раритет» баспасы, 2007 жыл).

Тағзым Жемқорлық – індет, жою – міндет

Дидар АМАНТАЙ, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

Күн байыды. Елең-алаң, алагеуім мезгілде атқан таң нұры, көк жүзіне шан-шыла көтеріліп келе жатып, тас төбеден құлады.

Түс ауып, бесінге таяды. Жоғарыдан төгіліп, төменді аялаған, өлкелерді, асу-ларды, белдерді жылы шуағына бөлеген айрықша қуат сарқылып бара жатып қырқаларға ілінді, қарт адамдай құба жондарға, қара жолдарға еңкейді.

Кешқұрым шұғыла ұзарып, жүріп өткен жолында толған, салтанаты асып, сəулеті жайнаған алтын табақ біртіндеп ақырын құлақтанды, қызыл күрең түске бөленді, оттың табы, ыстықтың лебі азай-ды – ғаламзатқа жарық құйып тұрған, жайлап өсіп келе жатқан ғарыштың алып нүктесі қызуынан айырылды. Төңірек қарайып, түнек көз байлады. Ақшам жа-мырады, сонсоң, апақ-сапақ шақта, тосын суық хабар жетті.

Қызыл іңірде, ел аман, жұрт тыныш-та, заңғар биіктің көктегі шапағынан көз жасындай тамған, Мұхаммед (с.ғ.с.) Пайғамбар куə, Тəңір шапағаты, Жасаған Ие шарапаты, қала берді, шашқан жарлық махаббатынан жаралған арайлы күн, асыл перзент жалған дүниеден өтті, қырқа асып, түн қойнауына сіңді.

Уа, Дешті Қыпшақ даласы, Фариза дүние салды!

Махамбеттің қос жүзді болат сем-серіндей – жалғандықты қақырата шапқан Фариза ақын, Оңғарсынова ханшайым патшалықтың інжу-маржан байлығына көз салмай, алтын-күміс қазынасына на-зар аудармай, дүние-мүлкіне құштар бол-май, ықыласы түспей, тəкаппар қалпы ба-янсыз, тұрлаусыз фəнимен қош айтысып кете барды.

Дешті Қыпшақ даласы! Алапат жарылыстың аяулы перзенті, зор қайратты Күн сөнгенде, зеңгір көк аспан əлемін жарқыраған жасық жұлдыздар билейді.

Əдетте, таң атқанда, Құс жолында үркердей топтана шашылған, жүздеген шоқжұлдыздар өрістен қайтқан енелеріне ұмтылған жас төлдердей жамырап ағып түсер еді.

Ей, Алаш жұрты! Пенде, Иса, алəйһис сəлəм, пайғамбар

тəрізді, фəни ғұмыр қызығының құрбаны, бірақ, лұғат құрастырып, рисала жазған, жаратылысты танып, жұмбағын шешкен хакім қалайша бақидың, көп ғасырлық тарихтың, шексіз заманалардың шаң-тозаңы астында ізім-қайым жоғалып кетеді. Зады, ештеңе жойылмайды, жоқтан бар жасалмайды, құдіреті күшті Құдай ғана алып қуатқа ие, асқан қайрат,

асыл қасиет қожайыны. Алайда, Алланың құлай сүйген құлы болады, ол – Əсмəнің сіңлісі, Омар Һайамның қарындасы, адамзаттың аруы.

Қара танып, сауат ашқан, кітап оқып, хақиқатқа талпынған ол, тегінде, хатқа тұлпардай жүйрік еді, шындыққа жақ, жалған сөзге қас еді...

Бабаларының жауһар көзі еді ол! Сұлулықты көрген, даналыққа асық, таңғажайып дүниені таңғалып жырлаған ару ақын бола-тұғын зериза, лал, ақық Фариза!

Негізі – шұғыла, тегі – топырақ, тірші лі гінде от боп ойнап фəни кеш-кен, өрттей лаулап өмір сүрген Фариза шайыр бауы ры суық піл сауырлы қара жерге аттанар кезде, тар өткелдің та-балдырығында тұрғанда, жалын атып маздап жанған құшағы ыстық маздақ ғұмырға өлердей жабысып, қимай

есінен танып, талықсып жығылмады.Иə, Фариза ақын дерт меңдеп, сырқат

жеңгенде, тамылжыған өмірге жармасып, өлермендік танытқан жоқ.

Ажалдан қаймықпады, тағдырынан тосылмады, бұрнағыдай алға жүрді, қарсы алдында оны, Кенесарыны тосқандай, тек өлім ғана күтіп тұрды.

Күн сөнді, от өшті, Фаризаға бір уыс топырақ бұйырды.

Бірақ қасиетті кітаптар, бабалардың өсиеті айтқандай, таң, асылы, қайтадан атады, күн қайыра шығады, задында, батты деген, уа, он оқ бұдын, алты Алаш, елең-алаң алдындағы Тəңірдің бір көз жұмып алған тынысы, қалт еткен бір тыныштығы екен.

Фариза Оңғарсынованың сөздері мар-жандай тізіліп, алтындай жарқыраған – күн жауһарлы кітаптары – алапат жары-лыстай мəңгілік.

Болатбек ƏБДІРƏСІЛОВ,Қазақстан Республикасы Президенті жанындағыМемлекеттік басқару академиясының ректоры.

Стратегия алдағы жылдарға ар-налған мемлекеттің сыбайлас жем-қор лыққа қарсы саясатының негізгі бағыттарын айқындайды жəне сыбай-лас жемқорлықтың алғышарттарын жою, оны туындататын себептер мен жағдайларды болдырмау жəне деңгейін төмендетуге көмектесетін іс-шаралар кешенін қамтиды. Яғни, басты назар сыбайлас жемқорлықты алдын алу жəне ескертуге аударылған. Бұл бағытта стратегияны жүзеге асыру шеңберінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қоғамдық бақылау туралы», «Бұқаралық ақпаратқа қолжетімділік туралы» жаңа заңдар əзірленіп, қабылданатын болады.

Дегенмен, белгілі бір нəтижеге қол жеткізуде ағартушылық, білім беру, тəрбие жұмыстарының да рөлі зор, сондай-ақ жаңа орта қалыптастырудағы шыдамдылық та қажет. Осы орайда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мем-лекет тарапынан атқарылып жатқан іс-шараларды бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жариялап, білім беру мекемелерінде, мемлекеттік ор-гандарда, халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша ауқымды оқу курстарын өткізу арқылы қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мəдениетті қалыптастыруға ерекше на-зар аударылатын болады.

Сонымен қатар, өткен жылы Қыл-мыс тық, Қылмыстық іс жүргізу, Қыл-мыстық атқару жəне Əкімшілік құқық бұзушылық туралы төрт жаңа ко-декс қабылданды. Олар 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді. Бұл кодекстерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің қылмыстық-құқықтық тəсілдері тұжырымдамалық тұрғыда қайта қарастырылған. Мысалы, Əкім-шілік құқық бұзушылық туралы кодекс-те жауапты лауазымды қызметкер-лер дің тізімі қайта қарастырылып, айыппұл дың көлемі нақты анықталған. Бұл норма лар жемқорлық факторларды болдыр мау ға бағытталған.

Ал жемқорлыққа байланысты қылмыстық жауапкершілікті күшейтуге бағытталған жаңа өзгерістер ретінде төмендегілерді бөліп көрсетуге болады: жемқорлық қылмыс бойынша сотталған азаматтарға мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге өмір бойылық тыйым салынды; осы санат бойынша сотталған азаматтарға шартты жаза белгілеуге тыйым салынды жəне алынған параға қылмыстық жаза ретінде еселенген айыппұл белгіленді.

Қазіргі таңда əртүрлі елдердегі сыбайлас жемқорлықтың деңгейін бағалау барысында сарапшылардың көпшілігі Транспаренси Интернешнл халықаралық үкіметтік емес ұйымының сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексін (Corruption perceptions index) қолданады. Онда мемлекеттердегі сы-байлас жемқорлықтың деңгейі зерттеу-лер мен сараптамалық сұрастыру арқылы айқындалып, осы рейтингке қатысатын 183 елдің рейтингі дайындалады. Неғұрлым жоғары орынға ие болатын мемлекетте сыбайлас жемқорлықтың деңгейі де соғұрлым төмен келеді.

Қазақстан іске асырылған жүйелі шаралардың нəтижесінде 14 сатыға жоғарылап, 2014 жылы 126-орынға ие болды. Атап айтқанда, біз 2013 жылы 140-орында болсақ, 2012 жылы 133-орында, ал 2010 жылы, тіпті, 105-орында болдық. 2010 жыл-мен салыстырғанда Қазақстанның рейтингтегі позициясының төмендеуі, елімізде сыбайлас жемқорлықтың деңгейін азайтуға қаншама күш салынғанға қарамастан, нəтижесінің шамалы өзгергендігін көрсетті. Себебін іздесек, халықаралық тəжірибе де, ака-демия ғалымдары өткізген талдау да сыбайлас жемқорлықтың салдарымен күрес, оның деңгейін азайтудың тиімді жолы емес екендігін нақты көрсетті.

Аталған мəселеге ғылыми-əдіс на-малық тұрғысынан тоқталсақ, жаңадан құрылған Мемлекеттік қызмет істері жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі басшылығының жемқорлыққа қарсы күресте акцентті алдын алу шараларына жəне корруп-циялық қатерлерді жүйелі талдауға қойылуының дұрыстығын атап өткіміз келеді. Халықаралық тəжірибеге көңіл

аударсақ, соңғы жылдары сыбай-лас жемқорлықпен күресте жақсы нəтижелерге жеткен мемлекеттер, мыса-лы, Иордания, Румыния, Эстония жəне басқа да Балтық бойы мемлекеттері, сыбайлас жемқорлықтың салдарымен күрестің тиімсіз екендігін түсініп, оның алдын алуға аса назар аударуда.

Осы орайда, мемлекеттік қыз-меткерлерді сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға жəне оған қарсы күресте заңнаманы практикада қолдануды оқытуды жүйелі түрде өткізуде академияның рөлі өте жоғары. Академия – бұл мемлекеттік қызметшілерді оқытатын жəне Қазақстан Республикасы Президентінің қамқорлығымен жұмыс істейтін оқу-ғылыми орны екенін атап өткім келеді жəне ол жаңадан құрылған Мемлекеттік қызмет істері жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің құрылымына кіреді. Осының өзі – біздің бұл процестегі атқаратын ісіміздің ба-

рынша белсенділігін түсіну үшін жеткілікті алғышарт. Академияның басты мақсаты, рөлі – мемлекеттік аппараттың жауапты, адал, тиімді қызметкерлерін дайындау.

Сарапшылар берген ұсыныстарға дейін де, академияда алғаш қабылдан-ған мемлекеттік қызметшілерді, сон-дай-ақ басшылық лауазымға алғашқы рет тағайындалған мемлекеттік қыз-метшілерді қайта даярлаудың үш апталық курстарына сыбайлас жем-қорлыққа қарсы оқыту блогын қосу туралы шешім қабылданған. Оқу бағдарламасы формальды түрде, абстракті теориямен толтырылмай, керісінше, практикалық тұрғыдан сыбайлас жемқорлықтың не екенін, оның неден басталып, неге əкелетінін көрсететін нақты мысалдардың негізінде дайындалған.

Осыған орай, Мемлекеттік қызмет істері жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызмет-керлері өз еркімен қабылдаған анти-ко р рупциялық шектеулер туралы атап өткен жөн. Ол шектеулер Агенттік қызметкерлерінің тұрмыста, жүріс-тұрысында, тұтынушылықта жəне қызмет бабында мемлекеттік қыз-метшіге сай этикалық жəне антикор-рупциялық стандарттарды ұстануына бағытталған. Академия Агенттіктің құрылымына кіретіндіктен, біздің де қызметкерлеріміз аталған шектеулерді қабылдауды сөзсіз қолдады.

Сонымен қатар, Мемлекеттік қызмет істері жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасы-мен, академияда арнайы ғылыми-талдау орталығы құрылды, ол мемлекеттік басқарудың сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты мен Агенттіктің жұмысын ғылыми-əдістемелік, сараптамалық сүйемелдеуді қамтамасыз етуге бағытталған. Орталық жұмысының бағыттары мен басымдықтары: сы-байлас жемқорлықты туындататын

себептер мен жағдайларды зерттеу жəне осы əлеуметтік қатерге қарсы тұру мен оның алдын алу үшін жүйелі түрде тиімді шаралар əзірлеу. Мамандар əлеуметтік зерттеулер жүргізіп, сыбай-лас жемқорлық көріністері үшін «қатер аймағын» анықтап, біздің академияның білім бағдарламаларын жетілдіру бой-ынша ұсыныстар енгізіп, тəжірибеге тиімді əзірлемелерді енгізу мақсатында үздік халықаралық тəжірибені талдай-тын болады.

Озық елдердің тəжірибесі project management немесе жобаларды басқару құралын қолдану керектігін көрсетеді. Осы орайда академияда Жобаларды басқару орталығы құрыл-ған. Оның басты мақсаты – орта-лық жəне жергілікті мемлекеттік органдардың қызметкерлерін жо-баларды басқаруға оқыту. Project management қағидаттарын жүйелі түрде енгізу мемлекеттік бағдарламалардың ашықтығын, қаражат пен ресурстардың үнемдеуін қамтамасыз етеді, сонымен қатар, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруда сыбайлас жемқорлықтың мүмкіндігін барынша азайтады. Яғни, осы құралдың Елбасы жариялаған Қазақстанның «Нұрлы Жол» жаңа экономикалық саясатын іске асыру ба-рысында мемлекеттік қызметтегі сы-байлас жемқорлықты жою жөніндегі жұмыстың маңыздылығы зор.

Мемлекеттік басқару академия-сы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы əлемдік тəжірибені зерделеу, оны қолданысқа енгізу үшін сараптамалық жəне ғылыми диалогтың жүзеге асырылуына

қажетті жағдайларды жасауға дайын. Əлемдік тəжірибені зерделеу мен оны білу бір бөлек, алайда, ол білім мен тəжірибені біздің қызметте пайдаға асы-ру басқа нəрсе. Академия халықаралық ұйымдармен қарым-қатынасты жаңаша құруға жол ашуда. Атап айтқанда, сы-байлас жемқорлыққа қарсы белсенді жұмыстарды ұйымдастыру үшін əр-түр лі елдердегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстардың ұйымдастыры-луын зерттейтін жəне оған салыс-тырмалы түрде бағалау жүргізетін əртүрлі халықаралық ұйымдармен, мысалы, Қазақстандағы Transparency International, Дүниежүзілік банк, БҰҰ Даму бағдарламасы жəне тағы басқалармен белсенді ынтымақтастық орнатып, бақылау жəне бағалаумен шектелмей, Норвегия елінің тəжірибесі бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстарды қоғамда, жүйелік деңгейде де, сондай-ақ əртүрлі практикалық се-минарлар, тренингтер өткізу арқылы да ұйымдастыру бойынша практикалық көмек көрсетуге шақырылады.

Қазіргі таңда Мемлекеттік қызмет істері жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қазақстан Рес публикасы үшін Еуропалық одақ-тың сыбайлас жемқорлыққа қарсы əре кеттерді іске асыруға арналған жұ-мыстарын ұйымдастыру мəселелеріне техникалық қолдау көрсету жоба-сын жоспарлау бойынша келіссөздер жүргізуде. Осы бағытта жүргізілетін жұмыстарды ұйымдастыру өте ма-ңызды, ол Қазақстанның əлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру міндетімен де байланысты. Жасалған талдаулар халықтың өмір сүру деңгейі, қоғамның əл-ауқаты, экономикалық даму көрсеткіштері бойынша əлемдік көш алдында, сыбайлас жемқорлық деңгейі бойынша ең төмен мемлекет-тер қатарында тұрғанын көрсетті. Яғни, сыбайлас жемқорлықты жоймайынша, табысты дамыған ел болу мүмкін емес.

Мемлекет басшысының саяси күш-жігерінің арқасында елімізде сыбайлас жемқорлыққа, оның сал-дарына қарсы саясат дəйекті түрде жүзеге асырылып отыр. Мұның бір дəлелі ретінде айтсақ, «Нұр Отан» партиясының кеңейтілген отырысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүйелі түрде өткізуге бағытталған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі бағдарлама жарияланды. Ол бүкіл қоғамды біріктіретін, халық пен партияның əлеуетін жұмылдыратын жəне саяси тұрғыдан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте іс-қимыл бағдаржолын дəйектейтін құжат болып табыла-ды. Ал сыбайлас жемқорлыққа қарсы нақты шаралар халықаралық жəне қазақстандық тəжірибеге сəйкес 2025 жылға дейінгі Мемлекеттік қызмет істері жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі дайындаған стратегияда қарастырылған. Ол «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауына сəйкес əзірленді жəне онда жоғарыда баяндалған мəселелер қарастырылып отыр.

Сыбайлас жемќорлыќ жойылмай, ел дамуы мїмкін емес

Жырдыѕ жарыќ жўлдызы

Алапат жарылыс поэзиясы

«Жыл ґтті їлкен жїрек тоќтаєалы,Оны біз кґп іздейміз жоќтап əлі...»

Page 7: ертегі айта ма? ФАНЕР - Egemen · 2017-10-30 · Сол кезде бізге рахметін айтып жатады. ... ған «Мемлекеттік жастар

www.egemen.kz 723 қаңтар 2015 жыл

ҮКІМЕТҮКІМЕТ

1

Таяуда Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Сапархан Омаров басқарған еліміздің делегациясы Берлин қаласына жұмыс сапарымен барып, «Жасыл апта» халықаралық жəрмеңкесі шеңберінде өтетін дəстүрлі Дүниежүзілік азық-түлік жəне ауыл шаруашылығы форумына қатысты. Қазақстандық делегация құрамына министрліктердің жəне «ҚазАгро» ұлттық компаниясының басшы қызметкерлері кірді.

Германияның Федералдық азық-түлік жəне ауыл шаруашылығы министрі Кристиан Шмидттің төрағалығымен өткен форумның ая-сында ұлттық азық-түліктің, тағам өндірісінің, ауыл шаруашылығының, агроөнеркəсіптің даму секторларының жəне т.б. қауіпсіздігіне қатысты мəселелер талқыланды.

Қазақстандық делегация Берлинге сапа-ры барысында Германияның азық-түлік жəне

ауыл шаруашылығы министрлігінің үкіметтік статс-хатшысы Роберт Клоспен, Моңғолияның ауыл шаруашылығы министрі Радиа Бурмаамен жəне басқа ресми тұлғалармен екіжақты кезде-сулер өткізді. Сонымен қатар, «GWE-Group», «CLAAS» неміс компанияларының басшыла-рымен ынтымақтастықты тереңдету мəселелері бойынша келіссөздер жүргізді.

Берлинде биылғы 80-ші «Жасыл апта» жəрмеңкесінде 70 елдің 1650 көрме экспонатта-ры ұсынылды. Əлемнің барлық құрлықтарынан келген 70 ауыл шаруашылығы министрлері жəне шетелдік делегация санының едəуір өсуі есесінен биылғы жəрмеңке шетел қатысушыларының саны бойынша 1926 жылғы рекордтан озып шықты.

«Егемен-ақпарат».

Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ,«Егемен Қазақстан».

Атырау облысымен іскерлік байланысты орнатуға құштарлық танытушылар қатарында Ресей құрамындағы Башқұртстан Республикасы да бар. Соңғы кезде атыраулық студенттер осы елдің жоғары оқу орнында мұнайшылық кəсіпті игеруде. Мұнайлы өңір мен Башқұртстан арасын-да өзара ынтымақтастық туралы меморандумға да қол қойылған. Осы меморандум аясындағы іскерлік байланысты бұрынғыдан да кеңейте түсуге тағы бір оң қадам жасалып отыр.

Осы мақсатты көздеген Башқұртстандағы «Импульс» ғылыми-өндірістік кəсіпорнының ғылыми жетекшісі, химия ғылымдарының докторы Олег Пташко Атырауға еркін келіп, өңір басшылығымен кездесті. Оның айтуынша, Атыраудағы арнайы экономикалық аймақта бірлескен кəсіпорын құрудың мол мүмкіндігі бар. «Біз мұнай-газ саласына қажетті химиялық реагенттер шығаратын өндіріс орнын ашуды, сонымен бірге, бизнесті құрылыс материал-дары мен өсімдіктің өсуін реттеуші ретінде əзірлеуге əртараптандыруды жоспарлап отырмыз. Бұл жоспа-рымызды барлық талаптар мен экологиялық норма-ларды сақтап, екі-үш жылда іске асырғымыз келеді. Біздің кəсіпорнымыздың ғылыми əлеуеті жоғары дей аламыз. Соның мысалы ретінде 1996 жыл-дан бері химиялық реагенттер шығаратынымызды айтуға болады. Өзіміздің арнайы екі зертханамыз жұмыс істейді. Ресейдегі жəне Башқұртстандағы ғылым академиялармен тығыз байланыс орнаттық. Енді біз Атырауда да соңғы технологиялар негізінде

химиялық реагенттер шығарумен бірге, құрылыс, ауыл шаруашылығы салаларында да екі жаққа тиімді жобаларды іске асыруға ниеттіміз», дейді «Импульс» ғылыми-өндірістік кəсіпорнының ғылыми жетекшісі Олег Пташко.

Облыс əкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовтің ай-туынша, Атырауда ресейліктермен бірлескен

жобаларды іске асыруға əбден болады. Бұл бір жағынан көршілес елдер арасындағы іскерлік қарым-қатынастың аясын кеңейтетін болса, екіншіден, мұндай жобалар екі елдің экономикасын өркендетуге серпін береді.

Атырау облысы.

Раушан НҰҒМАНБЕКОВА.

Облысымыздың бірқатар тұрғындары бөдене өсіріп, көл-көсір табысқа кенелуде. Солардың бірі Жанат Тасыл-баева «Жұмыспен қам ту-2020» бағдарламасы арқылы өзінің отбасы мүшелерімен бірлесіп Қазақ станда көп адамдар айна-лыса қоймайтын бөдене құсын өсіріп, еті мен жұмыртқасын өндіруді қолға алыпты.

– Бүкіл əлемдегі сияқты Қа зақстанда да экологиялық жағынан таза өнімдерге сұраныс көп, – дейді Жанат Тасылбаева. –Мəселен, Жапония елінде бөдененің жұмыртқасы мен еті үнемі қолданыста. Мектеп оқушыларының ой қабілетін арттыру үшін, денсаулықтарын нығайту үшін бөдене міндетті түрде олардың асхана мəзіріне кірген. Əуел баста Алматыдан 100 бөдене əкелінді. Оны үлкен қиындықпен жеткіздік. Бөдене негізінен жұмыртқаны көп беретін құс. Бір бөдене кү-ніне 30 грамм ғана жем жей ді.

Қосымша дəрумендер бері-леді. Қаз бен үйрек, тауық қа қарағанда бөдене жиі жұмырт-қалайды.

Жанаттың айтуынша, бөде-не ден пайда та буға бо латын-дығына көз жеткіз геннен кейін қаладағы жұмыспен қамту орта-лығының жетекшісі Мəу ле-хат Шəкіровке барып, биз-нес жобасын ұсынады. Сөй-тіп, алғашқы несиесіне де қол жет кізіпті. Бүгінде ол кəсібі-мен облыс көлеміне таны мал, əсіресе, Өскемен қаласы ең көп тапсырыс жасайды. Бұ-рын дары тұрғындар бөдененің жұмыртқасын Ресейден əкеле ді екен. Енді міне, Жанат Тасыл-баеваның арқасында олар алыс-тан арбаламай, жақыннан дор-балайтын мүмкіндікке жетті. Жанаттың айтуынша, бөде-ненің еті жұмсақ əрі жеңіл. Бұл құсты үй жағдайында да өсіріп, көл-көсір табысқа кенелуге болады. Бөдене өсіруді алғаш қолға алған жапондар екен. Қазіргі таңда дүниежүзінде жа-пон бөденесі, мəрмəр бөденесі,

ағылшын бөденесі, фараон бө-де несі атты төрт түрі өсіріледі. Бөдененің жұмыртқасы көп-те ген сырқаттарға шипа. Əсі-ресе, адам организміндегі темір қалдықтары мен шлактар ды та-зартады. Тыныс жолы демік песі, асқазан аурулары, жүй ке, жүрек жəне тағы басқа ау руларға пай-далы. Құра мында фосфор, темір, калий, радионуклидтің пайдалы қоспалары бар. Қазақ халқына таңсық құс емес. Себебі, қазақ ертегілерінде жиі айтылады. Еті холестеринсіз, жұмыртқасы дəрумендігі жағынан тауықтан үш есе құнарлы, амин қышқылы жеткілікті, микроэлементтер-ге бай. Жанат Тасылбаеваның бизнесіне күйеуі Сағидолла Тасылбаев пен ұлдары Тайбек пен Əлибектер көмектесуде. Алдағы уақытта бөденеден басқа қоянның калифорниялық тұқымын, ор қоянды да өсірсем деп армандайды кəсіпкер келіншек. Ор қоянның терісі ғана емес, еті де пайдалы екен.

СЕМЕЙ.

Нұрмаханбет АЙТУҒАНОВ, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, Мемлекеттік сыйлықтыңлауреаты.

Екі жылдан бері, Ауыл шаруашы-лығы министрі С.Мамытбековтің көтеріп жүрген мəселелерінің бірі де бірегейі, ол ауыл шаруашылығының өнім өндірушілеріне мемлекет-тен материалдық жəне қаржылық жəрдем берудің оңды да тиімді жолдары, оларға тікелей қаржылай жəрдем бергеннен, шығындарының едеуір бөлігін мемлекеттік субси-дия есебінен төлеп беру болатын. Енді міне, былтыр осы мəселе оңды шешімін тау ып, «Агроөнеркəсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстарының бір бөлігінің ор-нын толтыру бойынша субсидия-лау қағидаларын бекіту туралы» Үкіметтің қаулысы қабылданды, сөйтіп, ауылшаруашылық кешендері субъектілері шығындарының біраз бөлігін мемлекеттік субсидия есебінен төлеп берудің жаңа ере-жесін бекітті. Бұл қағидалар «Агро-өнеркəсіптік кешенді жəне ауыл дық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі заңға сəйкес əзір ленген жəне жаңа өндірістік қуат тарды

құруға немесе жұмыс істеп тұр-ғандарын кеңейтуге бағыт талған инвестициялар кезінде агро өнер-кəсіптік кешен субъектісі жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру (инвестициялық субсидия-лар) тəртібін айқындайды.

Инвестициялық салынымдар кезінде АӨК субъектiлepi жұм-саған шығыстардың бip бөлігінің ор нын толтыру бойынша субсидия-лаудың негізгі мақсаты капитал сыйым дылығын төмендету жəне салынған инвестициялардың өтем-ділігін арттыру жолымен АӨК-тің басым бағыттарында (секторларын-да) инвестициялық жобаларды icкe асыру шеңберінде тауарлардың, жұмыстардың жəне көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін арт-тыру болып табылады. Егерде осы қаулы іс жүзінде орындалса, онда, ауыл шаруашылығының тамыры-на қан жүріп, шаруашылықтар ша-руасы дами бастайды, себебі, осы субъектілердің өнім өндіруге кеткен шығындарының 20-дан 80 пайызға дейінгі қаражатын субсидия есебінен жабу қарастырылған, бұл жағдайда өнім өндірушілер аздап болса да пайдаға кенеліп, олардың өндіріске деген қызығушылығы артады.

Мемлекет бірінші рет агро-өнер кə сіп кешені субъектілеріне, шығын дарын жабу үшін 20-дан 80

пайыз ға дейін субсидия бермекші. Бұл ша руа ларға өте тиімді, нақтылай жəрдем болады. Мұндай тəсілдер дамыған мемлекеттерде бұрыннан бар. Енді біздің мемлекетте де қолда нысқа енбегі өте құптарлық қуанышты жағдай, яғни мемлекет ауыл мəселесіне де толық көңіл бөле бастады деп айта аламыз. Мұның барлығы да жалпы ауыл шаруашылығына мемлекет тарапы-нан бөлінетін қаржының көлеміне байланысты. Мəселен, Ресейде ауыл шаруашылығына бөлінетін жалпы қаржының көлемі, ішкі жал-пы өнімнің 16 пайызын құраса, ол көрсеткіш Белоруссияда – 24 пайыз, ал Қазақстанда қазіргі күні əлі де 5 пайызға жетпей отыр.

Қаулының қағидаларында орын -дау жолдары нақтыланып, қо сым -шала рында жобаның паспорты, мақсаты айқын анықталып, фер-мер лік қожалықтарға техника мен жаб дықтар сатып алуда, олардың атауы жəне техникалық сипаттама-лары көрсетіліп, бір бірлікке барын-ша рұқсат етілген құндарына дейін нақты жазылған.

Бұл ауыл шаруашылығының негізгі түрлерін дамытуға, ауқымын кеңейтуге, алға жылжуына үлкен мүмкіндіктер туғызудың бірден-бір тиімді жолдары. Осы мүмкіндіктерді енді өнім өндірушілер дұрыс жəне

тезірек тиісті құжаттарын дайындап, мемлекеттің субсидия үшін бөлінген қаражатын тиімді пайдаланып қалуы керек.

Мен өзім ауыл шаруашылығына елу жылдан астам уақыт еңбек сіңірген азаматпын, əлі де еңбек ету демін. Одақ кезінде кеңшарда маман болып жиырма жылға жуық қызмет жасадым, ал енді еге-мен ел болып еңсемізді көтергелі бері де аянбай еңбек етіп, осы саланың дамуына қызмет жасап, мүмкіндігімізді сарқа пайдала-нып, білімімізді, тəжірибемізді тəуелсіз мемлекетіміздің өркен-деуіне, жұмсап, шама-шарқым кел-генше атсалысып келемін. Менің бұл жерде қадап, нақтылап айтпа-ғым, дəл мұндай мемлекеттік қам-қорлық егемен дік алғанға дейін де, одан кейін де, ауыл шаруа шы-лығында бұрын-соңды болмаған еді. Еліміздің экономикасы дамып, Елбасымыздың салиқалы саяса-тының арқасында, осындай салмақ-ты, салиқалы, ауқымды, ең бас тысы, тауар өндірушілерге өте тиімді қаржылық жəрдем беретін қау лының қабылдануы, ауыл шаруа шылығында еңбек етіп, оның қиыншылықтарына төзіп, ата-баба кəсібін тастап кете ал-май қиналыста жүрген ұлтымыздың жанашырлары, қайтпас қажырлы халқымыздың өкілдері үшін үлкен серпіліс береді.

Ол үшін Елбасымызға рахметімді айта отырып, ағайынды ауылдық жерлерде ата кəсібімізді дамытуға үлес қосуға шақырамын.

АЛМАТЫ.

Қазығұрт ауданының Шарбұлақ ауылында жыл он екi ай бойы тұрақты əрi табысты жұмыс iстейтiн «Сапа-2002» деп аталатын кəсiпорын тура-лы естiгенде сүйсiнгенiмiз рас. Кейiн оған барудың да сəтi түстi. Шынында да, аймақ орталығынан қашықтағы елдi мекеннiң iргесiнде жол бойында ауқымды алаңды алып жатқан, сыртын қоршаған жа-сыл желектiң арасынан биiк ғимараттары мен түтiнi будақтаған мұржалары менмұндалап көрiнiп тұрған еңселi зауыт əрі-берi өткендердiң назарын өзiне ерiксiз аударғандай едi. Қақпасынан кiрiп-шығып жатқан тасымал техника түрлерi де көзге шалынады. Көңiлге жылылық ұялататын бұл көрiнiстер алыстағы ауылда да тыңғылықты кəсiпорын бар екенiн жəне онда қайнап жатқан жұмысты анық байқатады.

Бұрындары «Гүлденсе ауыл – гүлденемiз бəрiмiз» деп жырлайтын түкпiрдегi елдi мекендерiмiз қазiр азып-тозып барады дейтiн пiкiрлердi терiске шығаратын нақты дəлел емес пе бұл?! Сыртынан-ақ көрiп тұрмыз, қаладағы жүйелi жұмыс iстейтiн кəсiпорындардан айырмашылығы аз, тiптi, бiлiнбейдi. Ал ауласына енiп, цехтарын аралағанда шаруасының жақсы жолға қойылып, əбден қалыптасып қалғанына көзiмiз жеттi. Əу баста, негiзi мықты қаланған шаруашылық екенi бiрден-ақ сезiледi.

Бұл күнде даңқы дүрiлдеген осы ЖШС-нiң иесi Нұржан Аширов тəуелсiздiктiң алғашқы жылдарында-ақ мақсары егiншiлiгiмен айналысуға ден қойып едi. Кейiн келе iсi өрге жылжып, кəсiпкерлiктiң қыры мен сырын бiр кiсiдей меңгергенде 2002 жылы көпсалалы болып қайта құрылды. Жаңа ұйымдасқан «Сапа-2002» ЖШС-нiң атқаратын тiрлiгiнiң ауқымы уақыт өткен сайын ұлғая түстi. Серiктестiк бастапқы кезде өсiмдiк майын өндiретiн əрi сығындыдан қалған сарқындыдан жем дайындауға болатын мақсары ектi, одан кейiн би-дай егудi бастады. Қазiргi кезде 4,5 гектар жерге осы дақылдар өсiрiледi. Алғашқысының əр гектарынан мау сым сайын орта есеппен 12-14 центнер, екiншiсiнен 20-25 центнерден тұрақты өнiм жиналады.

«Сапаның» сан-салалы екенiн баяндадық. Аудандағы бiрден-бiр жəне бiрегей iргелi шаруашылық жұмысының басым бағыты – мақсары егiп, дақылынан өсiмдiк майын шығару жəне оны өңдеуден артылған қалдықтарынан малға құнарлы жем əзiрлеу. Осы заманғы технологиялық қондырғылар орнатылған цехтардың қуаттылығы жылына 2160 тонна. Аудан халқының сұранысын толық қамтамасыз етуге 800 тоннасы жұмсалады. Ал қалғаны облыстың басқа өңiрлерi мен өзге ел-дерге жiберiледi. Атап айтқанда, Өзбекстанға, Қырғызстанға, Ресейге жөнелтiледi.

Тiптi, iргедегi Ташкенттен өсiмдiк майына сұраныс жөнiнде келiсiмшарт жаңа өнiм жиналмай жатып-ақ жасалып қойылады екен. Жұмыс ырғағы үйлесiмдi кəсiпорынға сенгендiктен Қазығұрт жəне өзге аудандардың шаруа қожалықтары өздерiнiң өсiрген мақсарысын «Сапаға» өткiзіп, тiптен кей-де пiсiп тұрған астықты егiнжайдан тiкелей орып алуларын өтiнiп те жататын көрiнедi, Əрине, бұған «Сапаның» техникалық күшi де жеткiлiктi. Серіктестікте бүгiнде егiн оратын 7 комбайн, жер жыртатын 5 «К-700», жаңа үлгiдегi шынжыр табан-ды 3 трактор, тасымал автокөлiктерi жəне басқа да ауылшаруашылық техникалары бар.

Өсiмдiк майын шығаратын ауылдағы кəсiпорында бұл күнде 100-ден астам адам жұмыс iстейдi. Зауыттың барлық жүйесiнде мамандар жеткiлiктi. Сырттан шақырылғандар жоқ. Бəрi де жергiлiктi тұрғындардан жасақталыпты. Жұмысшылар мен қызметкерлердiң орташа айлық жалақысы 40 000-50 000 теңгенi құрайды. Жалпы, кəсiпорын жобасы Елбасының тапсырмасымен қабылданған үдемелi индустриялық-инновациялық даму мемлекеттiк бағдарламасы аясында жүзеге асырылды. Жəне де екiншi деңгейлi банк арқылы алған 90,0 милли-он теңге несиесiн «Бизнестiң жол картасы-2020» бағдарламасының бiрiншi бағыты бойынша субси-дияландырып отыр.

Нарықтық экономикада орнықты орын алып үлгерген «Сапа-2002» ЖШС-нiң тағы бiр қабiлеттiлiгi жоғарыда айтылғандай, көпсалалы өндiрiстi дамыту-ында ерекше көрiнiс тапты. Серiктестiк соңғы жылда-ры өз жағдайларын сараптай келе мал шаруашылығын қоса өркендетуге түбегейлi бет бұрды. Ауылда тiршiлiк еткен соң, төрт түлiктi де өсiру керек. Басын көбейтiп қана қоймай, түрлi өнiм беретiндiгiн де кəдеге ұтымды жарату жағын қамдастыру қажет. Етiнiң, сүтiнiң, жүнiнiң өзiнен талай табыс табуға бо-лады. Қазiр серiктестiкте 450 жылқы, қылшық жүндi 5000 едiлбай қойы бағылады. Бордақыланған мал етi Алматыға, Астанаға жөнелтiледi.

– Табиғат құдiретiмен туындар тосын жағдайларға қарсы жасар шара бар ма, сiрə. Кейде ауа райының күрт өзгеруiнен егiншiлiгiмiзге зиян келiп жататыны да рас. Осындайда кездесетiн кездейсоқ шығындарды жасыратыны жоқ, қолдағы малдың есебiнен жабуға тура келедi. Бəрi де бiр серiктестiктiң қазанында қайнап жатқан соң, бiр саланы екiншiсiнен бөле-жарып жүрмеймiз. Табиғат құбылысынан егiн шығымы өте төмен болған кездерi мемлекет та-рапынан тұрақты қолдау көремiз. Менiң өмiрлiк ұстанымым – жұмысымды жетiлдiре отырып, iзденiспен алға ұмтылу. Құдайға шүкiр, бiзде мақсатқа жетудiң барлық мүмкiндiгi бар, – дейдi ЖШС директоры Нұржан Сапабекұлы.

Мiне, шалғайдағы ауылда тұрып-ақ көпвекторлы шаруасын дөңгелетiп отырған «Сапа-2002» ЖШС-нің жаңашыл, жемiстi жұмысымен аудан, қала бердi, об-лыс экономикасына қыруар үлес əкелсе, екiншiден, орта жəне шағын бизнестi дамыту жөнiндегi мемле-кет саясатына үн қосуда өзiндiк орны бар өнегелi iс екенiн айту керек. Бүгiнде мықты бизнес – қуатты мемлекеттiң бiр тiрегiне айналғаны ақиқат.

Жеңiс БАҺАДҮР.Оңтүстiк Қазақстан облысы,Қазығұрт ауданы.

Ержан БАЙТІЛЕС,«Егемен Қазақстан».

Қыстың көзі қырауда деп айтуға ұят. Өйткені, биылғы қыстың көктем мен күзден сəл ғана айырмасы болып тұр. Күн жылы. Дария да толық қатпады. Соның салдары-нан Сырдың бойын қайта-қайта тұман ба-сып қалып жатыр. Кейде өзімізді Лондонда өмір сүріп жатқандай сезініп те кетеміз. Бұрынғыдай жұлқынып соғатын жел де жоқ. Əйтеуір, биылғы қыс қаһарына міне алмаған күйі орнын көктемге босатып беретін шығар.

Дегенмен, қыс қолайлы екен деп жылу маусымы тоқтап қалмайды. Жалғаса береді. Осы тұста қызылордалық тұрғындарға жағымды жаңалықты жеткізгіміз келеді. Биылғы қаңтар айынан бастап «Қызылорда жылу электр орталығы» МКК жылу тарифінің 3,6 пайызға төмендегенін мəлім қылды. Бұған дейін тұтынушылар жылу үшін қосымша құн салығын есептегенде 85,1 теңге төлеп келген. Алдағы уақытта бұл сома 82,03 теңге болмақ.

Қызылордада тек жылу бағасы ғана бақылауда емес. Тұрғындар үшін қажетті өзге тауарлардың да бағасы шарықтап к е т п е у і қ а т а ң н а з а р д а ұ с т а л а д ы . Мəселен, аймақтағы азық-түлік бағасын қадағалау мақсатында тұрақтандыру қорын басқару комиссиясы, штаб жəне жұмыс тобы жұмыс істейді. Облыстық ауылшаруашылық басқармасының бас-шысы Дəуірбек Əбуовтің айтуынша,

«Байқоңыр» əлеуметтік-кəсіпкерлік кор-порациясы» ұлттық компаниясы» АҚ-тың еншілес «Қызылорда қаржы компа-ниясы» серіктестігі мен «Мирас» сауда орталығының арасында арнайы келісім жасалған. Аталған əріптестік келісімге сəйкес көкөніс өнімдері базар бағасынан 15-20 пайыз арзанға сатылып жатыр. Сондай-ақ, жаңа жыл қарсаңында «Төмен баға» логотипі ілінген 4 сауда орындары ашылған.

– Өткен жылы облыс тұрғындарын сапа-лы əрі арзан көкөніспен, ауылшаруашылық өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында 60 жəрмеңке өткізіліп, 266 миллион теңгенің өнімі нарықтағыдан 15-20 пайыз төмен бағамен сатылды,– дейді Дəуірбек Кеңесұлы.

Облысқа қарасты аудандар мен қалада орналасқан сауда-саттық дүкендерімен əлеуметтік маңызы бар тауарларға негізсіз үстеме қоспау мəселесі жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, сауда орындарының иелерімен ынтымақтастық меморандумға қол қойылған.

Мамандардың айтуынша, бүгінгі күні облыстың азық-түлік нарығындағы жағдай тұрақты, сұранысқа ие тауар лардың жетіспеушілігі байқалмайды.

Қысқасы, Қызылорда облысында баға шарықтап, халық артық шығынға батып жатқан жағдай жоқ. Екі иінінен демалып дағдарыс кеп қалса да, бағаны қалыпты жағдайда ұстап отыр.

ҚЫЗЫЛОРДА.

Баєа баќылауда

Ќазаќстандыќ делегация дїниежїзілік форумєа ќатысты

Бґдене ґсіріп, байып кетті

Байланыс аясы кеѕейеді

Ауыл шаруашылыєын оѕ ґзгерістер кїтеді

«Сапа» – сан ќырлы серiктестiк

Page 8: ертегі айта ма? ФАНЕР - Egemen · 2017-10-30 · Сол кезде бізге рахметін айтып жатады. ... ған «Мемлекеттік жастар

www.egemen.kz8 23 қаңтар 2015 жыл

ҮКІМЕТҮКІМЕТ

2

Орталыќ мемлекеттік органдардыѕ интернет-сайттары:Қазақстан Республикасының Үкіметі www.government.kz

Ішкі істер министрлігі mvd.gov.kz

Қорғаныс министрлігі www.mod.gov.kz

Білім және ғылым министрлігі www.edu.gov.kz

Сыртқы істер министрлігі www.mfa.gov.kz

Денсаулық және әлеуметтік

даму министрлігі www.mzsr.gov.kz

Қаржы министрлігі www.minfin.kz

Әділет министрлігі www.adilet.gov.kz

Мәдениет және спорт министрлігі www.mki.gov.kz

Ауыл шаруашылығы министрлігі minagri.gov.kz

Энергетика министрлігі www.energo.gov.kz

Ұлттық экономика министрлігі www.minplan.gov.kz

Инвестициялар және

даму министрлігі www.mid.gov.kz

Минералды ресурстар ел экономи-касында маңызды рөл атқарады, себебі халық шаруашылығының бірқатар сала-лары мен отын-энергетика саласының дамуында аталмыш ресурстардың алар орны айрықша. Маңғыстау облысы минералды-шикізат көздерінің орна-ласуы жағынан республика бойынша айтулы үлеске ие, атап айтсақ, облыс аумағында респуб ликада өндірілетін мұнай қорларының 14%-ы, ал табиғи газдың 11%-ы шоғырланған.

Жетібайдан мұнай атқылаған та-рихи сəттен бастап қазына қайнары атанған Маңғыстау еліміздің дамуына мұнай-газ саласында өз үлесін қосып келеді. Қазіргі таңда өңірдің мұнай жəне газ саласын дамыту аясында игеріліп жатқан кен орындарында көмірсутегін өндіру деңгейін қарқынды дамыту жəне ұстап тұру, консервацияда тұрған жаңа кен орындарын игеру, кен орны дəрежесі берілмеген, бірақ өнімі бар екендігі белгілі болған алаңдарда геологиялық барлау жұмыстарын жандандыру, сейсмикалық барлау жұмыстары нəтижесінде дайындалған геологиялық құрылымдарды барлау- бұрғылау жұмыстарын жүргізу сынды бағыттар басымдыққа ие.

Мемлекет басшысы Н.Назарбаев республиканың геологиялық барлау саласының алдында бірқатар мəселелер қойып, геология саласын қарқынды түрде дамыту қажеттігін тапсырды. Өткен бес жылда геологиялық бар-лау жобаларына 40 миллиард теңге бөлінсе, келесі бес жылда одан 3 есе көп, яғни 120 миллиард теңге бөлінбек.

Саланы дамыту дегенде алдымен қолға алынатын істер – геологияға жаңа технологияларды енгізу, мұнайды шығару коэффициентін көтеру, терең қабаттарға барлау жұмыстарын жүргізу. 2013 жылы қыркүйек айында Атырау қаласында өткен Қазақстан мен Ресейдің аймақаралық қызметтестігінің II форумында Н.Назарбаев пен В.Путин «Еуразия жобасын» іске қосты. Осы сəтте біздің Президентіміз Н.Назарбаев екі ел боп бірлесе жүзеге асыратын жоба барысында Каспий маңы ойпатының терең қабаттарының геологиялық құрылымдары мен геохимиясының жете зерттелетіндігіне тоқталып, жаңа көмірсутекті кен орындарының ашылып, халықаралық ірі мұнай компанияларының қызығушылығын тудыратындығын жеткізген болатын. Қазір бізде «Еуразия» жобасы жа-нынан жұмыс тобы құрылды, ол осы жобаны іске асыру жобасын жасақтау үстінде. Оның мақсаты Каспий бойы ойпатының терең қабаттарын зерттеу болып табылады. Үкіметаралық кеңесте

ол жерлерге бұрғылау жұмыстарын жүргізу қажеттігі айтылған болатын.

Жер қойнауын ұтымды пайда-лану мəселесімен қазір еліміздің Геология жəне жер қойнауын пайдала-ну комитеті айналысып келеді. Комитет төрағасы техника ғылымдарының док-торы Б.Нұрабаев Маңғыстау облы-сына келіп, өңірде қызмет ететін жер қойнауын пайдаланушы компаниялар өкілдерімен кездесті.

Геологиялық барлау саласын-да мамандар мəселесі өте өзекті, өткір күйде тұр. Инвестициялар жə-не даму министрлігі жоғары оқу орындарымен, атап айтқанда, тау-кен инженерлерін, гидрогеологтарды жəне геология саласының басқа да көптеген мамандықтары бойынша мамандарды дайындау жөніндегі меморандумға қол қойды. Жыл сайын ТМД мемлекеттері аумағында жас геологтардың олимпиа-дасы өткізіліп тұрады, ал республи-ка деңгейінде мұндай олимпиада алғаш рет өткізілді. Мұндай олим-пиадалар мен слеттердің мақсаты – геологиялық барлау саласының ма-мандарын мектеп партасынан бастап дайындау. Мұндай үндеу барлық жер қойнауын пайдаланушыларға жолданса да, олардың тарапынан белсенділік, əсіресе, мұнай-газ саласындағы жер қойнауын пай-даланушылардан байқалмай отыр. 90-жылдары көптеген мамандар – ин-женерлер, геологтар басқа салаларға жұмысқа кетті. Бізге дайын кəсіби ма-мандар қажет. Б.Нұрабаев геологтар-ды оқыту үрдісіндегі тағы бір өзекті мəселені айтып кетті. Оның айтуын-ша, көптеген кəсіпорындар студент-терге тəжірибеден өтуге мүмкіндік беруден бас тартып отыр. Ал он-сыз сауатты, білікті маманды даяр-лау мүмкін емес. Геология жəне жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы компаниялардың тəжірибе өтуге қабылдау міндеттілігі заңнамалар деңгейінде бекітілетіндігін атап өтті. Сондай-ақ, ғылым геологиялық бар-лау саласында шешуші рөлдердің бірін атқаруы тиіс. Осы кезге дейін ол əсіресе, мұнай-газ саласында өте баяу дамыды. Ғылыми жұмыстар мемлекеттік бюд-жеттен қаржыландырылатын болады.

Маңғыстау облысында көне кен орындарын пайдалану қазір соңғы са-тысында тұр. «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ бас директоры Сунъ Синъюнъ жəне бас директордың бірінші орын-басары Б.Иманбаев жақын кезеңдерде өндірілетін мұнай-газ қорларының азаятындығы туралы айтып, мұнай өндіруді көбейтуге палеозой қабатта-рын жаңа технологияларды пайдалана

отырып жете зерттеу арқылы қол жеткізуге болатындығын айтты.

Қазіргі таңда сала алдында «Маң-ғыстау облысында мұнай шикізаты қорларын өндіруді қалай көбейтуге болады?» деген мəселе тұр. Маңғыс-тау облыстық геология инспек-циясы мамандарының белсенді жұмыстарының арқасында Геология жəне жер қойнауын пайдалану комитеті мен «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ арасын-да «Өзара бірлесіп қызмет істеу» тура-лы меморандумға қол қойылды, онда 2015-2018 жылдары, негізінен Қарақия ауданында орналасқан 21 құрылымда іздестіру-барлау жұмыстары қаралған.

Осы жұмыстардың нəтижесінде біз мұнай өндірудің қазіргі деңгейін сақтап қаламыз жəне алдағы уақытта компа-ния бойынша мұнай өндіру көлемін ұлғайтуға қол жеткіземіз деп ойлай-мыз, ең бастысы, жергілікті мамандар-ды жұмыспен қамту мəселесі шешіледі деп күтілуде. Бұл мəселелерді шешу ғылыми тұрғыдан қарастырылуы тиіс, себебі бұл мұнай өндіруші компа-ниялар үшін өте өзекті мəселелердің біріне айналып отыр. Осы мақсатта Ақтау қаласында Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының ғалымдарынан құралған бірлескен кəсіпорын тіркелді. Болашақта олар об-лыс аумағында жаңа микролептондық технологияны пайдалана отырып жеделдетілген геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуге атсалысады жəне мұнайды шығару коэффициентін көтеру мəселелерімен де айналысатын болады.

Маңғыстау облысына сапа-рында Елбасы Н.Назарбаев өңірде көмірсутектен басқа, уран, темір, мыс, марганец, целистин, барит, минерал-ды тұздар сынды пайдалы қазбаларды тездетіп барлауды ұсынды. Үкіметтің 2012 жылы 13 тамызда бекітілген елдің 2015-2019 жж. геологиялық барлау жұмыстарының бағыты мен осы саланың даму тұжырымдамасы бойынша алдыңғы кезекте түсті

металдарды, алтынды, сирек кездесетін элементтерді көбірек іздеу қажеттігі айтылды. Аталған жобаны жүзеге асы-ру барысында геологиялық іздестіру жұмыстарының технологиясын жетілдіру, саладағы инвестициялық климатты жақсарту да қамтылған.

«Маңғыстаумұнайгаз», «Өзен мұ-найгаз» ұжымдары мен басқа да ком-паниялар қазір жаңа кен орындарын табу арқылы өнімді көбейту бағытын ұстануда. Осыған дейін Маңғыстауда темір, мыс, марганец, барит, цели-стин, қоңыр көмір, фосфорит, т.б. кен орындары табылған. Қазір соларға ше-тел инвесторларын тарту жұмыстары жүріп жатыр. Келешекте бұл кен орын-дарын игерумен қатар, барлау, кен қорын есептеу, тағы басқа жұмыстар жүргізілетін болады. Н.Назарбаевтың жер қойнауын пайдалану туралы заңға өзгерістер енгізу туралы тап-сырмасын басшылыққа ала отырып іс жүргізетін боламыз. Онда барлауға жер беру құқығының жүйесін түбірімен өзгертіп, кен орындарын жөнсіз саудаға салудан қорғау қажеттігі айтылған. Шетелдіктермен шарт жасасқан кез-де болашақта экономикамызға, эко-ло гиямызға нұқсан келмеу жағын қатаң бақылау қажет. Заң бойынша инвесторларға он жыл бойы КТС-дан жəне жер салықтарынан, сегіз жылға мүлік салығын төлеуден боса-тылу жеңілдіктері жасалған. Нысан пайдалануға берілгеннен кейін инвестордың оған негізгі шығынының 30 пайызын мемлекет қайтарады. Түрлі жеңілдіктер қазірдің өзінде Маңғыстауда рудалық қазбалар иге-руге ынталы инвесторлар қатарын көбейтті. «Caspian Salt» компаниясы Малайзия, Польша инвесторларымен бірге минералды тұздарды игерумен айналыспақ. Нəтижесінде өңірде жаңа галлургиялық жəне сода шығаратын өндіріс ашылады деп отырмыз.

Облыс халқының үлкен пайызының күнкөрісі осы мұнай-газ саласымен тікелей байланысты болғандықтан жаңа кен орындарын ашу, болмаса игеріліп жатқан кен орындарының тиімділігін арттыру мұнай-газ компанияларының басшылары үшін де, геология жəне жер қойнауын пайдалану облыстық инспекциясы үшін де шешуін табуы тиіс келелі мəселелер болып табылады. Осы бағытта аянбай еңбек ету, халықты жұмыспен қамтамасыз ету біз үшін ең басты мақсат.

Қосай ШАҢЫТБАЙ,Маңғыстау облыстық геоло-

гия жəне жер қойнауын пайдалану инспекциясының жетекшісі.

Оралхан ДƏУІТ,«Егемен Қазақстан».

Тарихқа көз жүгіртсек, Алматы темір-жолының электрлендірілуі 1984 жылы Мойынты – Шу бағытында басталған екен. Шу теміржол бөлімшесінің алғашқы электрлендірілген Мойынты – Сарышаған учаскесі 1985 жылы, Шығанақ учаскесі 1986 жылы пайдалануға беріліпті. 1988 жылдың қарашасында Шу торапты стан-сасына алғаш рет электровоз келеді.

Ал 1995 жылы 4 қаңтарда Транс-Қазақстан теміржол магистралінің Луговой – Шу телімін электрлендіру жұмысы аяқталып, оның салтанатты іске қосылуына қатысқан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бұл желінің елімізге, халқымыздың болашақ өміріне тигізетін пайдасы өте зор екенін айта келіп, «Ұлы Жібек жолы болат магистралі арқылы қайта жаңғырып, осы арқылы Қазақстан Тынық мұхитта Еуропа елдеріне жететін трансконтиненттік теміржол желісіне қосылып отыр», деген болатын. Міне, облыс үшін ғана емес, бүкіл еліміз үшін маңызы зор болған Шу – Луговой теміржол бөлігін электрлендірудің 20 жылдығына арналып мемориалды белгі қойылды.

Шынында, тəуелсіздігіміздің алғашқы жылдарында бұл теміржол бөлігі өңірдің ғана емес, бүкіл республикамыздың теміржол тасымалын арттыруға үлкен үлес қосты. Электрлендірілген теміржолдар

ТМД мен Қазақстанның көлік жүйесінде бүгінде негізгі күш болып, жүк жəне жо-лаушы тасымалының денін атқарып келеді. Бүгінде Қазақстан теміржолы ірі тасымал-даушы ғана емес, Жамбыл облысының индустриясын дамытуда көшбастаушы ұлттық компания болып табылады.

– Ел мен елді, қала мен ауылды байла-ныстырып отырған жол қатынасының ел экономикасы үшін қашанда маңызы зор. Ал осы қатынастың басым бөлігін қамтып, ауыр жүгін арқалап отырған теміржол са-ласы екені баршаға белгілі. Сонау 60-шы жылдары паравоздың орнын алмастырған тепловоздарға таң-тамаша қарасақ, бүгіндері жүйіткіген электр пойыздарға қол жеткізіп отырмыз. Шу қаласының əрбір тұрғыны теміржолдың дүрсілін жөргегінде естіп өссе, халықтың 70 пайызының еңбек жолы осы теміржол саласымен байланы-сты. Əулиеата өңірі тіршілігінің «күре тамыры» болған электрлендірілген болат жолының берекесі кіріп, даңқы арта түсті, – дейді Жамбыл облысының əкімі Кəрім Көкірекбаев.

Жиын соңында бірқатар теміржол-шыларға құрмет грамотасы мен алғыс хат-тар тапсырылды.

Жамбыл облысы,Шу ауданы.

Суретті түсірген Ақəділ РЫСМАХАН.

Сатыбалды СƏУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан».

– Б ұ л а к ц и я қ о л д а б о л ғ а н м е н , ресімделмеген мүлікті жария етуге толық мүмкіндік береді. Мұның өзі бəрінен бұрын болашақта жаппай декларациялау жүргізілетініне байланысты қолға алынған шара. Қазір азаматтарға болашақта өздерінің декларациясына көрсету үшін ресімделмеген мүліктерін жария етуге құқық беріліп отыр. Əрине, заңдылықты сақтайтын əр азамат мұндай мүмкіндікті пайдаланып қалулары тиіс екені айтпаса да түсінікті. Ал ақшаны жария етуді жүргізудегі ерекшелік, ол азаматтар үшін жария етудің баламалы тетіктерінің болуы деу орынды. Біріншіден, ақшаны нарықтық ставкамен ынталандыру сыйақысын ала отырып, екінші деңгейлі банкте үш жыл ұстауға болады. Екінші бір жолы – ақшаны жедел пайдаланғысы келген жағдайда, мемлекеттік бағалы қағаздарды, екінші деңгейлі банктердің, холдингтер

мен компаниялардың, даму институттары ұлттық басқарушыларының облигацияла-рын жəне «Халықтық IPO» бағдарламасы аясында акцияларды, сондай-ақ, Қазақстан қор биржасында орналастырылған басқа да бағалы қағаздарды сатып алып, экономикаға инвестициялауға болады. Үшіншіден, аза-маттар жекешелендірудің екінші толқыны аясында нысандарды сатып ала алады. Мысалы, 2014-2016 жылдары 791 ны-сан жеке секторға шығарылады, соның ішінде, біздің облыс бойынша 18 нысан бар. Жария етілген ақша табыс болып та-былмайды, сондықтан салық салынбай-ды. Яғни, жинақ есепшотынан алынба-са жəне басқа есепшотқа аударылмаса, онда тиісінше мүлікті жария етуге төлем төлеуге міндеттелмейді. Егер азамат жария етілетін ақшасын жоғарыдағы көрсетілген инвестициялау механизмдері бойынша пайдаланғысы келмесе, онда бюджетке жа-рия етілген ақшаның 10 пайызы көлемінде төлем төлеп, қаржысын өз таңдауы бойынша

кəдеге жаратуға құқылы, – дейді Дина Сапарқызы.

Оның айтуынша, осы көрсетілген əдістер отандық экономиканы дамытуға жəне азаматтардың жария етілген ақшадан пай-да табуына бағытталған. Осы акция бары-сында алынған деректердің құпиялылығы жария етуді жүргізудің табыстылығының факторы болып табылады. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заң нор-маларына сəйкес мұндай ақпараттардың құпиялылығына кепілдік беріледі.

Облыста жылжымайтын мүлікті жа-рия ету бойынша 13 комиссия құрылған. Комиссиялардың жұмысшы органдары Ақтөбе қаласы жəне аудандар əкімдерінің аппараты болып табылады. Үстіміздегі жылғы 1 қаңтарға Ақтөбе қаласы мен Алға, Байғанин, Мұғалжар, Мəртөк, Қобда, Ойыл, Шалқар аудандарынан мүлікті жария етуге ұсыныс түскен.

– Заңға сəйкес жария етуге ақша, бағалы қағаздар, заңды тұлғалардың жарғылық капиталы, басқа тұлғаларға толтырылған жылжымайтын мүліктер, Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан құрылыс нормалары мен ережелеріне сəйкес келетін құрылыстар мен ғимараттар, сондай-ақ, жекеменшік құқына жария етуге жататын нысанның мақсатты пайдаланылатын жер

телімі, Қазақстан Республикасы аумағынан тыс жерлердегі жылжымайтын мүлік жата-ды, – дейді Дина Сапарқызы.

Осы кезеңде облыс бойынша жылжы-майтын мүлікті жария етуге ғана арыз түскен көрінеді. Бағалы қағаздарды, ақшаны, заңды тұлғаларға қатысу үлесін жария ету бойын-ша арыз түспеген.

Үстіміздегі жылғы 1 қаңтарға дейін облыс бо йынша 2416 жылжымайтын мүлікті жария етуге арыз түскен. Түскен арыздар бойынша мүліктердің жалпы құны 6556879,1 мың теңге құрайды. Осы кезеңде түскен арыздар бойынша тұрғын үйлер, бау-бақшадағы үйлер, шаруашылық құрылыстары, коммерциялық нысандар сынды жалпы сомасы 1842328,0 мың теңге тұратын 487 жылжымайтын мүлік жария етілген.

Жалпы сомасы 2636019,0 мың теңге бола-тын 985 жылжымайтын нысан бойынша 514 арыз қайта өңдеуге жіберілген. Қайтарылған арыздардың 92 пайызының негізгі себебі жария етілетін нысандардың құрылысы аяқталмай құжаттар ұсынылуы, 8 пайы-зы жекеменшік құқығына жария етілетін нысандарға жататын жер телімдерінің өз мақсатына пайдаланылмауы, техникалық төлқұжаттарының дұрыс толтырылмауы болып табылады. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда. Ресімделмеген мүлікті жария ету жөніндегі комиссиялар өз жұмыстарын бұрынғыдан да ширата түсуде.

Ақтөбе облысы.

Маѕєыстау геологиялыќ зерттеулер мекені болмаќ

Болат жолбереке əкелді

Жария ету жалєасуда«Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасының екінші бағыты бойынша өткен жылы Сырым ауданы-на 66 миллион теңге қаржы бөлініп, ауылда кəсіпкерлікті дамыту қарқынды жүруде.

Шарапаты мол баєдарлама

Аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Шынар Дүйсенғалиеваның айтуынша, 12 ауылдық округ бойынша 38 адамның жобалары іріктеліп, халыққа қызмет көрсету, өндіріс орындары, мал шаруашылығы саласы бағытындағы несие алушылардың жұмыстары жандана түскен.

Тұрғындар шаштараз, наубайхана, пластик терезелер жасау, көлік жөндеу, жолаушыларға қызмет көрсету секілді жұмыстарды қолға алып отыр.

Сондай-ақ, өткен жылы несие алушылар тарапынан 68 ірі қара, 51 жылқы, 246 қой, ешкі сатып алынды.

Халықты жұмыспен қамтудың тағы бір түрі – əлеуметтік жұмыс орындары. Бұл бағытта өткен жылдың шеңберінде 13 шаруа қожалығы, 6 жеке кəсіпкермен келісімшарт жасалып, нəтижесінде 122 адам жұмысқа орналастырылды.

«Жұмыспен қамтудың жол қартасы-2020» бағдарламасы ая-сында мүмкіндігі шектеулі жандарды əлеуметтік қолдау, қоғамға пайдасы тиерлік істерге жұмылдыру бағытында жұмыстар қолға алынған. Аталмыш бағдарлама аясында 10 мүмкіндігі шектеулі адам жұмыспен қамтылса олардың арасында несиеге қол жеткізген 7 адам бар.

Несие алған мүмкіндігі шектеулі жандар бүгінде жолаушыларға қызмет көрсету, мал шаруашылығы, ұстахана цехы, фотосалон, компьютерлік қызмет көрсету секілді жұмыстарды қолға алып, бастап кетті.

Мүсірбек АЙТАШЕВ.

Батыс Қазақстан облысы,Сырым ауданы.

Өткен жылдың 1 қыркүйегінен жер-жерде ресімделмеген мүлікті жария ету басталған-ды. Мүлікті жария ету акциясы үстіміздегі жылдың 31 желтоқсанына дейін жалғасатыны да белгілі. Үкіметтің халықтық мүддеден туындаған бұл қадамының осы кезге дейін қалай жүргізілгенін, қайтарымы қандай болғанын білмек үшін облыстық қаржы басқармасы басшысының орынбасары Дина Əйтеноваға жолыққан едік.

Page 9: ертегі айта ма? ФАНЕР - Egemen · 2017-10-30 · Сол кезде бізге рахметін айтып жатады. ... ған «Мемлекеттік жастар

23 қаңтар 2015 жыл www.egemen.kz 9

Елеусін САҒЫНДЫҚОВ,Парламент Сенатының депутаты.

Ұлы Отан соғысынан мүгедек болып оралған Садық-əке қанқасап майданнан аман қалған соң түбі бір жақсылыққа жорып, 45-тің қаңтарында дүниеге келген баласының атын Жақсылық қойды. Шынымен-ақ сол жылы көктемде фашизм масқара күйде тізе бүкті. Төрт жылға созылған соғыстан əбден қансоқта болған халық Ұлы Жеңісті тойлады. Садық-əке мен Барша-ананың Жақсылықтың алдында, одан кейін де ба-лалары болды, олардың əрқайсысы бір төбе. Дегенмен, осы балаға əке мейірімі бөлек еді. Бəлкім, қанқұйлы соғыстың ортасында та-лай сұмдықты көзімен көріп, от кешкен соң, бір қазаннан ас ішіп, қолдағысын бөліскен қаруласынан бір сəтте айырылып қалған сəттердегі азаны бастан өткеріп, өмірін олжалап отбасына оралғанда дүниеге кел-ген Жақсылығы Жеңіс туын ала туғандай көрген болар.

Бала Жақсылық та жасынан-ақ əкенің ерекше қамқорлығына лайықты болуға тырысып бақты. Ала жаздай қозы, бұзау бағып, бірге ойнаған өзі тектес балалар 1 қыркүйекте мектепке бара жатқанда алты жасар ойын баласына басқа ой келді. Үйге алқынып жеткен ол əке-шешесіне «мен де мектепке барамын» деп қиғылықты салсын. Жасы толмаған баланы мектепке қайдан ала қойсын, бəрібір қайтарып жібереді, əйтеуір тыныш болсын деген болу керек, ата-ана-сы ығына жығыла кетті. «Кімсің?» деген-де фамилияңды айтарсың» деп жіберді. Содан мектепке жеткенше фамилиясын қайталаумен болды. Бастауыш сынып мұғалімі Елена Михайловна да жайсаң екен, бір ауыз орысша, беске дейін санау-ды да білмейтін баланы 1-сыныпқа тіркеді де жіберді. Мұғалима қателеспеген екен, бала алғыр болып шықты. Сөйтіп 4-сынып-ты бітірді. Бесінші сыныпты бес шақырым жердегі Нагорноеда оқыды. Жататын үй жоқ. Таныстардың жатқыза қоятындай жағдайлары көтермеді. Сабақ ауыр болды. Келер жылы Ақтөбедегі мектеп-интернатқа көшкен соң жағдай өзгерді. Мемлекеттің қамқорлығына өткен соң киім көк, тамақ тоқ, алаң жоқ, тек оқу керек. Мектеп директоры Николай Елизарович Левченко интернат балаларын өз балаларындай көрді. Жоғарғы сыныптарда тарих пəнінен сабақ берген Күмісхан Имашұлы Ещанов кейінірек мек-теп басшылығын қолға алды. Балалар да, мұғалімдер де Константин Иванович деп атап кеткен Ещановтың ықпалының күшті болғаны соншалық, Жақсылық та тарих-шы болуды армандады. Ещанов сабақтан тыс уақытта жоғарғы класс оқушыларына вальс, фокстрот билерін үйретеді. Өзі музыкалық аспаптардың түр-түрінде ойнай-тын, əн салатын. Мектепте үрмелі, ішекті аспаптар оркестрлері құрылды. Ещанов əлемдік живопись өкілдері, олардың туын-дылары туралы да сөз бастап кеткенде ба-лаларды ұйытып тастайтын. Химия пəнінің мұғалімі – Алексей Федорович Пастухов балалар үшін осы бір ауыр пəнді қызықты етіп түсіндіретін. Оның киім киісі, жүріс-тұрысының өзі балаларға үлгі болатын. Өзі қатаң мұғалім болса да не балаларға, не əріптестеріне дауыс көтермейтін. Кейін ол біраз жылдар Ақтөбе қаласының оқу бөлімін басқарды. Осындай ұстаздардан тəлім-тəрбие алған Жақсылықтың бой-ынан ауылдағы тұйықтық, біртоғалық мінездер қалып, мектеп-интернаттың бір отбасындағыдай қым-қуыт тіршілігіне сіңісіп кетті. Тіпті, белсенділер қатарында сол кездегі əр оқушының арманы болған «Артекте» демалып қайтты.

Мектеп-интернатты үздік аяқтап шық-қан Жақсылық Тұңғатаров Кеңсахара ауылындағы бастауыш сыныпқа енді өзі сабақ берді. Барлық төрт сыныптың мұғалімі де, тəрбиешісі де өзі. Бастауыш сынып бол-са да Кеңсахара мектебі – үлкен еңбек жолы алдындағы алғашқы баспалдақ болатын.

Өмірге көзқарас, бала кездегі тарихшы болам деген арман да өзгеріп, Жақсылық 1962 жылы Алматыдағы политехникалық институттың құрылысшы-инженер факуль-тетіне оқуға түсті. Институттағы алғашқы жылдарда студенттік құрылыс отрядын ұйымдастырып, жыл сайын бүкілодақтық екпінді құрылыстарды жүргізуге қатысты. Еңбекке жасынан бейім өскен жас жігіт осы салада бірнеше құрылысшы маман-дықтарын игеріп алды. Курсқа жер-жерден талабы таудай талантты жігіттер мен қыздар жиналған. Аманғазы Разбеков, Тоқтархан Қожағалиев, Болат Нұрғазиев, Заманбек Нұрқаділов сияқты жігіттермен араларынан қыл өтпестей дос болды. Мен жүріңкіреп барып үйлендім, – дейді Жəкең. Ол кезде облыстық ауыл шаруашылығы басқармасында бас құрылысшы-инженер болатынмын. Іссапармен Алматыға жо-лым түсіп пойызға билет алдым. Бойдақ кезім. Вокзалда келбеті көз тартатын сұлу

қызға көзім түсті. Сəтін салғанын қараңыз, сол қызбен бір вагон, бір купеге тап бол-дым. Əкесімен бірге Алматыға демалысқа бара жатыр екен. Таныстық, əңгімелестік, Алматының вокзалында бөліндік. Тіке, досым Заманбекке тарттым. Ол кезде Зəкең ірі құрылыс-монтаж басқармасының бас инженері. Екі күн іздеп, əкесімен дема лып жатқан қызды тауып, əкесінің рұқсатын алып, сол күні Зəкең əйелімен – төртеуміз күнұзақ бірге қыдырдық. Сол қыз – Светлана, міне, елу жылдан бері біздің үйдің түтінін түтетіп келеді.

Светлана Қалешқызы қалада туып-өскен, тəрбиесі мен мəдениеті де қаланың қыздарындай болған соң Жəкеңнің достары (ауылдан шыққандар) одан тартыншақтап, ашылып кетісе алмай жүрген. Бірақ, ауыл мен қала арасында белең алып кеткен сол бір көрінбейтін шекараны Светлана Қалешқызының өзі бірден-ақ бұзды. Үлкенімен үлкенше, кішісімен кішіше сөйлесіп, туыстар мен достарды өзіне бау-рап алды.

***Жақсылық Садықұлы институттан

соң Ақтөбе облысына келіп, Григорий Нико лаевич Киевский жетекшілік ете-тін кеңшарға құрылысшы-инженер бо-лып орналасты. Кеңшар директоры көпті көрген, тəжірибелі, жаратылысы өзгеше адам екен. Алғашқы бірер ай-дан соң, Жəкеңнің қабілетін танығаннан кейін бұйрықсыз-ақ жұмыс жасай беру-ге жол ашып қойды. Шаруа дөңгеленіп жүре берді. Шаруашылықтағы құрылыс, жөндеу жұмыстары үлгіге айналды. Сол кездегі облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы Равхат Ғаділшин басқармаға бас құрылысшы-инженер лауа-зымына шақырды.

Жақсылық Садықұлы үшін Ақтөбе облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының құрылыс бойынша орынбаса-ры қызметіндегі кезең өзінің жұмыс істеу қабілетін жан-жақты көрсеткен уақыт еді. Облыс басшылығына В.Ливенцов келген соң ауыл шаруашылығы құрылысының көлемі шұғыл көтерілгенін айта кету ке-рек. Алдыңғы жылдарға қарағанда үш есе өсіп шыға келді. Облыс бойынша бір мезгілде жүздеген өндірістік жəне əлеуметтік маңыздағы нысандар құрылысы басталды. Облпартком мен облаткомға апта сайын сол құрылыстардың жүргізілу барысы туралы əр аудан бойынша ақпар тапсыры-лады. Осы салада сегіз жыл қызмет еткен Жақсылық Садықұлы облыс басшыларының алдында күнбе-күн есеп беріп отырады. Бұл саланы оттан түспейтін қазан сияқты елес-тетуге болады. Қазіргідей индустриялық-инновациялық даму емес, ол кезде негізінен барлық назар да ауыл шаруашылығы сала-сында болатын.

Жақсылық Садықұлы ауыл шаруа-шылығы саласына кездейсоқ келген жоқ. Өзі ауылда өсті. Ауыл еңбеккерлерінің қандай үйлерде тұрып жатқанын көзімен көріп, ор-тасында болды. Институттың соңғы курста-рында жүргенде жастардың республикалық «Ленинская смена» газетіне ауылдық жер-лерде тұрғын үй құрылысының сыртқы келбетін жақсарту, оған сапалы құрылыс материалдарын пайдалану, қысқасын айт-қанда, болашақтың ауылы туралы пікірін білдірген мақаласы жарияланды. Шынымен-ақ, ауылдағы құрылыс стихиялы түрде жүргізіліп келген еді. Ауылдағылар қолына түскен материалмен жеке үйін салып шығады. Жəкең өзі осы салаға келгеннен кейін жағдайды түбегейлі өзгертуге кірісті. Елді мекендердегі тұрғын үйдің саман қабырғасын кірпішке, төбе жабатын ағашты темір-бетон жамылғыға ауыстырып, тере-зелер кеңейтілді, пəтерлерге су мен кəріз жүйелері кіргізілді. Бекітілген сметалық құн

шегінен шыққан жоқ. Бірақ тексерушілер базалық жобаға сəйкес емес деп, жаңа жо-баны бұрмалаушылыққа жатқызды. Өзінің жобасын Алматыға барып қорғауға тура келді. Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Мемқұрылыс жобаны қолдап, үлгі етуді, тіпті сыйақы тағайындауды ұсынды.

***Ақтөбе облысын 70-80-ші жылдардағы

кезеңде басқарған Василий Андреевич Ливенцов осы өңірге ерекше еңбек сіңірді. Бірінші хатшының көмекшісі болған, қазір ақтөбелік ардагерлер ұйымының жетекшісі Кеңес Бірманов басқа қызметке ауысарда өз орнына Жақсылық Садықұлын ұсынған. Ол кезде Ж.Тұңғатаров облыстың ауыл шаруашылығы саласында көзге ілініп, та-нылып болған. Василий Андреевич Жəкеңді өзіне көмекшілікке ерекше ықыласпен алды. В.Ливенцовтың беделі республика-да ғана емес, Одақ көлемінде де жоғары еді. Ол одақтық деңгейдегі министрлерге, Үкімет басшысының орынбасарларына, КОКП ОК Саяси бюросының мүшелеріне тікелей байланысқа шыға беретін. Бұл бір жағынан облыс үшін де едəуір пайдалы болды. Абыройы асқақ, беделі биік басшыға көмекші болған адамның қадір-қасиеті де орта деңгейде қалып қоймауы тиіс. Өйткені, үлкен мəселенің оң шешім табуы көмекшіге де байланысты болып жатады. Жақсылық Садықұлының қандай мəселеге де батыл кірісіп, шұғыл əрі тиімді шешім қабылдай білу қасиеті бірінші басшының ойынан шығып, ұнады, оған деген сенімі арта берді. Үлкен отырыстарда, келелі кеңестерде кейбір ірі өндіріс орындарының басшылары, аупарткомның бірінші хатшылары қандай да бір мəселелер бойынша Ж.Тұңғатаровқа кінə арта бастаса Василий Андреевич олар-ды тыйып тастап, оның шешімі орынды болған соң қорғап қалатын. Бұл кезең – Жəкеңнің партиялық органда шыңдалу, тəжірибе жинақтау, адамдармен жұмыс істеудің қыры мен сырын үйрену мектебі болды. Оның үстіне Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің жанындағы Жоғары партия мектебінде қазіргі «Ғасыр Нұры» қоғамдық қорының директоры Есімқан Есенбаев сияқты таңдаулы кадрлармен оқып жүргенде білімі теориялық жағынан тереңдей түсті. Сол кезде факультет дека-ны Зинаида Леонтьевна Федотова «сабақты Тұңғатаров сияқты оқу керек» деп мектептің басқа тыңдаушыларына үлгі етіп отыратын.

Партия органындағы қызметте жиып-терген тəжірибе кейін Фрунзе аудандық партия комитетінде бірінші хатшы болған жылдары өзінің игілігін берді. Жақсылық Садықұлы облыс орталығындағы аупарт-ком басшылығын қолға алған соң бұрынғы белсенді қарқынын үдете түсті. Аппарат қызметкерлерінен үнемі тың ұсыныстар мен жаңа бағыттағы іс-қимылдарды талап етті. Осы орайда облыстың өзге аудандық пар-тия комитеттері партиялық іс пен көпшілік-мəдени шараларды қатар жүргізуде Фрунзе аупарткомының тəжірибесіне сүйенді, үйренді, іске асырды.

В.Балакиров Ақтөбеде, комсомол, партия органдарындағы қызметтің та-лай сатыларынан өтіп, артына жақсы сөз, кейінгілерге үлгі болар із қалдырған адам. Облыстық партия комитетінде үгіт-насихат жəне партиялық ұйымдастыру бөлімдеріне басшылық етті. Мəскеуде соңғы жылдары зейнеткерлік демалысқа шыққанға дейін Ресей Федерациясы Үкіметі Аппараты іс бас қарушысының орынбасары болған Вячеслав Яковлевичпен кездесіп, емен-жарқын əңгімелесіп, бұрын қызметтес болған жігіттерді сұрастырып, солар туралы сөз қозғай бастағанбыз. Сөз ауаны Жəкеңе көш кенде Вячеслав Яковлевич шешіліп кетті:

– Жақсылық Садықұлы жас жігіт

кезінен-ақ өмірге көзқарасы байсалды, бойындағы қайраты мен жігерін орын-ды жұмсап, сөзі мен ісі тең түсіп жататын бекзат қой. Өзінің тікелей міндетіне де, айналасында болып жатқан құбылыстарға да бейтарап қарамайды. Ол қолға алған шаруа, ол бастаған іс оңтайын тауып, сəтімен аяқталады. Өйткені, оның көкірек көзі – ояу, қимыл-əрекеті – ширақ, жасаған ісіне – мұқият. Қай кезде де жоғары зиялы жəне зияткерлік ерекшеліктерімен өзіне тартып тұрады. Оның жүріс-тұрысы мен киім киісінің өзі адам қызығарлық. Қашан көрсең де сергек, жарасымды киініп, еңсесін жоғары ұстап жүреді. Əріптестеріміз, əсіресе, жас қызметкерлер Жақсылық Садықұлына ұқсауға тырысатын.

Ж.Тұңғатаров сексенінші жылдардың соңына қарай «Ақтөбеоблагроөнеркəсіп-құрылысы» бірлестігін басқарып, ауыл шаруашылығы құрылысында бұрын өзі ұсынған жобаларды толығырақ жүзеге асырудың сəті түсті.

Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы саласындағы ірі құрылыс бірлестігін басқарып отырған Жақсылық Тұңғатаровтың жігерлі іс-қимылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің назарынан тыс қалмады.1989 жылы Орталық Комитет Жақсылық Садықұлын ұйымдастыру бөлімінің бас инспекторы лауазымдық қызметіне алды. Партиялық ұйымдастыру бөлімі меңгерушісінің бірінші орынбаса-ры Оралбай Əбдікəрімов Тұңғатаровтың парасаттылығы мен қарапайымдылығын, бір мəселені шешудің бірнеше нұсқасын əзірлеп отыратын іскерлігін, сауаттылығы мен адалдығын, айтқан сөзіне тұра білетін адамдығын, сыпайы адамгершілігін тани білді. Еліміз өз алдына тəуелсіз мемлекет құра бастаған алмағайып кезеңде Жақсылық Тұңғатаров, Əмзебек Жолшыбеков, Нұр лан Рахымжанов, Нұрлан Омаров сияқты қайраткер азаматтар қажет болды. Мемлекетті басқарудың ерекше, тың үлгілері құрылды. Сол уақыт егемен елімізге еңбек ететін ерлердің екшелген, ірі тұлғалардың іріктелген сəті еді. Оралбай Əбдікəрімұлы – Қазақстан Республикасы Президенті жəне Министрлер Кабинеті Аппараты ұйымдық-инспекторлық жəне аумақтық даму бөлімдерінің меңгерушісі. Аз мерзім мен тар кезеңде азаматты танып-білген О.Əбдікəрімов Жақсылық Садықұлын Аппаратқа қызметке шақырды. Осында жəне кейіннен Парламент Сенатының Аппаратында Ж.Тұңғатаров мемлекеттік қызметтегі өзінің бай тəжірибесін тиімді жұмсап, шебер пайдалана білді.

Кеңес Одағы сияқты үлкен держава ыдыраған соң, бұрын бір отауда болған рес публикалар сан тарау жолға түсті. Қазір солардың кейбіреуі əлі күнге дейін өзінің сара жолын таба алмай келеді. Біздің еліміз Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың басшылығымен аумалы-төкпелі кездерде дұрыс жолды тауып, таңдай білді. Өңірлердің іргесін бұзбай, əлеуметтік-экономикалық əлеуетін нығайтуға кірісті.

Сол бір күрделі 90-шы жылдардың ор тасында Ж.Тұңғатаров Президент Əкімшілігінің Атырау облысы бойынша мемлекеттік инспекторы болатын. Облыс əкімі Равиль Тəжіғараұлы Шырдабаев республикалық деңгейде ісімен танылған Ж.Тұңғатаровты өзіне бірінші орынбасар қызметіне шақырды. Қазақстан мұнайының астанасы – Атырауда шешімін күткен іс шаш-етектен болатын. Əсіресе, мұнайдың үстінде отырған өңірдің əлеуметтік ахуалының төмендігі көзге ұрып тұратын. Қысқа мерзім ішінде мұнай өңдеу зауы-ты қайта жарақтандырылып, елді мекен-дерге газ жүргізу, халықты ауыз сумен қамтамасыз ету, автомобиль жолдарын салу, өндіріс орындарының қызметін жандандыру істері қолға алынды. Облыс орталығында жаңа заманға сай тұрғын үйлер салынып, жаңа даңғылдар пайда болды. Өңірдің экономикалық əлеуеті арта түсті. Əсіресе, мұнай жəне газ өндіру көлемі ұлғайып, сапалық деңгейі өсті. Осындай шаруалардың ұйымдастырушысы, қозғаушысы облыс əкімі Равиль Тəжіғараұлы болса, олар-ды тікелей жүзеге асырып, іс басында Жақсылық Садықұлы жүрді.

Жəкең сияқты кез келген істі еңсе ріп кететін қайратты, жігерлі, білгір қайрат-кердің іс тəжірибесі қай салада да, қай кез-де де сұраныстан түспейді. Зейнеткерлікке шыққаннан кейін де еліміздің ірі-ірі құрылыс, мұнай компаниялары мен банк жүйесінде басшы қызметтер атқарған Жақсылық Садықұлы сол салаларда өзіне тəн өзгеше, ер-азаматқа сай ерекше қолтаңба қалдырды.

Азаматтың айнасы – ортасы мен отба-сы. Жəкеңнің ортасы – жоғарыда сөз еткен қара нардай жігіттер, марқасқа азаматтар. Олармен байланысы əлі күнге бекем.

Ал отбасында Жақсылық Садықұлы зайыбы Светлана Калешқызымен алты бала тəрбиелеп өсірді. Эльмира мен Мұрат Есеналы, Кəмила, Іскендір деген балала-рымен Атырауда, Лəйла мен Тимур Абай, Далили, Əмірлан деген балаларымен Астанада, мұнайшы Гүлнары өздерімен бірге, Дəмелі мен Əнуар Əлинұрымен Қарағандыда, Дана мен Ахат Ресейдің Воронежінде тұрып жатыр. Ертеде Садық-əкенің бала Жақсылыққа көңілі қандай болса, Жəкеңнің де кенжесі Нұр-əд-Динге деген ықыласы ерекше. Əке ықыласына қарай Нұр-əд-Диннің де алғашқы қадамдары басқалардан өзгеше. Ресейдің белгілі ғалым-пе дагогтары физика-математика мектебіне Астанадан ойы озық, санасы ұшқыр оқушылар іздей келгенде мыңның арасынан таңдаулары Нұр-əд-Динге түскен. Қазір Нұр-əд-Дин Жақсылықұлы Ново-сібірде мамандандырылған ғылыми оқу орталығының 10-шы сыныбында оқып жүр.

Міне, өз заманының тау теңдес тұлғалары осылайша қалыптасады.

КГУ «Управление здравоохранения акимата Жамбылской области» объявляет о проведении тендера по закупке лекарственных средств и изделий медицинского на-значения в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи для лечебно-профилактических организаций Жамбылской области на 2015 год

Общая сумма 1 828 976 355,17 тенге. Полный перечень закупаемых товаров, их количество и подробная спецификация ука-

заны в тендерной документации. Товар должен быть доставлен: Жамбылская область и город Тараз.Требуемый срок поставки товара до 31 декабря 2015 года после заключения договора.К тендеру допускаются все потенциальные поставщики, отвечающие квалификаци-

онным требованиям, указанным в п.8-9 Правил организации и проведения закупа ле-карственных средств, профилактических (иммунобиологических, диагностических, дезинфицирующих) препаратов, изделий медицинского назначения и медицинской техники, фармацевтических услуг по оказанию гарантированного объема бесплат-ной медицинской помощи, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 октября 2009 года №1729.

Пакет тендерной документации можно получить в срок до 11.00 часов 12 февраля 2015 года включительно по адресу: г. Тараз, ул. Желтоксан, 78, 3-этаж, кабинет №326, время с 15.00 до 18.00 часов или по электронной почте по адресу: [email protected]

Окончательный срок представления тендерных заявок до 10.00 часов 13 февраля 2015 года.

Конверты с тендерными заявками будут вскрываться в 11.00 часов 13 февраля 2015 года по следующему адресу: г. Тараз, ул. Желтоксан, 78, 2-этаж, зал заседаний.

Потенциальные поставщики могут присутствовать при вскрытии конвертов с тендер-ными заявками.

Дополнительную информацию и справку можно получить по телефону: 8 (7262) 43-27-49.

«Червонное-Агро» ЖШС «Жауапкершілігі шектеулі жəне қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Заңның 23-бабының 7-тармағына, ҚР Жер кодексінің 54-бабының 1-тармағына сəйкес 2015 жылғы 27 ақпанда сағат 10.00-де жалпы үлестік жер пайдалану жиналысын мына мекенжайда өткізу тура-лы хабарлайды: Солтүстік Қазақстан обл., Ғ. Мүсірепов атындағы ауд., Червонное а., Мəдениет үйінің ғимаратында.

Күн тəртібі:1. 2013 жылғы 10 қаңтардағы өтінішіне сəйкес табиғи жер телімін бөлу жолымен

серік тестік қатысушыларының құрамынан Иван Иванович Шаламовтың шығуы туралы.2. 2013 жылғы 10 қаңтардағы өтінішке сəйкес бөлінетін жер телімінің алаңы мен

орналасқан жерін анықтау туралы.

Алғыс айтамызОтбасымыздың алтын діңгегі Тұрлығазы Сабырбайұлы Дуанбектің

жол апатынан қаза болғанына жыл толуына байланысты өткізілген шараларға белсене қатысып, көңілімізге медеу болған Тұрлығазының достарына, əріптестеріне, ағайын-туыстарға, сондай-ақ, естелік кітапша шығаруға демеушілік еткен «Стимул» ЖШС басшылары Сергей Леонидович пен Вячеслав Сергеевич Мутовкиндерге шын жүректен алғыс айтамыз.

Дуанбековтердің отбасы.АСТАНА.

«Терновское» ЖШС 2015 жылғы 9 ақпанда сағат 10.00-де кезектен тыс жалпы жи-налысты мына мекен-жайда өткізу туралы хабарлайды: СҚО, Тайынша ауд., Терновка а.

Күн тəртібі:1. СҚО, Тайынша ауд., Терновка а. мекенжайында 2014 жылғы 27 қазанда сағат

10.00-де болған «Терновское» ЖШС қатысушыларының кезектен тыс жалпы жина-лысында бұдан бұрын қабылданған шешімді мақұлдау.

Утерянный страховой полис АО «Kaspi Страхование» АІІG/MTR/CTPL/00072000 счи-тать недействительным.

«Жамбыл облысы əкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ 2015 жылға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде Жамбыл облысы емдеу-ал-дын алу ұйымдары үшін дəрілік заттарды жəне медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу тендерін өткізетіндігін жариялайды

Жалпы сомасы 1 828 976 355,17 теңге. Сатып алынатын тауарлардың тізімі, олардың көлемі жəне ерекшеліктері тендерлік

құжатамада көрсетілген.Тауар Жамбыл облысы жəне Тараз қаласына жеткізілуі тиіс.Тауар жеткізу мерзімі: шарт жасалған соң 2015 жылғы 31 желтоқсанға дейін.Тендерге Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы «Кепілдендірілген

тегін медициналық көмек көлеміне байланысты фармацевтикалық қызмет көрсету, дəрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфек-циялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техни-каны сатып алуды ұйымдастыру жəне өткізу Ережесін бекіту туралы» №1729 қаулысының 8-9 тармақтарында көрсетілген біліктілік талаптарына сəйкес келетін барлық əлеуетті өнім берушілер жіберіледі.

Тендерлік құжаттама топтамасын əлеуетті өнім беруші 2015 жылғы 12 ақпанда сағат 11.00-ге дейінгі мерзімді қоса алғанда мына мекенжай бойынша: Тараз қ., Желтоқсан к-сі, 78, №326 бөлмеден сағат 15.00-ден сағат 18.00-ге дейін немесе [email protected] элек-тронды почтамен алуына болады.

Тендерге қатысуға өтінімдер берудің соңғы мерзімі 2015 жылғы 13 ақпанда сағат 10.00-ге дейін.

Тендерге қатысуға өтінімдер салынған конверттер 2015 жылғы 13 ақпанда сағат 11.00-де мына мекенжай бойынша: Тараз қ., Желтоқсан к-сі,78, 2-қабат, мəжіліс залында ашылады.

Əлеуетті өнім берушілер тендерге қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу кезінде қатыса алады.

Қосымша ақпарат пен анықтаманы мына телефон арқылы алуға болады: 8 (7262) 43-27-49.

Замандас

Жаќсылыќ

Біздің елімізді, елдігімізді сақтап келе жатқан ең үлкен құнды қазынамыз – тұлғалар. Қай заманда да, қай ғасырда да солай болған жəне солай болып келеді де. Баянды болашағымыз бен кемел келешегіміздің иесі мен қожасы – бүгінгі заманның озық жастары да алдыңғы толқын ағалардың дəстүрлі ізін жалғастырып, өз заманының тұлғасына айналады. Олардың алдындағы ұрпақ: «Артымызда қоламта емес, шоқ қалсын!..» деп аманат еткен.Жақсылық Садықұлы Тұңғатаров – сонау жетпіс-сексенінші жылдары Ақтөбе өңірінде, сонан соң республи-ка аумағында іскер, білікті маман, талапшыл, қамқор жетекші, қай саланы да шебер ұйымдастырушы тұлға ретінде танылды. Осындай адами қасиеттер отбасынан жəне мектеп қабырғасындағы алғашқы күндерден-ақ қалыптаса бастаған еді...

Парламент Сенатының депутаты.

Бəрекелді!

Айгүл СЕЙІЛОВА,«Егемен Қазақстан».

Салтанатты ашылу рəсімінде Премьер-Министрдің орынбаса-ры Бердібек Сапарбаев ғалымның елордадағы ең үлкен кітапханаға кітаптарын өткізуін өзгелерге өнеге болар үлкен оқиға ретінде бағалады. «Кітап – білім, мəдениет, болашақ. Сондықтан оның қадірін білуіміз керек. Мемлекет басшысы үлгі көрсетіп, арнайы кітапхана ашқан болатын. Міне, кезінде бірге қызмет атқарған əріптесі, ел ағасы, қоғам қайраткері Мырзекең де кітапханаға өз кітаптарын өткізіп отыр. Мұндай маңыздағы іс-шара бұдан кейін де жалғасын тауып жатса нұр үстіне нұр болмақ» – деді ол.

Шара барысында компози тор, өнер зерттеушісі Ілия Жақа нов түркітанушы ғалымның шығар-машылығы туралы зерттеуге кіріс-кенін баяндай келіп, жылдар бойы жинаған рухани байлығынан өзге-лердің де сусындауын жөн деп тапқан замандасына алғысын айтты. Сондай-ақ, бұл кеште Мəжіліс депутаты Қуаныш Сұлтанов оқиғаны елдің рухани санасының өсуіне септігін тигізетін əрі зиялы қауымның сапа-сын көрсететін жағдай деп атап өтті.

«Менің замандастарым дүние емес, кітап жинады. Мен де бұ ларды

жылдар бойы тірнектеп жиып едім. Бұлардың ішінде сырласым да, мұңдасым да көп. Бірге ұйықтап, бірге оянатын, жата-жастана оқитын кітаптарым да болды. Енді міне, бəрін кітапханаға өткізіп отырмын...» – де-ген белгілі ғалым кітаптарын өт -кізуге себепші болған Ұлттық ака-демиялық кітапхананың директо-ры Үмітхан Мұңалбаева екенін де айтты. Сондай-ақ, өзіндегі қазына тек кітаптармен шектелмейтінін, болашақта қазақтың атақты домбы-ра шеберлерінің жасаған аспаптарын өткізуді де ойластырып жүргенін де мəлімдеді.

Ұлттық академиялық кітап ха-наның екінші қабатында орна ласқан ғалым Мырзатай Жолдас бековтің жеке кітапханасы ақпа раттық, мəдени жəне білім беру міндеттерін орын-дайтын болады. Яғни, бұл залда ғалымдар мен магистранттарға, басқа да пай даланушыларға ақпараттық-библиографиялық қызмет ұсы нылып, сондай-ақ ара-тұра мəдени-көпшілік шаралар да өткізіліп тұрмақ. Қазіргі кезде жеке кітапхананың қорында тоғыз жарым мыңға жуық кітап пен кəдесыйлар, портреттер, медаль-дар мен монеталар бар. Кітапханаға жиналған жұртшылық Елбасының өнегесін жалғастырған ел ағасына ризашылығын білдіріп, «Мырзекең мырза екен» деп тарасты.

Мырзекеѕ мырза екенЕлордадағы Ұлттық академиялық кітапханада филология ғылым-дарының докторы, профессор, мемлекет жəне қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбековтің жеке кітапханасы ашылды.

Page 10: ертегі айта ма? ФАНЕР - Egemen · 2017-10-30 · Сол кезде бізге рахметін айтып жатады. ... ған «Мемлекеттік жастар

23 қаңтар 2015 жылwww.egemen.kz10 www.egemen.kz10

Газет Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС-те басылды, тел. 99-77-77. Тапсырыс №485 ek

Меншік иесі:“Егемен Қазақстан”

республикалық газеті”акционерлік қоғамы

ПрезидентСауытбек АБДРАХМАНОВ

Вице-президент – бас редакторЖанболат АУПБАЕВ

Вице-президентЕркін ҚЫДЫР

МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ: 010008 АСТАНА, “Егемен Қазақстан” газеті көшесі, 5/13. 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58 А.

АНЫҚТАМА ҮШІН: Астанада: АТС 37-65-27, Алматыда: 341-08-12.БАЙЛАНЫС: Астанада: факс (7172) – 37-19-87, электронды пошта: egemenkz@maіl.onlіne.kz egemenkz@maіl.ru, egemenkz@maіl.kzАлматыда: факс (727) – 341-08-12, электронды пошта – [email protected]

МЕНШІКТІ ТІЛШІЛЕР:Астана – 8 (717-2) 37-61-21;Ақтау – 8 (701) 593-64-78;Ақтөбе – 8 (713-2) 56-01-75;Талдықорған – 8 (728-2) 27-05-70;Атырау – 8 (712-2) 31-74-13;

Көкшетау – 8 (716-2) 25-76-91;Қарағанды – 8 (721-2) 43-94-72;Қостанай – 8 (714-2) 39-12-15;Қызылорда – 8 (701) 772-70-74;Орал – 8 (777) 496-21-38;

Өскемен – 8 (778) 454-86-11;Павлодар – 8 (718-2) 68-59-85;Тараз – 8 (726-2) 43-37-33;Шымкент – 8 (701) 362-63-76;Петропавл – 8 (715-2) 50-72-50.

ЖАРНАМА-АҚПАРАТ БӨЛІМІ: Астанада – 8 (717 2) 37-60-49, факс – 37-64-48, [email protected] Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 341-08-11, [email protected]

Материалдың жариялану ақысы төленген. Жарнама, хабарландырудың мазмұны мен мəтініне тапсырыс беруші жауапты.А

Газетті есепке қою туралы №01-Г куəлікті 2007 жылғы

5 қаңтарда Қазақстан Республи касының Мəдениет жəне

ақпарат министрлігі берген. «Егемен Қа зақ стан» республикалық газеті» АҚ ҚР СТ ИСО 9001-2009

Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» талаптарына сəйкес сертификатталған.

Таралымы203 394 дана.

Нөмірдің кезекші редакторы

Динара БІТІКОВА.

Индекс 65392. Аптасына 5 рет шығады. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 5 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. «Егемен Қазақстанда» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Тапсырыс 8921

Газет мына қалалардағы:010000, Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС,050000, Алматы қ., Гагарин к-сі, 93 А, «Дәуір» РПБК ЖШС,100008, Қарағанды қ., Ермеков к-сі, 33, «Қарағанды полиграфия» ЖШС,110007, Қостанай қ., Мәуленов к-сі, 16, «Қостанай полиграфия» ЖШС,120014, Қызылорда қ., Байтұрсынов к-сі, 49, «Энергопромсервис» ПФ» ЖШС,130000, Ақтау қ., 22-м/а, «Caspiy Print» ЖШС,030010, Ақтөбе қ., Смағұлов к-сі, 9 К, «Хабар-Сервис» ЖШС, 060005, Атырау қ., Ж.Молдағалиев к-сі, 29 А, «Атырау-Ақпарат» ЖШС,160000, Шымкент қ., Т.Әлімқұлов к-сі, 22, «Ernur prіnt» ЖШС,140000, Павлодар қ., Ленин к-сі, 143, «Дом печати» ЖШС,150000, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 11, «Полиграфия» АҚ,080000, Тараз қ., Төле би д-лы, 22, «ЖБО «Сенім» ЖШС,090000, Орал қ., Мұхит к-сі, 57/1, «Жайық Пресс» ЖШС,040000, Талдықорған қ., Қабанбай батыр к-сі, 32, «Офсет» баспаханасы,070002, Өскемен қ., Абай д-лы, 20, «Печатное издательство-агентство Рекламный Дайджест» ЖШС баспаханаларында басылып шықты.

Гүлмира РАУШАНБЕКҚЫЗЫ,Шəкəрім Құдайбердіұлы атындағы №75 жалпы білім беретін мектептің мұғалімі.

Бала кезінен ата-əжелерінің ертегілері мен батырлар жы-рын естіп өскен аға ұрпақтың сөз өнерін кие тұтып, ұлттық қасиеттерімізді көзінің қара-шығындай сақтап, халқына, еліне адал қызмет етіп жүргенін жақсы білеміз. Халық ауыз əдебиетінің кəусар бұла ғымен сусындап өскен аға ұрпақ қазір өздері немерелеріне ертегі айта ма?

Біреуден ілгері, біреуден кейін тұрмысы бар , бала-шағасының қамын жасаймын деп «космостық» дəуірде балала-рына, немерелеріне көңіл бөлуге уақыт таба алмайтын болуы керек деген де ой жоқ емес. Десек те, уақыт жоқ деп сайрап жүргендер теледидарда беріліп жатқан түрік пен кəріс, үнді сериалдарын үзбей

көреді. Немерелерін алдарына алып, бірге тамашалайды. Бұл сериалдарды бала көруге бола ма, жоқ па, оны ойлап жатқан ешқайсысы жоқ.

Бұрын өздері қандай қазақ ақын-жазушылары барын ,

кім нің қандай кітабы шығып жат қанын біліп отыратын. Ал, қа зір өздерінің осы əдеттерін ба-лаларына, немерелеріне үлгі қыла алмауының себебі неде?

Өз ұрпағының компьютер, теледидар, телефон, интернетті

жақсы меңгергенін алға тартып мақтанады. Кейінгі ұрпақтың заман талабына сай ғылыми-техникалық прогресс жемістерін білгені дұрыс қой. Əйтсе де, халқымыздың қиялы ұшқыр, тілі бай, тапқырлыққа толы ерте -гілерін тыңдап өскен ұр пақ-тың көкірегі мейірімге, адал-дық қа, қайырымдылыққа, адам-гершілікке бөленіп өсетінін ұға тұра, бала тəрбиесіне кө ңіл бө-луде олқылық жіберіп отыр-ғанымыз өкінішті.

Шетелденудің бəрі керемет деп, оларға таңданудың қажеті жоқ екендігін ата-əжелеріміз білсе ғой. Рухани құлдырап бара жатқан балаларымыздың ертеңі не болмақ? Олардың болашақ ел тіз гінін ұстар азамат болуы үшін ата-əжелері, əке-шешелері бесік жырынан бастап, ертегі, аңыздар, батырлар жырын бала құлағына құйып отырса, бала өзі де бейімделер еді.

Немерелерінің құлақ құ-рышын қандыратын ертегі, аңыз əңгімелер айтатын ата-əжелеріміз көбейсе екен деп тілейміз.АЛМАТЫ.

Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан».

Елімізді жаудан азат етуде құрбан болған жерлестерімізге арналған бұл ескерткіш-кітап ерек-ше мəнге ие. Қымбат жəдігерімізде Ақмола облысының қаз ірг і əкімшілік аумағынан Ұлы Отан соғысы жылдары қан майданға аттанған жауынгерлердің тізімі қала мен аудандар бойынша же-ке-жеке ұсынылмақшы. Қазіргі күні əрбір аудан мəліметтер жи-нау жөнінде өздеріне жүктелген тапсырманы аяқтауға таяу екенін облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Шапай Əбутəліпов ай-тып отыр.

– Біз жеңіс үшін жау мен айқасқан аға ұрпақтың, ажал құшқан ағаларымыз бен апа-ларымыздың рухы алдында мəңгілік қарыздармыз. Батыр-ларымыздың ерлігі біздер үшін əрқашан үлгі-өнеге. Бұл ерлік өскелең ұрпақтың жадында

мəңгілік жатталып қалуы үшін қоғам болып жұмыла жұмыс істеуіміз керек. Осы басылымды 1000 данамен шығарып, Көкшетау, Степногор қалалары мен облыстың əрбір аудандарының мектептеріне, кітапханаларына, музейлер мен ардагерлер ұйымдарына тарту етпекпіз, – дейді Шапай Мү-тəллапұлы.

Облыстық ардагерлер ұйы-мының мəліметі бойынша, ке-з інде Көкшетау облысынан 100 мыңға жуық адам соғысқа аттанған. Қазір облыста 103 мың зейнеткер бар. Оның 228-і Ұлы Отан соғысының ардагері бол-са, 72-сі Көкшетау қаласында тұрады. Тізімге алынғандардың барлығының есімі жаңа кітапқа енетін болады. Егер суреттері болса, тіпті жақсы. Соғысқа басқа жерден шақырылып, бірақ кейін белгілі бір себептермен біздің облысқа қоныс аударған ардагерлердің аты-жөндерін де кітапқа енгізу мəселесі ұмыт

қалмайды. Сондықтан, Шапай Əбутəліпов тұрғылықты мекен-жайлары бойынша Көк шетау, Степногор қалалары мен ау-дан тұрғындарынан соғысқа қатысқан ата-бабаларының аты-жөндерін нақтылауды өтінді. Ол үшін қалалық, аудандық ардагерлер кеңесі мен əскери комиссариатқа хабарласулары керек. Ал, жалпы, осы айдан бас-тап аудандардан тізімдер сұрала бастайды.

«Боздақтар» 1941-1945 жыл-дардағы Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлер туралы екі томдық ескерткіш-кітап бұрынғы Көкшетау облысы кезінде, 1996 жылы жарық көрген болатын. Енді 3 томдық болып шығатын қымбат жəдігер сəуір айында жарық көрмек. Бұл басылымда майдан даласында қаза тапқан барлық жауынгерлердің есімі жа-зылады.

Жарқын тарихтың жасампаз беттерін жазуға соғыс арда-герлерімен бірге тыл еңбек-керлері де айрықша үлес қос-қаны белгілі. Сондықтан, тың игеру науқанына белсене қа-тысқан бірқатар еңбек арда-герлерінің есімдерін аталған кітапқа енгізу мүмкіндіктері қарастырылуда.

Ақмола облысы.

Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ,«Егемен Қазақстан».

Атырау қаласында да жолау-шылар тасымалдайтын автобустар жұмысына көңілі толмайтындар бар. Сирек болса да тұрғындар сон-дай шағымын тілші қосынына ха-барлап тұрады. Мұндай шағымдар қалалық əкімдікке де жеткен бо-луы керек, енді жолаушы тасы-малдайтын автобустар қозғалысы GPS-пен бақылауға алынғалы отыр. Атырау қаласының əкімі Нұрлыбек Ожаевтың жергілікті жолаушы тасымалдаушылармен өткізген кеңесінде нақ осы мəселе мақұлданды.

Бұған дейін, яғни өткен жыл-дың күзінде қалалық əкімдіктің қызметкерлері Ас танадағы қоғам-дық көлікте GPS жүйесін енгізу тəжірибесіне зерттеу жүргізіпті. Ал Атырау дағы алғашқы тəжірибе №4 маршрутта қатынайтын

авто бус тарға енгізілген. Осы бағыттағы 12 автобусқа GPS жүйе-сі қон дырылып, қоғамдық көліктің аялдамаларға келуі уақыты, ұзақ тұруы мен салонға адамның шек-тен тыс көп мінуі, жүргізушілердің жол қозғалысы ере жесін сақтауы бақылауға алынған.

– Бұл жүйе қоғамдық көлік-терде жолаушы тасымалын жақсартуға септігін тигізеді. GPS жүйесін қаладағы 200-ден астам автобусқа орнатар болсақ, олардың күнделікті қозғалысын, құқық бұзушылықтарды экран-нан көріп отыруға болады, – де-ген Атырау қаласының əкімі Н.Ожаев тиісті маман дарға GPS жүйесін енгізудің тиімді жолда-рын қарастыруды ұсынды.

Мұндай жүйе болашақта Аты-рау қаласындағы такси қыз метіне де қолданылуы мүмкін.

Атырау облысы.

Оралхан ДƏУІТ,«Егемен Қазақстан».

Клуб дегенде сахнасында əртістердің концерті мен əкім-дердің жиналысы өтетін ауылдағы кəдімгі клуб екен деп қалмаңыз. Бұл жолғы саудаға футбол клу-бы түсіп жатыр. Яғни, Жамбыл облысындағы спорт саласының басшылары теңбіл допқа теңге жұмсайтын қалтасы қалың азамат-тарды іздеуде. Нақтырақ айтқанда, еліміздің бірінші лигасында өнер көрсететін «Лашын» командасы 520 мың теңгеге сатылғалы жатыр. Бұл саудаға қызыққан кез келген үміткер клубтың қожайыны бола алады.

Облыстық денешынықтыру жəне спорт басқармасының бас-шысы Гамлет Қайнарбековтің ай-туына қарағанда, клубты сатып алу оңай, бірақ, оны керек-жарақпен

қамтамасыз ету, түрлі деңгейдегі жарыстарға шығарып, ойыншы-лар мен жаттықтырушылардың жала қысын төлеу үлкен машақат. Əзірге бұл шығындарға облыстық бюджеттен жыл сайын 100-120 млн. теңге көлемінде қаржы бөлініп келеді. Айта кету керек, «Лашын» клубы осыдан бес жыл бұрын Тараз қаласында құрылған болатын. Алайда, бір жылдан кейін Қаратау қаласына көшірілді. Команда жыл-да бірін ші лигадағы ойындарға тұрақты түрде қатысып келеді. Былтырғы маусымда 27 ұпай жи-нап, 15 команданың ішінде 11-ші орын алған болатын.

Сөйтіп, мемлекеттік кəсіп-орындарды бəсекелік ортаға шығару тəртібі бойынша «Лашын» футбол клубына конкурс өтіпті. Бірақ ешкім қызығушылық танытпаған...

Жамбыл облысы.

Бес балыќшы мўз жарылып, «УАЗ» автокґлігімен суєа батып кетті

Ержан БАЙТІЛЕС,«Егемен Қазақстан».

Сондай тосын оқиға Арал ауданын-да болды. Қызылжар ауылынан шыққан балықшылар Аманөткел елді мекенінің тұсына жетеді. Сырдарияның үстінен «УАЗ» автокөлігімен өтпек болғанда, суға батып кетеді. Қалың судың астында көліктің есік-терезесін аша алмаған бес адам сол жерде жан тəсілім етеді. Оқиға орнына құтқарушылар барды. Автокөлік пен ішінде қайтыс болған 5 адам судан шығарылды. Биыл өзі қыстың да көркі кіріп тұрған жоқ қой. Жылдағыдай аяз емес. Өткенде дария еріді. Қыстың қақ ортасында. Солайша, толық қатпаған мұз опырылып кетіп, опат болып отыр.

Осы оқиғаға орай облыс əкімінің орынбасары Нұржан Əлібаев шұғыл жиын өткізді. Аталған жағдайдың дария бойындағы қауіпсіздік шараларының сақталмағанынан орын алғанын айтты.

ҚЫЗЫЛОРДА.

Бір ауыз сөз Суыт хабар Тағылымды тəжірибе

Ата-əжелеріміз ертегі айта ма?

Айбын

Тəлкекке тїскен таєдырлар

«Боздаќтар» кітабы ќайта жарыќ кґреді

Барша адамзат баласы үшін Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің орны айрықша. Ақмола өңірінде мұң аралас мерекені өз деңгейінде атап өтуге қатысты дайындық шаралары басталып кетті. Осындай тағылымдық-тəлімдік шараның бірі – «Боздақтар» кітабын толықтырып, төрімізге қайта оздыру.

Оқыс оқиға

Автобустар тўраќты баќылауєа алынады

Клубќа ешкім ќызыќпай тўр

Нұрбол ƏЛДІБАЕВ,«Егемен Қазақстан».

Қаскелең қаласының маңына жұмыс іздеп Өзбекстаннан кел-ген төрт қандасымыз құлдықтан құтқарылды.

Қандай жұмыстан болса да тар-тынбай, қалайда қаражат та буды ғана ойлаған жандар əуелі алдауға түсіп, сосын шара сыздықтан күнкөрістерін күйт теп, айлар бойы тегін жұмыс істеген. Нақтылай түссек, құл дықтың қамытын ки ген.

«Адам ды еркінен тыс ең бек

етуге мəжбүрлеуге қатысты ішкі істер органында тіркелген де-рек бойынша тергеу амалдары жүргізіліп, процессуалдық шешім қабылданды», дейді Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметінің бас маманы Жанар Төле генқызы.

Жалпы, өткен жылы облыс аумағында адамдарды заңсыз түрде бостандықтан айыруға қатысты еліміздегі ең ірі мегапо-лис Алматының ірге сіндегі аудан-дарда 14 дерек тір келіпті.

Алматы облысы.

Əскери кемедекґк байраќ кґкке кґтерілді

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,«Егемен Қазақстан».

Еліміздің Қарулы Күштерінің тапсырысы бой-ынша Оралдағы «Зенит» зауытында құрастырылған зымырандық-артиллериялық «Сарыарқа» əскери кемесі суға өткен жылы жіберілген еді. Су ығыс-тырғыштығы 250 тоннаға жуық, ұзындығы 42 метр шамасында жəне ең жоғары жылдамдығы 25-30 узел, жүзу қашықтығы 1200 мильді құрайтын кеме қазіргі заманғы зымырандық-артиллериялық қару-жарақпен, навигациялық қондырғылармен жабдықталған.

Ақтау халықаралық теңіз-сауда портының 7-ші тұрағында сап түзеген əскери-теңіз базасының жеке құрамы мен жиылған жұртшылық алдында Əскери-теңіз күштерінің туын кеме командирі ка-питан-лейтенант Р.Жүнісовке табыстаған Қорғаныс министрі: «Сарыарқа» кемесі – отандық өндірістің төл өнімі. Егемендік жылдары əлеуеті артып, эконо-микасы асқақтаған, сол арқылы қорғанысын қамдап, қауіпсіздігін арттырған мемлекетіміздің ақталған мерейі. Күндіз-түні туған еліміздің, əр үйіміздің түзу түтіні мен кең-байтақ жеріміздің бүтіндігін ойлаған Елбасының сарабдал саясатының жемісі. Бұл бес қаруын асынып, болашақта осынау əскери кеме нің

даңқын асыратын теңізшілеріміз үшін зор мəртебе ғана емес, үлкен жауапкершілік. Елбасы алдындағы абыройлы парыз, ел алдындағы қасиетті борыш! – деп теңізшілердің өз де рі не жүктелген жауапкершілікті абы-роймен атқаратынына сенім білдірді.

Маңғыстау облысының əкімі А.Айдарбаев, Маңғыстау облысы Ұлы Отан соғысы ардагерлері кеңесінің төрағасы, А.Ғұмаров сөз сөйлеп, əскери кемеге көтерілген тудың мəн-маңызы мен қадір-қасиеті туралы баяндады. Жастарды Отанды сүюге, оның алдындағы міндеттер мен парыздарға адал болуға шақырды.

Маңғыстау облысы.

Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігін қорыған тағы бір əскери кеме тəуелсіз еліміздің көк байрағын салтанатты жағдайда көкке көтерді. Маңызды шараға Ақтау гарнизонына жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов қатысты.

Əттеген-ай!

Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ,«Егемен Қазақстан».

Кеше жергілікті уақытпен 13 сағат 12 минутта Атырау қаласына таяу орналасқан Жұмыскер елді мекеніндегі Исатай Тайманов атындағы мектепте оқитын оқу-шылардың бір тобы, дəлірек айтқанда, 21 шəкірт өздерін на-шар сезінгендіктеріне шағым білдірген. Кейін анықталғандай олардың барлығы белгісіз заттан уланған.

Шұғыл хабар алысымен атал-ған мектепке «жедел жəрдем» қызметінің 3 бригадасы дереу аттанып, уланған оқушылардың барлығын облыстық балалар ау-руханасына жеткізді. Мұндағы дəрігерлер əз ірге анықтала

қоймаған, белгісіз заттан уланған 21 оқушының барлығын ауру-ханада қалдыру жөнінде шешім қабылдады. Олардың барлығына медициналық көмек көрсетіліп, сақтандыру шаралары қолға алын-ды. Жансақтау бөліміне ешкім жатқызылған жоқ.

Осы оқиғаға орай ауруханаға облыс əкімі Бақтықожа Ізмұ-хамбетов арнайы барып, жағ-даймен қанықты. Құзырлы органдарға оқиға себебін анық-тауды тапсырып, сырқаттарға толық ем жасауды міндеттеді деп хабарлады облыс əкімінің баспасөз қызметі. Қазіргі кезде уланған оқушылардың барлығы дəрігерлердің жіті бақылауында.

Атырау облысы.

Оќушылар уланып ќалды