АқпАрағыныАттАр - egemen118 (28846) 22 МаусыМ сәрсенбі 2016 ЖыЛ...

10
№118 (28846) 22 МаусыМ сәрсенбі 2016 ЖыЛ АқпАрАттАр ағыны елімізде 2020 жылға дейін 800 мың шаршы метр ден асатын тұрғын үй салы нады. Мұны «Самұрық-Қазы- на» жылжымайтын мүлік қоры «Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында жүзеге асырмақшы. Коммерциялық баспана құрылысы үшін аталған қорға қазынадан 97 млрд. теңге бөлінді. 20162017 жылдары ауыл тұрғындары үшін 10 мың жұмыс орны ашылады. Бұл – экономикалық өсімді ын- таландыру және ауыл халқын жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған ба- стама. Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенованың айту- ынша, аталған жоба ауылдар мен аудандық маңыздағы қалаларда тұратын халық санына қарай жүзеге асыры- лады. бүгінде Қазақстанның отандық тауарлары әлемнің 117 еліне экспортталады. Инвестициялар және даму ми- нистрлігінің хабарлауынша, 2015 жылы еліміздің кәсіп- керлері 824 түрлі өнімді шет елдерге саудалаған. биыл Қашаған кен орнынан 500 мың тонна мұнай өндіру жоспарла нып отыр. Сонымен бірге, мұнай саласын қолдау бой- ынша көзделген шаралардың нәтижесінде «қара алтын» өндіру көлемі 74 млн. тон- надан 75 млн. тоннаға дейін артады. Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында це мент шығару зауытының іргетасы қаланды. Зауыттың жылдық қуаттылығы – 560 тонна. Кәсіпорынның жал- пы құны – 30, 2 млрд. теңге. Өндіріс ор ны толық іске қосылғанда, 320 адам тұрақты жұмысқа тартылады. Павлодарда жаңадан 40 автобус аялдамасы салы нады. Қала әкімдігіндегі кеңесте жаңа аялдамалардың үлгілері таныс тырылды. Әрбір нысанның құны 250 мың теңгені құрайды. Ол үшін жергілікті бюджеттен 8 млн. теңге қарастырылып отыр. астанада жыл басынан бері 2 858 адам бос орын дар жәрмеңкесі арқылы жұмысқа орналасқан. Мұның ішінде 998 тұрғын қоғамдық жұмысқа тартыл- са, 411 адам кәсіптік даярлау мен қайта даярлау курсына жіберілген. Жалпы, 5 жыл ішінде 36 бос орындар жәр- меңкесі өткізіліп, 30 мыңдай астаналық жұмысқа орна- ласқан. Хабарлар Үкімет, облыстық әкімдіктер сайттары, «Қазақпарат» агенттігі және «24kz» телеарнасының деректері бойынша дайындалды Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Ә.Р. Жақсыбековті Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы қызметіне тағайындау туралы Әділбек Рыскелдіұлы Жақсыбеков Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалсын, ол Астана қаласының әкімі қызметінен босатылсын. Қазақстан республикасының Президенті н.наЗарбаеВ Астана, Ақорда, 2016 жылғы 21 маусым. № 287 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Ә.Ө. Исекешевті Астана қаласының әкімі қызметіне тағайындау туралы Әсет Өрентайұлы Исекешев Астана қаласының әкімі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі қызметінен босатылсын. Қазақстан республикасының Президенті н.наЗарбаеВ Астана, Ақорда, 2016 жылғы 21 маусым. № 288 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Ж.М.Қасымбекті Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі қызметіне тағайындау туралы Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі болып тағайындалсын. Қазақстан республикасының Президенті н.наЗарбаеВ Астана, Ақорда, 2016 жылғы 21 маусым. № 289 Хроника Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Зайроллаұлы Нығматулин басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы қызметінен бо- сатылды. Мемлекет басшысы нұрсұлтан назарбаев Президент әкімшілігінің басшылық құрамымен кездесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Кездесу барысында Қазақстан Президенті Президент Әкімшілі- гінің Басшысы қызметінде атқар- ған жұмысы үшін Н.Нығматулинге алғыс айтты және алдағы парла- менттік қызметіне табыс тіледі. – Соңғы екі жылда елде жоғары деңгейде ұйымдастырылған пре- зиденттік және парламенттік сай- лаулар оң бағаға ие болып, хал- қымыздың ауызбіршілігін көрсете білді. Н.Нығматулин ұзақ жылдар бойы менімен бірге жұмыс істеп келеді. Ол істі білетіндігі және кәсіби білігі арқылы барлық салада қойылған міндеттерді шеше алды, – деді Елбасы. Нұрсұлтан Назарбаев кездесу- ге қатысушыларға Президент Әкімшілігінің жаңа Басшысы Ә.Жақсыбековті таныстырды. – Ол бұған дейін де осы қыз- метте болып, әртүрлі лауазымдар- ды атқарды. Бұл бағытта орында- лып жатқан міндеттерге байып- тылықпен қарайтын тәжірибелі адам қажет, – деді Қазақстан Пре- зиденті. Сонымен қатар, Мемлекет бас- шысы тапсырмалардың орында- луына тиімді бақылау жүргізудің маңыздылығын айта келе, Прези- дент Әкімшілігі жұмысының ба- сымдығы бар бағыттарын атап өтті. Есімі ЕлгЕ ЕлЕулі ӨшпЕс даңқ Басты Байлық 8 7 5 Жиын барысында Мемлекет басшысы Парламент Мәжілісінің Төрағасы лауазы- мына Н.Нығматулиннің кандидатурасын қарастыру туралы ұсыныс берді. – Баршаңыз Нұрлан Зайроллаұлын жақсы білесіздер. Ол Қарағанды об- лысының әкімі, «Нұр Отан» партия- сы Төрағасының бірінші орынбасары болып жұмыс істеді. Соңғы жылдары Мәжілістің V шақырылымын басқарып, көпшілігіңізбен бірге еңбек етті. Оның Президент Әкімшілігіндегі екі жарым жыл істеген қызметі президенттік сай- лау, Мәжіліс және барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауы сияқты қауырт саяси кезеңдерге сәйкес келді. Еліміз үшін ауқымды саяси жұмыстар жү р- гізілді. Сайлаулар жоғары деңгейде ұйымдастырылып, жақсы бағаға ие болды. Халқымыз ынтымағын көрсетіп, бізді қолдады. Сондықтан жұмысты одан әрі жалғастыруымыз қажет, – деді Қазақстан Президенті. Нұрсұлтан Назарбаев Парламенттің атқарушы билікпен арадағы өзара іс- қимылды белсендірек жүргізуі қажеттігіне назар аударды. – Біз Үкіметке жұмысты байыппен жүргізуге мүмкіндік бердік, белгілі бір жетістіктерге қол жеткізілді. Бірақ бұл жетекші саяси партиямыз «Нұр Отан» мен оның фракциясы Үкіметтің алды- на қойылатын міндеттердің орындалуы- на қатаң қарамауы тиіс дегенді білдір- мейді. Орындалуы қажет стратегиялық бағдарламалар бар. Біздің өз елімізде де, шетелдерде де орындалуын жұрт бақылап отырған негізгі міндетіміз – Бес институттық реформаның іске асырылуы жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт Жос- парын жүзеге асыру», – деді Мемлекет басшысы. Сондай-ақ, Қазақстан Президенті Мәжіліс Төрағасы қызметінде атқарған жұмысы үшін Б.Ізмұхамбетовке алғыс айтты. – Бүгін «Ардагерлер ұйымы» респуб- ликалық қоғамдық бірлестігі Орталық кеңесі төралқасының кезектен тыс оты- рысы өтіп, оның барысында Бақтықожа Ізмұхамбетов кеңес төрағасы болып сайланды. Еліміз үшін бұл – өте маңыз- ды мәселе. Көптеген көрнекті қайрат- керлердің басын қосып отырған ұйым ардагерлердің мәселесімен де, жастардың адамгершілік тәрбиесімен де айналысады, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Әкімшіліктің басшылық құрамымен кездесті Партия фракциясының жиналысына қатысты Кездесу алдында қалалық мәс ли хаттың сессиясы болып өтті. Онда депутаттар Ас тана қаласының жаңа әкімі Ә.Исеке- шевтің кандидатурасын бірауыз- дан мақұлдады. – Бұл қаланы кімнің басқа- ратынына мен немқұрайлы қа- рай алмаймын. Ол тәжірибелі, бі лімді, Қазақстанға танымал, елорданың мүддесін қорғай оты- рып, Үкіметпен жұмыс істей ала- тын адам болуға тиіс. Мен Әсет Исекешевті сондай адам деп есеп- теймін. Бүгін мәслихаттың келі- сімімен тағайындалған жаңа әкім- ді құттықтаймын, – деді Елбасы. Қазақстан Президенті, сон- дай-ақ, Ә.Жақсыбековті жаңа лауазымға тағайындалуымен құт- тықтады. – Бүгін Әділбек Жақсыбеков Пре зидент Әкімшілігінің Бас- шысы болып тағайындалды. Ол 1997 жылы елорданың алғаш ауысқан күнінен бастап қала әкімі болып тағайындалып, ең қиын кезеңдерде жұмыс істеді. Барлық тапсырмаларды орындады. Одан кейін бірқатар өзге де лауазым- дарды атқарып, осы қызметке қайта оралды. Мен оған жұмысы үшін алғыс айтамын және жаңа лауазымымен құттықтаймын, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. елбасы нұрсұлтан назарбаев Қазақстан республикасы Парламенті Мәжілісінің «нұр Отан» партиясы фракциясының жиналысына қатысты, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Бірауыздан мақұлдады Мемлекет басшысы нұрсұлта н назарбаев аст ана қаласының активімен кездесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ

Upload: others

Post on 27-May-2020

22 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

№118 (28846)22 МаусыМсәрсенбі2016 ЖыЛ

АқпАрАттАрағыны● елімізде 2020 жылға

дейін 800 мың шаршы метр­ден асатын тұрғын үй салы­нады. Мұны «Самұрық-Қазы-на» жылжымайтын мүлік қоры «Нұрлы Жол» бағдарламасы ая сында жүзеге асырмақшы. Ком мерциялық баспана құрылысы үшін аталған қорға қазынадан 97 млрд. теңге бөлінді.

● 2016­2017 жылдары ауыл тұрғындары үшін 10 мың жұмыс орны ашылады. Бұл – экономикалық өсімді ын-таландыру және ауыл халқын жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған ба-стама. Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенованың айту-ынша, аталған жоба ауылдар мен аудандық маңыздағы қалаларда тұратын халық санына қарай жүзеге асыры-лады.

● бүгінде Қазақстанның отандық тауарлары әлемнің 117 еліне экспортталады. Ин вестициялар және даму ми-нистрлігінің хабарлауын ша, 2015 жылы еліміздің кәсіп-керлері 824 түрлі өнімді шет елдерге саудалаған.

● биыл Қашаған кен орнынан 500 мың тонна мұнай өндіру жоспарла­нып отыр. Сонымен бірге, мұнай саласын қолдау бой-ынша көзделген ша ра лардың нәтижесінде «қара алтын» өндіру көлемі 74 млн. тон-надан 75 млн. тоннаға дейін артады.

● Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында це­мент шығару зауытының іргетасы қаланды. Зауыттың жыл дық қуаттылығы – 560 тонна. Кәсіпорынның жал-пы құны – 30, 2 млрд. теңге. Өндіріс ор ны толық іске қосылғанда, 320 адам тұрақты жұмысқа тартылады.

● Павлодарда жаңадан 40 автобус аялдамасы салы­нады. Қала әкімдігіндегі кеңесте жаңа аялда ма лардың үлгілері таныс тырылды. Әрбір нысанның құны 250 мың теңгені құрайды. Ол үшін жергілікті бюджеттен 8 млн. теңге қарастырылып отыр.

● астанада жыл басынан бері 2 858 адам бос орын­дар жәрмеңкесі арқылы ж ұ м ы с қ а о р н а л а с қ а н . Мұның ішінде 998 тұрғын қоғамдық жұмысқа тартыл-са, 411 адам кәсіптік даяр лау мен қайта даярлау кур сына жіберілген. Жалпы, 5 жыл ішінде 36 бос орындар жәр -мең кесі өткізіліп, 30 мың дай ас таналық жұмысқа орна-ласқан.

Хабарлар Үкімет, облыстық әкімдіктер сайттары,

«Қазақпарат» агенттігі және «24kz» телеарнасының

деректері бойынша дайындалды

Қазақстан Республикасы Президентінің ЖарлығыӘ.Р. Жақсыбековті Қазақстан

Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы қызметіне тағайындау туралы

Әділбек Рыскелдіұлы Жақсыбеков Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалсын, ол Астана қаласының әкімі қызметінен босатылсын.

Қазақстан республикасының Президентін.наЗарбаеВ

Астана, Ақорда, 2016 жылғы 21 маусым. № 287

Қазақстан Республикасы Президентінің ЖарлығыӘ.Ө. Исекешевті Астана қаласының әкімі

қызметіне тағайындау туралыӘсет Өрентайұлы Исекешев Астана қаласының әкімі болып

тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі қызметінен босатылсын.

Қазақстан республикасының Президентін.наЗарбаеВ

Астана, Ақорда, 2016 жылғы 21 маусым. № 288

Қазақстан Республикасы Президентінің ЖарлығыЖ.М.Қасымбекті Қазақстан

Республикасының Инвестициялар және даму министрі қызметіне тағайындау туралы

Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі болып тағайындалсын.

Қазақстан республикасының Президенті н.наЗарбаеВ

Астана, Ақорда, 2016 жылғы 21 маусым. № 289

ХроникаМемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Зайроллаұлы

Нығматулин басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы қызметінен бо-сатылды.

Мемлекет басшысы нұрсұлтан назарбаев Президент әкімшілігінің басшылық құрамымен кездесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында Қазақстан Президенті Президент Әкім ші лі-гінің Басшысы қызметінде атқар-ған жұмысы үшін Н.Нығма ту линге алғыс айтты және алдағы па р ла-менттік қызметіне табыс тіледі.

– Соңғы екі жылда елде жоғары деңгейде ұйымдастырылған пре-зиденттік және парламенттік сай -лаулар оң бағаға ие болып, хал-қы мыздың ауызбіршілігін көрсете білді. Н.Нығматулин ұзақ жылдар бойы менімен бірге жұмыс істеп келеді. Ол істі білетіндігі және кәсіби білігі арқылы барлық салада қойылған міндеттерді шеше алды, – деді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев кездесу-ге қатысушыларға Президент Әкімшілігінің жаңа Басшысы Ә.Жақсыбековті таныстырды.

– Ол бұған дейін де осы қыз-метте болып, әртүрлі лауазымдар-ды атқарды. Бұл бағытта орында-лып жатқан міндеттерге байып-ты лық пен қарайтын тәжірибелі адам қажет, – деді Қазақстан Пре-зиденті.

Сонымен қатар, Мемлекет бас-шысы тапсырмалардың орында-луына тиімді бақылау жүргізудің маңыздылығын айта келе, Пре зи-дент Әкімшілігі жұмысының ба-сымдығы бар бағыттарын атап өтті.

Есімі ЕлгЕ ЕлЕулі ӨшпЕс даңқ

Басты Байлық

875

Жиын барысында Мемлекет басшысы Парламент Мәжілісінің Төрағасы лауазы-мына Н.Нығматулиннің кандидатурасын қарастыру туралы ұсыныс берді.

– Баршаңыз Нұрлан Зайролла ұлын жақсы білесіздер. Ол Қарағанды об-лысының әкімі, «Нұр Отан» партия-сы Төрағасының бірінші орынбасары болып жұмыс істеді. Соңғы жылдары

Мәжілістің V шақырылымын басқарып, көпшілігіңізбен бірге еңбек етті. Оның Президент Әкімшілігіндегі екі жарым жыл істеген қызметі президенттік сай-лау, Мәжіліс және барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауы сияқты қауырт саяси кезеңдерге сәйкес келді. Еліміз үшін ауқымды саяси жұмыстар жү р-гізілді. Сайлаулар жоғары деңгейде

ұйымдастырылып, жақсы бағаға ие болды. Халқымыз ынтымағын көрсетіп, бізді қолдады. Сондықтан жұмысты одан әрі жалғастыруымыз қажет, – деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев Парламенттің атқарушы билікпен арадағы өзара іс-қимылды белсендірек жүргізуі қажеттігіне назар аударды.

– Біз Үкіметке жұмысты байыппен жүргізуге мүмкіндік бердік, белгілі бір жетістіктерге қол жеткізілді. Бірақ бұл жетекші саяси партиямыз «Нұр Отан»

мен оның фракциясы Үкіметтің ал ды-на қойылатын міндеттердің орын далуы-на қатаң қарамауы тиіс дегенді білдір-мей ді. Орындалуы қажет стратегиялық бағдарламалар бар. Біздің өз елімізде де, шетелдерде де орындалуын жұрт бақылап отырған негізгі міндетіміз – Бес институттық реформаның іске асырылуы жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт Жос-парын жүзеге асыру», – деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, Қазақстан Президенті Мәжіліс Төрағасы қызметінде атқарған

жұмысы үшін Б.Ізмұхамбетовке алғыс айтты.

– Бүгін «Ардагерлер ұйымы» респуб-ликалық қоғамдық бірлестігі Орталық кеңесі төралқасының кезектен тыс оты-рысы өтіп, оның барысында Бақтықожа Ізмұхамбетов кеңес төрағасы болып сай ланды. Еліміз үшін бұл – өте ма ңыз-ды мәселе. Көптеген көрнекті қайрат-керлердің басын қосып отырған ұйым ардагерлердің мәселесімен де, жастардың адамгершілік тәрбиесімен де айналысады, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Әкімшіліктің басшылық құрамымен кездесті

Партия фракциясының жиналысына қатысты

Кездесу алдында қалалық мәс ли хаттың сессиясы болып өтті. Онда депутаттар Ас тана

қаласының жаңа әкімі Ә.Исе ке-шевтің кандидатурасын бірау ыз-дан мақұлдады.

– Бұл қаланы кімнің бас қа-ра тынына мен немқұрайлы қа-рай алмаймын. Ол тәжірибелі, бі лімді, Қазақстанға танымал, елор даның мүддесін қорғай оты-рып, Үкіметпен жұмыс істей ала-тын адам болуға тиіс. Мен Әсет

Исе кешевті сондай адам деп есеп-теймін. Бүгін мәслихаттың келі-сімімен тағайындалған жаңа әкім-ді құттықтаймын, – деді Елбасы.

Қазақстан Президенті, сон-дай-ақ, Ә.Жақсыбековті жаңа лауа зымға тағайындалуымен құт-тықтады.

– Бүгін Әділбек Жақсыбеков Пре зидент Әкімшілігінің Бас-шысы болып тағайындалды. Ол

1997 жылы елорданың алғаш ауыс қан күнінен бастап қала әкімі бо лып тағайындалып, ең қиын кезең дерде жұмыс істеді. Барлық тапсыр маларды орындады. Одан кейін бірқатар өзге де лауазым-дарды атқарып, осы қызметке қайта оралды. Мен оған жұмысы үшін алғыс айтамын және жаңа лауазымымен құттықтаймын, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

елбасы нұрсұлтан назарбаев Қазақстан республикасы Парламенті Мәжілісінің «нұр Отан» партиясы фракциясының жиналысына қатысты, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Бірауыздан мақұлдадыМемлекет басшысы нұрсұлтан назарбаев астана

қаласының активімен кездесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Сур

етт

ерді

түс

ірге

ндер

С.Б

ОН

ДАРЕ

НК

О, Б

.ОТА

РБАЕ

В

www.egemen.kz2 22 маусым 2016 жыл

Атқарушы директормен әңгіме

Парламент Сенатының Төра ғасы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысының орын басары, ЮНЭЙДС-тің (БҰҰ АИТВ/ЖИТС жөніндегі бірік кен бағдарлама) атқару-шы директоры Мишель Сиди-бемен кездесті, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

Сенат басшысы Қазақстан СПИД, өкпе аурулары жəне безгекпен күрес жөніндегі БҰҰ ВИЧ/СПИД жөнін-дегі біріккен бағдарламасының қыз-метін жоғары бағалайтынын атап өтті. Қ.Тоқаев ВИЧ/СПИД-пен күрес Қазақ стан Үкіметінің негізг і стра-те гия лық құжаттарына, ден сау лық сақ тау саласын дамыту жөнін дегі «Саламатты Қазақстан» мемле кет-тік бағдарламасына енгенін айтты. Сондай-ақ, Орталық Азия елдері үшін Алматыда ВИЧ-тің таралуымен кү рес жөніндегі аймақтық кеңсесі ашы луы ның маңыздылығы да ай-тылды.

М.Сидибе Қазақстан Үкіметінің ВИЧ/СПИД-пен күрес жөніндегі шараларын жоғары бағалады жəне БҰҰ ВИЧ/СПИД жұмысы кеңінен қолдау тапқаны үшін еліміздің басшылығына алғыс айтты.

Дүниежүзілік денсаулық сақ тау ұйымы сарапшыларының баға лауы бойынша Қазақстан халқының ара-сында ВИЧ індетінің таралу дең-гейі 0,1 пайызды құрайды, Орталық Азия аймағындағы басқа елдерге қарағанда жəне орташа əлемдік көрсеткіштерге қарағанда 1,1 пайыз-ға төмен болып отыр.

Нұрлыбек ДОСЫБАЙ,«Егемен Қазақстан»

Отырысқа Комиссия мүшелері – республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының, шығармашылық одақ тардың, журналистердің қоғам-дық бірлестіктері мен мүдделі мем ле кет тік органдардың өкілдері қатыс ты.

Жиынды ашқан Мемлекеттік хатшы бұқаралық ақпарат құрал-дарының Қазақстан мемлекеттілігін нығайтудағы маңызды рөліне тоқ-талып өтіп, БАҚ өкілдерін алда келе жат қан кəсіби мерекелері – Бай-ланыс жəне ақпарат қызметкерлері күні мен құттықтады.

«Отандық журналистика ның негізгі міндеті Елбасы Н.Ə.На зар-баев тың стратегиялық бағытын ақпа раттық-бұқаралық тұр ғыда қам тамасыз ету болып табыла-ды. Сон дықтан да біз ұсы ныл-ған материал дарды саралау да жоғарыда айтып өткен ел Тəуел-сіздігінің 25 жыл дығы мен «Мəң-гілік Ел» жал пы ұлттық идеясы жəне «Қазақ стан-2050» Стра тегия-сының кеңінен наси хат тал ға ны на басымдық береміз», – деді Қоғам-дық комиссия төрайымы.

Г.Əбдіқалықова Қазақстанның əлемдегі ең дамыған 30 елдің біріне айналуға деген ұмтылысын атап

өтті. Бұл мақсатқа қол жеткізу жо-лында, əрине, журналистиканы қоса алғанда, өмірдегі барлық сала-ны инклюзивті дамыту көзделеді. «Қазақстандық масс-медиа ең биік халықаралық өлшемдерге сай болып, ел өміріндегі маңызды оқиғаларды шынайы түрде жəне біліктілікпен жариялап-көрсету ісін қамтамасыз етуге тиіс», – деді Мемлекеттік хатшы.

Биыл қоғамдық комиссия қа-рауына 78 ұсыным берілді, атап айт қанда, оның 67-сі журналистер-ге, 11-і шы ғар машылық ұжымдарға қатысты.

Қоғамдық комиссияның оты-рысы барысында журналистер материал дарының жоғары деңгейі, сондай-ақ, баспасөздің Қазақстан дамуының маң ызды қоғамдық-саяси жəне əлеуметтік-экономикалық аспектілерін жариялап-көрсету ісіндегі зор үлесі атап өтілді.

Талқылау қорытындысында қоғам дық комиссия БАҚ сала-сындағы президенттік марапаттар-ды тағайындау ережесіне сəйкес, ашық дауыс беру арқылы БАҚ өкілдеріне Президенттің екі сый-лығын, екі грантын тапсыру жəне төрт шығармашылық ұжымға Алғы-сын жариялау жөнінде Мемлекет басшысына ұсыным беру туралы бірауыздан ұйғарым жасады.

Тараптар Жапония делега-ция сының Семей ядролық сынақ поли го нының жабылғанына 25 жыл толуына жəне Ядролық сынақтарға қар сы халықаралық іс-қимыл күніне ар налған

шараларға қатысуы мəсе лелерін талқылады.

Губернатор Х.Юзаки Қа-зақстан тарапының Хиросимада өткізіліп жүрген ірі халықаралық шаралар жұмысына белсенді

қатысып келе жатқаны үшін ризашылығын білдіріп, Қа-зақстанмен қарусыздану сала-сында тығыз қарым-қаты-настарды əрі қарай да дамы-туға деген оң ниеті бар екенін мəлімдеді.

«Мэрлер бейбітшілік үшін» ха лық аралық қозғалысына бас-шылық жасайтын мэр К.Мацуи Қазақстанның жəне Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке

басының ядролық қарусыздану мен таратпау жолындағы же-текші рөліне жоғары баға берді.

К.Мацуи атап көрсеткендей, Хиросима Қазақстанның ядро-сыз əлем құру жөніндегі жа һан-дық бастамасын жақсы біледі жəне оған үлкен құрметпен қарайды.

«Егемен-ақпарат»

Ал оны нақтылай түсетін болсақ, жаңа өнім Сыртқы істер министрлігі атқарған ақпараттық-имидждік жұмыстың нақты жемісі жəне Бес инс титуттық реформа аясында ат қа рылатын «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының шеңберіндегі 87-қадамды жүзеге асыруға қосыла-тын елеулі үлес болып табылады.

«Қазақстан – Ұлы Дала елі» қо-сым шасы, заманауи жəне интерак-тивті үлгі де еліміз туралы жан-жақ-ты ақпарат пен қолжетімді танысу мүмкіндігін қам тамасыз ету үшін əзірленген. Ал министрдің айтуын-ша, қосымша «құра мында Қазақ-стан туралы бірегей кешенді ақпа рат жиналған, сандық технология лар саласындағы алғашқы өнімдердің бірі». Қосымшада қолданылған көптеген фотосуреттер мен бей-нематериалдар эксклюзивті бо-лып табылады жəне де бұған дейін жарияланбаған. Əзірлеуші əр материалдың техникалық жəне

көркемдік сапасына жоғары талап-тар қойған.

Ол Windows, Apple, Android жүйелеріне негізделген құрыл -ғылардың барлық түрлері (ұялы теле-фондар, планшеттер, ноут буктер, ком-пьютерлер) үшін жасал ған. Веб-сайт үлгісіндегі нұс қасы да бар. Өнімді жасауға бір топ жергілікті жəне шетелдік мамандар жұмылдырылған, олардың ішінде журналистер, фото-графтар, бейнеоператорлар, дизай-нерлер, програм мистер, жалпы 80 адам мен 33 мемлекеттік жəне жеке ұйым бар.

Қазақстандықтар үшін бұл қо сым-ша Отанымыз туралы кешенді тақы-рып тардың кең ауқымын қамтитын нағыз сандық энциклопедия бо-лып табылады. Тұтастай алғанда, қосымша 10 бөлімнен тұрады: гео-графия, тарих, қоғам, мəдениет, мемлекет, халықаралық қатынастар, экономика, туризм, Астана жəне ЭКСПО-2017.

Отандық дипломаттар бұл көрнекі құралды шетелдік əріптестерімен кездесулер жəне тұсаукесерлер бары сындағы ақпараттық-имидждік жұмыстарда, шете л дегі отандастар мен қазақ диас порасының арасында тарата алады. Шетелдіктерді, əсіресе, Қазақ стан дағы туризм мен инвести-циялар жəне ЭКСПО-2017 көрмесі туралы мате риалдар қызықтырады. Тағы бір айта кетерлігі қосымша қазақ, орыс жəне ағылшын тілдерінде жарық көрген.

«Біздің ұжымдық еңбегіміз көпшіліктің назарына ілігіп, ол арқылы шетел діктер мен қазақстандықтардың өз дерінің достары мен таныстарын ұлан-байтақ елімізбен жақынырақ та-ныстыруларына қосымша мүмкіндік туындайтынына қуаныштымыз. Мұны дамыту барысында біз сияқты əркім-ақ Қазақстан туралы көптеген жаңа қызықты мəлі мет тер мен таныса алаты-нына сенім дімін», – дейді Е. Ыдырысов.

Қосымшаны AppStore жəне Play Market арқылы жүктеуге болады. Ол үшін іздеу жолағына Kazakhstan Land of the Great Steppe енгізу қажет.

«Егемен-ақпарат»

Нұрлыбек ДОСЫБАЙ,«Егемен Қазақстан»

Халықаралық деңгейде ұйымдастырылған шарада он мемлекеттің денсаулық сақтау министрлігі мен ұйым дарының өкілдері қаты сып, қоғамдық ден-саулық сақтау жүйесі мен ме дицина ғылымы сала-ларындағы өзара ынты-мақ тастықты дамыту мəсе лелері талқыланды. Сон дай-ақ, алқалы жиын-да ЮНЭЙДС атқарушы дирек торы Мишель Сидибе мен ДДҰ Еуропа өңірлік бюро сының арнайы өкілі Гайк Никогосян да төбе көрсе тіп, ұлттар саулығын сақтау дың жайы туралы ег-жей-тегжейлі пікір алысты.

Денсаулық сақтау жə-не əлеу меттік даму ми-нистрі Та мара Дүйсенова

жетек шілік еткен отырыс-та бар лығы 18 мə селе қа-ралды. Негізінен, мұн дай басқосулар арқылы əлем елдеріндегі денсаулық сақ тау саласының соң ғы жаңалықтарымен бөлі се отырып, тəжірибе алма су-ға басымдық беріледі. Осы бағыттағы өзара əріптес-тікті үзіп алмай, керісінше, уа қыт ағымына сай жандан-дыра түсу мақсатымен 1992 жылдың 26 маусымын да ТМД елдерінің арасын-да арнайы Кеңес құрыл-ған еді. Осы Кеңес құра-мын дағы елдердің көшпе-лі отырысының кезекті-сі Астанада ұйымдас ты-рылды. ТМД құрамындағы əрбір елдің денсаулық сақ-тау министрі мен мемле-кеттің бас санитар-дəрігері осы Кеңестің негізгі мү-шесі болып табылатын

бас қосуға сала мамандары тү гел жиналды.

Министр Т.Дүйсенова өз кезегінде АИТВ/ЖИТС-тің таралуы бойынша ескер-туге бағытталған ортақ ша раларды жүзеге асыру ба рысында Қазақстанға көр сеткен көмек шара-лары үшін ЮНЭЙДС өкіл-дігіне жəне денсаулық сақ-тау мəселелері жөнінде кон сультациялық көмегі үшін ДДҰ Еуропалық бю-росына алғыс білдірді. Со нымен қатар, алқалы жиын да темекі өнімдерінің халық денсаулығына тигі-зетін кері əсері туралы ескер ту шараларын жүр-гізу бойынша, алғашқы ме ди циналық-санитарлық кө мекті дамыту, жұқпалы емес ауруларды бақылау мен олардың алдын алу те тік тері, өзара тəжірибе жə не ақпарат алмасу жайы да сөз етілді. Осы мəсе ле-лерге қатысты ой бөліс кен Мишель Сидибе БҰҰ Бас

Ассамблеясының ағым да-ғы жылдың 8-10 маусы-мын да Нью-Йоркте өткен ЖИТС-пен күрес мəсе-ле лері бойынша жоғарғы дəрежелі кеңесте бірқатар мін деттемелер алғандығын атап өтті. «БҰҰ-ға мүше-мем ле кеттер Тұрақты даму мақ сат тарының аясында 2030 жылға қарай ЖИТС эпи де миясын тоқтату шара лары жөніндегі жос-пар ды іске асыру бой ынша міндеттемелер алға нын мəлім деймін», деді ол өз сөзін де. Жиын соңын да Ден саулық сақтау жəне əлеу меттік даму ми нис трі Мишель Сиди бені Қа зақ-стан халқы Ассам блея-сы ның 20 жылдығына ар-нал ған төсбелгімен мара-пат тады. Айта кетейік, ТМД елдерінің денсаулық сақ тау саласындағы ынты-мақ тастығы бойынша ке-лесі отырыс 2017 жыл дың сəуір-мамыр айында Қыр-ғызстанда өтетін болды.

Елбасы марапатыелдікке жетелейді

Ақордада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшы-сы Гүлшара Əбдіқалықованың төрайымдығымен Қазақстан Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы 2016 жылғы сыйлықтарын беру, гранттарын тапсыру жəне Алғысын жариялау жөніндегі қоғамдық комиссияның оты-рысы өтті.

Отанымызды таныстырудың озық тәсілі

Қазақстан бастамаларына – жоғары баға

Денсаулық сақтаудың мемлекетаралық мәселесін талқылады

Кеше Астанада ТМД-ға мүше-мемлекеттердің денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастығы бойынша XXVI отырысы өтті.

Кəрім Мəсімов Мишель Сидибеге АИВ/ЖИТС-тің алдын алу жəне ем-деу, эпидемиологиялық бақылау

мəселелерінде біздің елімізге қолдау көрсетіп, жəрдемдескені үшін алғысын білдірді.

Өз кезегінде, М.Сидибе Қазақ-станның ЖИТС індетімен күрес тегі тиімді жұмысын атап өтіп, денсау-лық сақтау саласында екі жақты ынтымақтастықты жалғастыруға дайындығын білдірді, деп хабарла-ды Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.

Премьер-Министрмен кездесуКеше Үкімет Үйінде ҚР Премьер-Министрі Кəрім Мəсімовтің

БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, АИВ/ЖИТС бойынша БҰҰ Біріккен бағдарламасының (ЮНЭЙДС) атқарушы директоры Мишель Сидибемен кездесуі өтті.

Қазақстанның Жапониядағы Төтенше жəне өкілетті елшісі Ерлан Баударбек-Қожатаев Хиросима префектурасының губернаторы Хидехико Юзакимен жəне аталған қаланың мэрі Казуми Мацуимен кездесті.

Динара БІТІКОВА, «Егемен Қазақстан»

«ДОПИНГ» НЕГЕ ШЫРЫЛДАТТЫ?

«Бүгiнгi күнi допинг дауы-на қатысты көп сұрақтар туын-дап отыр. Қазiр бiздiң команда Олимпиада ойындары, басқа да жарыстарға дайындалып жа-тыр. Осыған орай, Мəдениет жəне спорт министрлiгi, Ұлттық олимпиада комитетi бiздiң спорт шылардың бұл сыннан абыроймен өтуiн қамтамасыз етуі керек», деді К.Мəсiмов. Үкiмет басшысы елiмiзде до-пингке қарсы жақсы зертха-на жабдықтау мүмкiндiктерiн қарастыру қажеттiгiн де атап өттi. Допинг-тесттер өткізу үшін зама науи зертханалар са-тып алу ға қаражат қарастыруды тапсырды.

Еске салсақ, Лондонда өткен 2012 жылғы Олимпия ойын дарында ауыр атлетикадан чемпион атанған қазақстандық спортшылардың допинг-тесті қайта тексерілген. Халықаралық ауыр атлетика федерациясының мəліметінше, қазақстандық төрт спортшы – Илья Ильин, Зүлфия Чиншанло, Светлана Подобедова жəне Майя Манеза жарыстан шет тетілген. Мұның бəрі ел арасы н да күдік туды-ра бастады. Себебі, бұл са-лада əлемді аузына қарат қан зор жетістіктерімізге «көре алмаушылық» болып, аяқ тан шалатындар табылмасына кім кепіл?! Халықаралық феде-рацияның бұл шешімдері қан-шалықты шындыққа жанасады? Жалған болған жағдайда, біз спортшыларымыздың «күнə-сіз дігін» ақтап шыға аламыз ба?

Жұрт арасында алаң тудыр-ған, міне, осындай мəселелер. Ал бұған көз жеткізудің бір амалы зертхана болса, елде бұған сай зертханалық жабдық-тары мыздың да жоқтығы қын-жылтады. Əрине, кемші лік тің бəрін кемістік кеткен соң ғана анықтау жақсы емес. Дегенмен, спорттық салада алдағы жыл-дар дан да зор үмітіміз бар еке -нін ескеріп, керек зертхананы жабдықтауды қазірдің өзінде қолға алған абзал. Мəде ниет жəне спорт министрі Арыс-танбек Мұхамедиұлы да қазір-гі таңда бұл жағдайды ба қы-лауға алғандарын айтты. 27 мау сымда Лозаннада тəртіптік комиссияның ақтық отыры-сы өтетінін алға тартып, үміт-тің шырағы үзілмегенін жет-кізді. «Риодағы Олимпиада қар -саңында біз өзіміздің зерт хана -лық медициналық құрал дары-мызды күшейтеміз, себебі бұл қателіктердің қайта лан ба ға ны өте маңызды», деді министр.

Біз өткен нөмірлеріміздің бірінде осы мəселеге орай «Илья Ильин ақырына дейін күреседі» («Егемен Қазақстан», 20 маусым, 2016 жыл) деп жаз ған едік. Ал Үкімет бас-шысы «Біздің спортшылар осы сы нақтан сүрінбей өтуі үшін барлығын жасауымыз қажет», деп шегелей айтты. Енді гісін кім білген, деген мен, халықаралық тəртіптік комис-сияның ақтық отырысы «оң қабақ» танытып қалар деген үмі тіміз де жоқ емес.

ШАРУАЛАРДЫ НЕГЕ ШЫҒЫНДАТТЫ?

Оңтүстiк Қазақстан мен Жам был облыстарында ше гiрт-кеге қарсы дəрілеу жұмыс тары уа қытында жүргiзiлмеген. Со-ның салдарынан шаруалардың шы ғынға батып отырғандығы. «Егемен Қазақстанның» ке шегі

нөмірінде сынға алынып, бұған АШМ-ға қарасты құ-ры лымдардың тендерді кеш өткіз ген бейқамдығы себеп бол ған дығы мамандар пікіріне сүйене отырып жазылған еді. («Ба сшылардың сал ғырт тығы-нан шаруалар шығынға ұшы-рады», «Егемен Қазақ стан», 21 маусым, 2016 жыл). Газет да былы Үкіметті қозғалысқа кел тір гендей: кешегі Үкімет оты ры сында осы мəселеге орай тиісті орындардан жауап сұ рал-ды. Ауыл шаруашылығы ми-нистрі А.Мырзахметов, Оң түс-тiк Қазақстан облысының əкі мі Б.Атамқұлов, Жамбыл об лы-сының əкімі К.Көкірекбаев өңір-лердегі жағдай туралы есеп бер-ді. Осыған қатысты Премьер-

Министр аграрлық ведомство бас шы сына бірқатар тапсырма жүк теді. «Сізге беретін тапсыр-ма – барлық жағдайды талдау. Біріншіден, мəселені шешу ке-рек. Екіншіден, алда мұндай жағдай қайталанбас үшін айып-тыларды жазалау қажет. Сосын маған жеке баяндайсыз», деді К.Мəсімов.

Өз кезегінде аграрлық ве-домство басшысы Премьер-Министрге қазіргі уақытта об лыстық фитосанитарлық диаг ностика орталығының ди-ректоры мен оның Сарыағаш ауданындағы филиалының басшысын қызметінен босату туралы шешім қабылданғанын хабарлады. Министрдің айту-ынша, қазіргі уақытта комитет жəне ОҚО мен Жамбыл об-лысының құрылымдық бөлім-шелерінің басшылығының жауап кершілігі туралы мəселе қаралуда, өңдеудің жедел жүр-гізілуін бақылайтын жедел штаб күшейтілген. Министр биыл шегiрткеге қарсы өңдеу жұмыстары уақытында жүр-гiзiлмегенімен қатар, бұл жағ-дай табиғи құбылысқа да байла-нысты екенін түсіндірді. «Биыл қыс жылы болып, көктем ерте шықты. Сондықтан шегiрткеге қарсы күрес 15-20 күн ерте бас талуы тиiс едi. Осы фактор ескерiлмей, қызметтерге жүр-гiзiлетiн байқау уақытында өт кiзiлмеген. Қаражат толық көлемде бөлiндi, препараттар болды, тек тендердi уақытында өткiзу керек едi. Алқаптарды өңдеу сəуiр айының соңында басталды. Авиациялық дəрілеу шамамен бiр айға кеш басталды. Ал жердегi өңдеу 15-20 күнге кешікті», дедi А.Мырзахметов. Осы жағдайға байланысты ко-миссия құрылған. Қазiр комис-сия қызметтiк тексерiс жүр гiзiп жатыр. К.Мəсiмов бұл жағ-дайды қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.

АЛМАТЫНЫ НЕГЕ АЛАҢДАТТЫ?

К.Мəсімов Үкімет отыры-сында, сондай-ақ, соңғы уақыт-та Алматы тұрғындарын алаң -да тып, біраз əлекке сал ған мəселеге назар аударды. Яғни, жақында жауған жауын ның салдарынан қаланы су басуы-на қатысты жұмыстағы кем-шіліктерге тоқталды. Осы ретте қала əкімі Б.Байбектің есебін тыңдады. Əкімнің айтуын-ша, бүгінде Алматыда қалаға қосыл ған аумақты қоса есепте-генде, ұзындығы 221 шақырым бола тын 28 өзен бар. Осыған байла нысты су тасқыны болуы ық ти мал 21 учаске анықталған. Ақ пан-наурыз айларынан бері коммуналдық қызметтер

ұзындығы 188 шақырым бола-тын өзен арналарын, каналдар мен арықтарды тазалап, 5000 текше метр қар, 17 мың тек-ше метрден астам тұрмыстық қатты қоқыс шығарылған.

«Дегенмен, мамырдың өзін-де 200 мм. жауын-шашын жау-ды. Бұл айлық нормадан екі есе-дей асып түсті. Ал 17 мау сым да 3 сағат ішінде 50 мм-ға де йін жауын түсті», деді Б.Байбек. Əкімнің айтуынша, табиғаттың мұндай тосын мі незі соңғы рет 1957 жылы бай қал ған көрі-неді. Қала əкімі жалпы жағ дай бақылауда екенін айт ты. Жұ-мыстың бəрі бұлай тия нақ ты жасалған болса, «жауын-ша -шын салдары Алматыны неге сонша алаңдатты?» деді ме екен, əкімнің баяндама сын то-лық тыңдаған соң, Премьер-Министр таяу уақыт та Алма-ты ға барып, бұл жұмыс тар ды өз көзі мен көріп қайтаты нын жеткізді.

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМ БОЛА МА?

Үкімет отырысының күн тəр тібіндегі негізгі мəселе бой-ын ша Ұлттық экономика ми-нис трі Қуандық Бишімбаев Мем лекет басшысының тап-сыр масымен жасалған 2016-2017 жылдары экономикалық өсім ді ынталан дыру жəне жұ -мыспен қам тамасыз ету бо-йын ша қосым ша шаралар жос-парын таныс тырды. Оның ай-ту ынша, ағым дағы жылдың со ңына қарай экономиканың оң өсімін қам та масыз ету үшін үш бағыт бойын ша сəйкес шаралар қалыптас тырылған.

Бірінші бағыт аясында өндіру көлемін арттыру жəне мұ найды қайта өңдеу, көмір өн-діру, «ССТБӨ» АҚ темір кенін Қытай мен Ресейге жеткізу, отан дық кəсіпорындарды жүк-теуді жəне жұмыспен қамтуды сақтау бойынша шаралар

қа рас ты рылған. Екінші бағыт «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасы жəне 2016 жылғы Дағдарысқа қарсы қосымша шаралар жоспары аясында жоспарланған қаражатты пай-даланудың тиімділігін арт-тыруға бағытталған. Сонымен, 155 млрд. теңге сомасындағы уа қытша еркін қаражат айна-лым капиталын, «Бəйтерек» ҰБХ» АҚ арқылы өңдеу өнер-кəсібіндегі экспорт алды жəне экспорттық несиелеуді қар жы-ландыруға бағытталады, деді Ұлттық экономика министр-лігінің басшысы.

«Экономиканың өсіміне жыл дам əсер ету үшін ағым-дағы жылдың екінші жарты-жыл дығында ішкі сұранысты ынталандыруға Үкіметтің ар-найы резерві есебінен 91,5 млрд. теңге бағытталатын бола-ды», деді Қ.Бишімбаев.

Жоспардың үшінші бағыты – «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында инфра-құрылымдық жобаларды жəне экономиканың басымдықты салаларындағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыруды же-делдету. «Болжанған шаралар-ды ескере отырып, ағымдағы жылдың маусым-шілдесінде экономика оң жағдайға шығады, ал 2016 жылдың қорытындысы бойынша өсімнің жоспарланған дең гейіне шығады деп күті-луде», деді Қ.Бишімбаев. Осы-лай ша, Ұлт тық экономика ми-нистрі биы лғы жыл ұлттық эко номикада өсім болатынына сенім ұялатты.

ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ ҚАЛАЙ ИГЕРІЛУДЕ?Индустриялық-инно вация-

лық дамудың мемлекеттік бағ да р ламасын жүзеге асыру жəне жандандыру мəселесі бо-йын ша Инвестициялар жəне даму министрі Əсет Исекешев (Үкі мет отырысы өткен кезде ми нистр болатын – ред.) мə-лімдеді.

«Индустрияландыру кар-тасы бойынша 6 жылда 898 жоба, оның ішінде 2015 жы-лы 128 жоба пайдалануға берілді. Олардың 80 пайы-зы жа ңадан құрылған өндіріс жоба лары болса, қалған 20 пайы зын бұрын жұмыс істеп тұр ған жаңғыртылған кəсіп-орын дар құрады. 2015 жылғы ІЖӨ өсімінің үштен бірі карта жо баларының есебі нен алын-ды», деді Ə.Исекешев. Оның айтуынша, жалпы Индус трия-ландыру картасының жобалар арқылы бұрын Қазақстанда өндірілмеген өнімнің 500 түрі шығарылған. Енгізілген жоба-лардың 70 па йызы тұрақты жүк темеге ие, 74 жоба төмен жүкте меде жұ мыс істеуде, 21 жо ба тоқтап тұр. «2016 жылы 120 жобаны енгізу жоспар -ланған. Жал пы, Ин дустрия -лан дыру бағ дар ла масы эконо-ми када тұрақ тан дырушы рөл ат қарды. Егер 2010-2014 жыл-дары Индус трия ландыру карта-сының жобалары барлық өнер-кəсіп өндірісінің 10 пайызын берсе, дағдарыстың күшеюімен бұл жобалар тұ рақ тылығын көр сетіп отыр. 2016 жылдың І тоқ санының қоры тындысы бой-ынша бұл жобалар өндіретін барлық өнімнің 20 пайызын беріп үлгерді», деді ИДМ бас-шысы.

Үкімет отырысын Премьер-Министр қорытындылады. Қа-зақстанды одан əрі дамыту-дағы ИИДМБ-ның маңызды рөлін атап өтті. «Осы бағдар-ламаның көмегімен, əсіресе бес институционалды реформа мен 100 нақты қадамның кө-мегімен біз қазір тұрған жо-лақтан өтуіміз керек. Бұл кə сіп-орындар салуға қатысты мə селе емес, бұл Президент айт қан біздің одан əрі дамуы мыз дың философиялық мəсе лесі. Бұл зор зияткерлік жəне ұйым дас тыру күштерін талап етеді, алай да, оны іске асыру сіз бен біз дің қолымыздан келетініне се нім-дімін», деп түйіндеді К.Мəсімов.

Өзекті мәселелерге үн қатты

Бұдан бұрын хабарланғанындай, Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдыры совтың халыққа есеп беру кездесуінің барысында «Қазақстан – Ұлы Дала елі» сандық технологиялар саласындағы жаңа өнімнің таныстырылымы өткен еді.

Үкіметтің селекторлық режімдегі кезекті отырысында экономикалық өсімді ынта-ландыру жəне жұмыспен қамту бойынша қосымша шаралар жоспары талқыланды. Сондай-ақ, Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының жүзеге асырылу барысы жəне оны өзектендіру жайы қаралды.

Отырыста Үкімет басшысы бұдан бөлек ел өмірінде орын алып жатқан басқа да өзекті мəселелерге назар аударды. Мəселен, соңғы аптада қоғамда қызу талқыға түсіп, елді елең еткізген – спортшыларды шырылдатқан допинг, шаруаларды шығындатқан шегіртке, Алматыны алаңдатқан жауын-шашын салдарына байланысты жағдайларға қатысты жиын басында-ақ Үкімет мүшелеріне тиісті тапсырмалар жүктелді.

22 маусым 2016 жыл www.egemen.kz 3

Жерсіндіру технологиясы жетілдірілді

Аманжол КЕБЕКБАЕВ,«Астана көгалдандыру құрылысы» АҚ бас агрономы:

Біздің басты мақсат – Астананың эколо гия лық жағдайын барын ша жақ-сарту. Осы уақыт қа дейін түр лі бағ дар ла ма лар қа был-да н ды, ар нау лы шара лар жүр гі з іліп ке леді. Топы рақ-тың құна ры, ауа райы ның жай сыздығы ғылыми із-деніс ті қажет етті. Нəти же-сін де климаты қатал аймақ құл пырып шыға келді.

Əсем шаһардың шырайын келтіру үшін нəзік гүлдердің бабы барынша күтімді қажет етеді. Биыл Алматы ауданында – 50 мың шаршы метр, Есіл ауданында – 90 мың шар-шы метр, Сарыарқа ауданында 20 мың шар-шы метр жерге гүл егіледі. Біздің мекеме елорданың жас көшеттерін отырғызып қана қоймай, оны бағып-қағумен айналысады. Сондықтан, жүктелген міндеттерді орын-дау үшін мекеме құрамында көгалдандыру құрылысы, күрделі құрылыс, тəлімбақ, жы-лыжай шаруашылығы, ландшафттық-жобалау шеберханасы, бас инженер қызметі сияқты 15 қызмет түрі іске қосылған.

Біз елорданың қатаң топырақты-климат-тық жағдайларын ескере отырып, ірі ағаш-тарды жер кесегімен қоса жерсіндіру техноло-гиясын қолданамыз. Яғни, ағаш арнайы кон-тейнерлермен тасымалданып, егілу жерінің топырағы 100 пайыз ауыстырылады. Егілетін материал КЕЙС жəне ОПТИМАЛ арнайы мама н данған техникалар көмегімен дайын-далады. Көшет егу келесі тəртіппен жүзеге асырылады: жер телімін бөлу, егу орындарын қазу, жарамсыз жерді тасып əкету, дренаж төсеу, көшетті орналастыру, сүйеу қазығын қағу, құнарлы өсімдік топырағын араласты-ру, қазыққа байлау, су құюға арналған жиегін жасау, суару, жабындау.

Астанада ағаш пен бұта отырғызу меке-меміздің тəлімбағында дайындалатын жеке отырғызу материалы есебінен іске асатынын ерекше атап өту керек. Ол – кеңес заманынан сақталып келген, аумағы 349 гектарға тең, Орталық жəне Солтүстік Қазақстанда ғана емес, тұтас республика көлемінде 600 мыңға жуық түрлі ағаш көшеттерін өсіретін бірден бір ірі тəлімбақ саналады.

Сўлулыєы кґз суырады

Мерей МЕЙІРБЕКОВ, қала қонағы:

– Бүгінде əлем ел дері «жасыл экономи ка ны» дамытуды бас тап кетті. Ол дегеніміз эко логиялық ахуалды қалып тастыру, алып зауыттардан шыққан у лы түтіндерді залал сыз-дандыру, қоршаған ор та ны адамзат игілігіне ай нал-дыру. Бұл ретте қала ның бастамасы жаман емес деп ойлаймын. Сəні мен

сəулеті келіс кен ғи ма рат тар ғана емес, жа-сыл желегі де қуан тады. Астана көшелері мен саябақтарында өсіп тұрған сан алуан гүлдер нағыз сұлулықтың символы. Əсіресе, «Президент» саябағы ерек ше құлпырып тұр. Күйбең тірліктен шар шағанда, жанға жайлы, көңілге медеу болатын нағыз демалыс орны деп білемін.

Кґкпен кґмкерілген кґркемдік

Əсел ЖАЙНАҚОВА, елорда тұрғыны:

– «Бір тал кессең, он тал ек», деген бабалар аманаты бар. Осы аманат үдесінен шығып, айналамызды жа-сыл желекке айналды ра берсек, келешектің де бізге айтар алғысы шек сіз болар еді. Қаланың таза лы ғы на əр тұрғын жауапты болса екен деймін. Отбасымызбен жыл сайынғы сенбіліктен қалмаймыз. Айналаны та-

залап, ағаш егіп, оны суарып, бір кісідей көмектесеміз.

Менің ойымша, елорда ны көркейтуге əрбіріміз борыш тымыз. Осыны ұғынғанда ғана бас шаһарымызды көкпен көмкеріп, гүлмен кестелей аламыз.

Астананың өркендеуі – Қазақстанның өркендеуі

Бас қалада гүл отырғызу ж ұ м ы с т а р ы м а м ы р а й ы н -да басталып, əлі күнге дейін жалғасып келеді. Қаланың жа-сыл желегіне жауапты «Астана көгал дандыру» АҚ мекемесі биыл 162 288 шаршы метр жерге гүл отырғызу жос пар ланғанын айтады. Оның ішінде біржылдық жəне көпжылдық өсімдіктер, 25 мыңға жуық раушан гүлінің көшеті бар. Ал, қала гүлбақтары мен көше гүлзар ларын əрлеу үшін 7 млн. 700 мыңнан астам гүл егілген.

Кез келген жоба идеядан бас-тау алатыны белгілі. Сол секілді елордалық гүл өсірушілер қаланы сəндеуде адам мен табиғат, тех-нология мен дəстүр, зат пен түр арасындағы үйлесімдікке баса на-зар аударады. Нəтижесінде ашық алаңдарды жобалаудағы тəжірибе жыл өткен сайын жетіліп келеді.

– Мына гүлдердің бəрі өзіміз-дің жылыжайда өсірілген. Көздің жауын алатын гүлтөсемнің жа-салуы оңай шаруа емес. Отыр-ғызыл ған гүлдер дің түр-түсінің өзінен мерекелік салтанат сезілуі тиіс. Ол үшін түстерді тиімді қол данып, гүл кілемдердің оюын айқындаймыз. Ажарын ашу үшін ақ мəрмəрдің қиыр шық тас тарын төсейміз. Ұлттық бояуымыз ды көрсететін оюларды білікті де білімді дизайнерлеріміз жасай-ды, – дейді саябақты безендіруге жауапты қызмет кер Гүлнəр Сыздықова.

Айта кету керек, əлем елдері астана ларының əрқайсысының өздеріне тəн сипаты бар. Бірі көне ғимараттарымен танылса, бірі тарихи нысандарымен, енді бірі қайталанбас ескерткіштерімен ерекшеленеді. Ал, біздің елор-да алуан-алуан гүлдерімен көр-ген жанның жанарында ұзақ сақталады.

Мамандардың пікірінше, елор даны көркейтуге көбіне бір жыл дық өсімдіктер қолданы-лады. Сол гүлдердің тамыры жай қалғанға дейінгі күтімі бір -неше кезеңдерді қамтиды, аса төзім ділікті қажет етеді. Гүл-зар лар ды сапалы екпе гүл кө-шет тері мен қамтамасыз ету үшін қалада 2 жылыжай кешені жұ мыс істейді. Онда 3 174 700 бір жылдық жəне 800 000 кілем тəріз ді гүл көшеттері өсіріледі. Жы лы жайда шырайгүлдің 16, бар қыт гүлдің 3, алиссиумның 2, арыс тан ауыздың 5, виоланың 11, нар қай сардың 5 түсі бар. Жалпы, 85 түр лі гүлдің тұқымы егіледі екен.

Əрине, гүл өсірудің маша-қаты көп. Жерді өңдеу, тұқымды егу, суару, желдету, қопсыту, отау, тыңайту, таңбалау секіл ді жұ мыс тарға 1800 адам тартыл-ған. 253 арнаулы техника жұмыл-дырылады.

Елордалықтарға, əсіресе түрлі пішіндегі жержамылғы гүлдері ұнайды. Қалемшелеу əдісімен өсі рілетін алуан гүлдердің

жиынтық саны 800 000-нан аса-тын көрінеді. Олардың қатарында альтернантера, седум, цинера-рия, эхеверия, қамыс, сенеция, бозот жəне тағы басқа гүлдер-дің түр-түрлері бар. Қаланың сəнін келтіріп тұрған піл, керік, тасбақа, хоккей ойыншысы, «Табиғатты аяла» композиция-сы, жер шары, түйелер, құмыра, футбол добы жəне басқа да жа-сыл мүсіндердің сырты осы гүлдермен безендіріледі.

«Мұндай жасыл сұлбалар-ды жасау дың өзіндік тəсілі бар. Алдымен темір сымнан қаңқа сын жасаймыз. Оның ішін топырақ-пен толтырамыз. Сырты тор мен қым талып, гүл отырғызатын қа-лың материалмен көмкеріледі. Сурет шілер сызып берген жоба-мен гүлдерді рет-ретімен отыр-ғы за мыз. Гүлдер тығыз орна-лас қан дық т ан, сұлбамыз əдемі көрінеді. Көбіне альтернантера, цинерария, сантолина секілді гүл түрлерін қолданамыз. Мəселен, бір ғана піл бейнесін жасау үшін 160 мың дана гүл егіледі», – дейді жылыжай агрономы Мария Царева.

Оның айтуынша, тік көгалдан-дырудағы гүлзарлармен бірге 19 сəндік фигураға 643 мыңға жуық төселмелі кілем тəріздес өсімдік өсірілген.

Бүгінде «Президенттiк» бақ, «Арай», «Жерұйық» саябақтары, «Ақорда», «Қазақ елі» алаңдары мен «Шабыт» шығармашылық са-райы, «Студенттер» саябағы мен қалалық əкімдік, Абай ескерт-кішінің аумағы жəне тағы басқа жерлер ұзатылған қыздың жаса-уындай жайнап тұр.

Бұл ерен еңбектің, ортақ бей-неттің арқасында жазық дала-мыздың жасыл желекке айналып келе жатқанын айқындайды.

ГїлордаЕлорда қалы кілемдей құлпырып тұр. Жайқалған желек, айналадағы қызыл-жасыл гүлдер ел мерейін өсіреді. Досты қуантып, тілеулес жандардың жүрегіне жылылық ұялатады. Кезінде: «Аязы – қатты, жері –сортаң, топырағы – құнарсыз», де-гендер, гүл өсірудің нағыз технология сы Астанада қалыптасқанына куə болды.

Сонау, 1997 жылдан бері жүр-гізілген ерен еңбектің арқасында Астана айналасына егілген жасыл же-лек 70 мың гектарға жеткен. Орманда тек ағаштың түрлері ғана емес, аң-құстар пайда болды. Бүгінде 9,6 мил-лион ағаш пен 2 миллиондай тал-терек орманның сəнін келтіріп тұр. Ал, 2017 жылдан 2030 жылға дейін қосымша 9820 гектар жерге орман ағаштарын отырғызу көзделіп отыр. Сөйтіп Астананың «жасыл белдеуі»

Бурабайдың бергі жағындағы Ақкөл ормандарына барып қосылмақшы.

Ауқымды үш бағыт бойынша, атап айтқанда қалыптасқан аймақтардағы жасыл желекті одан əрі дамыту, қала аумағындағы бос жатқан жерлерге ағаш түрлерін отырғызып, игеру жəне демалыс орындарымен қамтамасыз ету – «Жасыл аймақ» мемлекеттік коммуналдық кəсіпорнының мойнын-да. Президент қаулысымен 2002 жылы құрылған мекеме қысы қытымыр,

климаты құбылмалы өлкемізде қолдан орман тұрғыза білді, ал мамандар шұғыл континентті климатты жазық далада кең масштаб ты орман алқабын құру оқиғасы бұған дейін болмағанын алға тартады.

Рас, елорданы айналдыра ағаш егу ауа райының қолайсыздығын азайтты. Арқаның буырқанған аязы, аңызақ желі «жуасып», сортаң топырағы нəрленді. Ормандағы ең алғаш отырғызылған көшеттердің биіктігі 15-20 метрге дейін жеткен. Жылда 5 мың гектар аумаққа көшет отырғызылатынын ескерсек, алқап қаншалықты өркендеп келе жатқанын аңғаруға болады. Мұнда қарағай, қайың, шегіршін, қарақат, шие, жиде ағаштары жайқалып тұр.

Орманшылар ағаш екпес бұрын, алдымен жер таңдайды. Зерттеу

жұмыстарын жүргізеді. Қай ағаштың қай маңда тамыр жаятынына көз жеткізген соң барып, іске кіріседі. Саялы бəйтерекке айналса да, күтіп, баптайды. Жылдың барлық мезгілінде де ерекше күтімге алынады.

Президент өз сөзінде, елімізде ор-ман өсіру кəсібі іргелі ғылымға айнал-ғанын айтқан еді. Өйткені, сулы жер-де ағаштар еркін қанат жайса, құрғақ жерден ылғал табу тек ғылымның жемісі. Дəл қазіргі кезде ауқымды жобаның екінші кезеңі басталған. Сондай-ақ, бас қаладан бас тау алған «жасыл белдеу» жобасы елі міз дің барлық өңірінде қолдау тапты. Ел ді мекендер Астанаға қарап бой түзеді.

Тағы бір қуантарлығы, Астананың жасыл белдеуі ортасында «Сафари» саябағы бой көтерген. Сафари-парк

қала қонақтары мен тұрғындарға əсем табиғатты, аң-құстарды тамашалауға мүм кіндік береді. Сонымен қатар, ел аума ғында орналасқан аң шаруа шы-лы ғын жандан дыруға септігін тигіз бек. Аумағы 300 гектар жерді алып жат қан демалыс саябағында аң-құс тың түр-түрі бар. Əсіресе, елік, түлкі, қар сақ, қоян секілді аңдарды көптеп кез дес тіруге бо-лады. Оған қоса жыл са йын қырғауыл ұшырылып, марал жіберіледі.

Орманы бар өңірдің байлығы да мол болады. Ағаш егу, гүл отырғызу, аң дарды қорғау, құстарды көбейту, бы лай ша айтқанда экотуриз м нің эле-мент тері. Еліміздің мəртебесін тағы бір ас қақтататын «Экспо-2017» халық-аралық мамандандырылған көрмесіне келген қонақтарға осы байлығымызды паш ету жопарда бар көрінеді.

Елорда маѕы – ен тоєайЕлорданың жасыл белдеуі Елбасының үнемі назарында екені жұртшылыққа етене таныс. Бас қаланың сəніне айналған жа-сыл желекті орман алқабының жыл сайын кеңеюі – осының дəлелі. Отандық ғалымдар орман шаруашылығындағы соңғы жетістіктерді пайдалана отырып, сортаң даланы жайқалтып тастады десек артық айтқандық емес. Бұйыртса, 2020 жылға қарай оның көлемі 100 мың гектарға жететін болады.

Сур

етт

ерді

түс

ірге

н Ер

лан

ОМ

АРО

В

Бетті əзірлеген Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ, журналист

22 маусым 2016 жыл4 www.egemen.kz

Айбын Білім. Бағдарлама. Білік

– Қали Сейілбекұлы, жалпы биыл елімізде қанша тест тапсыру пункті жұмыс істеді?

– Бұл білім саласындағы бір жылғы жұмыстың жемісі емес, мұны үш кезең-ге бөліп қарауға болады. Мысалы, 1992-1999-жылдар, одан кейін 1999-дан 2004 жылға дейінгі кезең, соңғысы 2004 жылдан күні бүгінге дейін қол-даныста болған ереже, енді міне, əрі қарай тағы да өзгерістер болады деп жос парланып отыр. Ал, біздің тест орта-лығының атқаратын жұмысы шара ға орай технология əзірлеу, қажетті тест тапсырмаларын қалыптастыру бо лып табылады, мұнымен қабат тест қабыл-дай тын өкілдердің барлығы бізден ар-найы дайындықтан өтеді. Қазіргі ҰБТ өткізу пункттері біздің филиалдарымыз болып есептеледі, мұның əрқайсысында екі адам жұмыс істейді. Бүгінде 154 филиал бар десек, олар республикалық бюджеттен қаржыландырылады. Одан басқа жəне жергілікті бюджеттен қар-жы лан дырылатын тағы да 11 пункт бар, бəрін қосқанда, биыл 165 пунктте ҰБТ өткізілді. Олардың көпшілігі аудан орталықтарында орналасқан, мектеп-тер дің базасында, атап айтқанда 106-сы мектепте, ал қалғандары Алматы, Астана қалаларында жəне облыс орта-лықтарында орналасқан ЖОО-да.

– Тестің қорытындыларын шы ғ а-ру мен кімдер айналысады?

– Республикалық комиссияның оты-рысы əдетте тамыз айында бола ды. Сол кезде ҰБТ-дан өткен түлек тер-дің нəтижелері, тапсырған құжа тына байланысты мамандықтың ведо мос-тары, яғни балы бойынша орындары көрсетілген тізімдер бізде дайындалады. Сөйтіп барып, комиссияға түседі. Бірінші кезең – тест тапсыру, екінші кезең – республикалық конкурсқа қатысу үшін өтініш тапсыру, мамандық таңдау, сол мамандыққа грант үшін бəсекеге түсу, одан кейінгі үшінші кезең – ЖОО-ға барып құжаттар тапсыру. Осының бəрі қазіргі кезде мектеп түлектеріне ың ғай лы түрде қалыптастырылған. Биыл ға дейін осындай əдіспен жүргізіліп келді.

– Ұйымдастыру жұмыстарының ерек шеліктері туралы айтып берсеңіз?

– Бізде білім сапасын бағалаудың ұлттық жүйесі деген жалпы атпен бірік тірілген жүйе бар. Біз сол ұл т-тық жүйенің құрамдас бір бөлігіміз. Өткі зетін сынақтарымыз бен мони-торинг теріміз көп, бір ғана Ұлттық бірыңғай тестілеуден осы 13 жылдың ішінде 1 миллион 588 мың адам өтіпті, басқалардан да қатысушылар көп, мысалы, жылына магистратураға түсу емтиханына 30 мыңнан астам адам қатысады. Өткен жылы мектеп бітір-гендер мен колледж түлектері ішінен емти ханға қатысушылар аз болған жоқ. Соңғы жылдары орта есеппен, 82-84 мыңдай адам қаты сып жүр. Бұл да үлкен бір сынақ. Мем ле кеттік аттестация кезінде де жұмыс істейміз. Мектептерде, ЖОО-да мем лекеттік аттестациядан өтуге міндет тейтін заң бар. Əрбір оқу орны бес жылда бір рет өтеді. Осындай кезде ат тес тациялық комиссияның ішіне біз дің де тестіміз енгізілген. Одан жоғары курс студенттері, мектеп оқушылары өтеді.

Биылғы жылғы бірыңғай тестілеуге келсек, біз дайындықты əдетте ҰБТ біткеннен кейін бірден бастаймыз, себебі, ең негізгі мəселе тест тапсырмаларын қалыптастыру болып табылады, айтар болсақ, тест тапсырмалары қаншалықты сапалы болды, қандай кемшіліктері бар, міне, сонымен шұғылданамыз. Одан кейін оқу жылының басында біз бүкіл оқу орындарының қорын жинаймыз, онда əрбір оқу орнындағы оқушылар туралы мəліметтер алынады. Оның қан-шасы орыс, қаншасы қазақ, қаншасы басқа тілде оқиды, т.с.с. басқа да түрлі мəлі меттер жинаймыз. Ол мектеп, біз-дің пункттен қанша шақырым жерде ор на ласқанын білу маңызды. Егер ол 50 ша қырымнан алыс орналасса, ондағы бала ларды тестілеуден бір күн бұрын əкеліп, дайындау керек, 50 шақырымнан жақын болса, олар да таңертеңгі уақытта тасымалданады, бұл істер жергілікті жердегі комиссияларға жүктелген. Ал, біз оларға осы жұмысты орындау үшін мəліметтер жинаймыз.

– ҰБТ-ның биылғы көрсеткіштері көңіл көншітерлік пе?

– Оқушы өтініштері 13 наурыздан 25 сəуір ге дейін өткізіледі. Себебі, анық та-маға сəйкес ҰБТ-ға барлығы бірдей қа-ты суы қажет деп табылмайды, тек қана биыл ғы жылы ЖОО-на барғысы келе-тін дер ге міндеттеледі. Сондықтан олар өті ніш жазады, міне, сол өтініштер-ді жи н а ған кезде біз тестілеуге қан ша адам қаты сады, оның қан шасы қай тіл -де деген мə лі мет терді ала мыз. Биыл ғы жы лы мы сал ға айтар бол сақ, 25 сəуір ге де йін 869 99 өті ніш беріл ді, оның ішін-де 63026-сы қа з ақ тілінде, ал 23 973-і орыс тілінде оқы ған дар. Əрине, өтініш бергендердің бар лы ғы бірдей келе бермейді, түрлі себеп тер мен қатыспай қалатындар да кез десіп жатады. Биылғы ҰБТ-ға 84 079 адам қат ысты. Бұл жалпы биылғы жылы мек теп біті ру шілердің 69,5 пайызы деген сөз, оның ішінде қазақ тіліндегілер – 61739, ал орыс тілділері – 22340 адам. Міне, енді саны белгілі

болғаннан кейін тест тапсырмаларының кітапшаларын дайындай бастаймыз.

Тесттің мазмұнына келсек, 125 сұрақ қамтылады, барлығы бес пəн бо йын ша, əр қайсысында 25 сұрақтан. Оның ішінде мін детті пəндер – қазақ тілі, математика, Қазақ стан тарихы, орыс тілі жəне де бе-сін шісі мамандыққа байланысты мек теп бі ті рушінің өзі таң дай тын пəн бар. Таң-дау пəндері маман дық айқындауға мүм -кін дік береді. Жал пы, əр түлекке төрт ма ман дық таңдауға мүм кіндік жасалады.

– Оқушылар көбіне қандай мамандықтарды таңдайды?

– Барлығы гранттардың санына байла нысты. Мемлекетіміздің сая-саты бойынша гранттар ел эконо ми-касын дамытуға арналған ең қажетті мамандықтарға беріледі. Атап айт-қанда, техникалық ғылымдар жəне тех-нологиялар саласына көп бөлі неді. Одан кейін білім, ауыл шаруашылығы жəне денсаулық сақтау салалары бағытына басымдық берілген, гранттардың көп-шілігі осыларға белгіленеді. Соған бай-ланысты техникалық ғылымдар мен технологиялар бойынша мамандық таң-дағанда оқушы негізгі пəн ретінде физи-каны таңдайды, сол сияқты биология пəнін таңдаушылар да өте көп, себебі, денсаулық сақтау саласы мен ауыл шаруашылығы саласындағы біраз маман-дықтар биологияны қажет етеді. Одан кейін география мен шет ел тіл дері де көп таңдалатын пəндерге жата ды. Бұл грантқа қатысты əңгіме. Өйт кені, түлектердің көпшілігі мемлекет есебі-нен тегін оқуды қалайды. Себебі түсі-нікті, бірінші, əлеуметтік жағдайға бай-ланысты, екіншіден, түлектерге жатақ-хана беріледі. Мұнан кейінгі тағы бір категорияны айтсақ, ауыл балаларына арналған квота бар. Осы жоғарыдағы мамандықтарға бөлінетін орындардың отыз пайызы міндетті түрде ауыл мек-тептерін бітіргендерге беріледі. Енді осындай жерде бір кемшілікті айтпай кету мүмкін емес. Жаңа айтқанымыздай, бір пəн төрт мамандықты таңдауға мүмкіндік береді. Осыған байланысты кейде мектеп бітірушілер мамандықты дұрыс таңдамай қалуы мүмкін. Қандай мамандыққа оқуға барасың деген сұраққа балалар онша жауап бере алмай күміл-жіп қалады, ал енді қандай пəнді таң-да дың десе, мүдірмей бірден жауап беріп жатады. Неге? Өйткені, пəнді таңдап алады да, одан кейін балға бай-ланысты қай жерге баратынын шеше ді. Сонда енді қараңыз, мысалы, био ло-гия пəнін таңдаған бала қай оқу орны-на бара алады? Біріншіден, жалпы медицина мамандығын таңдау құқы бар. Алайда балл деңгейі бойынша өтпей қалған жағдайда, тағы қандай мамандықты таңдауға болады дегенде, енді абитуриент əйтеуір біреуін таңдауға көшеді, сөйтіп, таңдау барысында мүлде басқа жаққа кетіп қалады. Мысалы, екінші мамандық ретінде агрономияны көрсетсе, үшінші мүмкіндік – экология, төртінші мамандық биология пəнінің мұғалімі. Сонда қарап отырсаңыз, бір пəн арқылы төрт түрлі бағыттағы

маман дықты таңдайды. Мұндағы олар-дың мақсаты қалай болған жағдайда да грантпен оқуға түсу керек деп ойлай-ды. Осындай кемшіліктер бар. Бірақ ен-ді шы нымен де грантпен оқу отбасына ауырт палық түсірмейді, екіншіден, грант тардың бағасы жылына 360 мыңнан бас тап əрі қарай 700-800 мыңға дейін же-теді. Биыл да сол деңгейде.

– Кейде алдын ала дайындық тесті-лерінің көрсеткіші бойынша 100- дің үстінде балл алып жүрген оқушы негізгі сынақта одан əлдеқайда төмен баға алып шығады деген шағым дар-ды құлағымыз шалып қалады. Бұл қаншалықты шындыққа жанасады?

– Мұндай жағдайлар өте сирек кез-де седі. Олардың оқу жылының басы нан бері алған балдық көрсет кіш тері көп-шілік жағдайда ҰБТ нəтижесімен сəй кес келеді. Əрине, ауытқулар бола ды, бірақ олар соншалық жер мен көктей емес.

– Сынақ кезінде жергілікті ко-

мис сия лар қандай жұмыстармен айналысады?

– Негізгі кезеңге дайындықтың тағы бір түрін айтатын болсақ, техникалық құралдарды, оның ішінде бейнебақылау, металл іздегіштер, қатысушылардың қалтасындағы ұялы телефондарды неме-се басқа да рұқсат етілмеген заттар-ды анықтауға мүмкіндік беретін, ұялы бай ланысты тұншықтыратын құрал дар-ды жергілікті комиссиялар өте қатаң бақылауда ұстайды. Біз жібер ген министр-лік өкілдері ішінде бір тех ника лық маман болады, сол барған кезде құрал дардың дайындығын тексереді, бұл жүйе де соңғы кездері қалыптасқан. Мы салы, жергілікті бюджет арқылы ашыл ған пункттерге де сондай талап қоямыз.

– Нəтижелер қандай жолдармен жеткізіледі?

– Былтырғы жылдан бастап нəти же-лерді жариялаудың əдістерін өзгерт тік. Үш түрлі жолмен, біріншіден, мек теп-терге тізім бойынша фамилиясы көр-сетіл ген ведомостар жіберіледі, бізде ереже бойынша тест қай күні болса, нəти же де сол күні шығарылады, соған орай қорытынды мектепке сол күні жіберіледі. Мұнда оқушылардың аты-жөні, бағасы толық көрсетіледі. Екінші түрі, тест өткен жердегі тақтаға тізімді іліп қою арқылы хабарланады. Мұнда оқушылардың аты-жөні көрсетілмейді. Былтырдан бастап осылай істеп жүрміз.

– Нөмірлер арқылы белгілеуді айтып отырсыз ба?

– Иə. Əр қатысушының өзінің жеке сəйкестендірілген нөмірі бар, екіншіден, тест тапсырушының жеке коды беріледі. Сол арқылы көрсетіледі. Үшінші оңай жолы, код арқылы интернеттен таба алады. Яғни, біздің сайттан тестілеудің нəтижесін көре алады.

– Газеттерде жарияланбай ма?– Газетте конкурстың нəтижесі тамыз

айында жарияланады. – Сынақ кезінде қандай əрекет терге

қатаң тыйым салынады? Биыл сон дай қанша заң бұзушылық байқалды?

– Сынақ қоймадағы сұрақ-кітапша-ларын алып келуден басталады. Бұл жерде ҰҚК-нің адамдары алып келіп, тест өткізетін министрлік өкілдеріне тап сы рады. Əрбір аудиториядағы бөлін-ген ба лалардың саны белгілі бол ған -дық тан кітапшалар сол ретпен дайын-далады, жалпы ҰБТ өткізуге, жауап-тарын толтыруға үш жарым сағат бері-леді. Жылдағы бір кемшілік: оқу шы-лар арасында сынаққа телефон алып кіру тыйылмай отыр. Тіпті, біреу емес, бірнешеуін алып келушілер саны мүлде азаяр емес. Биылғы жылы мы салы тестілеуге кіргізу кезінде 15700 теле-фон алынды. Ал тест өтіп жатқан кезде 13700 телефон қолға түсірілді. Əрбір екі адамның біреуінде телефон бар деген сөз. Осы мəселе алаңдатады. Бірақ мұндай жағдайларды министрлік өкілдері жіті бақылайды. Біреуге телефонмен сырттан көмек көрсетіліп жатса, əрине, телефоны тəркіленеді, ескерту беріледі, ескертуге көнбесе, онда ауди ториядан шығарылады. Биыл 38 бала сондай телефон үшін

аудиториядан қуылды. Біреудің орнына біреудің кіріп кетуі былтыр көп кездескен. Алматы облысында, Ұзынағашта 13 адамның орнына арнайы дайындалған студенттер кірген, ұйымдастырушы топ жұмыс істеп, ақша жинаған, мұндай жағдайлар былтыр жария етілді. Биыл осындай бір жағдай ОҚО-да, Сарыағаш қаласында орын алды. Енді бір кемшілік, жергілікті жердегі мемлекеттік комиссия мен сынақ тапсыруға жіберілген өкілдер ара сында кейде келіспеушіліктер кез-десіп қалады. Ондай да жағдай болды. Бір-екі рет мемлекеттік комиссияның мүше лері, өкілдері ауыстырылды, сөй-тіп, мəселелер дер кезінде шешілді. Ақтөбе қаласында 6 маусым күні біздің екі пунктте сынақ өтуі керек болатын, бірақ сондағы террорлық əрекетке байланысты кейінге қалдырылып, 7 мау сымда өткіздік. Бір күн кешіккені бол маса, тестілеуге басқа əсері тиген жоқ...Апелляциялық комиссия, сондай-

ақ əрбір пунктте жергілікті комиссия бар. Орталықта республикалық комиссия жұмыс істейді. Жергілікті жердегі комис-сияның құрамына сол жердегі пəн мұға-лімдері тартылады, біз тек оларға бір адамды ғана ұйымдастыру жұмысына қосамыз. Бірінші шағым жергілікті комиссияға келіп түседі. Олар тест сұрақтарында кемшілік бар деп тапқан жағдайда орталыққа жібереді. Мұны орталықтағы республикалық комиссия бекітеді. Биыл сондай 541 шағым түсті. Бірақ соның 139-ы қанағаттандырылды. Себебі, көп ақау техникалық жағдайдан кеткен. Бір-екісінде тест тапсырмасы сұрағындағы суреттер жылжып кеткен. Дұрыс шықпай қалған, анық көрінбейді. Кей жағдайда басқа жауап белгіленген. Бұл əртүрлі оқулықтағы бір-біріне сəйкес келмей қалған жағдайдан орын алған олқылықтар.

– Бүкіл ҰБТ тапсырмаларынан қанша қате табылды?

– Биылғы қате 0.14 пайызды құрайды. Соң ғы жылдары тест тапсырмаларының сапа сы жаман емес. Биылғы жылғы жетіс тігіміз – біраз кітапшаларды түрлі-түс ті суретпен шығардық. Себебі, сурет тап сыр маны құрастырған кезде көр-некі лігін арттыруға мүмкіндік береді. Əр уа қытта диаграммаларды, функ ция -ның графиктерін, кестелерді көп қол -да н а мыз. Бұлар тест тапсырмасын тез түсінуге мүм кіндік береді. Сынақ кітап -тары шама мен 50-60 беттей бола ды, кей де мұнан да аз болуы мүм кін, бі рақ соның бəрін сапалы шығару ға ба рын ша көңіл бөлінеді. Олар ды сырт қы бас па-ларға бермейміз, өзіміз де шы ға ры ла ды. Мем лекеттік құпия ны сақтау талабы бо-йынша солай. Міндеті міз – оның са па сын жылда жақсартып отыру. Соған бай ла-ныс ты баспахана соң ғы жыл дары жаңа тех никамен жаб дықта лып, түрлі-түсті кітапша шығаруға жағдай туғызылуда.

– Жергілікті жерлерге сынақ кітапшалары қалай жеткізіледі?

– Мемлекеттік құпияны сақтау ережелері бойынша арнайы қапқа салынып, мұқият қадағаланады.

...2011 жылы мынадай бір жағдай орын алды. Қызылорда облысының Жаңа қорған ауданында орамадағы кітап-тар ашылып, қоймада тұрған жері нен ұрланған, сұрақтарға жауап дайындап, мұғалімдерге таратылып кеткен, кейін заң бұзғандар сотталды. Мұн дай жағдай-лар қайталанбас үшін бүгін де барлық шаралар қарастырылған.

– Мамандар аз уақытта қалай даярланады?

– Мамандар даярлау оңай шаруа емес, біріншіден, бұл тың сала, екіншіден, ЖОО-да арнаулы тестология туралы пəн жоқ. Сондықтан мамандарды өзі міз-де оқытып жатырмыз. Ол үшін шетел-ден мамандар шақырылады. Бол маса тəжірибе жинақтап қайту үшін маман-дар шетелге жіберіледі. Осы мақ сатта екі Халықаралық ассоциацияға мүшеміз. Бірі Халықаралық білім саласындағы бағалау ассоциациясы деп аталады, екін шісі – Еуразиялық білім бағалау ассоциациясы. Екеуінде де өзіміз сияқты

əріптестеріміз жұмыс істейді, одан тыс конференцияларға қатысамыз, басқалардың тəжірибесін үйреніп, кəсіби біліктілікті арттыруға барынша көңіл бөліп отырамыз.

– Сынақтағы сəтсіздіктерге бола жаңа өмірге аяқ басқалы тұрған жет-кін шектің кейде тағдыры қиылып кете баратын қайғылы жағдайға тап болып жататынымыз өкінішті. Мұн-дай оқиғаның алдын-алу жағы қалай қарастырылған?

– Мұндайда əрбір мектепте баламен тікелей қоян-қолтық жұмыс істейтін психологтарға үлкен үміт артылады. Екіншіден, онымен айналысатын басқа мекемелер де өз қызметтерін ұсынады. Түсіндіру жұмыстары кезінде осыған баса назар аударамыз. Тест маңызды, бірақ бала өмірі бəрінен қымбат. Сол үшін ата-ана, мектеп тарапынан қысым болмау жағы қадағаланады. Бүкіл жұмысты балалармен жұмыс істеу ережелерін меңгерген маман педагогтар атқарады. Биылғы ҰБТ-ның ерекшелігі, бірде-бір мұндай көңілге қаяу түсіретін жағдай орын алған жоқ.

– Тест сұрақтарын кімдер дайын-дайды?

– Ең бірінші бұл жұмысқа мектептің мұғалімдерін қатыстырамыз. Оларға біліктілік категориясы жоғары, еңбек өтілі бар, осындай жұмысқа бұрын қатысып жүрген тəжірибелі адам болуы керек деген талаптар қойылады. Жəне оны облыстық білім басқармасы ұсынуы керек. Осылардан іріктейміз. Кей жағ-дайда ЖОО-ның оқытушылары да қаты-са ды. Бұларға арнайы семинар өткізі-леді. Содан кейін олар тест тап сыр ма-ларын жасайды, əрі қарайғы жұмыс ты басқа топ жүзеге асырады. Тест сапасын тексерудің тиімді бір жолы сынақ ты мектептерге барып өткізу бо лып табы-лады. Яғни, апробация түрі. Мұнда балаға баға қойылмайды, кері сінше тест сапасын анықтаймыз. Қара пайым қағида: тест тапсырмасын балалардың барлығы орындайтын болса, ендеше, ол жарамсыз деген сөз, өйткені, бұл қарапайым жай жеңіл жол болып шығады, мұнымен бір сыныпта отырған оқушылардың білім деңгейі бағаланбайды, екінші жағдай –ешкім жауап бере алмаса да солай, ондай сынақ тапсырмасы автоматты түрде жарамсыз болып шығады. Себебі, олай болуы тағы дұрыс емес.

– ҰБТ-ға көпшіліктің сенімі туралы не айтар едіңіз?

– ҰБТ-ға қоғамның көзқарасына орай 2012 жылы арнайы сауалдама жүргізілген болатын. Мұны Қазақстан социологтары мен саясаткерлері қауым-дастығы жүргізді. Одан кейін 2014 жылы Мемлекеттік білімді дамыту бағ дарламасының орындалу барысы бойынша тағы да басқа ұйымдар сауал-дама жүргізді. Соның ішінде бір сұрақ, осы қоғамның ҰБТ-ға пікі рі не қатыс-ты. Сондағы жауаптарға қарап отыр-сақ, сауалдамаға қатысқан маман -дар дың 70 пайызы, одан сəл ар тығы ҰБТ қа лыптасқан жүйе деп есеп тейді, жəне де ЖОО-на түсуді тиімді ұйым-дастыруға мүмкіндік беретін жүйе делін ген. Шындығында, сырт көзбен қарай тын сарапшылар ҰБТ рөлін дұрыс түсі неді деп ойлаймын. Сонымен қатар, ол əлеуметтік міндетті атқарушы, ауыл мектептерінде оқыған балалардың ЖОО-на көп шығынсыз, алысқа ат арылт пай-ақ түсуіне мүмкіндік туғыза тын жүйе ретінде маңызды. Енді əрине, ата-аналар көбіне ҰБТ тура лы дəл мəліметті баласы оқу бітіріп жатқан да біле бастайды. Бұл жайт мұғалім дерге жақсы аян... Мұны дамыту керек, жетілдіре түсу керек деген пікір лер бар. Осының қорытындысы ретін де бір нəрсені айтуға болады, биыл білім туралы өзгеріс енгізілді. ҰБТ-ның анықтамасы өзгертілді. Егер 2004 жылдан бері ол біріншіден, аттестат үшін тапсырылатын сынақ болса, екіншіден, ЖОО-на түсу үшін өткізілетін, енді келесі жылдан бастап ҰБТ сынағы тек қана ЖОО-на түсуге мүмкіндік береді. Яғни тағы бір жаңа кезеңге табан тірегелі тұрмыз. Ол үшін дайындық жұмыстарын жүргізуіміз керек, əрине. Бұл жұмыстар енді ғана бас талып жатыр. Анықтама заңда өзгер тіл генмен, басқа құжаттар əлі дайын далған жоқ. Жоспар жасалған жоқ. Соған байланысты біз қазір үлкен бір жаңа белесті бетке алғалы тұрмыз.

– Əңгімемізді қорыта келгенде, биылғы ҰБТ-ның қорытындысы қандай?

– Биылғы сынақта 125 балды 19 оқу ш ы алды, оның көпшілігі Алматы қала сынан жəне Оңтүстік Қазақстан об лы сы нан. Сондай-ақ, Шығыс Қазақ-стан, Қарағанды, Батыс Қазақстан об-лыс тары мен Астана түлектері жақсы нəт ижелер көрсетті. Мұндай жоғары бал ға ие болғандар былтыр 5, одан бұрын 7 еді. Бірақ 2011 жылы олар-дың ұзын-ырғасы 30 оқушыға жетіпті. 100 балдан жоғары жинағандар саны да белгілі. Бұлар – 16565 қатысушы, яғни бүкіл тапсырушылардың 19 пайыз дан астамын құрайды. Ал, 50 балл жи най алмай қалғандар саны –14252. Бірақ бұл жерде бір жайтты ескеруіміз керек, 50 балдық көрсеткіш кейбір маман-дықтарға міндеттелмейді, өйткені, бізде 25 шығармашылық мамандық бар. Оларға түсу үшін 50 балл жинау мін детті емес, онда екі пəн – Қазақстан тари хы мен қазақ тілі пəндері ескеріледі. Қалған екі пəнді ЖОО-да тапсырады. Сон дықтан оларды жолы болмай қалған дар санатына қосуға ешқандай негіз жоқ.

ƏңгімелескенҚарашаш ТОҚСАНБАЙ,

«Егемен Қазақстан»

Ўрпаќ жəне

Елімізде 2004 жылдан бастап енгізілген Ұлттық бірыңғай тестілеудің ережесі бойынша бір мезгілде біріктірілген екі сынақ өткізілетін, яғни мұнда бір жағынан мектеп бітірушілер аттестацияға, ал екіншіден, ЖОО-на түсу үшін сынақ тапсыратын. Соған орай Білім жəне ғылым министрлігі «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК директоры Қали ƏБДИЕВ келесі оқу жылынан бастап бұл салада болатын өзгерістер туралы айтып берді.

ЎБТ

Талабы таудай тїлектер

Сатыбалды СƏУІРБАЙ,«Егемен Қазақстан»

Ақтөбе қаласындағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев атындағы орталық сая-бақта «Жас түлек – 2016» мерекелік сал танаты өткізілді.

2015-2016 оқу жылында Ақтөбе облысында 6395 оқушы мектеп бітіріп, олардың 71,9 пайызы Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысып, орта есеппен 82,8 балл жинады. Бұл көрсеткіш салада сəл де болса, ілгерілеу бар екенін көрсетеді.

Үздік оқып, «Алтын белгі» аттес-таты на үміткер 355 оқушының 157-сі өз білімдерін дəлелдеп, 244 түлек үздік аттес тат иеленді. Ал, биыл 48 түлек халық аралық олимпиада жүлдегері болды. Өңірде 1045 түлек 100-ден жоғары балл алып, алтын ұя мектебі мен ата-аналарын қуанышқа бөледі

«Жас түлек – 2016» салтанатына облыс əкімі Бердібек Сапарбаев, облыстық бас қар малар басшылары, ұлағатты ұстаздар, педагогикалық қыз меттің ардагерлері жəне 3000-ға жуық мектеп бітіруші түлектер қатысты.

– Соңғы үш жылда өңірде білім саласын дамытуға 164 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінді, 30 жаңа мектеп салынды, – деді Б.Сапарбаев.

Ақтөбе облысы

Басшылыќ ќўрамєа – сертификаттар

Қорғаныс министрлігінде қорғаныс ведомствосының бас-шысы Иманғали Тасмағамбетов Қорғаныс министрлігінің бас-шылық құрамына Қазақ стан-ның Тұңғыш Президенті атын-дағы Ұлттық қорғаныс универ-ситетінің базасында өткен курс бағдарламасын аяқтағаны тура-лы куəлікті табыс етті.

Ұлттық қорғаныс университеті бас штабы факультетінің «Əскери жəне мемлекеттік басқару» мамандығы бой-ынша магистратураға арналған оқу бағдарламасының негізіне сүйенген əскери өнер курсы қыркүйек пен маусым айлары аралығында өтті. Бағдарлама тек стратегиялық жəне жедел-стратегиялық басқару тобының басшылық құрамына арналған. Курс барысында жауынгерлік құрам, Қарулы Күштердің құрылымы, Қазақ-стан Республикасының жəне шет мемлекеттердің əскери доктринасы туралы жалпылама таныстырулар толығымен қамтылды.

«Құрметті генерал жəне офицер мырзалар, бүгін ерекше жағдайда жи-налып отырмыз. Біздің ведомствоның тарихында тұңғыш рет Қорғаныс министрлігінің басқарушы құрамына бас штаб факультетінің курстық бағ-дар ламасын бітіргені туралы куəлік тапсырудамыз. Олар жыл бойы əскери істің қыр-сырын меңгеріп, оның ерек -шелігі мен негізгі бағыттарын үй рен-ді. Бұл орайда, құжатты тапсыр мас бұрын барша тыңдаушылар аты нан оқытушыларға үлкен алғыс біл ді-ре мін. Əр дəрістің тақырыбы маз-мұны жағынан жəне кəсіби тұрғы дан өзекті болды. Тəжірибе жүзін де біз осындай оқыту пішімін алғаш рет қолданып отырмыз. Оның нəтижесінің тиімділігін түрлі бағыттан аңғаруға болады»,– деді Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов.

Курсты тəмамдағаны жөнінде куə-лікті Қорғаныс министрінің қолы нан Қорғаныс министрінің бірінші орынба-сары – Қазақстан Республи касы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы, ге-нерал-полковник Сəкен Жасұзақов, Қорғаныс министрінің орынбасарлары генерал-лейтенант Оқас Сапаров, гене-рал-майор Талғат Мұхтаров, Нұрлан Сауранбаев, Берік Шолпанқұлов, Білім жəне ғылым департаментінің бастығы Айгүл Төлем баева алды.

Аталған курстарда заманауи əске-ри жанжалдардың мазмұны мен мəні, олардың стратегиялық негізі мен стратегиялық іс-қимыл пішіні оқы тылды (Қарулы Күштерде қол-данылуы). Сонымен қатар, Ирак, Ауған стан, Украина, Сириядағы əскери қақты ғыстардың тəжірибесі негізінде соғысты жүргізудің жаңа тəсілдері, əскери саладағы заңнама зерделенді.

Ендігі кезекте осындай курстар Бас штаб бастығының орынбасарлары, бас қолбасшылар, қолбасшылар, департа-мент жəне басқарма бастықтары үшін өткізілетін болады.

«Егемен-ақпарат»

Еркін елдің ертеңі

22 маусым 2016 жыл www.egemen.kz 5

...алғыс айтады

...үлгі тұтады

...жақсылығын жеткізеді

Кəсіпкер алты мїгедекті жўмысќа ќабылдады

Сиырдыѕ сїті – тілінде

Тїлектер ашќан саябаќ

Кез келген кəсіп ашудың оңай шаруа емес екені белгілі. Ал ол кəсіпкерлігіңе ең алды-мен қызметкердің та лап қа сай болуы керектігін ес кер-сек, Атырау қаласында қағаз пакет шығаратын кəсіп орын ашылып, жұмысқа арбаға таңыл ған 6 мүгедек қабыл дан-ғаны тосындау оқиға болып отыр. Бұны кəсіп иесінің өз-геше жан екенінің белгісі деп білеміз. Бір басына жетерлік қызметін тастап, заман көшіне ілесуді ойластырған азаматтың ісі өте құптарлық игілікті шара деп ұғамыз.

«Денсаулық жағдайыма байланысты теміржолдағы жұмысымды тастауға тура келді. Бірақ ақша тауып, от ба-сын асырау қажет. «Жұ мыспен қамтудың жол картасы-2020»

бағ дарламасы бойынша жыл-дық 6,5 пайыз бен 3 млн. теңге көле мін де кредиттік қарыз ал дым. Логотип жəне қағаз пакет терді дайындау үшін жаб -дық тар сатып алдым. Бүгінде қара ма ғымда 9 адам жұмыс іс-тей ді. Олардың алтауы мүгедек жандар», – деп өз ісінен қыс-қа-нұсқа ғана хабардар етті «Бум-2020» кəсіпорнының директоры Ақмарал Байлауова.

Мұндай мейірімді де мерей-лі жанға кім-кімде болса да ісінің оңға басып, шаруа сы ның өрге басуына батасын берері сөз сіз. Біздің де Ақмарал қара-ғы ма қол ға алған өнегелі ісіңе береке берсін дегіміз келеді.

Ақниет БҰЙЫРСЫН

АТЫРАУ

Соңғы жылдары біздің ауданның орталығы Жымпиты кентінде ауыл шаруашылығы өнімдерінің жəрмеңкесін өт кізу дəстүрге айнала бас-тады. Бұл бағыттағы сауда-сат тық биыл ертерек қолға алынды. Жəрмеңкеде Жым-питы, Шолақаңқаты, Сарой, Бұлдырты жəне Талдыбұлақ ауылдық округіндегі тұрғын-дар мен шаруалар өз өнімдерін сатылымға шығарды. Келу-шілер, əсіресе, сүт өнімдеріне ерек ше сұраныс білдірді.

Мен өзім Шолақаңқаты ауылдық округінің орталығы Тоғанас ауылында тұрамын. Өзгелер секілді жəрмеңкеге сүт жəне сүт өнімдерін алып келген болатынмын. Барлық ауылдың

тұрғындары сияқты біз де ірі қара ұстаймыз. Сиырдың сүті тілінде дегендей, біз бұл түлікті жақсылап бағып-күтіп, осы арқылы тиісті нəсібімізді тауып жүрміз. Көзім жеткені сиырдың сүтінен де жақсы пайда табуға болады екен. Сондықтан да сүт өнімдерін сату менің тұрақты кəсібіме айналды. Сол себепті аудан орталығына жиі келемін. Жымпитының басында қаймақ пен майды тұрақты сатып алатын тұтынушыларым бар.

Света ƏМІРОВА,ауыл тұрғыны

Батыс Қазақстан облысы,Сырым ауданы

Шалқар ауданының Мөңке би ауылындағы Мұхамбетқазы Тəжин атындағы орта мек-тептің 1986, 1996 жəне 2006 жылдардағы түлектері бас қосып, ел тəуелсіздігінің 25 жыл дығы құрметіне «Туған жерге тағзым!» шарасы ая-сында саябақ ашты. Айта кету керек, бұдан бірнеше жыл бұрын облыстағы тірек ауылдардың бірі боп сана-латын бұл мекенде саябақ ашу облыстық əкімдіктің жос-парында қаралып, комиссия оты рысында белгіленіп те қойған. Алайда, қаржы дағ-дарыстарына байланысты тоқ-тап қалған сыңайлы. Міне, осындай игі шараны қолға алған ауыл түлектері туған жерге, елге деген сүйіспеншілігін нақ-ты іспен көрсете білді.

Саябақтың сырты мал кірмеуі үшін темірмен қор-шалды. Үш жүз түптей түрлі ағаш көшеттері отырғызылды. Су құбыры тартылды. Таяу уа-қытта орындықтар қойылып,

абаттандырылатын болады. Алдағы уақытта саябақ ішінде Мөңке биге ескерткіш орнату үшін орын белгіленді.

Ауыл адамдары үшін дема-лыс орынын ашу туралы бас-тама көтеріп, оны жүзеге асы-ру үшін істің басы-қасында жүрген осы мектеп түлегі «Ақтөбе Сəт» ЖШС директоры Марат Қансұлтановқа ел алғыс айтады. Сондай-ақ, игі істің басынан табыл ған түрлі кəсіптің иелері Қол ғанат Құдайбергенов, Темірхан Тілеубергенов, Тал ғат Жұма-ғазин, Борантай Əбілов, Б е р к ін ба й Қ о ж а г е л ди н , Игілік Князбаев, Нұрбек Берім бетов, Нұрлан Сатаев, Бал дыбай Тоқтарбайұлы, Самғат Қуантайұлы, Бекболат Мырзабергенұлы сынды жігіт-тердің есімдерін ерекше ілти-пат пен айтып жатты.

Бердібай КЕМАЛ

Ақтөбе облысы

...əсерімен бөліседі

Балаларєа ќуаныш сыйладыСемей қаласында «Нұр

Отан» – балаларға» респуб-лика лық акциясы бірқатар игілікті шаралардың ұйым-дас тырылуына түрткі болды. Соның бірі – мүмкіндігі шек-теулі балаларға арналған «Қош келдің, жаз!» мерекесі. Партияның Семей қалалық филиалы мен «Исток» балалар жəне жастар шығармашылығы орталығы халықаралық бала-ларды қорғау күніне орай лас-тырып, осы шараны Түйе мой-нақ аралында табиғат аясында өткізді.

«Нұр Отан» – балаларға» шарасының негізгі мақсаты – балалардың талантын ашып, талабын ұштау. Əрқайсысы-ның шығармашылыққа деген

ұмтылыстарын – өмірге, өнер-ге деген құштарлық деп баға-лайды. Партиямыздың «Ба-қытты отбасы», «Кедергісіз келешек» жобасы осы бағыт тағы жұмыстарды алдағы уақытта да жалғастыратын болады. Іс-шара көтеріңкі көңілге толы сахналық бағдарламаларға ұласты. Мереке барысында «Исток» қоғамдық бірлестігі тəрбиешілері мен мамандары əзірлеген «Театральный», «Загадочный», «Спортивный» ертегі-қойылымдарының кейіп-кер лері балаларды қызықты-рып, көңілдерін көтерді.

Əсем ЖЫЛҚЫШЕВА

Шығыс Қазақстан облысы

Қазір Əбдірашиттің осы екі саланың екеуінің қайс ы-сына сіңірген еңбегінің басым екенін дөп басып,

тура айтып беру қиын. Шын мəнін-де, шаршы алаңның шарболат шан-дозы болған оның жұдырықтасу шеберлігі, өзін ұстауы ғажап еді. Сол кезде қандай қарсыласымен де қай мықпай шайқасатын шымыр жігітке сүйсіне қарамайтын жан-күйер кемде-кем болатын. Ал кино əлемінде бір жолы жас актердің аты аңызға айналған Микеле Плачи -

до ның өзін сынақта жолда қал-дырып кетуі оның мұнда да айбы-ны асқанын аңғартады. Бұл өзбек режиссері Əли Хамраевтың «Бо-Ба-Бу» картинасында бас қаһарманды сомдайтын актер іздестіріліп жат-қанда орын ал ды. Рас, итальян жұлдызы бай қау-сы наққа өз елін де қатысса, Рашит қабі летін Ташкентте безбен ге салды. Сон дық тан олар бір-бірі мен қатар келіп, бақ жарыс-ты рып көрген жоқ. Нə ти же сін де көркемдік кеңес мүше лері бұл рөлге бірауыздан қазақ стан дық жігітті бекітуге ұйғарым жасады.

– Мұның мынадай да бір ілкі бас-тауы бар, – дейді Əбдірахманов қазір осы фильм туралы сөз болғанда. – Оны тіпті қызықты да тағдыршешті жағдай деп айтар едім. Мен картина түсірілерден аз ғана бұрын қазақ-стан дық режиссер Мұрат Нұғманов жасаған бір жарнама ролигінде ойнағанмын. Оның түсірілімі Іле өзенінің жағасында өтті. Мен ро-ликте алғашқы қауымдық құрылыс кезіндегі беліне лыпа байлап алып, қолына найза ұстап, шауып жүрген жабайы аңшы адамның кейпін бей-неледім. Сценарий бойынша күн-нің енді қызарып шығып келе жат-қан кезін ұрандатып қарсы алуым керек-тін. Сол кезде, неге екенін өзім де білмеймін, аузымнан «Бо-ба-бу!» деген айғай шығып кет-кен. Артынша тап осындай атаулы фильм ге түсу сынағына шақы рыл-дым. Ал Əли Хамраев үшін лента шынында да өмірлік мəні бар на-ғыз елеулі емтихан болды. Себебі, соның алдында ол он жыл бойы түсі ріп келген «Темірлан» деген фильмін кейін келген студия бас-шылары бұдан алып қойып, басқа киноре жиссерге беріп жіберген екен. Осылайша бəрінен шеттеп қал ған ол, міне, жаңа картинасы арқы лы өзін қайта танытып, үлкен өнерге оралып еді.

Ал біздің кейіпкеріміздің кино əлемінің қайнаған қазанына топ етіп түсіп кетуінің мынадай алғы шарты бар болатын. 1969 жылғы қазан айында алматылық екі бокс шы – Жандос Көкімов пен Əбдірашит Əбдірахманов тарихта бірін ші рет өткелі тұрған КСРО – АҚШ матчтық кездесуіне еліміздің құрамасы са-пында қатысу үшін мұ хит тың ар ғы бетіне ұшып бара жат ты. Екеуі де кездесулердің бірін ші сін де ұты-лып, келесісінде айқын ба сым дық-пен жеңетін сапарға бас та ған əуе лайнерінің бортында бұ лар атақты кинорежиссер Шəкен Аймановпен қатарласа отырады. Ұшу барысын-да Əбдірашитпен бі раз əңгімелескен Шəкен аға сөз арасында оны өзінің

көптен бері сырттай бақылап жүр-генін, бойында біраз қабілет бар екенін сезетінін білдіре келіп, енді өзін кино саласында да бір сынап көруді ұсынады. Бұл ұсыныс сол мезетінде лып етіп көтеріліп, қиялын біраз шарықтатып өткенімен, шар-шы алаңдағы шайқас қа кіріскен соң ұмытылғандай болған. Бірақ Шəкен аға ұмытпапты. Бұлар Алма-ты ға оралған соң, ұзамай соңы-нан шақыртушы жетті. Түсірілгелі жат қан «Ақ шаршы алаң» деп ата-латын фильмнің сынақ-байқауына

қатыстыру үшін іздеп келіпті. Сол кезде барып, Шəкен ағасының борт-тағы əңгімені бекер айтпағанын білді. Сосын шегінуге жер қалма-ға нын сезіп, келген жігітке ілесіп, кино студияға барды. Сөйтсе, лента-ны түсіргелі жатқан басқа режиссер – Шəріп Бейсенбаев екен. Абырой болғанда, неше күнгі сы нақ тан сүрін бей өтті. Орталық теле ви де-ниенің тапсырысымен тү сі рілген сол фильм жарыққа шық қан нан кейін мамандар мен көрер мен дер тара пынан зор ықы ласқа бөленді.

– Кəсіби актер болмаған соң маған түсірілім кезінде көпте ген кедер гілер кезікті, – дейді Əбдірах-манов осы күні. – Соның ішіндегі ең қиыны ал дына кəсіп қой боксшы бо-луды мақсат етіп қойған талапкердің бас тап қыдағы қола пайсыз, икемсіз қимыл-қозға лыс тарын келтіру бол-ды. Бұл фильм нің кейін өзіме зияны тиіп те кете жаздаған. 1971 жылдың маусым айында Одақ құрамасы құрамында Еуропа чемпионатына қатысу үшін Мадридке ұшып кел-генімде, спорт комиссиясы менің əуес қойлар сайысына қатысуыма нара зылық білдірді. Бақсам, «Ақ шар шы алаңды» көріп алған олар мені кəсіпқой боксшы санап отыр екен. Осының салдарынан əртүрлі ойға беріліп, түнімен ұйықтай ал ма -дым. Соңында бəрінің анық-қа ны ғы-на көз дері толық жеткен ұйым дас-ты р у шы лар мені жарысқа жіберді.

Əбдірашит өзінің өмірінде алғаш жəне соңғы рет қатысқан құрлық бірін шілігінде шаршы алаңға екі мəр-те шықты. Екі жекпе-жегінің екеуін де өте жоғары қарқынмен өт кізді. Нəтижесінде... елге ешбір жүл де сіз оралды. «Əбдірашит Əбдірахманов ең соңғы болып бокстасты, – деп жазды «Советский спорт» өзінің сол жылғы 15 маусымдағы нөмірінде. – Ринг түбінде ұрысқа даярла нып тұрып, кенет билеп кеткенін де, аға жаттықтырушы Анатолий Степанов оған: «Асықпа, екі раунд жұ мыс жаса, рингті сезін...», деген кеңес берді. Алайда, оның бірінші соқ қы-сының өзі-ақ швейцариялық Карл Гшвиндті сұлатып түсіре жаздады. Əбдірашит сол жақ ұстанымында ұрыс сала жүріп, қарсыласына екі бірдей «зеңбірекпен» тарпа бас сал-ды. Біріншісі ұдайы атқылап тұрады, ал екіншісі сирек соғады, бірақ баудай түсіреді. Швейцариялық алғашқы «бомбалаудан» кейін-ақ қорқып қалды. Оған шайқастың аяғына дейін жету азап болды да, екінші раундта жекпе-жек тоқ та-тылды». Осылайша бірінші жек пе-жегін мерзімінен бұрын бітір ген Əбдірашит ширек финалда итальян Дамиано Лассандроға қар сы шықты.

Бұл ұрыс та біздің бокс шы мыз үшін сəтті басталды. Өзі нен қара дай үркіп, қашып жүр ген қар сы ла сына

сол қолымен алыс тан қат ты соқ-қылар беріп қойып жүр ген ол керекті ұпайды жақ сы жи нап жат-ты. Жерлесіміздің жой қын жұды-ры ғының сырылын естіп отыр ған испан көрермендері оған дем бере түсті. Ал итальян боксшысы нок-даун алып қалу дан сақтанып, қайта-қайта мұның иығына асылып қала берді. Біздің саңлақ екінші раундта оны қарша жауған соққының асты-на алып, қар қынды үдетіп жіберді. Енді бол маса, қарсыласы сыр беріп, ұшып түсетіндей көрінген. Кенет раунд соңына қарай алаңдағы ре-фери ұрысты тоқтата қойды. Сол кезде Рашиттің қабағынан қан сау-лап тұр екен. Сонымен, ақырына бармай аяқталғалы тұрған тағы бір шайқастың тағдыры мүлдем басқаша шешіліп кетті.

«Неге сонша жақын қашықтыққа бара қойдым екен?» – деп күйінді Əбдірашит дəрігер Станислав Куров жарасын қарап жатқанда. Бірақ енді бəрі кеш еді. Сөйте тұра, қазақ стан-дық бағлан турнирдің «басты жаң а-лығы» саналды. «Біздің боксшылар көп жеңіліске ұшырап жатқанымен,

олар туралы жаман жазылып жатқан жоқ, – деп атап көрсетті «Советский спорт» 18 маусымдағы есебінде. – Мəселен, Əбдірашит Əбдірахманов «чемпионат жаңалығы» аталды, онымен ұрысқан итальянның «жолы қатты болып кетті» десіп жатыр. Иə, Əбдірашитке Еуропа чемпионы атанудың əбден-ақ реті келіп тұрды. Тіпті, жарасы жазылмаған жарылған қабақпен де ол бұған жете алатын еді». Бұдан артық қандай баға керек!

...Кез келген жолдың өз бас тауы, сол бастаудың да өз себебі бол ады. Сол сияқты біз сөз етіп отыр ған Əбдірахмановты киноға əкелген бокс болса, оның боксқа келуіне себеп шілік еткен бозбала кезінде көрші тұрған бір сүйкімді қыз еді. Болашақ белгілі боксшы-актер 1946 жылдың 20 маусымы күні Алматы қаласында көп балалы ұйғыр отағасы Хакимнің шаңырағында дүниеге келді. Ол үйемелі-сүйемелі балалар ортасынан шыққанымен, кішкентай күнінен көше тентегі болып өсіп келе жатты. Күндердің күнінде жасы 15-ке келіп қалған Əбдірашит үйінің жанына Алматы облысының Ұйғыр ауданынан бір орыс отбасы көшіп келді. Сол үйдегі кейін өзіне өмірлік серік болатын Люда есімді 14 жа-сар қыз келгеннен біздің кейіпкерге ұнайды. Сондықтан ол əр нəрсені сылтау етіп, көршінің қызы жанынан табыла береді. Бірде Люда «Юность» журналынан атақты литван бокс шы-сы Ричардас Тамулис туралы мақала оқып отырғанда, Əбдірахманов тағы келе қалады. Қарап тұрмай, қыз дан не оқып отыр ғанын сұрайды. «Бір тамаша жігіт туралы», дейді қыз əдейі. «Менен де тамаша ма?», деп қыр сыға қалады сосын бозбала. «Иə, сенен де артық, – дейді қыз мұ ны ызаландырғысы келіп. – Оның ар-тық шылығы – ішпейді, темекі шек-пей ді, сосын бокспен айналы са ды». Заматында өңі қуарып кеткен боз-бала сəлден соң өңін сəл жұм сар тып, қыздан журналды сұрап алып кетеді.

Сол күннен бастап Людмила көше ден Əбдірашитті сирек көреді. Бір күні кездейсоқ кездесіп қалға-нын да қыз одан: «Күнде кешке дор-баңды асынып, қайда барып жүр-сің?» деп сұрайды. Бұған ол: «Бала-лайка үйренуге барып жүрмін», деп қырсыға жауап береді. Бірақ арада бірнеше ай өткенде, жігіт бокстан қала біріншілігінде жеңіп алған алтын медалін бойжеткенге көрсетіп, құпиясының сырын өзі ашады. Ал арада 5 жыл өткенде, баяғы Таму листің өзімен шаршы алаңның төрін де ұшырасады. Бұл тарланның қай раты қайтып қалған кезі еді, жас бағ лан ның тегеурініне шыдай алмай, екін ші раундта құлап түсті. Сол-ақ екен, Əбдірашит оны қолынан сүйе мел деп тұрғызды. Соңынан неге бұлай еткенін сұраған

журналистер ге біздің боксшы өзінің кезінде Ри чар дастың арқасында спорт тың осы түріне келгенін, сон дық тан өз отбасы үшін оның ма ңыз ды тұл ға болып табылаты-нын айтып, ағы нан жарылған. Сол Таму листі құр мет теге нінен шы ғар, кейінірек Одақ құра масы сапы на алынып, талай халық аралық жа рыс-тарға барып жүр генінде, ол Литва елінің өзі секіл ді КСРО-ның екі дүркін чем пио ны атанатын был ғары қолғап ше бері Юозас Юоца ви ч ус-пен керемет дос болып кетті. Екеуі-нің отельдерде бір нөмірге орна ла-са тындарынан бөлек, көшеде де ыл-ғи жұптары жазылмай жүруші еді.

Біз шамамен осы жылдары Əбді-рашит тің рингтегі қайталанбас өнеріне тəнті бола бастағанбыз. Соның ішінде 1969 жылдың науры-зын да Саратов қаласында өткен Одақ біріншілігі арқылы рингтегі ұрыс тарына алғаш рет көгілдір эк-ран ар қылы куə болдық. Сол чем-пионат та Əбдірашит Əбдірахманов жерлесі Жандос Көкімов екеуі финал да жеңі ліп, тұң ғыш рет күміс ме даль ді мо йын дарына ілді. Ақтық

сынақта 48 кило ға дейінгі сал мақ-тағы Жандос сара товтық тəжірибелі бокс шы Анатолий Семеновке есе жіберсе, 67 кило салмақтағы Əбдірашит киевтік Владимир Мусалимовтен ұтылды.

Бұл ретте айта кететін бір жайт, Қарағанды қаласында туып-өскен Мусалимов содан біраз жыл бұрын өз жаттықтырушысы Николай Лимен бірге Украина ас та насына қоныс аударып, 1967 жəне 1968 жыл дары Одақ чемпионы болып үл гер ген еді. Міне, осы жекпе-жек Əбдірашит тің намысын қатты қай-рап кетті. Олай болатыны, доңыз еті бар тамақты аузына алмайтын мұсыл ман баласы Еділ бойында неше күн бойы ашқұрсақ болып, ұрысқа əлсіреп шыққан еді. Сон-дық тан Алматыға келісімен, келе сі ке з дес кенде Мусалимовтен қалай да есе қайтарудың жолдарын із дес тір-ді. Сыртқа шыққанда, өзіне керек-ті ауқатты өзі дайындап алатын болып шешті. Бұған Саратов тағы ұры сын теледидардан көріп, сын айт қан анасы ақыл қос ты. Бірақ қыр-сық шалғанда, сол жылы боз ба ла кезінен жеке жаттық ты ру шы сы бо-лып келе жатқан ұс тазы Мин герей Хайрутдинов жер гілік ті басшы-лықпен келісе ал май, Ленин град қа кетіп қалды. Бұ ған қапа бол ған ол енді ешкім нің сая сына бар май, өзін өзі жат тық тыр ғанды дұ рыс сана-ды. Ара сын да құр а ма ның жат тық -тыру шы лары Искан дер Хасанов пен Əбді салан Нұр маханов мұны көбіне сал мақ тары ауыр өзге боксшылар-мен спарринг тік ұрыстарға қо сып, біраз ай лар жон арқасы жо са дай болғанша «шық пыртып» алатын.

Сол уақытта «Ақ шаршы алаңға» түсу барысында тау-тасты кез-ген кез дері де аз болған жоқ. Түп-теп кел генде, мұның бəрі бокс-шы ның қуатын арттырып, табан -ды л ы ғын шыңдай түсіпті. Бұған Əбдірашит 1970 жылдың қара ша айын да Каунаста өткен чем пио нат-қа бар ғанында анық көз жет кізді. Тур нир ді өте күшті бастады. Ал-ғаш қы 1/8 финалдық іріктеу сынын-да Телищевті бірінші раундта-ақ нокаутқа жіберсе, 1/4 финалда Валуев ті айқын басымдылықпен ұт ты. Ал жартылай финалда қарсы ал ды нан Одақтың үш дүркін чем-пио ны, Олимпиада мен Еуропа чем пио наты ның қола жүл де гері Вла димир Мусалимов шы ға кел ді. Бірақ айызы қанғанша шай қа са тын болғанына қуанып шық қан Əб дір-ашиттің дегені болмады. Мұ ның ұрыс басынан толассыз жау дырған соққыларынан қаймықса керек, Владимир екінші раундтың басын-да жекпе-жектен бас тартты. Осы-дан кейін ол бокстағы мансабын да біржола аяқтады. Ал біздің бағлан финал да харьковтік Владимир

Новиков ті емін-еркін жеңіп, алғаш рет Одақ чемпионатының алтын медалі не қол жеткізді.

1971 жылғы наурыз айының орта сынан Қазан қаласында келесі чемпионаттың жалауы желбіреді. Əбдірахманов бұған Одақта енді өзіне тең келетін қарсылас жоқ еке-нін анық сезініп, үлкен сеніммен кел ді. Ойлағаны жөн екен, мұндағы 4 жекпе-жегінің бəрін де ол айқын басымдықпен аяқтады. Алдымен 1/8 финалда өткен жылғы Валуевті бірінші раундта-ақ іске алғысыз етті. Ширек финалда Ягудаевты үшінші раундта нокаутқа түсірді. Жартылай финалда Каунастың ақтық айқасын-да кездескен Новиковті 5:0 есебімен ұтты. Бұдан соң финалда мəскеулік Анатолий Хохловты бірінші ра-ундта талдырып түсірді. Өкінішке қарай, Əбдірашит осы жігітпен арада небəрі 4 ай уақыт тан кейін тағы кездесіп, екінші раунд та иек-тен тиген соққыдан нокаут алып қалды. Бұл шілде айында Мəс -кеуде керуен керген КСРО ха лық -тары Спартакиадасының жар ты -лай финалында орын алды. Бірақ бұған сол күні таңертең бұ лар – жат тықтырушылар Искандер Хасанов пен Станислав Болдырев үшеуі мінген автобусқа трол лей-бус тың арт жағынан келіп соғуынан Əбдірашиттің ұшып кетіп, шытыр-лап сынған əйнек сынықтары арасы-на ес-түссіз құлап қалуының əсері болғанын ешкім білген жоқ еді.

Осыдан кейін біздің боксшының қайта қатарға қосылуы қиынға түс ті. Соның салдарынан сол жы лы Крас-ноярскіде болған КСРО Кубогы үшін жарыста жергілікті Павлов деген бокс шыдан екінші раунд -та но каутпен ұтылды. Күзге қарай Мəскеудегі ЦСКА спорт залын да 1972 жылғы Мюнхен Олим пиа да -сы на баратындарды іріктеу спар-рин гі лік ұрыстары ұйым дас тырыл-ды. Сонда кандидаттар қа тарында бол ған Əбдірашит өзінің екінші ұры сын да минскілік жас боксшы Ана то лий Березюкпен күш сынасты. Оның уылжып тұрған түрін көріп, өзі нің айтулы соққысын жұмсауды жөн көр меген ол артынша мұнысы үшін өкініштің өрмегіне шырмалып қал ды Себебі, оның бұл əрекетінің өзін тəртіп бұзушылық деп есепте-ген төрешілер ақырында тала са-тар т ы са келіп, жеңісті 3:2 есе бі мен Əбдір ашит тің жас бəсе ке ле сіне бе ріп жі бер ді. Сөйтіп, оның олим пия лық жолы кесілді. Ал Ойын дарға ке йін Мюн хендегі бірін ші шай қасын да-ақ ұшып кететін Анатолий Хохлов баратын болып шешіл ді. Осыдан кейін тағы екі жыл ринг тегі жолын жалғастырған, жаңа 71 кило ға дейінгі салмаққа ауысып, екі халық а ралық турнирде жеңіске жет кен тарлан та-лант 1974 жылы 28 жасын да бокс өнерін доғаруға шешім қабылдады.

Əбдірашит боксшы қолғабын шегеге ілгеннен кейін Орта Азия əс ке ри округінің құрама команда-сын жаттықтыруды қолға алды. Ол өзі қабылдаған кезде əскерилер құра ма лары арасында 16-орын-да тұрған ұжым нан келесі жылы 6 боксшы ның Одақ құрамасына алынуына қол жеткізді. Солардың арасындағы Орзубек Назаров пен Андрей Курняв ка кейін КСРО мен əлемнің ала ма нында топ жарса, бұлардан бөлек, тағы 4 шəкірті Одақ чемпионы атанды. Бірақ ол кез де елде жат тық тырушылық пен ак-терл ікті қатар алып жүруге рұқ сат етілмейтін еді . Сондықтан Əбдірах-мановқа бап кер лік ті біржола қоюға тура келді. Деген мен, оның ал ғашқы кино лен тасы мен келесі кар ти-насы ара сын 8 жылдық уақыт бө-ліп тұр ды. Ал 1979 жылы екі бір-дей фильм ге түсті. Оның біріншісі «Өзбекфильм» киностудиясында түсі ріл ген Эдуард Хачатуровтың «Ринг ке шақырылады» фильмі бол-са, екін шісі «Чемпион» деп аталатын кар тина еді. Мұның екеуінде де ол эпи зод тық рөлдерде көрінді. Со ның ішінде бірінші лентада прототип етіп бокс шы Руфат Рискиев алынған.

Негізі, Рашитке кинодағы ата-ғын шындап шығарған Лəйла Аранышеваның «Қабыланның» үш секі рісі» фильмін түсуді тағы 7 жыл күту ге тура келді. Онда актер ке ңес жеріне ұшақпен келетін неміс дивер-санттарын тауып, жойып жі беру тап-сырмасын алған капитан Қадыров-ты сомдады. Ал келесі, 1987 жылы Əбдірахманов КСРО Мемлекет-тік радиокомитет тапсырысымен «Қазақ фильм» түсірген əке мен бала ара сындағы драмаға арналған «Қар жолбарысы» картинасында бұрынғы белгілі боксшы Аханның тұлғасын шығарды. Бұдан əрі «Балкон» (1988 жыл), «Бірге» (1988), «Бейбарыс» (1989), «Бейбарыс сұлтан» (1989), «Кене» (1990), «Азия лық» (1991), «Отырардың күйреуі» (1991), «Боранды бекет» (1995), «Ермак» (1996), «Бо-Ба-Бу» (1998), «Голгофқа əркім кіреді» (2003) секілді фильм дер бірінен соң бірі жалғасып кете бар-ды. Актердің «Боран ды бекеттегі» рөлі 1996 жылы əлем кино өнеріне қосқан «Алтын камера» жүл десімен марапатталды.

Қазақ боксы мен киносының да-муына өлшеусіз үлес қосқан талант-ты тарланның өмір жолдарындағы белесті кезеңдер осындай.

АЛМАТЫ

Есімі елге елеулі

Жаратқан адамға талант берсе, кейде оны үйіп-төгіп бере салады ғой. Кезінде Кеңес Одағы чемпи-оны атағын екі рет жеңіп алған, КСРО Кубогының иегері болған атақты боксшы, халықаралық дəрежедегі спорт шебері, Қырғызстанның халық əртісі Əбдірашит Əбдірахманов мұны спортшылық мансабының соңғы жағын актерлік өнердің өзгеше өрнекті əлемімен əдемі ұштастыра біліп, керемет дəлелдеп көрсетті. Рингте 224 рет жекпе-жекке шығып, соның 210-ында жеңген саңлақ кейін24 фильмде əртүрлі рөлдерде ойнады.

ШАРШЫ АЛАЅДАЄЫ ШАРБОЛАТ

Серік ПІРНАЗАР,«Егемен Қазақстан»

22 маусым 2016 жылwww.egemen.kz6

Былайынша, бұл қисын күлкі туғызуы да мүмкін. Жазбайтын да журналист бола ма екен, дейді де бая-ғы. Неге болмасын, бес сау-сақ та бірдей емес қой. Жазу да ақындық сияқты атаның күшімен, ананың сүтімен қанға сіңетін қасиет болса керек. Ал он дай қасиеті болмаса, он жерден журна-листика институтын, тіпті, академия сын бітірсе де, жақсы журналист шыға

қо юы неғайбыл. Қанында жоққа қаламгерлік қасиет қонбайды.

Бір кезде елдің басты басылымдарында тілшілікке қаламының желі бар, жазбай тұра алмайтын агро-ном, дəрігер, инженер, мұғалім тəрізді мамандарды тартатын тə жірибе болушы еді. Баспасөз қызметінің қыр-сырына қанығып, бүге-шігесін біліп алған соң солардан мүйізі қарағайдай қаламгерлер, азуын айға білеген əйдік журналистер шыққан. Оның мысалын шалғайдан іздеп шалдықпай-ақ, төл топырағымыздан да көптеп табуға болады. Бүгінде аты айдай əлемге танық, төл мамандығы геолог Олжас ақынды айт-пағанның өзінде, атақтары алысқа кеткен журналист Сейдахмет Құтты қа дамов, баспагер Бақытжан Қа-на пиянов, жазушы Дүйсенбек Нақыпов та журна-листиканы оқы май-ақ халқы қалайтын қабырғалы қаламгер болып шықты емес пе? Олардың бірінің ресми мамандығы – инженер, екіншісінікі – геолог, үшіншісі артист болатын. Қазақ журналистикасына, жазу өнеріне барын беріп, ғұмырын сарп еткен мы -на мен де мамандығы жөнінен мұ ға лім, орыс тілінің оқытушысы едім.

Бүгінде білікті де білімдіні былай қойып, жалпы журналист мамандар жетіспейді. Елі міз тəуелсіздік алғалы бері рес ми де, бейресми де газет-жур налдар жаңбырдан кейінгі қозықұйрықтай қаптады да кетті. Қалтасы қалың дардың кө бі үнпарақ ұстауға əуес. Ал оларды кім жазып, кім шығарып жатқаны жалғыз жаратқанға ғана аян. Бəріне бірдей кəсіби журналист жетпейтіні айтпаса да түсінікті. Оларды даярлауға тиіс. Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін тə мамдағандар Алматының өзінен ар-тылмайды. Астанадағы Еу разия университетінің ат-тас фа куль теті енді ғана еңсе көтерді. Об лыстардағы біраз университеттерде журналистика бөлімшелері бар көрінеді. Бірақ, оларда студенттерге кімдер дəріс оқып, кімдер түлек баулып жүргені жəне белгісіз.

Бұрынғыдай беделі болмай, кім көрінген кимелеп, жұтаң тарта бастаған журналистикамыздың жырық ерніне кетік тостаған болып, кездейсоқ біреулер топырлап кете ме деген қауіп те жоқ емес. Оның үстіне байырғы оқу орындарының өзінде болашақ журналистерге баспасөз жұмысының отымен кіріп, күлімен шығып түн қатып, түс қашып еңбек еткен шын қаламгерлер ұстаздық етіп жүр дей алмай-мыз. Асылы, біздің журналистика факультеттерінде ғылымның бар саласын оқытады-ау, тек қалай жазып, қалай сөйлеуді үйретпейді.

Бүгінгідей радио мен теледидар дəуірлеп тұрған заманда терең толғап, шешен сөйлейтін журналис-тер ауадай қажет. Сон дықтан, жас журналистер-ге тіліміздің қаймағын қалқып, мəйегін сімірген, əрі мен мəнін шашыратпай, төрт құбыласын тең жеткізетін сахна шеберлері неге сабақ бермеске?! Əйтеуір əртіс қыздар көбейіп, көгілдір экран ның көп жүгін жеңілдеткен сыңайлы. Алайда, олар өзі жазбай, əзір мəтінді оқып береді ғой. Көбіне сол мəтіндердің, əсіресе, аудармалардың олпы-солпы бо-латыны қынжылтады. Кейбір аудармалар бөрі сүрініп, бөлтірік батпақтайтындай балдыр-батпақ болады.

Өз басым, қазір қазақ журна листикасының батпан жүгін қыз-келіншектер ер-азаматтармен тең көтере бастады деп ойлаймын. Əйел журналистердің көбеюі бір жағынан ұлтымыздың зияткерлік, білімдарлық əлеуеті, мəдени, əдеби деңгейі өскенінің айғағы. Бүгінгі таңда Айнаш пен Анар, Бақытгүл мен Бағ-дагүл, Гүлзина мен Гүлбиғаш, Есенгүл мен Қаракөз, Нəзия мен Нəзира жазғандарын жұрт іздеп жүріп оқитын қаламгерлерге айналды. Олар жалт еткен жаңалықты тез іліп əкетеді, интернет деректерін ұқыпты, ұсынақты пайдаланады. Тіл ұстартуға бəрі де төселіп қалған. Алды кітап шығарып, шұрайлы шығармаларын оқыр ман қауымға ұсынып та үлгерді. Сапар лары сəтті болып, жазарлары көбейе берсін деп тілейміз.

Бір сөзбен айтқанда, журналист жаза білуі керек. Жаза білетін, жұрттың көкейіндегісін таба біле тін журналист қана құрметке лайық.

Сарбас АҚТАЕВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

АЛМАТЫ

– Сағатбек Медеу-бекұлы, биыл жур-налистика факуль-тетіне талапкерлерді қабыл дау да өзгеріс-тер бар деп ес ті дік?

– Баспа өнімдерінің, баспасөз мəтіндерінің əдеби редакторларын даярлайтындықтан, редактор боламын, өзгенің жазғанын са-ралаймын, түзетемін деген бала алдымен өзі жаза білуі керек. Сондықтан, он жылға жуық айтылған ойдың биылғы қорытындысы сол – Білім жəне ғылым министрлігінің Жо ғары оқу орнына қабылдау туралы Ережесіне «Баспа ісі» мамандығына талапкерлерді шығармашылық конкурстар арқылы қабылдау жөнінде өзгеріс енгізілді. Конкурс екі кезеңнен тұрады. Бірінші ке зеңде еркін тақырыпқа шығарма жазу, екінші кезеңде берілген мəтінді əдеби редакциялау жəне грамматикалық түзетулер жасау, сонымен қатар, ауызекі тілдесу, сұрақтарға жа-уап беру машықтары сараптала-ды. Келесі өзгеріс «Қоғамдық бай ланыс» мамандығына қа-тысты. Бұл мамандық бойынша талапкерлердің таңдау пəні бұрын жағырапия болса, биылдан бастап əдебиет болып енгізілді.

– Ақпараттық технология-лар заманында екінің бірі ақ-парат алуға да, таратуға да мүм кіндік алды. Мұндай жағ-дай дағы журналистиканың сал-мағы туралы не айтуға болады?

– Меніңше, журналистің қызметі бұрынғыдан ауырлады. Қоғам қай кезде де кəсіби білікті де құзыретті журналистке зəру. Қазіргі уақытта отбасы-ошақ қасының, болмаса қара басының қошан тірлігіне қатысты хабар-ошар, өсек-аяңды алу жəне та-рата білу бір бөлек те, ұлттың, мемлекеттің бүгіні мен ертеңіне қатысты қоғамда болып жатқан мəні мен маңызы зор мəселелер төңірегінде жалпыға ортақ ой қозғау, азаматтық-патриоттық рухтағы сөз айту, айтқанына илан дыра алу, иланған жүректі жұмылдыра білу – мүлдем басқа. Бұл – екінің бірінің қолынан келе бермейді. Мұндай жағдайда кə-сіпқой журналистикаға деген сұраныс бұрынғыдан да жоғары болып тұр.

– Сөз бостандығының қо-ғамдық са наға ықпалы ора-сан. Қалай ойлайсыз, ұлттық журналис тика бұл тұрғыда өзін өзі көрсете алды ма?

– Біздің қоғамда сөз бос тандығы да, ой еркіндігі де бар. Мəселе сол құндылықтарды кім нің қалай пайдаланып отыр ғандығында, кімнің қалай қадір лейтіндігінде. Абсолютті азаттық болмайтыны секілді, абсолютті сөз бостандығы, ой еркіндігі де бола алмайды. Олай дейтінім – журналист ең алдымен өзінің ары мен ұятына, намы-сы мен ожданына тəуелді. Одан кейін ол өз Отанының мүддесіне, мем лекетінің мұратына, ұлтының ұятына тəуелді. Сол мұраттар мен мүдделер негізінде жазылған Ата Заңына, сол заңның аясындағы кəсіби əдеп ережелеріне тəуелді. Журналист осы моральдық-эти-калық шек пен шеңберлер ая сында

қызмет етеді. Өйтпесе, ол ар алдында да, заң алдында да жауапты болады.

– Ф а к у л ь т е т -теріңізде «Ди зайн» ма-мандығы да бар ғой. Оның жур налистикаға қатысы қаншалықты?

– Иə, ашылғанына биыл төртінші жыл. Б ұ р ы н г а з е т - ж у р -н а л д а р м е н б а с п а өнімдерінің безенін жа-

саушыларды даярлау болмаған. Тұтынушы тауардың алдымен сыртқы əшекейіне назар ауда-рады. Тауардың сыртқы пішіні і ш к і м а з м ұ н ы н а с а й б о л -са, өтімді болатыны секілді, газеттің де, журналдың да, кіта-би басылымдардың да, керек десеңіз, телекөрсетілімдердің, интернеттегі сайттар мен пор-талдардың да дизайны, яғни безені айтылар ойдың ажарын ашып тұрса, оқырман да, кө рермен де ынтығады, кө руге, оқуға, асығады. Бұл заманауи қа жеттіліктерден туған жур налистикаға қатысты жаңа ма мандық республикамызда тұң ғыш рет əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ашылды. Келесі жылы алғашқы түлектерді қанаттандырамыз. Бұл мамандыққа суреттен, ком-позициядан арнаулы дайын дық-тары бар талапкерлер келіп жатыр.

– Журналистика факуль-тетінің түлектеріне қатысты сын көп айтылып жүргенін білесіз. Журналистерді бүгінгі күннің талап-тілегіне сай даяр-лау барысы қалай?

– Заманның өзі талап етіп отыр ған үштілділіктің, əсіресе, журналистерге керектігін уақыт күн сайын дəлелдеп отыр . Өйткені , журналист шетел-ге шықпай, ғаламтор арқылы ақпарат алмаспай отыра алмайды. Ол ақпараттар қай елден келсе, сол елдің тілінде болғандықтан, аудара алмаса ақпараттан құр қалды дей беріңіз. Сондықтан, біздің факультетте ағылшын топтары құрылып, сол тілде дəріс беруді қолға алдық. Себебі, соңғы жылдары ағылшын тілін мектепте əжептəуір меңгеріп келген абитуриенттер көбейе бас-тады. Бұл ұлтымыздың болмы-сын, кешегісі мен бүгінгісін жəне ертеңін ағылшын тілінде жаһанға тарататын мамандар даярлау басталды деген сөз. Болашақта біздің түлектер халықаралық ке-ңістікте де сұранысқа ие бола-ды деп үміттенеміз. Олай бо ла-тыны – шет елдердің журналист мамандар даярлайтын таңдаулы оқу орындарымен қос дипломдық бағдарлама бойынша маман даяр-лау келісімшартына отырдық.

Биылдан бастап журналисти-ка мамандығы бойынша білім беру бағдарламасын заманауи талаптарға сай келетіндей етіп қай та жасап шықтық. Мұнда ең қажетті машықтарды үйрететін пəндермен қоса, салалық жур-налистикаға бейімдейтін пəндер де енгізілді.

– Əңгімеңізге рахмет! Əңгімелескен

Айнаш ЕСАЛИ,«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ

«Ќоєам білікті журналиске зəру»

Сауытбек АБДРАХМАНОВ, Мəжіліс депутаты, филологияғылымдарының докторы, профессор

Осыдан біраз бұрын Оксфордта журналисти-ка институты құрылды. Ағылшын ілім-білімінің əлемге əйгілі орталығында не болмаушы еді, журна-листика институты құрылса құрылған шығар дей сала-тын жер бұл емес. Мəселе мынада. Оған дейін Ан-глияда арнаулы журнали-стика факультеттері де, жур-налистика мектептері де болмаған, тек ұлттық жур-налистика одағының жанында мектеп-тер ғана жұмыс істеген – онда журна-лист еңбек жолын газетте курьер болып бастауға, кəсіптің ұңғыл-шұңғылын редакцияда жүріп үйренуге тиіс деп есептелетін, журналист кəсібі тəжірибе жүзінде игеріле беретін кəсіп саналатын.

Консерваторлық Англияның өзінде журналист кадрларын дайындауға көзқарастың өзгеруі көп жайды аң-ғартады. Бүгінде бүкіл əлемде журна-лист мамандығының бəсі биіктеп бара-ды. Кейінгі кезде біздің елімізде орын алған оқиғалардың қай-қай сысында да оларға бұқаралық ақ парат құралдарының қатыстылығы (жұртшылықты толған-дырар мəсе лелерге тиісінше көңіл бөлмеуі немесе орынсыз алаулатып-жалаулатуы, қарапайым қағидаларды талдап түсіндіре алмауы немесе елді əдейі еліктіріп-желіктіруден тайын-бауы) көзге ұрып тұр. Ал əлеуметтік желілердегі əңгіменің əуені елімізде

интернет-журналистиканың бұғанасы бекімегенін, ұлттық ақпараттық қауіп-сіздіктің қамтамасыз етілмегенін айқын дəлелдеп берді. Мұның бəрі журналист

кадрларын дайындауға на-зарды қайтадан күшейту керектігін көрсетеді. Неге «қайтадан күшейту» деп отырмыз?

Кешегі кеңестік кезеңде түлек терінің қай жерге жіберілетінін партияның Орталық Комитеті шешетін бір ғана факультет болды. Ол оқуға түсерде бір орынға 10-15 адам таласатын заң факультеті де емес еді, ол емтихандары да, сабағы да

аса қиын саналатын философия-эконо-мика факультеті де емес еді. Ол жур-налистика факультеті еді. Журфактың түлектеріне жолдаманы Орталық Ко-митеттің Насихат жəне үгіт бөлімі беретін. Университет бітірушісінің жі-бе рілген жерге баруын, орналасуын да сол бөлім қадағалап отыратын. Жур-налист кадрларын дайындауға осылай көңіл бөлінетін. Əрине, қа зір ондай бағдарлаудың да, ондай бақылаудың да қажеті жоқ. Əйтсе де қандай журналист дайындайтынымыз халыққа қандай сөз айтатынымызды айқындайтынын да анық ұғыну артық емес.

Ақпарат мəдениетінің мəні бө лек. Ол қоғам мүшелерінің дүние танымын, елдегі əлеуметтік құндылықтарды, өмір сүру салтын, парасаттылық қағи-даттарын қалыптастыра алады. Осының бəрі журналист кадрларын дайындайтын оқу орындарынан басталуға тиіс. (Оқу орындары демекші, осыдан біраз жыл

бұрын Өзбекстанда Ташкент мемлекеттік университетіндегі журфакты нығайтуға қоса Əлемдік тілдер университетінде халықаралық журна листика факультеті ашылғаны, оның есесіне Қарақалпақ мем ле кеттік университетінен басқа оқу орын да рындағы журналистика фа куль-теттері мен бөлімшелері тегіс жа был-ғаны да ойландыратын жай). Бүгінгі таңда журналистиканың ел экономи-касына ықпалы кеміп барады. Сын мақалалардың қаралмайтыны, оларға жауап қайтарылмайтыны өз алдына, проблемалық жарияланымдардың, көрсетілімдердің де талданбауы кəдуілгі жайға айналғаны қашан. Эко номикадағы мемлекеттің үлес салмағы азая түскен сайын бұл үрдіс одан əрі орныға беретін болады. Оның есесіне журналистиканың қоғамның көңіл күйіне əсері күннен-күнге кү шейіп келеді.

БАҚ дамуының серпінділігін ес-кергенде журналист кадрларын оқы-тудың мəселелері өте күрделіленіп кет кенін көреміз. Ақпараттық тех-нология əр үш жыл сайын дерлік өз-геріп тұр. Жур налистиканың бара-бара жартылай технологиялық ма-мандыққа ауысатын түрі бар. Қазір дің өзінде мобильді газеттер ғана емес, мобильді журналдар да шыға баста-ды. Журналистердің ендігі жерде ин-тернет саласында, электронды жүйеде белсендірек жұмыс істейтіндігіне бай-ланысты оқу орындарындағы кəсіби стандарттарды, соған орай пəндерді, тиісінше, оқулықтарды да өзгертуге тура келеді. Ең бастысы – осындай жағдайда журналист кадрларын дай-ындауда мемлекетшілдік мектебінің мығымдануы өте-мөте маңызды. Оқу орындарындағы болашақ əр журна-лист қолындағы қаламы, микрофо-ны, камерасы, алдындағы ноутбугі тəуелсіздікті қолдаудың, қорғаудың, нығайтудың қуатты құралы екенін сəт сайын сергек сезінетіндей болып қалыптасса, елдігіміздің де еңселене түсетіндігі талассыз.

Мемлекетшілдік мектебі мыєымданса

Лездеме

Ќастерлі мамандыќ

Əл-Фараби атындаєы Ќазаќ ўлттыќ университеті журналистика факультетініѕ деканы Саєатбек МЕДЕУБЕКЎЛЫ:

Əлеуметтік жеңілдіктердің бар лығынан шеттетілген журналистер жұрт шылықтың көз алдында жүрміз ғой деп өздерін-өздері жұбатқанымен, асып-тасып бара жатқан жағдайы жоқ. Айлығы шайлығына жетпейді. Пəтер ақысын төлеуі керек. Жылуға, суға, жарыққа төлейтіні тағы бар, діңкелеп-ақ қалады. Бүгінде екі-үш жиналысқа ба-рып келген тілшіңіз кəдімгідей қиналады. Қоғамдық көліктердің жолақысы қым-баттағалы журналистер қалталарын қағып, тиын санап қалды. Тіпті, қызмет орны-на велосипед мініп келетіндер де бар. Сөз жоқ, «денсаулыққа пайдалы» деп қаншалықты мақтағанымызбен, қасиетті қалам ұстағандарға қиын-ақ. Өйткені, барған жерінде велотұрақ жоқ. Жиналыстан шыққанда сол маңның тентектері вело-сипедіңді үптеп үлгереді. Жаяу журналист жыларман халге түседі.

Газетте қызмет істейтіндердің жыл са-йын қайта оралып келетін екі нау қаны бар. Ол – баспасөзге жазылу. Қымбатшылық келгелі оқырман баспасөзге екі рет, жылдың бірінші жəне екінші жартыжылдығына жа-зылады. Демек, оқырмандар алдына екі рет

ба рамыз. Баруын барамыз-ау, бетіміз алаулап қайтады. «Газеттеріңізде неге сын жоқ? Неге проблемалық мəселелер көтермейсіздер?» деп сан сауалдың астына алады. Не деп жауап береміз? Құрылтайшылардың құлақтарына алтын сырға, осындай сансыз сауалдан құтылатын күн қашан туады?

Сырт қарағанда, журналистерді жа-рылқап жатқандай көрінеді. Жур налистердің кəсіби мерекесі қарсаңында азын-аулақ сый-сияпат көрсетіп, қо лымызға қағаз (Алғыс хат немесе мақтау қағазы) ұстатып,

мар қайтып қояды. Содан кейін журналистер ұмытылады. Олар тек жиналыстарды əс-петтеп жазу үшін ғана ізделінеді.

Елімізде теміржолшыларға, əскери жəне құқық қорғау органдарының қыз-меткерлеріне, дəрігерлерге, мұғалімдерге бірқатар жеңілдіктер қарастырылған. «Төр-тінші билік» иелері мұндайда тағы шеттеп қалады. Біз оқу жылында озат мұғалімдер-ге пəтер берілгенін талай рет көрдік. Олар болашақ Отан құрылысшыларын тəрбиелеп жатыр. Мұндай құрметке

əбден лайық. Сонда қоғамның қозғаушы күші саналатын журналистер неге мем-лекет тарапынан қолдауға ие болмай-ды? Осыны билік басындағылар ойланса.

Шетелдерде журналистермен сана-сатындар көп əрі олар қомақты ең бекақы алады. Олардың талай тəжіри бесін елімізге енгізіп жатырмыз. Осы орайда журналис-терге жағдай жасау, мəртебесін көтеру, материалдық жағынан көтермелеу сияқты игілікті істер неге қалып қояды? Зайырлы мем лекетпіз дейміз. Демократиялы елміз дейміз. Сол демократияны дамытатын баспасөзге неге көмек көрсетілмейді?

Бүгінде əлеуметтік желілердегі бас-сыздықтар жүйкеге тиіп бітті. Интер нетті қосып қалсаңыз, əркім ойына келгенін жазып жатыр. Бұл қоғамға жақсылық əпермейді. Сондықтан, қоғам бұл жүйеден əлі-ақ жерініп, бас тартады. Жаңалыққұмар жұртшылық га-зетке қайта оралады. Сонда олар газеттерден өздеріне керектісін тауып алуы тиіс. Ендеше, газет-журналдардан қол үзуге əлі ерте. «Төртінші биліктің» төрге шығарына деген сенімді сөндіргіміз келмейді.

Сабырбек ОЛЖАБАЙ,журналист

ШЫМКЕНТ

«Тґртінші билік» тґрлете ме?

Темір ҚҰСАЙЫН, «Егемен Қазақстан»

Республика өңірлерінде білік-тілігі мен кəсіби деңгейі жоғары журналистердің аз екені соңғы кез-де жиі айтылып жүр. Мұ ның себебі неде? Осы сауал төңірегінде облыстағы бірқатар БАҚ басшыларымен ой-пікір алмасқан едік.

Аймақтағы екі об лыстық жəне он төрт аудандық газетті бі рік тіріп отырған ірі медиахолдинг – «Жайық Пресс» ЖШС-тің бас директоры Жантас Са-фуллиннің айтуы бойынша, жоғары оқу орындарында болашақ жур налистер-дің са палық деңгейіне баса мəн берілуі керек. Оны іріктеу ең алдымен əл-Фа-раби жəне Л.Н.Гу милев атындағы жо-ғары оқу орындарының журналистика

факультеттеріндегі шығар машылық кон курсқа қойылатын талаптарды көте-руден бастау алғаны жөн.

Аймақтық университеттерде ашыл ған журналистика бө лімдері өзін-өзі ақтай алмады. Мұның сырын тиісті материалдық-техникалық ба-заның жет кіліксіздігінен жəне сабақ беретін оқыту шы-профессорлардың тапшы лығынан іздеген орынды. Мысалы, М.Өтемісов атындағы Ба-тыс Қазақстан мемлекеттік универ-ситетінің бірінші проректоры Əсет Тасмағамбетовтің айтуынша, 2005-2008 жылдары филология факультеті жанынан журналистика мамандығы бойынша жоғары білім берілген. Кейін жабылып қалған. Бұған қажетті грант бөлінбегені, үміт кер лердің аз болғаны себепші болған.

Журналистика саласында элек трон-дық ақпарат құрал дары ның алатын үлесі жылдан-жылға өсіп келеді. Орал өңіріндегі бұл істің жай-күйі қандай? Бұл сауалды «Қазақстан» республикалық те-ле радиокорпорациясы» АҚ Батыс Қазақ-стан облыстық филиалының директо-ры Асыланбек Ғұбашевке қойған едік. Оның жауабынан көңілге түйгеніміз, Алматы мен Астанада БАҚ мамандығы бойынша оқып жүрген студенттер фи-лиалда өндірістік тəжірибеден өтеді екен. Өйткені, өңірлер олардың кəсіби дағдыларды меңгеруі жəне қажетті тех-нологиялармен жұмыс істеуге үйренуі үшін ыңғайлы əрі қолжетімді. Əйтсе де əр жыл сайын тəжірибеден өтетін 7-8 студенттің өңірге оралуы некен-саяқ. Негізінен олар тұрмыстық жəне шығармашылық мүм кін діктердің төмен-дігін жəне жалақының аздығын алға тар-татын көрінеді.

Батыс Қазақстан облысы

Ќайдасыѕ, жас ќаламгер?«Егемен Қазақстан»

22 маусым 2016 жыл www.egemen.kz 7

Нəзира ЖƏРІМБЕТОВА,«Егемен Қазақстан»

Денсаулық зор байлық екенін жұрттың барлығы да түсінеді. Қазекем де «Отбасына ауру кірді деген ше, əлек кірді десеңші» деген ғой. Бұл даналықты кеңі рек түсінсек, халықтың денсау лығы мықты болса, мемлекет те экономикалық-əлеуметтік жағы-нан күшейеді. Түрлі аурулар кө бейіп, халық денсаулығы нашарласа, мемлекет тарапынан оған бөлінетін шығындар да шаш етектен шықпақ. Ал мемле-кет үшін басты байлық адам екенін еске алсақ, халық денсаулығының маңызы материалдық шығыннан да жоғары тұрады. Міндетті əлеу меттік медициналық сақтандыру жүйесі (МƏМС) халық денсаулығын жақ -сартудың дүние жүзінде қол данылып отырған тетіктерінің бірегейі десек бо-лады. Сондықтан, Елбасы өзінің Ұлт Жос парын жүзеге асырудың нақты 100 қа дамында осы мəселеге нақты көңіл бөлген болатын. Ал бұл мəселені жүзеге асыруды түсін діру, халықпен ақылдаса шешу еліміздегі демократиялық даму-дың көрінісі екені тағы айқын.

Осы міндетті əлеуметтік меди-циналық сақтандыру мəселесін тү-сіндіру мақсатындағы сапармен об-лысқа Республикалық тубер кулез проб лемалары ұлт тық орталығының директоры Жұ мағали Исмайылов келді. Облыс өңіріндегі аурухана-лар мен емханалар бас дəрігерлеріне, аудан, қала əкімдерінің əлеуметтік мəселелер жөніндегі орынбасарла-рына, ведомстволар басшы ларына əлеуметтік саладағы реформаның бірі болып табыла тын міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу туралы кеңінен айтып берді. Жұ-мағали Қазыбайұлы алдымен міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі не үшін керек екендігін түсіндірді. Елімізде өткен жылы «Мін-детті əлеуметтік медициналық сақ-тандыру туралы» заң қабылданды. Елбасы тапсырмасымен бұл жүйе 2017 жылдан бастап жүзеге асырылады. Енді алдымен «Міндетті əлеуметтік медициналық сақтан дыру жүйесін енгізуге не себеп болды?» деген сауа л ертең жарна төлеуге тиісті əркімнің көңілінде тұрғаны анық.

Бүгінде дүние жүзіндегі мемле кет-тердің барлығы да бір кеменің үстіндегі жолаушы іспетті. Жер шарының өзге өңірлері секілді, бізде де инфекциялық емес ауру лардың көбеюі, денсаулық сақтау саласын заманауи технология-лармен, жабдықтармен қамтамасыз ету жəне қартайған адамдар саны ның артуы мемлекет тарапынан көп шығынды та-лап етеді. Осы проблемаларды шешудің барлығы да қосымша қаржыландыру көзін керек етеді. Денсаулық сақтау саласын қаржыландыру жөнінен Қазақ-стан көрші Ресейден де, Эконо микалық ынтымақтастық пен даму ұйымына мүше елдерден де артта қалып қойды. Бізде бұл салаға ішкі жалпы өнім нің 3,5 пайызы ғана бөлінсе, Ресейде бұл көрсеткіш 5 пайыздан астам, ал ЭЫДҰ елдерінде 9 пайызға жақын. Денсаулық сақтау проблемасы жөніндегі жауап-кершілік мемлекетке де, онда өмір сүріп жатқан адамдардың барлығына да ортақ болуы тиіс. Денсаулық сақтау саласын қаржыландыруды əрта раптандыру, озық елдердегі секілді, халықтың өмір сүру деңгейін көтереді.

Міндетті əлеуметтік медици налық сақтандыру жүйесіне əлі де «бұл қалай болар екен?» деген екіұшты көңілмен қарайтындар бар. Оны жоққа шығаруға болмайды. Себебі, ел тəуелсіздігінің алғашқы кезеңінде, анығырақ айтсақ, 1996-1998 жылдары мін детті əлеуметтік медициналық сақ тандыру реформа-сы қолға алын ған болатын. Бірақ сəтті болған жоқ. Өйткені, жоспарлы экономиканың орнына нарық келіп, экономиканың дағдарып тұрған кезінде

медициналық сақтандыру қорына кірістер жинау деңгейі жеткіліксіз болды. Көптеген кəсіпорындар жар-наны төлей алмады, шамамен ха-лықтың төрттен бірі жарна аударма-ды. Жұмыссыздықтың көбеюіне орай, халықтың белсенді емес бөлігі үшін жарналардың тиісті мөлшерін аудару жергілікті бюджетке салмақ түсірді. Ең соңында медициналық сақтандыру қоры медициналық ұйымдар алдын-да қарызға батты. Осыдан келіп, қордың атына сыбайлас жемқорлық жəне жиналған қаражатты бет алды-на шашу секілді кінə да тағылды. Ал қазір уақыт басқа, экономикалық əл-қуатымызды да бұрынғы дағдарыс жылдарымен салыстыруға болмай-ды, шүкірлік етеміз. Экономикалық ынтымақтастық жəне даму ұйымы елдеріндегі жəне халықаралық озық тəжірибеден үйрене отырып, міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізуге толық негіз бар.

Адамдар Қазақстан Республика-сының «Міндетті əлеуметтік меди-циналық сақтандыру туралы» заңына сəйкес өз денсаулығын құнттауда екі пакеттің бел гі ленгенін білуі тиіс. Оның бірін ші сі базалық немесе мемлекет та-рапынан кепілдендірілген меди циналық көмек. Ол толық тай республикалық бюджет есебінен қаржыландырылады. Мұндағы медициналық көмек түр-леріне жедел медициналық жəрдем, санитарлық авиация, əлеуметтік мəні бар аурулар, төтенше жағдайларда көрсетілетін көмектер, жаппай егу секілді басқа да бірқатар көмектер жата-ды. Ал екінші пакет міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі есебінен қаржыландырылады. Бұл па-кет бойынша адамдарға көрсетілетін амбулаториялық-емханалық көмек, стационарлық жəне оны алмастыра-тын кө мек, жоғары технологиялар қол данылатын медициналық көмек түрлері қамтылады. Бұл көмек түрлері əлеуметтік меди циналық сақтандыру жүйесіне қатысушы азаматтарға тиесілі əрі қолжетімді болмақ. МƏМС жүйесі мемлекеттің, жұмыспен қамтушының жəне жұмыс бе рушілер мен өзін-өзі еңбекпен қамтыған азаматтардың міндетті сақ тандыру төлемдерінен құра латын болады. Жарна төлеуден еліміздегі 15 санаттағы азаматтар бо-сатылады. Олардың ішінде Ұлы Отан соғысына қатысқандар, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алған аналар, зейнеткер-лер, мүгедектер, жүкті əйелдер, əскери қызметшілер, тағы басқалар бар.

Жұмағали Исмайылов келесі жыл-дан бастап өмірімізге енетін міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі не береді деген сұраққа тоқталды. Көптің көкейіндегі нақты мəселе де осы болса керек. Міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі ен-гізілгенде адамдардың амбулаторлық ем қабылдауға, алғашқы медициналық-санитарлық көмек алуға қолжетімділігі артады жəне дəрігерлер жүктемесі азая-ды. Қазір денсаулық саласында кадрмен қамтамасыз етудің алалығы, кезек күту секілді көрі ністердің барлығы рас. Мы-салы, стационарлық ауруханаларда дəрігерлер жеткілікті. Ал емханаларға барған науқас күн ұзаққа дəрігерлер есігін күзетумен отырады. Өйткені, емханаларда жалпы практикадағы бір дəрігерге 2000 адамнан жүктеме келеді. Міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу арқылы Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымы елдеріндегі стандарттарға жуықтатып, əр дəрігерге жүктемені 2000 адамнан 1500 адамға дейін төмендетуге қол жеткізілетін болады. Əрине, жүктеме азайғанда ем сапасы жоғарылайтын болады.

Екіншіден, денсаулық сақтау са-ласын міндетті əлеуметтік меди-ци налық сақтандыру қоры арқылы қ а р ж ы л а н д ы р ғ а н д а а д а м д а р д ы амбулаторлық дəрімен қамтамасыз

ету қызметі жақсарады. Қазір бұл үшін еліміздегі əр адамға мемлекет тарапы-нан 46 АҚШ доллары көлемінде қаржы жұмсалады. Ал мұны алдағы уақытта халықтың жан басына шаққанда 186 АҚШ доллары көлеміне жеткізу мақсат тұтылып отыр. Науқастардың тегін дəріге қолжетімділігі де артатын бо-лады. Бұл халық денсаулығының жақсаруына ықпал етеді.

Үшіншіден, кадр дайындау ісі жақсарады. Əдетте, қай саланың да жұмысын білікті кадрлар ілгерілетеді. Медицинада бұл сөздің маңызы арта түседі. Қазір үздік кадрлар ме-ди цинадағы оңал ту, қалпына кел-тіру бағы тында дайындалуы тиіс. Өйткені, қазір дүние жүзінде меди-цина аршынды адыммен дамып отыр. Ауруханаларда жоғары жəне күрделі технологиялармен жүрекке, тағы басқа да органдарға операциялар жа-салады. Операция жасау бар да, оның нəтижесі бар. Сол үшін науқасты оңал ту қызметі халыққа кеңінен қол-жетімді болуы тиіс.

Жұмағали Исмайылов жур налис -тердің «Міндетті əлеуметтік ме-дициналық сақтандыруды енгізуге жер гілікті жерлердегі дайын дық бары-сы қалай?» деген сұрағына да жауап берді. Бү гінге дейін еліміздің барлық шал ғайында көп жұмыстар атқа рылды. Ең бастысы, денсаулық сақтаудың бірыңғай ұлттық жүйесі енгізілді. Осыдан бес жыл бұрын басталған бұл жүйе қазір жақсы қалыптасып үлгерді. Осының арқасында халыққа көрсетілетін медициналық қызметтің дені орталықтандырылды. Облыс-аралық медициналық тарифтерді бірыңғайлап, теңестіріп отыратын ко-митет те жұмыс істейді. Алайда, əлі де шешімін күткен мəселелер жоқ емес. Мысалы, əлеу меттік маңызды аурулар, ха лықтың психикалық, нарко логиялық денсаулығы жер гілікті атқарушы орган-дардан əкім шілік тендіріледі. Өйткені, туберкулез, психикалық, жұқпалы аурулар əзірге жергілікті бюджеттен қаржыландырылады. Мұны да алдағы уақытта республикалық деңгейде ор-талықтандыруға дайындық жүріп жа-тыр.

Жұмағали Қазыбайұлы Қос та най об-лысында денсаулық сақтау саласындағы өте өзекті рефор маның жүргізілуіне аса қиындық тумайтындығын айтты. Жалпы, еліміздің денсаулық саласын-да міндетті əлеуметтік медициналық жүйенің енгізілуіне кадрлар даяр-лау өзекті мəселе болса да, Қостанай бұл жөнінен алдыңғы қатардағы об-лыс. Мұнда даярлығы жақсы, əлеуеті жоғары деңгейдегі кадрлар ресурсы бар. Саланың ин фрақұрылымы да мақтауға тұрарлық. Бірыңғай ұлттық жүйе жақсы жұмыс істеп тұр. Жұ ма-ғали Исмайылов кездесуді түйіндей келе, міндетті əлеуметтік меди цина лық сақтандыруды енгізу, қор жұмысын же тілдіре түсу нəтижесі бүгіннен бас-талған жұмыстарға, яғни кадрлар даярлау, менеджмент, көрсетілген медициналық қызмет, əдістемелік жұмыстар деңгейіне байланысты екенін айтты. Тағы бір құлаққа жағымды ақпарат, сақтандыру қорындағы қар-жының бөлінуі, мөлдірлік, істің сапалық нəтижесін бақылау үшін жүргізілетін жұмыстарға азаматтық қоғам, яғни үкіметтік емес ұйымдар тартылады. Мұның болашақта міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыру жүйе-сінің қалыптасуына шетелдік озық тəжірибелерді тартумен деңгейлес жақсы əсері болады деген сенім бар.

Түсіндіру жұмысы алдағы уақытта тек дəрігерлер, медици налық ұйымдар арасында ғана емес, кəсіпорындарда жүргізілмек. Денсаулық сақтау саласын қосым ша қаржыландырудың игілігін əр адам көру үшін оған үлес те қоса білуі тиіс.

ҚОСТАНАЙ

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ,«Егемен Қазақстан»

Аєаш кебіске ќарыздар елКломп дегенміз – нидерландтардың

ағаш діңінен ойып жасаған қазақтың кебісі тəріздес аяқкиімі. «Құдай жерді жаратты, ал голландтар Голландияны жаратты, себебі ми батпақты жайқалған егінге, гүл-бақшаға айналдырып, табын-табын мал өсіретін жайылымға жеткізу үшін өзіміз жерді қолдан құрғаттық. Сонда былғарыдан тігілген етік суға шы-дамай былжырап қалғанда, ағаштан ойылған кломпқа қарыздар елміз, соның арқасында жер құрғатылып, Нидерландты жəннатқа айналдырдық», дейді нидерландтар.

Күні бүгінге дейін жер өңдеушілер ая-ғынан кломпын тас-тамайды, егер сізге біз-дің елден кəдесый ке рек болса, кломп алы ңыз д ар, желдиірмен де əдемі ес керткіш, нағыз нидерландқа тəн бейне. Адамдар қолмен құрғатқан елдің тағы бір ерекшелігі – табиғаттың төл баласы бола алуында. Құдайдың тегін ескен желін ақысыз-пұлсыз пайдаланып, желдиірмендер арқылы жерді құрғатып əрі керегімізді үгітеміз. Шап-шағын ғана елімізде 1000-нан астам желдиірмен бар, сондықтан ол кəдесыйға сұранып тұр емес пе, дейді бұл елдің адам-дары тағы да. Қарсы айтар уəжің жоқ, бас изей сің, қарапайым шəр кейінің өзін ұлттық мақ танышқа, ұлттық тарихтың əдемілеп айтатын əпсанасына айналдырған жұртқа риза боласыз.

О баста қарапайым шаруаның аяқ киімі болған кломп қазір символға айналған. Бір кездері король сыртқа шыққанда оның құзырына бағынатындардың барлығы бірдей кломп киіп, корольдің биік тұрғанын сонысымен білдіруі тиіс болса, шыр етіп дүниеге келген шаранаға бірден кломп ойы-лыпты. Ал жас жігіт сүйген қызына кломп тарту етсе, ол үйленуге жасаған ұсынысы болып есептеліпті. Қараңызшы, бір ағаш кебістің айналасында қаншама сыр, ұлттық бедер, бейне, тіпті, сол елдің тереңге тартылған тарихы жатыр. Голландтықтар кломпты 1000 жылдай бұрын тұтынған болуы мүмкін, себебі Амстердам дамба-сын тазарту кезінде 1230 жыл ғы, ал Роттер өзенінен 1280 жы лы қандағаштан ойылған 28 см. балаға арналған кломп табылған, деп қызықтыра айтатын əңгімелерінің өзі неге тұрады.

Əр елдің өз тарихы, өсу-өркендеу жолы, мақсаты мен мұраты болады. Қы тайлықтар далалықтардың тегеу-рінінен қорғанған қамалын сол кездің өзінде осындай қорғанды сала алдық деген елдің қуатының көрсеткішіндей етіп дабыралап, жан-жақтан туристерді қорған түбіне тоғытып жатса, француз-дар халықаралық көрмеге тұрғызылған Эйфель мұнарасын Париждің символына айналдырып, олардың сұлбасы бейнелеген заттарды осы елден əкетер кəдесыйлардың ең бір қадірлісінің қатарына қосып жіберді.

«Көре-көре көсем боласың, сөйлей-сөйлей шешен боласың» деп халық айтқандай, жер-жерді шарлай жүріп, өзгені көріп, өзіңше ой түйіп, менің елімнің, менің халқымның жұртқа көрсетері не болмақ? Алда жер дүниеден адам ағылар ЭКСПО-2017-де біздің елден кеткен шетелдік мейман қандай кəдесый əкетіп, еліне барып қандай əңгіме айтар екен, кəдесыйлармыз біздің тарихымызға тіл бітіріп, көне өркениеттің өзгеше бір табиғатпен үйлескен, аттың жалында ойнаған, түйенің қомында тер-белген Ұлы Дала презенттерінің өмірін көз алдына əкеліп, көш керуендегі қоршауы мен күймесінің сəнін, ұлттық қолданбалы өнерінің хас сұлулығын, да-ланы күй сазымен күмбірлеткен музыка аспаптарының үнін құлағында қалдырып, зергердің қолынан шыққан жақұттың қалай түрленгенін көріп, бабына келіп уыл-жып піскен асының дəмі таңдайынан кет-пей, мына жұрттың мəдениетінің тамыры тереңде жатыр екен-ау, мəңгілік мұратын

бесіктегі уіл деген сəбиіндей мəпе леген ел екен деп көкірегіне құрметін құн дақтап ат-танар ма екен деген ойға қалдым.

Кəдеѕе асар кəдесый Құдайға шүкір, қазір кəдесый іздесеңіз

қиналмайсыз. Əрбір сауда орталығында арнайы бутиктер, тіпті, «Талисман», «Empire» тə різді арнайы дүкендер де баршылық. «Біз дің келушілерімізге ұсы-натын тау ар ларымыздың түрі өте мол,– дейді «Та лисман» дүкенінің менед жері орыс қызы. – Қазақ халқының ұлттық мəдениетінің, қолданбалы бұйым дары-

ның, салт-дəстүрінің бай бо луының арқасында бізде өзге ел дер дегідей бір -

неше бұйымға ғана ба сымдық бе-рілмейді. Адам дардың қы зығу шы-

лығына орай, ол этно графияға əуестене ме, заманауи

өнер түрлері – гобелен, ки ізден жасалған пан-нолар, жі бекке киізден өрнек салған орамал, палантиндер, картина-ларды жинай ма, əлде

аңшылық, саятшылықты қызықтай ма, қазақтың музыка

аспаптары мен ұлттық ойындары қажет дей ме, барлығына қажетті кəдесыйлар, əртүрлі бұйымдарды таба алады. Жəне олардың тек Қазақстанда жасалуы, көпшілігінің қазіргі тұрмыста пайдаланылуы сырттан келген туристерді қатты қызықтырады. Мысалы, қазақтар экологиялық таза ыдыстардан – мес, торсық, тостаған, ағаш астаудан ас ішкен, күбіде қымыз ашытқан, күні бүгінге дейін бие сауған үйден күбіні күрпілдетіп пісіп жатқан қазақ əйелін көресіз деу, олар үшін өте таңсық. Ағаш астауларды сатып еліне алып кетеді немесе шаңқобыз, сазсырнайдан үн шығаруға талпынып, қобыз, домбыра жайындағы əңгімелерді ұйып тыңдайды. Көбіне шетелдіктердің жанын да аудармашыла-ры болады жəне өз са ту-шы ла рымыздың ішін де де ағылшын т ілін мең-гергендері бар шы лық, сон дықтан айтып беруге тырысамыз. Көп теген зат-тардың астында сипатта-малары жазыл ғандықтан, дүкенге кір ген адам кейде музейге кіргендей ұзақ аралайды».

М е н е д ж е р қ ы з д ы ң айтуын ша, қазіргі күні қала қазақтары пə терлерінің бір бөлмесін ұлттық мəнерде жаб дықтап, оған қажетті тұтынатын, сəндейтін бұйым дарды да са-тып алады екен. Турис тер үшін ол да өте қызықты. Сататын да, айтып беретін де, көрсететініміз де көп. Бағасы да əрқилы, тоңазытқышқа жапсыратын магниттер 500 теңге болса, қымбат бағалы авторлық жұмыстар да жеткілікті. Мұның барлығы тамыры тереңге кеткен қазақ мəдениетінің көрінісі.

Алматыда «Ќуырдаќтыѕ кґкесі», ал Астанада?

Грузиннің, армянның, өзбектің, қытайдың, орыстың, түріктің, жапон ның, тайдың, т.с.с. тағамдарын əзірлейтін ар-найы ұлттық мейрамхана, дəмханаларды əлемнің қай түкпірінен де кездестіруге бо-лады. Ал дəмі тіл үйіретін мың сан асы бар, бір қымызының өзінің түрін тізбелесең жеткізбейтін тек қазақтың ұлттық тағам-дарын əзір лейтін мұндай орын шетел түгіл Қазақ станның өзінде жоқтың қасы. Алматыда «Қуырдақтың көкесі» атты ұлттық дəм хананың ашылғанын, онда бір ғана қуырдақтың – «Қонақ қуырдақ», «Бал қуырдақ», «Кісе қуырдақ», «Жоңқа қуыр-дақ», «Қара қуырдақ», «Сірне қуырдақ», «Сырбаз қуырдақ» тəрізді ондаған түрі даярланатыны жайлы əлеуметтік желіден оқып риза болғанымыз бар. Алматыға жол түссе əдейілеп барып, дəмін де та-тармыз деп ойлағанбыз. Ал Астанада

шөмеле ішінен ине іздегендей ондай арнайы дəмхананы табаныңызды тоз-дырып қанша іздесеңіз де таппайсыз, есесіне, жоғарыда аталған ұлттардың қай-қайсының тағамының дəмін тат-қыңыз келсе, оған еш тосқауыл жоқ. Маңдайшаларындағы жазуларынан, ас мə зірінен де бұл мейрам хананың қай елдікі еке нін жазбай танисыз. Қазақтың елордасында қазақтан басқаның арнайы дəмханасы бар. Рас, «Сəтті», «Арнау», «Алаша» сияқты мейрамханаларда ұлттық тағамдар ұсынылады, бірақ өзге тағамдар да толып тұр.

Кейбіреулер тіпті осылай десең: «Қазақтың тағамдарының түрлері де онша көп емес, оның үстіне ұзақ дайын-далады, асқан етіңнің піскенін кім 3 сағат күтеді, сондықтан өзге мейрамханаларда қосымша ретінде əзірлесе де жарап жа-тыр»,– деп уəж қайтарады. Жоқ, бұлай шолақ пайым білгеннің ісі емес, əрине. Қазақ меймандос, əр киген киімі мен ішкен тағамының өзінің мағынасы бар, барлығы да айналып келгенде адамгершілік, бауырмалдыққа үндейтін пəлсапасын кең қойнына сыйдырған дарқан халық.

Журналист, жазушы Камал Əлпейі-сова Ұлттық академиялық кітапханада оқырмандармен болған кездесуде құр-бысы Ханым Ахметовамен екеуі ар-найы экспедицияға шығып, еліміздің əр аймағында тек жекелеген адамдар ғана əзірлейтін ұлттық тағамдардың жоғалып бара жатқан түрлерін жинастырып, олар ды əзірлеп, тұсаукесерлерін өткізіп жүр генін

əңгімеледі. Елең ете қалдық. Камекеңнің айтуынша, олар 20-дан астам осын-дай тағамдарды тауып, əзірлеп, олардың құрамын, дайынд алу жолын қағазға тү с ір іпті . «Жөргем», «Өр метөс», «Үлпершек», «Қан соқта», «Жаужүрек», т.б. ұлттық асымыз қай мей рамхананың да ұял-май тар татын тағамына айналар еді ғой.

«Жүрген аяққа жөр-гем ілігеді» деген сөзді бəріміз естігенбіз, алай-да, жөргемнің не екенін білмейміз, сөйт сек, ол кəдімгі ішектен жа са-латын тағам екен. Ал Катонқарағай ауда нын-дағы Жамбыл ауылы кітапханасының қыз-мет кері Гауһар Шай-мар данова «Жаужүрек» атты бозбалаларға əзір-

лейтін тағамды көрсетті. Бауырды шарбы майға орап

дайындалатын бұл ас жас жігітті ержү рек тікке жетелейді деп ана-

лар жорыққа аттанатын ұлдарына беретін болған дейтін əдемі аңызы бар астың дəмін қай жігіттің татқысы келмейді», – дейді К.Əлпейісова.

Осы əңгіме менің ойыма анам жасай-тын бір жайтты еске түсірді. Ұлтабарды ұсақтап туралған май мен етке толты-рып, бұрыштап, тұздап, дəмдеуіштер салып тігіп, қазанда асылып жатқан еттің бетінде ғана бүлкілдетіп қайнатып, төркіндеп келген қыздың алдына тар-татыны. Сонда басқа еттен бөлекше, қатпарланып, бұлтиып жатқан ұлтабарға қарап аузыңның суы құритын. Бірақ ол саған тиесілі емес, ұзатылған қыздың төркінінің сағынышын танытатын сыр-лы асы болатын. «Сағынғаның қайсы, сақтағаның жоқ екен», деп қанша бағланы мен жабағысын жайратып салып, жайы-лып – төсек, иіліп жастық болып жатқанда, алдына үйме астау жас ет келгенде үстінде соғымнан сақталған сүр ет көрінбесе, қолын дəмге созбаған қазақтың əр асының ар жағында бір-біріне деген сыйластығы мен қимастығы жатыр емес пе?! Осындай тамаша қазақы қалыпты өзіміз де танып, өзгелерге де білдіре түссек, кəні.

Ой тастадық, іскер азаматтар қолға алса, өзінің де, елдің де мерейі үстем болар еді. Кім алып кетер екен?

Басты байлық Ойласу

Жаѕа жїйеніѕ жаѕалыєы ќандай?Медициналыќ саќтандырудыѕ тиімді тетігі хаќында

Ќазаќты таныту

22 маусым 2016 жылwww.egemen.kz8 Өшпес даңқ

Интернет материалдары негізінде əзірленді

ШАРАЙНАƏлем жаѕалыќтары

Ўлыбритания Еуроодаќта ќала ма?Ертең Ұлыбританияда елдің Еуропалық одақта қалатынын, не қалмайтынын айқындайтын бүкілхалықтық ре-ферендум өткізілуі тиіс. Алғашында құрылымнан кеткісі келетін халық саны көп секілді көрінгенімен, кейінгі кездері бұл үдеріс кері сипат ала бастағандай.

Соңғы сауалдама ұлыбританиялықтардың 53 пайызы елдің Еуро-палық одақта қалғанын қалайтынын көрсетіп берген. Қарсылар, сəйкесінше, 46 пайыз. Осы оң үдеріс Лондонның қаржы биржа-сында фунт стерлингтің бағамын долларға қарағанда 2 пайызға күшейткен. Осыған сəйкес, еуроның құны да 2 пунктке көтерілген. Сонымен, ұлыбританиялықтарды тарихи таңдау күтіп тұр. Қысқасы, Еуропадағы үлкен елдегі ахуал көпшіліктің қалауына байланысты қазіргі күйінде қалады немесе күрт өзгеріске ұшырауы ықтимал.

Баллистикалыќ зымыран ўшырмаќшыСолтүстік Корея елдің шығыс жаға-лауларынан «Мусудан» деп аталатын орта қашықтықтағы баллистикалық зы-мыран ұшыруға дайындалып жатыр. Бұл туралы кеше Оңтүстік Корея үкіметіндегі дерек көзіне сілтеме жасай отырып, «Ёнхап» ақпарат агенттігі хабарлады.

«Дайындық жүргізіліп жатқаны анықталғаннан кейін біз жағдайды мұқият бақылауға алатын боламыз. Ұшырылымға «Мусудан» үлгісіндегі зымыран дайындалып жатыр деп санаймыз», дейді агенттікке кім екенін айтудан бас тартқан дерек көзі. Ұшырылымға дайындық жүргізіліп жатқаны туралы ақпаратты жапониялық дерек көздері де қуаттаған. Олардың мəліметтеріне қарағанда, ұшырылым алдағы сенбі, 25 маусымда жүзеге асырылуы мүмкін. Өйткені, Корей түбегіндегі 1950-1953 жылдар аралығындағы соғыс сол күні басталған болатын.

Ресейге ќарсы санкция ўзартыладыЕуроодақ тарапынан Ресейге қарсы санкцияларды ұзарту мəселесі шешіліп қойған, бірақ жарты жыл бедерінде санкциялық режім босаңсытылуы ықтимал. Бұл туралы «Euronews»-ге сұхбатында Еурокомиссияның басшысы Жан-Клод Юнкер мəлімдеген.

Юнкер мырза Санкт-Петербургте өткен бизнес-форумда Еуроодақтың Ресейге қарсы санкцияларды бірте-бірте жеңіл-детуіне мүмкіндігі бар екенін көлденең тартқан еді. Бүгінде басқаша пікір білдіріп отыр. Ал режімнің босаңсытылуы Минск уағдаластықтарының орындалуындағы прогреске тікелей бай ланысты болмақ екен. «Дəл қазір біздің санкцияларды ұзартатынымыз айдай анық. Алайда, келесі 6 ай ішінде монито-ринг жалғастырылады. Əрі қарайғы шешім де соған байланысты болады», дейді Еуро комиссия төрағасы.

Қысқа қайырғанда:● Ресейдің əуе жəне зымыран шабуылдарынан қорғаныс

əскерлері жақын қашықтықтағы зымыранға қарсы қорғаныс жүйесін сынақтан өткізді. Бұл туралы кеше Ресей қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, «Новости» ақпарат агенттігі хабарлады.

● Эксетер университеті астрофизиктерінің халықаралық тобы белгілі экзопланеталардың ішіндегі ең жасы деп са-налатын, К2-33b деп айдар тағылған планетаны байқап қалған. Ол Жерден 500 жарық жылына тең қашықтықта орын тепкен көрінеді. Бұл жаңалық «Nature» журналында жарияланыпты.

● Ресей Либерал-демократиялық партиясының серкесі Владимир Жириновский егер ресейлік жеңіл атлеттер Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпия ойындарына бару құқынан айырылса, онда Еуропада өңірлік Олимпия ойын-дарын ұйымдастыруды ұсынды. Бұл туралы кеше ТАСС хабарлады.

● Америкалық 6 жасар қыз ескек есу слаломынан Олимпиада чемпионы Джо Якобидің алтын медалін тауып алған. Медальды Атлантада спортшының автокөлігінен белгісіз біреулер ұрлап кеткен көрінеді. Ал марапатты қыз бала отбасымен орманда серуенде жүрген кезінде тауып алса керек. Сөйтіп, ол трофейді иесіне интернет арқылы қайтарып беріпті.

Ыќтимал лаѕкес-жанкешті ўсталдыБельгияның астанасы Брюссель қаласында теракт дайындау-мен айналысты деген күдікпен бір адам тұтқындалған. Сөйтіп, қала орталығында жарылыс болуы мүмкін деген қауіппен дабыл қағылды. Бұл ту-ралы кеше DH.be хабарлады.

Полиция Бельгия астанасының орта лығындағы ірі сауда кешендерінің бірін қоршап тастады. Ал күдіктіден жанкештінің белбеуі табылған. Бірақ белбеудің ішінде жарылғыш заттың болғаны немесе болмағаны əзірше белгісіз. Оқиғаға орай Ұлттық қауіпсіздік кеңесі жедел мəжіліс өткізген. Үстіміздегі жылғы нау-рыз айының соңында Брюссельде жасалған лаңкестіктен кейін Бельгияда тұрақты негізде контртеррористік операциялар өткізіліп тұрады. Сол кезден бері 12 күдікті қамауға алыныпты.

Алты жылдан соѕ таєылєан айыпВаршаваның округтік соты генерал Павел Белавныйды 2010 жылы пре-зидент Лех Качиньскидің Смоленскіге сапа рын дұрыс ұйымдастырмағаны үшін 1,5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырды. Бұл ақпаратты да «Новости» агенттігі таратты.

Сол кезде Белавный Польша үкіметі күзет бюросы бастығының орынбасары екен. Оған жоғары лауазымды тұлғалардың Ресейге сапарын ұйымдастыруда өз міндетін тиісті деңгейде орындама-ды деген айып тағылыпты. Генерал өзінің кінəсін мойындамаса керек. Бортында президенттен басқа көптеген жоғары лауазым-ды адамдар болған Ту-154М ұшағы 2010 жылдың 10 сəуірінде Смоленск түбінде апатқа ұшырағаны белгілі. Апат салдарынан ұшақтағы жолаушыларды қоса есептегенде 88 адам қаза тапқан болатын.

Міне, менің қолымда 125-ат-қыш тар полкінің құрамында со-ғысқан қазақстандықтардың ті зімі тұр. Онда барлығы 117 адам бар. Жауынгер Мəмиев Əб-діразақ Мəмиұлының тұсына: «Командирін құтқарып қалған. Ерлігімен ерекше көзге түскен», деген қысқаша ғана анықтама жазылған.

Соғыстың алғашқы күні Брест қамалында болған қанды қыр-ғын туралы біраз жазылды. Ол, əсіресе, «Брест қамалы» деген кі-тап жазып, сол үшін 1964 жылы Лениндік сыйлық алған Сергей Смирновтың деректі дүниесінде айрықша шыншылдықпен сурет-телген. Ол туралы бертінде фильм де тү сірілді. Ал біз бұл жолы

көптің ау зына алғаш іліккен қамал қорғаушыларының бірі де бірегейі Ғаббас Жұматов ағамыздың есте лі-гін келтіргенді жөн көріп отырмыз.

«Өлген адамда есеп жоқ. Жау-мен жағаласқан жауынгер де, бала да, əйел де, қарт та оққа ұшып жат-ты. Шөлден өлгендер де, аштан өл гендер де аз болған жоқ. Қару-жарақ жарамсыз болып, оқ-дəрі де таусылды. Тау-тау болып үйілген мəйіт екі күнге жетпей иістенді. Адам шыдап тұра алмайтындай хал ге жетті. Қамал ішін індет жай-лады», – депті қарт жауынгер бір сұх батында.

Кейбір деректерге жүгінсек, 4,5 шаршы шақырым жерді алып жатқан қамалдың əр метріне бір снаряд, яки бомба түсіпті. Жоға ры-да айтылған қамал ішіндегі 7-9 мың адамның тең жартысы опат болған.

Енді сол күнгі қырғын соғыс-тың жалпы картинасы оқырманға тү сініктірек болу үшін Брест қама-лы ның өзі жайлы айта кетуді жөн көрдік.

Мухавец өзенінің Буг өзеніне құяр жеріне орналасқан қамал негізінен орталық цитадельден жəне оны қоршай орналасқан Волын, Тересполь жəне Кобрин деп аталатын үш бекіністен тұрған. Оның құрамында, сонымен қатар, форт деп аталатын біраз кішкене қорғандар да болған. Мəселен, біз жоғарыда атап кеткен Ғаббас Жұматов ағамыз қамалдан 6-8 шақырымдай жерде орналасқан Ковалево фортында майдандасқан.

Біздің тарихшылар немістер ешбір ескертпестен шабуыл жаса-ды деп ақталуға əуес. Оу, қай жау: «Біз сендерге сағат 4-те шабуыл жасаймыз, дайын тұрыңдар», деп ескертеді. Шабуылды тұтқиылдан ұйымдастыру – əскери тактиканың бірі. Біз бұдан бұрын біраз май-данды бастан кешіріп əдістеніп алған фашистердің мұны жақсы қолданғанын көреміз.

Соғыстың тарихын тарқатқан сайын небір қызғылықты фактілер де кездесіп жатады. Мəселен, тұтқиыл соққыдан тез есін жиып, немістерге қарсы алғаш ұрысты ұйымдастырған да неміс ұлтының өкілі екенін екінің бірі біле бер-мес. Ол кеңестік неміс Александр Дулькейт деген майор еді.

«Немістердің алғашқы соққы-сын 125-атқыштар полкі өзіне қабылдап алды», деп жазылған Брест қамалы туралы құжаттардың бірінде. Александр Дулькейт, міне, осы полктің командирі болатын. Сəл алға озып айтар болсақ, қолына тапаншасын кезене ұстаған ол 60-тай жауынгерді нұсқаулық бойынша жинақталу пункті көрсетілген аэродромға қарай ба-стап шығады. Алайда, көп ұзамай фашистердің автоматшылардан құралған тосқауылына тап болып, аяғынан жараланып, тұтқынға түседі. Онда немістер өз қандасын айрықша өшпенділікпен қорлап, қинап өлтірсе керек.

Біздің бұл əңгімеміздің басты кейіпкері Əбдіразақ Мəмиев осы 125-атқыштар полкіне қарасты 2-ші батальонның 4-ші ротасында мер-ген ретінде соғысқа кірген. Брест қамалының даусыз қаһарманы, тура қанды қасап тың қайнаған ортасын-да болған Əбдіразақ Мəмиевтің есімі ағайын-туыстарына ғана бол-маса, көпке дейін жалпақ жұртқа белгісіз болып келді. Мұның сырын сəл кейінірек айтамыз.

Ол кісінің ардақты атын 2005 жылы осы «Егемен Қазақстан»

газетіне «Брест» деген көлемді мақала жазып, жарқ еткізіп жал-пақ жұртқа алғаш рет жария ет-кен Мадрид Рысбеков пен Серік Əбдірайымұлы ағаларымыз еді. Қаламдары қарымды, айтқандары алымды бұл екі ағамыз төрт жылы кем тоқсандағы Ғаббас Жұматов қарияны Брестке дейін мəпелеп апарып, талай жайттың бетін ашып қайтты. Ғабекең қандыкөйлек досы Əбдіразақтың тірі екенін, тіпті, оның өзінен қарға адым жерде – Жамбыл ауылында тұрып келгенін сонда бір-ақ білген ғой.

Əңгімеміздің желісіне қайта оралсақ, Əбдіразақ сол күні екі жыл əскерде бірге болған Рахымбай Оспанбаев, Қожахан Қадыров, Ереке Жақыпов, Əбдіғали Баяндин

сияқты жора-жолдастарының ара-сында ертең ауылға қайтамыз деп қуанысып, түнімен елегізіп шала ұйқылы болып шыққан. Алайда, қанқұйлы жау олардың ойларының да, өмірлерінің де таңсəріде-ақ быт-шытын шығарды. Бір қызығы, бұлардың көпшілігі жерлестер еді. 1939 жылы шақырылып, осын-да əкелінгендердің көпшілігі Алматы, Талдықорған облыс-тарынан жеткізілген. Жалпы, қамалды қорғаушылардың ішінде біраз қазақстандық болған.125- полктің өзінде ғана 100-ден астам қазақстандық қызмет еткен. Амал не, есіл ерлердің көпшілігі қыр-шынынан қиылып, елдің шеті, жаудың өтінде орналасқан Брест жерінде мəңгілікке қалды.

«Бір-бірімізге шабуыл жаса-маймыз», деп бітімге келіп алып, соғысқа мұқият дайындалған жау-дың шабуылы жойқын болғаны – бұл күнде мойындалған шындық. Олар Брест қаласын, тіпті, жол-жөнекей жаншып өтіп, алды аз күннің ішінде-ақ алысқа ұзап кет-кен болатын. Ал Брест қамалында өліспей беріспей қорғаныста отырғандар өздерінің жау тылын-да қалып қойғандарын мүлдем білмеген. Соңғы патроны қалғанша соғысып, соңғы демі біткенше «бізді құтқарып алады» деген соқыр үмітпен көз жұмған.

Дайындығы күшті əрі саны жағынан он есе басым фашис-тер Брест қамалының жоғарыда аталған Тересполь мен Волын бекіністерін екі-ақ күнде басып алып, тірі қалған жан атаулының бəрін Кобрин бекінісіне жəне орталық цитадельге қуып тыққан. Ал осы тұста қамалдағылардың жағдайын ауыр болды деген аздау, оны нағыз тозақтың өзі десе дұрыс болар. Қамал ішіндегі каземат-тарда балалар мен əйелдердің де бар екеніне қарамастан, фашистер оларға қарсы огнемет – отборан-дарды да жиі қолданған ғой.

Дегенмен, қорғаныстағылар үшін ең қиыны шөл болған. Мұны білген немістер су көздерінің бə-рін жіті күзетіп, снайперлері мен пулеметшілерін көптеп орналас-тырып қойған. Суға барған-дардың аман қайтқаны сирек. Ал аман келгендердің суларын ең алдымен атыстан қызып кет-кен пулеметтердің сауыттары-на құйған, содан кейін барып жаралылар мен балалардың ау-зына тамызған. Брест қамал-музейінде бүгінгі күні «Шөл» деп аталатын каскасын сүйретіп суға қарай ең бектеп бара жатқан

солдат бейнесі бекер орнатылмаған.Осы арада Əбдіразақтың ко-

мандирінен қоймай сұранып, бо-раған оқтың астында екі рет Буг өзенінен су алып келгенін айтсақ, батыр жерлесіміздің бейнесі ашы-ла түсетіні анық.

Брест қамалы мұражайының мұрағатында бұлар құрамында болған батальонның командирі Г.Ландышевтің естелігі сақтаулы. Енді тағы бір шын дықтың шырайын келтіру үшін содан үзінді келтірелік: «Біз соғыс басталған күннен бір қасық суға зар болдық. Өзенге кет-кен солдаттың тірі қайтқаны некен-саяқ. Қасықтап жиғанымызды барынша үнемдеп пайдаланып отырдық. Түріміз қазанның түп күйесіндей. Бір-бірімізді əрең тани-тын халге жеттік. Мені, жараланған жерімде қалдырмай, иығына са-лып көтеріп жүрген кіші сержант Мə миевтің өзі де өлім халінде-тұғын. Үсті-басы қан-жоса бола-тын. Жау ойда жоқта бас салды. Бірақ жігерімізді жасыта алмады. Намысымызды қолдан бермедік. Қолға оңайлықпен түскеніміз жоқ».

Ол кісі өзінің құтқарушысын өмір бойы қадірлеп өткенге ұқ-сай ды. 1984 жылы қайтыс болған Г.Ландышевтің: «Егер Мəмиевтей ақылды əрі қажыр-қайраты мол жауынгерлер болмаса, мен тірі қалар ма едім, қалмас па едім. Біз қанқұйлы немістерді өз ордасында тұншықтыра алар ма едік, алмас па едік?» деген сөздерін өз құлағымен естігенін Брест қамалындағы Қор-ғаныс мұражайының дирек торы генерал В.Губаренко да куə лан-дырып, жоғарыда аты атал ған екі журналист ағамызға айтып беріпті.

Бір күні Əбекең Г.Ландышевтен хат алып: «Менің командирім тірі екен!» – деп қатты қуанғанын ол кі сінің қосағы Тұрар шешеміз айтып отырады екен. Тіпті, оны отағасы оқып та беріпті. «Сен «Қызыл Жұлдыз» орденінен де биік құрметке лайықсың. Құт-тықтаймын. Полковник Лан ды-шев», деп жазылыпты онда.

Жау тылында қалған Брест қорғаушыларының қатты қырғын тапқаны белгілі. Оған мысал ре-тінде полктің минометшілер батареясындағы 30 адамның түгел опат болғанын айтсақ та жет-кілікті болар. Олардың тең жартысы Алматы облысынан екен. Бұлардың ішінен тек сержант Владимир Фурсов қана тірі қалған. Фототілші Михаил Ананьиннің «Соғысқа лағнет!» деген суреті естеріңізде болар. Бір аяғы жоқ егде сол-дат бір кезде өзі болған окоптың

қабырғасына басын қойып, өткен өмірінің елесіне шым батып егіліп тұр. Сөйтсек, он да бейнеленген В.Фурсов жылдар бойы өз арамыз-да жүріпті. Оны 1983 жылы курстас досымыз Жанболат Аупбаев өзіміз бітірген ҚазМУ-де оқытушы бо-лып жүрген жерінен тауып алып, «Əлемді шарлаған сурет» деген көлемді мақала жазды. В.Фурсов 1995 жылы Алматы қаласында қайтыс болды.

«Əбдіразақ ағамыздан 1943 жылдың күзінде: «Аман-есен-мін, Отан қорғау жолында соғы-сып жатырмыз», деген хат алып, өлгеніміз тіріліп, өшкеніміз жан-ғандай ағайын-туған болып қатты қуанысып қалдық», деп жазыпты оның немере інісі Еркеш Мə миев. Тарихшы ғалым Еркеш Мə миев – Əбекеңнің, жалпы Мəмиевтер əулетінің өмір жолын зерттеп, зер-делеуге көп еңбек сіңірген жан. Ол кісінің айтуынша, бір жетідей қамалда қамалып отырғаннан кейін бір топ жауынгер сол жерді жақсы білетін сапердің бастауымен жер асты жолымен сыртқа шығады. Алайда, қамалдың бүкіл есік-тесігін аңдып отырған немістер оларды сол жерде қоршауға алып, Польшадағы Бяла-Подляска əс-кери тұтқындар лагеріне апарып қамайды. Иə, сол, кезінде генерал Карбышевті біраз азаптап, кейін басқа жерге ауыстырған лагерьдің нақ өзі.

Ол кез – бұл аймақта «Людов гвардиясы» деген қарсыласу қозғалысына кіретін партизан жасақтарының белсенді əрекет етіп жатқан уақыты. Орманға ағаш ке-суге апарған жерінен Əбекеңдерді солар құтқарып, өз қатарларына

қосып алады. Одан соң 1942 жылдың шіл де айында бұлар Қызыл Ар мияның тұрақты бөлімшесіне келіп қосылады. Сөйтіп, Əбдіразақ Мəмиев 3-ші Украина майданының 1006-атқыштар полкінің сапында Украинаны азат ету ұрыстарына қатысады.

Жалпы, Буг өзенінің Əбекеңнің өміріне көп қатысы бар. Ол осы өзеннің жағасында соғысты бастап, осында аяқтады. 1944 жылдың нау-рыз айында Оңтүстік Буг өзенінен өтіп бара жатқанда қатты жарала-нып, əскери госпитальға түседі. Оң аяғынан айырылған ол елге қайтарылады.

Осы жерде қиссалардан ғана оқып, ертегіден ғана еститін бір ға жайып жайтты айтпай кетуге болмас. Əбдіразақтың анасы Əйт-кеннің ол келер күні: «Əб діразағым келе жатыр-ау деймін, омырауым-нан сүт саулап кетті ғой», деген сəуегейлігін жамбылдықтар күні бүгінге дейін аңыз қылып айта-ды. Ол кезде жасы 80-нен асқан кей уана сүт сарыққан кенжесінің ел шетіне іліккенін бірден білген. Алладан кейінгі құдірет ана деген осы емес пе!

Мəми ата мен Əйткен ана-дан тараған əулеттің татулығына таңғаласыз. Ол бір заман тары-лып, жұрт тарыққан қиын кез еді ғой. Сол қиын-қыстау кездері Мə миден тараған 4 ұл бірінің та-банына бірі иығын төсеп тірек болып, қиындыққа қарсы тұра білген. Ең алдымен колхоз төрағасы бо лып жүрген олардың үлкені Жұмəлі Шыңғыс Айтматовтың əкесі Төреқұлмен бірге атылады. Сондағы бар кінəсы ашқұрсақ ауыл адамдарына егіннен қалған масақты теруге рұқсат бергені ғана.Ол кісі кейіннен ақталған.

Енді қарт əке-шешесі мен жас інілеріне екінші ұл Əбдіжапар ие болып қалады. Ұзынағаштағы Қарақыстақ ауылындағы мектеп-интернатқа меңгеруші болып та-ғайындалған ол інісі Əбдіразақ пен Жұмəлінің артында қалған ұлы Шəріпті қолына алып, одан кейін Түргендегі мұғалімдер училищесін бітірткізеді. Əбдіразақтың да со -ғыстан қайтысымен бірден Əб-діжапар ағасының үйіне келуі тегін болмаса керек. Оны бірден Жамбыл мектебіне мұғалім етіп алады. «Сол кезден бастап біздің жағдайымыз оңала бастады, – деп жазады Еркеш Əбдіжапарұлы. – Ол кезде шиеттей үш баланы асырап отырған ше шеміз Күнипа ғана болатын. Біз, əсіресе, ағамыз үйленгенде қатты қуан-дық. Жеңгеміз Тұрар парасатты,

көшелі жан еді, тату-тəтті тұрдық. Əбдіразақ ағамыз бізге əке ор-нына əке болып, қолынан келген қамқорлығының бəрін жасады. Сол кісінің арқасында мен жо-ғары білім алып, ғылым кандидаты атандым».

Еркеш ағамыздың атақты та-рихшы Ермұхан Бекмахановпен тізе қоса жұмыс істеп, ұлт тари-хына ғана емес, өскен əулет та-рихына да елеулі еңбек сіңіргенін жоғарыда ауызға алдық. Алайда, соғыстың тақсыретін тартып кел-ген майдангер елге жеткеннен кейін рахат өмірге күмп ете қалған жоқ. Оны алда тағы да талай қа-терлі сын күтіп тұр екен. «Брест қырғынынан аман келгендердің 90 пайызы репрессияға ұшырады, – деп жазады Лəйла Ахметова. – Бұдан Əбекең де сау қалған жоқ. Соғыс біткен соң оны да атыш улы НКВД қырына алып бақты. Сондағы айтатындары: «Жараланған командиріңді неге атып тастамадың, неміс лагерінен қалай аман шықтың?» – деген сияқты сұрқия сұрақтар».

Бірде Алматыға дейін апарып тергегенде мініп барып, шарбаққа байлай салған аты ұрланып, ауылға жалғыз аяғымен жаяу келген ғой. Тұрар шешеміздің: «Соғыста на-мысын бермеген жанды соғысты білмейтіндердің осы бір оспадар қылығы қатты жаралады», – деген сөздері қатталып қалған. Ол содан кейін соғыстағы шын мəніндегі ерлікке толы өмірін тіс жарып ешкімге айтпай, томаға-тұйық күй кешкен. Жаны да, тəні де жа-ралы жауынгердің, Брест батыры есімінің көпке дейін белгісіз болып келгенінің бір сыры осында болса керек. Оны соғыс кезінде алған «Қызыл Жұлдыз» ордені ақыры тауып келгеннен кейін ғана мұның басына үйірілген қара бұлт сейіліп, ауыртпалық аунап түскендей бо-лады. Жоғарыда біз келтірген командирі Г.Ландышевтен хат ала-тыны да сол тұс. Ол командирін бір көруді көп армандапты. Алай да, оған жете алмай ауылдас аға йын-дары мен бала-шағасының ор та-сында 1977 жылы қайтыс болады.

Қазір өзі көп жыл басшы болған Қызылəскер ауылының мектебі сол кісінің атында. 2004 жылы ауыл дастары оның алдына ба-тыр жерлестерінің мүсінін орна-тып, ішінен тəп-тəуір мұражай ашып қойған. Айтпақшы, бұл мектептің іргесін де қаһарман ағамыз өзі қалаған. 1951 жылы оны осы ауылға бастауыш мектептің меңгерушісі етіп жібереді. Келсе, мектеп деген аты ғана. Оған сый-маған ауыл балалары қозыкөш жердегі Жамбыл ауылына қатынап оқиды екен. Қыстың көзі қырауда тіпті қатерлі. Бұған шыдамаған майдангер сол томаға-тұйық қалпы бір күні жалғыз аяғымен балдаққа сүйеніп жүріп шым кесек құя ба-стайды ғой. Мұны көрген ауылда-стары дүрк көтеріліп, сол жазда-ақ екі бөлмелі мектеп тұрғызады.

Міне, біз тау баурайындағы көкке малынған Қызылəскер ауы лындағы Əбдіразақ Мəмиев атындағы мектептің алдын-да тұрмыз. Астанадан адамдар кел ді дегенді естіп, майдангердің жерлестері жинала кетті. Əрқайсысы майдангер туралы бір жақсы сөз айтып қалғысы келеді. «Бастауыш сыныпты осы кісіден оқыдым. Бұл кісінің жазуы сондай əдемі еді. Содан болар, біздің мектеп таза жа-зудан əрқашан озық болды», – дейді Сейілбек Нұрділдаев. «Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында аға аты-на көше берілді. Ал жыл сайын ол кісінің атындағы футбол жарысын өткізіп тұру дəстүрге айналған», – дейді ауыл əкімі Ақниет Туматаев. «Əбекең мен Тұрар ана 6 ұл, 2 қыз тəрбиелеп өсірген. Кейін бəрі де ел кəдесіне жараған айтулы азамат бол-ды. Əке көрген оқ жонар деген рас екен. Жоғары сынып оқушылары Жамбыл ауылына қатынап оқудан қиыншылық көріп жүруші еді. Əб-дір азақ ағамыздың екінші ұлы Самат арнайы автобус сыйлап, алы сы мыз жақындап жақсы болып қалдық».

Мұны айтқан осы мектептің ди-ректоры – Марат Сейдақұлов. Осы білім ұясына көптен басшылық ететін ол ұстаз ағасының өміріне жетіктігін танытты. Мұражай жəдігерлерінің əрқайсысымен таныс тырғанда, тіпті, кəнігі гид-ке бергісіз ағып тұр. «Майдангер аға жолдастық соттың басшы-сы да болды. Ол кезде барынша қатал болып, ақыры əділ шешім шығаратын», – деді бір жерлесі. Біз бұған елең ете қалдық. Əбекеңнің бүгінде еліміздің заң саласының шырқау шыңында жүрген бір перзентінің болашағы сол кезде бүр жарған-ау, сірə.

Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран. Олардың ерлік ісі əрқашан жадымызда жаңғырып, жалаудай желбіреп тұрары анық.

Сəулебек ЖƏМКЕНҰЛЫ,журналист

Алматы облысы––––––––––––Суреттерде: қызыл əскер Ə.Мəмиев. 1941 жыл. «Шөл» Брест қамалы алдындағы ес-керткіш

1941 жыл. 22 маусымБрест ќамалын ќорєауєа ќатысќан ќазаќ

Осыдан тура 75 жыл бұрын адамзат тарихындағы ең бір қанды қырғын – Ұлы Отан соғысы басталды. 1941 жылдың 22 маусымы күні дəл шекарада орналасқан Брест қамалының аумағына таңсəрідегі сағат 4-тен 15 минут кеткенде кенет дүниенің астаң-кестеңі шығып, мыңдаған снаряд жаңбырша жауып қоя берді. 1418 күнге созылып, 27 миллион адамның өмірін жалмаған Ұлы Отан соғысының қаралы қоңырауы осылай соғылды.

22 маусым 2016 жыл www.egemen.kz 9

Егер сіз «Егемен Қазақстан» газетіне жарнама бергіңіз келсе, мына телефондарға хабарласыңыз:

Астана тел/факс 37-64-48, 37-60-49. Электронды пошта: [email protected]

Алматы 273-74-39, ф. 341-08-11. Электронды пошта: [email protected]

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ-тың сенім білдірілген тұлғасы мына мүлікке сауда-саттық жариялайды:

Лот №1 – Жер телімі, жалпы алаңы 8,0 га кадастрлық нөмірі 03-047-062-207, орналасқан мекенжайы: Алматы облысы, Қарасай ауданы, Елтай ауылдық округі.

Жер телімінің мақсатты тағайындалуы – тауарлы ауыл шаруашылығын жүргізу.

Бастапқы баға – 66 800 000 (алпыс алты миллион сегіз жүз мың) теңге. Сауда-саттық əдісі – голланд. Кепілді жарна бастапқы бағаның 5%-ын құрайды.Бастапқы бағаның 5% мөлшеріндегі кепілді жарна «Қазақстан Халық

Банкі» АҚ-тың сенім білдірілген тұлғасының шотына енгізілуі тиіс, төменде көрсетілген деректемелер бойынша.

Сауда-саттыққа қатысуға өтінімдер үшін қажетті құжаттардың тізімін алуға сенім білдірілген тұлғаға хабарласу керек.

Сауда-саттыққа қатысуға өтінімдер Алматы қ., Əл-Фараби д-лы, 40 мекен-жайында 2016 жылғы 4 шілдеде сағат 18.00-ге дейін қабылданады.

Сауда-саттық лот бойынша голланд əдісімен 2016 жылғы 5 шілдеде сағат 15.00-де мына мекенжайда болады: Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелең қ., Абылай хан к-сі, 157.

Сауда-саттық аяқталғаннан кейін түпкілікті баға ұсынған сауда-саттық қатысушысы банктің чек түріндегі немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген басқа қолма-қол ақшаның толық көлемінде сатып алу сомасын бес жұмыс күні ішінде есеп айы-рысу тəсілімен енгізуі қажет.

Сенім білдірілген тұлғаның деректемелері: «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-тың сенім білдірілген тұлғасы Төремұратов Азат Болатұлы, Алматы қ., Абай д-лы, 109В, шот KZ246010011286000043, БСН 940140000385, Кбе 14.

Сауда-саттық өткізу мəселесі бойынша анықтама алу телефондары: 8 (727) 330 16 80, 330 17 57, 330 17 83.

Жұртшылықпен кездесу өткізедіҚаржы министрі Бақыт Сұлтанов 2016 жылғы 27 маусымда

сағат 11.00-де Астана қ., Қонаев к-сі, 4, «Қазмедиа орталығы» ғимараты (киноконцерт залы – 1-қабат) мекенжайы бойынша жұртшылықпен кездесу өткізеді. Қаржы министріне қойылатын сұрақтарды minfi n@minfi n.gov.kz электронды мекенжайына алдын ала жіберуге немесе Call center: 8 (7172) 71-78-80, 71-78-81 телефон-дары арқылы қоңырау шалуға болады. Барлық сұрақтарға жауаптар жұртшылықпен кездесу өткеннен кейін Қаржы министрінің www.minfi n.gov.kz сайтында орналастырылатын болады.

ХАБАРЛАНДЫРУ«Мақпалкөл» ЖШС серіктестіктің қатысушыларына құрылтайшылардың кезек-

тен тыс жалпы жиналысы 2016 жылғы 25 шілдеде сағат 10.00-де мына мекенжайда өткізілетінін хабарлайды: Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Мақпалкөл ауылы, Ə.Оңалбаев к-сі, 38-үй.

Күн тəртібі:1. «Мақпалкөл» ЖШС «Ауыл» кредиттік серіктестігі» ЖШС-дан несие қаржысын

алу үшін серіктестіктің негізгі қорындағы ауыл шаруашылығы техникаларын кепілге қоюға, несие қаржысы қайтарылмаған жағдайда соттан тыс сатуға келісім беру;

2. Серіктестік басшысына кепіл шартына, қосымша келісім шарттарына, жеке қарыз шарттарына, негіздемелік келісімдерге серіктестік атынан қол қоюға келісім беру туралы.

Сонымен қатар, құрылтайшылардың жалпы жиналысының күн тəртібіне қосатын ұсыныс пікірлеріңіз бар болса он күн ішінде жиналыс ашылғанға дейін серіктестікке ұсынуларыңызды, жиналысқа міндетті түрде қатысуларыңызды сұраймыз.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ, КОНКУРС!«Батыс Қазақстан облысының мəдениет, мұрағаттар жəне құжаттама

басқар масы» ММ Орал қаласында орнатылатын скульптуралық композиция мен мүсіннің ең үздік жобаларына ашық конкурс өткізілетінін хабарлайды:

1. «Исатай мен Махамбет» скульптуралық композициясы. Орнатылатын жері: М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік

университетінің бас ғимаратына қарсы орналасқан саябақ.2. Хамза Есенжановқа мүсін. Орнатылатын жері: Орал қаласы, № 46 мектеп аумағы.Конкурстық жобаның құрамы жəне басқа шарттары конкурстық құжаттарда

көрсетілген. Конкурсқа қатысуға Қазақстан Республикасының бүкіл қала мен облыстарынан

көркемдік-өндірістік шеберханалары, заңды жəне жеке тұлғалар қатыса алады.Конкурстық құжаттардың электрондық нұсқасын мына мекенжайдан: 090000, Орал қ., Достық-Дружба даңғылы, 166/1, «Мəдениет, мұрағаттар

жəне құжаттама басқармасы» ММ, тел. 8 (7112) 236799, Е-mail: [email protected] тегін алуға болады.

Конкурсқа қатысу туралы конкурстық тапсырыс желімделген конвертте Орал қ., Достық-Дружба даңғылы, 166/1 мекенжайы бойынша тапсырылады (жіберіледі).

Конкурстық тапсырысты берудің соңғы уақыты 2016 жылғы 25 шілдеде сағат 15.00-де.

Конкурстық тапсырыстың конверттерін ашу 2016 жылғы 26 шілдеде сағат 11.00-де мына мекенжайда өткізіледі: Орал қ., Достық-Дружба даңғылы, 166/1.

Байтуаров Диас Амирхановичке Орталық Азия университеті берген ЖБ-Б №0453007 диплом жəне қосымшасы жоғалуына байланысты жарамсыз деп танылсын.

Маратов Багдат Маратулына Қазақ ұлттық аграрлық университеті берген ЖБ 0703481 диплом жоғалуына байланысты жарамсыз деп танылсын.

Утеряны учредительные документы (устав и свидетельства государственный регистрации) и печать ТОО «Какскат Ойл» БИН 031 040 002 985.

Серік ПІРНАЗАР,«Егемен Қазақстан»

Нəтижесінде Уэльс – 6, Англия – 6, Словакия – 4, Ресей 1 ұпаймен турнир кестесінің қорытындысын түзді.

Ресейліктер бұл кездесуге Каре-лияның Сямозеро көлінде суға ба-тып кеткен балалардың қазасын аза тұтатын қара шүберек байлап шықпақшы болып еді, оған чемпио-нат қожайындары рұқсат бере қойған жоқ. Ал ойынның басы олар үшін ерекше қауіп ұялататындай ештеңе байқатпады. Команда бірінші болып шабуылға шықты. Бірінші болып қарсы қақпаға доп ұрды. Алаңда да еркін қимылдап жүргендей көрінген. Бірақ мұның бəрі алдамшы кө-рініс екен. Құраманың қорғаныс шебінің шетені тым бос болып шықты. Ол Уэльс жасағы алғаш қауырт шабуылға шыққан кезде-ақ сетінеп сала берді. 11-минутта

Джо Аллен өз алаңы беттен ұстай алған добын орталық қорғаушылар аймағының үстімен алға қарай зыр-латты. Оны бірден қағып алып, қақпаға қарай ұмтылған Аарон Рэмси сол заматта-ақ Игорь Акин феевпен бетпе-бет келді. Сол жекпе-жекте салқынқандылық та нытқан валлийлік форвард допты қақпашының үстінен асырып тастай салды.

Бұдан кейін Ресей құрамасы есепті теңестіру үшін алға ұм тылды. Алайда, оның ойынында аса қатты тегеурін де, қақпаны қақыратып өтетін тура соққы да болған жоқ. Есесіне қарсыластарының оқта-текте құйғытып алғы шептен шы-ға салатын шапқыншылықтары қа терді көбірек төндіріп тұрды. Осылайша бірінші таймның орта-сында жасалған кезекті қарсы ша-буыл кезінде Уэльс командасы тағы бір гол салып кетті. Сол дүрлігісте ең алдынан табылған Нил Тейлор алдымен голкиперге тура соққы

жасады, сосын одан қайтқан допты бос қақпаға атып жіберді. Ал 67-ми-нутта Рэмси ресейліктердің айып алаңына кіріп, ашық тұрған Гарет Бэйлді алға шығарды. Дарбаза ал-дына жалғыз келген ол Акинфеевті алдап түсірді. Есеп – 3:0.

Əлбетте, матч алдында ре-сейліктердің ұтылып қалу ық-тималдылығын ешкім естен шы-ғарған жоқ, бірақ дəл мынадай есептің тіркелетінін сезгендер тым аз шығар. Мұны матчтан кейін журналистермен кездескен Леонид Слуцкий де аңғартты. Ол, сонымен бірге, Ресей құрамасының Еуропа чемпионатындағы сəтсіз ойындары үшін барлық жауапкершілікті өз мойнына алуға дайын екенін атап көрсетті. Ендігі жерде орнына жаңа адамның келуі керек екенін де оның өзі білдірді.

Бұған қарағанда, Англия мен Словакия құрамалары арасындағы ойын біршама жайбарақат өтті. Ағылшындардың бапкері Рой Ходжсон мұның алдында Уэльс ко-мандасына қарсы кездесуге шыққан старттық құрамнан 6 ойыншыны алмастырды. Оның əріптесі Ян Козак болса, «жеңімпаз құрамын өзгертпейді» деген ескі қағидамен бұрынғы қалыпты ұстаныпты. Кездесудің бірінші таймында, сөз жоқ, Джейми Варди мен Адам Лаллана көбірек көзге түсті. Əуелі «Лестердің» форварды Натаниэль Клайн əуелетіп берген допты қақпа бағаны жаққа дəл бере алмай қалды. Содан соң қатар тұрған Мартин Шкртелді артқа тастап, қатты соққан добын Матуш Козачиктің қолына тура беріп қойды. Осы аралықта Лаллана командаласынан

қала қоймады. «Ливерпульдің» жартылай қорғаушысы алғашқы 45 минуттықта есеп ашу үшін ең қолайлы сəтті жіберіп алды. Ол оң қапталдан дəл жанына əуелетіп берілген допты қақпаға қарай қатты ұрғанда, оны керемет шеберлікпен құлап қайтарған Козачик қақпасын аман сақтап қалды.

Словактар шабуылдағы креа-тивті жасауға келгенде, көп кі-біртіктей берді. Олар тек екінші таймда ғана жойқын жорықтарға шыға бастады. Сол шабуылдардың бірінде Крис Смоллингтің өз қақпашысына сəтсіз тастаған до-бын Роберт Мак əдемі пайдала-нып кете жаздады. Келесі эпизодта қақпашы Джо Харт словактар ұрған допты серпіп тастады. Осының соңын ала Клайнның жақын жерден қатты соққан добы жолына Козачик тосқауыл болып жата қалды. Тағы екі минуттан соң Шкртел қақпаға кіріп бара жатқан допты қайтарып үлгерді. Ал алаңға Уэйн Руни шық-қаннан кейін ойын тізгіні түгел ағылшындар қолдарына көшті. Олар матчтың соңына қарай бір-неше рет жеңіс добын соғып кете жаздады. Бірақ мақсаттарына жете алмады. Осының салдарынан топта екінші болып қалды.

Кеше түнде Украина – Польша, Солтүстік Ирландия – Германия, Чехия – Түркия, Хорватия – Испа ния арасындағы ойындармен екі топтың командалары кездесулерін аяқтады. Бүгін қалған екі топтың ойындары өз мəресіне жетеді.

Темір ҚҰСАЙЫН,«Егемен Қазақстан»

Осы мемлекетаралық алқалы басқосу кезінде Парламент Се-на ты ның төрағасы Қасым-Жо-март Тоқаев пен Ресей Феде ра-ция Кеңесінің төрайымы Ва лен-тина Матвиенко бастаған екі ел парламентшілері мен Ба тыс Қазақ-стан облысындағы атқару шы жəне сайланбалы билік орган дарының жетекшілері шекаралас өңірлерге тəн шешімін күтіп тұрған өзекті мəселелерді ортаға салған еді.

Осындай жауапты сəтте Батыс

Қазақстан облысының əкімі Алтай Көлгіновтің үні айқын, нақты, тұ-жырымды əрі орнықты шыққан болатын. Сондықтан да бұған дейін республикалық баспасөз бет терінде жарияланбаған аймақ басшысының өткізу бекеттері, транс шекаралық Жайық өзенінің бүгінгі жай-күйі жөніндегі ой-пікірін газет оқырмандарының на-зарына бергенді жөн көріп отыр-мыз. Ең бастысы, өңір жетекшісінің ұтымды ұсыныстарына Ресейдегі билік лауазым иелері түсіністікпен құлақ түрді.

Қазақстан мен Ресей арасындағы

ортақ шекараның ауқымы жеті мың шақырымнан асып түсетіні бел-гілі. Осының ішінде тек бір ғана Батыс Қазақстанның ресейлік көр-ші лермен шекаралас аумағы 1,5 мың шақырымды құрайды. Ендеше, мұн-дай жағдайда қара пайым адамдар арасындағы қа рым-қатынастар мен тауар айналы мы жүйесі тетігі мінсіз əрі ойдағыдай болуы қажеттілігі та-лас туғызбайды. Міне, Алтай Көл -гінов халықаралық басқосу үстін де басты ой арнасын осы арадан са бақ-тады. Оның тайға таңба бас қан дай ұсыныс-пікірлерінің ұзын-ыр ғасы төмендегідей.

Ресейдің Саратов, Самара, Орынбор, Астрахань жəне Вол-гоград секілді бес бірдей ірі гу-берниясымен шектесетін Қазақ-станның осы батыстағы қақпасы аумағында 25 өткізу бекеті бар. Оның екеуі əуе жəне теміржол бе-кеттері болса, алтауы автобекеттер. Қалғандары жеңілдетілген жүйе бойынша жұмыс жасайтын бекет-тер. Бұлардың ерекшелігі сонда,

мұнда тұрғындар тек жаяу ғана шекараның арғы бетіне өте алады. Ал автокөлікпен өту мүмкіндігі мүлдем қарастырылмаған.

Шынтуайтына келгенде, шека-ралас өңірлер үшін жеңілдетілген жүйелерде автокөліктер қатынасын орнықтырудың ешқандай қиын-шылығы жоқ. Бұған қажетті ал ғы-шарттар мен мүмкіндіктер де жет-кілікті. Бұл мəселеге сіздер тү сініс-тікпен қарайды əрі тиісті қолдау көр сетеді деп сенемін, деді Батыс Қа-зақстан облысының əкімі Алтай Көл-гінов өз сөзін Ресей Фе дерациясы Фе -дерация Кеңесінің төрайымы Ва лен-тина Матвиенкоға қарай бағыт тап.

Сондай-ақ, ол өз пайымдаула-рын нақты мысалдармен дəйектеп отырды. Айталық, облыстағы Каз-талов ауданы Ресейдің Саратов об-лы сы ның Александров Гай ауда-нымен шектеседі. Көршілес аудан ор та лықтары арасының қашық-тығы 40 шақырымнан аспайды. Ашы ғын айтқанда, осы аралықта жеңілдетілген жүйе бойынша

атқарылып жатқан жұмыстар екі жақтың да талап-тілектерін қа-нағаттандыра алмай отыр. Егер аталған бекетке екі жақтан да ав-токөлік өткізуге рұқсат берілсе, бі-рінші кезекте тауарлар алмасу жəне шағын жəне орташа кəсіпкерлікті дамыту үшін даңғыл жол ашылар еді. Бұл өз кезегінде тауар айна-лымының жоғарылауына жəне қарапайым адамдар арасындағы байланыстардың жақсара түсуіне септігін тигізбек. Дəл осындай көрініс Бөкей Ордасы ауданы мен Ресейдің Астрахань облысы Ахтуба ауда ны аумағындағы «Молодость» бекетіне де тəн, деді А.Көлгінов.

Аймақ басшысы көтерген тағы бір мəселе, теміржол қаты настарына қатысты туындады. Мəселенің мə-нісі мынада. Батыс Қазақстан облы-сы аума ғын дағы теміржол бойында Сайхын жəне Жəнібек теміржол стансалары орналасқан. Осы қазақ-стандық стансалар арқылы Ресейдің барлық бағыт тарына əр тəулік сайын 16 жолаушылар пойызы тоқтамастан

ағып өте шығады. Осыған орай облыс əкімі аталған пойыздарды Сайхын мен Жəнібек стансалары-на аялдату үшін мемле кетаралық келісім қажет екенін жеткізді.

Қазақстан мен Ресей ара сын дағы ортақ проблемалы мə селелер тура-лы сөз қозғағанда транс шекаралық Жайық өзені бойында қалыптасып отырған күрделі экологиялық ахуал-ды ұмыт қал дыруға болмайды. Көршілес екі ел өзара тең пайдала-натын өзеннің деңгейі жыл сайын төмендеп, арнасы тартылып бара-ды. Оның арнасы мен суын қалпына келтіру бағытындағы іс-шаралар бірлесіп атқарылған жағдайда ғана тиісті нəтиже бере алады, деді Алтай Сейдірұлы.

Біз жоғарыда бұл маңайда авто көліктерге арналған алты бе-кет орналасқанын айт қан едік. Соның ең ірілері Қазақстан мен Ресей шекаралары аумағындағы «Маштаково» жəне Сырым халық -аралық автомобиль өт кізу бекеттері болып табылады. Əрі осы арадан Самара-Шым кент жəне кері бағытта Шым кент-Мəскеу автожолдары бас талады. Осы трассаның ұзын бойы мен халықаралық дең гейдегі автобекеттерді қайта жабдықтау мен

күрделі жөндеу жұмыстары да өз кезегін күтіп тұрғандай. Қазақстан мен Ресей парламентшілері жəне Батыс Қазақстан облысының атқарушы жəне сайланбалы билік өкілдері басқосуында бұл мəселелер де өз шешімін табуы керектігі жан-жақты сөз болды.

Мемлекеттік деңгейдегі лауа-зымды тұлғалардың халықаралық деңгейдегі басқосулары кезінде еліміздегі өңір басшылары, соның ішінде əртүрлі деңгейдегі əкімдер корпусы өкілдері өңірге қатысты түйткілді мəселелерді айта алмаса, бұл көрініс олардың дəрменсіздігін білдірмек. Əрі жалтақтық пен жалпақшешейлік танытатын мұндай басшыдан үміт те, қайыр да жоқ десек, шын дықтан алшақ кете қоймаспыз. Осы тұрғыда Қазақстан мен Ресей парламентшілері қатысқан жиында өзі басқарып отырған өңірдің проблемаларын жанашырлықпен көтере білген Батыс Қазақстан облысының əкімі Алтай Көлгі новтің батыл да іскерлік тұрғы сындағы ұсыныстары оның өзге əріптестеріне сіңісті болса игі.

Батыс Қазақстан облысы

Дода

Қазақстан мен Ресей елдері арасында мемлекет басшыларының мемлекетаралық мəселелерді талқылауға арналған жиындары мен кездесулері жиі-жиі өткізіліп тұрады. Тіпті, мұндай басқосулар көршілес елдердің елордалары Астана мен Мəскеуде ғана емес, сонымен бірге екі мемлекеттің шекаралас өңірлерінде де өткізілуі тəжірибеге берік орныға бас тады. Бұған биылғы жылдың басты мысалының бірі ретінде өткен мамыр айының екінші онкүндігінің бас кезіндегі Қазақстан мен Ресей парламентшілерінің Орал қаласындағы ресми сапары деуге болады.

Ґткізу бекеттерініѕ мїмкіндіктері мол

Е л о р д а к ү н і н е о р а й «Сахнадан сəлем!» халықаралық театр фес ти валі өз жұмысын бастады. Биыл төртінші мəрте өткізіліп отырған театр мерекесі 20-26 маусым аралығында өз көрермендеріне көптеген тың жобалар ұсынбақ. Фес тивальға Мəскеу қаласынан «Театр Лу-ны» жəне Киев қаласынан «PaperWall» өнер ұжым дары қатысуда. Сонымен қатар, Орал, Шымкент, Жезқазған, Алматы, Ө с кемен, Семей қалаларынан келген театр ұжымдары елор-да тұр ғындарына өз өнерлерін көрсетпек.

Кешті елімізге белгілі жас актер Əділ Ахметов пен Дəурен Серғазин жүргізді. Фестивальға қатысушылар өнеріне театр жəне кино саласының танымал май талманы Еркін Жуасбек бас таған қазылар алқасы баға береді.

Сахна шымылдығын Астана қала сының «Жастар» театры ашты. Жан-Пьер Пило мен Шуль тездің «Моцарт» мюзик-лі қойылды. Қойылымның

ре жиссері – театрдың көркемдік жетекшісі Нұрқанат Жақыпбай. Оқиға желісі бойынша Моцарт анасынан айырылған соң бір-неше уақыттан кейін өзінің му-засы Констанцияны кез дес тіреді, жа қындарының қар сы лығына қарамастан екеуі қосы лады. Париж халқына керемет, бірегей опералар сыйлап, халық тың қошеметіне бөленеді. Осындай шат нотада қойы лым өз мəресіне жетіп, театр ұжымы көрерменнің ыстық ықыласына бө ленді.

Театрсүйер қауым қойылым-дарды қаламыздың 3 театрынан тамашалай алады. Олар: Жастар театры, Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма теат ры жəне М.Горький атындағы мем ле-кеттік академиялық орыс драма театры. Алдағы уақытта қа зақ жəне орыс тілдеріндегі он қойы-лым өз көрермендерін кү теді.

Ардақ САМАТҚЫЗЫ,Қ.А.Ясауи атындағы

Халықаралық қазақ-түрік университетінің студенті

Аласапыран сəт енді басталады

Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшылығы белгілі қаламгер, ішкі істер органдарының ардагері, отставкадағы милиция генерал-майоры, əдебиеттің жанашыры

Мұрат Дүйсембіұлы ҚАЛМАТАЕВТЫҢқайтыс болуына байланысты марқұмның туған-туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады.

Бұрнағы күні футболдан Францияда өтіп жатқан Еуропа доп додасы тағы бір топтың ойындарын тиянақтап берді. Бұл жолы В тобындағы екі ойынның бірінде ірі есеп тіркелсе, екіншісі тең аяқталды. Тулузада ұтылған Ресей құрамасы енді еліне қайтатын болса, ұтқан Уэльс топтың көшін бастады. Ал Сент-Этьенде қатар өткен матчта Англия мен Словакия бір-бірлерінің қақпаларының құлпын

аша алмады. Бірақ ресейліктердің ұтылып қалуларына байланысты словактар да келесі кезеңге өтті.

Астанадаєы фестиваль

«Егемен Қазақстан»

Нəзира ЖƏРІМБЕТОВА,«Егемен Қазақстан»

І.Омаров атындағы облыстық қазақ драма театры биылғы маусымын «Айман-Шолпан» музыкалық коме-диясымен жапты. Бұл спектакль осы театр сахнасында бұрын да қойылған еді. Ал бұл жолғы қойылымның ерекшелігі – қазақ əдебиетіндегі классикалық шығарманы Қостанай қазақ драма театры мен Ресейдің Новосібір қалалық опера жəне балет театры өнер шеберлерінің сахнаға бірлесіп шығаруында болды. Спектакльді театрдың бас режиссері, Қазақстанның халық əртісі Ерсайын Төлеубай сахналады, музыкалық жағынан Ресейдің еңбек сіңірген əртісі Сергей Александровский қойды. Спектакльді музыкалық сүйемелдеген камералық оркес-трге Ресейдің еңбек сіңірген əртісі Эхтибар Ахмедов дирижерлік етті.

«Айман-Шолпан» жыры негізінде кемеңгер жазушы Мұхтар Əуезов жазған бұл пьесада халқымыздың бай дəстүр-салтын, өнерін, əзіл-қал жыңын, мінезін барынша мол бояуымен береді. Сол үшін жазушы халықтық жырда жоқ Жарасты шығарма бойы көріністерді жібекке тізгендей байланыстырып тұру үшін ойдан қосқан болатын. Жас актер Төленді Əлғожиннің Жарасты өзге кейіпкерлермен жарастыра білгені қуантарлық, əрине. Сахна ашылғаннан жабылғанға дейін Жарас-Төленді көрерменді актерлік шеберлігімен де, əнімен де жетелеп отырды. Айман мен Шолпанды ойнаған Зəмзəгүл Бегайдарова мен Ажар Шəкіржанова қос сұлудың ақылын да, ажарын да, орынды əзілін де, əнін де жеткізуге тырысты. Сонымен қатар Маман бай, Көтібар, Теңге, Əлібек пен Арыс тан об-раздары да театрдың Қоныс Бегайдаров (Көтібар) бастаған тəжірибелі актерлері Қабділмəжит Имановтың (Маман бай), Ақдəмен Досанованың (Теңге), Айбол Шəкір жановтың (Арыстанбек),

Бақыт жан Таңатқанұлының (Əлібек) шебер ліктерімен көрерменін баурады деп ойлаймыз.

Көрермен халықтық бастау-бұлақтарға шөліркеп келіп, театр есігін ашады. «Айман-Шолпанды» музы калық комедиялық драма не-месе мюзикл, опера етіп қойсын, бəрібір онда таза бұлақ суындай кəу-сар халық əні, биі, езу тартқыза оты-рып ой салатын, тəрбиелейтін қазақы тəтті қалжың мен тапқыр сөз жүрекке жетіп жатуы тиіс. Классикалық қойылым жеңіл күлкіні медет етіп, бүгінгі сахнадан түспейтін əзіл-қалжың отауы емес. Қазақта «əзілің жарасса, атаңмен ойна» деген сөз бар. Халқымыз қариясына əзіл айтса да зіл көрсетпеген. Сахнада Жарас Қортық шалды артынан теуіп жібер-генде шымылдықтың сыртына до-малап ұшып кетеді. Бұл қазақтың мінезінде жоқ нəрсе. Лирикалық жырда да, классик жазушының пьесасында да, либреттосында да халқымыздың мінезіне тəн тапқыр сөз дəріптеледі. Көрерменнің арзан күлкісіне малдану абырой əпермейді. Қойылымда Жарас пен саудагер өзбек Айман, Шолпан болып киініп алып, аңғал батыр Көтібарды алдай-тын жері бар. Батырдың мылтығын ұстап, оның көлеңкесіндей қасынан қалмайтын Қортық шал қыз болып киінген жігіттің артынан келіп,

етегінің астына басын тығып түш-кіруі көрерменнің күлкісін емес, жиіркенішін туғызғандай еді. Сахна ешкімнің ойына келгенін істейтін орын емес қой. Біздің халқымыздың салтына мұндай дөрекілік тəн емес екенін режиссерлер білуі тиіс еді. Қойылым барысында мылтық пен қамшы дауысының тарсылдап, гүрсілдеп жиі естілуі əн мен биге, əде мілікке, жарасымдылыққа ынты-зар көрерменнің мазасын алғандай еді. Сонымен қатар, актерлердің ми-крофон пайдаланса да сөзді анық айтпауы алдағы уақытта ескерсе деген көрермен тілегіне сұранып тұрғандай.

Ресейдің еңбек сіңірген əртісі Сергей Александровскийдің өзге ұлт шығармасын бұл тұңғыш сахналауы екен. Қазақ тілін, əдебиетін білмейтін ол осы іске бел буғанда «Айман-Шолпан» музыкалық комедиясы пьесасының орысша аудармасымен танысқанын, қойылымды дайындау барысында түсін беген тұстарын актерлер ауда-рып, көмектескенін айтты. Айтпақшы, биге «Біржан-Сара» операсындағы бидің музыкасын пайдаланды. Қойы-лымдағы шырқалған əн мен биді камералық ансамбль сүйемелдеді. Оның құрамындағы жетпеген төрт музыкант Новосібірден алдырылды.

ҚОСТАНАЙ

«Айман-Шолпанды» ресейлік режиссер сахналады

Театр

«Егемен Қазақстан»

Мəселенің мəнісі

22 маусым 2016 жылwww.egemen.kz10 Олжа

Мəссаған!

Міне, қызық! Қазақстанда жасалған

Жазылған жайдың жалғасы

Фотоэтюд

www.egemen.kz10

Сур

етт

і түс

ірге

н Ер

лан

ОМ

АРО

В

Меншік иесі:“Егемен Қазақстан”

республикалық газеті”акционерлік қоғамы

Басқарма төрағасыЕркін ҚЫДЫР

Басқарма төрағасының орынбасары – бас редактор

Жанболат АУПБАЕВ

МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ: 010008 АСТАНА, “Егемен Қазақстан” газеті көшесі, 5/13. 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58 А.

АНЫҚТАМА ҮШІН: Астанада: АТС 37-65-27, Алматыда: 273-07-87.БАЙЛАНЫС: Астанада: факс (7172) – 37-19-87 Электронды пошта: egemenkz@maіl.ru Интернет-редакция: [email protected]Алматыда: факс (727) – 273-07-87, электронды пошта – [email protected]

МЕНШІКТІ ТІЛШІЛЕР:Астана – 8 (717-2) 37-54-21;Ақтау – 8 (701) 593-64-78;Ақтөбе – 8 (713-2) 56-01-75;Талдықорған – 8 (728-2) 27-05-70;Атырау – 8 (712-2) 31-74-13;

Көкшетау – 8 (716-2) 25-76-91;Қарағанды – 8 (777) 949-64-77;Қостанай – 8 (714-2) 21-01-42;Қызылорда – 8 (701) 772-70-74;Орал – 8 (775) 336-47-57;

Өскемен – 8 (778) 454-86-11;Павлодар – 8 (718-2) 54-31-56;Тараз – 8 (726-2) 43-37-33;Шымкент – 8 (701) 362-63-76;Петропавл – 8 (715-2) 50-72-50.

ЖАРНАМА-АҚПАРАТ БӨЛІМІ: Астанада – 8 (717 2) 37-60-49, факс – 37-64-48, [email protected] Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 273-07-26, [email protected]

Материалдың жариялану ақысы төленген. Жарнама, хабарландырудың мазмұны мен мəтініне тапсырыс беруші жауапты.А

Газетті есепке қою туралы №01-Г куəлікті 2007 жылғы

5 қаңтарда Қазақстан Республи касының Мəдениет жəне

ақпарат министрлігі берген. «Егемен Қа зақ стан» республикалық газеті» АҚ ҚР СТ ИСО 9001-2009

Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» талаптарына сəйкес сертификатталған.

Индекс 65392. Аптасына 5 рет шығады. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 5 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. «Егемен Қазақстанда» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Тапсырыс 8921

Таралымы210 932 дана.

Газет мына қалалардағы:010000, Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС,050000, Алматы қ., Гагарин к-сі, 93 А, «Дәуір» РПБК ЖШС,100008, Қарағанды қ., Сәтбаев к-сі, 15, «Типография Арко» ЖШС,110007, Қостанай қ., Мәуленов к-сі, 16, «Қостанай полиграфия» ЖШС,120014, Қызылорда қ., Байтұрсынов к-сі, 49, «Энергопромсервис» ПФ» ЖШС,130000, Ақтау қ., 22-м/а, «Caspiy Print» ЖШС,030010, Ақтөбе қ., Рысқұлов к-сі, 190, «А-Полиграфия» ЖШС, 060005, Атырау қ., Ж.Молдағалиев к-сі, 29 А, «Атырау-Ақпарат» ЖШС,160000, Шымкент қ., Т.Әлімқұлов к-сі, 22, «Ernur prіnt» ЖШС,140000, Павлодар қ., Ленин к-сі, 143, «Дом печати» ЖШС,080000, Тараз қ., Төле би д-лы, 22, «ЖБО «Сенім» ЖШС,090000, Орал қ., Достық-Дружба даң., 215 А, «WESTA» ЖШС,040000, Талдықорған қ., Алматы қаласы, Мұқанов к-сі, 223 В, «Алматы-Болашақ» АҚ,070002, Өскемен қ., Абай д-лы, 20, «Печатное издательство-агентство Рекламный Дайджест» ЖШС баспаханаларында басылып шықты.

Газет Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС-те басылды, тел. 99-77-77. Тапсырыс №118 ek

Нөмірдің кезекші редакторы

Талғат РАЙЫМБЕК

Бақберген АМАЛБЕК,«Егемен Қазақстан»

Ақмола облысында құнды жə дігер табылды. Кеңөткел елді ме кеніне таяу жерде қазба

жұмыстарын жүргізген археолог-тар сақ кезеңінен қалған тарихи олжаға тап болды.

Мəліметтер бойынша, Л.Н.Гу-милев атындағы Еуразия ұлттық университетінің оқытушылары мен

студенттері алдымен жас өс пірім қыздың сүйегін тапқан. Артынша алтын бұйымдары мен VII ғасырда қыштан жасалған заттары шыққан.

– Біз əлі зерттеу жұмыстарын жал ғастырып жатырмыз. Қо-лыма сирек кездесетін, алтын-нан жалатылған түйреуіш түсіп отыр. Оған моншақтары қоса тізбектелген. Осыған байланыс-ты біз қабірді қыз балаға тиесілі деген болжам жасадық, – деді Еуразия ұлттық университетінің аға оқытушысы Серғазы Сəкенов.

– Бұл жерде ежелгі темір қоры-тушылар қызмет еткен. Біз көп нəр-сені сол кезең дегі тұрғындардың салған баспана ларының көлеміне қа рап анықтап отырмыз, – деді Павел Кучеров есімді студент.

Ақмола облысы

Алматыда Айгүл Медеулова есімді дəрігер туабітті саңырау балаларға күрделі ота жасау арқылы есту қабілетін қалпына келтіріп жүр. 1000-нан аса ота жасаған ол: «Əр операцияға алғаш рет жасайтындай үлкен жауапкершілікпен, терең сезіммен кіремін», дейді.

Саѕырауды санатќа ќосќан

Қанат ЕСКЕНДІР,«Егемен Қазақстан»

Медицинасы дамыған бір-қатар елдерде біліктілігін артты-рып келген Айгүл Рахманқызы – туабітті саңырауы бар бала-ларға кохлеарлы имплантант қою операциясын елімізде бірін-ші болып жүзеге асырған маман.

Көмей папилломасын алу операциясы республика бой-ынша осы уақытқа дейін құлақ-көмей ауруларына 1000-нан аса операция жасаған Айгүл Медеулованың тікелей өзі қаты-суымен өткізіледі. Жас та болса, отандық медицинада 15 жыл жемісті еңбек еткен талантты дəрігердің біліктілігін байқатса керек.

– Бала кезімнен ойлаған мақсатымның бəрі тек қана дəрігер болу ғана екен. Бүгінде сүйікті жұмысыма өмірімнің 65 пайыз уақытын арнаймын. Бірақ мен оған өкінбеймін. Өзімнің жеке өмірімнен 10 пайыз болса да жоғары деп айтатыным, Құдайға шүкір, балаларым ересек, отбасым өзімді қолдап отырады. Осының арқасында болар, өзім көбіне жұмысқа ынта-ықыласыммен берілемін. Алдыңа əлсіз үмітпен келген науқас баланың тілін табу, оның ата-анасымен жылы қарым-қатынас орнату дəрігердің пары-зы ғана емес, қабілет-деңгейі де болса керек, өзім алдыма келген сырқатқа бар пейілімді арнаймын, – дейді дəрігер.

Айгүл Медеулова – медици-на саласының үздігі, «Ақсай» республикалық клиникалық ауру ханасы директорының орын басары, мейірбан ана, өнер лі əріптес. Оның Тəңірдің өзі шипа дарытқан алтын қол-дарымен жылына 100 балаға аса маңызды ота жасалып, жылы-на 100 сəби мына дүниенің сан алуан үніне қанығып жатады.

АЛМАТЫ

Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ,«Егемен Қазақстан»

Ардан безгендердің алаяқ-тығы Гиппократ антына адалдық танытатын ақ халаттылар ара-сында да кездеседі десек, се-нер ме едіңіз? Сенуіңізге тура келеді дей аламыз. Бұған бұл-тартпайтын дерек рет інде , Атыраудағы перзентхананың орта буын қызметкері іңгəлап жарық дүние ес і г ін ашқан бейкүнə нəрестені саудалағаны дəлел бола алады. Шыр етіп өмірге келген шақалақ пен оның анасының өмірін сақтауға қол ұшын созады дейтін ақ халаттының адамгершілікке жат əрекеті ұйым дасқан қылмысқа қарсы күрес бас қармасының қызметкерлерімен біраз уақыт бақылауға алыныпты.

Өйткені, перзентхана қыз-мет кері сатылатын бала үшін

алдын ала келісілген 5 000 АҚШ долларының тең жартысын алып қойған. Ал 2 500 АҚШ дол-ларын жаңа туған сəбиді пер-зентханадан шығарарда алуға келіскен. Сол кезде нəрестеге анықтама қоса беруді көздепті. Қу құлқынын ақша тескен медицина қызметкерін полицейлер өткен жексенбіде ұстады.

– Күдіктінің Орталық Азия елде рінің бірінен келіп, осын-да босанған жас ананы бала-сынан бас тартуға көндіргені а н ы қ т а л д ы . С ə б и с а т у ш ы уа қытша оқшаулау орнына қамауға алынып, Қылмыстық кодекстің 135-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру бастал-ды, – деп хабарлады облыстық ішкі істер департаментін ің баспасөз хатшысы Гүлнəзира Мұхтарова.

АТЫРАУ

Думан АНАШ,«Егемен Қазақстан»

Семейде жергілікті конди-тер цехтарының бірінде қасиетті Рамазан айының құрметіне «Ауыз ашар» атты кондитерлік өнімдер жиынтығы шығарылуда. Өндірілген тағамдардың ішінде ши бауырсақ, жент сияқты ұлттық өнімдермен бірге құрма, печенье бар.

Цех жетекшісі Жанаргүл Жұма ғалиеваның айтуынша, отандық өнімге көршілес Ресей, Қытай, Моңғолия елдерінен тап-сырыс түсіп жатыр. Осыдан 10 жыл бұрын ашылған шағын цехта

бастапқыда 2-3 адам еңбек етіп, өнімнің 5-6 түрі ғана шығарылса, қазіргі таңда ол 30-ға жуық адам-ды жұмыспен қамтыған, қанатын кеңге жая бастаған кəсіпорынға айналып келеді.

– Мен мамандығым бой-ынша қазақ тілі мен əдебиеті пəнінің мұғалімімін. Сондықтан, кондитерлік цехымызда өнді-рілетін күлшелерімізді қазақы қалыпта атағанды ұнатамын. Мə-селен, «Тақия», «Шаңырақ» деген печеньелер бар. Түр-тұрпатына қарап та атай береміз, – дейді цех жетекшісі.

СЕМЕЙ

Ер ескерткішіӨнер академиясының 5-курс студенті Шах-Ахмет Ермекұлы дип-ломдық жұмысының тақырыбы ретінде алған Рақымжан Қош қар баевтың шағын ескерт кішін жасап шықты.Қанат ЕСКЕНДІР,«Егемен Қазақстан»

Ескерткіш макеті өзіндік қаһар ман сипатқа ие екен-дігімен қатар, ол жас мүсін-шінің ішкі рухани қуатын айқындайды.

– Əуелде диплом тақырыбын таңдар тұста Батырхан Шө-кенов, Қажымұқан сияқты қазақтың талантты ұлдарын сомдау туралы ой болды. Мен өз таңдауымды жасарда мəселеге патриоттық тұрғыдан қарадым да, ұлттың қаһарман ұлдарын жасағым келді. Бұл ескерткішті жасауға 4 апта-дай уақыт кетті. Қазір елімізде Рақым жан Қошқарбаевтың келбетін сипаттайтын мүсін не-месе нақты үлкен монументтік мүсіндер жоқ. Тек қана бюстері ғана бар, – дейді студент Шах-Ахмет Ермекұлы.

Американың The New York Times газетінің 1945 жылғы 1 мамырдағы нөмірінде «Кеңес қызыл туы Рейхстаг үстінде желбі реді» деген тақырыпта ма қала жари-яланып, онда: «Ешкім тізе бүктіре алмаған Гер ма ния-ның Рейхстагына Идрицк ди-визиясының лейтенанты Ра-қымжан Қошқарбаев пен жа-уынгер Григорий Булатов 30 сəуір күні сағат 15:00 шама-сында халық туын тікті» деп атап көрсетілген. Араға 62 жыл салып барып мойындалған ба-тыр Рақымжан Қошқарбаевқа арналған лайықты ескерткіш бой көтереді ғой, деген тілек білдіреді жас мүсінші.

АЛМАТЫ

Темір ҚҰСАЙЫН,«Егемен Қазақстан»

Өткен жылы газетімізде Казталов ауданындағы Қайыңды ауылының тұрғыны Асылұлан Жайынов Қараөзен айдынынан салмағы 45 кило, ұзындығы 2 метр болатын нəн жайын ұстап алғаны жөнінде кеңейтілген ақпарат жариялаған болатынбыз. Əрине, ол браконьер емес. Жұмыстан қолы босаған кез-де ауыл іргесіндегі өзенге келіп қармақ салу оның тек құр ермегі ғана. Балық түрлерінің арасында ең қомағайының бірі – осы жайын десе де болады. Мəселен құстың ішінде үйрек аузына не түскенін талғамай жұта беретін болса, жайын да со-лай өзіне ілінген судағы тіршілік ететін жəндіктің қай-қайсысын да таңдамастан қылғыта беретінге ұқсайды.

Бұл ретте Асылұлан жайын ұстау үшін қармағына құрбақа ілуді əдетке айналдырыпты. Өткен жылы ұстаған жайыны соған іліксе, бұл жолы да дəл солай болыпты. Үлкен құрбақаны қапқан аңғал жайын қармаққа қалай ілінгенін аңғармай қалыпты. Əйтеуір, осы жолы А.Жайынов қасындағы серігімен екеулеп жүріп балықтың «шошқасын» жағаға сүйреп алып шығыпты. Оның биыл ұстаған соңғы жайынының салмағы 70 кило тартыпты. Ал ұзындығы 2 метр, 20 сантиметрден асқан екен. Бұл былтырғы ұсталған жайынның салмағынан 25 килоға артық, 20 сантиметрге ұзын. Бүгінде Жайыновтың жайын ұстаудағы «іс-тəжірибесі» қармақ салғанды ермек ететін өңірдегі өзге əуесқойлардың да назарын аударып, олардың қатты қызығушылығын туғызып отыр.

Осы арада тағы бір айтайын дегеніміз, Қараөзен – əйгілі Еділ өзенінің бір сағасы. Ол өз арна-сын Ресей аумағындағы Еділден тартады. Мұның өзі мұнда ірі балықтардың өсіп-өнуіне ыңғайлы жағдай жасалғанының бір көрінісі деуге болады. Əрі өзен суының терең екендігінің айғағы. Осы жағымды жəйт ресейліктер Еділ өзенін қорғауға, ондағы балық қорының көбеюіне мемлекеттік деңгейде көңіл бөліп отырғанын танытады. Ал Орал өңірі аумағындағы Жайық өзені мен Шалқар көлінің деңгейі жылдан жылға тартылып мұндағы балық түрлерінің мүлдем азайып жəне ұсақталып бара жатқаны бəрімізді ойландыруға тиісті.

Батыс Қазақстан облысы,Казталов ауданы,Қайыңды ауылы

Думан АНАШ,«Егемен Қазақстан»

Бір ай бұрын «Қазцинк» компания-сына қарасты Талов қалдық қоймасында апат орын алғаны белгілі. Шығыс Қазақстан облыстық табиғат қорғау прокуратурасы қазір Риддер кен-байыту комбинаты қызметіндегі экологиялық заң талаптарының сақталуын тексеруде.

Еске сала кетейік, қалдық қоймасында 22 мамырда айналымдағы суды шығару жүйесі құрылғысының бір жағы опыры-лып, нəтижесінде қоймадан аққан төгінді су Филипповка өзеніне құйылған бола-тын. Судың төгілуі 22 мамырдағы сағат 09:30-дан 25 мамырдағы сағат 14.00-ге дейін орын алған. Риддер кен-байыту комбинаты маркшейдер бөлімінің

есебіне сəйкес, қоймадан аққан судың көлемі 394 452 текше метрді құрады.

Апат болған күндері облыстық эколо-гия департаментінің мамандары өзеннен бірнеше сынақ алды. Алынған сынақты талдау нəтижесінде су құрамында бір-қатар ластану зат тектерінің бар еке-ні анықталды. Осыған орай табиғат қорғау прокуратурасы департамент-ке «Қазцинк» ЖШС-тен қоршаған ортаға келтірілген залалды өндіру жəне апаттың себебін анықтау, заң бұзу-шылықтарды жою туралы ұсыныс енгізді. Департамент қоршаған ортаға келтірілген шығынды есептеп, оның сомасы 4 056 237 772 теңге құрағанын анықтады.

Облыстық табиғат қорғау прокуроры Бақытжан Ізғұтдиновтің айтуынша, ком-пания аталған қаржыны бір айдың ішінде бюджетке ерікті түрде құюы қажет.

ӨСКЕМЕН

Саќ дəуірінен саќталєан алтынАрхеологтар Аќмола ґѕірінен осындай жəдігер тапты

Дұрыс екен!

Жөн-ақ!

Нəресте ќўны... 5000 доллар ма?

Жайын ўстаєан Жайынов«Ауызашар» печеньесіСемейде ґндіріледі

Табиєатты ластаєанкəсіпорын 4 миллиард 56 миллион теѕге ґтемаќы тґлейді

«Егемен Қазақстан»

«Егемен Қазақстан»

«Егемен Қазақстан»

Елорданың ертеңі