Бейсенбі № 39 (9955) 27 қыркүйек 2018 жыл АУЫЛДА ІТ...

8
Қауын шыбыны мен жұпсыз жібек көбелегінің ауданға енуін болдырмау мақсатында карантиндік сертификат, фитосанитарлық сертификат қажеттігі айтылды. Кәсіпкерлерге айыппұл салынады 3 Бейсенбі № 39 (9955) 27 қыркүйек 2018 жыл 8 5 Қоян баптаған Мадияр Бұлдыртыға “Ақбұлақ” келді Бұлдырты ауылына «Ақбұлақ» бағдарламасы арқылы кіргізілген суды әрбір тұрғын үйге тартып алуға мүдделі болуы қажет Қазірде үйшіктерінде 8 қояны бар. Қояндарын саттыққа шығарудан түскен қаржысына киім-кешектер, кітаптарын алуға да қолдары жетуде «Нұр Отан» партиясының балаларға тегін ІТ сынып ашу жобасы аясында облыста 100 сынып ашылуы тиіс болса, соның бірі біздің аудан орталығындағы Қ.Мырзалиев атындағы орта мектепте. Қыркүйектің басында ашылған ІТ сыныпты аудан әкімі Төлеген Төреғалиев көріп, оқушыларға цифрлық технологияны меңгертетін сыныптың жұмысымен танысты. ІТ сыныпта 5 және 7 сыныптан 164 бала білім алып жатыр. Оларға күнде 40 минөттен информатика пәнінің мұғалімдері Саида Еленбаева мен Ерлан Өтеғали сабақ беруде. Бүгінде балалар конструктор арқылы робот құрастырумен айналысуда. Шынар МОЛДАНИЯЗОВА АУЫЛДА ІТ СЫНЫП АШЫЛДЫ Сырым ауданы әкімінің орынбасары Асланбек Сарқұловтың қатысуымен Бұлдырты ауылында бейресми жұмыспен қамтылған азаматтарды рәсімдеу жөнінде бірыңғай штабтың отырысы өтті. Жиынның мақсаты - бейресми жұмыспен қамтылған халықты заңдастыру, ел экономикасына және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне тарту, азаматтардың мәртебесін анықтау болды. Отырысқа Бұлдырты ауылдық округінің әкімі Ерлан Мақашев, аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Саламат Иманғалиев, аудандық мемлекеттік Кірістер басқармасының бас маманы Қайрат Абсатыров, аудандық жергілікті полиция қызметінің полиция учаскелік инспекторы Жасболат Мұхамбетжанов қатысты. Бұлдырты ауылы халық саны жағынан аудан орталығынан кейінгі тұрған округ болғандықтан мұнда 191 азаматтың мәртебесі базада көрінбей тұр. Олардың ішінде ауылдан көшіп кетсе де, тіркеуде тұрған азаматтар, жалдамалы жұмыста жүргендер бар. Шаруа қожалықтарының жұмысшыларына міндетті әлеуметтік сақтандыру төлемін аудару қажет. Штаб мүшелері кездесуде жұмыс берушілердің қарамағындағы жұмысшылармен еңбек шартын жасасуы және зейнетақы жарнасын аудару қажет екендігі жөнінде ескерту жасады. Шынар МОЛДАНИЯЗОВА Бұлдыртыдағы жүздесу

Upload: others

Post on 14-Jan-2020

15 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

Page 1: Бейсенбі № 39 (9955) 27 қыркүйек 2018 жыл АУЫЛДА ІТ …syrymeli.kz/wp-content/uploads/2018/10/39.pdf2 qoǵam 27 қыркүйек 2018 жыл Әрине,

Қауын шыбыны мен жұпсыз жібек көбелегінің ауданға енуін болдырмау мақсатында карантиндік сертификат, фитосанитарлық сертификат

қажеттігі айтылды.

Кәсіпкерлерге айыппұл салынады

3

Бейсенбі № 39 (9955) 27 қыркүйек 2018 жыл

8

5

Қоян баптаған Мадияр

Бұлдыртыға “Ақбұлақ” келді

Бұлдырты ауылына «Ақбұлақ» бағдарламасы арқылы

кіргізілген суды әрбір тұрғын үйге тартып алуға мүдделі

болуы қажет

Қазірде үйшіктерінде 8 қояны бар. Қояндарын саттыққа

шығарудан түскен қаржысына киім-кешектер, кітаптарын алуға

да қолдары жетуде

«Нұр Отан» партиясының балаларға тегін ІТ сынып ашу жобасы аясында облыста 100 сынып ашылуы тиіс болса, соның бірі біздің аудан орталығындағы Қ.Мырзалиев атындағы орта мектепте. Қыркүйектің басында ашылған ІТ сыныпты аудан әкімі Төлеген Төреғалиев көріп, оқушыларға цифрлық технологияны меңгертетін сыныптың жұмысымен танысты.

ІТ сыныпта 5 және 7 сыныптан 164 бала білім алып жатыр. Оларға күнде 40 минөттен информатика пәнінің мұғалімдері Саида Еленбаева мен Ерлан Өтеғали сабақ беруде. Бүгінде балалар конструктор арқылы робот құрастырумен айналысуда.

Шынар МОЛДАНИЯЗОВА

АУЫЛДА ІТ СЫНЫП АШЫЛДЫ

Сырым ауданы әкімінің орынбасары Асланбек Сарқұловтың қатысуымен Бұлдырты ауылында бейресми жұмыспен қамтылған азаматтарды рәсімдеу жөнінде бірыңғай штабтың отырысы өтті. Жиынның мақсаты - бейресми жұмыспен қамтылған халықты заңдастыру, ел экономикасына және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне тарту, азаматтардың мәртебесін анықтау болды. Отырысқа Бұлдырты ауылдық округінің әкімі Ерлан Мақашев, аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Саламат Иманғалиев, аудандық мемлекеттік Кірістер басқармасының бас маманы Қайрат Абсатыров, аудандық жергілікті полиция қызметінің полиция учаскелік инспекторы Жасболат Мұхамбетжанов қатысты.

Бұлдырты ауылы халық саны жағынан аудан орталығынан кейінгі тұрған округ болғандықтан мұнда 191 азаматтың мәртебесі базада көрінбей тұр. Олардың ішінде ауылдан көшіп кетсе де, тіркеуде тұрған азаматтар, жалдамалы жұмыста жүргендер бар. Шаруа қожалықтарының жұмысшыларына міндетті әлеуметтік сақтандыру төлемін аудару қажет. Штаб мүшелері кездесуде жұмыс берушілердің қарамағындағы жұмысшылармен еңбек шартын жасасуы және зейнетақы жарнасын аудару қажет екендігі жөнінде ескерту жасады.

Шынар МОЛДАНИЯЗОВА

Бұлдыртыдағы жүздесу

Page 2: Бейсенбі № 39 (9955) 27 қыркүйек 2018 жыл АУЫЛДА ІТ …syrymeli.kz/wp-content/uploads/2018/10/39.pdf2 qoǵam 27 қыркүйек 2018 жыл Әрине,

2 27 қыркүйек 2018 жылqogam

Әрине, сыбайлас жемқорлық дәрі беріп емдейтін сырқат емес. Айналасындағы салауатты, таза және сау ортаны шарпып, тыныс-тіршілігін тарылтатын, заңсыз әрекеттермен қоғамдық ортаның және мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, дара кәсіпкерлердің, азаматтардың қызмет етуіне қатер төндіретін қауіпті дертті болдырмаудың тетігі халықтың өзінде. Бұл дерттің алдын алып, қоғамға таралу жолдарын кесіп, оның ұлғаюына жол бермеу керек.

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу туралы» Заңның басты мақсаты – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, олардың жолын кесу және ашу болып табылады. Осы заңмен, мемлекеттік міндетті атқаратын және де оларға теңестірілген адамдардың лауазымдық өкілеттігін, мүмкіндіктерін пайдалана отырып, пайда табу сыбайлас жемқорлық, деп анықталған.

Елбасы жолдауында: «Заңды бұзған екенсің,

оның баптарына сәйкес жауапқа тартыласың» дейтін нақты ереже бар. Олай болмаған күнде біз кеңестік кездегі «заң қалай бұрсаң, солай бұралатын тәртенің» керін қайталайтын боламыз», - деп атап көрсеткен. Ендеше, жемқорлықты жоюды мақсат еткен техникалық реттеу және метрология комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің қызметкерлері де жолдауда берілген тапсырмалардың шындыққа айналып, заңнамалардың талапқа сай орындалуына мүдделілік танытуды міндеті деп санайды. Қорыта айтқанда, мемлекеттік қызметкердің атына кір келтіретін әрекеттерден әркімнің де аулақ болғаны жөн. Мұндай заңбұзушылыққа қасақана барғандар қатаң жазаға да тартылады. Оларға біздің қоғамда да, арамызда да орын жоқ екенін түсінгені абзал.

Жанақын ТыгынБаев,техникалық реттеу және метрология

КомитетініңБҚО бойынша Департаментінің

бөлім басшысы - Әдеп жөніндегі уәкілі

ЗаҢ БҰЗҒанДаР ЖАЗАЛАНАДЫ

Сыбайлас жемқорлықтың мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін едәуір төмендететіні, қоғамда демократиялық қайта құруларды жүзеге асыруды тежейтіні, елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіретіні белгілі.

Аталған жаңа жүйені ауданымызда ақпараттандыру үшін бейресми жұмыспен қамтылған азаматтарды тіркеу жұмыстарын жүргізу жөніндегі бірыңғай штаб құрылған болатын. Штаб құрамында жергілікті атқарушы, құқық қорғау органының және денсаулық сақтау саласының өкілдері бар.

Жалпы аудан бойынша 2017 жылдың 31 желтоқсанында мәртебесі жоқ 2612 адам болды. Бүгінгі күні оларға мәртебе беріліп, 1420 адам немесе 54,4% өзектендіріліп, қазіргі кезде 1192 адам немесе 45,3% қалып отыр. «Мәртебе беру» мемлекеттік деректер базасында міндетті зейнетақы жарнасы жоқ жұмыс жасайтындар, өзін-өзі жұмыспен қамтушылар, тіркелмеген жұмыссыздар, студенттер, қоныс аударғандар, қайтыс болғандар, жүкті әйелдер, үй шаруашылығындағы әйелдер, 3 жасқа дейінгі бала күтіміндегі әйелдер, тіркелмеген оралмандар секілді азаматтардың мәртебелері көрсетілген.

Ауданда азаматтардың әлеуметтік мәртебесін анықтау үшін жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Атап айтсақ, жыл басынан бері бірыңғай штаб мүшелері ауылдық округтерде өткен кездесулерде міндетті әлеуметтік мециналық сақтандыру жүйесінің енгізілуіне байланысты өзектендіру, азаматтардың мәртебесін анықтау жұмыстарының сапалы және уақытылы атқарылу қажет екендігі атап өткен болатын.

Өзектендіру мәселесіне қатысты аудандық кірістер басқармасы, Әділет департаменті, округ әкімдері, ішкі істер, білім беру, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерімен және жұмыспен қамту орталығы жұмыстарының күн тәртібіне азаматтардың мәртебесін анықтауда қабылданған шаралар мен оң нәтижеге жету жауапкершілігі тапсырылды. Сонымен қатар штаб мүшелерінің ауылдық округтерде өткен кездесулерінде жұмыс берушілердің қарамағындағы жұмысшылармен еңбек шартын жасасуы және зейнетақы жарнасын аудару қажет екендігі жөнінде ескертпе, жадынамалар таратылды.

Сондай-ақ аула аралау, тексеріс жұмыстары кезінде анықталған өзін-өзі жұмыспен қамтушы және тіркелмеген жұмыссыздарды жаңа мамандық алуға немесе шағын несие беру арқылы жеке кәсібін ашуға және нәтижелі жұмыспен қамту шараларына тартуға жұмыстануда.

Әрбір аудан тұрғынның мәртебесін анықтау арқылы жұмыссыз және өзі-өзін нәтижесіз жұмыспен қамтушы азаматтарды жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартуға мүмкіндік аламыз.

Есте сақтайтын бір жәйт, тұрғындар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға қатысты өз мәртебесін нақтылап алғаны жөн.

е.УТепОв,

аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының маманы

Мәртебе анықтау маңыздыЕлімізде міндетті әлеуметтік

медициналық сақтандыру жүйесінің енгізілуіне байланысты азаматтардың әлеуметтік мәртебесін анықтау жұмыстары жүргізілуде.

«Қазақстан-2050» Стратегиясында «Мемлекеттің жаңа саяси бағытында», сыбайлас жемқорлық республикамыздың ұлттық қауіпсіздігіне нақты қатерлердің бірі саналады.

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған 2014 жылы желтоқсанда қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясында оны қысқартудың кешенді шаралары көзделген.

Егер бұрын сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету жүйесі негізінен сыбайлас жемқорлықтың салдарымен күресуге бағытталған және кінәлілерді қылмыстық жазалауда айтарлықтай дәрежеде білдірген болса, онда қазіргі кезде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өз қатарларында елеулі түзетулер енгізілді. Сыбайлас жемқорлықты азайтуға қоғамның күш-жігерін біріктіру жолымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған.

Мемлекеттік кірістер органдарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету бағыттарының бірі ретінде комитетпен адам факторының мемлекеттік қызмет көрсету процедураларына ықпалын барынша азайту бойынша ауқымды жұмыс жүргізілуде.

Мемлекеттік кірістер органдарымен барлығы 48 мемлекеттік қызмет көрсетіледі, оның ішінде 29 қызмет салықтық бағытында және 19 қызмет кедендік бағытында.

Қызмет алушылардың мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алу мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа көшіру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі күнге 48 мемлекеттік қызметтен 32 мемлекеттік қызмет (немесе 66%) автоматтандырылған, оның ішінде 28 қызметті «Электронды үкімет» порталы арқылы алу мүмкіндігі бар.

Сонымен қатар, «Мемлекеттік корпорация «Азаматтар үшін үкімет», «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін бірыңғай провайдер болып табылатының ескере отырып, комитетпен қазіргі уақытта мемлекеттік кірістер органдарымен мемлекеттік қызмет көрсетуді мемлекеттік корпорациялар арқылы беруді жүзеге асыруда.

Бүгінгі таңда мемлекеттік корпорация арқылы 27 қызмет көрсетіледі оның ішінде альтернативті негізде 26 қызмет (21-салықтық және 5- кедендік бағыттағы) және 1 альтернативсіз негізде кедендік бағытта көрсетіледі.

Осылайша, салық және кедендік әкімшілендіру қолданыстағы бизнес-процестерді жаңғырту мақсатында жаңа ақпараттық жүйелерді енгізу және оларды қолданыстағымен интеграциялау көзделген. Электронды декларациялау, алдын-ала ақпараттандыру, экспорттық – импорттық операциялар шеңберінде «Е-терезе» («Астана-1» дамыған АЖ шеңберінде), Е- аудит сияқты жаңа әкімшілендіру механизмдері, аудиторлық компанияларға аутсорсингтің салықтық тексеруін ұзарту, электрондық шот ұсыну, шоттарын міндетті түрде қолдануды кезең-кезеңмен кеңейту адами факторының және тиісінше, сыбайлас жемқорлықтың деңгейін айтарлықтай төмендету болып табылады.

Еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы біздің мемлекеттің саясатының тұрақты құрамдас бөлігі болып табылады, жалпы алғанда жемқорлық проблемасы жеке қазақстандықтардың, аймақтың және министрлердің тағдырына ғана емес, бүкіл еліміздің болашағына әсер етеді. Жұртшылықтың қатысуынсыз сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мүмкін емес.

Біз қоғамдық ұйымдардың, соның ішінде шағын және орта бизнес қауымдастықтарына ашықпыз, туындаған мәселелерді талқылауға, кездесуге дайынбыз. (Мекен-жайымыз Жымпиты ауылы Қазақстан көшесі, 8).

Мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері тарапынан дөрекілік, адамдық қадір-қасиетін қорлау, мінез құлықсыз және заңсыз қәсіпкерлік қызметке араласу фактілері анықталған кезде және жеке мүдделер бойынша ресми өкілеттіктерді пайдаланған кезде әрбір тұлға Мемлекеттік кірістер басқармасының басшылығының телефонына 8(711-34) 31-1-28, Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің сенім телефонына 8(7112)53-84-27 немесе Ішкі қауіпсіздік басқармасының 8(711-39)53-84-24 телефон нөмірлеріне хабарлай алады.

Бахыт РаЗиева, Сырым ауданы бойынша мемлекеттік кірістер

басқармасының бөлім басшысы

Жемқорға жеңіл жаза жоқ№6 Сарой сайлау округі бойынша шы-ғып қалған мәслихат депутатының орнына тіркелген кандидаттар

№ 6 сайлау округі

Page 3: Бейсенбі № 39 (9955) 27 қыркүйек 2018 жыл АУЫЛДА ІТ …syrymeli.kz/wp-content/uploads/2018/10/39.pdf2 qoǵam 27 қыркүйек 2018 жыл Әрине,

327 қыркүйек 2018 жыл TARIH

ЕЛГЕ ЕЛЕУЛІ ЕСІМДЕР (Жалғасы. Басы №34, №35, №36, №37, 38 сандарда)

Жеке кәсіпкерлерге ҚР «Өсімдіктер карантині туралы» Заңы және карантинге жатқызылатын өнімдерді өткізу және тасымалдау барысында тиісті құжаттардың міндетті түрде болуы қажеттігі жөнінде түсіндірілді. Сала мамандары сонымен қатар қоғамдық орындарда ақпараттық хабарламалар мен жадынамалар орнатып, таратты.

«Өсімдіктер карантині туралы» ҚР Заңына сәйкес республика аумағына карантинге жатқызылған өнімдерді экспортқа шығарушы елдердің фитосанитарлық сертификатынсыз әкелуге тыйым салынған. Бекітілген тізбеге сай карантинге жатқызылған өнімді Қазақстанға әкелуге фитосанитарлық сертификат, ал облысаралық тасымалдау үшін карантиндік сертификат болуы қажет. Қауын шыбыны мен жұпсыз жібек көбелегінің ауданға енуін болдырмау мақсатында карантиндік сертификат, фитосанитарлық сертификат және бақылау қадағалау актісі қажеттігі айтылды. Сырым аудандық аумақтық инспекциясының өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы Айгерім Кеңесова екінші мәрте өнімді тексертуге келмеген жағдайда ҚР ӘҚБ туралы Кодексінің 400-бабына сәйкес кәсіпкерге айыппұл салынатынын ескертті.

Шынар МОЛДАНИЯЗОВА

Кәсіпкерлерге айыппұл салынады

ҚР ауыл шаруашылық министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Сырым аудандық аумақтық инспекциясының өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы айгерім Кеңесова мен аудандық ішкі істер бөлімі жергілікті полиция қызметінің полиция инспекторы, Қадырбек Ғабдешов аудан орталығындағы жеке кәсіпкерлердің құқықтық сауатын арттыру бағытында түсінік жұмыстарын жүргізді.

ТРеТЬЯК иван Михайлович 1918 жылы 25 тамызда Украинадағы Полтава облысы Садки селосында дүниеге келген. 1992 жылдың қазан айында Тоғанас ауылында қайтыс болды. И.М.Третьяк 1940 жылы Горск ауыл шаруашылық институтының агрономия факультетін тәмамдаған. 1941-1943 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысқан 1943 жылдан 1949 жылға дейін Оңтүстік Қазақстан облысының Ваннова ауданындағы 122-ші жылқы зауытында бас агроном болып қызмет етті. 1949 жылы маусымда Батыс Қазақстан облысы Жымпиты ауданы (қазіргі Сырым) 117-ші жылқы зауытына бас агроном қызметіне жіберілді. Осы шаруашылықтың ізінде құрылған «Правда» газеті атындағы кеңшарда И.М.Третьяк мүгедектігі бойынша 1975 жылы зейнеткерлікке шыққанша еңбек етеді. Егін шаруашылығындағы жоғары өндірістік жемісті еңбегі және маман кадрларды тәрбиелеуге белсенді

қатысқаны үшін екі мәрте «Ленин» орденімен, «Еңбек Қызыл ту», «Қазан революциясы» ордендерімен және бірнеше рет медарльдармен, құрмет грамоталармен марапатталған. Ұзақ жылғы ауылшаруашылығындағы жемісті еңбегі үшін И.М.Третьяк «Қазақ ССР-не еңбегі сіңген агроном» құрметті атағы берілген. Сырым ауданының «Құрметті азаматы».

ІЗМҰХанОв Әндіжан Қажбайұлы 1931 жылдың 1 қаңтарда

Орал облысына қарасты (Батыс Қазақстан облысы), Жымпиты ауданының Жымпиты поселкесінде қызметкер семьясында туған, ұлты қазақ. Әкесі Ізмұханов Қажбай 1932 жылы дүниеден қайтты. Шешесі Есжанов Рахила үй шаруасы, бала тәрбиесімен айналысты.

Жымпитыдағы қазақ орта мектебінің 10 класын күміс медальмен бітіріп, Алматыдағы қазақтың мемлекеттік медицина институтының емдеу факультетіне түсіп 1955 жылы сол жоғары оқу орнын бітіріп дәрігер мамандығын алды. 1955 жылы институт бітірген соң Орал облысының Бөрлі ауданындағы «Пугачев» совхозында аурухананың бас дәрігері және хирургі міндетін атқарды. 1956 жылы Қазақ ССР Ғылым Академиясының жанында Қазақтың клиникалық және эксперименталық хирургия институтының клиникалық бөліміне конкурстан өтіп,

кіші ғылыми қызметкер болып тағайындалды. Сол кезде бұл институтты Қаз.ССР Ғылым Академиясының академигі А.Н.Сызганов деген профессор хирург басқарған болатын.

1956 жылдан 1999 жылға дейін сол Қазақтың клиникалық және эксперименталды Ғылым Зерттеу институтында кіші ғылыми қызметкері, аға ғылым қызметкері, жүрек-қан тамыр бөлімінің меңгерушісі, Республикадағы қан-тамырлар ауруларын емдеудегі орталықтың бас маманы, меңгерушісі болып, кейін осы А.Н.Сызганов атындағы клиникалық және эксперименталды ғылыми зерттеу хирургия институтының директоры болып тағайындалды. (1985-1987). 1959 жылы Москвада дәрігерлер білімін жетілдіретін Орталық институтында жүрек-қан тамыр аурулары хирургия (кеуде хирургиясы) бойынша білімін толықтыру курсын бітіреді. 1967 жылы медицина ғылымының кандидаттығына диссертация қорғап аға ғылыми қызметкерлікке көтерілді. 1970 жылы ВАК-тың (Москва) шешімімен Ә.Қ.Ізмұхановқа хирургия мамандығы бойынша аға ғылыми қызметкер атақ берілді. 1964-1965 жылдары осы институтта істей жүріп Қазақ ССР Денсаулық сақтау министрлігінің дәрігерлер білімін жетілдіру институтының кеуде хирургиясы кафедрасының ассистенті болды. (Кафедра меңгерушісі академик А.Н.Сызганов болатын.) Ә.Қ.Ізмұханов Қазақстан медицинасының ғылымына үлкен үлес қосқан ғалым. Оның 198 ғылыми еңбектері жарық көрді. «Ревматизмнен пайда болған жүрек ақауын емдеу» монографиялық еңбегі осы саладағы дәрігерлерге нұсқа. Оның монографиясы 1981 жылы жарық көрді. 1982 жылы осы монографияға 1982 жылы еңбегі үшін Әл-Фараби атындағы медаль және Қазақ ССР Денсаулық сақтау министрлігінің бірінші дәрежелі дипломы берілді. 1984 жылы Республикадағы денсаулық сақтау ісі мен медицина ғылымына қосқан үлесі «Қазақ ССР-ның халықтар шаруашылығының жетістіктерінің көрмесі» дипломы тапсырылды. Басқа да ғылыми зерттеу жұмыстарының негізгі бағыты зақымдалған тамыр, қолқа, жүрек тамырларын емдеудің әдіс -тәсілдеріне арналған. Облыстарға консультацияға, шұғыл «жедел» шығатын топтың басы - қасында үнемі өзі болды.

Ә..Ізмұханов көптеген Республикалық, Бүкіл Одақтың және дүниежүзілік конференция мен съездерге қатысып баяндамалар жасады.

Ә.Ізмұхановқа үкіметтің мынадай наградалары берілді:Тың жерлердегі еңбекшілерге дәрігерлік көмек бергені үшін 1956 жылы «Тың жерді игергені

үшін» медалі, 1966 жылы жүрек хирургиясын Қазақстан Денсаулық министрлік ісіне енгізгені үшін «Құрмет Белгісі» орденімен, 1967 жылы «Денсаулық сақтау ісінің үздігі белгісімен», 1981 жылы қан-тамырлар ауруын емдеудегі сіңірген еңбегі үшін «Еңбек Қызыл ту» орденімен марапатталған. Кейін «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды. Қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақтың Ұлттық Мемлекеттік университетінде биология факультетінің адам және жануарлар физиологиясы және биофизика кафедрасында студенттерге сабақ берді. Сырым ауданынынң «Құрметті азаматы».

ШУБин виктор игнатьевич (1919, Ресей Краноярск өлкесі Усин ауданы Жоғары Усин селосы - 25.08.1997. Орал қаласы) жергілікті басшы.

Еңбек жолын 1935 жылы Оңтүстік Батыс темір жолы Коростень депосында паровоз машинисінің көмекшісі болып бастады.

1942 жылы Алматы зоотехникалық-мал дәрігерлік институтын бітіргеннен кейін Целиноград облысының «Восточный» совхозында аға зоотехник болып істеді. 1942-1946 жылдары Совет Армиясы қатарында қызмет атқарды. Ұлы Отан соғысына қатысты. Әскерден оралған соң Шымкент облысындағы N122 қашыр заводы директорының орынбасары. Көкшетау облысындағы N111 жылқы заводында аға зоотехник болды.

1950 жылдан N117 жылқы заводының, кейін Орал облысы Жымпиты ауданы «Правда» газеті атындағы астық совхозы болып құрылғанда соның директоры болып 1995 жылғы зейнеткерлікке

шыққанға дейін жұмыс істеді. Ол соғыстан соңғы жылдардан бастап өндіріс процесін жаңаша ұйымдастыра бастады. Барлық күш-жігерін совхоз өндірісін өркендету, рентабельдікке қол жеткізуге ауыл тұрғындарының мәдени-тұрмыстық жағдайын жақсартуға жұмсады. Соның арқасында оның басшылығымен совхоз коллективі тамаша көрсеткіштерге жетті. Қысқа мерзім ішінде көп салалы озат шаруашылықтардың қатарына қосылды. Тың жерді игеру нәтежесінде де егіс көлемі ұлғайды мемлекетке астық сатудың мөлшері көбейді. 1965 жылы совхозбұрын болып көрмеген мол өнім жиналып, мемлекеке 1 млн.800 мың пұт астық өткізілді.

Виктор Игнатьевич - Ұлы Отан соғысының ардагері. Ол «Ұлы Отан соғысы», 4 рет «Ленин» және «Октябрь революциясы» ордендерімен және бірнеше медальдармен марапатталған.

Ауыл шаруашылығы өнімін өндірудегі сіңірген ерен еңбегі үшін СССР Жоғарғы Совет Президиумының 1957 жылғы 14 қаңтардағы Указымен Виктор Игнатьвич Шубинге «Социалистік Еңбек Ері» атағы берілді. Сырым ауданының «Құрметті азаматы».

(Жалғасы бар)

Page 4: Бейсенбі № 39 (9955) 27 қыркүйек 2018 жыл АУЫЛДА ІТ …syrymeli.kz/wp-content/uploads/2018/10/39.pdf2 qoǵam 27 қыркүйек 2018 жыл Әрине,

4 27 қыркүйек 2018 жылRYHANI JANGYRY

Мәдениет саласындағы өркенді істер

«Атамекен» кіші бағдарламасы жергілікті қоғамның мәселелерін шешуде азаматтардың, үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер, волонтерлер, меценаттар, бизнес өкілдері мен мемлекеттік органдар күшін біріктіруге бағытталған. Өңірлердің өзекті қажеттілігін айқындап, оларды шешу үшін азаматтардың белсенділігін ынталандыру арқылы жергілікті тұрғындардың бастамаларын ілгерілету болып табылады. Бағдарлама аясында іске асырылған нақты шаралардың елеулі дегендерін атап айтсам:

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Атамекен» кіші бағдарламасы бойынша аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы және “Сырым жастары жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен зиялы қауым өкілдері мен мектеп оқушылары арасында кездесу өтті. Кездесуге аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ә.Галимов, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Т.Даргужиев, Ж.Досмұхамедов және Қ.Мырзалиев атындағы мектептердің оқушылары мен ұстаздары қатысты. Сондай-ақ, ауылдық округтерде және «Сырым» колледжі жастарымен жүздесулер өтті.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы «Атамекен» кіші бағдарламасы бойынша әлеуметтік бастамалар аясында аудандағы жастардың волентерлық қозғалысының белсенділерімен семинар-тренингтер өткізілді және диалогтық алаң құрылды. Тренингтің мақсаты студенттердің ойлау, шебер сөйлеу мәдениетін дамыту.Семинар – тренинг барысында әр түрлі ойындар ұйымдастырылды. Сонымен қатар студенттерге алдағы уақытта жастармен бірлесе ұйымдастырылатын жобалар туралы түсінік берілді. Тренингке белсене ат салысқан студенттерге сертификат табыс етілді.

Жұмыс іздеуші жастарды ынталандыру бойынша «Soft skilis»тренингін өткізіп, тегін кәсіптік бағдар бойынша оқу курстары жөнінде мәлімет берді. Жиынға қатысушылар үшін «Дипломмен ауылға», «Жастар тәжірибесі», «Жасыл ел» бағдарламасы жөнінде арнайы бейнеролик көрсетілді.

Аудан бойынша тыл ардагерлері, жалғызбасты қарияларға көмек көрсету «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы аясында аудандағы 12 округтің бәрінде ауыл жастарының қатысуларымен мекенжайлық қайырылымдылық бағытындағы шаралар өткізілді. Осындай игі шаралар жалғаса бермек.

Айгерім СеРІКҚаЛиева, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы

басшысының міндетін уақытша атқарушы

«Рухани жаңғыру» аясындағы шаралар

Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық мақаласында (бұдан әрі – «Рухани жаңғыру» бағдарламасы) алға қойған мәдениет саласындағы жаңа міндеттерді ескере отырып, ауданның мәдениет саласын дамытуда біркелкі жұмыстар атқарылуда

Мәдениет саласына қатысты «Рухани Қазына» кіші бағдарламасы «Туған жер – Туған ел», «Қасиетті Қазақстан», «Қазақстанның мәдени жетістіктері» атты 3 базалық бағыттарды және «Қазақ тілінің латын карпіне көшіру арнайы жобасын қамтиды.

«Латын карпіне көшу» жобасы аясында аудан көлемінде осы кезеңге дейін 32 түрлі деңгейде шаралар оздырылып, оған 3000 нан астам тұрғындар тартылды. Облыстық форум, облыстық тілдерді дамыту басқарамасы мен тіл мамандарының қатысуларымен 3 көпшілік жиындар, аудан тұрғындары мен түрлі сала қызметкерлерінің қатысуларымен 18 жиындар, сауалнамалар, пікірталастар ұйымдастырылды. БАҚ-да осы уақытқа дейін 11 латын карпіне көшу туралы түрлі пікірлер, қолдаулар т.б. мақалалар жарық көрді.

Алдағы уақытта облыстық мамандардың қатысуларымен «Латын қарпі-дамудың жаңа серпілісі» атты семинар ұйымдастырылатын болады және аудандық деңгейде түрлі сала мамандарымен қатар еңбек ардагерлерінің мектеп, колледж оқушыларының қатысуларымен түрлі кездесу, пікір алмасу сияқты шаралар оздырылады. Сонымен қатар алғаш рет Республика бойынша аталып өткен «Тілдер фестивалі» аясында да шаралар қамтылды.

«Рухани қазына» кіші бағдарламасы және «Туған жер – туған ел» жобасы аясында жыл басынан бері жопарланған шаралардың ішінде 17 шара оздырылды. Олардың ішіндегі ауқымдыларына тоқталатын болсақ, «Сырым аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесіне» дарынды жазушы, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, жерлесіміз Мұқадес Есламғалиұлының есімінің берілуіне орай салтанатты шара ұйымдастырылды. Алаш музейінде Батыс Алашорда үкіметінің құрылғанына 100 жыл толуына орай «Кешегі Алаш идеясы-бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан» атты кең көлемді иллюстративті кітап көрмесі, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Д.Ізмағамбетовтың «Донеділ» атты кітабының тұсаукесері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақконцерт өнер бірлестігінің бас директоры, А.Маемировтың шығармашылық кеші, жерлес әнші, Ж.Ғайсағалиевтың шығармашылық кеші, ақын Б.Ширмерденұлының «Қалаға хат» атты кеші, Орал қаласында дәстүрлі әнші А.Алдамжаровтың «Алқаңа келдім асылдар» атты кеші, әнші термеші М.Мамыховтың «Сахна әншісімен әрленгеде» атты кештерін атап өтуге болады. Мұның сыртында ұсақты ірілі шараларда өз кезегімен өткізілді.

Алдағы уақытта «Күнбатыс Алашорданың идеологиялық маңыздылығы» тақырыбында республикалық деңгейдегі конференцияны дала қызықтарымен ұйымдастыру бағытында дайындық жұмыстары пысықталуда. Шара мақсаты: Батыс Алашорда құрылуының, оның негізгі бағыттары мен мақсаттары, т.б. деректемелері бойынша тәжірибиелік, ғылыми тың деректер қалыптастыру.

Сонымен қатар Социалистік еңбек Ері У.Шоқановты еске алуға орай мәдени-спорттық шара өткізілді.

«Қасиетті Қазақстан» базалық бағыты бойынша ауданда қасиетті орындардың тізбесі жасақталды, оған 35 тарихи орын енгізілді. Осы 35 орынның ішінен 9-ы облыстық тізімге енді, 2-уі республикалық, яғни Алашорда музейінің ғимараты және Жұмағазы Хазірет қорымы еніп отыр. Республикалық тізімге енгізілген Алашорда музейі мен Жұмағазы Хазірет қорымын насихаттау бағытында түрлі шаралар оздырылуда. Алашорда музейімен танысуға республикалық, облыстық және аудандық деңгейде мектеп оқушылары, түрлі сала мамандары, БАҚ өкілдері келуде.

Жұмағазы Хазірет қорымын насихаттау бағытында және ұлттық спорт түрлерін дамытуда аударыспақ, қазақша күрес оздырылды. Сонымен қатар жастардың ат спортына қызығушылықтарын арттыру мақсатында «Қайсар» спорт клубының ұйымдастыруымен аудан орталығында қыс айларында апта сайын орталық стадионда тай жарысы оздырылды.

Алдағы уақытта тұрғындар арасында спортқа деген қызығушылықтарын арттыру, ұлттық спорт түрлерін дамыту мақсатында қазан айында көпшілік тұрғындар арасында асық ату, қазақша күресті насихаттауда А.Шайхиевті, О.Қожагелдинді, А.Қасымовты еске алуға арналған жасөспірімдер арасында күрес өткізіледі.

Міне, осынау шаралардың өзі Елбасы Н.Назарбаевтың «болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында айтылған нақты міндеттерді жүзеге асыру бағытында атқарылған игі жұмыстар болмақ. Осындай өркенді істер болса келешекте де жалғасын таба бермек.

С,нҰРпейІСОв,аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене

шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы

Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында Жосалы ауылдық округінде Усенов Саян Гауанұлы, Сүлейменов Берік Кенжекбекұлы бастаған кәсіпкерлердің қолдауымен ауылымызда ауыл балаларына арналған жазғы саябақ пайдалануға берілді. Саябықтың ашылуы балалардың жазғы демалысы мен бос уақыттарын тиімді пайдалануға септігін тигізуде. Балалардың қуанышында шек жоқ. Алдаға уақытта да осындай ел игілігі үшін жасалатын игі істер жалғаса берсе, халық үшін зор мәртебе болып, ауылымыз ажарланған үстіне ажарлана берер еді.

А.КЕНжЕҒАрИНА, Қоңыр ауылының тұрғыны

Ауылымыз ажарлана түсуде

Page 5: Бейсенбі № 39 (9955) 27 қыркүйек 2018 жыл АУЫЛДА ІТ …syrymeli.kz/wp-content/uploads/2018/10/39.pdf2 qoǵam 27 қыркүйек 2018 жыл Әрине,

RYHANI JANGYRY27 қыркүйек 2018 жыл 5

Адамды өзара түсіністікке жеткізетін шынайы да, тұрақты сүйіспеншілік дәстүрлері тек салауатты отбасында ғана қалыптасады. Отбасында қоғамның келешек азаматы өседі, отбасы тәрбиесінде ата-аналардың мінез-құлқы шешуші фактор. Басқаша айтқанда, отбасы жеке адамның тәртібі және мінез-құлық негізін қалайтын микро-ұжым. Ата-ананың бесік жырынан басталатын қарым-қатынасы, іс-әрекет, әдет-ғұрып, салт-дәстүр осылардың бәрі адамның дүниетанымын, сана-сезімін, мінез-құлқын қалыптастыратын тәлімдік мұра. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының «Болашаққа

бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы да адамға рухани жан дүниеміздің жан-жақты дамуына бағдар болды, жоғарыда жазылған мәселелерді шешуде дөп келген басты құрал. Рухани салауатты отбасында тәрбиеленген бала ғана қоғамға шынайы пайдасын тигізері хақ. Отбасы татулығы – басты құндылық. Отбасы дұрыс болса, бала өнегелі. Бала өнегелі болса, еліміздің болашағы жарқын болмақ.

арыс МыРЗаҒаЛиев,ЖББ аралтөбе орта мектебінің психологы

Отбасындағы салауаттылық – өркениетті қоғамның талабы, өйткені ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан дәстүрлер мен мұраттар көбінесе отбасында дамып, қалыптасады.

ОТБАСЫ ТАТУЛЫҒЫ – БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ

Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев Бұлдырты ауылында болып, шаруа қожалық жетекшілерімен, тұрғындармен кездесті. Жиынға аудан прокуроры Қ.Төремұратов қатысты.

Бұлдыртыға «Ақбұлақ» келді

Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Қ.Молдағалиев мемлекеттен берілетін демеуқаржы туралы түсіндірді. Субсидияны тек үлкен шаруа қожалықтары алып жүр, жеке тұрғындар да оған қол жеткізу үшін кооперативке бірігуі қажет екенін, аудандық ветеринария бөлімінің басшысы А.Кәримоллиев бруцеллез ауруының зияны туралы, Бұлдыртыда 4850 бас бруцеллезге зерттеліп, оның ішінде 91 бастан ауру анықталғанын айтты.

Аудандық жұмыспен қамту орталығының басшысы С.Иманғалиев азаматтарды жұмыспен қамту, «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту», «Сыбаға» бағдарламасының шарттарын түсіндіріп, Бұлдырты ауылдық округі бойынша бағдарламаға қатысып отырған азаматтардың санын атап өтті. Бұлдырты ауылы бойынша 14 азамат әлеуметтік жұмыспен қамтылса, бос жұмыс орындарына 44 азамат тартылды. Оның ішінде «Ақбұлақ» бағдарламасының құрылыс жұмыстарына тартылған азаматтар да бар. Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекті Бұлдырты бойынша 30 отбасы алады.

Аудандық жергілікті полиция қызметінің бастығы Е.Журалиев бүгінге дейін Бұлдырты ауылдық округінде 9 қылмыс орын алып, оның 9-ы да ұрлық екенін, 3-еуі ашылмай тұрғанын айтты. Қылмыстың орын алу себептері анықталып, оны жоюға тиісті сала басшыларына ұсыныс берілетінін хабарлады. Сондай-ақ жиында азаматтар қай жерде жүрсе, сол жерге уақытша тіркеуге тұруы қажеттігі тілге тиек етілді. Малды сойып немесе тірілей тасымалдаймын деушілерге сенбі, жексенбі күндері малға анықтама берілмейді, сойылған малға берілетін анықтама 3 күнге, тірі малға берілетін анықтама 10 күнге дейін жарамды.

Аудан прокуроры Қ.Төремұратов Бұлдырты ауылындағы басты мәселе – ұрлық пен жұмыссыздық екенін, оның салдарынан орын алып отырған келеңсіз жайттар барын, мал ұрлығының алдын алудың бір жолы – малды сырғалау, сондықтан, малдарды сырғалауға иелері міндетті екенін айтты.

Кездесуді аудан әкімі Т.Төреғалиев қорытындылады. Аудан басшысы Бұлдырты ауылына «Ақбұлақ» бағдарламасы арқылы су кіргізіліп жатқанын, әрбір тұрғын үйдің іргесіне келіп тұрған суды үйге тартып алуға мүдделі болуы қажет деді. Төлеген Серікқалиұлының айтуынша, биыл қы қатты болуы мүмкін, қысқа қамданысты күшейту керек. Шаруа қожалықтарына жұмысқа кіргенде, міндетті түрде келісімшартқа отыру қажет. Жұмысшының еңбегін төлемеген жағдайда келісім шарт болса, заң орындарына шағымдануға болады.

Шынар МОЛДАНИЯЗОВА

Сырым ауданында “атамекен” кіші бағдарламасы бойынша

жүзеге асырылған жобалар

Сырым аудандық ішкі саясат бөлімі

Page 6: Бейсенбі № 39 (9955) 27 қыркүйек 2018 жыл АУЫЛДА ІТ …syrymeli.kz/wp-content/uploads/2018/10/39.pdf2 qoǵam 27 қыркүйек 2018 жыл Әрине,

6 27 қыркүйек 2018 жылHABAR-OSHAR

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 48 бабының талаптарына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 290 «Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды), оның ішінде электрондық түрде, ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес ағымдағы жылдың 12 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына (шетелдіктердің қатысуынсыз) шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелеріне уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша конкурс өткізілді.

Конкурсқа ауданның 11 (он бір) ауылдық округтері бойынша жалпы көлемі 27999.3 га, соның ішінде 2525.0 га егістік, 3018.0 га шабындық, 22362.0 га жайылымдық, 94.3 га басқа жер учаскесін құрайтын 41 (қырық бір) лот шығарылды. Осы 41 лоттың 26-сына көлемі 17376.3 га конкурстық өтінімдер қабылданып конкурстық комиссияға ұсынылды. Конкурстық өтінімдерді және конкурстық комиссия мүшелерінің оларға қойылған балдық бағаларын қарау нәтижесінде комиссия келесідей төмендегі тұлғаларды жеңімпаз деп шешім қабылдады:

Алғабас ауылдық округі бойынша: Магзуов Ерлан Жанаманович – көлемі 1000.0 га;«Бастау» шаруа қожалығының басшысы Тахамбетова Бибигул Амангельдиевна – көлемі 650.0

га; Кырыкбаева Айдана Абайевна – көлемі 320.0 га; Аралтөбе ауылдық округі бойынша: «Солих» шаруа қожалығының басшысы Каерлиев Адилбек Серикович – көлемі 1000.0 га; Елтай ауылдық округі бойынша: «Азат-3» шаруа қожалығының басшысы Нурушев Кайрат Кендебаевич – көлемі 1200.0 га; Жунусов Аргын Кубайович – көлемі 585.0 га; Удреев Нуралы Ералиевич – көлемі 1500.0 га; Бұлдырты ауылдық округі бойынша: «Мендигали» шаруа қожалығының басшысы Мендигалиев Сарсенбай Галимжанович – көлемі

190.0 га; Темирбеков Кобланды Ахатович – көлемі 165.0 га; Жымпиты ауылдық округі бойынша: «Алаш» шаруа қожалығының басшысы Какимов Канат Сайлауович – көлемі 400.0 га;Жетікөл ауылдық округі бойынша: «Ақылбек» шаруа қожалығының басшысы Алпысова Курманбике Узакбаевна – көлемі 470.0 га;«Досымжан» шаруа қожалығының басшысы Зайлагиев Умирсерик Самигуллиевич – көлемі

1175.0 га; Жосалы ауылдық округі бойынша:«Тоқбас» шаруа қожалығының басшысы Мурзагалиев Галым Мантаевич – көлемі 200.0 га; Бигалиев Нуралы Талапович – көлемі 440.0 га; «ГауМар» шаруа қожалығының басшысы Усенов Саян Гауанович – көлемі 790.0 га; «Алмас» шаруа қожалығының басшысы Демесинов Кайрбек – көлемі 300.0 га; Ихсанов Батыргали Ерболатович – көлемі 500.0 га; Сарой ауылдық округі бойынша: Салимгереева Зауия Батеновна – көлемі 700.0 га; Қособа ауылдық округі бойынша: «Жұлдыз» шаруа қожалығының басшысы Куткожин Батырхан Нуршатович – көлемі 500.0 га; Талдыбұлақ ауылдық округі бойынша: «Атансай» шаруа қожалығының басшысы Телегенов Какимгали – көлемі 400.0 га; «Ғаділше» шаруа қожалығының басшысы Мурзеев Галиакбар Магуаевич – көлемі 630.0 га; Жунусов Аргын Кубайович – көлемі 1171.3 га; Темирханов Камель Булатович – көлемі 1500.0 га; Шолақаңқаты ауылдық округі бойынша: «Нұрберген» шаруа қожалығының басшысы Сатибаев Аязби Мухитович – көлемі 400.0 га; «Өркен» шаруа қожалығының басшысы Харесов Горький Хамидуллиевич – көлемі 290.0 га; «Қуандық» шаруа қожалығының басшысы Куандыков Тлеккабыл Ергаламович – көлемі 900.0

га.Ө.УаШев,

аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы, конкурстық

комиссия төрағасының орынбасары

Жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру

жөніндегі конкурстың қорытындысы

Тілсіз қоғамның қандай түрі болса да өмір сүре алмайды, тілдің өзі қоғам бар жерде ғана пайда болып, өмір сүреді. Демек, қоғамнан тыс, бөлек тіл жоқ. Тіл – қоғамның жемісі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында: “Біздің міндетіміз – 2017 жылға қарай мемлекеттік тілді білетін қазақстандықтар санын 80 пайызға дейін жеткізу. Ал 2020 жылға қарай олар кемінде 95 пайызды құрауы тиіс”, - делінген болатын.

Осы орайда мекемемізде, яғни Батыс Қазақстан облысының Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінде «Қазақстан Республикасында тiлдердi дамыту мен қолданудың 2011 - 2020 жылдарға арналған» мемлекеттiк бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында бекітілген іс-шарлар жоспарына сәйкес ұйымдастырушылық, әдістемелік көмек жұмыстары жүйелі жүргізіліп келеді.

Батыс Қазақстан облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің 2018 жылдың 8 айлық жұмыс қорытындысы және «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан

Республикасы Президентінің 2011 жылғы 29 маусымдағы № 110 Жарлығында қаралған басым-бағыттарының орындалу барысы жақсы. Мемлекеттік тілді дамыту бойынша біршама іс-шаралар атқарылды. Іс қағаздарын мемлекеттік тілде еркін жүргізіп отырғандар саны мекеме бойынша 81,9 пайызды құрап отырса, әр түрлі деңгейде оқып, түсінетіндер саны 18 пайызды құрап отыр. Сонымен қатар, аумақтық басқармалардың мемлекеттік қызметкерлері арасында «Латын әліпбиіне көшу- заман талабы» атты дөңгелек үстелдер ұйымдастырылып, «Ең үздік мақалалар» байқаулары жыл сайын өткізіліп отырылады.

Мемлекеттік тіл – ел бірлігінің кепілі. Тіл тағдыры - ел тағдыры екенін ешуақытта ұмытпайық, Құрметті ағайын. Әрбір адам өз ана тілін білуі және мемлекеттік тілді меңгеру міндетті.

Ләйлә ӨТеШева,БҚО қоғамдық денсаулық сақтау

департаментініңбөлім басшысы

Тіл – басты назарда Тіл – достықтың

кілті, ынтымақтастықтың бастауы, ырыс-берекенің алды, ұлттың жаны, ары.

Ағымдағы жылдың 5 қыркүйегі -5 желтоқсаны ел аумағында экстремизм және терроризм көріністерінің алдын алу, анықтау және жолын кесу, құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында «Учаске» жедел-профилактикалық іс шарасы өткізілуде. Шара кезінде аумақтағы барлық учаскелер, тұрғын үйлер мен аулалар, пәтерлер, фермерлік шаруашылықтар тексеріледі.

Оған Сырым ауданы ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметінің 16 полиция қызметкері және басқа да полиция қызметкерлері, мүдделі органдар қызметкерлері жұмылдырылды.

Осы аталған іс-шара кезінде 12 округ бойынша 1225 жеке тұрғын үйлер тексерілді. Сонымен қоса іс шара кезінде пәтер жалдаушылар бойынша 1 үй анықталып, Сырым ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына ұсынба жолданды.

Ж.МУХаМБеТЖанОв,Сырым аІІб ЖпҚ Упи ЖҰи

полиция капитаны

Тексеріс – ел қауіпсіздігі үшін

ҚР Ішкі істер министрлігі халық арасында жергілікті полиция қызметінің және жалпы ішкі істер органдарының имиджі мен беделін арттыру, азаматтармен тығыз қарым-қатынас орнатуды көздейді.

«Сырым ауданы әкімі аппараты» ММ «Б» корпусы бойынша бос мемлекеттік әкімшілік

лауазымына орналасуға жалпы конкурс жариялайды. 090900, БҚО, Сырым ауданы Жымпиты ауылы, Қазақстан көшесі, 8-үй, 2- қабат,

210-кабинет, анықтама алу үшін телефондар: факс 8(71134)31276, электрондық мекен-жайы: [email protected],

1. Бұлан ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, E-G-3 cанаты

Хабарландырудың толық нұсқасы syrym-bko.gov.kz, kyzmet.gov.kz интернет-ресурсында жарияланады.

гУ «аппарат акима Сырымского района»объявляет общий конкурс на занятие вакантной административной

государственной должности корпуса «Б».090900, ЗКО, Сырымский район, с.Жымпиты, ул.Казахстанская, д.8, 2-этаж,

кабинет №210, телефоны для справок: факс 8(71134)31276, электронный адрес [email protected]

1. главный специалист аппарата акима Буланского сельского округа, категория E-G-3

Полная версия объявления будет размещено на интернет-ресурсе syrym-bko.gov.kz, kyzmet.gov.kz.

Page 7: Бейсенбі № 39 (9955) 27 қыркүйек 2018 жыл АУЫЛДА ІТ …syrymeli.kz/wp-content/uploads/2018/10/39.pdf2 qoǵam 27 қыркүйек 2018 жыл Әрине,

727 қыркүйек 2018 жыл HABAR-OSHAR

Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның өкілі):көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім;

2) жеке басын куәландыратын құжат және көрсетілетін қызметті алушының өкiлдiгіне өкiлеттiлiгiн куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі) ұсынады.

Фитосанитариялық сертификатты алуға өтінім берілген күннен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде сертификат немесе оны беруден дәлелді бас тарту ресімделеді.

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға арналған негіздер мыналар болып табылады:

1) көрсетілетін қызметті алушының әкетілетін карантинге жатқызылған өнімді карантиндік жай-күйін айқындау үшін ұсынбауы;

2) импорттаушы елдің (экспорт кезінде) талаптарымен карантинге жатқызылған өнімде анықталған карантиндік объектілердің болуы рұқсат етілетін жағдайларды қоспағанда, карантинге жатқызылған өнімде карантиндік объектілердің анықталуы;

3) импорттаушы елдің фитосанитариялық талаптарға сәйкессіздігінің анықталуы (экспорт кезінде);

4) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің уәкілетті органының лауазымды адамына карантинге жатқызылған өнімнің келгені туралы бірнеше рет (2 рет және одан көп) хабарламау және жете тексеруге ұсынбау.

5) көрсетілетін қызметті алушы фитосанитариялық сертификатты алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықтауы;

6) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) фитосанитариялық сертификатты беру үшін қажетті ұсынылған материалдардың, карантинге жатқызылған өнімнің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының аумағын карантиндiк объектiлерден және бөтен тектi түрлерден қорғау жөнiндегi қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

7) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты фитосанитариялық сертификатты алумен байланысты қызметіне немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы.

Карантиндік сертификатты алуға өтінім

берілген күннен бастап үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде сертификат немесе оны беруден дәлелді бас тарту ресімделеді.

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға арналған негіздер мыналар болып табылады:

1) көрсетілетін қызметті алушының карантинге жатқызылған өнімді карантиндік жай-күйін айқындау үшін ұсынбауы;

2) қараөрік шаркасы (Plum Pox Potyvirus) бар жемістер мен жидектерді, жалғанқалқаншалы және қалқаншалы сымырларды қоспағанда, карантинге жатқызылған өнімде карантиндік объектілердің анықталуы;

3) уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінің өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторына карантинге жатқызылған өнімнің келгені туралы бірнеше рет (2 рет және одан көп) хабарламау және жете тексеруге ұсынбау.

4) көрсетілетін қызметті алушы карантиндік сертификатты алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықтауы;

5) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) кардік сертификатты алу үшін қажетті ұсынылған материалдардың, карантинге жатқызылған өнімнің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының аумағын карантиндiк объектiлерден және бөтен тектi түрлерден қорғау жөнiндегi қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

6) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты карантиндік сертификатты алумен байланысты қызметіне немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы.

Өсімдіктер карантині бойынша туындаған сұрақтарға толық ақпарат алу үшін мына мекен-жайға хабарласуыңызға болады: Сырым ауданы, Жымпиты ауылы Қазақстан көш, 15, байланыс телефондары: 31-2-48, 31-1-36

Әр аптаның сәрсенбі күні сағат 10:00-12:00 аралығында ҚР АШМ АӨК МИК Сырым аудандық аумақтық инспекциясының басшысы азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізіледі.

Айгерім КЕҢЕСОВА, Қр АШМ АӨК МИК Сырым аудандық

аумақтық инспекциясының бас маман- өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік

инспекторы

Мемлекеттік қызмет көрсетудегі жаңа өзгерістерКарантинге жатқызылған

өнiм - карантиндi объектiлердi тасығыштар болуы және олардың таралуына әсер етуі мүмкін. Карантинге жатқызылған өнiм тізбесіне енгізілген және оларға қатысты карантиндік шаралар қабылдау қажет болатын өсімдіктер, өсімдіктен алынатын өнім, ыдыс, орам, жүктер, топырақ, организмдер немесе материалдар болып

еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерден (Ресей Федерациясы, Белоруссия, армения, Қырғыз Республикасы) ауылшаруашылығы жануарларын импорттауды жоспарлаған шаруашылық субъектілері, жануарларды әкелуге 30 күн қалғанда ҚР аШМ ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Сырым аудандық аумақтық инспекциясы ММ-сіне келіп хабарлайды.

Комитет хабарламада көрсетілген елдің эпизоотиялық ахуалын зерделеп қарап, ауылшаруашылығы жануарларын импорттауға жататындығын, не болмаса жатпайтындығын анықтап шешеді.

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерден ауыл шаруашылығы жануарларын әкелу Комитет келісім берген кезде ғана мүмкін болады.

Ал Үшінші елдерден (Еуразиялық экономикалық одаққа мүше емес елдердің барлығы) ауылшаруашылығы жануарларын әкелу үшін импорттауға рұқсат алу қажет.

Шаруашылық субъектілері импортқа рұқсат алу үшін Инспекцияға немесе Халыққа қызмет көрсету орталығына барып, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы «Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» № 7-1/418 бұйрығында көрсетілген үлгіде өтініш түсіреді.

Инспекция осы өтінішті 2 күн ішінде Комитетке, яғни Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының қарауына жолдайды.

Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы немесе оның орынбасары 5 күн ішінде өтінішті қарап, ауылшаруашылығы жануарларын экспорттауға немесе импорттауға рұқсат береді, не болмаса рұқсат беруден бас тартады.

Ауылшаруашылығы жануарлары мен олардың өнімдерінің экспорттау немесе импорттау тек рұқсат берілгенде ғана жүзеге асады.

Шаруашылық субъектілері жоғарыда көрсетілген Комитет беретін келісім мен рұқсатты алмай шет елден ауылшаруашылығы жануарларын кіргізер болса, әкелінген ауылшаруашылығы жануарлары Заңнама бойынша еліне кері қайтарылады, не болмаса түгелдей жойылуға жатады.

Қазіргі таңда біздің мемлекетімізбен шекаралас Ресей Федерациясындағы және т.б. шет мемлекеттердегі эпизоотиялық ахуал жануарлардың әр түрлі аса қауіпті ауруларының өршуіне байланысты тұрақсыз болып отыр.

Атап көрсетер болсақ Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасымен шектесетін шекаралас аймақтары (Астрахан, Волгоград, Саратов, Самара, Орынбор, Челябі, Қорған, Тюмень, Омбы, Новосибирск, Алтай өлкесі, Алтай Республикасы аймақтары) жануарлардың аусыл ауруынан және мүйізді ірі қара малының нодулярлы дерматит ауруынан қолайлы аймақ болып табылмайды.

Сол себепті де Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасымен шекаралас аймақтарынан және Ресей Федерациясының қолайсыз басқа да аймақтарынан ауылшаруашылығы жануарларын және ауылшаруашылығы жануарларын тасымалдауға қатысқан көлік құралдарын кіргізуге уақытша тиым салынып отыр.

Ресей Федерациясындағы және әлемдегі басқа да мемлекеттердегі эпизоотиялық ахуалды Инспекцияға келіп тікелей немесе Ауыл шаруашылығы министрлігінің mgov.kz сайтындағы «Экспорт» бөліміне кіру арқылы білуге болады.

Сайып келгенде ауылшаруашылық малдарын экспорттауды немесе импорттауды ойлап жүрген шаруа қожалықтары Инспекциямен тығыз байланыста болуы қажет.

Қосымша мәліметтерді Жымпиты ауылы, Қазақстан к-сі, 15 мекен жайындағы ғимаратта орналасқан Инспекция мекемесінен немесе 31-2-67 нөмірінен алуға болады.

Б.ҚаБеКеШОва, ҚР аШМ ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Сырым ауданық

аумақтық инспекциясының бас маман мемлекеттік ветеринариялық санитариялық инспекторы

Малды экспорттау тәртібі

«Сырым аудандық білім беру бөлімінің жалпы білім беретін Көгеріс негізгі мектебі» коммуналдық ұжымы көмекші тәрбиеші Байғалиева Сандуғашқа

енесі айсәуленің қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл

айтады.

Түзету«Сырым елі» қоғамдық-саяси газетінің 2018 жылғы № 38 санындағы жарияланған «Сырым ауданы

әкімі аппараты» ММ «Б» корпусы бойынша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурстағы 1-бағандағы сөйлем «Сырым аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маман-есепшісі, Е-R-4 санаты», орыс тіліндегі сөйлем де осы тұрғыда «Главный специалист бухгалтер Сырымского районного отдела занятости и социальных программ, категория Е-R-4» және МКҚК «Балдырған» балабақшасы азаматтық қызметшінің бос лауазым орнына орналасуға конкурсындағы лауазымның атауы «музыка жетекшісі 1 бірлік» деп түзетіліп оқылуы сұралады.

Аудандық «Балалар саз мектебі» МКҚК-нің ұжымы ди-ректордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Жұмағали Махсаттың

әкесі Жұмабайдың қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл

айтады.

Page 8: Бейсенбі № 39 (9955) 27 қыркүйек 2018 жыл АУЫЛДА ІТ …syrymeli.kz/wp-content/uploads/2018/10/39.pdf2 qoǵam 27 қыркүйек 2018 жыл Әрине,

8 27 қыркүйек 2018 жылdemAlYs betI

“Жайық Пресс” ЖШС Сырым филиалының “Сырым елі” Сырым аудандық қоғамдық-саяси газетінің

Меншік иесі: «Жайық пресс» ЖШС.Бас директор

Рауан Сәбитов

Газет аптасына 1 рет шығады Көлемі 2 баспа табақ

Телефондары: Редактор: 31-2-14

Жауапты хатшы: 22-7-10Бухгалтер (факс): 31-4-34

Кезекші редактор: Ш.Молданиязова

Газет Сырым аудандық “Сырым елі” газеті редакциясында компьютерлік

әдіспен теріліп, беттелді.“полиграфсервис” ЖШС

баспаханасында басылады.Орал қаласы,

Л.Толстой көшесі: 27/6

Тапсырыс: 39Таралымы: 1500

Газет жарияланымдарындағы автор пікірі редакцияның

түпкілікті көзқарасы болып есептелмейді. Редакция оқырман хаттарына жауап

бермейді, оны қайтармайды. Деректердің дәлдігі үшін

автор жауапты. ж белгісімен жарияланған материалдар ақылы болып есептеледі.

Мекен-жайымыз: 090900, Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, Жымпиты кенті, есенжанов көшесі, №17 үй. Біздің электронды поштамыз: E-mail: [email protected]

газет ҚР Байланыс және ақпарат министрлігініңақпарат және мұрағат комитетінде 19.01.2012 жылы тіркеліп, №12266-г куәлігі берілген.

директор-редакторы:Махмет Қажиахметов

Батыс Қазақстан облысы аумағында жол көлік оқиғаларының салдарынан қаза тапқан адамдар санының өсуіне байланысты жүргізушілердің көлік басқару тәртібін арттыру және жол қозғалысының қатысушыларымен Жол жүрісі қағидаларын бұзудың алдын алу мақсатында ағымдағы жылғы 13-30 қыркүйек аралығында облыс аумағында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық шарасы жүргізілуде. Шараның 1-ші күнінде аудандық ішкі істер бөлімі қызметкерлерімен жол қозғалысы ережесін бұзушылық анықталып, заң бұзған жүргізушілерге тиісті әкімшілік жаза қолданылды. Яғни, ҚР ӘҚБтК-нің 608 бабы бойынша /жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру/ 1 хаттама, ҚР ӘҚБтК-нің 612 бабы бойынша/

құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк құралын басқаруы/ 3 хаттама, ҚР ӘҚБтК-нің 593 бабы бойынша / Жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау/1 хаттама толтырылды. ҚР ӘҚБтК-нің 620 бабы бойынша /жол жүрісіне қатысушыларға қойылатын өзге де талаптарды бұзу/ 4 хаттама толтырылды. Әсіресе такси жүргізушілерінің құжаттары адам тасуға лайықтылығын, қоғамдық көлік және такси жүргізушілері жол берген жол қозғалысы ережелерін бұзушылыққа назар аударылатын болады.

Ж.МУХаМБеТЖанОв,

Сырым аІІб ЖпҚ Упи ЖҰи полиция капитаны

«Қауіпсіз жол» іс-шарасы

Жымпиты ауылы орталығындағы Қ.Мырзалиев атындағы орта мектептің 8-сынып оқушысы Мадияр Уахитов үй шаруасына икемдігімен қуантады.

Айта кетер болсақ, аудан орталығындағы Халық пен Жаннат Уахитовтардың отбасында 3 ұл, 3 қыз тәрбиеленуде. Көңіл қуантарлық бір жағдай осы отбасындағы балалардың бәрі де сабақтарына зерек, тілағыш, еңбекқорлықтарымен ұстаздарының да, ауыл тұрғындарының да жылы ілтипаттарына бөленуде.

Ауылда тұрған соң, қазекеңнің бойына сіңген қасиеттерінің бірі аулада азын-шоғын ірі қара, қой-ешкі ұстайды. Сол сияқты Уахитовтар отбасында осы дәстүр әуелден қалыптасса, соңғы кездері бұл отбасының ауласында тауық, қаз өсірумен бірге балалары қоян баптауға да ден қоя бастаған көрінеді деген әңгімені жиі ести бастадық.

Жақсы бастамадан құлағдар болған соң еңбекқор балғынның қолға алған игі ісін көруге ынтық болғандығымыз рас.

– Үй қоянын өсіруге әуелден-ақ ынтық едім. Ақыры осы кәсіпке әуестігім жеңіп,өткен жылғы күз айынан қоян өсіруді қолға алдым. Әуелі бір қоянды 2000 теңгеге сатып алып, 3 ай баптап-өсірген соң ауылдағы сұраушыға 4000 теңгеге сатып жібердім. Әрі қарай қоян өсіруге, оларды баптап-күтуге деген құштарлығым арта түсті,- дейді әңгіме арасында Мадияр ағынан жарыла.

Адам баласы бастаған ісін қолға алған соң, жігерленіп, құлшына еңбек етуге талпынып тұрады екен.

Мадиярда да осы қасиеттің байқалғандығы шындық.Қоян өсіруге ден қойған Мадияр бір аталық пен

бір ұрғашы қоянды сатып алып өткен қыс бойы баптаған соң, наурыз айында 9 көжек «дүниеге» келіп, кәсібі де дөңгеленіп жүре берді. Қояндарды баптауға да уақыт керек, жағдай туғызу қажет.

Мадияр 11-сыныпта оқитын ағасы Қуанышпен бірлесіп, әр қоянға бөлек үйшік жасап, сәбіз, көк шөп, жем-суын беруге үнемі назар аударуда.

Бастама жемісін де бере бастады. Қояндарды будандастыру арқылы көжектер тез өсіп, Мадияр әр көжекті 1000 теңгеден, 3 айлық қоянды 1500-2000 теңгеден сұраушыларға сатып, келісімге орай 1 қоянды 4 тауыққа айырбастап, аула ішін тауық, қазға толтыруға да тың «әдіс» таба білді.

– Балаларым шүкір, еңбекқор болып ер жетіп келеді. Сабақтарына да ұқыпты. Өткен жылы ұлым Қуаныш Астана қаласындағы «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне барып, мол әсермен елге оралды. Балалардың ауладағы малдарды қадағалап, өздері еңбек етуге талпынғандары әрине жақсы. Өткен жылдан бастап ұлым Мадияр қоян өсіруді кәсіп етуде.

Қазірде үйшіктерінде 8 қояны бар. Қояндарын саттыққа шығарудан түскен қаржысына киім-кешектер, кітаптарын алуға да қолдары жетуде,- дейді отағасы Халық Уахитов риза көңілде.

Мүсірбек айТаШев,Сырым ауданы

Қоян баптаған Мадияр

Акцияның мақсаты күнкөріс деңгейінен төмен және көпбалалы отбасынан шыққан оқушыларға қолдау көрсету және оларға толық білім алуға жағдай жасау.

Мұғалімдер бекітілген көше бойына үйлерді аралап, рейд жүргізді.

«Мектепке жол» акциясы аясында кәсіпкерлер Г.Нигметова («Аққу» дүкені), М.Досалиев, Н.Қаженова, А.Бержанова, аудандық психологиялық-педагогикалық түзеу бөлімі қызметкерлері, ауыл әкімшілігі, мәдениет үйі және мектеп ұжымы оқушыларға оқу құралдарын тарту етті. Акция барысында күнкөріс деңгейі төмен, көпбалалы отбасы балалары түгелдей қамтылды.

Г.ҚАжМұрАТОВА,

әлеуметтік педагог және өзін-өзі тану пәні мұғалімі,

жББ Бұлан орта мектеп-балабақша кешені

жББ Бұлан орта мектеп-балабақша кешенінде «Менің таңдауым-балаларға көмек көрсету!» үндеуімен «Мектепке жол» акциясы жоспарға сай ұйымдастырылды.

А к ц и я ғ а н а қ т ы қ о л д а у

жарамсыз деп танылсын Аудандық мешіттің жер актісі және техникалық паспорты

жоғалуына байланысты жарамсыз деп танылсын.

Күздік бидайдың тұқымына көмек

қаржы төленеді

Тұқым шаруашылықтарының алған элита тұқымына (күздік бидайдың және күздік қара бидайдың) көмек қаржысы (субсидия) төленеді. Жоғарыда аталған дақылдардың тұымын еккен шаруашылық құрылымдары ағымдағы жылдың 1 қазаны мен 10 қазаны аралығында құжаттары мен өтініштерін халыққа қызмет көрсету орталығына тапсыруы керек.

а.аРаЛБаев, аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің

маманы