сабақ жоспары аюбаева

7
Оқу іс – әрекет тақырыбы: «Білім еліне саяхат» Білім беру саласы: «Қатынас» Бөлімі: «Сөйлеуді дамыту» Оқу іс – әрекетінің мақсаты: Білімділігі: Балалардың өтілген тақырыптарды қаншалықты деңгейде меңгергендерін анықтау, алған білімдерін тиянақтау; Дамытушылығы: Балалардың ойын арқылы ойлау қабілетін, есте сақтау қабілетін дамыту. Сөздік қорын кеңейту; Тәрбиелілігі: Балаларды ұқыптылыққа, тапқырлыққа, жылдамдыққа тәрбиелеу. Балалардың оқуға деген қызығушылығын қалыптастыру. Пәнаралық байланыс: Математика, сауат ашу, сөйлеуді дамыту. Әдіс – тәсілдер: сұрақ – жауап, түсіндіру, ойындар. Көрнекілігі: сандар, үй жануарлары, көкөністер, жемістер. Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетіне қолданылатын жаңа технология: слайд, сын тұрғысынан ойлау, топпен жұмыс. Сөздік жұмыс: күн, жұлдыз, жұдырық, қонжық, үй жануарлары. Қос тілдік компонент: күн-солнце, жұлдыз-звезда, 1-10 дейін орыс тілінде санату, көкөніс-овощи, жемістер – фрукты. Инклюзивтік әлеумет: тұйық баламен жұмыс- Мадияр және Тамирис. Күтілетін нәтиже: Нені біледі: 1-10 сандарын тура, кері санауды біледі, көршісін табуды, логикалық есептерді шығара біледі, дыбыстарды ажыратады. Болуы керек: Қызығушылық, топтық жұмыс, ынта.

Upload: oquzaman

Post on 19-Mar-2017

22 views

Category:

Internet


2 download

TRANSCRIPT

Оқу іс – әрекет тақырыбы: «Білім еліне саяхат»

Білім беру саласы: «Қатынас»

Бөлімі: «Сөйлеуді дамыту»

Оқу іс – әрекетінің мақсаты:

Білімділігі: Балалардың өтілген тақырыптарды қаншалықты деңгейде меңгергендерін анықтау, алған білімдерін тиянақтау;

Дамытушылығы: Балалардың ойын арқылы ойлау қабілетін, есте сақтау қабілетін дамыту. Сөздік қорын кеңейту;

Тәрбиелілігі: Балаларды ұқыптылыққа, тапқырлыққа, жылдамдыққа тәрбиелеу. Балалардың оқуға деген қызығушылығын қалыптастыру.

Пәнаралық байланыс: Математика, сауат ашу, сөйлеуді дамыту.

Әдіс – тәсілдер: сұрақ – жауап, түсіндіру, ойындар.

Көрнекілігі: сандар, үй жануарлары, көкөністер, жемістер.

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетіне қолданылатын жаңа технология: слайд, сын тұрғысынан ойлау, топпен жұмыс.

Сөздік жұмыс: күн, жұлдыз, жұдырық, қонжық, үй жануарлары.

Қос тілдік компонент: күн-солнце, жұлдыз-звезда, 1-10 дейін орыс тілінде санату, көкөніс-овощи, жемістер – фрукты.

Инклюзивтік әлеумет: тұйық баламен жұмыс- Мадияр және Тамирис.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: 1-10 сандарын тура, кері санауды біледі, көршісін табуды, логикалық есептерді шығара біледі, дыбыстарды ажыратады.

Болуы керек: Қызығушылық, топтық жұмыс, ынта.

Неге үйренді: Тапсырмаларды дұрыс орындауды үйренеді, бірін – бірі бағалауды үйренеді, дұрыс сөйлеуге, өз ойларын толық жеткізуге үйренді.

Іс – әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс - әрекеті Балалардың іс - әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Жылулық шеңбері

Шаттық шеңбері

Миға шабуыл

Ұйымдастыру, іздену

Жаңа сабақ

Балаларды шаттық шеңберге тұрғызып, келген қонақтармен сәлемдеседі.

Білер қазақ баласы,Сәлем – сөздің анасы

Сыныпқа келген қонақтарғаӘрдайым әдеппен

Ақ көңілмен ізетпенБіздер сәлем береміз.

Күндей жарқырапАйдай арайлап,

Жұлдыздай жарқырапСудай мөлдір таза көңілменБүгінгі күнімізді бастайық.- Ал балалар көңіл күйлерің

қалай?- Сендерге бүгінгі оқу іс –

әрекетіне сәттілік тілеймін.- Жаңа оқу іс – әрекетін

бастамай тұрып, біраз сұрақтарға жауап беріңдерші?

- Қазір қандай жыл мезгілі?- Көктем мезгілінде қанша ай

бар?- Көктем туралы кім әңгімелеп

береді?- Бүгінгі аптаның

қаншасыншы күні?- Екінші күн қалай аталады?

Жаңа оқу іс – әрекеті:- Бүгін балалар біз білім еліне

саяхат жасаймыз. Оқу іс – әрекетіміз жарыс түрінде өтеді. Сондықтан біз екі топқа бөліндік.

І – топ: «Күн»ІІ – топ: «Жұлдыз»

«Күн» тобының ұраны:Біз ақылды баламызАйтқан тілді аламызСабақты жақсы оқып1- Сыныпқа барамыз.

Балалар жақсы көңіл күймен келген

қонақтармен сәлемдеседі.

Балалар орындарына жайғасады.

Жақсы

Көктем3 ай. Наурыз, сәуір,

мамырБалалар көктем туралы

әңгімелеп береді.Екінші

Сейсенбі

Қызығушылықты ояту

Балалар орындарынан тұрып, топтарының

ұрандарымен таныстырады.

Ой толғау

«Жұлдыз» тобының ұраны:Біз әдепті баламыз

Оттай болып жанамызСұрақ қойса ойланып

Дұрыс жауабын табамыз.- Балалар бағаларымыз

жұлдызша арқылы бағаланады, сабақ соңында жұлдызша көп жинаған топ жеңеді.

1 – тапсырма: «Математика»«Күн» тобы

1- Сұрақ: 1-ден 10-ға дейін тура және кері санау.

2- Сұрақ: 1 аптада неше күн бар?Апта күндерін ата?

«Жұлдыз» тобы1- Сандардың көршісін тап.

Тақтаға жазу.

2- Қандай геометриялық пішіндерді білесіңдер?Дидактикалық ойын: «Өз орныңды тап»Мақсаты: Балаларды тура, және кері санауға үйрету

Логикалық есептер.«Күн» тобы

1) Бір жұдырықта неше саусақ бар?

2) Қонжық екеу, табаны нешеу?3) Табақта үш алма, қолымда

екі алма, қосқанда барлығы болады неше алма?

«Жұлдыз» тобы1) Ақ балапан, сары балапан,

шұбар балапан, қара балапан барлығы неше балапан?

2) Үш қоянда неше құлақ бар?3) Маратта 5 іні, Мұратта 2 іні.

Қоссаң бес+екіні, нешеу болады?

2-тапсырма: «Сауат ашу»

1,2,3,4,5,6,7,8,9,1010,9,8,7,6,5,4,3,2,1

7

Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма,

сенбі, жексенбі.

5 , 9 ,

7 , 6 8

Бес -5 саусақ

Сегіз – 8 табан3+2=5

Барлығы5 алма

1+1+1+1=4Барлығы 4 балапан

2+2+2=6 құлақ

5+2=7 іні

Топпен жұмыс

«Күн» тобы1) Дыбыс дегеніміз не?2) Дауысты дыбыс дегеніміз не?

Қандай текшемен белгіленеді?

«Жұлдыз» тобы1) Әріп дегеніміз не?

2) Дауыссыз дыбыс дегеніміз не?

Қандай текшемен белгіленеді?Ойын: «Дыбыстар үні»Шарты: дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажырату.

3- тапсырма : «Сөйлеуді дамыту»

«Күн» тобы1) Көкөністерге не жатады?

Олар қайда өседі?2) Біздің Елбасымыз кім?3) Үй құстарын ата?

«Жұлдыз» тобы1) Жемістерге не жатады?2) Олар қайда өседі?3) Үй жануарларын ата?

Ойын: «Төлін тап»

Шарты: бір-бірнен адасып қалған төлдерді енелеріне қосу.

Дыбысты естиміз айтамызАйтқанда ауыз қуысында

кедергі болмайды.Қызыл текшемен

Әріпті жазамыз, көреміз, оқимыз.

Көк текшемен

Сәбіз, қырыққабат, құлпынай, қызанақ,

картошка, пияз

ЖердеН.Ә. Назарбаев

Тауық, әтеш, үйрек, қаз, күрке тауық.

Алма, шие, алхоры, жүзім, банан, шабдалы, өрік

Ағашта өседі

Сиыр, қой, ешкі, жылқы

Рефлексивті түзетушілік

Кері байланыс іс – әрекеттің бағалау кезеңі

Оқу іс-әрекетін қорытындылау

Жылулық шеңбері

«Күн» тобы тапсырма: Көкөністерді теріп себетке жапсыру.

«Жұлдыз» тобы тапсырма: Жемістерді теріп ағашқа жапсыру.

1. Балалар бүгінгі оқу іс – әрекетінде не істедік?

2. Көктем мезгілі туралы не білесіңдер?

3. Сендерге сабақ ұнады ма?Балалар екі топтың да жұлдызшаларын санайық. Қай топ көп жинаса, сол топ жеңеді.

- Балалар, бүгін сендер оқу іс – әрекетіне жақсы қатыстыңдар, барлықтарың сұраққа жауап бердіңдер, бәріңе сыйлық тапсырамын.Қолымызды ұстайық

Үлкен шеңбер құрайықКөріскенше күн жақсыСау – саламат болайық

Балалар көкөністерді себеттерге жапсырады.

Жемістерді ағашқа жапсырады.

Балалар қойылған сұрақтарға толық жауап

берді.Ұйымдастырылған оқу іс

– әрекеті жөнінде ойларын ашық айтты.

Тәрбиеші екі топтың да еңбегін бағалап,

мадақтау сөздерін айтып сабақты

қорытындылайды.Балалар іс – қимылмен орындап, қонақтармен

қоштасады.