Тартылыс құбылысы. Ауырлық күші

15
Тартылыс құбылысы. Ауырлық күші

Upload: assad1972

Post on 19-Feb-2017

388 views

Category:

Education


24 download

TRANSCRIPT

Page 1: Тартылыс құбылысы. Ауырлық күші

Тартылыс құбылысы.

Ауырлық күші

Page 2: Тартылыс құбылысы. Ауырлық күші

Барлық кеңістікті жайлаған тартылыстан “Жеті қат көкке ұшсақ та”, “Жеті қабат Жер астына енсек те” құтыла алмаймыз. Сондықтан әлемдегі денелердің бір-біріне тартылуы бүкіләлемдік тартылыс деп аталады. Ағылшын ғалымы И.Ньютон бұл құбылысты зерттеп, табиғаттың ұлы заңы-Бүкіләлемдік тартылыс заңын тұжырымдады.

Page 3: Тартылыс құбылысы. Ауырлық күші

Исаак Ньютон - классикалық физиканы құрған әйгiлi ағылшын ғалымы. 1665 ж. Кембридж университетiн бiтiрiп, сонда 1669-1701 ж.ж. кафедраны басқарған. Ньютон зерттеулерi механикаға, оптикаға, астрономияға, математикаға арналған. Классикалық механиканың негiзгi заңдылықтарын есептеген, бүкiләлемдiк тартылу заңын, жарық дисперсиясын ашқан, жарықтың корпускулалық теориясын дамытқан, Лейбництен тәуелсiз дифференциалдық және интегралдық есептеулердi шығарған. Ол бүкiләлемдiк тартылыс заңынан Кеплердiң 3 заңының шығатынын көрсеттi, айдың қозғалыс ерекшелiгiн түсiндiрдi, жердiң фигурасының теориясын дамытты, жердiң жасанды серiктерiнiң құрылу проблемасын қарастырды. Ньютонның атымен Халықаралық бiрлiк жүйесiнде күштiң өлшем бiрлiгi – ньютон аталған.

Page 4: Тартылыс құбылысы. Ауырлық күші

Бүкіләлемдік тартылыс күші көрінісінің бірі –денелердің Жерге тартылу күшін ауырлық күші деп атайды және оны Fa әрпімен белгілейді.Жүргізілген көптеген тәжірибелерден денеге әрекет ететін ауырлық күші дененің массасына тура пропорционал болатыны анықталған.

Page 5: Тартылыс құбылысы. Ауырлық күші

• Барлық денелер үшін ауырлық күшінің дене

массасына қатынасы тұрақты болады. Бұл тұрақты шаманы

g әрпімен белгілейік, сонда болады.

Page 6: Тартылыс құбылысы. Ауырлық күші

Осыдан, денеге әрекет ететін ауырлық күші дене массасына тура пропорционал:Тұрақты g-дің шамасы жуықтап алғанда 9,8 Н/кг тең. Өте дәл өлшеулер осы g тұрақтысының мәні тұрған орынның географиялық ендігіне байланысты болатынын көрсетеді. Мысалы, солтүстік полюсте g=9,832 Н/кг болса, экваторда g=9,870 Н/кг, 450 географиялық ендікте g=9,806 Н/кг.

Page 7: Тартылыс құбылысы. Ауырлық күші

Есептеулер жүргізу кезінде бұл тұрақтының аздаған

өзгерістерін елемей, оның орташа шамасы g=908 Н/кг –ды

қолдануға болады.

Page 8: Тартылыс құбылысы. Ауырлық күші

• 1) Мына техника түрлерінің қайсысының ауырлық күші көп болады?

• а) ә) б)

Page 9: Тартылыс құбылысы. Ауырлық күші

2) Әрбір оқулықтың массасы 1 кг болса, үш кітаптың үстелге түсіретін ауырлық күшінің мәні қандай болады? Еркін түсу үдеуін шамамен 10 Н/кг-ға тең деп алыңдар.

а) 30Н; ә) 20Н; б) 15 Н.

Page 10: Тартылыс құбылысы. Ауырлық күші

3) Еркін түсу үдеуінің мына мәндерін салыстыр: және

а) <

ә) >

б) =

Page 11: Тартылыс құбылысы. Ауырлық күші

• 4) Суретте көрсетілген баланың салмағы 25 кг болса, онда оның ауырлық күшінің мәні нешеге тең болады? Еркін түсу үдеуін шамамен 10 Н/кг-ға тең деп алыңдар.

а) 2,5Н; ә) 25Н; б) 250Н.

Page 12: Тартылыс құбылысы. Ауырлық күші

1-есеп:

Массасы 250 г бақаға әсер ететін ауырлық күші неге тең? Массасы 250 г бақаға әсер ететін ауырлық күші неге тең?

Массасы 250 г бақаға әсер ететін ауырлық күші неге тең?

Page 13: Тартылыс құбылысы. Ауырлық күші
Page 14: Тартылыс құбылысы. Ауырлық күші

2-есеп

Ауырлық күші 980 Н болатын арыстанның массасы қандай болады?

Page 15: Тартылыс құбылысы. Ауырлық күші