Оқушылардың функционалдық сауаттылығын...

59
«Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ АО «Информационно-аналитический центр» ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА АТА-АНАЛАР ЫҚПАЛЫН БАҒАЛАУ АСТАНА 2015

Upload: saniyaboranbayeva

Post on 15-Apr-2017

1.038 views

Category:

Education


14 download

TRANSCRIPT

Page 1: Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда ата-аналар ықпалын бағалау

«Ақпараттық-талдауорталығы»АҚ

АО«Информационно-аналитическийцентр»

ОҚУШЫЛАРДЫҢФУНКЦИОНАЛДЫҚ

САУАТТЫЛЫҒЫНҚАЛЫПТАСТЫРУДААТА-АНАЛАР

ЫҚПАЛЫНБАҒАЛАУ

АСТАНА2015

Page 2: Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда ата-аналар ықпалын бағалау

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

«АҚПАРАТТЫҚ-ТАЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ» АҚ

Талдау қорытындысы

Оқушылардың функционалдық

сауаттылығын қалыптастыруда ата-аналар

ықпалын бағалау

АСТАНА – 2015

Page 3: Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда ата-аналар ықпалын бағалау

2

Мазмұны

КІРІСПЕ ..................................................................................................... 3

Зерттеудің маңыздылығы ......................................................................... 4

Мақсаты ................................................................................................ 4

Міндеттері ............................................................................................ 4

Зерттеу нысаны ................................................................................... 5

Зерттеу мәні ........................................................................................ 5

Далада зерттеу жүргізу мерзімдері .................................................... 5

Зерттеу гипотезалары ....................................................................... 5

Іріктеу ........................................................................................................ 6

Зерттеу әдістемесі .................................................................................... 7

Социологиялық зерттеудің жалпы іріктеме жиынтығы .................. 8

Зерттеу географиясы ......................................................................... 8

Сауалнама құралы ................................................................................. 8

Зерттеу нәтижелері: ата-аналармен сауалнама жүргізу ...................... 11

Зерттеу нәтижелері: мұғалімдермен сұхбат ......................................... 33

Халықаралық тәжірибе: білім беру бағдарламаларына және

стратегияларға шолу .............................................................................. 39

Зерттеу қорытындылары ........................................................................ 44

Ұсыныстар ............................................................................................... 47

1 Қосымша............................................................................................... 49

2 Қосымша............................................................................................... 50

3 Қосымша............................................................................................... 53

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі .......................................................... 57

Page 4: Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда ата-аналар ықпалын бағалау

3

КІРІСПЕ

Қазіргі әлемде табысты тұлғаға айналу үшін, жай сауатты болу ғана емес, функционалды сауатты болу қажет, яғни шынайы өмір жағдайларында түбегейлі білімді қолдана білу керек.

«Функционалдық сауаттылық» термині 1956 жылы Уильям Грейдің ЮНЕСКО үшін «Оқу мен жазуға үйрету» зерттеуінде енгізілген болатын. Дегенмен функционалдық сауаттылықты дамыту жөніндегі мәселесі тек 1980 жылдары ақпараттық технологиялардың екпіндей дамуы кезеңінде маңыздылыққа ие болды. Ал бүгінде функционалды сауатты болу – өмірлік қажеттілік, оған елдің амандығы, әлеуметтік мәдени және экономикалық дамуы көп жағынан тәуелді.

Қазіргі адам қызметтердің барлық салаларында табысты жұмыс істеуге және жедел өзгеретін ақпараттық ортамен бірігуге мүмкіндік беретін білімділіктің деңгейін меншіктенуі тиіс. Ол үшін функционалдық сауаттылықтың маңызды құрамдас бөліктері болуы тиіс: үздіксіз оқу және даму, белсенді шығармашылық ойлауды дамыту, қойылған міндеттерді шешудің стандартты емес жолдарын табу, өзінің кәсіби жолы мен өмірлік бағдарларын таңдай білу.

Жоғарыда аталған қасиеттер мен дағдыларды қалыптастыру көптеген факторларға, бірінші кезекте отбасына тәуелді болады. Қазіргі қоғамдағы отбасы баланың алғашқы әлеуметтену институты ретінде қарастырылады. Ата-аналық мүдде мен олардың баланың функционалдық сауаттылығын дамытуға ықпалы балалардың академиялық жетістіктерін болжайтын барынша мәнді факторлар болып табылады.

Осыған байланысты балалардың функционалдық сауаттылықтарын қалыптастыруда ата-аналар ықпалын социологиялық зерттеу түрінде бағалау жүргізілді. Осы зерттеу бұл мәселенің неғұрлым жете зерттелуіне, сондай-ақ отбасы мен мектептің өзара әрекеттерін күшейту бойынша ұсыныстарды әзірлеуге бағытталған.

Зерттеу нәтижелері қолданушылардың кең тобына: заңнамалық және атқарушы билік органдарына, мектепте білім беру жүйесінің қызметкерлеріне, оқушылардың ата-анасына, халықтың басқа әлеуметтік топтарына және бұқаралық ақпарат құралдарына пайдалы болады.

Алынған нәтижелерді талдау мен түсіндіру, сондай-ақ ұсыныстар мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылық деңгейін жоғарылату бойынша тиімді басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін пайдаланылуы мүмкін.

Page 5: Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда ата-аналар ықпалын бағалау

4

Зерттеудің маңыздылығы

Қазіргі кезде Қазақстанда оқушылардың негізгі құзіреттерін қалыптастыру үшін қажетті жағдайларды жасауға ерекше көңіл бөлінеді. Бұл мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылық деңгейінің елдің адамдық капиталының бәсекелесу қабілеті үшін жеткіліксіздігімен байланысты. Оны қазақстандық мектеп оқушыларының халықаралық салыстырмалы зерттеулеріне қатысу нәтижелері де растайды. Мысалы, PISA-2012 нәтижелеріне сәйкес Қазақстан әлемде 65 елдің ішінде математика бойынша 49-шы , табиғи ғылымдар пәні бойынша 52-ші және оқу сауаттылығы бойынша 63-ші позицияны алды.

Зерттеу көрсеткендей, PISA орташа балынан 5 балл жоғары жинаған ел еңбек өнімділігі деңгейін 2,5%-ға және халықтың жан басына шаққандағы ЖІӨ 1,5%-ға арттырады (ЭЫДҰ, 2006). Ал PISA көрсеткішін 50 балға жақсарту елдің жылдық ЖІӨ 1%-ға арттырады (Hanushek, 2010).

Оқушылардың функционалдық сауаттылық деңгейін жоғарылату туралы мәселе Қазақстанда жүргізілетін реформалар тізбесінде ерекше орынға ие. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылық деңгейін дамытуды мазмұндық, оқу-әдістемелік, материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешені 2012-2016 жылдарда мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылық деңгейін дамыту әрекеттерінің Ұлттық жоспарында анықталған (бұдан әрі-Ұлттық жоспар ).

Ұлттық жоспарда белгіленген қызметтер бағыттарының бірі ата-аналардың баларына білім беруде және тәрбиелеуде белсенді қатысуын қамтамасыз ету болып табылады. Ата-аналардың балалармен бірігіп уақыт өткізуі және оқытуға қатысуына балалардың академиялық қабілеті тікелей тәуелді болады (ЭЫДҰ, 2012).

Бұл үй жағдайы және әртүрлі отбасылық факторлардың балалардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға тигізетін ықпалының рөлі туралы зерттеулер жүргізудің өзектілігін растайды.

Мақсаты

Ата-аналардың бала тұлғасының сәтті әлеуметтенуіне қатысу деңгейін анықтау және отбасы мен мектептің өзара әрекеттерін күшейту бойынша тәжірибелік ұсыныстарды жасау.

Міндеттері

1. Балалардың функционалдық сауаттылығын дамытудағы ата-аналар ықпалының деңгейін анықтау.

2. Мектеп пен отбасының өзара әрекеттестігінің деңгейін анықтау.

Page 6: Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда ата-аналар ықпалын бағалау

5

3. «Мектеп-отбасы», «отбасы-мектеп» тиімді өзара әрекеттестігін бұдан әрі дамыту бағдарламасын әзірлеу үшін ақпараттық материалдарды алу.

Зерттеу нысаны

5-ші сынып оқушыларының ата-аналары, мектеп мұғалімдері мен әкімшілігі.

Зерттеу мәні

Ата-аналардың мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы ықпалы.

Далада зерттеу жүргізу мерзімдері

2015 ж. қыркүйектің 7-нен 30-на дейінгі кезең.

Зерттеу гипотезалары

1. Ата-аналарының білім деңгейі жоғары оқушылар ата-аналарының білім деңгейі төмен құрбыларына қарағанда жақсы нәтижелерді көрсетеді. 2. Егер үйде оқу үшін қолайлы жағдайлар жасалса, оқушылардың үлгерімі жоғары болады (өз бөлмесінің, тыныш жұмыс орнының болуы және б.). 3. Интернетті академиялық емес мақсаттар үшін қолданатын оқушылардың Интернетті академиялық мақсаттар үшін қолданатын құрбыларына қарағанда нәтижелері төмен болады. 4. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына барған және ерте жастан оқи бастаған балалар мектепке дейінгі дайындықтан өтпеген және неғұрлым үлкендеу жаста оқи бастаған құрбыларына қарағанда мектепте жақсы оқу үлгерімін көрсетеді. 5. Ата-аналары үй тапсырмасын орындауда көмектесетін мектеп оқушылары ата-аналары үй тапсырмаларын орындауға қатыспайтын не аз көмектесетін құрбыларына қарағанда жақсы нәтижелерді көрсетеді. 6. Қосымша сабақтарға қатысатын оқушылар мұндай мүмкіндігі жоқ құрбыларына қарағанда жақсы нәтижелерді көрсетеді. 7. Ата-аналары мектепті таңдауға неғұрлым жауаптылықпен қарайтын оқушылардың, ата-аналары бұл мәселеге немқұрайлы қарайтын құрбыларына қарағанда оқу нәтижелері жоғары болады. 8. Ата-аналары мектеп өміріне белсенді қатысатын оқушылар ата-аналары белсенділік көрсетпейтін оқушыларға қарағанда жақсы нәтижелерді көрсетеді. 9. Ата-аналары олармен әлеуметтік немесе саяси мәселелерге жиі әңгімелесетін оқушылар, ата-аналары бұл тақырыптарға сөз қозғамайтын балаларға қарағанда жақсы нәтижелерді көрсетеді.

Page 7: Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда ата-аналар ықпалын бағалау

6

10. Ата-аналары оқу мен математикаға оң көзқарасты оқушылар, ата-аналары бұл сабақтарға селқостау қарайтын не теріс көзқарасты балаларға қарағанда жақсы нәтижелерді көрсетеді.

Іріктеу

Бұл зерттеу үшін халықарылық ынтымақтастық жөніндегі Германиялық қоғамның (бұдан әрі - GIZ) 2014-2015 оқу жылдары 167 жалпы білім беретін мектептердің 4-ші сыныптың 3 551 оқушысының арасында жүргізілген «Оқушылардың математикалық және оқу сауаттылығы деңгейін бағалау бойынша зерттеулер» жобасының іріктеуінен мектептердің 49%-ы алынды. Респонденттердің ең көп пайызы мектептердің саны көп аймақтарға келеді (Оңтүстік Қазақстан облысы – 11,7% және Алматы қаласы – 10,9%).

Осы зерттеуге қатысушылардың көпшілігі 4 сыныпта GIZ жобасына қатысқан 5 сынып оқушыларының ата-аналары болып табалады (92%). Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда ата-аналар ықпалын бағалау бойынша зерттеудің қалған қатысушылары – келген оқушылардың ата-аналары.

Төменде респонденттерді аймақтар бойынша іріктеу берілген.

№ Аймақ Мектептер саны Оқушылар саны

GIZ Осы зерттеу GIZ Осы зерттеу 1 Ақмола 6 4 111 69

2 Алматы 20 7 443 116

3 Ақтөбе 8 5 187 122

4 Атырау 6 4 136 96

5 Батыс Қазақстан 6 5 96 91

6 Маңғыстау 8 4 191 93

7 Шығыс Қазақстан 11 6 190 103

8 Жамбыл 13 4 270 90

9 Қарағанды 11 5 186 72

10 Қызылорда 9 4 205 95

11 Оңтүстік Қазақстан 31 10 665 190

12 Қостанай 7 4 127 77

13 Павлодар 6 5 126 91

14 Солтүстік Қазақстан

5 4 80 73

15 Астана қ. 7 4 203 93

16 Алматы қ. 13 7 335 177

Барлығы 167 82 3 551 1 648

Респонденттерді аймақтар бойынша іріктеудің қателігі

(1648 респондент) 95% сенімгерлік аралық және анықталмаған

белгінің ең жоғары көрсеткіші 50% кезінде 2,4%-ды құрады. Зерттеу

іріктеулерінің қателігі (1648 респондент) репрезентативтік деректерді

ұсынуға мүмкіндік береді (+-5% шегінде).

Page 8: Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда ата-аналар ықпалын бағалау

7

Зерттеу әдістемесі

Зерттеу аясында нақты деректерді алу үшін ақпаратты жинаудың аралас әдісі пайдаланылған, оған 5 сынып оқушыларының ата-аналарына топтық сауалнама жүргізу және мектеп басқарушылары, мұғалімдері, психологтар және әлеуметтік педагогтармен сұхбат жүргізу жатады .

Сауалнама деректері ата-аналар қоғамына сауалнама жүргізу

арқылы жиналған. Сауалнама формасы – көзбе-көз, яғни сауалнамадағы жауаптарды зерттеушінің қатысуымен респонденттердің өздері толтырған. Зерттеуге қатысушылар бастауыш сыныптар оқушыларының ата-аналары болды, өйткені бұл балалардың үлгерімдерін ерте түзету және мектеп пен отбасының тиімді өзара әрекеттері бойынша бұдан кейінгі жұмыстарын жүргізу үшін оңтайлы жас болып табылады.

Зерттеу аясында статистикалық мәліметтерді және олардың сипаттамасын баяндауға бағытталған дискриптивті талдау әдісі қолданылды.

Бұдан басқа, ата-аналардың балалардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы ықпалының деңгейін анықтау мақсатында, ата-аналар толтырған сауалнама нәтижелерінің деректері оқушылардың GIZ жобасының математикалық және оқу сауаттылғы бойынша нәтижелерімен бірге корреляциялық және регрессиялық талдаудан өтті. Талдау SPSS қолданбалы статистикалық бағдарламасының пакеті арқылы жүргізілді.

Зерттеуге қатысушы-мектептердің басқарушылары мен

қызметкерлері арасында жартылай құрылымды сұхбат жүргізілді

(сынып жетекшілері, психологтар, әлеуметтік педагогтар,

директорлардың орынбасарлары).

Зерттеудің аралас әдісі

Ата-аналар сауалнамасы бойынша

деректер

Сандық

Оқушылардың математикалық және

оқу сауаттылығы бойынша көрсеткіштері

Сапалық

Мұғалімдер мен мектеп әкімшілігімен

өткізілген сұхбат бойынша деректер

Page 9: Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда ата-аналар ықпалын бағалау

8

Социологиялық зерттеудің жалпы іріктеме жиынтығы

1 648 сауалнама респонденттері және 313 сұхбатқа қатысушылар.

Зерттеу географиясы

14 облыс және республикалық мәні бар Астана және Алматы қалалары.

Сауалнама құралы Ата-аналар үшін сауалнама 8 тақырыптық блок бойынша 30

сұрақтан құрастырылды.

Блок тақырыбы Сұрақтар саны

1 Социалдық - демографиялық блок (жас, жыныс, жанұя құрамы, білім және т.б.)

6

2 Социалдық-экономикалық блок (табыс, жекеменшік тұрғын үйдің болуы және т.б.)

3

3 Балаға оқу үшін қолайлы жағдайдың жасалуы (меншік бөлменің, Интернеттің бар болуы)

4

4 Ата-ананың баланы сәби шақтан дамытуға қатынасуы (мектепке дейінгі білім беру, сәби шақтан оқуға баулу)

3

5 Ата-ананың баланың мектеп өміріне қатынасуы (жиналыстарға қатысу, мұғалімдермен қарым-қатынас орнату, ата-аналар комитетінің мүшесі болу және т.б.)

4

6 Ата-ананың оқуда балаға қолдау көрсетуі (үй тапсырмасын орындауда көмек көрсету, қосымша сабақтарға қатысу, репетитор көмегіне жүгіну және т.б.)

4

7 Мектеп қабырғасынан тыс бірге уақыт өткізу (үй шаруашылығы бойынша көмек көрсету, бірге кітапханаға, театрға бару және т.б.)

3

8 Ата-ананың оқу мен математикаға деген көз-қарасы (әуестік, оқу жүйелілігі және т.б.)

3

Барлығы 30

Құрылымы бойынша сауалнама 14 жабық (ұсынылған нұсқалар арасынан жауап таңдау), 6 жартылай жабық (ұсынылған нұсқалар арасынан жауап таңдау немесе өз нұсқасын жазу) және 10 шкалалық сұрақтардан тұрады (қандай да бір сұрақ бойынша келісу/келіспеу деңгейі немесе көрсетілген әрекеттердің орындалу жиілігін таңдау). Сауалнаманың 27 сұрағы баламалы сипатта (тек бір жауап нұсқасын таңдау), 3 сұрақ көп нұсқалы болды.

Бұдан басқа, зерттеуге қатысушы мектептердің басқарушылары мен қызметкерлері арасында жартылай құрылымды сұхбат жүргізілді. Сұхбатқа баланың жеке тұлғасы мүддесіндегі мектеп пен отбасының өзара әрекеттестігінің деңгейі туралы, сондай-ақ оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытуға ықпал ететін факторлар жөнінде 15 алдын-ала дайындалған сұрақтар енгізілген.

Page 10: Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда ата-аналар ықпалын бағалау

9

Респонденттерге сондай-ақ нақтылаушы сипаттағы сұрақтар да қойылды.

Негізгі дала зерттеуінің алдында Астана қ. 3 мектебі негізінде сауалнаманың респонденттер толтыру үшін түсініктілігі мен қол жетімділігін тұжырымдаудың айқындығы мен бір мағыналылығын, толтыруға қажетті уақыт мөлшері тәрізді сипаттарын және басқаларын тексеру мақсатында аспаптардың апробациясы жүргізілген болатын.

Бастапқы деректерді жинау және талдаудың негізгі процедуралары

1 Зерттеудің дайындық және ұйымдастырушылық кезеңдері

1.1 Іс-әрекеттердің жалпы жоспарын құрастыру

1.2 Зерттеудің бағдарламасын әзірлеу. Мақсаттар мен зерттеу міндеттерін, болжамдарды бекіту.

1.3 Зерттеуге қатысушылардың іріктемесін есептеу. Зертеу нүктесін таңдау

1.4 Зерттеу құралын әзірлеу

1.5 Жолдама құжаттарды әзірлеу

Сауалнама жүргізу бойынша нұсқау

Ілеспе хаттар

Сауалнама жүргізуші маманның құжаттары

1.6 Астана қаласының 3 мектебінде зерттеу құралының апробациясын жүргізу

1.7 Сауалнама жүргізуді ұйымдастыру

Сауалнама жүргізуші мамандардың нұсқамалығын өткізу

Мектептерде зерттеу жүргізуге рұқсат алу үшін аймақтық білім басқару мекемелеріне ілеспе хаттарды тарату

2 Далалық зерттеу кезеңі

2.1 Сынамалы сауалнама жүргізу

Сыналамалы сауалнама нәтижелері бойынша зерттеу құралына өзгерістер енгізу

Сынамалы сауалнама нәтижелері бойынша есеп дайындау

2.2 Сауалнама жүргізуді ұйымдастыру және іске асыру

Сауалнама толтыру бойынша зерттеуге қатысушаларға нұсқамалық өткізу

2.3 Сауалнама нәтижелерін өңдеу

Толтырылған сауалнама бланкілерін қабылдау және тексеру

Сауалнамаларды кодпен жазу

Нөмірлеу

Сауалнама мәліметтерінің электрондық үлгісін жазу

Сауалнама деректер ауқымын іріктеу

Мәліметтер бойынша кесте құрастыру

2.4 Мәліметтерді талдау

3. Зерттеудің қорытындылаушы кезеңі

3.1 Мәлімет талдау қорытындысының жүйесін әзірлеу

3.2 Зерттеу нәтижелері бойынша талдау қорытындысын дайындау

3.3 Презентация әзірлеу

3.4 «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда ата-аналар ықпалын бағалау» дөңгелек үстелін өткізу

Page 11: Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда ата-аналар ықпалын бағалау

10

Зерттеулер жөнінде жалпы мәліметтер Зерттеуге елдің 16 өңірінен 82 мектептің 5 сынып оқушыларының

1 648 ата-аналары қатысты. Олардың ішінде 80,5% – аналары, әкелері - 9,2% және басқа тұлғалар – 10,3% (1 сурет).

1 Сурет.Зерттеуге қатысушылар

Респонденттерге сауалнама жүргізу оқушылардың

функционалдық сауаттылығына ықпал ететін факторлар жөнінде мәнмәтіндік ақпарат алуға ммүкіндік берді. Сауалнама нәтижелері CAPSA «4-ші сынып оқушыларының білім жетістіктерін бағалау» зерттеу қорытындыларымен салыстырылып, «Орта Азия елдерінде саясат және білім беруді реформалау саласындағы аймақтық диалог» халықаралық ынтымақтастық бойынша Германиялық қоғам (GIZ) жобасының аясында талданды.

CAPSA аспабы халықаралық мамандар тобымен әзірленген және тексерілген, оқушылардың елде қолданылатын білім стандарттарына сәйкес не білетіні және не істей алатыны туралы шынайы және ғылыми-негізделген түсінік алуды көздейді. Тест сұрақтары төртінші сынып оқушыларының математикалық және оқу сауаттылығы деңгейін анықтауға

бағытталған: жоғары, негізгіден жоғары, негізгі, негізгіден төмен, төмен (қосымшаның 1 кестесі).

Математика бойынша тестке бірнеше мәтіндік блоктардың 3 деңгейлі күрделіліктегі тапсырмалары енгізілген: арифметика, логика,

геометриялық пішіндер, мәтіндік есептерді шешу және басқалары. «Оқу және түсіну» бағыты бойынша оқушыларға көркем және

публицистикалық мәтіндермен жұмыс істеу ұсынылған. Тапсырма оқылғанның мәнін түсуге, басты ойын бөліп көрсетуге, мәтіндегі әрекеттердің реттілігін белгілеуге, кейіпкер әрекетінің себебін анықтауға және басқаларына бағытталған. Тестілеу қорытындылары бойынша жоба қатысушыларының тапсырмаларды орындаудағы табыстары оқу

Page 12: Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда ата-аналар ықпалын бағалау

11

бойынша математикаға қарағанда 10,6% төмен болды (сәйкесінше 67,7% және 78,3%).

Зерттеу аясында педагогикалық қызметкерлермен жартылай құрылымды сұхбат жүргізілді. Сұхбаттың 313 қатысушысы ішінде 115 адам – мектеп әкімшілігі өкілдері, 86 – сынып жетекшілері, 75 –психологтар және 37 әлеуметтік педагогтар бар.

Сұхбаттың мақсаты – баланың мектеп өміріндегі ата-аналар рөліне қатысты респонденттердің пікірлері, көзқарастары және ұсыныстары туралы қосымша ақпараттар алу.

Сұхбат келесі сұрақтар блоктарынан тұрды: балалардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға ықпал ететін отбасылық факторлар; баланың мектеп өміріне ата-аналарды тартуға бөгет жасайтын факторлар; оқушылардың үлгерімін жоғарылату үшін ата-аналарға берілетін ұсыныстар.

Зерттеу нәтижелері: ата-аналармен сауалнама жүргізу

Оқушылардың білім жетістіктері мен олардың отбасыларын

сипаттайтын көрсеткіштер арасындағы байланыстың мектеп

оқушыларының функционалдық сауаттылығына ықпал ететін

факторларды талдауда айтарлықтай мәні бар.

Отбасылық дәстүрлер, отбасындағы білімдік орта, ата-

аналардың әлеуметтік жағдайы және басқалары ықпал ету факторлары

ретінде қарастырылады. Француз cоциологы П. Бурдье (1986)

капиталды үш түрге бөледі: экономикалық, мәдени және әлеуметтік.

Мәдени капиталға білім беру, уақыт өткізу, кітаптар, өнер бұйымдар

және басқалары жатқызылады. Әлеуметтік капитал арнайы таныстар

тобынан, қоғамдағы маңыздылықтан және басқаларынан тұрады.

Материалдық заттар, мүліктер экономикалық

капиталға жатқызылады. Осы зерттеуді

талдау әрбір ықпал ету факторын жеке

қарастырады.

Көптеген зерттеулердің мәліметтері

бойынша толық отбасынан шыққан балалар

әдеттегідей неғұрлым жоғары нәтижелерді

иеленеді. Мысалы, ЭЫДҰ елдерінің PISA-

2012 отбасында бір ата-анамен тұратын қатысушыларының нәтижелері

толық отбасынан шыққан құрбыларының көрсеткіштерінен 15 балға

төмен. Бұл айырма оқу жылының жартысына қарай теңестіріледі.

Осымен бірге қазақстандық толық отбасынан шыққан PISA-2012

Page 13: Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда ата-аналар ықпалын бағалау

12

қатысушыларының 91%-ы, орташа алғанда, толық емес отбасынан

шыққан балаларға қарағанда 2 балл төмен жинады (НЦОСО, 2013).

Осындай жағдай GIZ жобасы аясындағы

тестілеу қорытындылары бойынша да

анықталған. Тек бір ата-ана тәрбиесіндегі

балалар толық отбасынан шыққан құрдастарына

қарағанда жақсы нәтижелер көрсеткен. Толық

емес отбасынан шыққан мектеп оқушыларының

тапсырмаларды табысты орындаулары

математика бойынша 79,5%, оқу бойынша -

70,5%-ды құрады. Толық отбасынан шыққан

оқушылардың көрсеткіштері: математика - 77%

және оқу - 65%.

Осы «Ата-аналардың мектеп оқушыларының функционалдық

сауаттылығын қалыптастырудағы ықпалын бағалау» зерттеуінің

деректері бойынша респонденттердің 14%-ы толық емес отбасы

мүшелері (2 сурет).

2 сурет. Зерттеуге қатысушылар отбасыларының құрамы

Толық емес отбасынан шыққан балалардың табысты оқуларының ықтимал себептері – жалғыз басты ата-ананың жоғары білімділігі, беделді жұмысы (көп жағдайда анасының), олардың өз баласына өмірдегі ауқаттылық пен дербестіктің кепілі ретінде толық бағалы тәрбие мен білім беруге талпынуы.

Отбасының

толықтығы және

оқушылардың

білім

жетістіктері

Page 14: Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда ата-аналар ықпалын бағалау

13

Сауалға қатысушылардың 32%-ының отбасыларында 10-11 жастағы оқушы (5 сынып) үлкен бала болып табылады, 30%-ында - орташа, 26%-ында - кіші және отбасылардың 12%-ында - жалғыз .

Отбасындағы баланың үлкендігі (үлкен, орташа, кіші,жалғыз) мен оның оқу дағдыларының арасында корреляция бар (r=0,061; p=0,013). Оқу бойынша ең жоғары табысты нәтижені отбасында үлкен (72,3%) және жалғыз (71,8%) болып табылатын қатысушылар көрсетті. Отбасында орташа (65%) және кіші (68,5%) балалардың нәтижелері төменірек болды.

Мұндай көрсеткіштердің алшақтығын үлкен немесе жалғыз балалардың оқуына ата-аналарының көп көңіл аударуымен түсіндіруге болады. Кіші балаларының жетістіктеріне, олар үлкен балаларының көмегіне сүйеніп, көбінесе аз талап қояды.

Аналардың көпшілігінің жас шамасы - 31-ден 35 жасқа дейін (30,2%), әкелердікі - 36-дан 40 жасқа дейін (25,1%). Зерттеуге қатысқандар арасында әкелердің 15,3%-ы мен аналардың 10%-ының жасы– 45 жастан жоғары.

Аналары 36- 45- жас аралығында, ал әкелері – 41-ден 45-ке дейін және одан жоғары жастағы балалар математика бойынша жоғары (82%) және оқу сауаттылығы бойынша орташадан жоғары білім деңгейін көрсетті (тапсырмалардың 72,5%-н орындады). Сонымен бірге, ата-аналардың жас шамасы математикаға қарағанда, оқу

сауаттылығына көбірек ықпал жасайды (r=0,102; p=0,000/ r=0,093; p=0,000). Респонденттердің 58,9%-ының балалары

қазақ тілінде оқиды, олардың ішінде үйінде 53,5%-

ы қазақ тілінде сөйлеседі. Сұралғандардың 41,1%-

ының балалары орыс тілінде оқытатын

мектептерге барады, осы мезетте үйлерінде осы

тілде тек 38,5%-ы сөйлеседі. Осылайша, бұл

балалардың отбасындағы сөйлесу тілі

мектептегіден ерекшеленеді.

Бұдан басқа, респонденттердің 3%-ы үйлерінде этникалық азшылық тілінде (ұйғыр, өзбек, қырғыз, курд, әзірбайжан және басқалары) және 5%-ы екі тілде сөйлесетіндерін көрсеткен.

Демек, респонденттердің 16%-ының отбасында үйдегі сөйлесу тілі баланың мектептегі оқу тілімен сәйкес келмейді. Мұғалімдерді мектептерде орын алатын тілдік кедергілер мазалайды: «Егер үйдегі

Оқушылардың

сөйлесу тілдері

мен үлгерімдері

Баланың

отбасындағы

сиблингті

позициясы

және оның

үлгерімі

успеваемость

Ата-аналардың

жас шамасы

және

оқушылардың

білім деңгейлері

Page 15: Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда ата-аналар ықпалын бағалау

14

қатынасу ортасы қазақша, ал бала орысша оқыса (және керісінше), онда оқуда мәселелер туындайды».

Жүргізілген талдау мектептегі оқыту тілі мен отбасындағы қатынасу тілдері арасындағы өзара оң байланысты көрсетті (r=0,628;

p=0,000). Бұл балалар негізінен бір тілде оқып, қарым-қатынас жасайтынын білдіреді. Сондай-ақ, оқыту тілі мен балалардың оқу нәтижелерінің арасындағы корреляция анықталды (r=0,096; p=0,000).

Айтып көрсететін жайт, оқушының оқу және математикалық сауаттылығына әкесінен қарағанда, анасының сөйлеу тілі көбірек әсер етеді (r=0,068; p=0,006).

Балалардың мектептегі үлгерім нәтижелеріне ата-аналарының білімі, олардың жалпы білімдарлық деңгейлері, ой-өрісі айрықша әсер етеді.

Әкелерге қарағанда жоғары білімді (сәйкесінше 37,8% және 25,2%), сондай-ақ тек жалпы орта білім алған да аналардың (18,4% және 17,5%) үлесі жоғары.

Негізгі орта (6,4%), сондай-ақ техникалық және кәсіби білімі бар (25,4%) әкелер мен аналардың үлесі бірдей.

Аналардың 2,1%-ы мен әкелердің 1,4%-ы

жоғарыдан кейінгі білімі бар (магистр, ғылым докторы). Анықтама: ЭЫДҰ елдерінде PISA-2012 нәтижелері бойынша ата-

аналардың 12,2%-ында бастауыш және негізгі орта білімі, 51,9%-ында техникалық және кәсіби, сондай-ақ жоғары білімі бар.

Зерттеу нәтижелерінің корреляциялық талдауы1, анасының білімінің болуы баланың математика бойынша жетістіктеріне қарағанда (r=0,076; p=0,000), оқу сауаттылығына көбірек әсер ететіндігін (r=0,113; p=0,000) анықтады. Бұл баланың оқу бойынша үлгерімі анасының

білім деңгейіне 1,3%-ға тәуелді екенін білдіреді (R2 =0,013; F(1,1646)

=21,12, p<0,000).

Отбасы әкесінің білімі баланың математикалық және оқу сауаттылығына әсерін тигізбейді. Ал екі ата-ананың да жоғары және жоғарыдан кейінгі білімінің болуы математикалық және оқу үлгерімімен тек әлсіз оң байланыста (r(математика)=0,057, p=0,024/ r(оқу)=0,099,

p=0,000). Бұл дерек ЭЫДҰ елдерінің статистикасынан айтарлықтай

ерекшеленеді, оған сәйкес PISA-2012 нәтижелері бойынша ата-ананың жоғары білімінің болуы оқушының академиялық

1Ата-аналармен сауалнама жүргізу нәтижелері мен GIZ халықаралық зерттеуі тестерін салыстыру

Ата-аналардың

білім деңгейлері

және

оқушылардың

үлгерімдері

Page 16: Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда ата-аналар ықпалын бағалау

15

табыстылығының 27%-ын түсіндіреді (R2=0,27). PISA-2012 қорытындылары бойынша, ата-аналары жоғары білімді отбасынан шыққан балалардың нәтижелері, ата-аналарының мұндай білімі жоқ құрдастарының жетістіктеріне қарағанда 77 балға жоғары болды. Оқушылар көрсеткіштерінің алшақтығы 37-ден (Мексика) 173 балға дейін (Словакия) ауытқиды.

Респонденттер ішінде білім беру, медицина және басқа салалардағы білікті мамандар қатарына аналардың 27,4%-ы және әкелердің 12,1%-ы жатады. Ата-аналардың 30%-ы - кеңсе қызметкерлері (хатшылар, мәліметтерді енгізу операторлары және б.) және қызмет көрсету саласының қызметкерлері (турагенттіктер, мейрамхана қызметшілері, әлеуметтік қызметшілер, сатушылар және б.), олардың көпшілігі 5 сынып оқушыларының аналары.

Зерттеуде ананың лауазымдық мәртебесінің мектеп оқушысының оқу сауаттылығына оң әлсіз ықпалы болатыны анықталды (r=0,063; p=0,013). Сонымен, жоғары лауазымды атқаратын аналардың балалары (математика – 84% және оқу – 76%) төмен мәртебелі лауазымдағы аналардың балаларына қарағанда (математика – 73,7% және оқу – 61%), неғұрлым табысты нәтижелерді көрсетті.

Математикалық сауаттылықтың жоғары және ілгері деңгейін көрсеткен оқушылардың 57%-ының (80% - 100% орындау) аналары білікті маман болып қызмет атқарады (оқытушылар, заңгерлер, дәрігерлер және т.б.).

Ата-аналардың жоғары лауазымдық мәртебесі оқушылардың жақсы үлгерімімен коррелияцияланады. PISA-2012 нәтижелері бойынша, ата-аналары білікті және біліксіз қызметкерлер болып табылатын балалардың үлгеріміндегі айырма 86 балды құрайды, бұл мектепте оқудың 2,2 жыл уақытымен теңестіріледі.

PISA-2012 нәтижелері көрсетуінше, жоғары лауазымды атқаратын және мамандығы орташа немесе төмен мәртебелі ата-аналардың балаларының нәтижелері арасындағы айырма 44-тен (Япония) бастап 131-ге (Словакия) дейін түрленеді және ЭЫДҰ елдері бойынша 85 балды құрайды.

Әкелердің басым саны құрылыс, автомобиль көлігі, металлургия және машина жасау салаларында жұмыс істейді (20,9%). Ата-аналардың журналистикамен, альпинизммен, спортпен, музыкамен айналысатыны туралы жауаптары бірлі жарым болды (1%).

Сауалға қатысушылардың 8,1%-ы жеке бизнестері бар екенін көрсетті, олардың балаларының математика бойынша нәтижелері

Ата-аналардың

мамандықтары

мен

оқушылардың

оқу жетістіктері

Page 17: Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда ата-аналар ықпалын бағалау

16

(80%) оқуға қарағанда (тапсырманың 71,5%-ын орындау) жоғары болды.

Ата-аналардың 15,3%-ы еш жерде жұмыс істемейтіндерін көрсетті. Олардың ішінде, декреттік демалыстағы аналар, сондай-ақ зейнеткерлер және уақытша жұмыс істемейтіндер бар. Бұл санатта сонда-ақ ақы төленетін жұмыста ешқашан еңбек етпегенін, өйткені үй шаруашылығын жүргізіп және бала тәрбиелеумен айналысатынын көрсеткен аналар қатарынан респонденттер болды (3 сурет).

Зерттеуде анықталғаны, балалардың үлгеріміне көбірек деңгейде аналарына қарағанда, әкелерінің жұмыссыздығы жағымсыз ықпал жасайды. Сонымен, жұмыс істемейтін әкелердің балалары математика бойынша тапсырманың 71,6%-ын және оқу бойынша 59%-ын орындады. Аналары жұмыс істемейтін тестілеуге қатысушылардың көрсеткіштері табыстырақ: математика бойынша 77,3% және оқу бойынша 66,1%.

3 сурет. Респонденттердің кәсіби қамтылуы

Мектепте оқуды бастаған кезеңінен-ақ әлеуметтік-экономикалық мәртебесі төмен отбасылардың балалары әл-ауқаты жоғары отбасылардан шыққан құрдастарына қарағанда, бастапқы сауаттылықтың төмен көрсеткіштерін көрсетеді (сөздік қоры және фондық негіздерді білу) (Buckingham және б., 2013).

Мектеп оқушыларының бұл санаты бұдан кейінгі оқу жылдары ішінде де төмен академиялық көрсеткіштерді (оқу және математика) сақтау

тенденциясына ие (Feinstein и Bynner, 2004).

2,8

10,9

5,5

12,1

7,1

1,8

11,8

17,9

2,9

1

4,5

12,5

11,1

8,4

27,4

9

0,4

1,8

11,4

1,5

1,8

7,6

Жұмыссыз

Шағын бизнеске ие

Кеңсе қызметкері

Білікті маман

Қызмет көрсету аясының қызметкері

Ауыл шаруашылығы қызметкері

Қол еңбегі қызметкері

Қара жұмысшы

Корпоративтік менеджер

Кіші техникалық маман

Басқа

Әке Ана

Отбасының

табысы мен

оқушының

үлгерімі

Page 18: Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда ата-аналар ықпалын бағалау

17

Бұл осы зерттеуде де расталады. Төмен (< 50 мың) және жоғары (> 200 мың) табыстары бар отбасылардағы мектеп оқушыларының нәтижелері арасындағы айырма 2 балды құрайды.

Есте қаларлығы, материалдық молшылық математикаға қарағанда, оқу сауаттылығына көбірек ықпал етеді (r=0,126; p=0,000/

r=0,071; p=0,004). Кірісі жоғары отбасының балалары табысты нәтижелер көрсетті: математика бойынша тапсырманың 85,4%-ын және оқу бойынша 79%-ын орындады.

Көпшілік респонденттер отбасының жалпы айлық табысы 50-ден 150 мың теңгеге дейін (53,3% адам). Респонденттердің 22,8%-ының отбасының табысы 50 мың теңгеге дейін (негізінен толық емес). Жоғары білімді екі ата-ана да жұмыс істейтін отбасылар 150 мыңнан және 200 мың теңгеден жоғары табысты көрсетті.

Көпшілік респонденттердің жеке пәтерлері немесе өз үйлері бар (80,5%) (4 сурет). CAPSA тестілеу нәтижелері бойынша, ата-аналары бөлмені немесе пәтерді жалдап тұратын балалардың тест тапсырмаларын орындау пайызы төмен (математика - 71% және оқу - 60,9%).

4 сурет. Тұрғын-үй жағдайлары

Ата-аналар немесе басқа заңды өкілдер баланың жан-жақты

дамуы үшін қажетті жағдайлар жасауға міндетті («ҚР балалар құқығы

туралы»ҚР Заңының 24 б.2 т.). Алайда отбасының

әл-ауқаты өздігінен балалардың мектептегі

табыстарына оң ықпал жасай алмайды. Одан

бұрын отбасылық құндылықтар, дұрыс

қалыптасқан отбасы ішіндегі байланыстар әсер

етеді.

Отбасы мерекелерінің қолдаушылары

және сақтаушылары әдеттегідей, аға ұрпақ

Отбасындағы

білімдік орта мен

мектеп

оқушысының

функционалдық

сауаттылығы

Page 19: Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда ата-аналар ықпалын бағалау

18

болып табылады. Баланың тұрып жатқан үй жағдайы оқушының

функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда маңызды рөл

атқарады. Сонымен, әжелері және аталарымен бірге тұратын балалар

басқа құрдастарымен салыстырғанда, математика бойынша (79,3%)

және оқу бойынша (68,3%) неғұрлым табысты нәтижелер көрсетті.

Сондай-ақ үйдегі білімдік орта мен оқушының мектептегі

жетістіктері арасындағы өзара байланыс байқалады. Сауалнамалар

деректері бойынша, көпшілік респонденттердің отбасында баланың

сабаққа дайындалуы үшін қажетті жағдайлар жасалған. Көпшілігінің

жеке бөлмелері (70,6%), жұмыс үстелі (67,8%), тыныш жұмыс орны

(42,1%), компьютері (59,6%), сөздігі (48,2%) және оқу әдебиеті (44,7%)

бар.

Сауалнаманың аз қатысушылары үйде өнер және музыка

бойынша суреттер, кітаптар, компьютерлік оқыту бағдарламаларының,

газеттер мен журналдар топтамасының барын хабарлады (5 сурет).

5 сурет. Отбасылардың білімдік ресурстары %

Зерттеуде анықталғаны, үйдегі мәдениет бұйымдары (суреттер,

поэтикалық жинақтар және б.) мектеп

оқушысының оқу сауаттылығына оң

әсерін тигізеді (r=0,144, p=0,000).

Сабаққа дайындалатын үстелдің,

тыныш жұмыс орнының, техникалық

анықтамалардың және энциклопедия-

Page 20: Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда ата-аналар ықпалын бағалау

19

лардың болуы сондай-ақ оқу (r=0,117, p=0,000) мен математикаға

(r=0,115, p=0,000) оң әсерін тигізеді.

Үйде поэтикалық жинақтың болуы балалардың оқуға

қызығушылықтарын дамытуға дұрыс ықпал жасайды (r=0,062, p=0,012).

Мұндай отбасылардың оқушылары тестілеудің басқа қатысушыларына

қарағанда оқу бойынша тапсырманы 5,6%-ға артық орындады

(сәйкесінше 73,6% және 68%). PISA-2012 қорытындылары бойынша,

ЭЫДҰ елдерінде мұндай айырма 32 балды құрайды.

Ақпараттық технологиялардың дамуымен бірге қазіргі қоғам

өмірінде сандық құрылғылар мен Интернет рөлінің айтарлықтай

күшейіп келеді. Сондай-ақ, гаджеттердің болмауын (планшеттер,

электрондық кітаптар және б.) сауалнамаға қатысушылардың тек 10%-

ы ғана белгіледі (6 сурет).

6 сурет. Респонденттер отбасыларындағы сандық құрылғылардың болуы

Қазіргі құрылғылар тек көңіл көтеруге емес, сондай-ақ жаңа білім

алу мен күнделікті мәселелерді шешуге де қол жетімділікті оңайлатады.

«Ақпараттық тор» арқасында балалар өздері үшін жаңа әлем

ашады, жаңа ақпараттар мен көп білім алады. Сауалнамаға

қатысушылардың 51,8%-ы Интернеттің қол жетімділігін белгіледі.

Зерттеу нәтижелері АКТ қолданудың оқу (r=0,182, p=0,000) және

математикалық сауаттылыққа (r=0,146, p=0,000) оң әсерін көрсетеді.

Тұтастай алғанда, үйдегі білім ресурстары мен ақпараттық

құрылғылар математикалық сауаттылыққа 2,4%-ға, оқу сауаттылығына

3,5%-ға әсер етеді (R2 =0,024; F(3,1644) =13,24 p<0,000; R2 =0,035; F(3,1644)

=19,88, p<0,000).

Page 21: Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда ата-аналар ықпалын бағалау

20

Респонденттердің көпшілігінің жауаптары

бойынша, олардың баласы күн сайын Интернетті оқу мақсатында емес, компьютер ойындары (44,8%), музыка тыңдау үшін (43%) жиі пайдаланса, сайттардың сирек қонақтары уақытты пайдалы өткізеді (журналдар, кітаптар оқиды).

Мұндай зерттеу нәтижелері компьютер болу фактісінің өзі және оны пайдалану оқушылардың оқу сапасын көтермейтіндігін дәлелдейді. Олар

оны қандай мақсатпен қолданатыны және өздігінен қажетті ақпаратты іздеуге қаншалықты қатысатыны маңызды. Ата-аналар тарапынан дұрыс бақылау жасау кезінде Интернет тек пайда әкеледі (интернетті пайдалану уақытын шектеу, қажетсіз интернет-беттерді блоктау, қауіпсіздік бағдарламасын күшейту және б.).

Респонденттердің 10%-ынан астамы олардың балалары Интернетті не үй тапсырмаларын орындау үшін, не көңіл көтеру үшін

Интернет және

мектеп

оқушысының

функционалдық

сауаттылығы

АҚШ.2013 жылы 8 жасқа дейінгі балалардың 75%-ның үйінде планшеттер, смартфондар немесе кез келген мобильді құрылғылар бар, бұл 2011 жылға қарағанда 23%-ға артық.

Ұлыбритания. 8-12 жастағы балалардың көпшілігі планшеттерді ойындарға және

бейнелер көру үшін қолданса, балалардың 74%-ға жуығы Интернетті білімдік

мақсаттарда пайдаланады (ақпараттар іздеу, оқыту бағдарламалары және б.). Бұдан

басқа, 2015 жылғы статистика бойынша әрбір 3-ші бала жеке планшетке ие (2014 жылы

– әрбір 5-ші).

Page 22: Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда ата-аналар ықпалын бағалау

21

мұндай мүмкіншіліктің болмауы себебінен пайдаланбайтынын айтты (1 кесте).

1 кесте. Үй Интернеті, %

Күнделікті Жұмасына 1 немесе

2 рет

Айына 1

немесе 2 рет

Жылына 1

немесе 2 рет

Ешқашан

1. Үй тапсырмасын орындайды

38,8 32,6 10,3 1,9 14,7

2. Журнал, кітаптар оқиды

22,9 36,4 15,6 4,1 17,2

3. Ойын ойнайды 44,8 32,9 7,8 1,4 10,1

4. Әуен тыңдайды 43,0 31,1 8,6 1,7 11,7

5. Бейне қарайды 28,2 32,4 13,9 3,2 18,3

Интернетте журналдар мен кітаптар оқудың тестілеуге қатысқан

5 сынып оқушыларының оқу сауаттылығына оң әсері анықталды

(r=0,051, p=0,040). Сонымен қатар, Интернетте бейнелер көру математика

(r=-0,050, p=0,044) және оқу бойынша оқу жетістіктеріне теріс әсерін

тигізеді (r=-0,048, p=0,050).

Бұдан басқа, Интернетті пайдаланып үй тапсырмасын орындау

мен оқу бойынша нәтижелер арасында әлсіз теріс өзара байланыс

байқалады (r=-0,054, p=0,029). Математикалық сауаттылыққа қатысты

мұндай тенденция байқалмайды.

Интернетті пайдаланбау оқушылардың оқу және математикалық

сауаттылығына теріс әсерін тигізеді (r(оқу)=-0,089, p=0,000/ r(математика)=-

0,067, p=0,006). Сонымен, «Менің балам үй тапсырмасын орындау,

журналдар мен кітаптар оқу үшін ешқашан

Интернетті пайдаланбайды» деген жауап

нұсқасын белгілеген ата-аналардың

балалары, орташа алғанда, оқу мен

математика бойынша тапсырмаларды

нашар орындады (сәйкесінше 65% және

76,5%).

Ойын-сауық индустриясын қарқынды дамытуға мүмкіндік

туғызатын қазіргі заманғы гаджеттердің кең таралуы электронды және

дәстүрлі кітаптарды оқуды ығыстыруда. Оқуға қызығушылықтың

төмендеуі жалпы әлемдік тенденция болып табылады. Сонымен,

ЭЫДҰ мүше-елдері арасында 2000-2009 дейін жылдар кезеңінде өз

ғанибеті үшін оқуды ұнататын балалар саны 5%-ға төмендеді (ЭЫДҰ,

2010).

Page 23: Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда ата-аналар ықпалын бағалау

22

Осы аралықта халықаралық зерттеулер нәтижелері (PISA, PIRLS

және б.), өз ғанибеті үшін оқуды ұнататын балалар оқуды

ұнатпайтындармен салыстырғанда академиялық неғұрлым табысты

екендерін көрсетеді. Оқу неғұрлым жылдам және терең қабылдауға,

жаңа ақпараттарды ұғыну мен түсіндіруге көмектеседі, бұл

гуманитарлық қана емес, сондай-ақ табиғи ғылым пәндері бойынша да

оқу үлгеріміне оң әсер етеді.

Шетел зерттеушілері анықтағандай, кітаптардың (көріп

шыққан/оқылған) саны мен оқуға қабілеттілік арасындағы өзара

байланыс жас ұлғайған сайын күшейеді. Жоғары мектеп

оқушыларының тіл дағдыларын 30%-ға дамыту үйдегі баспа

материалдарының болуына байланысты болған (Mol және Bus,

2011, Buckingham дәйексөзі, 2013).

Сонымен бірге көпшілік респонденттердің сауалнама деректері

бойынша, үй кітапханасында барлығы 10-нан (31,2%) және 25-тен

кем кітап (34,9%) бар (7 сурет). Орта есеппен бір қазақстандық

отбасына 46 кітаптан келеді. PISA-2012 нәтижелері бойынша, ЭЫДҰ

елдерінде орта есеппен әрбір отбасында 156 кітапқа дейін болады.

7 сурет. Үйдегі кітаптардың жалпы саны, %

Үйлерінде 10-нан кем және 500-ге жуық кітаптары бар

оқушылардың оқу тапсырмаларын табысты орындау айырмасы 12%-ға

тең (сәйкесінше 65,5% және 77,5 %). ЭЫДҰ

елдерінде PISA-2012 мәліметтері бойынша

бұл алшақтық 64 балды құрайды, ол мектеп

оқуының бір жарым жылына сәйкес.

Бала, бәрінен көбірек, кітап оқуды

уақытты жағымды өткізу ретінде

позициялайтын ата-ананың дұрыс үлгісінің

ықпалына ұшырайды (Baker және Sher, 2002).

Ата-аналар оқыса,

бала да оқиды

Page 24: Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда ата-аналар ықпалын бағалау

23

«Оқуды сүйетіндер» тобына кітап оқуға көзқарасы бойынша

жауаптары негізінде сауалнамаға қатысушы 5 сынып оқушылары ата-

аналарының 86,6%-ы жатқызылады. Зерттеудің қатысушылардың 16%-

ы кітап дүкендері мен кітапханаларға баруды ұнатпайды, кітап оқу

оларды мүлде қызықтырмайды.

Осы зерттеуде кітап оқу туралы жағымсыз пайымдау мен оқырман

сауаттылығының деңгейі арасында теріс корреляция анықталды (r=-

0,053, p=0,032). Яғни, ата-аналар «кітап оқу – бұл босқа уақыт жоғалту»

деп санайтын мектеп оқушылары тапсырманы 7,2%-ға төмен

орындады (69,8% және 62,6%). Осылайша, ата-аналардың кітап оқуға

оң көзқарасы да мектеп оқушысының табысына ықпал етеді (r=0,084,

p=0,001).

Респонденттердің 44,6%-ы өз ғанибеті үшін кітап оқуға аптасына

орта есеппен 5 сағатқа дейін уақыт мөлшерін жұмсайды.

Сұралғандардың тек 20%-ының ғана сүйікті ісіне 2 есе көп уақыт арнауға

мүмкіндігі бар. Респонденттердің 20%-ы кітап оқуға аптасына тек 1

сағат уақыт қана бөлуі мүмкін (8 сурет).

8 сурет. Кітап оқуға бөлінетін уақыт мөлшері

Отбасы ортасы (кітаптың маңыздылығы, оқылғанды

қорытындылау) кітап оқуға ішкі қажеттілікті тәрбиелейді. Қол бос кезде

кітап оқуға аптасына 10 сағаттан артық уақытын

арнайтын ата-аналардың балалары оқу

сауаттылығының айтарлықтай жоғары деңгейін

көрсетті (73% орындалу). Аптасына 1 сағаттан

кем кітап оқитын ата-аналардың балалары

төменірек жетістік көрсетті (68%).

Анасы баланың дамуына оның өмірінің

алғашқы бес жылы ішінде қатыспаған немесе

ішінара қатысқан болса, қабілеттілігінің дамуы

Балалардың

ерте дамуы

және олардың

оқу жетістіктері

Page 25: Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда ата-аналар ықпалын бағалау

24

бойынша бала өз құрдастарынан 1,8%-ға артта қалып қояды (Bernal,

2008).

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында алынған білімнің мектеп

оқушыларының бастауыш мектепте кітап оқу бойынша да, математика

бойынша да үлгеріміне тікелей әсері болады (Melhuish және б, 2008).

Респонденттердің 46,6%-ы балалары мектепке дейінгі білім беру

ұйымдарына 2-ден 4 жасқа дейін және одан көп уақыт барды деп жауап

берді. Сауалдың қалған қатысушылары балаларының бала бақшаға

бармағанын (28,7%), немесе тек 1-ші сыныпқа түскенге дейін мектепке

дейінгі даярлықтан өткенін белгіледі (23,8%). Мектепке дейін білім

беретін ұйымдарға бару оқу сауаттылығына оң әсерін тигізеді (r=0,095,

p=0,000).

Балалардың кейбірінің мектепке дейінгі даярлығы болмауына

қарамастан, көпшілігі 5 және 6 жастарында оқуды үйренді

(респонденттердің 43,6% және 40,2%). Респонденттердің 9,7%-ы

балалары оқу дағдыларын ерте жастан үйренді деп көрсетті. Бұл ата-

ананың бала мектепке барғанға дейін оның дамуымен өте белсенді

айналысқанын куәландырады (кітап оқыды, сөздермен, әліпбиі бар

ойыншықтармен ойнады және б.).

3-тен 5-ке дейінгі жаста ерте оқудың оқу және математикалық

сауаттылыққа оң әсері болады (r(оқу)=0,062, p=0,011/ r(математика)=0,049,

p=0,049).

Сонымен бірге, 6-7 жаста оқуды үйрену мен балалардың оқу

бойынша да, математика бойынша да үлгерімі арасында әлсіз теріс

байланыс байқалады (r(оқу)=-0,050, p=0,044/ r(математика)=-0,062, p=0,011).

PIRLS-2006 мәліметтері ата-аналар

балалардың функционалдық сауаттылығын

дамытуда негізгі рөл атқаратынын көрсетеді.

Ата-аналар баланың оқу процесіне көбірек

қатысса, соғұрлым оның мектептегі

академиялық үлгерімі жақсы болады.

Гудманға сәйкес (2001), отбасында

баланың функционалдық сауаттылығын

дамытумен айналысатын ата-ананың баласы

мектептегі оқуға барынша даярланады. Сондай-

ақ оқытушылар мен зерттеушілер, ата-аналардың баланың оқуына

қатысуы оның тек мектептегі ғана емес, сондай-ақ өмірдегі де бұдан ары

табысы үшін өте маңызды екенін пайымдайды (Dearing және б., 2006).

Мектеп әкімшілігімен, сынып жетекшілерімен жүргізілген сұхбат

педагогикалық ұжымдардың ата-аналарды мектеп өміріне тарту

Ата-аналардың

мектеп өміріне

қатысуы және

баланы оқыту

табыстылығы

Page 26: Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда ата-аналар ықпалын бағалау

25

бойынша елеулі жұмыстар жүргізіп отырғанын көрсетеді. Оларға ата-

аналар жиналысы, лекториялар, психологиялық консультациялар, жеке

кездесулер, Денсаулық күні, Отбасы аптасы және басқа ортақ спорттық

және шығармашылық шаралар жатады.

Мектепте ата-аналар мен жалпы мектеп жиналысы әдетте

жоспарға сәйкес оқу жылында 5 мәрте

өткізіледі. Мектеп пен бала тәрбиесіне қатысты

мәселелер туындаған кезде, жоспардан тыс

жиналыстар ұйымдастырылады. Мектеп

директорлары «Ата-аналар жиналысын өткізу

үлгісін балалардың жас ерекшелігіне

байланысты ескеріп ауыстыру қажет»,-деп санайды.

Көптеген мектептерде ата-аналар жиналысы интерактивті түрде

өткізіледі. Кембридж үлгісіндегі коучинг, психологтың дәрістері,

конкурстар, көрмелер, концерттер, тренингтер өткізіледі, бірге

фильмдер көру ұйымдастырылады.

Эпштейн және б. жіктеуі бойынша (2009) баланың мектептегі

өміріне ата-аналардың қатынасуы алты түрлі өзара әрекеттерге бөлінеді, олар ата-аналармен сауалнама және білім беру қызметкерлерімен сұхбат жүргізу аясында зерттелген.

Ата-аналардың білім беру ұжымынан өз балаларының сабақ үлгеріміне, тәртібіне және оқыту жағдайларына қатысты ақпараттар алуға құқығы бар ( «Білім беру туралы» ҚР Заңының 49 б.3 т.).

- Жыл сайын ата-аналар оқушылардың ғылыми-тәжірибелік конференцияларына әділ-қазылар мүшелері және ғылыми жетекшілер ретінде қатысады. Экскурсияларға шығуға, айналаны пайымдау, өзін-өзі тану және Қазақстан тарихы бойынша ашық сабақтар өткізуге қатысады. Балалардың «Ақ бота», «Орыс қонжығы», «Британ бульдогы», «Алтын бөрте» және б. конкурстарға қатысуына жәрдемдеседі. Музыка, өнер, хореография жөніндегі шығармашылық тапсырмаларды орындау кезінде көмектеседі (Сынып жетекшісі).

- Дәстүрлі түрде әрбір оқу жылының 19-20 қазан күндері «Лицей күні» өткізіледі, ай сайын мектеп сайтында ата-аналарға арналған ақпараттар орналастырылады. Мектептегі және мектептен тыс барлық шаралар ата-аналар қоғамының қатысуымен жүргізіледі, бұл отбасы мен мектептің өзара әрекеттерінің тиімділігіне оң әсерін тигізеді… (Психолог).

- Өзара ынтымақтастыққа жағдай жасауға тырысамыз. Алайда көптеген ата-аналарды, ең алдымен, экономикалық әл-ауқат мазалайды. Олар күннің көп бөлігін жұмыста өткізеді, бала тәрбиесінен жиірек жалтарып, бұл міндетті мектеп ұстаздарына артады (Мектеп директорының орынбасары).

Page 27: Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда ата-аналар ықпалын бағалау

26

Бұл құқық ата-аналар жиналысында ақпараттармен танысу арқылы толық іске асырылады. Бұл, әсіресе, білім берудің бір деңгейінен басқа деңгейіне өту кезінде өзекті. Мысалы, бесінші сыныптардың ата-аналарына сынып жетекшілерімен танысу маңызды, сабақ кестесі туралы ақпарат қашанда қызықты және т.с.с.

Дегенмен, қол бос болмау себебінен (көп ауысымды, вахталық жұмыс және б.) мектепке ата-аналардың кейбірі келмейді. Тек респонденттердің 79,3%-ы сыныптың ата-аналар жиналысына барады. Тек қана 27,2%-ы сыныптан тыс шараларға (экскурсиялар, сынып сағаттары және б.) қатысады және 47%-ы жеке бастамасы бойынша мұғалімдермен баланың үлгерімі жөнінде әңгімелесуге уақыт бөледі.

Осы аралықта корреляциялық талдау

жүргізу, ата-аналардың мектеп өміріне

мұғаліммен бірге баласының тәртібін талқылау

арқылы қатысуы, мектепті жөндеуге, әр түрлі сыныптан тыс шараларға

өз еркімен қатысуы, сондай-ақ сынып жиналыстарына баруы, мектеп

оқушыларының оқу және математикалық сауаттылығына оң әсерін

тигізетінін көрсетті (r(оқу)=0,118, p=0,000; r(математика)=0,073, p=0,003).

Ата-аналарды тартудың «Коммуникация» түрін «мектеп-отбасы»

және «отбасы-мектеп» өзара қарым-қатынастарына бөлуге болады.

Ата-аналары жеке бастамалары бойынша мұғаліммен бірге баласының

Ата-аналардың

балаларды

оқытуға

қатынасуы және

олардың

академиялық

үлгерімі

Page 28: Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда ата-аналар ықпалын бағалау

27

үлгерімін талқылаған мектеп оқушыларының тапсырмаларды орындау

нәтижесі оқу бойынша 69,5% және математика бойыша 81,6%-ды

құрады (r=0,061, p=0,13). Сонымен, ұстаздың бастамасы бойынша

баланың үлгерімі туралы әңгімелесу математикалық дағдыларға оң

әсерін тигізеді (r=0,049, p=0,045). Егер мектеп оқушысының тәртібі туралы

сөйлесуге мұғалім тарапынан бастамашылық жасалса, онда бұл өзара

байланыстардың тиімділігі жоғары болады. Ата-аналары баланың

тәртібін мұғалімнің бастамасы бойынша талқылайтын балалардың оқу

көрсеткіштері айтарлықтай жоғары (69,2% - оқу, 81% - математика).

Ата-аналардың «отбасы-мектеп» ынтымақтастығына белсенді

тартылуы оқушылардың мектептегі үлгерімін, қатысуын және тәртібін

жақсартуға көмектеседі (Sheldon және Epstein, 2005).

Сондай-ақ сауалнамалар деректері бойынша, «Ерікті қатысу»

атты ата-аналардың тартылу түрі қарастырылған. Ата-аналардың

спорттық жарыстар мен шығармашылық конкурстарға белсенді қатысуы

мен оқу (r=0,055, p=0,026) және математикалық (r=0,049, p=0,055)

сауаттылық арасында оң байланыс анықталды. Барлық мектеп

шараларына ерікті қатысатын ата-аналардың балалары тестілеу

тапсырмаларының оқу бойынша 71%-ын және математика бойынша

80,6%-ын орындады. Мұндай ата-аналардың ең жоғары үлесі Шығыс-

Қазақстан (13%) және Қызылорда облыстарына тиесілі (12%).

«Қоғамдастықпен ынтымақтастық жасау» және «Шешімдер

қабылдау» түрлері бойынша ата-аналардың мектеп өміріне қатысу

деңгейі туралы ақпарат сұхбат арқылы алынды. Сынып жетекшілері

мен директорлар орынбасарларының жауаптары бойынша, барлық

мектептерде ата-аналар комитеті бар. Мектептегі ата-аналар

комитетінің мүшелері болып табылатын

респонденттердің ең жоғары үлесі

Жамбыл облысына тиеді (13%).

Қамқоршылық кеңесінің болуы туралы

жауаптар бірлі-жарым болды. Сонымен

бірге, комитеттің де, кеңестің де

қызметтері тек қолдау көрсету ғана:

әлеуметтік және мәдени шараларды

ұйымдастыруға қатысу. Олар мектеп деңгейіндегі мәселелерді шешу

процесіне, мектептің даму стратегиясын әзірлеуге қатыспайды.

Сауалнамалар нәтижелері сұралған ата-аналардың 17,7%-ы

сынып және мектеп ата-аналар комитеттерінің мүшелері болып

табылатынын және небары 1%-ы қамқоршылық кеңесі мүшелері

Page 29: Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда ата-аналар ықпалын бағалау

28

екенін көрсетті. Сауалнама барысында көптеген ата-аналардың

мектептегі қамқоршылық кеңесі жайында білмейтіндері анықталды.

Сауалнаманың бұл блогы сондай-ақ ата-аналардың балалары

оқитын мектепке деген көзқарасын көрсететін, сондай-ақ олардың

мінсіз мектеп қандай болуы тиіс екендігі туралы пікірлерін айқындайтын

сұрақтардан тұрады.

Респонденттердің көпшілігінің пікірі бойынша, олар балаға таңдап

алған мектептің ұсынылған 7 өлшемнің 3-не сай болуы «өте маңызды»:

«Жақсы бедел», «Игілікті орта» және «Қауіпсіз орта» (9 сурет).

9 сурет.Ата-аналардың өз балаларына мектеп таңдауы үшін маңызды факторлар, %

«Менің балам оқитын мектепте игілікті психологиялық орта

қалыптасқан», «Баланың мұғаліммен қатынасы жақсы» және

«сыныптастарымен жақсы қарым-қатынаста» - бұл пайымдаулармен

ата-аналардың 68,9%, 66,4% және 79,2%-ы толық келіседі.

Сұраққа «Менің балама мұғалімдер жөнсіз қарайды» деп

қатысушылардың 18,3%-ы жауап берді. Сонымен қатар, сұхбаттан

сынып жетекшілерінің жұмысында жалғыз бала тәрбиелеп отырған

отбасылармен түрлі мәселелердің бары көрінеді. Олардың пікірінше,

«мұндай бала сынды көтере алмайды, тез өкпелейді», «ата-аналары

оларды еш нәрседен бетінен қақпайды, көпшілік жағдайларда

мұғалімдерді жазғырады».

11

2,1

4

4,9

27,9

2,2

11,3

6,2

13,5

12,1

11,5

4,2

2,7

30

36,8

42,3

44,5

29,2

35,1

25,1

46,3

52,4

38,2

35,9

27,5

56,3

65,4

үйге жақын орналасуы

мектептің жақсы беделге ие болуы

қосымша пәндердің оқытылуы

білім беруде белгілі бір әдістердің қолданылуы

жанұяның басқа мүшелерінің сол мектепке баруы

игілікті ортаның болуы

қауіпсіз ортаның болуы

өте маңызды маңызды

белгілі бір дәрежеде маңызды маңызды емес

Page 30: Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда ата-аналар ықпалын бағалау

29

Респонденттердің 73,6%-ының пікірі бойынша, «мектепте қауіпсіз

оқыту жағдайлары қамтамасыз етілген». Бұл пайымдаумен

сұралғандардың 20,5%-ы түгел келіскен (яғни, оқушылардың

қауіпсіздігі үшін барлық нәрселер ойдағыдай жақсы бола бермейді).

Іс жүзінде зерттеуге қатысушылардың 100%-ы әртүрлі деңгейде (толықтай, түгелге жуық, барлығы емес) «мектеп баланың үлгеріміне қамқорлық жасайды» және «оларға баланың үлгерімі туралы уақтылы хабарлап отырады» деген мәлемдемелермен келіседі, 0,6%-ы ғана толықтай келіспейді, қалғандары жауап беруге қиналады (10 сурет).

10 сурет. Ата-аналардың баланың мектебі туралы пікірлері, %

Оқушылар ата-аналары олардың білімі мен оқуына белсенді қызығушылық білдірген кезінде ең жақсы нәтижелерге қол жеткізеді. Отбасылардың 95,5%-ының балалары күн сайын үй тапсырмасын орындайды. Респонденттердің 4,3%-ының пайымдауынша (72 адам), бала үй тапсырмасын орындауға аптасына бірнеше рет қана уақыт бөледі. Сауалнамаға қатысушының бірі бала ешқашан үй тапсырмасын жасамайды деп жауап берді және бірі бұл сұрақты жауапсыз қалдырды.

Сауалнама нәтижелері бойынша, көптеген ата-аналар күн сайын

оқушының сабаққа дайындығын тек қана сұрап қоймай (95,5%), сондай-

ақ қолдан келетін көмегін көрсетеді (62,7%) немесе үй тапсырмасының

62,3

66,4

68,9

79,2

18,1

24,2

23,6

16,6

13,3

6,2

5,3

2,5

5

1,6

7

4

менің балама мұғалім жөнсіз қарайды

баланың мұғаліммен қарым-қатынасы жақсы

мектепте игілікті психологиялық орта қалыптасқан

баланың сыныптастарымен қарым-қатынасы жақсы

толығымен келісемін дерлік келісемін

толығымен келісе алмаймын мүлдем келіспеймін

Баланың оқуына

қолдау жасау

Мектеп директорының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасарымен жүргізілген сұхбаттан Біз ата-аналарға балаларының үлгерімі туралы толық хабарлаймыз: - Әр сенбіде ата-аналарға арналған «сұраңыз – біз жауап береміз» іс-шаралары өткізіледі. - Тәжірибе: күнделікке әрбір апта сайын оқушының бағалары жазылған жиынтық кестені жапсыру (ата-ана танысқаны туралы қолын қояды). -Ата-аналармен жеке жұмыстар жүргізуде құпиялылық сақталады (жалпы жиналыста сіздің балаңыз «үшке оқиды» не «озат оқиды» деп айтылмайды.

Page 31: Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда ата-аналар ықпалын бағалау

30

дұрыс орындалғанын қарап шығады (74%). Бұдан басқа, ата-аналардың

53,6%-ы үй тапсырмасын бірге орындау кезінде Интернет көмегіне

сүйенетіндерін көрсетті. Үй тапсырмасын орындауға респонденттердің

6,4%-ы ешқашан көмектеспейді, бұл көбінесе ата-аналардың қолы бос

болмауына байланысты. Басқа ықтимал себеп ата-аналардың

балаларды дербестікке тәрбиелеу мақсатында сабақтарды орындауға

көмектесуді қаламауы болып табылады.

Әкелері (55,6%) аналарына қарағанда (63%), балаларына үй

тапсырмасын орындауға аз көмектеседі. Сондай-ақ, балаларына үй

тапсырмасын орындауға ешқашан көмек көрсетпейтін аналардың үлесі

әкелерге қарағанда екі есе аз екені анықталды (2 кесте).

2 кесте. Ата-аналардың үй тапсырмаларын орындауға көмегі, %

Әке Ана

Күнделікті 55,6 63,0

Аптасына 3 немесе 4 рет 11,9 16,7

Аптасына 1 немесе 2 рет 19,2 12,1

Аптасына 1 реттен кем 5,3 2,9

Ешқашан немесе дерлік ешқашан

7,3 3,6

Жауап бермеді 0,7 1,7

Ата-аналар жиі түрде олардың балалары барлығынан жақсы оқу

үшін, сирек жағдайда – басқалардан қалыс қалмауы үшін репетиторлар

қызметін пайдаланады. Математика бойынша мектептен тыс қосымша

сабақтарға респонденттер балаларының 30%-ы, оқу бойынша 15%-ы

барады.

Есте қаларлық жайт, бұл зерттеу нәтижелері математика бойынша

қосымша сабақтарға бару оқу сауаттылығына оң әсерін тигізетінін

анықтады (r=0,059, p=0,017). Мүмкін, мектеп оқушыларының мәтіндік

есептерді (логикалық пайымдама) шешу кезіндегі математикалық

дағдылары, жинақтау, қажетті ақпаратты шығарып алу және басты

элементті ерекшелеу шеберлігін қажет ететін оқу бойынша

тапсырмаларды сәтті орындауға себепші болған шығар. Мектеп

оқушыларының спорт секцияларына баруы мен олардың математика

және оқу бойынша үлгерімдерінің корреляциялық байланысы

анықталды (r(математика)=0,066, p=0,007/ r(оқу)=0,089, p=0,000). Спорт

секцияларында бір жылдан көп уақыт қатысатын оқушылар оқу

бойынша - 73% және математика бойынша тапсырмалардың 83%-ын

орындады. Бұдан басқа, математика бойынша қосымша сабақтарға,

спорт секцияларына және музыка үйірмелеріне бару отбасының жалпы

табысымен өзара байланысты (r=0,162; p=0,000).

Page 32: Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда ата-аналар ықпалын бағалау

31

Отбасының тәрбелеу қызметін іске

асыруда негізгі рөл бос уақытта бірлесіп

орындайтын іс-әрекеттеріне тиесілі. Ата-ана

міндеті – балаларды өз денсаулығы мен

интеллектуалды-танымдық дамуына пайдалы

демалуға үйрету.

Сұралған ата-аналардың 45%-ы аптасына

бірнеше мәрте балаларымен бірге спортпен

айналысады, сөзжұмбақтар шешеді, шахмат

ойнайды және т.с.

Респонденттердің 37%-ы балаларды мәдениет пен өнерге

араластыруға талпынады - театрға, киноға, мұражайға және б.бару,

30%-ында мұндай мүмкіндік ешқашан болмаған

(негізінен ауылдық мекен).

Ата-аналардың 33,4%-ы айына 1-2 мәрте

баласымен бірге кітап дүкендері мен

кітапханаларға барады. Сауалнамаға

қатысушылардың 74%-ының отбасылары

балаларымен бірге кітап оқиды және

оқығандары жөнінде әңгімелеседі, 87,5%-ы бірге көрген фильмдерін

талқылайды.

Оқыған кітаптарды балалармен бірге талқылау оларды болашақта

өздігінен кітаптар мен басқа қосымша оқу материалдарын таңдауға

ынталандырады, олардың ой-өрісін кеңейтеді (McKool, 2007, Hume және б.,

2015; Yeo және б., 2014).

Респонденттердің 55,1%-ы күн сайын немесе аптасына 1-2 мәрте

баламен әлеуметтік және саяси тақырыптарға әңгімелеседі және

70,9%-ы білімнің адам өміріндегі пайдасы туралы айтады.

Зерттеуге қатысушылардың 18%-ы баламен әлеуметтік және

саяси мәселелерді ешқашан талқыламайтынын және бірлескен

интеллектуалды және спорттық ойындарға дәл осынша қатыспайтынын

айтты.

Сонымен бірге, корреляциялық талдау нәтижелері бойынша,

баламен әлеуметтік және саяси мәселелерді талқылаудың

математикалық дағдыларды қалыптастыруға оң әсері болады (r=0,050,

p=0,041).

Ата-аналар мен

балалардың бос

уақытты бірге

өткізуі

Page 33: Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда ата-аналар ықпалын бағалау

32

Сауалнама деректері бойынша, ата-аналардың 97,6%-ы, баланың мектеп өміріне көңіл қояды. 96,3%-ы бос уақытын баламен араласуға жұмсайды. Отбасындағы ата-аналар мен балалардың қарым-қатынасы балалардың жалпы психологиялық жағдайы үшін маңызды, сондай-ақ олардың оқу табыстылығы деңгейіне айтарлықтай әсерін тигізеді.

Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу тиімділігі

балаларға міндеттер тағайындалатын

отбасыларында қамтамасыз етіледі. Еңбексүйгіш балалар,

мұғалімдердің пікірінше, оқуда неғұрлым дербес және табысты болады.

«Баланың үйде атқаратын міндеттері бар ма?» сұрағына

респонденттердің 74,2%-ы оң жауап қайтарды. 22%-ының балалары

үйдегі жұмыстарды тек анда-санда орындайды, ал 3,6%-ның

мәлімдеуінше, балалары ешқандай міндет атқармайды. Балалардың

өздігінен дүкеннен зат сатып алуы, үйде жануарларын күтіп-бағуы

(қалалық жерде), отбасылық автомобильді жууы, бақшада көшет

отырғызуы, жүйектерді суаруы, өнімді жинауы (ауылда) туралы

жауаптар бірлі-жарым ғана болды.

Сауалнама деректері бойынша респонденттердің балалары 10-

11 жаста үй тазалығын сақтауға (65,1%), кіші інілер мен қарындастарын

бағуға көмектесе алады (42%). Аздаған ата-аналар олардың балалары

өз киімдерін жуып немесе үтіктей алатынын, отбасы үшін ас

дайындайтынын айтты (11 сурет).

11 сурет. Балалардың үйдегі міндеттері

Үйдегі қолдан келетін жұмыстарды орындау балаға кір жуу

машынасын, шаңсорғышты, қысқа толқынды пештерді, әр түрлі

қызметтердің ақысын төлеу терминалдары мен басқаларын пайдалану

ептілігі тәрізді дағдыларды дамытуға көмектеседі. Зерттеу үйдегі

Отбасында

балаларды

еңбекке

тәрбиелеу

Page 34: Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда ата-аналар ықпалын бағалау

33

міндеттерді орындайтын балалар мектепте де және өмірде де табысты

болатынын көрсетеді (Bruce, 2004).

Зерттеу нәтижелері: мұғалімдермен сұхбат

«Балалардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға ата-аналар қалай әсер етеді?»

Респонденттердің жалпы пікірі (68%) ата-аналардың баланың тұлға ретінде дамуына, оның сыртқы ортаға бейімделуі және қоғаммен қарым-қатынас орнату үшін қажетті дағдылары мен білімінің қалыптасуына өте күшті әсер ете алатындығына келіп тіреліп отыр.

- Ата-аналардың мектепке қарағанда оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға тигізетін әсері өте зор. Мектепте балалар, негізінен, академиялық білім алады, ал өмірлік дағдылар тек үйде ғана берілмек (Сынып жетекшісі).

- Адам әрекет үстінде қалыптасады. Отбасында балалар мен ересектердің біріккен әрекет түрлерін жүзеге асыруға мүмкіндіктері мол. Бұл қатарға үйдегі жұмыстарды, ойындарды және басқа да жағдайларды қосуға болады (Директордың ОТЖ жөніндегі орынбасары).

- Жүргізілген әлеуметтік зерттеу жұмыстары нәтижелерінің бірі балалардың дамуына 40% мөлшерінде отбасы ықпал ететін болса, 30% - бұқаралық ақпарат құралдары, 20% - мектеп, 10% - аула немесе қоршаған ортасы әсер етеді екен. Сол себепті, ең алдымен, балалардың функционалдық сауаттылығына ата-аналардың әсер ететіндігін естен шығармаған дұрыс (Психолог).

Сондай-ақ, сұхбат барысында қосымша «Ата-аналардың қайсысы балалардың функционалдық сауаттылығына қатты әсер ете алады?» деген сұрақ қойылды. Барлық отбасыларында жағдайдың әр түрлі болатындығына қарамастан, респонденттердің басым бөлігі аналарды баланың

табысты әлеуметтенуіне қажетті білім және дағдыларды қалыптастыруда анағұрлым белсенді деп таныды (74%).

- Баланың бойында табыстылық пен қажетті дағдылардың қалыптасуына аналар көп әсер етеді. Олар ата-аналар жиналысына жиі барады және әр түрлі мектеп-ішілік іс-шараларға да белсене қатысады. Ал, әкелері отбасын асырау үшін көп жұмыс істейді, сол себепті олар өз балаларына аз көңіл бөліп қалып жатады (Мектеп директоры).

Бұл ретте сұхбат барысында аналардың балаларына көп уақыт және көңіл бөлетіндігіне қарамастан, әкелердің балаға анағұрлым күшті әсер ететіндігі де айтылды. - Аналардың бос уақыттары көп, олар мектепте жиі болады, мұғалімдермен сөйлеседі, өз баласының үлгерімін қадағалайды. Дегенмен, бәрібір де әкесінің өз

Page 35: Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда ата-аналар ықпалын бағалау

34

баласына әсері өте күшті, себебі олардың өз балаларының алдындағы беделі өте жоғары (Директордың ОТЖ жөніндегі орынбасары).

Сұхбатқа қатысушылардың келесі бір бөлігі (негізінен, ауыл мектептерінің өкілдері) баланың функционалдық сауаттылығының қалыптасуына ата-аналардың екеуі де айтарлықтай әсер етеді деген пікірлерін білдірді.

- Бұрын мектепке тек аналары ғана келетін. Ал, қазір әкелер де мектептегі шараларға, жиналыстарға белсенді қатыса бастады (Мектеп директоры).

-

«Балалардың функционалдық сауаттылығының қалыптасуына қандай отбасылық факторлар әсер етеді?»

Респонденттер берген жауаптардың нәтижелері бойынша, өте жиі аталып өтілген факторлар қатарына «білімділік, ата-ананың кәсіби қызметі және отбасының әлеуметтік жағдайы» секілді факторлар (37%), сонымен қатар «мейірімді қатынастар, қолайлы отбасы жағдайы» деген факторлар аталып өтілді (31%).

Маңызды отбасылық факторлардың басқа тобына «ата-ана жауапкершілігі, баланы оқыту мен тәрбиелеудегі талап» (25%), «уақытты бірге өткізу, мәдени орындарға бару, отбасылық оқулар» (25%), «балаларға назар аудару, қамқорлық таныту және моральдық тұрғыда мадақтау» (23%) жатқызылды.

- Бала – ата-анасының айнасы. Егер ата-ана баласының сабағына күнделікті көңіл бөлетін болса, бос уақытын баласымен бірге өткізуге дағдыланса, әр түрлі тақырыптарда әңгіме айтатын болса, онда баланың ойлау қабілетінің дамуына оң әсерін тигізетін болады (Директордың ОТЖ жөніндегі орынбасары).

- Балаларымен бірге кітап оқып, оқыған шығарманы өзара талқылап, балаларымен бірге мұражайға барып жүретін интеллектуалды дамыған отбасыларында балалардың сөйлеу қабілеті, жазу сауаттылығы, қарым-қатынас жағдайлары жақсы дамыған болады (Бастауыш сыныптар мұғалімі).

- Ата-аналардың балалардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы маңызы зор. Бұл олардың өз балаларының оқудағы табыстары мен сәтсіздіктеріне назар аударуына, үйдегі ортақ істерге жұмылдыруға: атап айтқанда, ұйқы және демалыс режімі, салауатты тамақтануды дұрыс ұйымдастыру, техникалық құралдарға қолжетімділікті қамтамасыз ету, көңіл көтеру шараларын ұйымдастыру мәселелеріне байланысты көзқарасына байланысты көрініс тауып отыр.

Респонденттердің бір бөлігі «отбасылық дәстүрлер» (17%) және «ата-анасының нақты мысалы» (9%) секілді факторларды көрсеткен.

Кейбір мұғалімдер балаларды үй шаруасына байланысты жұмыстарға тарту, отбасылық бюджетті талқылау ісіне қатыстыру, әр түрлі тұрмыстық жағдайларды шеше білуге дағдыландыру әрекеттерінің де балалардың функционалдық сауаттылығын арттыруға әсер ететіндігі туралы пікірлерін білдірді.

Page 36: Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда ата-аналар ықпалын бағалау

35

- Ауылды жерде тұрып жатқандықтан, балалар кішкентай кезінен бастап еңбекпен айналысады: жеміс-жидек өсіреді, үй жануарларын күтеді. Осыған орай, олардың бойында сабақтағы белсенділік те дамиды (Бастауыш сыныптар мұғалімі).

- Ата-ана баланың бойындағы интеграцияланған мектеп сабақтарымен жұмыс істей алу біліктілігін дамытуы, оларды отбасындағы экономикалық қажеттіліктерді есептеуге, тұрмыстық мәселелерді шешуге, сондай-ақ үй еңбегін рационалды және дұрыс ұйымдастыра білуге үйретуі тиіс (Мектеп директоры).

«Баланы тәрбиелеу тәсілдерінің бірлігі», «ата-ана - бала», «ата-ана - мектеп» өзара қарым-қатынастары секілді жауаптар біршама сирек берілді.

«Баланың біліміне бақылау жасап, араласуға ата-аналарға қандай факторлар кедергі келтіреді?

Ата-аналарға балаларының мектептегі өміріне белсенді араласуға кедергі келтіретін себептерге қатысты, респонденттер бірнеше негізгі мәселені атап көрсетті.

Респонденттердің бірқатар бөлігі респонденттердің жұмыстан қолы босамайтындығын атап өткен (62%).

- Ата-анасының қолының босамауы және балаға тиісінше бақылау жүргізбеуі салдарынан балалардың қосалқы факторларға қолжетімділігіне шек қойылмаған: интернет, телевизор, компьютер, ұялы телефон және т.б. (Директордың ТЖ орынбасары).

- Көптеген ата-аналардың материалдық мәселелерді шешумен қолдары тимейді. Олар үнемі ақшаны қайдан алсам, отбасын қалай асырасам деген оймен жүреді. Олардың баламен бірге отыратын және олармен сөйлесетін уақыттары жоқ (Директор).

- Ата-аналар таңертеңнен кешке дейін жұмыста… Олар «сабағыңды оқыдың ба?» деген сауалмен ғана шектеледі. Бұл жеткіліксіз ... (Сынып жетекшісі).

Көптеген мұғалімдер мен психологтар кейбір ата-аналардың «баланы тәрбиелеу мәселесінде сауатсыз, яғни олар баланың бойында не жоғары не төмен өзіндік бағалау көрсеткішін қалыптастырып жібереді» екендігін атап көрсетті. Бұған қоса, кейбір отбасыларында «балаға бақылаудың жоқтығы, немесе керісінше, мөлшерден тыс бақылау, қамқорлық таныту» кездеседі. Кейбір респонденттердің пікірінше, келесі бір мәселе «ата-анасының баласына өте жоғары талап қоюы болып табылады».

- Өкінішке орай, ата-аналар ең үлкен байлық – бала тәрбиесі арқылы көрініс табатын байлық екендігін түсіне бермейді. Ата-аналардың пікірінше, бала бәрінен жақсы киінуі, тамағы тоқ болуы қажет, қалтасында ұсақ-түйек ақша жүруі қажет, гаджеттері, соңғы үлгідегі ұялы телефоны болуы. Сонда ғана олар өздерін жақсы ата-анамыз деп есептейді. Бұл, әрине, дұрыс емес (Мектеп директорының орынбасары).

Page 37: Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда ата-аналар ықпалын бағалау

36

- «Кейбір ата-аналар өз балаларын басқалардың баласымен салыстырады. Сондай-ақ, жақсы баға үшін балаға материалдық сыйақы беретін отбасылар да бар... (Психолог).

- «Көптеген ата-аналар өз балаларын жазалайды, мысалы, жаман оқысаң – жазда ешқайда бармайсың (Сынып жетекшісі).

Респонденттердің бір бөлігі кейбір отбасыларда (көбіне қолайсыз) ата-аналар «баланы тыңдағысы және түсінгісі келмейді», «мектеппен бірлесе жұмыс істеуден бас тартады, өз міндеттерінің бәрін мұғалімдерге жүктей салуға дайын тұрады».

- Баланың сабаққа дайындығына тиісінше бақылау жасамайтын ата-аналар бар: күнделік толтыру, оқу құралдарының болуы, портфелін жинап үйренуі және т.б. (Сынып жетекшісі).

- Ата-аналардың келесі бір бөлігі баланы тәрбиелеу ісінде жеткілікті мөлшерде сауатты емес. Олардың позициясы: баланы мектепке бердік – енді өздерің оқытып алыңдар (Директордың ОТЖ жөніндегі орынбасары).

- Ата-аналардың басты қателігі, олардың өз балаларына көңіл бөлмеуі болып табылады (Директор).

Басқаша айтатын болсақ, мұндай отбасыларында қарым-қатынас, өзара түсіністік мәселелеріне байланысты қиындықтар туындап жатады. Бұл фактор баланың үлгеріміне ғана теріс әсер етіп қоймай, оның өз құрдастарымен және мұғалімдермен қарым-қатынас жасауына да әсерін тигізеді.

Бұған қоса, сұхбатқа қатысушылардың пікірінше, ата-аналардың білім деңгейінің төмендігі де мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығының дамуына кері әсер етеді.

- Біз ата-аналардың әлеуметтік-экономикалық мәртебесіне талдау жасаймыз және педагогикалық кеңестерде талқыға саламыз. Біздің мектепте ата-аналардың 25%-на жуығының жоғары білімі бар, 60%-ы жалпы орта білімге ие. Мектеп аудан орталығынан неғұрлым алысырақ орналасқан болса, ата-аналардың білімі де осы бойынша төмендей бермек. Біздің басты мәселеміз – ата-аналармен түсіністік қалыптаспаған. Олар балалардан не талап етіліп отырғандығын, ақылды, функционалды тұрғыда сауатты баланы қалай тәрбиелеу қажет екендігін өздері де білмейді (Педагог).

«Баланың оқу үлгерімін жақсарту үшін ата-аналар не істеуі қажет?» Сұхбат барысында мектеп әкімшілігі, педагогтар мен психологтар тарапынан балалардың оқу үлгерімін арттырудың әр түрлі тәсілдері аталып өтілді. Сонымен, респонденттердің 38%-ының пікірінше, ата-аналар «баланың үй тапсырмасын орындауын жүйелі түрде қадағалап отыруы тиіс». Бұл ретте жай ғана бақылау аздық етеді, бірқатар өзіндік жұмыс түрі мен жауапкершілікті де қалыптастыра білу қажет. Сондай-ақ, ата-аналар «балаға көмек және қолдау көрсетуі қажет». Бұл мазмұндағы пікір сұхбатқа қатысушылардың 37%-ның тарапынан айтылды.

Page 38: Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда ата-аналар ықпалын бағалау

37

- Балалардың оқу үлгерімін жақсарту үшін ата-аналар баланың оқу әрекетіне белсенді араласуы, баланың болашағы туралы әңгімелерді ұйымдастыра отырып, баланың білім алуға деген ынтасын оята білуі, баланы оқу үрдісін саналы түрде игеруге жетелеуі тиіс (Мектеп директорының орынбасары).

- Біріншіден, отбасында жақсы қарым-қатынас орнауы қажет, отбасының экономикалық жағдайы да өте маңызды. Сондай-ақ, ата-аналардың баланың тілегіне байланысты да белгілі бір талаптары болуы тиіс. Бұған қоса, ата-аналар баланың уақытын дұрыс бөле алуы тиіс (Психолог).

- Балаларға көп көңіл бөлу, оларды ең шағын деген жетістіктері үшін де мадақтап отыру, оларға ұрса бермеу қажет (Сынып жетекшісі).

Көптеген сұхбатқа қатысушылар «отбасындағы біріккен әрекет түрлерінің» және «қолайлы отбасы жағдайын» туғызудың маңыздылығын атап көрсетті.

- Барлық отбасы мүшелерін (балаларды ғана емес) математикамен, информатикамен, географиямен айналысатындай ету қажет... баламен бірге әр түрлі үйірмелерге баруға, интернет-конкурстарға қатысуға болады (Мектеп директоры).

- Бала анасының құрсағында жатып-ақ белгілі мөлшерде тәрбие алып үлгереді. Егер отбасында тұрақтылық пен жайлылық орнаған болса, бала да дұрыс дамитын және жақсы оқитын болады. Ата-аналар баламен дұрыс қарым-қатынас жасай білуді үйренуі тиіс. Мысалы, баламен ой бөлісуге, оған көңіл білуге, уақыт табуға, мектеппен байланыс жасауға және т.б. (Мектеп директоры).

Көптеген респонденттер сұхбат барысында ата-аналар мен мұғалімдер тығыз байланыста жұмыс жүргізгенде ғана балаға жоғары академиялық көрсеткіштерге қол жеткізуге болады деген пікірге келді.

- Менің ойымша, ата-аналар балаларының оқу үлгерімін қадағалап отыруы, пән мұғалімдерімен, сынып жетекшісімен тығыз байланыста болуы қажет. Мұндай байланыстың жоқтығы баланың тәрбиесіне кері әсер ететін болады (Директордың ОТЖ жөніндегі орынбасары).

- Ата-аналардың әдістері алуан түрлі, мысалы матемика пәні бойынша ғана сәйкес келмейтін жағдайлар өте көп. Ата-ана өзінше түсіндіреді, мұғалім басқаша түсіндіреді, сол себепті ата-аналарға жиі сабаққа қатысу қажет (Мұғалім).

- Өз балаларына тәрбие беру ісінде ата-аналар көптеген кедергілерге кездеседі: сәйкес білім, денсаулық, уақыттың тапшылығы, тілді білмеу. Өз баласының үлгерімін жақсарту үшін ата-аналар сынып жетекшісімен, пән мұғалімдерімен жиі сөйлесіп тұруы, сабақтарға қатысуы, баланың қай пәннен қиналып жүргенін білуі тиіс (Психолог).

Балалардың үлгерім деңгейін арттыру үшін қажетті келесі бір маңызды фактор «ата-анасы беретін қосымша білім көздері» болып табылады. Бұған қоса, «баланың салауатты өмір салтын ұстауына, өздігінен білім алуына» да жағдай жасалуы тиіс.

- Ата-аналар, ең алдымен, өз баласының үйде сабақ оқуына жағдай туғызуы қажет, оның әрбір сабаққа дайындығын бақылап отыруы және үй тапсырмасын

Page 39: Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда ата-аналар ықпалын бағалау

38

орындау барысын қадағалауы қажет. Материалдық тұрғыда емес, моральдық тұрғыда марапаттап отырған жөн. Сабақ оқудан бос уақытында баланың шығармашылық қабілетін дамытуға, алынған білім негізінде өзге де жақсы қасиеттерін дамытуға ықпал еткен дұрыс (Психолог).

- Баланың компьютерде отыратын уақытын бақылау, күн тәртібінің орындалуына талап қою қажет (Сынып жетекшісі).

Page 40: Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда ата-аналар ықпалын бағалау

39

Халықаралық тәжірибе: білім беру бағдарламаларына және стратегияларға шолу

Жүргізіліп жатқан көптеген зерттеулер ата-аналардың баланың мектептегі үлгеріміне айтарлықтай әсер ететіндігін көрсетіп отыр. Берілген тарауда отбасы мен мектеп арасындағы байланысты күшейтуге бағытталған қолданыстағы стратегиялар мен бағдарламалар ұсынылады. Ұсынылып отырған халықаралық тәжірибе нұсқауларды таңдауға, сонымен қатар ата-ана мен мектеп арасындағы тиімді қарым-қатынасты таңдауға бағытталған ұлттық бағдарламаларды жасауға негіз болмақ.

Ата-аналарды білім беру ісіне тартуға бағытталған бағдарламалар. АҚШ-та ата-аналар мен мұғалімдердің Ұлттық Ассоциациясы жұмыс істейді. Елдің барлық мектептерінде дерлік бұл ұйымның филиалдары бар. Ата-аналар балалардың мектептегі өмірінің белсенді қатысушылары болып табылады. Кейбір мектептерде ата-аналар және мұғалімдер ассоциациясының мүшелері білім беру мәселесін шешуде басым рөл атқарады. Мәселен, ата-аналар өз балаларының қандай бағдарлама бойынша және қандай әдістемемен білім алуы қажеттігін өздері шешеді. Белгілі бір мектептерде кеңестер алып тұруға арналған қауырт телефон желілері жұмыс істейді (National

Parent-Teacher Association, 2015). Сондай-ақ, АҚШ-та Джонс Хопкинс университетіне қарасты

Серіктес мектептердің Ұлттық жүйесі бар («National Network of Partnership Schools»). Ұйымның мақсаты ата-аналарды балаларға білім беру ісіне жұмылдыру. Олардың ішінде «Мұғалімдер ата-аналарды мектеп жұмысына араласуға шақырады» бағдарламасын атап өтуге болады (Teachers Involve Parents in Schoolwork). Аталған бағдарлама бойынша оқушылар арнайы үй тапсырмаларын орындайды, ал оларды орындау үшін оларға міндетті түрде ата-анасының қатысуы қажет болып табылады (OECD, 2012).

Швецияда ата-аналарды өз балаларының оқу-тәрбие жұмысына жаппай араластыруға көп көңіл бөлінуде. Заңнамаға сәйкес, швед ата-аналары бала сегіз жасқа толғанға дейін әрбір баланың оқу-тәрбие үрдісіне қатысу үшін 480 күндік ақылы демалыс алуға құқылы болып табылады (Швед институты, 2013).

Оңтүстік Кореяда әрбір муниципалитет үшін мектептердегі білім беру реформаларының енгізілуін қадағалап отыру үшін 30 ата-ана іріктеліп алынған. Ата-аналардың бақылауының нәтижелері бойынша жасалған есеп Білім, ғылым және технология министрлігіне жолданады. Осы есептің негізінде Министрлік белгілі бір іс-әрекеттерді жүзеге асыратын болады.

Бұған қоса, өңірлерде балалармен қарым-қатынас жасау мәселесіне қатысты ата-аналарға қолдау көрсететін және оларға кәсіптік бағдар беретін арнайы орталықтар жұмыс істейді. 2010 жылдың

Page 41: Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда ата-аналар ықпалын бағалау

40

қазан айынан бастап Оңтүстік Кореяда Ұлттық ата-аналарға қолдау көрсету орталығы жұмыс істейді (National Parent Support Center). Ол ата-аналарға білім туралы ақпарат береді, ақыл-кеңестер ұсынады, ата-аналарды балалардың мектеп өміріне араластыруға бағытталған үздік тәжірибелерді насихаттайды (OECD, 2012).

Ресейде 2013 жылдан бастап ресейлік «Мобильді ТелеЖүйелер» телекоммуникациялық компаниясы тарапынан «Балалар ересектерді үйретеді» жобасы жүзеге асырылуда. Жобаның міндеті: балаларды кәсіби бағдарлау, ересектерді АКТ-технологияларды пайдалануға үйрету және балалар мен ересектер арасындағы қарым-қатынасты қалыптастыру болып табылады. Жобаның негізгі идеясы – интернетті жақсы меңгерген оқушылар жаһандық желіде ересектермен өз білімдерімен бөліседі. 2015-2016 оқу жылында аталмыш жобаға 60 мыңға жуық мәскеулік мектептерді қатысу жоспарланып отыр. Қосымша сабақтарда балалар заманауи мүмкіндіктер және интернет төндіретін қауіп секілді тақырыптарда дәрістер тыңдайтын болады. (Котеняткина,

2015). Беларуссияда БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) және Білім

министрлігі 2015 жылы «Табысты ата-ананың төрт ережесі» атты білім беру кампаниясын бастады. Бағдарлама баланың алғашқы жылдардан-ақ миын дамытуға арналған заманауи ғылым жетістіктеріне, және балаға ерте және мектепке дейінгі жаста білім берудің маңыздылығын түсіндіруге бағытталған. Жобаның басты мақсаты – ата-аналардың назарын балаға тәрбие беру мәселесіне бағыттау. Кампания әзірлеушілері тарапынан ата-ана өз баласына тәрбие беру ісінде басшылыққа алуына болатын төрт ереже ұсынылады: ойнау, сөйлесу, құшақтау және оқыту (UNICEF, 2014).

Румынида 2001 жылы Білім және зерттеулер министрлігі мен UNICEF тарапынан ата-аналарға білім берудің ұлттық бағдарламасы әзірленді. Мұнда ата-аналарды балаларға қалай дұрыс тәрбие беру және оларға қолдау көрсетуге үйретеді. Курс аяқталғаннан кейін ата-аналарға баға беріледі. 2011 жылы 90 мыңнан астам ата-ана осындай оқулардан өткен (OECD, 2012).

2014 жылы Ямайканың он екі мектебі ата-аналарға арналған ресурстық орталықтар ашқан (Parents’ Places), онда ата-аналарға балаларды тәрбиелеу және оларды оқытуға байланысты дағдылар жөніндегі ақпараттар беріледі (USAID, 2014). Орталықтар Білім беру министрлігі және АҚШ Халықаралық даму жөніндегі агенттігімен (USAID) жабдықталған.

Балалардың оқу сауаттылығын дамытуға бағытталған бағдарламалар. Ұлыбританияда «Букстарт» (Bookstart) бағдарламасы жұмыс істейді. Оның мақсаты – ата-аналарға ерте жастан бастап балалармен бірге оқуды үйрету. Бағдарлама аясында отбасыларға оқуға арналған тегін материалдар ұсынылады. Балаға арналған «Bookstart» сөмкесі 2 кітаптан тұрады, олар отбасыларға 8-12

Page 42: Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда ата-аналар ықпалын бағалау

41

айлық бала дәрігерден тексерістен өткен кезде беріледі. Сондай-ақ, 3 жастағы балаларға арналған арнайы пакеттер де бар. Жыл сайын Англияның, Уэльстің, Солтүстік Ирландияның 3,3 миллион баласы (95% жуық) осындай көмекке ие болады. Ұйым сонымен қатар, балаларға арналған олардың өмірінің әр түрлі кезеңінде оқуға оң әсер ететін және өз жас ерекшеліктеріне сәйкес қажетті кітаптарды таңдауға байланысты нұсқаулық материалдарын дайындайды (OECD, 2012).

Польшада 1998 жылдан бастап «Барлық Польша балаларға арнап оқиды» (All of Poland Reads to Kids) деген бағдарлама іске қосылған. Бағдарламаның негізгі мақсаты олардың бойында оқу құндылықтары мәдениетін қалыптастыру болып табылады. 2002 жылдан бастап ұйым тарапынан «Ұлттық балаларға оқу апталығы» өткізіледі. Аталған апта аясында атақты әртістер, саясаткерлер ел ішіндегі балабақшаларға, мектептер мен кітапханаларға барып балаларға кітаптар оқиды. Сондай-ақ, музыкалық бейне материалдар, телевизиялық жарнамалар, атақты адамдардың қатысуымен арнайы қысқа фильмдер түсіріледі, олардың бәрінде атақты тұлғалар балаларға кітап оқып береді. Көрсетіліп отырған бағдарламаның табысқа жетуінің бір белгісі ретінде, Чехияның да осы әдісті өздерінде қайталағандығын атап көрсетуге болады.

Бағдарлама аясында авторларды балаларға арналған сапалы кітаптар шығаруға арналған жарыстар өткізіледі. Бұған қоса, Әлеуметтік психология академиясымен бірлесе отырып Варшавада мұғалімдерге арналған «Оқу білім беруді дамытудың әдісі ретінде» атты жоғарғы оқу орнынан кейінгі курс ашылған. Сондай-ақ, ауыл балалары мен жетім балаларға арналған арнайы қайырымдылық шаралары да өткізіліп тұрады. Оларға оқу үшін тегін кітаптар ұсынылады (OECD, 2012).

Швецияда «Маған кітап оқып берші, әке» атты бағдарлама жұмыс істейді (Las fo rMej, Pappa). Бұл бағдарлама, негізінен, иммигранттарға арналған. Ол сауаттылық – білім беру жүйесінің ғана емес, әрбір тұлғаның жауапкершілігі деген құндылықты сіңіруге бағытталған. Бағдарлама 1999 жылы ұлттық одақпен құрылған, себебі ол кезде ер азаматтардың сауаттылығының төмен екендігі және оқу мәселесінде балаларға көмек көрсете алмайтындығы анықталған. Бағдарламаға сәйкес, «Әке күні» ұйымдастырылады, онда оқу мен жазудың маңыздылығы және балалардың оқу дағдысын қалыптастыру үшін қандай көмек көрсетуге болатындығы айтылады (OECD, 2012).

Австралияда «Қанекей, оқиық» атты қоғамдық бағдарлама жұмыс істейді (Let’s read). Ұйым әлеуметтік-экономикалық мәртебесі төмен отбасыларының балаларына оқу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Ұйым сарапшыларға арналған, ата-аналардың балалармен қарым-қатынасы мәселелері және балаларды оқуға ынталандыру мәселелері тақырыбындаға арнайы тренингтер өткізеді; әлеуметтік-экономикалық деңгейі төмен отбасыларына төмендетілген

Page 43: Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда ата-аналар ықпалын бағалау

42

бағамен сапалы кітаптар ұсынады, сондай-ақ ата-аналарға балалардың оқу сауаттылығын дамытуға бағытталған үлестірмелі материалдар ұсынады. 2005 жылдан бастап 200 мыңнан астам бала аталған бағдарламаның қатысушысы болды (Shoghi және т.б., 2013).

Балалардың математикалық сауаттылығын дамытуға бағытталған бағдарламалар. АҚШ-та 1999 жылдан бастап «Math and Parent Partnerships» (MAPPS) бағдарламасы жұмыс істейді. Бағдарлама ата-аналардың өз балаларының математика сабақтарындағы үлгерімін бақылау деңгейін арттыруға, сонымен қатар ата-аналардың мектептегі және одан тыс жерлердегі белсенділігін анықтауға арналған. Жоба аясында көшбасшылықты дамытуға арналған семинарлар өткізіледі – ата-аналар және мұғалімдер, мектеп әкімшілері математиканы оқытудың әр түрлі стильдері мен әдістерін анықтау мақсатында бас қосады; пән мазмұны бойынша да ата-аналармен семинарлар өткізіледі. Ұсынылып отырған жоба ата-аналарға аталған пәннің маңыздылығын түсіндіруге, математиканы оқытудағы жаңа өзгерістермен танысуға, сонымен қатар аталған пән бойынша өз білімдерін арттыруға мүмкіндік береді (Ginsburg және т.б., 2012).

Сондай-ақ, АҚШ-та «Отбасылық оқу жоспары» (the Family Mathematics Curriculum) атты бағдарлама жұмыс істейді. Көрсетіліп отырған бағдарлама аясында әлеуметтік-экономикалық деңгейі төмен отбасыларының ата-аналары мен балаларына математика бойынша арнайы тренингтер өткізіледі. Бағдарлама өзінің тиімділігін көрсетіп те үлгерді: бағдарлама соңында оқушылардың математика бойынша көрсеткіштері біршама жоғарылағандығы байқалған (Ginsburg және т.б., 2012).

Сингапурде ата-аналар өз балаларына білім беруіне айтарлықтай көп көңіл бөледі. Алайда, мектеп бағдарламасының ауырлығына байланысты көптеген ата-аналардың өз балаларына үй тапсырмаларын орындауға көмек көрсетуге шамалары жетпей жатады. Осыған байланысты, көптеген ата-аналар арнайы семинарларға барады және жекеменшік репетиторлық мектептерден сабақ алады. Олардың өз балаларының мектепте немен айналысатындығын және жаңашыл әдістемелерді қолдану кезінде туындап жататын күрделі мәселелердің қалай шешімін табатындығын білгілері келеді. Орталықтардың бірінде ата-аналарға арналған 4 күндік семинар шамамен $500 тұрады екен. Бұл бағаға балалардың арнайы математика пәнін оқытатын лагерьлерге бару бағасы да ұсынылуы тиіс. Топтар олардың білім деңгейі және математика пәні бойынша дағдыларының деңгейіне байланысты бөлінеді. Кейбір ата-аналар бастауыш деңгейді әдейі оқып алады, себебі оқыту әдісі соңғы жылдары қатты өзгерген. Ата-аналар өз балаларының білім алуы үшін барын жұмсау ата-аналық борыш деп есептейді. Үкімет тарапынан жүргізілген сауалнама сингапурлік отбасылардың өз балаларының оқуы үшін

Page 44: Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда ата-аналар ықпалын бағалау

43

$827 000 000 жуық қаражат жұмсайтындығын көрсетіп отыр, бұл 10 жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 2 есеге артық (Toms, 2015). Балаларының білім алуына ата-аналардың жоғары деңгейде араласуының әсері мектептердің Жаһандық рейтингінен көрініс табады, оған сәйкес Сингапур 1-ші орынға ие.

Финляндияда педагогтарға, мектептің өзге де жұмысшыларына және ата-аналарға арналған онлайн-портал жұмыс істейді. Портал Финляндия Білім беру және мәдениет министрлігінің қолдау көрсетуімен құрылған. Ол оқушылардың, әсіресе 5-8 жастағы оқушылардың, математикалық дағдыларын және оқу дағдыларын дамытуға қолдау көрсетуге бағытталып отыр (Lukimat, 2015).

Ирландияда білім сапасын арттыру мақсатында 2005 жылы «Мектептерде тең мүмкіндіктер ұсыну» (Delivering Equality of Opportunity in Schools) DEIS бағдарламасы қолданысқа енгізілді. Бағдарлама 646 бастауыш және 190 орта білім беру мектептерін қамтиды. Бағдарлама бағыттарының бірі ата-аналардың өз балаларының білім алуы мәселесінде белсенділіктерін арттыру арқылы мектеп оқушыларының үлгерім деңгейін жақсарту болып табылады. Білімі жоқ ата-аналар үшін балалардың мектептегі үлгеріміне қолдау көрсету, сонымен қатар олардың математика, жаратылыстану және технологиялар саласындағы білімдерінің дамуына қолдау көрсету үшін арнайы тренингтер өткізіледі. Ата-аналарға академиялық мәселелерде балаларға қолдау көрсетуге арналған арнайы материалдар ұсынылады (иммигрант-ата-аналар үшін математика және жаратылыстану пәндері бойынша сөздіктер және т.б.) (European Commission, 2013).

Page 45: Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда ата-аналар ықпалын бағалау

44

Зерттеу қорытындылары

Аналары жоғары лауазымды атқаратын оқушылардың жетістіктері (математика – 84% және оқу – 76%), төмен лауазымдық мәртебе иеленетін аналары бар мектеп оқушыларының көрсеткіштеріне қарағанда (математика – 73,7% және оқу – 61%) жоғары болады.

Математика бойынша тапсырмалардың 80%-100%-ын орындаған оқушылардың 57%-ының аналары білікті мамандар болып жұмыс істейді (оқытушылар,заңгерлер, дәрігерлер және б.).

Сауалнамаға қатысушылардың 8,1%-ы жеке бизнестері бар екенін көрсетті, олардың балаларының математика бойынша (80%) нәтижелері оқуға қарағанда (71,5% тапсырманы орындау) жоғары болды.

Әкелері үй тапсырмасын орындауда (55,6%), аналарына қарағанда (63%) аз көмектеседі.

Балалардың үлгеріміне анасына қарағанда әкесінің жұмыссыздығы көбірек ықпал етеді (математика – 71,6% және 77,3% сәйкесінше, оқу – 59% және 66,1% сәйкесінше).

Жоғары табысы бар отбасының балалары жоғары нәтижелер көрсетті: математика бойынша тапсырмалардың 85,4%-ын және оқу бойынша - 79%-ын дұрыс орындады.

Меншікті тұрғын үйлері жоқ ата-аналардың балаларының тест тапсырмаларын орындау пайызы төмен болады (математика - 71% и оқу - 60,9%).

Әжелері және аталарымен бірге тұратын балалар математика бойынша (79,3%) және оқудан (68,3%) жақсы нәтижелер көрсетті.

Үй тапсырмасын орындау, журналдар мен кітаптар оқу үшін ешқашан Интернетті пайдаланбайтын оқушылар оқу мен математика бойынша тапсырмаларды нашар орындады (65% және 76,5% сәйкесінше).

Үйлерінде 10-нан және 500-ден кем кітап бар оқушылардың оқу бойынша тапсырмаларды табысты орындау айырмасы 12%-ға тең (65,5% және 77,5 балл сәйкесінше).

Бір қазақстандық отбасының үй кітапханасында орта есеппен 46 кітап бар, ал ЭЫДҰ елдерінде – 156.

Бос уақытта оқуға аптасына 10 сағат уақытты арнайтын ата-аналардың балалары тапсырмалардың 73%-ын орындады. Ата-

Page 46: Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда ата-аналар ықпалын бағалау

45

аналары аптасына 1 сағаттан аз оқитын оқушылардың нәтижелері төменірек болды (68%).

Үйдегі білімдік орта мен оқушының мектептегі жетістіктері арасындағы корреляция байқалады.

Интернеттен журналдар мен кітаптар оқудың оқушылардың оқу сауаттылғына оң әсері анықталды.

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына бару және оқуға ертерек дағдылану оқушылардың оқу сауаттылығына оң әсер етеді.

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға ата-аналардың балаларының оқуына және Интернеттен бейнелер қарауына дұрыс көңіл бөлмеуі теріс әсерін тигізеді.

Мұғалімдер, психологтар және мектеп әкімшілігі өкілдерінің 74%-ы, аналардың баланы табысты әлеуметтендіруге қажетті дағдысы мен білімге дағдыландыруда барынша белсенді екенін көрсетті.

Сұхбат қатысушыларының 62%-ы ата-аналардың жұмыстан тұрақты босамауы салдарынан уақытының жетпеуі оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға теріс әсерін тигізеді.

Респонденттердің 25%-ы оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға барынша жоғары әсерін тигізетіндерге: «ата-аналар жауапкершілігі», «бірігіп уақыт өткізу» тәрізді отбасылық факторларды жатқызады.

Білім беру қызметкерлерінің 37%-ы балалар үлгерімін жақсарту үшін ата-аналар бала оқытуға белсенді көңіл қойып, әңгімелесу арқылы оқыту уәждемесін жоғарылатып, оқуды саналы түйсінуді қалыптастыруы тиіс деп санайды.

Мектептер ата-аналарды мектеп өміріне тарту бойынша әр алуан шаралар жүргізеді (ата-аналар лекториялары, жеке кездесулер, Денсаулық күні, Отбасы аптасы және б.).

Ата-аналардың тек 79,3%-ы ата-аналар жиналысына барады. Тек 27,2%-ы сыныптан тыс шараларға қатысады және 47%-ы жеке бастамасы бойынша мұғалімдермен баланың үлгерімі жөнінде әңгімелесуге уақыт бөледі.

Page 47: Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда ата-аналар ықпалын бағалау

46

Осы зерттеудің қорытындыларына талдау жасау оқушылардың

функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда отбасының маңызды

рөлі туралы қорытынды жасауға көмектеседі. Ата-аналар балаларын

тәрбиелеу мен оқытуға белсенді тартылған кезінде ғана оқушылар

жақсы нәтижелерге қол жеткізеді.

Зерттеуде балалармен қарым-қатынас жасау, бірге демалу,

отбасында кітап оқу және талқылау факторларының оқушылардың оқу

сауаттылығы деңгейіне айтарлықтай әсері анықталған. Ой бөлісу,

қажетті ақпараттарды табу, қорытындыларды тұжырымдау,

ақпараттарды түсіндіру және жинақтау, мәтіннің мазмұнын талдау және

бағалау ептілігі тәрізді функционалық оқудың мұндай дағдылары

қазақстандық оқушыларға алдағы PIRLS-2016 және PISA-2018

халықаралық зерттеулерінде лайықты нәтижелер көрсетуге мүмкіндік

туғызады.

Осыған байланысты, ата-аналардың оқу мен жазуға уәждеу,

бірігіп шұғылдану, олардың интеллектуалды қабілеттілігін дамыту,

сондай-ақ табысты оқу үшін барлық қажетті жағдайлар жасау арқылы өз

балаларын оқытуға қандай елеулі үлес қосатынын сезінулері маңызды.

Осымен қатар, жеке тұлғаның функционалдық сауаттылығын

қалыптастыру процесі отбасы мен мектептің тығыз

ынтымақтастығынсыз орындалуы мүмкін болмау фактісінің маңызы да

аз емес. Ата-аналар мен мектеп арасындағы арнайы шарттарды

әзірлеу мен тәжірибеге енгізу, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары

арқылы ата-аналардың жаппай оқуын ұйымдастыру, отбасы

құндылықтарын әйгілеу арқылы ата-аналарды неғұрлым белсенді

тартуға ерекше көңіл аудара отырып, оқу-тәрбие процесіндегі

әлеуметтік серіктестікті кеңейту қажет.

Алынған қорытындылар педагогикалық ұжымдар, мұғалімдердің,

ата-аналардың және білім беру басқармалары органдарының

әдістемелік бірлестіктері үшін мына ұсыныстарды тұжырымдауға

мүмкіндік береді.

Page 48: Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда ата-аналар ықпалын бағалау

47

Ұсыныстар

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарының іс-шараларын орындауды жеделдету қажет: Ата-аналардың функционалдық сауаттылығын жоғарылату әдістемесін әзірлеу. Ата-аналардың мектеп өміріне белсенді қосылуына бағытталған іс-шараларды орындау: қамқоршылық кеңестерін, ата-аналар қауымдастығын, ата-аналар университеттерін құру. Мектептердің оқушылардың оқу жетістіктері мен мектеп қызметі туралы жұртшылыққа толық және ашық ақпараттар ұсынудағы есептілігін қамтамасыз ету. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуды ескеретін, жаңартылған білім беру стандарттарын, оқу бағдарламалары мен жоспарларын енгізуді жалғастыру.

Бұдан басқа қажеттілер: БҒМ және ДӘДМ оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда өмірдің ерте жастарының сыни маңыздылығы туралы әзірлемесін көпшілікке тарату. ҚР балалардың ерте дамуының тұжырымдылық негіздерін іске асыру мәселелері бойынша БҒМ және ДӘДМ тұрақты ведомство аралық комиссиясын ұйымдастыру. Ата-аналарға балаларды тәрбиелеу және оқыту дағдылары жөнінде ақпараттар ұсынатын консультациялық орталықтардың қызметтерін күшейту. Балалардың математикалық және оқу сауаттылықтарын дамытуға бағытталған, мұғалімдер мен ата-аналарға арналған ақпараттық портал жасау. Аз қамтылған отбасылардың балалары үшін оқу және математика бойынша тегін материалдар пакетін ұсыну. Ерте және мектепке дейінгі жастағы балаларға білім беру маңыздылығын түсіну жөнінде ата-аналарды оқыту бағдарламасын әзірлеу. Мұғалімдерді, ата-аналарды, оқушыларды АКТ-мен жұмыс істеу дағдыларын үздіксіз дамытуды жүзеге асыру. Ата-аналарды мектепті басқарудың ұйымдастыру және басқа мәселелері бойынша шешімдер қабылдау мен орындау процесіне тарту. Ата-аналар қоғамдастығы (ата-аналармен сайланған) өкілдерінің оқу сабақтарына қатысу мүмкіндігін жасау. Балалар мен ересектер арасында оқу және математиканы әйгілеу бойынша іс-шараларды ұйымдастыру (мектептерде ашық оқуларды өткізу үшін белгілі қоғам қайраткерлерін тарту).

Page 49: Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда ата-аналар ықпалын бағалау

48

Мектепте тәжірибе алмасу мақсатында математика немесе оқудың отбасы кештерін қолдану. Балалардың мектеп үлгерімін қолдау бойынша білім деңгейі төмен ата-аналар үшін тренингтер өткізу. Функционалдық сауаттылықты дамыту аясында «отбасы-мектеп-отбасы» өзара іс-әрекеттері бойынша тиімді мектептердің тәжірибелерін үйрену және тарату.

Page 50: Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда ата-аналар ықпалын бағалау

49

1 Қосымша

Зерттеулер жүргізу үшін мектептерді іріктеу

№ Аймақ Қала мектептері

Ауыл мектептері

барлығы

%

Оқыту тілі - қазақ тілі

Оқыту тілі –

орыс тілі

Оқыту тілі - қазақ тілі

Оқыту тілі –

орыс тілі

1 Астана қ. 2 2 0 0 4 5

2 Алматы қ. 3 4 7 9

3 Ақмола 2 2 0 0 4 5

4 Алматы 0 2 4 1 7 8

5 Ақтөбе 1 1 2 1 5 6

6 Атырау 2 0 2 0 4 5

7 Шығыс Қазақстан

1 2 2 1 6 7

8 Батыс Қазақстан 1 1 2 1 5 6

9 Жамбыл 1 1 1 1 4 5

10 Қарағанды 1 1 3 0 5 6

11 Қостанай 0 4 0 0 4 5

12 Қызылорда 0 2 1 1 4 5

13 Маңғыстау 0 2 0 2 4 5

14 Павлодар 0 2 2 1 5 6

15 Солтүстік Қазақстан

1 0 1 2 4 5

16 Оңтүстік Қазақстан

2 1 5 2 10 12

17 Барлығы 82 100

Page 51: Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда ата-аналар ықпалын бағалау

50

2 Қосымша

Ата-аналардың мектеп өміріне қатысуы

Сіз баланың тәртібін мұғаліммен өз бастамаңыз бойынша

талқылайсыз ба? (%)

Сіз мектептің әр түрлі іс-шараларына ерікті қатысасыз ба?

3

4

5

5

5

5

5

5

6

6

7

7

8

8

10

10

Атырау

Ақмола

Маңғыстау

Жамбыл

Павлодар

Қарағанды

Солтүстік Қазақстан

Қостанай

Ақтөбе

Батыс Қазақстан

Астана қ.

Қызылорда

Оңтүстік Қазақстан

Шығыс Қазақстан

Алматы

Алматы қ.

2

3

3

4

4

6

6

6

6

7

7

7

8

8

10

13

Маңғыстау

Атырау

Батыс Қазақстан

Жамбыл

Оңтүстік Қазақстан

Ақмола

Ақтөбе

Солтүстік Қазақстан

Қызылорда

Астана қ.

Қарағанды

Қостанай

Алматы

Павлодар

Алматы қ.

Шығыс Қазақстан

Page 52: Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда ата-аналар ықпалын бағалау

51

Сіз баланың үлгерімін мұғаліммен өз бастамаңыз бойынша талқылайсыз ба?

Сіз сынып жиналыстарына барасыз ба?

3

3

4

4

5

5

5

6

6

7

7

7

8

8

9

12

Жамбыл

Маңғыстау

Ақмола

Атырау

Қарағанды

Солтүстік Қазақстан

Батыс Қазақстан

Қостанай

Ақтөбе

Қызылорда

Павлодар

Астана қ.

Алматы

Оңтүстік Қазақстан

Шығыс Қазақстан

Алматы қ.

4

4

5

5

5

5

5

6

6

6

6

7

7

7

9

12

Ақмола

Солтүстік Қазақстан

Маңғыстау

Қостанай

Қарағанды

Атырау

Жамбыл

Батыс Қазақстан

Астана қ.

Қызылорда

Павлодар

Шығыс Қазақстан

Ақтөбе

Алматы

Оңтүстік Қазақстан

Алматы қ.

Page 53: Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда ата-аналар ықпалын бағалау

52

Сіз сыныптың ата-аналар комитетінің мүшесі болып табыласыз ба?

Сіз мектептің ата-аналар комитетінің мүшесі болып табыласыз ба?

5

5

5

5

5

5

5

5

5

5

7

7

8

8

9

9

Атырау

Қарағанды

Батыс Қазақстан

Маңғыстау

Шығыс Қазақстан

Жамбыл

Қызылорда

Қостанай

Солтүстік Қазақстан

Астана қ.

Ақмола

Павлодар

Алматы

Ақтөбе

Алматы қ.

Оңтүстік Қазақстан

3

3

3

3

3

4

6

6

6

6

7

9

9

10

11

13

Ақмола

Атырау

Батыс Қазақстан

Маңғыстау

Қостанай

Павлодар

Шығыс Қазақстан

Қарағанды

Солтүстік Қазақстан

Астана қ.

Алматы қ.

Ақтөбе

Қызылорда

Оңтүстік Қазақстан

Алматы

Жамбыл

Page 54: Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда ата-аналар ықпалын бағалау

53

3 Қосымша

Инфографика

Балалардың функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша ата-аналар мен мектеп қоғамына арналған жадынама

Page 55: Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда ата-аналар ықпалын бағалау

54

Page 56: Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда ата-аналар ықпалын бағалау

55

Page 57: Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда ата-аналар ықпалын бағалау

56

Page 58: Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда ата-аналар ықпалын бағалау

57

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-

2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары»Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы № 832 қаулысы

«Білім беру туралы» ҚР заңы 21.07.2015 ж. жағдайы бойынша өзгертулер және толықтыруларымен бірге.

«Қазақстан Республикасындағы балалар құқығы туралы ҚР заңы 29.12.2014ж. жағдайы бойынша.

М. Котеняткина, (2015). Балалар ересектерге үйретеді. Білім беру стандарттары, http://www.edustandart.ru/proekt-deti-uchat-vzroslyh/

PISA-2012 15-жастағы оқушылардың оқу жетістіктерін халықаралық зерттеудің негізіг нәтижелері, Астана: НЦОСО, 2013

Швед институты (2013). Гендерлік теңестіру.Әділдіктің швед тәсілдемесі. https://sweden.se/other-languages/russian/Gender-equality-in-Sweden-Russian-high-resolution.pdf

Baker, L., & Scher, D. (2002) ‘Beginning Readers' Motivation for Reading in Relation to Parental Beliefs and Home Reading Experiences’ Reading Psychology, 23(4), 239-269. http://dx.doi.org/10.1080/713775283

Bernal, R. (2008) ‘The Effect of MaternaL Employment and Child Care on Children’s Cognitive Development’ International Economic Review, 49(4), 1173-1209. http://dx.doi.org/10.1111/j.1468-2354.2008.00510.x

Bourdieu, P. (1986) The forms of capital. In J. Richardson, Handbook of Theory and Research for the Sociology of Education, 241-258, New York: Greenwood Press

Bruce, C (2004). 10 Great Ways to Teach Children. Laredo, Texas: The Parent Institute

Buckingham, J., Wheldall, K., & Beaman-Wheldall, R. (2013) ‘Why poor children are more likely to become poor readers: The school years’ Australian Journal Of Education, 57(3), 190-213. http://dx.doi.org/10.1177/0004944113495500

Common Sense Media (2013) Zero to Eight: Children’s Media Use in America 2013. https://www.commonsensemedia.org/research/zero-to-eight-childrens-media-use-in-america

Dearing, E., Kreider, H., Simpkins, S., & Weiss, H. (2006) ‘Family involvement in school and low-income children's literacy: Longitudinal associations between and within families’ Journal Of Educational Psychology, 98(4), 653-664. http://dx.doi.org/10.1037/0022-0663.98.4.653

Epstein et al. (2009) School, Family, and Community Partnerships: Your Handbook for Action, 3rd Edition, Thousand Oaks, CA: Corwin Press, inc.

European Commission (2013) Addressing Low Achievement in Mathematics and Science: Final Report. Directorate-General for Education and Culture http://ec.europa.eu/education/policy/strategic-framework/archive/documents/wg-mst-final-report_en.pdf

Feinstein, L., and Bynner, J. (2004) ‘The Importance of Cognitive Development in Middle Childhood for Adulthood Socioeconomic Status, Mental Health, and Problem Behavior’ Child Development, 75(5), 1329-1339. http://dx.doi.org/10.1111/j.1467-8624.2004.00743.x

Goodman, Y. (2001) ‘The development of initial literacy’ In E. Cushman and E. R. Kintgen and B. M. Kroll and M. Rose (Eds.), Literacy: A critical sourcebook, Boston: Bedford/St. Martin’s. 316-324

Page 59: Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда ата-аналар ықпалын бағалау

58

Ginsburg, H., Duch, H., Ertle, B. and Noble, K. (2012) ‘How can parents help their children learn math?’ In: B. Wasik, ed., Handbook of Family Literacy, 2nd ed., New York: Routledge, 51-65

Gray, W.S. (1956) The Teaching of Reading and Writing, Chicago: Scott, Foresman and Company, 1956. A UNESCO Monograph in Fundamental Education

Hanushek, E., & Woessmann, L. (2010). The High Cost of Low Educational Performance

Hume, L., Lonigan, C., & McQueen, J. (2015) ‘Children's literacy interest and its relation to parents’ literacy-promoting practices’ Journal Of Research In Reading, 38(2), 172-193. http://dx.doi.org/10.1111/j.1467-9817.2012.01548.x

Lukimat, (2015) http://www.lukimat.fi/lukimat-en

Melhuish, E. C., Phan, M. B., Sylva, K., Sammons, P., Siraj-Blatchford, I. and Taggart, B. (2008) ‘Effects of the Home Learning Environment and Preschool Center Experience upon Literacy and Numeracy Development in Early Primary School’ Journal of Social Issues, 64(95), http://dx.doi: 10.1111/j.1540-4560.2008.00550.x

McKool, S. (2007) ‘Factors that Influence the Decision to Read: an Investigation of Fifth Grade Students’ Out-of-school Reading Habits’ Reading Improvement, 44(3), 111-131

Mullis, I., Martin, M., Kennedy, A., & Foy, P. (2007). PIRLS 2006 International Report. Chestnut Hill: TIMSS & PIRLS International Study Center. Retrieved from http://pirls.bc.edu/PDF/p06_international_report.pdf

National Parent Teacher Association (2015), http://www.pta.org/about/

OECD (2006) Education at a Glance: OECD Indicators. Paris: OECD Publishing.

OECD (2010) PISA 2009 Results: Executive Summary, http://www.oecd.org/pisa/pisaproducts/46619703.pdf

OECD (2012) ‘Let's Read Them a Story!’ The Parent Factor in Education, PISA, OECD Publishing. http://dx.doi.org/10.1787/9789264176232-en

OECD (2013) PISA 2012 Results, PISA, OECD Publishing. http://dx.doi.org/10.1787/9789264201132-en

Sheldon, S.B., and Epstein, J.L. (2005) ‘Involvement counts: Family and community partnerships and mathematics achievement’ The Journal of Educational Research, 98(4), 196-206

Shoghi, A., Willersdorf, E., Braganza, L. and McDonald, M. (2013) Let’s Read Literature Review. Victoria: The Royal Children’s Hospital Centre for Community Child Health, Murdoch Childrens Research Institute

Toms, S. (2015) 'Back to school' for parents in Singapore. BBC News, http://www.bbc.com/news/business-32791317

UNICEF (2014). 4 правила успешных родителей, http://www.4pravila.unicef.by/

USAID (2014). Jamaica - USAID gives MOE full ownership of the Parents Place. https://www.usaid.gov/jamaica/jamaica-usaid-gives-moe-full-ownership-parents-place

Yeo, L., Ong, W., and Ng, C (2014) ‘The Home Literacy Environment and Preschool Children's Reading Skills and Interest’ Early Education And Development, 25(6), 791-814. http://dx.doi.org/10.1080/10409289.2014.862147