Төрт сөйлем тәсілі

7

Click here to load reader

Upload: norma-johnson

Post on 18-Jan-2016

1.532 views

Category:

Documents


60 download

DESCRIPTION

необходимо использовать на уроках казахского языка

TRANSCRIPT

Page 1: Төрт сөйлем тәсілі

«Өзгерісті тап» ойсергегінің орындалу жолдарын түсіндіремін. Оқушыларды етіс түрлеріне қарай топқа бөлу.

Оқушыларды топқа бөліну ретімен орналастырамын.

1-топ: өздік

2-топ: өзгелік

3-топ:ырықсыз

4-топ:ортақ 1-тапсырма. Тыңдалым. «Сауда» тақырыбындағы мәтінді тыңдап, «Төрт сөйлем» тәсілі арқылы жұмыс жүргізіңіздер.

«Төрт сөйлем» тәсілі 1. Пікір. Тыңдаған мәтін бойынша өзіндік пікіріңізді бір сөйлеммен жазыңыз. 2. Дәлел. Өз пікіріңізді бір сөйлеммен дәлелдеңіз. 3. Мысал. Пікіріңізді өмірмен байланыстырып, мысал келтіріңіз. 4. Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды шығарыңыз.

3-тапсырма. Айтылым. «Екі жақты сауда қатынастары» мәтіні негізінде «Ойлаудың алты қалпағы» әдісі арқылы өз ойларыңызды айтыңыздар, өзгенің пікірін бағалаңыздар.

Ойлаудың алты қалпағы

«Ақ қалпақ» киген оқушы қажетті ақпаратты анықтап сөйлейді.«Сары қалпақ» киген оқушы тақырыптың тиімділігін сендіре айтады.«Қара қалпақ» киген оқушы тақырып бойынша кемшіліктерді анықтайды.«Қызыл қалпақ» киген оқушы тақырып бойынша болжам жасайды.«Жасыл қалпақ» киген оқушы тақырып бойынша креативті, жаңа идеялар айтады.«Көк қалпақ» киген оқушы тақырыпқа сараптама жасайды

2-тапсырма. Оқылым. Мәтінді оқып, сауда туралы өз ойларыңызды жүйелі жеткізіп, пікір айтып, бағалаңыздар. «ПОПС» формуласын пайдаланыңыздар.

«ПОПС» формуласы

1. Бірінші сөйлем «Менің ойымша, ... »2. Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін … »3. Үшінші сөйлем «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын … »4. Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім ...

4-тапсырма. Жазылым. «Адам еңбегі және жасампаздық қабілеті» тақырыбында кластер толтырыңыздар. Сол кластерге қарай отырып үкіметтің көмегі керек қиындықтарды таңдап алыңыздар. Шешу жолдарын топ болып іздеңіздер. Аталған қиындықтардан үкіметпен бірлесе отырып, шығу жолдары ұсынылған үндеу хат жазыңыздар (7-кесте).

Page 2: Төрт сөйлем тәсілі

7-кесте – Хат құрылымы Өзіндік пікір Дәлел Өз пікірін айғақтайтын мысал Өз пікіріне қарсы дәлел Қарсы дәлелді жоққа шығаратын мысал Қорытынды

2-тапсырма. Оқылым. «22 қыркүйек – Тілдер мерекесі» тақырыбындағы оқылған материал бойынша мәтіннің негізгі ойын анықтап, қорытынды жасауға үйреніңіздер. «Пирамидалық талқылау» стратегиясын қолданыңыздар. «Пирамидалық талқылау» стратегиясы Топ мүшелері өз пікірін жеке жазып, ортада талқылап, ортақ пікір қалыптастырады. Топ мүшелерінің саны 4 оқушыдан болуы керек. Әр топ таратылған флипчарт қағазға тапсырмаға байланысты жеке өз ойларын жазады. Қағазды бұру арқылы бір-бірінің жауабымен танысады. Жауаптарымен танысып ортақ пікірді қағаз ортасына жазып, ойларын қорғайды.

4-тапсырма. Жазылым. Мәтінмен танысып, «Маған сыры мәлім болған бір құпия...» тақырыбында достарыңызға хат жазыңыздар. Бағаланатын қабілеттер: - өткен шақта жазу; - төл және төлеу сөз қолдану; - бірінші жақты қолдану; - уақытқа байланысты жалғаулықтарды қолдану; - толық сипаттау; - соңында эмоциялар мен сезімдер жазу.

4-тапсырма. Жазылым. «Диктоглас» әдісі. Қаламдарыңды қойып, мұғалімнің оқыған сөйлемін тыңдаңыздар. Естігендеріңізден есте қалған сөздердің барлығын қағаз бетіне түсіріңіздер. Мейлінше дұрыс сөйлем құрап, сөйлемдерді салыстырып, тақтаға дұрыс сөйлемді жазыңыздар. Өзге сынып оқушылары сөйлемге өзгерістер енгізуі тиіс. Соңында мұғалім нұсқасымен салыстырыңыздар. Осылайша мәтіндегі әрбір сөйлеммен жұмыс жүргізіңіздер.

Айтылым. «Дербес пікір» айту тәсілі арқылы «Экономиканы дамыту жолдары» тақырыбы бойынша сөйлесіңіздер. «Дербес пікір» айту тәсілі 1. Өзіндік пікір (ой, идея); 2. Дәлел; 3. Өз пікірін айғақтайтын мысал;

Page 3: Төрт сөйлем тәсілі

4. Өз пікіріне қарсы дәлел; 5. Қарсы дәлелді жоққа шығаратын мысал; 6. Қорытынды.

Жазылым. «Бестармақ» тәсілі арқылы «Әлем және қауіпсіздік» тақырыбы бойынша ойларыңызды тиянақтап, өзіндік түсініктеріңізді нақты сөздермен келтіріңіздер. Бестармақтың құрамы 1. Бірінші тармақ (жол) 1 зат есімнен тұрады. 2. Екінші тармақ 2 сын есімнен тұруы керек. 3. Үшінші тармақта 3 етістіктің болуы шарт. 4.Төртінші жол кез келген сөз таптараынан тұратын 4 сөзден тұрады. 5. Бесінші жол (әдетте зат есім) тағы да бір сөзден тұрады.

9-бөлім

Мәтінмен жұмыс 1 топ – мәтінді оқып, аударады2 топ - мазмұндайды3 топ - мәтін бойынша сұрақтар құрастырады Әр топ өз тапсырмасын орындады.3 топ сұрақтар құрастырып, қалған екі топқа қойды. Әр топ өз жауаптарын айтты, бірін - бірі толықтырды.Топтық жұмыс: 1 топ. Венн диаграммасы «Қала мен ауылды» салыстыр.2 топ. Деңгейлік тапсырмалар.3 топ. Мәтіннен зат есімдерді теріп жаз 1 – топ өз жұмыстарын тақта алдында қорғады.2 - 3 топтардың жұмысын топ басшылары тексеріп бағаладыРефлексия: Сабақта маған не ұнады? Несімен ұнады? Не ұнамады? Сенің бүгінгі сабақтағы еңбегің қандай? сұрақтарына жауап жазып «Даналық ағашына» жапсырадыАғашымыздың жайқалып кеткенінен біздің жақсы жұмыс жасағанымыз көрініп тұр. Сол себепті әркім өзін басынан сипап қойсын.Оқушылар өз ойларын жазып, ағашқа жапсырды.

Page 4: Төрт сөйлем тәсілі

Сабақтың тақырыбы Тұрмыс салт жырлары. Тойбастар. Тұсаукесер

Мақсаты

*оқушылардың халық ауыз әдебиеті туралы білімдерін кеңейту.

*оқушыларды халық ауыз әдебиет туындыларын қастерлеуге, елжандылыққа тәрбиелеу.

*Оқушылардың қосымша деректер арқылы әдеби дүниетанымдарын кеңейту.

Күтілетін нәтиже

Халық ауыз әдебиетін қастерлеуге, салт дәстүрімізді құрметтеуге үйренеді.

Тұрмыс-салт жырларын жатқа айтады.

Қосымша деректер арқылы Акт құзертілігі артады, топта, жұпта, жеке жұмысжасауға үйренеді.

-Мәртебесі төмен және жоғары сұрақтар қойып үйренеді, қарсы сұрақ қоя біледі.

-Оқушының сыни ойлауы қалыптасады.

-Тақырыпты басқа тақырыппен салыстыра алады.

Сабақтың түрі Жаңа сабақ

Керекті жабдықтар

Оқулық, флипчарттар, маркерлер, бағалау парағы. Интербелсенді тақта, интернет желісі.

Сабақ барысы:

Сабақ кезеңдері Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті

Кіріспе

1.Тұлғааралық байланысты орнату.

Сыныппен амандасу.

Бағалау парағымен таныстыру.

2.Тренинг: 

Алақанды ашайық

Жылулықты шашайық

Сәттілік тілеп достарға

Біз сабақты бастайық

3.Тұрмыс салт жырлары арқылы  топқа бөлу. (Тойбастар, тұсаукесер) 

4.Алдыңғы  тақырыпты қысқаша қайталау

1-топ

1. қазақ  әдебиеті нешеге бөлінеді.

2. Ауыз әдебиеті деген не?

3. Жазба әдебиет деген не?

2-топ

1. Ауыз әдебиетінің үлгілері бізге қалай жеткен?

2. Ауыз әдебиетінің бізге берері не?

3.Ауыз әдебиеті қалай пайда болды? Оқушылар топқа бөлінеді.

 Тренингке қатысады.

Үй тапсырмасына жауап береді. 

Топқа бөлінеді.

Оқушылар қойылған сұрақтарға жауап береді.

 

Тұсау кесер

Сабақтың тақырыбын білдіретін мәселелерді анықтау.

Сөзжұмбақ оқушыларға жасырылады.

Оқушылар «салт дәстүр» деген сөзді қалай түсінесің 2 топқа бірдей сұрақ беріледі.

Page 5: Төрт сөйлем тәсілі

1. Тұрмыс салт жырлары  туралы қысқаша мәлімет беру

2. Тұрмыс- салт жырларының түрлері.

Қазіргі кезде қалай ойлайсындар салт дәстүріміз өз деңгейде сақталып келе ме?

 

3. Постермен жұмыс. Тұрмыс-салт жырлары туралы білетіндерін айтады.

Оқулықта берілген өлеңдерді оқиды, топта талқылайды.

 

Постер қорғайды.

2 жұлдыз, 1 ұсыныспен бағалайды.

Сұраққа жауап береді.

 Негізгі бөлім

 

 

 

You Tube сайтынан Тұрмыс салт жырларына байланысты бейнеролик көрсетемін.

• «Тұсаукесер» әнін бейнетаспадан тыңдатамын.

Дарынды балалармен жұмыс

«мен өз халқымның салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын құрметтеймін» деген тақырыпта шағын шығарма

жазу.

Қабілеті төмен балалармен жұмыс

Тұсаукесер жырынан үзінді жатқа айту.

 

Оқушылар тыңдайды, топ ішінде әңгімелейді.

Оқушы: өз шығармасын оқиды. Үздік шығарманы анықтайды.

Мәртебесі жоғары, төмен сұрақ дайындау

 

Үй тапсырмасын беру.

Тұрмыс салт жырларына байланысты өлеңдер жаттау.

Бағалау. Өзін-өзі бағалау. Сұрақтар дайындайды.

 

Сабақтың өзіндік талдауы

Мен сыныпта жақсы психологиялық атмосфера тудыру мақсатында оқушыларғапсихологиялық

тренинг жүргізу арқылы бастадым. Сынып оқушыларын Тұрмыс салт жырлары арқылы Тойбастар,

тұсаукесер болып 2 топқа бөлдім.  Алдыңғы сабақты қысқаша қайталауда оқушыларға түрткі болу

бағытындағы: 2 топқа 3-3 сұрақтан қойдым. Бұл тапсырмада топ ішінде Іңкәрсезім, Диас, Әдемі,

Қарылғаш, Альбина  атты оқушыларым өздерінің білімдігімен көзге түсті.Сабақтың тақырыбын

білдіретін мәселені анықтауда Сөзжұмбақ бердім. Бұл тапсырмада барлық оқушы жақсы қатысты.

Сабақта оқушылар топпен жұмыстанып  салт дәстүр тақырыбында өз білетіндерін өте жақсы айтып

шықты. 2 топ тақырыпқа қатысты 1 топ Тұсаукесер тақырыбына, 2 топ Тойбастар тақырыбында

постер құрап, қорғады. 2 топ бір-біріне постерларына 2 жұлдыз, 1 ұсыныс айту арқылы

бағалады.Тұрмыс салт жырларына байланысты бейнеролик көрсетілді және Тұсаукесер әнін

бейнетаспадан тыңдады.  Сабақ барысында Дарынды балаларға «мен өз халқымның салт-дәстүрін,

әдет-ғұрпын құрметтеймін» деген тақырыпта шығарма жазды. Топ ішінде бір-біріне беру арқылы

тексеріліп , үздік шыққан оқушы Диас есімді оқушы болды. Қабілеті төмен оқушылар өздері жатқа

білетін тұсаукесер өлеңінен үзіңді айтты. Бұл тапсырмада Азат, Нұрсұлтан жақсы қатысты.2 топ

Page 6: Төрт сөйлем тәсілі

бірдей тапсырма мәртебесі жоғары, төмен сұрақтар дайындауға берілді. Сабақта қосымша 1 топ

оқушылар постер қорғағаннан кейін шағын Тұсаукесер көрінісін көрсетті.

   Сабақ қызықты өтті. Себебі, сынып оқушылары белсенді қатысып, тақырыпты толық  меңгерді.

Мұны оқушылардың тапсырманы орындау мүмкіндігімен рефлексия жасау арқылы анықтадым.

Сабақта Бекжанның, Әдемінің, Іңкәрсезімнің, Мөлдірдің, Альбинаның көшбасшылығын постер

қорғауда, шығарманы көркем жеткізгенінен көрдім.

Сабақ бойынша өзгертулер Сабағымды сыни ойлауға тапсырманы нақты беруге үйрену

Сабақты бағалау Сабақ қызықты әрі тартысты өтті. Себебі сабақ үстінде белсенді жұмыстанып,

сұрақтарға жауап беріп отырды. Өзін-өздеріне әділ баға бере алды. Мерсер (2000),  «ұжымдық түсіну

мен білім беруге қол жету аясында табысты талқылауларда әңгімелесудің зерттеушілік түрі

басымдыққа ие екендігі, зерттеушілік әңгіме барысында ортақ проблема болатындығы, сол мәселе

бойынша бірлескен түсінік қалыптасатындығы пікір алмасатындығы, өз ойларын дауыстап

айтатындығы, болжамдар ұсынып, талқылайтындығы» - Мұғалімдерге арналған нұсқаулықта атап

көрсеткен  (40-бет). Мерсердің осы идеясын осы сабағымда жоғарыда көрсетілген жұмыс формалары

арқылы жүзеге асырдым.