Кавказ елдері: Әзірбайжан, Армения, Грузия

27
Кавказ елдері Орындаған: Жансеитова Камилла 10С

Upload: kamilla-zhanseitova

Post on 15-Aug-2015

162 views

Category:

Education


13 download

TRANSCRIPT

Кавказ елдері

Орындаған: Жансеитова Камилла 10С

Ресми тілі – әзірбайжан тіліАстанасы – БакуНегізгі заңы – 1995 жылы 12

қарашада қабылданған Конституция. Мемлекет басшысы – президент.Заң шығарушы жоғарғы органы –

тұрақты парламент (Міллі мәжліс, 125 депутаттан тұрады). 

Атқарушы үкіметтің жоғары органы – Министрлер Кабинеті, оны премьер-министр басқарады.

Аумағы 86,6 мың км², халқы 9,5 млн. адам. 

Халқының 83%-ы әзірбайжандар.Халқы негізінен ислам дінін ұстанады.

Үкімет түрі – Президенттік республикаПрезиденті – Илхам ӘлиевПремьер-министрі – Артур РасизадеВалютасы – Әзірбайжан манаты

Әзірбайжан мемлекеті әкімшілікжағынан 59 ауданға бөлінеді, сонымен қатар құрамына Нахчыван автономиялық Республикасы енеді. Нахчыван автономиялық Республикасының елдің негізгі аумағымен ортақ шекарасы жоқ, ол Армения мен Иран аралығында орналасқан. 

Әзірбайжан — көпұлтты ел. Халықтың 82%-ын әзірбайжандар, орыстар 6%-ын, армяндар 5%-дан астамын құрайды. Елде Кавказ халықтары (лезгин, талыш, грузин, авар) мен түрік, күрд, татар, украин тәрізді ұлттардың өкілдері де тұрады. 

Ірі қалалары: Баку, Гәнжә, Сумгайыт, Ленкоран, Мингечаур, Нахчыван Ең биік жері – Базардүзі (4466 м).  Климаты қоңыржай белдеумен (Құра-Аракс ойпатында)

субтропикалық белдеуді (Ленкоран ойпаты) құрайды. Ең үлкен көлдері – Қажықабұл және Бөйүкшор.

1805 – 13 жылдары және 1826 – 28 жылдары орыс-иран соғыстары барысында Солтүстік Әзірбайжан Ресейге қосылды.

1917 жылы қарашада Әзірбайжанда Кеңес өкіметі орнады. 1922 жылы 30 желтоқсанда Әзірбайжан Кавказ Федеративтік

Кеңес Республикасы (КФКР), 1936 жылы КСРО құрамына кірді.

Кеңес Одағы құрамында болған кезеңде кейбір әлеуметтік қайшылықтарға қарамастан Әзірбайжанның экономикалық және мәдени дамуы жүзеге асты.

Тарихы: Әзірбайжан

1991 жылы 30 тамызда Әзірбайжанның Жоғарғы Кеңесі 1918 жылғы Шарт негізінде мемлекеттік тәуелсіздікті қалпына келтіру жөнінде Декларация, 1991 жылы 18 қазанда «Әзірбайжан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі жөнінде» Конституциялық шарт қабылданды.

Дербес мемлекет ретінде Қазақстан Республикасымен 1992 жылы 27 тамызда дипломатиялық қарым-қатынас орнатты.

Әзірбайжан индустриалды және ауыл шаруашылығы көп салалы ел. Жері мұнай мен табиғи газға бай. Сапасы жоғары темір кендері, алюминий шикізаты, хром, молибден, кобальт, алтын, күкірт колчеданы және әртүрлі құрылыс материалдары, полиметалл кендері мен емдік минерал су көздері бар. Мұнай-газ, машина жасау және металл өңдеу, химия және мұнай химиясы өнеркәсіптері елеулі маңыз атқарады. Әзірбайжанда жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары әртүрлі маталар, тігін және былғары бұйымдарын, аяқ киімдер шығарады. Ауыл шаруашылығында мақта, темекі, бау-бақша өнімдері және мал шаруашылықтарының маңызы зор. Тамақ өнеркәсібі кәсіпорындары түрлі шарап пен коньяк, консерві, ұн, темекі, балық өнімдерін шығарады.

Ауыл шаруашылығы

Елдегі теміржолдың жалпы ұзындығы — 1800 км. Әзірбайжан аумағы арқылы Ресейді Иранмен жалғастыратын халықаралық теміржол өтеді.

Жүк айналымы жөнінен 2-орынды теңіз келігі алады. Баку — Түрікменбашы (бұрынғы Красноводск) аралығындағы паром арқылы Орта Азия мемлекеттерімен қарым-қатынас жүзеге асырылады.

Жүк пен жолаушы тасымалында тасжолдардың да үлесі айтарлықтай. Елде 1000 км2 аумаққа шаққандағы тасжолдардың тығыздығы 264 км, бұл көрсеткіш бойынша Әзірбайжан ТМД елдері арасында Грузия мен Молдовадан кейінгі 3-орынды алады. Құбыр көлігінің де маңызы артып келеді.

Армения РеспубликасыՀայաստանի Հանրապետություն

Байрақ

Ұран: Azat, ankakh Hayastan.

Ресми тілі – ӘрменАстанасы – ЕреванМемлекет басшысы – 

президент.Аумағы 29 743 км², халқы  3,3

миллион. адам. Қала халқының үлес салмағы

— 67%. Халқының 94%-ын армяндар

құрайды. Басқа ұлттар арасында орыстардың, күрдтердің, грузиндер мен гректердің саны біршама.

1922 жылы Армения Грузия және Әзірбайжанмен бірге Кавказ сырты Кеңестік Федерациялық Социалистік

Республикасының құрамына енді. 1936 жылы КСРО құрамына одақтық республика ретінде

кірді. Қазіргі кезде Армения БҰҰ, ТМД мүшесі болып табылады.

Республика өз тәуелсіздігін 1991 жылдың 23 қыркүйегінде жариялады.

Тарихы

Елдің оңтүстік-батыс бөлігін Арарат жазығы алып жатыр.Арменияның ең биік нүктесі — елдің солтүстігінде

орналасқан Арагац тауы (4090 м).Ел аумағы субтропиктік белдеуде жатыр.Елдегі ең ұзын өзен — Аракс.

Грузияსაქართველო

Байрақ

Ұран: «ძალა ერთობაშია (қаз. Қуат — бірлікте)»

 Еуропа құрлығының оңтүстік-шығысында, Кавказ тауының оңтүстік бөлігінде орналасқан мемлекет.

66 әкімшілік ауданға бөлінеді. Құрамына Абхаз (1931) және Аджар(1921) республикалары енеді.

Шекарасы Ресей, Әзірбайжан, Түркия мемлекеттерімен шектесіп жатыр. Жер көлемі — 69,7 мың км2. Халқы — 5,4 млн. (1995). Тұрғындарының 70,1%-і грузиндер (гүржілер). Бұдан

басқа армяндар (8,1%),орыстар (6,3%), әзірбайжандар (5,7%), осетиндер (3%,абхаздар (1,8%), гректер, украиндар, т.б. тұрады.

Астанасы — Тбилиси қаласы (1,2 млн.). Халқының көпшілік бөлігі — христиан дінінің православие тармағын ұстанады,

қалғандары мұсылмандар мен католиктер. Ресми тілі — грузин тілі. Мемлекет басшысы — президент. Заң шығарушы органы — бір палаталы парламент. Конституциясы 1995 ж. 24 тамызда қабылданған. Ұлттық ақшасы — лари 1995 ж. қыркүйек айынан айналымға енгізілген. Ұлттық мейрамы — мемлекеттің тәуелсіздіктің қалпына келтірілген күні (26

мамыр, 1918 ж.).

Жерінің 87%-ін таулы қыраттар алып жатыр, 36,7%-і орман.

Солтүстігінде Үлкен Кавказ қатпарлы тау жүйесі бар. Қара тау жағалауын Колхида ойпаты алып жатыр. 

Негізгі кен байлықтары: марганец, тас көмір, мұнай, полиметалдар.

Минералды су көздеріне бай (Боржоми, т.б.).

Климаты жылы және ылғалды субтропикалық. 

Табиғаты

1918 ж. 26 мамырда Гүржістан тәуелсіз республика болып жарияланды.  1921 ж. Қызыл Армия бөлімдері меньшевиктер үкіметін құлатып, Кеңес

өкіметін орнатты. Гүржістан 1922 — 36 ж. Кавказ сырты кеңестік федеративтік соц. республикасы

құрамына кірді, 1936 — 91 ж. КСРО құрамындағы одақтас республика болды. 1991 ж. 9 сәуір күні өткен жалпыхалықтық референдумның қорытындысы

бойынша республика Жоғары Кеңесі елдің 1918 жылғы тәуелсіздігін және 1921 жылғы конституцияны қалпына келтіру туралы акт қабылдады. Сол жылы мамыр айында өткен президент сайлауында З.Гамсахурдия жеңіске жетті.

1992 ж. наурыз айында Әскери Кеңес те таратылып, орнына Эдуард Шеварднадзе бастаған Мемл. Кеңес құрылды. Сол жылы 11 қазанда жаңа парламент және оның төрағасы сайланды.

1995 ж. жаңа конституция қабылданып, соның негізінде өткен президент сайлауында (5.11. 1995) Э.Шеварднадзе жеңіске жетті. Ішкі саяси жанжалдарды, Абхаз республикасымен арадағы қарым-қатынастарды бейбіт жолмен реттеп, ел экономикасын реформалау ісіндегі қызметін бағалаған халық оны 2000 ж. жаңа мерзімге президент етіп сайлады.

Тарихы

Назарларыңызға Рахмет!