Жүрегіне жыр ұялаған

19
Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі ММ-сі №7 кітапхана -филиалы Жүрегіне жыр ұялаған... (Ақын Ғалым Жайлыбай шығармашылығы туралы ұсыныстық - библиографиялық кӛрсеткіш)

Upload: sanvia

Post on 12-Jul-2015

717 views

Category:

Education


1 download

TRANSCRIPT

Page 1: Жүрегіне жыр ұялаған

Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі ММ-сі

№7 кітапхана -филиалы

Жүрегіне жыр ұялаған...(Ақын Ғалым Жайлыбай шығармашылығы туралы ұсыныстық -

библиографиялық кӛрсеткіш)

Page 2: Жүрегіне жыр ұялаған
Page 3: Жүрегіне жыр ұялаған

Бұл библиографиялық кӛрсеткіш ақын Ғалым Жайлыбайдың 55 жасқа толуына орай арналған. Кӛрсеткіште ақынның ӛмірі, шығармашылығы, ӛлеңдері жазылған.

Тӛмендегідей бӛлімдерден тұрады:1. Ӛмірі мен шығармашылығы2. Ӛлеңнің отын жағып жылынған3. Сарыарқаның сырнайлы желі айтады4. Жүйткісін жүйрік жырым Құлагердей...5. Ғалым Жайлыбай туралы жылы лебіздер6. Баспасӛз беттерінде7. Ақын Ғалым Жайлыбай шығармаларына шолу8 . Пайдаланған әдебиеттер

Кӛрсеткіш жалпы оқырмандарға,студенттерге, оқушыларға , жыр сүйер қауымға арналған.

Кіріспе сӛз

Page 4: Жүрегіне жыр ұялаған

Қасиетті Сарыарқа жері қашанда таланттыға кенде болмаған.

Солардың бірі- Ғалым Жайлыбай десек артық болмас.

Ӛмірі мен шығармашылығы

Ғалым Жайлыбай 1958 жылы 9ақпан айында Қарағанды облысы, Жаңаарқаауданы, Жеңіс ауылында туған. Ұзақ жыл ауылда шопан, жылқышы болып жұмысістеген. Аудандық, облыстық басылымдарда қызметте болған. 1993 жылы Қазақтың

менеджмент, экономика және болжау институтын әлеуметтанушы мамандығыбойынша бітірген. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде, түрлібасылымдарда қызмет атқарған.

“Жанымның жапырақтары” (1988), “Жүрегімнің жұлдызы” (1966), “Құс қанаты”(2001) атты жыр кітаптарының авторы. Ӛлеңдері қырғыз, орыс, түрік, украин тілдерінеаударылған. Халық ақыны Жолдыкей Нұрмағанбетұлының артына қалған молмұрасын жинап, алғы сӛз жазып, жинақ етіп бастырған. (“Сұлу терек” 1996). ҚытайХалық Республикасының Күйтің қаласынан шыққан “Сүмбіле” атты жыр жинағынаӛлеңдері енген.

Халықаралық “Алаш” әдеби сыйлығының лауреаты (1999). Қазақ ақындары жырмүшәйрасының бірнеше мәрте жеңімпазы. Түркияның Сапанша қаласында ӛткен (2001) халықаралық жыр мерекесінде “Ақшам жұлдызы” арнайы сыйлығын иеленген.

Page 5: Жүрегіне жыр ұялаған

Ақын Ғалым Жайлыбай тереңінде асау

толқындар тулаған “Жетісудан арна іздеп,

жолға шыққан Сарыарқаның ойлы ӛзені”

секілді кӛрінеді.

Кеңістіктен ӛлең іздеп, ӛлеңіне ӛріс

іздеп, қымтырылап күн кешті, бес күндік бейнетке бола

қайдағы-жайдағыны ойлап, жігерін жасытпады, Қайта

қиындық кӛрген сайын ширыға түсті. Тоңса. Қасым ақын

айтпақшы: “Ӛлеңнің отын жағып жылынды”. “Жетісуға

желігіп жетпеген ем – жеті ӛзені жанымның, жылай

кӛрме!”- деп бұрқанды, Іле:”Сәкен туған ӛлкеден келіп

едім, Ақбоз аттың дүбірін тыңдатқалы” деп

күркіресе, келесі мезетте “ақындардың ат қосып

санатына, аққулардың жыр жаздым қанатына” деп

шалқыды.

Дүниеде ақын болмаса, бүгінгінің бүтін сӛзін кім айтады.

Олай болса, Ғалым да бүгінгінің бүтін сӛзін айтуға туған

тұғырлы ақын. Оның ӛлеңдерін оқыған қай кісінің де оған

толық кӛзі жетеді.

Page 6: Жүрегіне жыр ұялаған

Ел ішін жағымпаздық жайлап, адамдар ұсақталып үлгерген қазіргі сұрқай заманда жұрт азбай қайтеді. Ел қорғайтын ер жігіт құлға айналып, ертеңнен қара кешке дейін арба сүйретіп салпылдатып базарда жүрсе, еңсең қалай кӛтерілсін, Ақсұңқар құстар жерде қалып, аспан қарға-құзғындарға толса, алтын жағаң

тігісінен сӛгіліп,бүтінің жыртылмай тұрмай ма, тәйірі.Кейде маған жер бетінде асыл кендер кӛп болғанмен, сайып

келгенде, елімізде асыл азаматтар жоқ секілді кӛрінеді. Бірақ оның

есесіне халықтың қамын жемей, нанын жеген, обал-сауапты мүлде ұмытқан қаныпезерлер кӛбейген секілді. Неге бұлай? Ғалым ақынның

мына екі жол ӛлеңіне назар аударсаңыз – оның мәнісін бірден ұғасыз. “Ақындары алақан жайған елдің, қатындары қол бастар ұл тумайды!” Ақынын сыйлмаған елдің тозып, ақынын сыйлаған елдіңозық кӛрінетіні, міне, содан.

Сарыарқаның сырнайлы желі айтады

Page 7: Жүрегіне жыр ұялаған

Жүйткісін жүйрік жырым Құлагердей...

Ғалым Жайлыбай дың соңғы жылдардағы қазақ поэзиясының

сүбелі табысы саналатын “Жаяу Мұса” дастаны оқыған бойда ӛзіне бірден баурап ала жӛнеледі. Нағыз ақынның тулаған жүрегі шүпірлеген жазуларға толып тұрады. Сол жазулар Ғалымның жүрегінен дастан болып қағаз бетіне ақтарылып құйылып кеткендей сезіледі. Сенбейсіз бе? Ендеше оқып кӛріңіз.

Жүйткісін жүйрік жырым Құлагердей,Кӛнерген кӛңілім бар құба белдей.Кешеден бүгінгіге жеткен ӛлең

Қаз мойын қасиетті құрама ердей.Шабыттың шалқып жанар шырағы ӛлмей, Білгенге біздің ғұмыр бір әлемдей. Несіне жыр қыласың деп ойлама.Тұңшыққан тұрғыласым тұма кӛрмей

Сызылтып сыр айтайын мұрагердей

Page 8: Жүрегіне жыр ұялаған

Сӛзімнің арасынан сына бермей

Құла дүз құзғын қонар құзға айналса,

Құлагердей қайтеді енді құлап ӛлмей.

Осында басы артық тіркес, басы артық сӛз бар ма. Даланың бұлшық

етіндей бұлтылдап ойнаған ойлы сӛздер ӛзенболып ӛріліп, қағаз бетіне

тӛгіліп кеткендей, оның үстіне әр сӛз ӛз орынын тауып қаланып, сезім мен

ой астасып,ақынның “Құба белдей кӛнерген кӛңіліне Құлагердей жүйткіген

жүйрік жыры” сәуле түсіріп тұрғаны және ӛтірік емес. Сонан ба осы ӛлең

жолдарында шалқар шабыттың сӛнбейтін шырағы жанып, кӛңілінді нұрға

бӛлеп, кӛкірегіңді күмбірлеген күйге толтырып жібереді. Ал, “Құла дүз

құзғын қонар құзға айналса, Құлагер қайтеді енді құлап ӛлмей” деген соңғы

екі жол ӛлең кӛне тарих қойнауынан сыр тартып, Құлагердің қалай мерт

болғанын еске түсіреді.

Page 9: Жүрегіне жыр ұялаған

Ғалым Жайлыбай туралы жылы лебіздер

“Ғалым ӛлеңге кеуде соқпай келген ақын, атақ –абыройға бӛленсе де, сол қалпын сақтай алға асып барады. Бұл талантқа тән қасиет”.

Т. Әлжантегі

Ғалым Жайлыбай осы күнгі қаптаған кӛп ақындардың

бірі деп қарауға болмайды. Жүрегі ӛртеніп, шабыттанып, ӛлең жазғанда қураған ағаштың солып қалған тамырына қан жүгіртіп, кеудесіне жан бітіріп, тірілте білетін жаратылыс бітімі бӛлек ақын”.

Р.Ниязбек

Мен Ғалым жырларының табиғатын кӛкірегінде қордаланып қалған шермен шеменді қопарып тастайтын адуын күшке емес, сол шер мен шемендісипалап отырып сылып алатын сиқырлы күшке ие шертпе күйге теңер едім. Шынында да, Ғалым Жайлыбай шығармалары –бүгінгі қазақ ӛлеңіндегі

шертпе күй! Егіліп отырып ет-жүрегіңді елжіретіп, шым-шымдап сыр тӛгіп отырыпсүйегіңді үгетін оның жырларындағы баппен қағылып, байыппен шертілетін әуенге құлақ қойсаңыз, олай демеске лажың қалмайды.

Т. Медетбек

Page 10: Жүрегіне жыр ұялаған
Page 11: Жүрегіне жыр ұялаған

Келесі ән “Жезқазған”

Әні: М. Құсайыновтікі

Есенғали Арқадағы дарынды ұл,

Алпысбайдың домбырасын сағындым.

Абылайдың әуелеген әндерін,

Кім айтады жыры емес деп Ғалымның, – деп ақын Ғалым

Жайлыбайдың ӛлеңдеріне ән де жазыла бастады. Солардың бірі:

«Есіл ағады». Әнін шығарған Е. Ертаев,

Есіл ағадыЕсіл, Есіл ағады, Есіл ағады, Есіл ағады,Ақбұйра толқын жарды ұрып.Есіл аққанда, есіп ағады,Жағада жартас жаңғырып.Есіл ағады, Есіл ағады,Мағжанның жүйрік жырындай.Мені де бір қыз есіне алады,Тарқатып ӛрген бұрымды…Қайырмасы:Сырбазың сыңғыр, сыңғыр етеді,Сұлулар таққан сырғадай.Түрілген сонау түннің етегі,Ұйқыңды қайтсын ұрламай?Есіл ағады, Есіл ағады,Есіл ағады ерке ӛзен.Кӛңілге мәңгі кӛшіп алады,Аққудай арлы сол кезең.Есімін толқын есіне алады,Аймалап ай-күн жарық қып.Есіл ағады, Есіл ағады,Есіл ағады жарықтық…

Page 12: Жүрегіне жыр ұялаған

Ақын Ғалым Жайлыбай шығармаларына шолу

Жайлыбай Ғ.Жүрегімнің жұлдызы. Жыр кітабы.- Алматы:

Шартарап, 1996.-153 бет.

Қазақ ақындары жыр мүшәйрасының бірнеше мәрте жеңімпазы Ғалым Жайлыбай – ӛлеңге ӛмірден келген жігіт. Бұл жинаққа жас ақынның

балалық, жастық, махаббат тақырыбына жазылған жырларымен қоса ел мен жердің тағдыры жайлы толғаныстары топтастырылған.Ғалым жырлары орнықты ойымен, сұлу

сазымен, қарапайым да табиғилығымен ерекшеленеді.

Page 13: Жүрегіне жыр ұялаған

Жайлыбай Ғ.Құсқанаты.- Алматы: Ӛлке.- 2001ж.

“Отырар кітапханасы” сериясымен “Ӛлке ” баспасынан жарыққа шыққан ақын Ғ. Жайлыбай дың “Құсқанаты” жыр жинағы қолымызға тигенде лағыл жырдың тұнығынан ләззат алуға асыққанымыз анық. Кітаптың алғашқы бетін ашқан сәттен-ақ қасиетті поэзия құшағына құлап, жанға жайлы иірімге шым батқанымыз даусыз. Еліктіріп әкетер ӛрімдер, елжіретіп, сананы шымырқандырғаны да жасырын емес. Кітап кітап кӛпшілік жыр сүйер оқырман қауымға арналады.

Page 14: Жүрегіне жыр ұялаған

Жайлыбай Ғ.Тағдырымның тамыры: Мақалалар мен

сұхбаттар.- Астана: Фолиант , 2008.-248 бет.

Қазақтың белгілі ақыны, Халықаралық

“Алаш” сыйлығының иегері Ғалым

Жайлыбайдың “Тағдырымның

тамыры”деп аталатын бұл кітабына

қаламгердің әр жылдары жазған

ел, жер тағдыры, экология мәселері

туралы ой- толғамдары, мақалалары

топтастырылған.

Мақалалар жинағына, сондай-

ақ, ақынның ӛз шығармашылығы

туралы әріптестер лебізі

топтастырылып берілген.

Page 15: Жүрегіне жыр ұялаған

Жайлыбай Ғ.Ардакүрең. Ӛлеңдер. – Алматы:

Қайнар,-2008.-288 бет.

Қазақтың белгілі ақыны, Халықаралық

“Алаш” сыйлығының иегері Ғалым Жайлыбайдың бұл жинағына негізінен кейінгі жылдарда жазған жырлары мен поэмалары топтастырылған. Әсіресе ел, жер тағдыры жайлы толғамды ойлары поэтикалық әсем образдарға оранып, үнемі ізденістежүретін ақынның

кӛкжиегін кеңейте түскендей. Жинаққа еніп отырған “Жаяу Мұса” дастаны –қазақ ӛлеңінің жарқын беттеріне жазылар кӛлемді туынды. Ғалым сондай-ақ француз классигі Гийом Аполлинерді қазақоқырмандарына айшықты тілмен әсем жеткізген.

Page 16: Жүрегіне жыр ұялаған

Ғалым Жайлыбайдың “Ардакүрең” атты

кітабы тӛрт бӛлімнен тұрады.

Ай сынығыТұмбадағыТұнбалар

Жүректег і Жерұйық Назымхат

Page 17: Жүрегіне жыр ұялаған

Пайдаланған әдебиеттер1. Әлжантегі Т. Сағыныштың қанатында жеткен жыр // Сарыарқа.- 2001.- 27 ақапан

ХХ ХХ ХХ ХХ

2 Жақып Б. Арқаның ақ самалы // Орталық Қазақстан.-2008.- 9 қазан

хх хх ХХ ХХ

3. Жайлыбай Ғ. Арақаға жауған ақ жаңбыр// Сарыарқа.-2003,- 14 наурыз

ХХ ХХ ХХ ХХ

4. Жайлыбай Ғ, Сарыарқаға “Протон” құлаған жыл // Сарыарқа.-2008.-(№13),-15 ақпан

ХХ ХХ ХХ ХХ

5, Жайлыбай Ғ. Хантәңірі, (Құсқанаты кітабынан)// Мысты ӛңір.-2003,- 1 қаңтар.

ХХ ХХ ХХ ХХ

6. Жайлыбай Ғ. Дүлдүлдің дүбір шықса бағы ашылар // Қазақ әдебиеті.-1995.-24 қазан.

7. Жайлыбай Ғ, Ардакүрең.Ӛлеңдер. –Алматы: Қайнар .-2008.- 288 бет.

8. Жайлыбай Ғ. Тағдырымның тамыры: Мақалалар мен сұхбаттар.- Астана: Фолиант.-2008.-

248 бет.

9. Жайлыбай Ғ, Құсқанаты.- Алматы: Ӛлке.-2001.- 258 б.

10. Жайлыбай Ғ. Жүрегімнің жұлдызы.- Алматы: Шартарап, 1996.- 153 бет.

ХХ ХХ ХХ ХХ

11. Иран – Ғайып, Ғалым ініме (Ақын Ғалым Жайлыбай – 50 жаста)// Сарыарқа.- 2008.- 2 қазан,

12. Қирабаев С. Бүгінгі ӛлең (ақын Ғ. Жайлыбайдың шығармашылығы һақында(// Орталық

Қазақстан.-2012.-22 қыркүйек

ХХ ХХ ХХ ХХ

13. Ниязбек. Р. Сарыарқаның ойлы ӛзені. (Ақын ғалым Жайлыбай – 50 жаста) // Орталық

Қазақстан.-2008.- 2 қазан.

ХХ ХХ ХХ ХХ

14. Сағынтай С. Ардакүрең ақынның жырына ел сүйсінді. // Орталық Қазақстан.-2008.-9 қазан

Page 18: Жүрегіне жыр ұялаған

Құрастырған: №7 кітапхана-филиалының

кітапханашысы: Қожырбаева Қ.С

.

Мекен-жайымыз: Ғарышкерлер,39 аТел: 77-69-23

Page 19: Жүрегіне жыр ұялаған