Астана ақшамы 16 (3074)

12
86' (85 585 ĭ³£« Ĥ£¤©L ª£¬¢© HPDLO LQIR#DVWDQDDNVKDP\N] :::$67$1$$.6+$0<.= Ě 16 ÒÆÊÒÆμ 11 ÁĭÐÁÎ ÇÜÌ 6 +$0<.= Î ÇÜÌ ÑæòðôâìéëáìüĬ ĬïĨáíåüĬòáĀòé äáèæó çüìĨü Ĭáèáîîáî âáòóáð ùüĨáåü Çæì âáĨüóü íæî çüìåáíåüĨü ïĦóġòóĄëâáóüò íò ÓáĦ áóôü òáĨáó íéîôó Ëġî âáóôü òáĨáó íéîôó Ëġî ĪèáĬóüĨü òáĨáó íéîôó ÂĪì ëġîäĄ æĦ üòóüĬ áôá n& çüì ÆĦ òôüĬ óæíðæñáóôñá n& çüì -19°..-17° -25°.. -22° v ** * ʤʸʪˏʻͳʤʸʤ ˘೮˞˘˵˱˘˳ˮ˘ˮ ϭϲ ˢ˘˳೪˘ ˵˯ˬ೦˘ˮ ˪˲˟˲˭˟ˮ˛˟ ˘˲ˮ˘ˬ೦˘ˮˮ ˘೮೦˘˲೦˘ˮ˙ˣ ʶഉ˭˟ˬ˟˵˪˟ ˢ˟˵˪˟ˮ˧˭˧ˣ˞˧ ˟˳˪˟˲˧˱ ˢ˲˵˵˘ˮ ೪˘ˬ೦˘ˮ˞˘˥ ˢ˲˵˵˘ ೪˘ˬ೦˘ˮ˞˘˥ ˙˯ˬ˭˘˥ ˢ˟˵˧˱ ˙˘˲˞೪ ʮ˘೮˘ ഉˬ˟˭ ˵˘ˮˤ˭ˣ ˵˘ˬ೦˘˭ ˙˘˥˵˘˭ˣ ˮ˟˲ ˵˶˲˘ˬ ˪˪ˢˤ˟˛˧˭˧ˣ˞˧ ˲˧˳˵˟˵˧˭˧ˣ ˭˧˲ ˳˘ˬ˵ ˟˲˪˧ˮ ˟ˬ˞˧೮ ˟ˮ˞˧˛˧ˮ˟ ˟ˮ˟˭˧ˣ ˞˟˛˟ˮ˞˟˥˧ˮͲ˞˟˛˟ˮ˞˟˥˧ˮ ˞ഉ˭˟˞˟˭˧ˣ ʶಉˀˁʫ˃ʳʸʳʺʻʫʻ ʶʫʱʳʻ ˵˵˟೮ ʥ˧˲˘೪ ˥ ೪˘˱ ˳˟˪˧ˬ˞˧ ೮˪˟˥ ˪˧ˮ˧˾ ˣ˟˪˵˧ ˲˵˟˞˧ ೮˛˧˭˟ ʹ ˪˲˘ˮˮ೮ ˘˲೦ ˙˟˵˧ˮ˞˟˛˧ ˪˲˧ˮ˧˳˵˟ ˟˭˟˳ ˙˟˲˛˧ ˙˟˵˧ˮ˞˟˛˧ ˪˲˧ˮ˧˳˵˟ ʶˤˮ˯ ˙˘˳˵˘ˬ˭˘˳ ˙˲ˮ ˭˯ˮˤ˵˯˲Ͳ ˞˘ˮ ϭϴн ˞˟˛˟ˮ ˟˳˪˟˲˵˶ ˙˟˲˧ˬ˞˧ ʽˮ ˪˲˧˱ ˣ˘ˬ˞˘ˮ ˾೦˱ ˙˘˲˘ ˢ˘˵೪˘ˮ ˟˾˪˧˭ ˙˘˥೪˘ˬ˭˘˞ ʶˣ˛˟ ˾˘ˬˮ೦˘ˮ ʹ˙˟˳˧˪˵˟˛˧ ˙˱˟˳˧ˮ ೪˯ˬˮ˘ ˪˵˟˲˧˱ ˪˧˲˛˟ˮ ˢ˘˳ ˢ˧˛˧˵ ೪˘ˮ˘ ʫ˳˟˳˧ˮ˟ ˙˧ˣ ˳˘ˮ˘೦˘ˮ ˢˣ ˟ˬ˶˞˟˥ ˪˲˟˲˭˟ˮˮ˧೮ ˢ˘˲˵˳ ʹ ˪ഉ˭˟ˬ˟˵˪˟ ˵˯ˬ೦˘ˮͲ˵˯ˬ˭˘೦˘ˮ ˪˭ഉˮ˞˧ ˬͲ ೪ˣ˞˘˲ ˃˘˱˘Ͳ˵˘ˬ ˵˳˵˟ ˭˯˲˘ˬ˞೪ ˘ˣ೦ˮ˞೪ ˾˟˛˧ˮ˞˟˛˧ ˪ˤˮ˯˵˶ˮ˞ ʤ˳˵˘ˮ˘ˮ೮ ˙˘˲ˬ೪ ˪ˤˮ˯˱˘˲˪˵˟˲˧ˮ˞˟ ˘˥ˮ˘ˬ˭˞˘ ˢ˲ ʽˮ ˵˘˭˘˾˘ˬ˘˥˵ˮ ˘˶˞ˤ˵˯˲ˤ೦˘ ˙˘೪ˬ˘˶ ˙˯ˬ˭˘೦˘ˮ ೪˘˵˵ ೪ˮˢˬ˵˵ ʶ˪˟˥˞˟ ˪˱ ˳˲˘೪ ˵˶ˮ˞˘˵˵ ;ʮ˘ˬബ˘˳ ϱͲ˙˟˵˵˟Ϳ ʮ˟˪˳˟ˮ˙˧ ʺ˟˛˘ ʶˤˮ˯˱˘˲˪ ˁ˘ബ˘˵ ϭϰϰϬ ϲͲˣ˘ˬ ʪ˘೮೪˵ ˘˪˵˟˲ ʸ˟˯ˮ˘˲˞˯ ˞ˤ ʶ˘˱˲ˤ˯ ˾˘೪˲˱ ˟˞˧ ʦ˯ˬ˪ ˳ ˄˯ˬˬͲ˳˵˲ˤ˵ ʺഉ೮˛˧ˬ˧˪ ˵˧ˬ˧˭˧ˣ˞˟ ഉˣ˧˲˛˟ ˪ˤˮ˯ ˪˲˳˟˵˧ˬ˭˟˥˵˧ˮ˞˧˪˵˟ˮ ˘˵˘˶ˮ ˳˯ˬ ೪˘ˬ˱ˮ˞˘ ˢ˘ˣ˱ ˯˵˲- ˭ˣ ʮ˘˲ˮ˘˭˘˳ ˞ˮˤ˟ˮ˧ ˞˲˧ˬ˞˟˵˧˱ ˵˲ ʽˮ೮ ˳˵˧ˮ˟ ˲˟ˢˤ˳˳˟˲ ʹ ˁ˪˯˲˳˟ˣ˟ 12-бетте DZˏǮʽǧǷǧǸ ǸǶǵǷǹ ·ÉÒ ·ěÒ¾ę· ·ÀÄ·Âę·Ä ·ÈÉ·Ä·»·Ä ĝº° ·ÂÈ·Ě Ě·Àɼ»° ·ÈÉ · É É Ä · » · · · » » Ä ĝº° · ÂÈ · · · È È ĚĚ · Ě Ě Àɼ»° ° 8-бетте ȒȖȓȓȈȎ

Upload: astana-akshamy

Post on 30-Mar-2016

298 views

Category:

Documents


1 download

DESCRIPTION

Астана ақшамы 16 (3074) 11 ақпан 2014 ж. www.astana-akshamy.kz

TRANSCRIPT

16 11

-19°..-17°-25°.. -22°

-

12-б

етте

8-бе

тте

2www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

Жапония астанасының аймағына бұрын болмаған өте қалың қар түсті. Қардың қалыңдығы 27 сантиметрге жеткен. Табиғаттың бұл құбылысынан 3 адам қаза тауып, 500-ден аса адам түрлі жарақаттар алған.

Швейцарияда көші-қон саясатын қатаңдату мәселесіне арналған жалпыұлттық референдум басталды. Ел тұрғындары көшіп келушілердің көптігі салдарынан жергілікті швейцарлықтардың жұмыстан айырылып жатқандығына, көлік және білім саларында проблемалар туындай бастағанына алаңдаушылық білдіруде.

Ұлыбритания үкіметінің министрі Марк Харпер өзі жалдаған үй таза-лаушысы үшін жұмысынан кетті. Ол осыған дейін 2007 жылы қабылдаған шетелдік жұмыскердің құжаттарын дұрыс деп есептеген. Ал, жақында миграциялық тексеру барысында жалдамалы жұмысшысының құжаттары жалған екендігі анықталған.

Конго демократиялық республикасының астанасында жол-көлік қозғалысын қадағалайтын робот орнатылды. Жан-жағына айналып тұратын роботтың көзіне арнайы бейнекамералар орнатылған. Сол арқылы ереже бұзушылардың әрекеттерін бейнелеп түсіріп отырады.

2618

Назарбаев орталығында «Ғасырлар үні» концерті өтеді.Басталуы: 19.00.

Астана қаласында өткен апта ішінде Әділет департаменті жүргізген шаралар барысында осынша заңсыз сатылымдағы дыбыс-бейне өнімдері тәркіленді.

Астанада ұлттық Дель-фий ойындары бағдарламасы бойынша ҮІІІ қалалық «Шаттық» байқауы бас-талды.

Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында Қ.Жиенбайдың «Таңғажайып планета» фантас-магориясы сахналанады. Басталуы: 18.30.

Ресейдің еңбек сіңірген әртісі, профессор, И.Бах атындағы халықаралық байқаудың лауреаты, «Русское исполнительское искусство» Грант қорының иегері, Ресей, Сербия, Франция және Жапония елдерінде шеберлік сағаттарын өткізген Валерий Пясецкий қазақстандық балалармен бес күн бой бірге болып, жас пианистерге фортепиано өнерін егжей-тегжейлі үйрететін болады. Ұлағатты ұстаздың шәкірттері 50-ден аса ірі халықаралық байқаудың лауреаттары атанған. Соның ішінде П.Чайковский атындағы ХІ халықаралық

байқаудың жеңімпазы Денис Мацуев, Ф.Бузони атындағы халықаралық байқаудың жеңімпазы Д.Наджафарова, С.Рахманинов атындағы халықаралық байқаудың жеңімпазы А. Синчук бар.

Валерий Пясецкийдің Астанадағы шеберлік дәрісі тегін өтеді, бірақ оның жол ақысы мен тұратын орнының құнын қатысушылар өз мойнына алатын болады. Толық ақпараттарды байқаудың htt p://astana-app.kz/ru/ арнайы сайтынан және әлеуметтік желілердегі байқау беттерінен алуға болады.

Көктем шыға, күн жылына қар еріп, қызыл су жүреді. Осы-ған орай, Астана қаласы Са-рыарқа ауданы әкімінің ап па-раты аудан аума ғында тас қын суға қарсы шара лар дың бас-талғаны туралы хабарлайды.

1 ақпаннан 1 сәуірге дейінгі жұмыс кестесіне сәйкес «Астана Тазалық» ЖШС-нің күшімен қар шығару жұ мыстары жүр-гізіледі.

Аудан әкімшілігі жеке тұрғын үй секторы тұрғындарынан

аталған мерзімде үй шатыр-ларындағы және қоршау мен жолдың аралығындағы қарды м е х а н и к а л ы қ ж и нас т ы р у үшін жол бойына шығаруды; қар шығару кезінде құрылыс материалдарына, көліктерге, қор шау ларға нұқсан келтірмес үшін белгілеп қоюды; сондай-ақ, тұр ғын үйлерді су алдыр-мау мақсатында ауладағы қарды уақтылы шығарып, тазалап тұруды сұрайды.

Кеше Орталық коммуникациялар қызметінің брифингіне келіп, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жұмысының өткен жылғы қорытындыларын жариялаған ми-нистр Тамара Дүйсенова осындай мәліметтерді келтірді. Сондай-ақ, ол Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауынан туындаған міндеттерге тоқталды.

Тамара Босымбекқызының айту-ынша, ағымдағы жылы «Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» бағдар-ламасының нәтижелілігін артты-ру мақсатында бірқатар өңірлерде пилоттық жобалар іске қосылмақ. Атап айтсақ, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында бағдарламаға қатысуға үміткерлер арасында кәсіби бағдарлауды енгізу

тетіктері сыналатын болса, Алма-ты, Ақмола, Қызылорда, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыс-тарында тірек ауылдарды кешенді дамыту механизмдері сыналатын ауылдық елдімекендер анықталмақ. Сонымен бірге бағдарламаны қар-жыландырудың жаңа тәсілдері енгізілуде. Келесі жылдан бастап бюджет қаржысының 80 пайызы халықтың санына қарай, 20 пайызы өткен кезең қорытындыларына қарай бөлінбек.

Жұмыс берушілерге ортақол ма-мандардың қажеті жоқ. Бұларға осы заманғы біліммен қаруланған, өз саласын бүге-шегесіне дейін білетін маман керек. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің осы бағытта да атқаратын жоспарла-ры бар екен. Мәселен, ол осы жылы жұмыс берушілердің талаптарына

жауап беретін, 2015-2017 жылдары қажет болатын кадрлардың кестесін жасамақ.

2015 жылдың 1 шілдесінде аза-маттық қызметкерлерге жалақы төлеудің жаңа моделі енгізіледі. Жаңа үлгіге сәйкес азаматтық қызметкерге жалақы оның біліміне, біліктілігіне, істейтін жұмысының ауырлығы мен жауапкершілік деңгейіне қарай тағайындалады.

Т. Дүйсенова сонымен бірге министрлік Ұлттық банкпен бірге зейнетақы жүйесін жаңғырту шара-ларын әзірлеп жатқанын жеткізді. Атаулы әлеуметтік көмек берудің тәртібі өзгереді екен. Ол жасына, денсаулығына, мүгедектігіне байла-нысты кедейлік шегінен шыға алмай-тын адамдарға ешқандай шартсыз берілмек.

Аманғали ҚАЛЖАНОВ

ЕСКЕРТУ! Мүлікті сақтау – меншік иесінің міндеті. Жеке үйдің іргесін су алуына, құ-рылысының бүлінуіне «Астана Тазалық» ЖШС, Сарыарқа ауда-ны әкімінің аппараты жауап бермейтіндігін алдын ала ескертеді.

3www.astana-akshamy.kz

Бетт

і дай

ынд

аған

: Ғал

ым

ҚО

ЖАБ

ЕКО

В. Д

ерек

көз

дері

: ww

w.a

stan

a.kz

, ww

w.in

form

.kz,

ww

w.ba

q.kz

– Астанадағы аула клубтарының саны қанша?

– Қазiргi таңда елордадағы аула клубтарының саны 22-ге жетсе, оның 10-ы Астана қаласының жастар са-ясатын қолдау мемлекеттік қорына қарасты. Олар «Абдукар», «Арман», « А рыс тан », « А рх ат », « Асар», «Есіл», «Жеңіс», «Момышұлы», «Сұңқар», «Шағала» аула клубтары. Бү гінгі таңда аталмыш орталықтар жас елордалықтар үшін көп функционалды мәдени-спорт орталықтарына айналып отыр. Орталықтарда бокс, күрес, каратэ секциялары, жаттығу және үстел теннисi залы, бейнелеу өнерi және қолөнер бөлмелерi, шахмат және хореография үйiрмелерi бар.

– Бұл аула клубтарына қанша бала тіркелген?

– 700-ге жуық бала бар. Алғашында аула клубтарының жұмысына жатырқай қараған қала тұрғындары бүгiнде бел-сендiлiк танытып, клуб жұмыстарын жақсартуға атсалысып жүр. Сабақтан тыс уақытта балалар мен жасөспiрiмдер сенделiп бос жүрмей, денсаулығына пай-далы iспен шұғылданады. Олар әрдайым клуб әкiмшiлiгi мен оқытушылардың, психолог мамандардың қадағалауында. Жасөспiрiмдермен тәжiрибелi мұға-лiмдер, психолог мамандар жеке жұмыс iстейді. Аула клубтарының барлық қызметкелеріне арнайы білікті маман-дардың жү ргізуімен « Аула клубы қызметкерлерінің кәсіби шеберлігі: негізі мен ерекшелігі» және «Балаға дос бола білу» тақырыбындағы семинар-тренингтер жүргізіліп отырады.

– Алда қандай жоспарларыңыз бар?

–Баланың қызығушылығына, икемiне қарай жаңа қыры ашылып, өмiрлiк жо-лын анықтауға аула клубтарының септiгi көп. Сондықтан, Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының бастамасымен биыл барлық санитарлық талаптарға сай келетін 5 аула клубы ашы-лады. 2000 шаршы метр көлемді алып жатқан орталықта 2000-нан астам бала бос уақытын тиімді өткізетін болады. Бұл ғимараттарда 25-тен астам адам жұмыспен қамтылады. Сонымен қатар, аула клубтары қызығушылық танытқан мемлекеттік мекемелер, құқық қорғау органдары, үкіметтік емес ұйымдар және жастар ұйымдарымен қалалық деңгейдегі жастар саясатын жүзеге асырудағы бағыттар бойынша тығыз әріптестік орнатуда.

Еркежан СӘТІМБЕК

Орталық болашақта ұлттық ойындар, отандық туризм сынды тақырыптарға арналған шара-ларды кеңiнен өткiзiп отырмақ. Алдағы Наурыз мейрамына орай ұмытылып бара жатқан қазақтың ұлттық тағамдарына арнап шара өткізу жоспарланған. Осыған орай орталық қыз-меткерлері өңiрлердi аралап, тағам түрлерiне қатысты ақ-параттарды жинастырған. Мерекелік шара Наурыз тойы қарсаңында өтпек.

«Бүгінгі ашылып отырған ұлттық дәстүрімізді насихаттай-тын бұл орталық қазiргi замана-

уи қазақстандық отбасы үшiн халқымыздың ұлттық-мәдени мұрасын дамытуға үлес қосуды көздейдi. Мемлекет әрқашан мұндай істерге қолдау білдіреді. Орталықтың жұмысына ерекше қызығушылық танытып, оған әрқашан қолдау білдіруге дайын-быз» дейді ұйымдастырушылар.

Тұсаукесер бағдарламасында «Ұлы дала арулары», «Әйел болу да өнер» атты сән топтама-сы таныстырылды. Сондай-ақ, қазақтың «Қыз ұзату», «Келін түсіру» дәстүрлерінен үзінді көрсетілді.

Күнайым СӘКЕН

Қойылымның режиссері Асылжан Тілеп-бергенұлы бүгінгі күн оқиғаларын негізге ала отырып, отбасы құндылықтарының жойылуын, жастардың адамгершілік, ұлттық менталитет арна-сынан аттап, қазақ қоғамына айықпас дерт әкеліп жатқандықтарын көрсетуге талпынған. Кешті ұйымдастырушылардың басты мақсаты жетімін жебеп, жесірін жылатпаған қазақ қоғамында белең алып бара жатқан әлеуметтік девианттық іс-әрекеттердің алдын алу болып табылды. Қойылым тамашалауға жиналған оқушылар мен студенттер-ге ой салғаны сөзсіз.

Нұргүл АХАНҚЫЗЫ

Жұмыр басты пенде болған соң, кім-кімнің де басы ауырып, балтыры сыздамай тұрмайды. Ал, кез келген аурудың алдын алу үшін жүйелі профилактикалық тексерілуден өтіп, спортпен шұғылданып тұрған аб-зал. Өкінішке орай, осыны тұрғындардың барлығы бірдей ескере бермейді. Тіпті, еліміздегі ауру мен өлім-жітімнің артуына тек қана дәрігерлер кінәлі дейтіндер де бар. Ал, науқастар ше? Олар өз денсаулығына сергек қарап, сақтық шараларын жасаудың орнына дәрігерден ауруын «жұлып алуды» талап етеді. Адам алдын ала тексерілуге келмесе, қазіргі таңда елорда емханаларында ұйымдастырылып жатқан скринигтік тексерулерден уақтылы өтпесе, ауруы асқынып кеткен жанға дәрігер не істей алады?! Сонымен бірге әйелдер құрсағына бала біткеннен кейін уақыт созбай тіркеуге тұрса, іштегі шарананы әрі өзін қандай қиындықтар күтіп тұрғанын, неден сақтану керектігін алдын ала білер еді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәлі-меттеріне сенсек, адам денсаулығының бұзылуына 80 пайыз өзі, 10 пайыз дәрігерлер кінәлі болса, қалған 10 пай-ызына әлеуметтік жағдайлар себеп болатын көрінеді. Бұл туралы Мемлекет басшысы да айтудай-ақ айтып келеді. Бүгінде адам ауырудың өзіне тиімсіз екенін түсінуі керек.

Бұған дейінгі жолдауларда 2015 жылға таман қазақ-стандықтардың өмір жасының күтілетін ұзақтығын 70 жасқа дейін, ал 2020 жылға қарай 72 жасқа дейін ұлғайту көзделсе, енді «саламатты өмір салтының орнығуы, медицинаның дамуы қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығын 80 жасқа дейін арттырады». Ол үшін саламат-ты өмір салтын ұстануымыз керек. Бұл ретте Астанада барлық мүмкіндіктер қарастырылған.

Қалалық Туризм, дене тәрбиесі және спорт бас-қар масының мәліметтеріне сүйенсек, бүгінгі таңда елорданың әрбір төртінші тұрғыны дене шынықтырумен және спортпен айналысады. Олардың көпшілігі бассейн-ге барады, әрбір бесінші астаналық бокс, күрес секілді жекпе-жек түрлерін таңдайды және әрбір үшінші азамат футбол ойнағанды ұнатады екен.

Соңғы бес жылда бас қалада дене шынықтырумен және спортпен тұрақты айналысатындар қатары екі есе өсіп, 170 мыңға жақындапты. Демек, осынша адам өз денсаулығынкүтіп-баптап, саламатты өмір салтын ұстануының арқасында көлденең келген кеселге қарсы тұра алады. Құптарлық-ақ! Ендеше, жастардың спорт-пен айналысуына барынша жағдай жасауымыз керек. Сонда дені сау ұрпақ қатары көбейіп қана қоймайды, жасөспірімдер арасындағы қылмыс азайып, олардың темекі шегуіне, нашақорлыққа бой алдыруына тосқауыл қойылары анық.

,[email protected]

4www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

Кездесуде тұрғындар тарапынан бірқатар мәселелер көтерілді. Тұрғындар көбіне абаттандыру, жолдардың сапасы, қоғамдық көліктер жайын қозғады.

Байғара Тоқсанбаев есімд і азамат «Оңтүстік-шығыс» тұрғын алабындағы жолдардың сапасыздығын, асфальт төсеу керектігін тілге тиек етті. «Қала аумағын дамыту» бағдарламасы аясында биылдан бастап ол көшеге асфальт төсеу жұмыс-тары бас талады. Бүгінгі таңда Ақарыс көше сінің жолын жөндеу жұмыстары жүр гізіліп жатыр» деді аудан әкімі. Кен-

Бизнесті өркендету – халықтың өмір сүру сапасын арттыру деген сөз. Сондықтан да, мемлекет бұл салаға ерекше екпін түсіріп отыр. Айталық, орта және шағын кәсіпкерлік дамыса, жаңа жұмыс орындары пайда болып, жұртшылықтың әлеуметтік жағдайы жақсарады. Бұл жалпы ішкі өнімнің өсуіне ықпал етеді.

Елбасы Жолдауында 2050 жылға қарай жан басына шаққандағы ЖІӨ-ді 4,5 есеге, яғни, 13 мыңнан 60 мың АҚШ долларына дейін арттыру қажеттігі айтылды. Бұған Астананың экономикалық мүм кіндігі жетерлік. Елордада 2017 жылға қарай ЖАӨ жан басына шаққанда 4,7 млн теңгеге немесе 30 мың АҚШ долларына жететін болады.

Президент «Орта және шағын бизнестің үлесі артқан сайын Қазақстанның дамуы да орнықты бола түседі» деп атап көрсетті. Бүгінгі күні Астананың жалпы

аймақтық өнімдегі қызмет көрсету саласының үлесі 60 пайыздан аса-ды. Яғни, қазіргі таңда әр бесінші елордалық – кәсіпкер. Осы салада 190 мың адам жұмыс істейді, бұл – еңбекке жарамды адамдардың бес-тен екі бөлігі. Ал, жұмысын белсенді жүргізіп келе жатқан кәсіпкерлік субьектілердің саны – 47 мың. Аста-нада мемлекеттік қолдаудың тиімді тетігі қалыптасқанын атап өтуіміз қажет. Тек «Бизнестің жол карта-сы – 2020» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде 2017 жылға қарай орта және шағын кәсіпкерлік субьектісінің санын 54 мыңға дейін жеткізуді көздеп отырмыз. Ол үшін, әрине, кәсіпкерлік саласын дамытуға жан-жақты қол дау қажет. Сондай қолдаулардың бірі – былтыр жел-тоқсан айының соңында ашылған Кәсіпкерлерге қызмет көрсету

орталығы дер едік. Бұл орталыққа бизнесін бел сенді жүргізіп келе жат қандар да, ісін енді ашқысы келетіндер де хабарласып, көкей-д е г і с а у а л д а р ы н қоюға болады. «Бір терезе» қағидатымен жұмыс істейтін ор-та лықта бизнеспен а й н а л ы с у ға н и е т еткен тұрғындарға бизнес-жос пар құрудан бастап, кәсіпкерлікті жүргізудің барлық са-лалары бойынша тегін кеңес беріледі. Сондай-ақ, «Бизнестің жол карта-сы – 2020», «Өнімділік – 2020», «Агробизнес – 2020», «Экспорт – 2020» сынды бизнесті қолдаудың мемлекеттік бағдарламалары ту-ралы толыққанды мағлұмат алып,

бухгалтерлік және салықтық есеп, логистика, маркетинг, мемлекеттік сатып алу, қаржыны дұрыс иге-ру төңірегіндегі мәліметтер ала алады. Келешекте Астана қаласы Кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, мұнда әртүрлі тренингтер, семи-нарлар, шеберлік дәрістерін, дөң-гелек үстел жиындарын, бизнес-

жауап бермейді. Осы мәселені қара саңыз-дар» деп өтініш білдірді. Осы жиында Дос-мұхамедұлы көшесіндегі «Социум» тұрғын үй кешеніне абаттандыру жұмысын жүргізу керектігі де айтылды. Тұрғындардың ұсыныс-

тілектерін мұқият тыңдаған мемлекеттік орган өкілдері бұл мәселелердің шешілу жолдарын қарастыратынын айтты.

Еркежан СӘТІМБЕК

форумдар мен көрмелер өткізуді жоспарлап отырмыз.

Кәсіпкерлікті дамытуға кейде әкімшілік тосқауылдар да кедергі келтіріп жататыны белгілі. Мұндай енжар заңдық нормалардың күшін жою туралы Президенттің Жолда-уында да нақты айтылды. Біз осы бағытта да көптеген жұмыстарды қолға алмақпыз. Ол үшін әуелі кәсіпкерлікпен айналысуға қандай кедергілер бар, бизнесмендер нен-дей қиындықтарға көбірек ұшы-райтынын зерделеп, сараптама жа сап алуымыз керек.

Әрине, кәсіпкерлікті дамытумен бірге, ондағы қызмет көрсету са-пасын арттыру да маңызды міндет. Бүгінде елордада тіркелген бизнес субьектілерінің саны – 108 344. Соның ішінде 177 мейрамхана мен 450 дәмхана бар. Осы саладағы қызмет көрсету сапасын арттыру, қо ғамдық тамақтандыру орындарын ха лықаралық стандартқа сай ету – күн тәртібінен түспейтін мәселе. Алда «ЭКСПО» халықаралық көр месі келе жатыр. Осыған да жан-жақты дайын болуымыз керек. Сол себепті елордадағы мейрамханалар мен дәмханаларды жоғары деңгейге жеткізу үшін халықаралық беделі

бар үздік мамандар-ды шақырып, тәжі-рибесімен бөлісуді жө н с а н а п о т ы р -мыз. Олар шеберлік д ә р і с т е р і н о қ ы п , мамандарымыздың білікті лігін арттыруға күш салатын болады.

Астана эконо ми-касының 60 па йы-зын құрап отырған кәсіпкерлік саласын дамыту – біздің бас-

қарманың алдында тұрған басты міндеттердің бірі. Біз елордада қо-лайлы іскерлік орта қалыптасуына барынша атсалысатын боламыз.

Рыскүл ҚАУҒАБАЕВА, Астана қаласы Кәсіпкерлік

және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары

жебек Назаров есімді тұрғынды «Ақ жол» көшесі мен «Лесозавод» тұрғын алабына қатынайтын автобустардың мерзімінен кешігіп жүруі әрі қоғамдық көліктердің жеткіліксіздігі қынжылтады екен. Жиында қала күні қарсаңында «Қала аумағын да-мыту» бағдарламасы аясында 350 автобус пайдалануға беріліп, бұл мәселе толығымен шешімін табатыны айтылды.

Тағы бір тұрғын «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» сайтындағы ақпараттар түсініксіз әрі толық берілмейді. Одан бөлек, банкке бара қалсаң, қызметкерлері дұрыс

5www.astana-akshamy.kzE-mail: [email protected]

Біріншіден, бізге мұндай жалаң төсті, жат қылықты кинолар керек пе? Артық емес дерсіз. Олай болса, аудиторияны мұқият қадағалау қажет.

Екіншіден, кез келген кинотуынды ел аумағында көрсетілу-көрсетілмеуі жөнінде сүзгіден өте ме? Өтсе, жөн екен, бағыты «дұрыс» екен.

Үшіншіден, депутаттарымыз телеэкран шетіне қай бағдарлама қай жастағыларға ар-нап көрсетілетінін нақтылап, заң қабылдап берді. Мақұлданды. Қолданыста. Ал үйдегі шағын телеэкран емес, қоғамдық орында алып монитордағы «16+», «18+» де-гендей жазуды ескермей жүрсек, қайтпек керек? Кім жауапты?

Төртіншіден, білуімізше, жыныстық қарым-қатынасты, есірткіні ашықтан-ашық насихаттайтын кинофильмдерді жасөспірімдерге ұсыну анатомиялық, п с и х и к а л ы қ т ұ р ғ ы д а н әже п тәу і р келеңсіздікке ұшыратады. Сонда дейміз-ау, зал тола шықылықтап отырған әлгі шикіөкпелердің ата-анасы баласының 180 минут бойы қайда жоғалып кеткенін сұрады ма?

Бесіншіден, «айтып отырғаныңның аясы тар, кинотеатрдан қусаң, интернет

бар емес пе?» дейсіз ғой. Оның да тұсауын табу керек.

Алтыншыдан, бұл күнде не көп, оқушылар арасында түрлі сұлулық байқауы көп. Солардың бірін жуырда телеарнадан бес жасар қызымызбен бірге көре қалайық. Сайыстың кезекті шарты бойынша сахнада әбүйірінен басқа жері жалаңаш 12-14 жас шамасындағы қаракөздер билей бастады. Күймей көр! Сөйтсем, бекер екен. Әйтпесе не мынау?!

У жұтқызар «Уолл-стритт».

Ерболат ҚАМЕН

P. P.S. Аталған орталыққа кіре-берісте 3-4-сынып оқитын екі сұйық шаш кезікті. Әрі кетсе, 3-4-сынып! Әңгімелерін құлағым шалып, аңырып қалайын:

«Ты знаешь, Лэйла тебе изменяет. Знаешь, с кем?»...

Маған не дейсіз: кинозалдан шыға-беріс те сол екеуін де көрдім.

Жөнелте беріңдер бөлтіріктеріңді Уолл даң ғы лына қарай. Жолы болады!

P.S. Кез-келген мәселе кешенді шешім ге зәру. Яғни, бұл да солай.

Жібек МОЛДАШБАЕВА, дәрігер- сексопатолог:– Анайы фильмдер кәмелетке

толмаған балалардың ағзасында жыныстық гармондардың ерте жетілуіне және психикалық ауруға әкеледі. Жыныстық гар-мондар ерлерде «андроген-дер», әйелдерде «экстрогендер» деп аталады. Бұл гармондар медициналық жолмен жетіліп отыруы тиіс. Жалаңаш бейне, эротикалық кадрларды көр-ген балада уақытынан бұрын жетілу процесі жүреді. Нәти-же сінде жасөспірім айықпас

дертке ұшырайды. Яғни, неке-ден тыс жүктілікке, қан арқылы таралатын жыныстық ауруларға ұрынады. Ең қатерлі гонорея, сифилис, трихомонез, АИВ, ВИЧ сынды ау ру т ү рлерін жұқтыруы мүмкін. Ресми де-ректерге сүйенсек, эротикалық фильмдердiң әсерiнен елімізде жылына 200 мыңға жуық қыз түсiк тастайды екен. Олардың басым бөлігі жоғары сынып оқушылары, студенттер. Ал, бір рет түсік жасатқан қыз жи-ырма пайызға дейін жүктi болу мүмкiндiгiнен айырылады.

Лимана ҚОЙШИЕВА, психолог маман:– Бала әлемі өте нәзік, арманшыл болып

келеді. Оның үстіне мектеп жасындағы оқушы лар кез келген ақпаратқа талдау жа-сап, оны сүзгіден өткізбейді. Жуырда ғана Батыс Еуропа ғалымдары жасөспірімдерге зерттеу жүргізген болатын. Яғни, мектеп жасындағы оқушыларды жинап, оларға анайы фильм көрсеткен. Нәтижесінде, олардың санасы есірткі қабылдаған адаммен бірдей өзгеріске ұшырай ты нын анықтады. Жеткіншектердің масаң күйге түсіп, кез келген нәрсеге жеңіл қарайтынын білді. Жастарды улайтын, жаман жолға сүйрейтін анайы фильм деген байламға келген. Енді қалай күресудің жолын өздері таппай дал болуда.

Осы ретте айтып өтейін, бір кез де-суде елордалық тоғызыншы сынып тың қыздарымен әңгімелестім. Бәрінің арманы – кәріс сериалдарында ойнайтын жігіттер. Қолдарында – шашы жалбыраған кәріс ұлдардың фотосы. Тіпті, біреуі «Кореяға іздеп барып, бәрібір тауып аламын» дегенде таң қалдым. Міне, бұл – фильмнің «жемісі».

Ал, «Волк с Уолл-стрит» фильміне келсем, әрине, ересектерге арналған туынды. Ақша, жыныстық қатынас, есірткіге тәуелділік жиі көрсетіледі. Бұл ретте әрбір ата-ана өз бала-сын қатаң қадағалау керек. Олардың мұндай фильм көруіне алдымен өздері тосқауыл болғаны абзал.

Венера БАЯДИЕВА, «Арсенал» ойын-сауық кешенінің әкімшісі:– Иә, ол фильм бізде көрсетіліп жатыр. Бағасы 1000-1200

теңге аралығында. Ал, студенттерге 700 теңгеден. Бірақ, оқушыларға билет сатқан емеспіз. Біздің кассада адамның жа-сына байланысты сұрақтар туындағанда қосымша құжаттар талап етіледі. Дегенмен, үлкендер сатып алып, өздері мектеп жасындағы балаларды ертіп келуі әбден мүмкін. Сондықтан, алдағы уақытта бақылаушыға жастарды құжат бойынша кіргізуін ескертеміз.

P.S Бұл мәселе жөнінде Астана қала сы ның прокуратурасына хабар-лас қан едік. Прокуратура өкілі Бас прокуратура тапсырмасымен немесе ішкі бұйрық бойынша азаматтардың арыз-шағымы негізінде тексеру жүргізе алатындықтарын айт ты. Яғни, кез келген ата-ана осы мәсе-леге қатысты прокурордың атына шағым түсірсе, міндетте түрде тексеріс жүр гі зіледі. Кинотеатр-ларды жауап кер ші лікке тарту, айыппұл салу немесе қандай да бір шара қолдану тек прокуратура өкілдерінің құзіретіндегі шаруа.

Дайындаған Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ

заңгер:– «Здравствуйте, я – Джордан Белфорт!

Я – алкоголик. А еще я – наркоман. Бабник» деп басталатын фильмді оқушылар қайдан түсінсін? Сөз жоқ, бұл жерде құқық бұзушылық орын алып отыр. Мұны кез келген адам сол мекеменің басшысына ескертіп, құқық қорғау органдарына хабарласуы керек. Себебі, мұндай мәселені бейжай қалдыруға болмай-ды. Бұл , ең алдымен, әлемдік киноөндірісінің талаптарына да қайшы. Киноиндустриясы

дамыған мемлекетте адам құқыларының қорғалуына баса назар аударылады. Ондағы фильмдердің көрсетілімі барлық стандарттарға сәйкес болуы маңызды. Егер бізде құқық бұзушылық дерегі анықталып жатса, еліміздің кино ин дус триясының дамуына шек қою талап тары қарастырылуы әбден мүмкін. Менің айтарым, кинотеатрларда арнаулы қадағалау тобы болғаны жөн. Бұл фильм 16 жастан бастап көруге рұқсат етілгенімен, Ресей дің өзінде 18 жасқа дейінгілерге тыйым салынған.

www.astana-akshamy.kz

Асылтас ҚОЖАХМЕТОВА, Білім басқармасының әдіскері: – Оқушылардың демалыс күнгі уақытына ата-ана жауапты.

Мектеп уақытынан тыс олардың қайда баратынын, қандай кино көретініне бақылау жасай алмаймыз. Бірақ, өз тара-пымыздан мұндай фильмдерді көрмеуге, бос уақыттарын тиімді пайдалануға үндейміз. Түсіндіру жұмыстарын ұдайы жүргіземіз.

Ілияс ҚОЖАБЕКОВ,

(Жалғасы. Басы 1-бетте)

6www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

Расында да, мықты боламын де-ген ел мәңгілікті меңзейді, ғасырлар қойнауына үңіледі. Сол арқылы өзін-өзі танып, «Күн сөнбесе сөнбейтін» жасампаз жаратылысын жарық дүние, жалпақ ғаламға паш етеді. Аузы дуалы даналар «өз тарихын құрметтемеген, тарихтан алған орнын бағаламаған халықтың болашағы жоқ» деп ашық айтқан еді. Біз аңсары асқақ, рухы биік халықпыз. «Мәңгілік ел» идея-сы озалдан біздің қанымызға дарып, санамызға сіңген. Оның алғашқы дәні біздің дәуірімізден бұрынғы VІ ғасырда себіліп, талайлы тағдыр тезінен халқымызды тарих аренасына аман алып шықты. «Мың өліп, мың тірілген» халық соңғы ғасырларда патшалық Ресейдің, одан кейін тоталитарлық-кеңестік режимнің езгісінде жаншылды.

Нөпір нәубат, зілмәр зұлматтан еңсесі түссе де есеңгіреп қалған жоқ, майысса да морт сынған емес. Қайтадан қоздап, күлден жаралған феникстей дүр сілкіне рухтанып қайта көтерілді. Көптеген Сібір халықтары өз мәдениетін, діні мен тілін жоғалтып, жұтылып кетті. Қазақтай қайсар халықтың тарихтың тезінде, аумалы-төкпелі аласапыра-нында жолынан жаңылып, жоғалып кетпеуінің себебін талай ғалымдар түбірлей зерттеп, тәнті болғаны анық. Олардың бірі В.Радлов: «Қырғыз халқы басқа халықтар сияқты тілінен, дінінен, мәдениетінен айырылмаған себебі, біріншіден, олар көшпенді, екіншіден, жауынгер болды, үшіншіден, басқа халықтармен араласып, байланыс жасап отырды. Өз қанының тазалығын, тектілігін сақтады» дейді. «Сол себепті де қазақтар тарихтан із-түзсіз жоғалып кеткен жоқ» деп тұжырымдайды.

Белгілі тарихшы, 1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымов бастаған қазақтардың көтерілісі жайында диссертация жазған ғалым Елтоқ Ділмұхамедовтың қызы Эльза Ділмұхамедова Л.Н.Гумилевтен сұхбат алып, кинокамераға түсіреді. 1992 жылы дүниеден өткен Лев Никола-евич «Қазақтың пассионар тұлғасы кім?» деген сұраққа: «Ол, әрине, хан Кенелерің» деп жауап беріпті. Эльза Елтоққызы «Қазақстанды алда не күтіп тұр?» деп сұрайды. Сонда ол: «Қазақстанда таяу уақытта мықты серпіліс, пассионарлық дүмпу болады» деген екен. Түсіндіріп айта кетейін, бұл ғалымның теориясы бар. Ол бойынша әрбір ұлт, әр халық 1200-1500 жылдай өмір сүреді. Осы кезеңде халықтың туып, өсіп-өркендеп, даму шыңына жететіні, содан соң біртіндеп құлдырап құрдымға кететіні дәлелденген. Осы эволюциялық үрдіске 1500-дей жыл кетеді екен. Ал Қазақ хандығы ХV ғасырдың ортасында құрылды. 14 ғасырдың орта шенінде қазақ халқы пай-да болады. Соған қарағанда, халықтың даму жолының шырқау шегіне жақындап қалдық деп ойлаймын. Эльза Гумилевке тағы да бір сұрағын қойып, «халықтың күшейіп бара жатқанын қалай білуге болады?» дейді. Сонда ғалым: «Оның белгісі сол жерде алқалы жиындар өтеді. Халық пассионарлық болып жатса, тарихын зерттейді. Пас-сионар тұлғалар көбейеді. Алдымен бір адам туады, ол өз ойларымен екінші адамның ойын қозғайды. Және адам баласының ойына келмейтін биік мақсаттар қойып, елді жұмылдырып, соған қол жеткізеді. Міне, пассионар халықтың белгісі осындай» деген екен.

берекелі қоғам құрамыз деген сөзіне күмәнмен қарағанымыз рас. Енді әлемнің экономикасы дамыған елу елінің қатарына кірдік деп батыл айтуға болады. Толық сенеміз, қолымыздан келеді. «Көз қорқақ, қол батыр», Ел-басы көкжиегімізді шолғанда қазақтың қуат-күшін бағжайлай біліпті. Әр қазақ ел игілігі үшін жұмыс істесе, жемісі тәтті болатынына көзі жетті. Әркім өзінің пассионарлық міндетін адал атқарған жағдайда еліміздің шоқтығы өсіп, гүлдене түседі. Сөзіміздің дәлелі ретінде Олимпиада чемпиондарын алайық, әрқайсысы әлемдік арена-да ел туын желбіретіп қана қоймай, үйімізде отырып тақымымызды қысқан біздерге үлкен жеңістің не екенін сездірді. Бәріміз жұдырықтай жұмылып отандастарымыздың тілегін тіледік. Қандай керемет! Олимпиада жеңімпаздары өздерінің пассионарлық міндетін адал атқарды. Ендігі көк туды желбірететіндер осы жеңістерден кейін спорт залдарына лап қойған жас өрендер арасынан болмақ. Мұндай пассионарлық мысалдарды көптеп келтіруге болады.

Ж а у г е р ш і л і к з а м а н д а қ а з а қ даласындағы рухани орталықтар – ірі қалалар қиратылып, халқымыздың өмір салты көп өзгеріске ұшырағаны белгілі. Өзімізді танып, тарихымызды зерделеуге мұрша болмады. Соңғы үш ғасырда Ресей арнаулы экспедициялар ұйымдастырып, қазақ өлкесін орыс және шетел ғалымдары жан-жақты зерттеді. Өз мүддесін көксегендердің қолында көптеген жәдігеріміз, материалдық та, материалдық емес те құндылықтарымыз кетті. Енді кері қайтарудың амалын қарастырудамыз.

Осы орайда азды-көпті тәжірибеміз д е б а р . 9 0 - ы н ш ы ж ы л д а р ы экономикалық-әлеуметтік мәселелер етектен басып жатқанына қарамастан бірқатар ұлтжанды азаматтар белсене араласып, Санк-Петербургтің Эрмита-жынан Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің тайқазанын алып келді. Мұражайдың есігінен шығара алмаған соң кранмен көтеріп, терезесінен түсіргенін әлі тамсана айтып жүрміз. Қасиетті орнына келген қасиетті дүниеміз рухымыз-ды биіктетті. Жәдігерін түгендеген

жайымызға ресейліктер де құрметпен қарады, екі елдің сыйластығы артпаса, арасына сызат түскен жоқ. Қазақтың қасиетті қазаны басқалар үшін тек мұражайдың бір жәдігері болса да, мүсілім халқымыз үшін оның мән-маңызы айырықша екені айтпаса да түсінікті. Халықтың тағдырындағы нысаналы жәдігерлерімізді қайтарудан тартынбаған жөн.

Қ о ғ а м қ а й р а т к е р і С м а ғ ұ л Садуақасовтың сүйегінің күлі 1933 жылдан 2011 жылға дейін Мәскеудегі Донской қорымында жатты. Алаш ардақтысының мұрасын зерттеп жүрген Дихан Қамзабекұлы оны туған топырағына жеткізудің жолын ойлас-тырып жүргенде сәті оңынан түсті. Танымал заңгер, мемлекет және қоғам қайраткері Сабыр Қасымовтың Мәскеу мэрімен бірге оқығаны анықталады. Сол кісімен сөйлескенде күлді қайтарудың жолы қиын емес екенін біледі. Егер туыстары хат жазып өтініш жасаса, рұқсат беріледі. Мәселе екі жұманың ішінде шешіліп, елден барған бір топ азаматтар алаш арысының белгісін алып келіп, туған топырағына қойды. Сөйтіп, бір адамның ізденісінің арқасында азаматтық та, мұсылмандық та парызы-

Б ү г і н д е б і з д і ң қ о ғ а м д а ұ л ы өзгерістер болып жатыр. Халықаралық қауымдастықтың игі жақсылары жаңа астанамызды көріп, тамсанып кетті. Тәуелсіз еліміз ұйытқысы болған ізгі шараларды дамудың ортақ үлгісі деп, дуалы ауыздылар жүрген жерінде айтып жүр. Түрлі конференция басшыларын елордаға жинап, бір үстелдің басында басын қостық. Бұрын-соңды ешқандай елдің тәжірибесінде болмаған ерекше серпінмен елорданы тұрғызып, Еуразия кеңістігінде өтіп жатқан игі шаралардың дәл ортасында маңдайы жарқырап қазақтың баласы жүр. Көзді-ашып жұмғанша, шартараптан жиналған қауым жаңа экономиканың бастау-ындай «ЭКСПО-2017» көрмесін келіп тамашалайды. Спорт додасын-да да есеміз кетіп жатқан жоқ. Ел экономикасының күретамыры Шығыс пен Батыс қақпасын қысқа жолмен қосып, «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» магистральды көлік дәлізін салу арқылы әлемдік өркениеттің бастауындай «Жібек жолын» қайта жаңғыртып жатырмыз. Кезінде пендешілікпен Елбасының 2050 жылдарға қарай мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде

www.astana-akshamy.kz

7www.astana-akshamy.kzE-mail: [email protected]

мыз орындалды. Ниетіміз түзу, тілегіміз бір жерден шығып жатса, қастерлі жәдігерлерімізді қайтарудың осындай төте жолы жақындай түсері хақ.

С м а ғ ұ л С а д у а қ а с о в к е з і н д е Кенесарының ерлігі туралы жазған еді. Асыл азаматтың сүйек күлі Хан Кененің шахид болған жауынгерлері жанына жайғасқаны да жайдан-жай емес деп ойлаймын.

О м б ы н ы ң т а р и х и ө л к е т а н у м ұ р а ж а й ы н д а К е н е с а р ы н ы ң мылтығы сақтаулы тұр. Бір жылдары мылтық мұражайдың төлеқабатында жатқан еді. Төріне іліп қоюға түрткі болғанымызды айтқым келеді. Енді оның үш мылтығының бірін елге қайтаруды ойлаймыз. Жалпы, Омбы жеріндегі жәдігерлерімізді тізбелеп, елге жеткізу қамымен Мәдениет министрлігі Омбыдағы консулға тапсырма берсе, қала әкімшілігі қарсылық білдіре қоймас. Жақында Тарих мұражайы ашылады, сол жерде қазақтың соңғы ханының мүкәмалы тұруы керек. Ал, қайтқан жәдігердің қайыры көп. Рухани астарын айтпасақ та, тарихи туризмнің дамуына ықпал етер еді. Омбы мұражайында қызмет ететін қандас бауырымыздың айтуын-ша, ғимараттың төлеқабатында қазақ жерінен алып келген экспонаттар үйіліп жатыр екен. Адамның бас сүйегінің бірнешеуі барын айтты. Түбі қазақтың сүйегі болса, оны көмусіз қалдыру мұсылмандығымызға сын екендігін айтпағанның өзінде тарихшы ретінде «ол неткен бас сүйектер?» деген сұрақ маза бермейді.

Ойды ой қозғайды. 90-ыншы жылдардың бас кезінде Абылай ханның немересі Кенесары Қасымұлының бас сүйегін іздеу жақсы басталды да, кейіннен тоқырап қалды. Іздестіру жұмыстарына қатысқан жазушы-ғалым Тұрсын Жұртбай бір сөзінде жұмыстың 80 пайызына дейін біткенін айтып еді.

Енді сол қағаздарды қайта көтеріп, жоқты іздеуді жандандыру керек. Оның бір шеті Омбы мұражайына алып барады. Онда «О бунте Кенеса-ры» деген іс бар. Оның жайы мына-дай. Кенесарының кесік басы Түмен аумағы арқылы Омбыға, Батыс Сібір генерал-губернаторы П.Д.Горчаковқа жеткізіледі. Ол жөнінде орыс гео-графы, Торғай өңірі қазақтарының этнографиясы мен тарихын зерттеуші А.Добросмыслов: «Кенесарының бас сүйегі соңынан Батыс Сібір бас басқармасындағы «Кенесары бүлігі туралы» іспен бірге сақтауға бұйрық берген кінәз Горчаковтың қолына түсті» деп жазады. Ал, іс бар, онда бас сүйектің тіркелгені жайында анық айтқан. Қандай заман болса да көршілес жатқан екі елдің тарихына ортақ тұлғаға қатысты деректің жайдан-жай жоғалып кетпейтінін тарихшылар жақсы біледі.

Бұл мәселе мемлекеттік деңгейде шешілуі керек. Осыдан бірнеше жыл бұрын «Экспресс К» газетінен қызық мақала оқыдым. «Ақтаулық Евгений Черемушников деген азамат 1988 жылы Вангаға барыпты. Басқалары атақты көріпкелдің алдына көру үшін айлап жатса, көріпкел кейуана жерлесімізді үш күннен кейін-ақ шақыртып алып: «Сен керемет елде тұрып жатырсың және бәрі жақсы болады. Тек ертеректе еліңіз үшін күрескен бір адуынды билеушінің бас сүйегін қайтару қажет. Сонда алдарыңызда бұдан да зор өрлеу мен гүлдену күтіп тұр» деген екен. Мен аса ырымшыл емеспін, бірақ, мұндай жайт-тарды қаперге алмаудың қисыны жоқ.

Белгілі ақынның «Уақыт тығыз – сөз қысқа» деген өлең жолдары тіліме орала береді. Мен мал-жанымен, ауыл-аймағымен Ресей патшасының иелігінде кеткен қазақ жерінің, Омбы өңірінің тумасымын. Тарихшы болғандықтан осы өңірді ерсілі-қарсылы аралап өтіп,

егемен еліміздің тарихын түгендеуге ат-салысып жатқан жайым бар. Көз көріп, көңілге түйгендеріммен де бөліскім келеді.

Қ а з а қ с т а н н ы ң о б л ы с о р т а л ы қ т а р ы н д а ғ ы Ө л к е т а н у мұражайларын аралағанда, этногра-фия жәдігерлердің қоры тым жұтаң көрінеді. Оның себебі де бар. Өткен ғасырдың алғашқы жартысындағы ашаршылықта қазақтың дүние-мүлкі, жиған-тергені ортасына опырылып түскен шаңырақтың астында қалып, құмға бөгіп, шіріп кетті. Одан артылған азғантай мүлкі аласапыран жылдары шетел асып, қымбатының соңғысы соғыстың қажеттілігіне жұмсалды. Қазақтың материалдық мұраларын әлі де болса Омбы, Астрахан, Новосібір өңірлерінен жинау керек. Бұл жерде Қытай мен басқа да елдерді айтып отырған жоқпын. Ресейдегі қазақтар

ХІ ғасырдан бері осы жерде жасап келе жатыр. Ашаршылықты айналып өтті. Тұрмысы жаман болған жоқ. Менің үйімде түйе жүннен тоқылған терме алаша жатыр, дәл осындай әжелеріміздің көзіндей асыл дүниелер қаншама?! Алайда, ашаршылықтан да асқан зобалаң келе жатыр. ХХ ғасырдың басында мен өскен өңірде 800-дей ауыл болатын. Қазір соның 50 шақтысы қалды. Енді жиырма жылда өсімі кеміп, өрісі тарылған қазақ ауылдары үлкен деревнялармен бірігіп кетеді. Енді әлі келгендері Қазақстанға оралып, қалғаны үлкен қалаларды сағалап кетеді. Ескінің қадірін білетін қариялар дүниеден озғанда, олардың ұстанған мүлігін қажет ететін жас қала ма, жоқ па?! Қолда бар дүниелерден көз жазып қалмаудың жайын тағы да пысықтау керек.

Омбы қазақтарының қолдарында түрлі көне жазбалары, ел шежірелері, ауыл тарихы, қисса-жырлар мен алаш ақындарының өлеңдері де сақтаулы.

Менің өзімде ХV ғасырдың тарихы-на қатысты айтыстар жатыр. Оны әлі көпшілікке таныстырып, ғылыми айналымға енгізген жоқпын. Одан бөлек, қазақ тарихы ғылымының айналымына түспеген, ешқайда жарияланбаған қолжазбалар жетерлік.

Келер ұрпақты «Мәңгілік ел» аңсарында тәрбиелейміз десек, бүгінгі қарттарымыздың аузынан қазақ фоль-клорын, әр жердің тарихын, жер-су аттарының шығу тегін, әулеттің аңыз-әпсаналарын жинастыру керек. Уақыт тығыз дейтінім де сондықтан. Енді бірнеше жылдан кейін тоқсандағы шал кетсе, оның атасынан естіген әңгімесінен айырылып қаламыз, тоқсандағы әжеміз дүние салса, оның анасы қайтыс болғанда айтқан жоқтауын жазып ала алмай қаламыз. Сол анамызбен бірге ұзатыларында айтылған сыңсудың мәтіні мен әнін

таспаға түсіріп үлгермесек, қандай өкінішті. Міне, тағы да материалдық емес, қымбат құндылық құрдымға кетті деген осы. Осыдан бірнеше жыл бұрын докторлық диссертация-ма қатысты Ресейдің архивтерінде отырып, біршама дерек жинап

шықтым. Кейіннен ағаштан салынған бір архивтің өртеніп кеткенін білдім. Қаншама дерек жалынға оранып, күлге айналды. Ал онда том-том құнды құжаттар жатыр еді ғой...

Өзге жұрттай тарихын түгендеп, қаз-қатар етіп сөреге қойып, шетінен алаңсыз кәдеге жаратуға отандық зерттеушілердің мүмкіндігі болмай тұр. Қысқа жіптің күрмеуін келтіре алмай жүргендердің бірі – біздің тарихшылар.

Әңгіменің реті келгенде айтарым, жәдігерлердің сақталуы мен насихат-талуын жолға қойып, ғалымдардың еркін зерттеуіне жағдай жасау қажет. Елге жетіп жатқан жәдігерлер бір орталыққа шоғырландырылмай, түрлі қорлар мен мекемелерге тарап кетіп жатыр. Кейбір мекемелерді күзетіп тұрған жан жоқ. Көне жазбаларды күтіп сақтайтын құрал-жабдықтар да тапшы. Демек, уақыт өте келе бұл жәдігерлер шіріп, не қолды болып, шетелге саты-лып кетуі де мүмкін. Тіпті, кейбіреуі Еуропаның немесе тағы басқа елдердің мұражайынан немесе жеке жидасынан шыға келсе, таң қалуға болмас. Біздің мемлекет қарыштап дамып келеді, төрткүл дүниеге танымал болып, әлем жұртшылығының аузынан түспейтін кезі де алыс емес. Сонда осы елдің тари-хына қатысты жәдігерлерге де ерекше сұраныс артатыны кәміл. Біз бүгін келер күннің қамы үшін жұмыс істеуіміз керек.

Ғасырлар қойнауына көз салғанда шартараптан тарихымыздың бір ұштығын кездестіріп қалып жата-мыз. Орта ғасырлардағы қыпшақтар тұлпарының екпіні араб, парсы, үнді, қытай және грек мемлекеттерінің құтын қашырғанын білеміз. Аңызға айналған бабаларымыз Үндістанда Дели сұлтанатын құрыпты. Қыпшақ хандарының әулеті Мысырды би-леп Әзербайжанды бағындырып, б о л г а р л а р д ы ң п а т ш а т а ғ ы н д а отырған. Қытай тарихындағы Юань империясының ержүрек қ о л б а с ш ы л а р ы б а й т а қ қ а з а қ даласының ұландары екен. ХVІ ғасырдағы алғашқы поляк ұландары қыпшақтардан жасақталыпты. Батырлардың соңғы легі 1939 жылы Гитлердің танктеріне қарсы атой салғанын тарихтан білеміз. 1458 жылы венгр королі Матвей Корвин даңқы

жайылған жаужүрек қыпшақтардан гусарлық әскер жасақтапты. Гру-зин патшасы Давидтің жеке гвар-диясы қыпшақтардан құралыпты. Бабаларымыздың атының тұяғы жет-кен жерлерде белгісі де қалып отырған.

Армян еліне барған сапарым-да осыған көзім жетті. Армяндар екінші дүниежүзілік соғыстан кейін «Бір халық – бір мәдениет» деген идеясының астында топтасып, бар жәдігерлерін түгендеп, аз уақыттың ішінде етек-жеңін жинап үлгерген халық. Месроп Маштоц атындағы Матенадаран көне жазбалар инсти-туты халықтың құнды жәдігерлерін жинақтауда айрықша рөл атқарды. Бұл – кітапхана немесе мұрағат немесе жай құжаттардың жиынтығы емес, кешенді ғылыми-зерттеу орталық деуге болады. Үйренетін үрдістері бар екен. Біздің жермен салыстырғанда аумағы оймақтай елдің бізге ұқсас нышандары да көп екен. Олардың бір әдеті – мейрамханаларында ескі суреттерді іледі. Сол көне суреттерден қазақтың камзолындай киім киіп, бесік тербеткен әйел бейнесін, қошқар мүйіз секілді ою салған кілемдерін көрдік.

Осы күнге дейін «Қазақ» деп аталатын селоға бардық. Бірінің жа-нында осы аттас өзен ағып жатыр. Оның шетінде ескі қорым бар екен. Олардың көктастары сол қалпында, бірінде – батырдың, бірінде – бесіктің сұлбасы тастан қашап қойылған екен. Өкініштісі, қазақтың моласы деп қастерлеп жатқан ешкім жоқ. Ескі қорымның үстінде ұсақ мал жайылып жүр. Егер біреу көктасты қашап, үйінің іргесіне қалап жіберсе, кімнен сұраймыз?! Ал қорымды жай қоршап, бір тақтаға тарихын жазып қоя салу аса қиын шаруа емес. Ол да өзімізге құрмет, тіпті, бабаларының қорымын әспеттеп, аяқ асты етпей қастерлеп отыратын қазақы әдетіміз бар емес пе еді?! Оған да мемлекет араласуы немесе қаулы шығаруы қажет емес шығар...

Зиябек ҚАБЫЛДИНОВ, тарих ғылымының докторы,

профессор, «Еуразия» ғылыми-зерттеу

орталығының директоры

8www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

Жер-судың аты – тарихтың хаты. Сондықтан, топонимикалық атау-лар тарихын зерттеп, олардың нақты кеңістіктегі орындарын анықтау, ғылыми тұрғыдан алғанда тың де-рек көздерін ашып, олармен жұмыс істеудің әдістерін жетілдіру – тарихтың ақтаңдағын азайтуға тікелей септігін тигізеді.

Ұлт Көшбасшысы Н.Назарбаев өзінің «Қазақстан-2050» Стратегия-сы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында «Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып, шын мәніндегі мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілгенде, біз елімізді ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТІ деп атайтын боламыз» деген еді. Осы биік мұратқа жету үшін тіл саясатын салиқалы да сауатты жүргізе білуіміз керек. Бұл ретте, ұлттық ономас-тика қазақ тілінің мәртебесін арттыра түсуде өзіндік маңызы бар сала саналады.

Өткен жыл қазақ ономастикасы үшін айтулы жаңалықтармен басталды. Атап айтқанда, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономас-тика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң қабылданды. Бұл соңғы жылдары еліміздің өңірлерінде нысандарды, елді мекендерді, көшелерді, білім мен мәдениет мекемелерін қайта атау кезінде

E-mail: [email protected]

жіберілген олқылықтардың орнын толтыруға жасалған нақты қадам болды.

Өзгерістер негізінен ономастикалық жұмыстарды жүргізу барысында шешімдер қабылдаудағы жауапкершілік-ті арттыруға, саладағы атауларды біріздендіруге және кез келген нысанды атау және қайта атаудың ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған. Мәселен, ономастика комиссиясы атауының өзі әр нормативтік құжатта әр түрлі жазылып келген еді, ендігі жерде ол Республикалық ономастикалық ко-миссиясы деп аталатын болды. Сол секілді, қандай да бір нысанға атау қоюға ономкомның келісімінсіз жол берілмейді. Елді мекенге, яки көшеге ат беруде халықтың пікірін ескерудің жаңа тәртібі енгізілді. Атап айтқанда, Заң бой-ынша облыс орталықтары мен облыстық маңызы бар аудан орталықтарындағы көше тағы да басқа нысандарға атау беру Республикалық ономастикалық комиссиясының шешімі негізінде ғана жүзеге асырылады.

Еліміз тәуелсіздік алған соң, алды-мызда тұрған елеулі мақсаттардың бірі – географиялық атауларды ретке келтіру болды, бұл жұмыстар тарихи атауларды қалпына келтіру, транскрипцияларды өзгерту мен жаңадан ат беруді қамтыды. Осы мақсатта құрылған Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Мемлекеттік ономастикалық комисси-ясы 20 жылдан астам уақыт ішінде едәуір

қызмет атқарды. Осы жылдар ішінде ко-миссия саяси сыңаржақтық салдарынан орын алған әділетсіздіктерден арылып, жер-су, елді мекендердің тарихи атау-ларын қалпына келтіруде арнаулы заң қағидаларына сүйене отырып, жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді. Құрамына елімізге танымал ғалымдар мен мемле-кет және қоғам қайраткерлері кіретін комиссия жұмысының негізгі қағидасы – ғылыми сарапталған, жан-жақты зерт-телген, әлеуметтік және саяси тұрғыдан салмақтанған шешімдер қабылдау. Осы ретте тағы да айта кететін жайт, егер XX ғасырдың 90-жылдарының басында ономастикалық атаулар комиссияның ұйғарымы негізінде іске асырылып келсе,

қазіргі кезде тек елді мекен атаулары ғана комиссия ұйғарымы негізінде жаңа атауға ие болып, қайта аталады. Ал білім, мәдениет және басқа да физикалық-географиялық атауларды өзгерту жөніндегі соңғы шешімді комиссияның ұйғарымы негізінде Қазақстан Респу-бликасы Үкіметі қабылдайды. Аудан, қала атауы сияқты ірі ономастикалық объектілердің атауларын өзгерту Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен іске асырылады.

Республикалық әкімшілік-аумақтық бөлінісіндегі елді мекендер мен ірі физикалық-географиялық нысандар атаулары әлем тілдерінің көбімен қарым-қатынасқа түсіп, халықаралық дәрежеде қызмет атқарып отырғаны баршаға аян. Осы ретте республика топонимдерін халықаралық тұрғыдан стандарттау ұлттық стандарттаумен тығыз байланыс-ты болып келеді. Аталмыш еңбектегі қазақ топонимдерінің орысша берілуі, дұрыс жазылуы Қазақстан Республикасы Ғылым академиясы Тіл білімі институты тарапынан 1971 жылы жарық көрген «Инструкция по русской передаче гео-графических названии Казахской ССР» атты еңбекке сүйенілген болатын. Бұл нұсқаулық 2003 жылға дейін бірден-бір негізгі тірек құрал ретінде пайдаланылып келді. Алайда, оның кейбір ережелері мен параграфтары, әсересе ә, о, ө, ж, ү, ұ, ы, і, қ, ң, ғ, һ сияқты қазақ әріптерінің орыс әріптерімен таңбалануында және басқа да мәселелерде талас тудырар даулы тұстары аз емес. Жоғарыда аталған нұсқаулықтың барына және Мемлекеттік ономастикалық комиссияның тұжырымынан соң қабылданған Президент Жарлықтары мен Үкімет Қаулыларына қарамастан, к е й б і р е л д і м е к е н д е р м е н і р і географиялық нысандардың атаулары орысша бұрмаланып жазылып жүр. Мы-салы: Караганда (Қарағанды), Ачисай (Ащысай), Иргиз (Ырғыз), Сарань (Со-ран), Джангала (Жаңақала), Сырдарья (Сырдария) т.б.

Алдағы уақытта елді мекендерге атау беру кезінде жетім баланың күйін кешіп тұрған Қарағанды қаласындағы Четская, Балхашская т.б көшелеріміздің атауы қайта қарастырылып, дұрыс шешім қабылданады деген ойдамыз. Бұл ретте бас қала – Астананы үлгі етуге әбден тұрарлық. Мысалы, Астана қаласындағы барлық көшелер дерлік қазақшаланған. Ошағанды, Сарыарқа, Қаратал т.с.с. тарихи топонимикалық атаулар берілген. Біз де неге бас қаламызға еліктеп, Охот-ская, Архитектурная, Белинская, Нахи-мова, Депутатская, Камская, Театраль-ная сияқты «ская» -сы бар көшелерімізге Қамысты, Ошағанды, Сарыарқа, Нұра, Талды, Сарысу, Батпақты деген сияқты тарихи атауларымызды бермейміз?! Әйтпесе, әлі мәңгіріп жүрміз. Тіпті, ұлттық болмысымызға тән осындай атауларымыздан ұялып, «как то не

звучит, басқа атаулар ойлау керек, оған дейін қоя тұрайық» деген де пікірлерді естіп жүрміз.

Алдағы уақытта Қазақстан Республи-касы Үкіметінің «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгер-ту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидасы» бойынша Тәуелсіз Қазақстанның саясат сахнасының саңлағы Мәди Бексұлтановтың атына Пичугина көшесі, «Даңқ» орденінің толық кавалері, даңқты жерлесіміз, жаужүрек батыр Мүтәш Сүлейменовтің атына Приканальная көшесі, Қаныш Сәтбаевтан кейінгі екінші академик Бетбақдаланы жәннат далаға айналды-руды армандаған, ғалым-селекционер Кәрім Мыңбаевтың атына Волочевская көшесі, ғалым Әсет Болғанбаевтың атына Молокова көшесін Мемлекеттік сыйлықтың екі мәрте лауреаты, кенші, білікті басшы Димкеш Мұқановтың аты-на Телевизионная көшесі, шахтер Қадыр Әбдірәсіловтың атына Архитектурная көшесі, Еңбек Ері Мәтен Рахымбековтің атына Охотская көшесі, дауылпаз ақын Қасым Аманжоловтың атына Кри-вогуз көшесі мен Гоголь атындағы әмбебап кітапханасы, ғалым Әбілқас Сағыновтың атына Ленин көшесі, Алашорда Үкіметін құрушылардың бірі Әлихан Бөкейхановтың атына Октябрь ауданының аты, еліміздің мұнай газ сала-сы мен индустриалдық дамуы саласында өлшеусіз үлес қосқан Ніл Ахатұлының атына Карбышев көшесі, Бөгенбай ба-тыр атына Майқұдықтағы Магнитогор-ская көшесі мен Карл Маркс көшелерін қосу арқылы даңғыл, Ұлы Абай атына Гоголь және Республика көшелерін қосу арқылы даңғыл берілсе, суретші Әубәкір Ысмайыловтың атына облыстық бейне-леу өнері мұражайы, актриса Шолпан Жандарбекова, Мәди Бапиұлы, Смағұл Кішкентаев, Жұмаш Әубәкіров, Дімкеш Мұқанов, Сопыжан Әшляев, Мырқы Батырбеков, Сабыр Рахимов, Бәйкен Әшімов, Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев, Міржақып Дулатов, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров, Шәкәрім Құдайбердиев сияқты еліміз үшін аянбай еңбек еткен тұлғаларымыздың атына бір-бір көше берілсе, нұр үстіне нұр болар еді.

Еліміз қашанда достықты ту еткен, қонақжай халық. Тәуелсіздік алғалы бері көптеген елдермен терезесі тең дәрежеде дипломатиялық қарым-қатынастар орнатып һәм жақсы істер атқарылуда. Қазақтан шыққан Абай, Ыбырай сияқты ғалым, ойшылдарды құрметтеген Түркия, Франция, Ресей мемлекеттері оларға ескерткіш орнатып ұлықтауда.

Сөз соңында айтарым, «Өзіңді өзің сыйласаң, жат жанынан түңілер» демекші, өз ұлыларымызды ұлықтайтын игі істерден тартынып қалмайық.

Байбол ТҮСІПОВ,Қарағанды облысы

Нұра ауданы

9www.astana-akshamy.kzE-mail: [email protected]

Ашақ және Мәші деген ағайынды адамдар өмір сүріпті, бірақ олар атақ-

даңқ деген мәселеге келгенде, бір-бірімен тіл таппаған көрінеді. Олар мен-мендесіп, атақ пен даңққа құмар болғанымен, тағдыр олардың шын мәнісінде кім екендерін анықтап бер-ген. Жаугершілік заманда ел шетіне белсеніп дұшпан келгенде Мәші ерлік жасап көзге түседі, бірақ жау қолынан жекпе-жекте қаза табады, ал Ашақ болса жан сауғалап, қорқақтық жасап қырғыннан аман қалған кемпір-шалдың қарғысына қалады. Алайда, ел аузында ер Мәші емес, қоян жүрек Ашақ қалған. Бүгінде Ашақ – жер атауы, Ашақ деген сортақ көл бар. Ақын осы мәселе туралы былайша толғайды:

Қалай Ашақ атанды?Көне әңгіме, ескі үн бұл, -Қалай өлді сол Ашақ?Жұмысы жоқ ешкімнің(2-т., 307-308-б.)

Ақын аңыздан әділеттік іздеп, оны таппаған. Қазақ қарғыс айтқанда «атың өшкір» деуші еді. Мұнда, керісінше, Ашақтың аты өшпей, күніне сан рет айтылуда.

Жұмекен туған жерін жетік біледі, оның өз топырағы туралы философиясы биік, ол «Менің туған жерімнің тіке нін-де де ұят бар... Менің туған жерімнің қаң ба ғында салмақ бар» дейді. Қаң-ба ғы салмақты, тікені ұятты – бұл ән-шейін метафора емес, ақынның туған өлкесімен үндестігі, бірақ оның ел жа-дында сатқындық қалғанына таңы бар.

Аты шықты Ашақтың: Әне, «Ашақ тың моласы!»

Қоңыр төбе жусанды. Жалпақ шағыл түбінде.

Жатыр Ашақ моласы – қауым болған бүгінде

Арын қорғай алмаған,Сыйламаған әрі елінҚорқақтар мен сатқындар емес, рас,

бәрі оның,Қалай Ашақ атанды? (307-б.)Менің сөз басында парадокс дегенім

– осы. Ел есінде ерлер емес, сатқындар, ар сатқындары, зұлымдар неге қалады. Ашақ әңгіме басы ғана, әрі қарай тере-ңі рек кетсек, Александр Македон с-кий, Шыңғыс хан, Наполеондар да Ашақтар емес пе? Олар ар сат қын-дары емес пе? Атақ пен даңқ үшін мил лион дап жазықсыз жандарды, олар дың ар ман дарын, үмітін қиғандар Ашақтар емес пе? Қазіргі ұрпақ оларға неге ескерткіштер қоюда? Жұмекен мәселенің түп-тамырына үңілген.

Сатқындық деген не, ол – ел қар-ғысы. Жоғарыда аты аталған жауыз дар

Ұмытшақтау ауылым бар – ақкөңіл ғой шамасы.

Ымырт шақта көрінер қарауытып қарашы –

Топыраққа қорлық-ау сатқындардың моласы!

«Ез ұятын топырақ артар» десе – дәл ұғым:

Қызарады кеш сайын менің әппақ шағылым.

(308-б.)Шағыл емес, қызармайтын адамдар

емес пе? Шағыл деген – құм. Құм – тазалық, ол метафора, сондықтан мен:

Шағыл құмдар көшеді,Өшетіндер, өшеді.Мен сенемін,Әрбір шағыл түбіненЖұмекендер өседі.Жұлдызды ақын ЖұмекенЖұлдыздардың ішіндеТемір қазық атаныпЕлін бастап көшеліҒасырлардан ғасырғаАқын болып өтеді, - деп едім, ақын туған Қошалақтың

шағылын басып тұрып.Ақ шағылда Ашақ деген дақ бар екен.

Бірақ ақын айтқандай:Құдай өзің дәме бер,Бермесең де, емексіт(306-б.), -

демекші. Ашақтың да келешектен «дәмесі» бар. Жұмекеннің «арын басқан күнәдан Ашақ жатыр ары-лып» деуінде мұсылмандық негіз бар. Адам – пенде, Жаратушымыздың кешпес күнәсі жоқ, Ашақтың есімінің бүгінде жиі айтылуы, оның күнәсінің өтеуі, тазаруы, бұл да Тағдыр жазуы. Болған іс болғанымен, Ашақтың әппақ шағылдан дәмесі болған шығар, оның күнәсін құм шайып, арылтып, тазартып жатқан болуы керек, сірә, бәрін білуші бір Алла!

Ақын «Күрделілік» деген төрт шумақты өлеңін былай бастаған:

Абайласақ: ақымақтың бәрі епті,Өзге жұрттан қылмыстылар әдепті.Ал, мынаның сөзі – Құран,Үні – иман:Жылан да, әне, секілденді жымиған

(2-т., 124-б.)Ежелден айтылып келе жатқан

ой, замандарды зарзаманға айнал-дырып жүргендер туралы кесімді пікір. Өлеңнің алғашқы жолында «ақымақтың бәрі епті» дейді ақын, сонда ақымақ деген кім? Епті адам неге ақымақ атанған, ептілікке де ақыл қажет емес пе? Әрине, қажет, олай болса, ақымақ дегенді ақын қандай таразыға салып анықтаған. Дүниеде ақылсыз адам жоқ, есуастықтың жөні басқа. Сонда ақылы бар: адамдар ақылды және ақымақ болып бөлінгені ме? Ақылды мен ақымақты бір-бірінен қалай ажыратуға болады, мәселенің күрделігі сонда, оларды ажырату

мүмкін емес, көбінесе ақымақтар епті болғандықтан, жұрт оларды ақылды деп танып, төбелеріне шығарады.

Өзім жақсы білетін бір мысалды келтірейін, Никита Хрущев деген коммунистердің сол кездегі саяси басшысы ХХ ғасырдың алпысыншы жылдары:

– Коммунизм деген – телегей-теңіз молшылық, ол заманда әркімнің керегінше, әркімнің қабілетіне қарай деген принцип жүзеге асып, 1980-жыл-дары кеңес елінде коммунизм орнай-ды, - деп, жалпы жұртқа ұран салды.

Жүздеген, миллиондаған епті ақымақтар ел-елді аралап, коммунизм туралы түкке тұрғысыз өтірікті на-сихаттап, арамтер болғандарын өз көзіммен көрдім. Ақын Жұмекен осы кезде өмір сүрді, оның жасы менен ілгері, сондықтан ол епті ақымақтар ісіне әбден қанық.

Бұлар қоғамға өте қауіпті. Оларды хакім Абай «іші залым, сырты абыз»

- деген. Мұндай ептілер саясатқа орай өң-түстерін қолма-қол өзгертіп отырады, оларға бәрібір, тек жандары тыныш, қалта-қоныштары толы болса болғаны. Епті ақымақтарды Абай «пысықтар» деп те атаған. Жұмекен болса: «Абайласаң: ақымақтың бәрі епті» деген. Ұмытып барамын, ал ақылды деген кім, ол Жұмекен түсінігінде: арлы, ұятты, намысты, ізгілікті жан, яғни, шыншыл.

Ақын өлеңнің екінші жолын-да: «Қылмыстылар әдепті» деген түйін жасаған. Дөп айтылған сөз. Қылмысыңды жасыру үшін әдепті болмағанда, қалай болмақсың. Әдеп жасалған қылмысты жасырудың тәсілі болғанда, ол нағыз әдеп емес. «Сыпайы тоңбайды, қалтырайды» дегендей, қылмыскер қылмысын жасыру үшін әдептіліктің сан алуан түрін қолданып бағады. Жұрт оны әдепті жан деп қабылдап, әдептілік шымылдық болып шынның жүзін жабады. Ақын өмір

сүрген дәуірде коммунистік мораль деген коммунистердің ұғымы болған. Бұл Лениннің «Жастар одағының міндеттері...» деп аталатын комсо-мол-жастар съезінде сөйлеген сөзі, оны барлық комсомолдар мен ком-мунистер жетік білуге тиісті болатын. Мұнда Лениннің дәлелдеп берген коммунистік моралі мазмұны жағынан нағыз қылмыс. Ленин тап жауын жою-ды коммунистік моральға жатқызған. Қазақ еліндегі тап жауы – байлар, яғни оларды жою, құрту, ату – коммунистік мораль. Бұл қылмыс емей немене?

Өлеңнің үшінші жолындағы «Ал, мынаның сөзі – Құран, үні – иман» дегені жоғарыда айтылған жағдайларды түйіндеп тұр. Ақын мәселені қазақи түсінікке сыйғызған. Кеңес заманы болғанымен, халық үшін биік ұғымдар: Құран мен Иман. Мағыналы сөзді тыңдағанда адамдар:

– Мынау Құран сөзі сияқты екен деп иланып, разы болысып қалатын.

елдердің, халықтардың қарғы сына қалмап па еді. Соғысқа құмар лық ты да адам баласына жасалатын сатқындық деп санаймын. Сатқын дық тың зоры – соғыс. Соғыс болған жерде әділеттілік жоқ. Олар туралы ақын:

Ал, халықты ұмытты,Әппақ шелге тұнып құрТүн көрмеді көздері, уа, құмарлық,

құнықтыр!Атақ, даңқ кім үшін?Бос қуыс сөз далбаса, Есімді елеп ел өзі аузына алмаса!(306-б.)Атақ пен даңқтың көбісі адал емес,

оның дені адамзат тарихында дақ бо-лып қалмақ. Мәші жауға шауып мерт болды, Ашақ жан сауғалап жүріп, ел қарғысына қалды, алайда, Мәші аты ұмытылды, Ашақтың аты бүгінге жетіп отыр, ал оның сатқындық жасағынан ешкім елеп жатқаны жоқ.

Өлген жанын алыс ел ару жуып, ақ тілеп,

Сол қауымға тасиды топырағы қатты деп.

Неге қатты топырақ – құм ғой маңын қоршаған –

Ұғар еді өткенді ой көзімен көрсе адам:

Жиіркеніп Жер байғұс өкінішті бір мұңмен

Ашақ үшін тас болған шығар, бәлкім?Кім білген.Қарттар кескен ақ үкім – қарғы,

қарғыс – бәрі ұмыт.Арын басқан күнәдан Ашақ жатыр

арылып,Алапестен өлгендей жан жуымас

деп еді,Жазасы еді сол елдің жалғыз көмген

себебі.Дәстүрдің ең жаңасы, –Жұрт байлығы, ел асы.

Мақамдап, мақалдап, жүзін жылы-тып, сөздерді түйдектетіп айтқан адам-ды иманды жан екен деп ризашылық білдіріп жататын аңғал қазақ.

Сөзі – құран, үні – иман қандай керемет жан, әне, жылан екеш суық жылан да жымиғандай болды дейді ауыр кекесінмен ақын Жұмекен. Ақын өмір сүрген заманда сондайлар болған, ал қазір ше? Әрине, бар. Кеңес заманындағыдай көп емес шығар, бірақ жеткілікті. Ақын Шәкәрім он-дайларды «сырты бал, іші зәр» деген.

Ақын Жұмекен қоғам дертінің диагнозын дәл қойып, өлеңін былайша аяқтайды:

Шыншылдардан ұрылар әдепті, -Тау-қыраннан тарғыл мысық

тәбетті.Бүйірімнен бір ызғардың табы

өтті –Жүрек байғұс салып жатыр әлекті...(124-б.)Қандай дертті болмасын, бірден

жүректің сезетіні әуел бастан белгілі шындық!

Ғарифолла ЕСІМ, академик

10www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

Қазақстан Республикасының 2003 жыл-ғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, Қазақ-стан Рес пуб ли касының «Қазақстан Рес-пуб ли касындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі, «Мем-ле кеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 нау рыз дағы заңдарына сәйкес, Қазақстан Рес пуб ли касы Үкіметінің 2001 жылғы 15 тамыздағы № 1064 қаулысымен бекітілген Астана қаласының бас жоспарын іске асы-ру мақсатында Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару (сатып алу) туралы» Астана қаласы әкім-

ді гінің 2013 жылғы 13 қарашадағы № 197 -1946 қаулысына мынадай өзгерістер енгі зілсін:

жоғарыда көрсетілген қаулыға 1-тар-мақ тағы «2014 жылғы 20 ақпанда» деген сандар мен сөздер «2015 жылғы 10 ма-мырда» деген сандармен және сөздермен ауыстырылсын.

2. «Астана қаласының Ішкі саясат бас-қар масы» мемлекеттік мекемесі осы қаулы қабылданған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде оны бұқаралық ақпарат құрал-дарында жариялауды қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің бірінші орынбаса-ры С.М. Хорошунға жүктелсін.

Әкiм И. Тасмағамбетов

10.02.2014

-

-

-

-

R

8(7172)556-003,556-066, 556-058

Үйеме табақтың бір сәні айнала отырған қонақтар мен ағайын-туыс еді ғой. Қазақтың ас қадірін ұмыта бастағаны осыдан-ақ білінер. Ал, кейінгі кезде дастарқан мәзірінен қалған қазақтың неше шұрайлы дәмді асы қалай жасалатынын қайдан білеміз? Әжелеріміз бен апаларымыздың қара қазанын «цептер» алмастырған заманда ондай ойымыз да орынды.

Менің әжемнің қолы берекелі еді. Екі келініне де иелік бермей, жетпістен асқан шағына дейін самауырынның құлағын өзі ұстады. Ал қазанның билігі... Қыс болса әжемнің үлкен қазанында бұрқырап асқабақ пісіп тұратын. Жеке тұрғызылған ас үйдің бір бұрышында биіктігі бір метрдей қыш құмырада тұз салынған. Оның қасында шүберекке оралған қол диірменнің ағаш сабы шығып тұрады. Есікке жақын жерде кел сабымен келі қисайып жататыны әлі есімде. Күбі де сол маңда. Қазанға түсерін күткен асқабақтар ыстық пештің айналасында теңкиіп жататын. Мал жиі сойылады, тұздалып кептірілген ішектерді шетінен сындырып алып, жанып тұрған отқа қақтап жеуші едік. Ондай жеңсік астың аты қалай аталғанын білмеймін. Бірақ, майлы ішектің күйдірілген дәмі ерекше-тұғын. Төрде қауынқұрт салынған қаптың аузы бір буылмайды. Қыс бойы баланың да, шағаның да сүйікті дәмін алажаздай

тыным таппай алтын әжеміз дайындайтын. Алдымен қауынды тіліктеп, қабығынан ажыратып, шиден жасалған шартаққа жайып кептіреді. Шырын сіңіп, қызғылт-қоңыр болып кепкен кезде дәу қазанға са-лып қайнатады. Қауынқақ былқылдап піскен кезде үстіне сүзбе құйып араластыратын. Сүзбе жасарда сиырдың сүтін пісіріп, оны ұйытып қатық жасап, аздап су қосып күбіге салып піседі. Майы ажырап, айранға айналғанда қалтаға құйып қояды. Қалтада сүзілген соң «сүзбе» дейді. Әжем сол сүзбені қауынқақпен араластырады. Қауынқұрт дейтініміз сол. Дәмі тіл үйіреді. Қазіргі келіндер қауынқұрттың қадірін білмейтін болды.

Менің тағы бір тамаша апам бар. Жасы жетпістен асқан Тұрсынай апамның әңгімесін тыңдағанды жақсы көремін. Бірде «қарма» жасаудың бір тәсілін айтып тамсандырған еді. «Біздің әулетті «балықшылар» дейтін себебі бар, - деп бастады әңгімесін, – аталарымыз Бозкөл, Алакөлден ау тартып, балық аулайтын. Бұл кезде ол көлдердің суы тартылып, орны ғана қалған. Қоғадан себет жасап, ірісін сүзіп алып, майда шабағын суға қайтып жібереді. Тіске жұмсақ, жеңсік ас деп ауыл-үйдің қариялары балық асылған үйге жиналады. Балықты бір қайнатып, піскен кезде сүзіп алып, үлкендерге апарып береді. Олар былқылдап піскен балықты майда қылтанағынан айырады. Етінен ажыраған қылтанақты кемпірлері қазанға салып қуырып жібереді. Келісін сайлап тұрған келіндер қуырылған қылтанақты келімен түйіп, сосын оны диірменге тартып, балықтың сорпасымен бірге қайнатады. Жүгерінің ұнынан жасалған зағара күлшені сол сорпаға пісіріп алып, балықтың етімен араластырып табаққа салады. Мұны «қарма» дейді. Астың жұмсағын қарттар жесе, ауылдың келіндері сорпасын ішеміз деп келуші еді». Тұрсынай апам осы әңгімені айтқанда, алысқа көз салып тамсанып қояды. Сорпаның дәмін бе, әлде алыста қалған жас күндерін сағынып тамсанды ма, кім білсін.

Дүниеде тағамның түрі көп болса да, әжелеріміздің баптап пісірген дәміне ештеңе жетпейді. Сіздердің үлкендерден үйренген тағамдарыңыз бар шығар, онда газет оқырмандарымен де бөлісіңіз.

Айгүл УАЙСОВА

11www.astana-akshamy.kzE-mail: [email protected]

15100Ò

ÄÈÐÅÊÒÎÐ-ÁÀÑ ÐÅÄÀÊÒÎÐ

ÀÑ ÄÈÇÀÉÍÅÐ

Ò

Концерт переносится на

21 апреля

12www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected] www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

Фристайл сайысында бірінші іріктеуден іркілмей өткен Юлия Галышева қазақстандық жанкүйерлерге үміт отын сыйлағандай болып еді. Алайда, жерлесіміз жарыстың екінші іріктеу финалында жетінші орынға табан тіреді. Ал, жүлделер үшін тек үздік шыққан алты фристайлшы ғана сынға түсетін еді. Тау шаңғысы жарысына қатысқан үш спортшымыз да жүлдеге маңайламай қалды.

Осы ойындарда жүлде алады деген басты үмітіміз шаңғышы Алексей Полторанин алғашқы жарысына шықты. 30 шақырымдық скиат-лон бәйгесінде мәре сызығын 16-шы болып кесті. Басқа жігіттеріміз көш соңында қалып қойды. Әйелдер арасындағы биатлоннан спринт бәсекесінде Ванкувер олимпиадасының күміс жүлдегері атанған Елена Хрусталева бұл жолы 57-ші орынды қанағат тұтты. Өкінішке қарай, үкілеп қосқан тағы үш қызымыздың нәтижесі бұдан да төмен болды. Конькишілер жарысына қосылған жерлесіміз Дмитрий Бабенко 5000 метрге жүгіруде 15-ші орынға табан тіреді.

Олимпиаданың тартысқа толы өткен үш күнінде әзірге осындай көрсеткіштермен көңіл көншіттік. Алайда, жеңісті күндерден күдер үзбейміз. Басты үміттеріміз шаңғышы Алексей Полторанин 15 шақырымға классикалық жүгіру жарысында және 50 шақырымға еркін жарыста жүлдеге қол созатыны-на сенім артып отырмыз. Сонымен қатар, коньки жарысында 1500 метрге жүгіруде Денис Кузин мен мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен де жүлде алушылар қатарынан көрінеді деп үміттенеміз.

-

-

8 (7172) 556-087,248-190, 910-287, 556-340

ізойды. биатлоннан кувер олимпиадасының Елена Хрусталева бұл ағат тұтты. Өкінішкеғы үш қызымыздың болды. Конькишілер ерлесіміз Дмитрий үгіруде 15-ші орынға

тысқа толы өткен үшй көрсеткіштермен көңіл ті күндерден күдер үзбейміз. шы Алексей Полторанин 15жүгіру жарысында және 50 та жүлдеге қол созатыны-

з. Сонымен қатар, конькижүгіруде Денис Кузин мен енис Тен де жүлде алушыларүміттенеміз. Се

йдж

КОЦ

ЕНБУ

РГ

Уле-А

йнар

БЬО

РНДА

ЛЕН

Норвегия елінің мақтанышы Уле-Айнар Бьорндален Олим-пиада ойындарының 7 дүркін

чемпионы атанды. Сочиде 10 шақырымдық спринттік жары-

ста атақты биатлоншы алтын медаль тағынды. Бұған дейін Нагано-1998, Солт-Лейк-Сити-2002, Турин-2002, Ванкувер-2010 ойындарына қатысып 6 алтын, 4 күміс және 1 қола медаль жеңіп алған норвегиялық биатлоншы Сочиде тағы да төрт жарысқа қатысады.

Бетті дайындаған: Ғалым ҚОЖАБЕКОВ

Италия елінің мақтанышы Армин Цогеллер Олимпиада ойындарына алтыншы рет қатарынан қатысып, сол жарыстардың бәрінде жүлдегер атанған әлемдегі жалғыз спорт-шы болып отыр. Шана спортының сайыпқыраны 1994 жылы Лиллехамер-де қола,1998 жылы Ноганода күміс, 2002 жылы Солт-Лейк-Ситиде алтын, 2006 жылы Туринде алтын, 2010 жылы Ванкуверде қола медаль ұтып алса, Со-чиде де қола жүлдегер атанды.

Голландия конькишілері кере-мет жеңіске кенелді. Сочиде 5000 метрлік жарыста жеңіс тұғырының барлық сатысына голландық спорт-шылар көтерілді. Свен Крамер – ал-тын, Ян Блокхейсен – күміс, Йорит Бергсман – қола медаль иеленді.

Канадалық апалы-сіңлілі Жюстин Дюфур-Лапуант пен Хлой Дюфур-Лапуант фристайл жарысында алтын және күміс жүлдегер атанды.