tandau (kaz)

35
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ЖАСТАР САЯСАТЫ БОЙЫНША ЖОЛБАСШЫ Маусым 2014

Upload: -

Post on 31-Mar-2016

249 views

Category:

Documents


8 download

DESCRIPTION

magazine

TRANSCRIPT

Page 1: TANDAU (KAZ)

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ЖАСТАР САЯСАТЫ БОЙЫНША ЖОЛБАСШЫ

Маусым 2014

Page 2: TANDAU (KAZ)

////// БАСЫЛЫМ ТУРАЛЫ

«БІЗДІҢ ЖАҢА САЯСИ БАҒЫТЫМЫЗ ЖАСТАРҒА ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРДІ, ҮЗДІК БІЛІМДІ, ЛАЙЫҚТЫ ЕҢБЕК ПЕН ҰЛЫ БОЛАШАҚТЫ БЕРУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН. ДӘЛ ҚАЗІРГІ ЖАСТАР ЖАҢА БАҒЫТТЫҢ БАСТЫ ҚОЗҒАЛЫС КҮШІ БОЛУЫ КЕРЕК ЖӘНЕ ӨЗ ЕҢБЕГІНІҢ ЖЕМІСІН КӨРУ КЕРЕК».

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІНҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ

ӘОЖ 061(036)КБЖ 66.75(5Қаз-Пав) П 11

ӘОЖ 061(036)КБЖ 66.75(5Қаз-Пав)

П 11 Павлодар облысының жастар саясаты жөніндегі «Таңдау» жолбасшысы. — Павлодар: FOCUS MEDIA GROUP, 2014. – 70 с.: фот.

ISBN 978-601-7496-07-4

ISBN 978-601-7496-07-4

Баспагер:Тимур Жансұлтанов

Жобаның тәлімгері:Светлана Гладышева

Бас редактор:Ирина Бобкова

Дизайн:Тимур Жансұлтанов

Техникалық дизайн:Игорь Вербицкий

Редакция:Виктория Давлеткильдеева Александра БобковаТимур ЖансұлтановҚанат СақаубТалғат Көшенов

Мұқаба:Александр Борщев

Жетекшілерді фототүсіру:Андрей Захаров

Басып шығару алдындағы дайындық және басып шығару:FOCUS MEDIA [email protected]

Павлодар облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» КММ тапсырысы бойынша басып шығарылған (2014 жылғы 19 мамырдағы мемлекеттік сатып алулар туралы № 81 шарт).

Таралымы 1000 дана.Тегін таратылады.

Қазіргі жастар, әсіресе, мектеп жасындағы жастар көбінесе әлеуметтік желілермен шектелген ақпараттық вакуумда. Аталмыш басылым жас адамға арналған ақпараттық жолбасшы ретінде ойға алынған, оның мақсаты – қызығушылықтары мен әуестіктері бойынша оған ең жақын қоғамдық әлеуметтену арнасын есіне түсіру және оған бағыттау. Таңдау деген атау кездейсоқ қойылған жоқ, мұндағы мағына талғау мүмкіндігі жайлы. Жолбасшыда Павлодар облысының аумағында мемлекеттік жастар саясатын іске асыратын 20 ұйым туралы, олардың қызмет саласы мен негізгі жобалары туралы ақпарат жинастырылған. Біз жастар саясаты са-ласындағы негізгі тұлғалар – облыстық деңгейде осы бағытқа жетекшілік ететіндермен танысу мүмкіндігін ұсынамыз. Жағымды оқуды тілейміз!

Журналдың электрондық нұсқасы

Page 3: TANDAU (KAZ)

ЖАСТАР САЯСАТЫ М СЕЛЕЛЕРІ ЖОНІНДЕГІ БАСКАРМАСЫ //////

3«ТАНДАУ» ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ЖАСТАР САЯСАТЫ БОЙЫНША ЖОЛБАСШЫ | МАУСЫМ 2014

Қазіргі күні қазақстандық жастардың салыстырмалы салмағы ел халқының үштен бір бөлігіне жуық. Жастардың бәсекеге қабілет-тілігін қолдау және дамыту Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының өте өзекті және стратегиялық басымдығы бо-лып табылады. Президенттің жыл сайынғы Жолдауларында әлеуметтік-бағдарлы мемлекетті құруға және дамытуға негізгі назар бөлінеді. Әлеуметтік-бағдарлы мемлекетті қалыптастырудың және оны әрі қарай тұрақты дамытудың негізгі факторлары - қазіргі, халықаралық талаптар мен стандарттарға жауап беретін, отандық бәсекеге қабілетті жастарды дамыту болып табылады. Оның бар болуы – ұлт дамуының кепілі, дамыған қазақстандық қоғамның кепілі, яғни, біздің еліміздегі демократияның негізгі инсти-туттарының кепілі.

Жастар әрдайым әлеуметтік құрылымның ұдайы өндіріс үдерісінде өзіндік орын алатын қоғамның ерекше әлеуметтік-демогра-фиялық тобы болған. Қазіргі күні Павлодар облысында 14-29 жас аралығында 188 805 адам бар, бұл барлық облыс халқының 25 % құрайды. Оның ішінде жалпы білім беру мектептерінің оқушылары – 28 692 адам (15,2 %), орта арнаулы оқу орындарының оқушылары – 21 910 адам (11,6 %), жоғарғы оқу орындарының студенттері – 11 256 адам (6 %), жұмыс істейтін жастар – 109 173 адам (57,8 %), өздігінен қамтылған жастар – 6 997 адам (3,7 %), жұмыссыз жастар – 7 774 адам (4,1 %), жас әскери қызметшілер – 3 003 адам (1,6 %). Қалалық жерде тұратын жастар, 142 412 адамды (75,4 %), ауылдық жерде тұратын жастар – 46 393 адамды (24,6 %) құрайды.

Жақын арада, дәлірек айтқанда, 2012 жылдың қазан айында Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма пайда болды. Басқар-маның миссиясы – жастар мен жастар ұйымдарының бастамаларын қолдауға, жастардың шығармашылық, рухани және дене мүм-кіндіктерін дамытуға, салауатты өмір салтының берік дағдыларын қалыптастыруға, жастар арасында азаматтық-құқықтық және адамгершілік мәдениетті тәрбиелеуге бағытталған. Басқарма алдында тұрған міндет – үш ауқымды мақсатты шешу: жастардың мемлекетке сенімін арттыру, құқықтық және патриоттық мәдениетті қалыптастыру және жастар қылмыстылығын төмендету.

Бірінші мақсат – жастардың мемлекетке сенімін арттыру – тұрғын үй мәселесенің өткірлігін және жас отбасылар арасында неке бұзудың санын төмендету, сондай-ақ, жастардың басқа мәселелерін шешуге жәрдемдесу арқылы іске асыру жоспарлануда. Көр-сетілген мақсатқа жетудің көрсеткіші мемлекетке сенетін жастардың үлесін 15 % арттыру. Осы бағытта жұмыстың ықпалды ныса-ны тұрақты негізде мемлекеттік билік органдары мен жастардың бірлескен пікірталас алаңдарын өткізу болып табылады.

Екінші мақсат – құқықтық және патриоттық мәдениетті арттыру – рухани-адамгершілік мәдениетті қалыптастыру бойынша іс-ша-раларды ұйымдастыру, бәсекеге қабілеттілікті дамыту, СӨС дағдыларын қалыптастыру арқылы шешіледі. 2014 жылы жастар-ды (мектептік, студенттік және еңбекші) 30 000 – 35 000 адам аралығында жастар «шатырлы ұйымдардың» қызметімен қамту жоспарланған.

Үшінші мақсат – жастар қылмыстылығын төмендету – жұмысқа орналасқан жас адамдардың санын көбейту және конструктивтік бос уақытпен (спорт, зияткерлік, шығармашылық, ерікті бастамалар) жастардың бос уақытын ұйымдастыру арқылы іске асыру жоспарланған.

Облыс аумағында жастар ортасында көңіл-күйге жағымсыз әсер ететін үдерістер байқалуда. Шынында, құқық бұзушылықтар мен қылмыстар (2 252), әртүрлі діндердің дәстүрлі емес ағымдарына жастарды тарту (жылына 100 жас адам), сондай-ақ, жұмыссыздық деңгейі (4,1 %) – Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы үшін көңіл қоюды талап ететін дабыл.

Аталмыш мәселелерді шешу үшін бірқатар бағдарламалар іске асырылады (облыс әкімінің шәкіртақылары мен гранттары, «Жұ-мыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы, жастар істері жөніндегі комитеттердің қызметі, «Жас Ұлан» БҚБ және т.б.). Алғашқы жетістіктер туралы есеп беруге болады. Мысалы, 600-ден астам студенттер облыс әкімінің гранаттарын алушылар болып табылады; жұмыспен қамту бойынша мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде 320 адам тартылды, әлеуметтік жұмыс орындары-на 143 адам, жастар тәжірибесіне – 29 адам, қоғамдық жұмыстарға – 220 адам жіберілді; кәсіби қайта даярлаудан 168 жас адам өтті. Еңбек құрылыс және жастар отрядтарына тартылған жастардың саны 5 000-нан 7 000-ға көбейді. Осыдан басқа, мемлекеттік жастар саясаты саласындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс 5 есеге көбейді.

Жұмыс істеген аз уақыт ішінде, Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасында алдына қойылған барлық мақсаттар мен міндеттерді орындап қана қоймай, сонымен бірге, Қазақстанның басқа аймақтары үшін үлгі болатын мүмкіндіктері бар.

ЖАСТАР – ЕЛДІҢ БОЛАШАҒЫ

Page 4: TANDAU (KAZ)

4 «ТАНДАУ» ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ЖАСТАР САЯСАТЫ БОЙЫНША ЖОЛБАСШЫ | МАУСЫМ 2014

////// ЖАСТАР БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ ОРТАЛЫГЫ

Аймақта мемлекеттік жастар саясатын іске асыру үшін Павлодар облысы әкімдігінің қаулысымен 2012 жылдың ақпан айында Павлодар облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының «Жастар бастамаларын дамыту орта-лығы» (ЖБДО) коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылды.

ЖБДО қызметі жасөспірімдер мен жастарда патриоттық өзіндік сана сезімді қалыптастыру, олардың адамгершілік-рухани, зи-яткерлік, шығармашылық және дене әлеуетін дамыту мақсатында жүзеге асырылады. ЖБДО қызметінің негізгі мәні – Павлодар облысының жағымды беделіне әсер ететін ірі ауқымды, республикалық, облыстық жобалар мен жастар бастамаларын іске асыру болып табылады. Өзінің мақстаттары мен міндеттерін іске асыра отырып, мекеме жастардың барлық санаттарын қамтиды. ЖБДО қызметі шеңберін-де Жастарға қызмет көрсету орталығы (ЖҚКО) жұмыс істейді. ЖҚКО-да барлығына көмектеседі – тұрғын үймен, өз өсінің бастама-сымен, жұмысты іздеумен, біліммен, бос уақытын сапалы қызықты өткізумен. Бірін қалдырмай барлығына, заңгерлік, қажет болған жағдайда психологиялық көмек көрсетеді, экономикалық сұрақтар бойынша сауатты кеңес береді. ЖҚКО – бұл Павлодар қаласы үшін ғана емес, сонымен бірге, бүкіл ел үшін бірегей жоба. Бұл елдегі тұңғыш және жалғыз Жастарға қызмет көрсету орталығы.

ПАВЛОДАРДА КІМГЕ ӨМІР СҮРУГЕ ЖАҚСЫ

Өткен жылы, Павлодар қаласына жұмыс сапары шеңберінде ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев, негізгі мақсаты – жас адамдарға өзекті мәселелерді шешуде көмек көрсететін ЖҚКО орталығына барып қайтты. Президент елдің саяси бағыты жастарға жаңа мүмкіндік-терді, үздік білімді, лайықты еңбекті және ұлы болашақты беру үшін бағытталғандығын бірнеше рет атап өткен.

- Қазіргі жастар жаңа бағыттың қозғаушы күші болып, еңбегінің жемісін көру керек, деп, Мемлекет басшысының «Қазақстан – 2050» стратегиясында аталып өткен.

Осының барлығын 2013 жылдың сәуір айында өз есіктерін ашқан ЖҚКО сәтті орындауда. 2 қабат, 20-дан астам кабинет, дәрісхана мен конференц-зал орналасқан астыңғы қабат. Коворкинг-орталық та бар, онда әрбір келуші тыныштық жағдайында жұмыс істей алады, Интернетте қажетті ақпаратты жинай алады, өз жобаларын талқылап, іс-шара өткізе алады. Барлығы тегін.

Page 5: TANDAU (KAZ)

5«ТАНДАУ» ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ЖАСТАР САЯСАТЫ БОЙЫНША ЖОЛБАСШЫ | МАУСЫМ 2014

ЖАСТАР БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ ОРТАЛЫГЫ //////

Сондай-ақ, ЖҚКО келесі 8 орталықтың қызметін қамтамасыз етеді: • жастардың бос уақытын қамту және жұмысқа орналасуларына жәрдемдесу;• жастар кәсіпкерлігіне жәрдемдесу; • жастар ҮЕҰ мен жас адамдар үшін консалтингтік қызметтерді ұсыну;• тұрғын үй мәселелерін шешуде жәрдемдесу; • «шатырлы» ұйымдармен өзара әрекеттесу; • кәсіптік оқу мен біліктілікті арттыруға жәрдемдесу;• заңгерлік және психологиялық көмек көрсету;• e-gov.

Тағы ЖҚКО-да жастар ұйымдары орналасқан: EXPO – 2017-ге волонтерлік корпусты дайындау жөніндегі облыстық штаб, «Жасыл ел» СҚЕЖО-ң облыстық штабы, «Жас Отан» жастар қанаты, Қазақстан студенттерінің альянсы, Әлеуметтік-волонтер-лік орталық және көптеген басқалар.

ЖҚКО-ның жұмыс ерекшелігі – барлық қызметкерлер арасында қолдау табатын «тепе - тең» қағидасы болып есептеледі. Яғни, ең жас адамдар – ЖҚКО қызметкерлері – ЖҚКО-ға жүгінген жас адамдарға өз білімдерін береді, мақсаттарды қалып-тастырады және ұқсас қызығушылықтары немесе ұқсас тәуекелдерге тап болған жасы, әлеуметтік мәртебесі бойынша өз жасына тең адамдар арасында дағдыларды шығаруға көмектеседі. Мысалы, Сайран Кильдибекова (23 жаста) жастар кәсіп-керлігі жөніндегі бағытқа жетекшілік етеді. Барлық сұрақтарға түсінікті және жылдам жауап береді, жастар кәсіпкерлігін қолдау бойынша мемлекеттік бағдарламалар туралы бәрін біледі, көмек көрсету туралы сұрауларға жедел жауап қайтарады.

- Шынында, бағдарламалар өте көп – бұл «Бизнестің жол картасы – 2020», қандай болса да инновациялық стартапқа ақы-сыз негізде 3 миллионға дейін алуға болатын мемлекеттік гранттар. Мен білімім бойынша филологпын, бірақ студенттік жылдардан жас кәсіпкерлер қауымдастығында жұмыс істеймін, сондықтан, несиелендіру, фрадрейзинг, жобаларды іске қосу сұрақтарын жақсы білемін. Біз жас адамдарға барлық қажетті ұйымдастырушылық көмекті көрсетеміз, ол үшін тек шағын сауалнаманы толтыру және ауызша түрде өз жобасын мазмұндау қажет. Мысалы, жақында 1992 жылы туған жігіт келді, оған жағажайда велосипедтерді жалға беруді ашуға көмектестік, - дейді Сайран.

Үлкен қызмет тізімі бар жас мамандар 300-ден астам павлодарлықтарды жұмысқа орналастыруға, 50-ден астап стартаптарға өмір беруге, ЖҚКО-ның қабырғасында 30-дан астам іс-шара өткізуге үлгерді.

Бұл тек басы ғана, сондықтан, күннен күнге шешуді қажет ететін сұрақтар саны өсуде, жаңа жасампаз бастамалар көптеп іске асуда, жобалар маңыздырақ болуда. Біздің жұмысымыздағы ең ұнамдысы - бір күні біздің көмегімізді алған, басқаларға көмек көрсете бастайтығында.

Page 6: TANDAU (KAZ)

6 СYХБ

АТТА

Н

Page 7: TANDAU (KAZ)

ЖАСТАР САЯСАТЫНДАГЫ НЕГІЗГІ ТYЛГАЛАР //////

7«ТАНДАУ» ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ЖАСТАР САЯСАТЫ БОЙЫНША ЖОЛБАСШЫ | МАУСЫМ 2014

УНИВЕРСИТЕТТІК УАҚЫТТАН БАСТАП мен өз болашағымды он жылдықтарға алға жоспарлағанмын. 2030 жылға дейінгі жалпы елестерім де болған. Әрине, беделді шетел білімі де мен орындай алған мақсаттардың бірі болды. Қазір, 1998 жылдан бастап өткен жолыма қарап, мен өз елестерімді жүзеге асыра алдым деп ойлаймын.

МЕНІҢ ОЙЫМША, «БОЛАШАҚ» ТҮЛЕКТЕРІ ӘРҚАШАН қызметтің кез келген саласында талап етіледі.

ҚАЗАҚСТАНДА МЕНТАЛИТЕТ ҚАТТЫ ӨЗГЕРДІ. Ел интернационалдандыру мен жаһанданудың шақыруларына байсалды жауап қайтаратынын біз өзіміз де байқамай қалдық.

УАҚЫТТЫ ЖОҒАЛТПАҢЫЗДАР. Саяхат пен қарым-қатынас жасаңыз.

ШЕТЕЛГЕ БАРЫП ОҚЫҒАНҒА дейін сіздің салаңыздағы қазақстандық өзгешелікті барынша көп ұғуға тырысыңыз.

МЕНІҢ ДОСЫМ Азамат Абдымомынов Мемлекет басшысымен болған «Болашақ» бағдарламасы түлектерінің кездесуінде: «Нұрсұлтан Әбішұлы, бізде шетелдік сарапшылармен және мамандармен бір білім, профессура, үдерістерді түсіну. Бірақ, оларға қарағанда бізде қазақстандық негіз бар. Біз өз өзгешелігімізді жақсы білеміз. Сондықтан біз бәсекеге қабілеттіміз» деп айтқан.

«БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ БАСТЫ ЖЕТІСТІГІ – қазақстандық кадрлардың халықаралық бәсекеге қа-білеттілігінің өсуінде қозғаушы күші болуында.

ӨМІР БОЙЫ ОҚУ КЕРЕК. Қазақстанда және «Болашақ» бағдарламасы бойынша алған білімге қарамастан, мен жыл сайын елімізде, сонымен қатар, шетелде қосымша курстарды алуға тырысамын.

«БОЛАШАҚ» — бұл қазақстандық білімге өте жақсы қосымша.

КЕЗ КЕЛГЕН ҚЫЗМЕТ САЛАСЫН БАСТАП ОТЫРЫП, мен халықаралық тәжірибені зерттеймін.

ӨЗІМНІҢ ДЕ ЖӘНЕ БАРЛЫҚ БАСҚА қазақстандық балалар үшін де білім алу жолы келесідей болғанды қалаймын – мектептен немесе ТжКБ-ден кейін қазақстандық университеттен өту, одан кейін кішкене қазақстандық тәжіри-бе, тек осыдан кейін шетелдік білім.

ҚАЗІРГІ ҰРПАҚ ҮШІН МЕНІҢ ҰСЫНЫСТАРЫМ – өздеріңіздің болашағыңызды 2050 жылға дейін жоспарлаңыз. Білім сендердің маңызды құралдарың болу керек.

ӘЛІ ДЕ БІЛМЕСЕҢІЗ, ас пісіруді үйреніңіз.

Павлодар облысы әкімінің орынбасары

АРЫН ОРСАРИЕВ

Page 8: TANDAU (KAZ)

8 ФОТ

ОГРА

Ф А

НДРЕ

Й ЗА

ХАРО

В /

ЖАЗ

ЫП

АЛГА

Н ВИ

КТОР

ИЯ Д

АВЛЕ

ТКИЛ

ЬДЕЕ

ВА

Page 9: TANDAU (KAZ)

ЖАСТАР САЯСАТЫНДАГЫ НЕГІЗГІ ТYЛГАЛАР //////

9«ТАНДАУ» ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ЖАСТАР САЯСАТЫ БОЙЫНША ЖОЛБАСШЫ | МАУСЫМ 2014

ДҰРЫС ӨМІР ЖОЛЫ – бұл, сен өзінің рухани өміріңмен үйлесімде болғаның.

БҮГІН МЕМЛЕКЕТ ЖАСТАРДЫҢ ҚАМЫН ОЙЛАЙДЫ. Мен 23 жаста болғанда, мысалы, «Қолжетімді тұрғын үй», «Жастар тәжірибесі» сияқты бағдарламалар болған жоқ.

АДАЛ АДАМДАРҒА БАРЛЫҚ ЕСІКТЕР АШЫҚ, ал егер есіктер ашылмаса, әрдайым терезе бар.

ЖАСТАРҒА САЛУ КЕРЕК, себебі, бұл негізгі стратегиялық, инновациялық ресурс.

ЖАСТАР САЯСАТЫ маған оңай беріледі. Мен 17 жастан бастап жастар қозғалысындамын, тек қаланың ғана емес, сонымен қатар, елдің ауқымындағы қоғамдық-саяси өмірге белсенді қатысамын.

МЕКТЕПТЕ ТАРИХ ПӘНІНІҢ мұғалі болу өте жауапты. Менде 7-9 сыныптар болды. Әр түрлі дәуірлердің тарихын әр түрлі ғалымдардың әр түрлі көзқарастарында, әр түрлі баяндауларында түсіндіре білу керек.

МЕНІҢ ЖҰМЫСЫМ маған рақат әкеледі және қызығушылық тудырады.

ЖАСТАР САЯСАТЫНАН БАЛАЛАРДЫҢ құқықтарын қорғауға дейінгі және кері қарайғы жол - қиын. Бірақ, бар жаның мен жүрегіңді бергенде, барлығы жеңіл жүреді. Шынында, 6-7 жылдан кейін «күйіп кету» келіп, тастарды жинау уақыты келеді. Егер барлығы болып шықса, әрі қарай жүру керек.

ЖАСЫҢ ЖАСТАРМЕН бір толқында жүруге мүмкіндік береді. Жұмысқа орналасу, білім алу, қолжетімді тұрғын үй бойынша олардың мәселелерін мен жақсы түсінемін.

ӨМІР СҮРГЕН АЗ УАҚЫТ ішінде біздің жастар саясаты өте келешекті және көп бағытты дамуда.

АДАМДАРДА МЕНІ ТАҢҚАЛДЫРАТЫН ҚАСИЕТТЕР – бұл адамдарға деген ашықтық пен махаббат.

ОПТИМИЗМ, ПОЗИТИВ ЖӘНЕ ЖАҚСЫЛЫҚҚА сену – менің дүниетанымымның үш негізі.

БҮГІН ЖАСТАРҒА ҚАТЫНАСУ мен назар қажет. Әрбір жас адам ол жалғыз емес екенін білу үшін.

МЕНІҢ ЖАСТАРҒА КЕҢЕСІМ – өзіне сену және тек қана алға жүру.

МЕН ҮШ ТІЛДІ ЕРКІН МЕҢГЕРГЕНМІН, бірақ бұл жеткілікті емес. Кем дегенде бесеуін білгім келеді. Білімдер әр-дайым және әр жерде көмектеседі – жұмыста, қарым-қатынаста, демалыста.

МЕНІҢ АРМАНЫМНЫҢ ЖҰМЫСЫ – бұл өзімнің жеке ісім, бизнес. Қандай салада? Бұл арманымның жұмысы ғой...

МЕНІҢ ӨМІРЛІК ҰСТАНЫМЫМ ОҢАЙ – егер өмір саған лимон берсе, одан лимонад жаса.

Павлодар облысы жастар саясаты жөніндегі басқармасы басшысының міндетін атқарушы

НАТАЛЬЯ НЕФЕДОВА

Page 10: TANDAU (KAZ)

10 ФОТ

ОГРА

Ф А

НДРЕ

Й ЗА

ХАРО

В /

ЖАЗ

ЫП

АЛГА

Н ВИ

КТОР

ИЯ Д

АВЛЕ

ТКИЛ

ЬДЕЕ

ВА

Page 11: TANDAU (KAZ)

ЖАСТАР САЯСАТЫНДАГЫ НЕГІЗГІ ТYЛГАЛАР //////

11«ТАНДАУ» ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ЖАСТАР САЯСАТЫ БОЙЫНША ЖОЛБАСШЫ | МАУСЫМ 2014

ЖЕТІСТІК САПАСЫН АНЫҚТАЙТЫНДАР – бұл ықылас пен ерік.

БАСТЫСЫ, БҰЛ НӘТИЖЕ. Ол бар болғанда жасалған жұмыстың нәтижесін көресің, бастаған істің бүкіл маңыз-дылығын түсінесің, - ал бұл қымбат.

ГРАНТ АЛУ ПАЙДАЛЫ. Мен грант алып, өзімнің оқу-әдістемелік құралымды басып шығардым және барлық 45 павлодарлық мектептердің психологтары бір данадан алды. Тақырыбы - жеке басының мазасыздануы мен ақыл-парасат деңгейінің өзара байланысы туралы.

ҚАЖЫРЛЫ ЕҢБЕК ешбір сәттілік әкелмейтін нәтижеге жеткізеді.

ҮЗДІК БОЛУ ОҢАЙ ЕМЕС, өмірде үздік болу қажет емес. Оқуда – қажет.

МЕН ҮШІН ЖҰМЫС АҚШАДАН МАҢЫЗДЫРАҚ. Жұмыста мен нәтижені, мақсаттарды, іске асыруды көремін, бұл маған қанағаттануды әкеледі.

МЕН ҚАЗІР ОСЫНДАМЫН, себебі, Павлодар облысы жастар саясатының алдыңғы қатарлы бағдарын қайтару мақсатын қойдым. Бір кездері ол ҚР-дың флагманы болған, ал енді... өкінішке орай алдыңғы қатарлардың ішінде емес.

2002 ЖЫЛЫ мектептің әлеуметтік ұстазы қызметінде алған менің бірінші еңбекақым 6000 теңгені құраған.

МАҚСАТТАРҒА ҮЛКЕН ЫҚЫЛАС бар болғанда ғана жетуге болады.

СТУДЕНТТІК ЖЫЛДАРЫ менің ғылыми жетекшім Любовь Федоровна Мальгина: «Гладышева, қыш құмыраларды құдайлар күйдірмейді», деп айтқан. Осы сөз орамының өтіп кеткені соншалықты, сол кездерден бастап, қиын сәттерде мені ол үнемі қолдайды.

БІЗДІҢ ОРТАЛЫҚ – бұл үлкен жайлы үй. Қызметтер өмірдің барлық жақтарын қамтиды, балаларда бәсекеге қабілеттілік шынайы артады. Мен біздің орталыққа қатты сенемін.

АУҚЫМДЫ ЖӘНЕ ПАЙДАЛЫ жобалардың ішінен «Қазақстан – 2050» «Біздің күшіміз бақытты отбасыларда» қозғалыс жобасын айта аламын. Егер біздің аулаларда балалармен және олардың ата-аналарымен ойындар өткізілетін болса, егер аулалар таза және жайластырылған болса, ал балалар ата-аналармен көбірек тілдесетін болса, көршілер тату болса, онда шын мәнінде пайдалы және тұрақты жоба болады.

ЖҰМЫС – бұл менің барлығым. Менің туған адамдарымды, менің отбасымды қоспағанда. Бәлкім, 80 пайыз.

МЕНІҢ МІНСІЗ КҮНІМ – жұмысқа тоғызға бес минут қалғанда кіріп, жеті жарымда шығуым, сонымен бірге, кештен бастап жоспарланған істерімнің барлығын орындау.

МЕНІҢ КОМАНДАМ БАР, мен оларға ризамын. Олар ерендер!

Жастар бастамаларын дамыту орталығының директоры

СВЕТЛАНА ГЛАДЫШЕВА

Page 12: TANDAU (KAZ)

////// YКІМЕТТІК ЕМЕС ЖАСТАР YЙЫМДАРЫН ШОЛУ

12 «ТАНДАУ» ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ЖАСТАР САЯСАТЫ БОЙЫНША ЖОЛБАСШЫ | МАУСЫМ 2014

Қызмет саласы: Павлодар қаласында және Павлодар облысында КВН қозғалысын ұйымдастыру және дамыту; Чемпионаттар мен қалалық, облыстық және республикалық маңыздағы КВН кубоктарын өткізу; 4 КВН лигаларын ұйымдастыру және олардың жұмысы («Start» мектептер мен колледждер лигасы, «Премьер» жоғарғы ашық ли-гасы, облыстық «Премьер» лигасы, Халықаралық КВН одағының ресми лигасы – аймақтық «Ертіс» КВН лигасы); Халықаралық КВН одағының ойындарына Павлодарлық КВН командаларының қатысу (АМиК). Павлодарлық КВН лигасы аймақ аралық «КВН-Сибирь» лигасының (Новосібір қаласы), Қазақстанның «КВН суперлигасының» (Алма-ты қаласы) және аймақ аралық «Астана» КВН лигасының (Астана қаласы) аймақтық өкілі болып табылады.

2013-2014 жылдардағы негізгі жобалар: қалалық КВН қозғалысын дамыту және оның жұмысы - «Start» мектептер мен колледждер лигасы, «Премьер» жоғарғы ашық лигасы, аймақтық «Ертіс» КВН лигасы; Павлодар облысының барлық аудандарының КВН командаларының қатысуымен облыстық «Премьер» КВН лигасы; Павлодарлық КВН командаларының аймақ аралық «КВН Сибирь» лигасының (Новосібір қаласы), аймақ аралық «Астана» КВН лига-сының (Астана қаласы) чемпионатына қатысу; Павлодарлық КВН командаларының Сочи қаласындағы халықара-лық «КИВИН» КВН фестиваліне қатысу.

«ЖАСТАР ЖОБАЛАРЫНЫҢ ПАВЛОДАР ЛИГАСЫ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІ

2001 ЖЫЛЫ ҚҰРЫЛҒАНЛИГАНЫҢ ҮЙЛЕСТІРУШІСІ: МАРИЯ АБРАМОВИЧ, 35 ЖАСТА

Байланыс мәліметтері: 8 (7182) 34 27 82 | [email protected] | www.kvnpavlodar.kz

Page 13: TANDAU (KAZ)

YКІМЕТТІК ЕМЕС ЖАСТАР YЙЫМДАРЫН ШОЛУ //////

13«ТАНДАУ» ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ЖАСТАР САЯСАТЫ БОЙЫНША ЖОЛБАСШЫ | МАУСЫМ 2014

Қызмет саласы: география және ілеспе ғылымдар саласында білімдерді тарату (туризм, археология, биология, экология); Қазақстанда және шетелде географиялық, этнографиялық және туристік жобаларды іске асыру; биоло-гиялық түрлер (өсімдіктер мен жануарлар) мен экожүйелерді (суайдындар, ормандар және т.с.с.) сақтау бойынша жобалық қызмет; ғылыми-ағартушылық іс-шараларды ұйымдастыру (көрмелер, ғалымдар және саяхатшылармен кездесулер, әдебиеттерді басып шығару); халыққа экологиялық тәрбие беру; қоршаған ортаны қорғау; жастар мен жасөспірімдерді патриоттық тәрбиелеу.

2013-2014 жылдардағы негізгі жобалар: облыстық «Бёрдинг – кадрға құсты ұстау!!!» құс аулау конкурсы; Шідерті өзенінің аумағына палеонтолиялық экспедиция; Жеңіс күніне орай «Картадағы ерлік» кездесуі; Кәрімжан Жәке-новтың «50 қанатты жерлес!!!» дербес фотокөрмесі және т.б.

«ПАВЛОДАРСКИЙ ДОМ ГЕОГРАФИИ» КОҒАМДЫҚ БIРЛЕСТIГI

2013 ЖЫЛЫ ҚҰРЫЛҒАНДИРЕКТОРЫ: АЛЕКСАНДР ВЕРВЕКИН, 29 ЖАСТА

Байланыс мәліметтері: Павлодар қ., Ломов көш., 38 (ЖҚКО), каб. 0.038 705 614 22 54 | [email protected]

Page 14: TANDAU (KAZ)

////// YКІМЕТТІК ЕМЕС ЖАСТАР YЙЫМДАРЫН ШОЛУ

14 «ТАНДАУ» ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ЖАСТАР САЯСАТЫ БОЙЫНША ЖОЛБАСШЫ | МАУСЫМ 2014

Қызмет саласы: волонтерлік қозғалысқа тарту арқылы жауапты және лайықты азаматтарды тәрбиелеу; оқу орын-дарында волонтерлік отрядтарды дамыту; Қазақстанның, басқа елдердің волонтерлік ұйымдарымен және халықа-ралық ұйымдармен байланыстарды нығайту және дамыту; қоғамның өзекті мәселелерін шешуге жастарды тарту (әлеуметтік, экологиялық, психологиялық, тәуелділік мәселелері және т.б.); адамгершілік-рухани, интеллектуалдық және дене әлеуетін қалыптастыру.

2013-2014 жылдардағы негізгі жобалар: халықтың қорғалмаған топтарына қолдан келерлік көмек көрсету үшін оқушылар мен студенттердің қатысуымен жыл сайынғы «Жақсылық аптасы»; облыстық волонтерлер мектебі; Кен-жекөл ауылындағы отбасылық үлгідегі балалар ауылының тәрбиеленушілері үшін үйірмелік жұмысты ұйымда-стыру бойынша «Талантпен бөліс» жобасы; облыстық әумесерлік мінез-құлықты балаларға арналған арнайы мектептің, Бөбектер үйінің, балалар баспанасының, «Альрами» рухани дертке шалдыққандар клубының тәрбие-ленушілерімен және «Самал» мүмкіндіктері шектеулі оңалту орталығының балаларымен тренингтер, мерекелер және кездесулер.

«ӘЛЕУМЕТТІК - ВОЛОНТЕРЛІК ОРТАЛЫҚ» ЖАСТАР ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІ

1999 ЖЫЛЫ ҚҰРЫЛҒАНЖАСТАРМЕН ЖҰМЫСТЫ ҮЙЛЕСТІРУШІ: АЙДАНА МОЛДАХАНОВА, 21 ЖАСТА

Байланыс мәліметтері: Павлодар қ., Ломов көш., 38 (ЖҚКО), каб. 0.02 | [email protected]

Page 15: TANDAU (KAZ)

YКІМЕТТІК ЕМЕС ЖАСТАР YЙЫМДАРЫН ШОЛУ //////

15«ТАНДАУ» ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ЖАСТАР САЯСАТЫ БОЙЫНША ЖОЛБАСШЫ | МАУСЫМ 2014

Қызмет саласы: қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу; спорт, мәдениет, білім, ғылым, жас кәсіпкерлер саласында дарынды жастарды қолдау; халықаралық және шекара аралық ынтымақтастықты дамыту; «Павлодар альянсы» француз тілі мен мәдениеті клубының жұмысы; кәсіптік бейімделу жұмысы; әскерге шақырылатын жастарды дай-ындау; СӨС-ті насихаттау; облыстың қалаларында, аудандық орталықтарында жастар саясатын дамыту жөніндегі жұмыс.

2013-2014 жылдардағы негізгі жобалар: халықаралық жастар форумдарына қатысу (кәсіпкерлік және шекара аралық ынтымақтастық бойынша Шанхай ынтымақтастық ұйымының форумы, «Алтай. Өсу нүктесі» басқарушылық форумы, «Селингер» форумы); «Павлодар альянсы» француз тілі мен мәдениеті клубының қызметін дамыту; Пав-лодар облысының жастары арасында кәсіптік бейімделу жұмысы; бұқаралық спорт түрлері бойынша жарыстар (волейбол, қысқы және жазғы балық аулау); әскерге шақырылушыларды шығарып салу; аймақтың аумағында ха-лықаралық кездесулер; Павлодар облысы бойынша ТЖ департаментінің штабындағы жұмыс; «Әлем жастардың көздерімен» арт-марафоны; «Өзара жәрдем» акциясын өткізу.

«ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН ЖАСТЫРЫНЫҢ КОНГРЕСІ» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫ

2013 ЖЫЛЫ ҚҰРЫЛҒАНЖЕТЕКШІСІ: ДМИТРИЙ КОРЕПАНОВ, 26 ЖАСТА

Байланыс мәліметтері: Павлодар қ., Ломов көш., 38 (ЖҚКО), каб. 0.028 777 762 97 93 | 8 705 162 00 44 | [email protected]

Page 16: TANDAU (KAZ)

////// YКІМЕТТІК ЕМЕС ЖАСТАР YЙЫМДАРЫН ШОЛУ

16 «ТАНДАУ» ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ЖАСТАР САЯСАТЫ БОЙЫНША ЖОЛБАСШЫ | МАУСЫМ 2014

Қызмет саласы: жастардың шығармашылық және әлеуметтік бастамаларын қамтамасыз ету және қолдау; бос уақытты ұйымдастыру арқылы жастардың мәдени өсуі үшін жағдай жасау; жас таланттарды қолдау; жастардың әлеуметтік мәселелерін шешу; жастар ортасында азаматтылық және қазақстандық патриотизмнің деңгейін артты-ру; социологиялық зерттеулерді жүргізу және т.б.

2013-2014 жылдардағы негізгі жобалар: «Ашық өнер» мүмкіндіктері шектеулі жас адамдарға арналған шығар-машылық жобалар конкурсы; Павлодар мен Павлодар облысының қылмыс жиі жасалатын аудандарының балала-ры мен жасөспірімдеріне арналған «Street Camp» іс-шаралар топтамасы; «Жанұя бақыты», «Жастар қаласы» және «Менің көзіммен» әлеуметтік жарнама байқаулары; «Жан кешірімі» әумесерлік мінез-құлықтағы жас адамдарға арналған өнер фестивалі; Павлодар қаласының Жастар күні және т.б.

«TANDAU» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫ

2003 ЖЫЛЫ ҚҰРЫЛҒАНДИРЕКТОРЫ: ИРИНА БОБКОВА, 29 ЖАСТА

Байланыс мәліметтері: Павлодар қ., Ломов көш., 38 (ЖҚКО), каб. 0.038 (7182) 78 11 98 | 8 701 223 46 30 | [email protected] | www.oft.kz

Page 17: TANDAU (KAZ)

YКІМЕТТІК ЕМЕС ЖАСТАР YЙЫМДАРЫН ШОЛУ //////

17«ТАНДАУ» ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ЖАСТАР САЯСАТЫ БОЙЫНША ЖОЛБАСШЫ | МАУСЫМ 2014

Қызмет саласы: балалармен және жастармен мектептен тыс білім қызметі. Барлық бағдарламалар жыл бойы жиындар, табиғатқа шығулар, жорықтар, лагерлер, жарыстар (табиғатта өмір сүру бағдарламасы), сондай-ақ, әр түрлі акциялар мен іс-шаралар, оның ішінде жеке басының өсуі бойынша семинарлар, курстар, тренингтер, әле-уметтік-маңызды және экологиялық акциялар (әлеуметтік қызмет ету бағдарламалары) және т.б. түрінде іске асырылады. ҚСҚҰ Бүкіләлемдік Скауттық Ұйымның мүшесі болып табылады, тәжірибе алмасу және балалар мен жастардың маңызды мәселелерін шешу бойынша халықаралық іс-шараларға (лагерлер, конференциялар, слеттар) үнемі қатысады.

2013-2014 жылдардағы негізгі жобалар: «Әлемнің елшілері» бағдарламасы шеңберінде «Скаутингтің жаңа тыны-сы» жобасы; «Нұр шашу» және «Барлығына арналған жаз» жастар лагерлері; «Темекі тартуды таста, денсаулықты жеңіп ал!», «Бір минут үнсіздік» және «Мен өмірді таңдаймын!» акциялары; би флеш-мобы; «StreetАрт» акциясы (ағаштарда тоқу); «Жарқырау» жастар шығармашылық фестивалі.

«ҚАЗАҚСТАН СКАУТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫС ҰЙЫМЫ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІ

1992 ЖЫЛЫ ҚҰРЫЛҒАНФИЛИАЛ БАСТЫҒЫ: ЕКАТЕРИНА КОВТУН, 26 ЖАСТА

Байланыс мәліметтері: Павлодар қ., Ломов көш., 38 (ЖҚКО), каб. 0.048 701 52 39 199 | [email protected] | www.scouts.kz

Page 18: TANDAU (KAZ)

////// YКІМЕТТІК ЕМЕС ЖАСТАР YЙЫМДАРЫН ШОЛУ

18 «ТАНДАУ» ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ЖАСТАР САЯСАТЫ БОЙЫНША ЖОЛБАСШЫ | МАУСЫМ 2014

Қызмет саласы: кәсіпкерлік (шағын және орта бизнес) саласында, сондай-ақ, жұмысқа орналастыру және еңбек қарым-қатынасы кезінде жастарға жәрдемдесу, оларды дамыту және қолдау.

2013-2014 жылдардағы негізгі жобалар: Павлодар қаласының жас кәсіпкерлер форумы; Павлодар қаласының еңбек ұжымдарында жастар саясатын дамытуда жәрдемдесу бойынша іс-шаралар топтамасы; кәсіпкерлікті дамы-туда жәрдемдесу бойынша іс-шаралар топтамасы.

«СОЮЗ МОЛОДЫХ ПРЕДПРИНИМАТЕЛЕЙ И РУКОВОДИТЕЛЕЙ ПАВЛОДАРСКОЙ ОБЛАСТИ» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫ

2010 ЖЫЛЫ ҚҰРЫЛҒАНДИРЕКТОРЫ: ЕВГЕНИЙ ГОЛОВАНОВ, 22 ЖАСТА

Байланыс мәліметтері: 8 747 350 27 37 | 8 705 341 04 94 | [email protected]

Page 19: TANDAU (KAZ)

YКІМЕТТІК ЕМЕС ЖАСТАР YЙЫМДАРЫН ШОЛУ //////

19«ТАНДАУ» ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ЖАСТАР САЯСАТЫ БОЙЫНША ЖОЛБАСШЫ | МАУСЫМ 2014

Қызмет саласы: облыс жастарын біріктіру; төзімділік, бейбітшілік, бірлік идеяларын насихаттау; қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу; мемлекеттік тілді игеруді насихаттау.

2013-2014 жылдардағы негізгі жобалар: «Патриот» пікірталас клубы; журналист-студенттер клубы; мемлекеттік тілдегі патриоттық әндер конкурсы; шекаралық ынтымақтастықтың «Бірлік-Единство.kz» 3 және 4 Халықаралық жастар этномәдени форумдары; Отбасы күніне орай «Отбасым – алтын бесігім» квест-ойыны; Интеллект-шоу және т.б.

ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ ҮЙЛЕСТІРУ КЕҢЕСІ

2001 ЖЫЛЫ ҚҰРЫЛҒАНТӨРАҒАСЫ: ЭЛИНА ПАУЛИ, 24 ЖАСТА

Байланыс мәліметтері: Павлодар қ., 1 Май көш., 35/1 (Достық үйі)8 (7182) 32 17 37 | [email protected]

Page 20: TANDAU (KAZ)

////// YКІМЕТТІК ЕМЕС ЖАСТАР YЙЫМДАРЫН ШОЛУ

20 «ТАНДАУ» ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ЖАСТАР САЯСАТЫ БОЙЫНША ЖОЛБАСШЫ | МАУСЫМ 2014

Қызмет саласы: студенттерді, оқушыларды, ауыл және жұмыссыз жастарды маусымдық жұмыстарға орналастыру; жастарды патриоттық тәрбиелеу; жастардың азаматтық белсенділік деңгейін арттыру.

2013-2014 жылдардағы негізгі жобалар: «Жасыл патруль» жас балықтарды құтқару жөніндегі отряд; «Ертіс жұл-дыздары» үгіт-насихат отряды; қырғауылдарды аудандастыру; студенттік құрылыс және экологиялық отрядтар.

СТУДЕНТТІК ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ «ЖАСЫЛ ЕЛ» ЖАСТАР ЖАСТАҚТАРЫНЫҢ ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ШТАБЫ

2007 ЖЫЛЫ ҚҰРЫЛҒАНЖЕТЕКШІСІ: РАХАТ КАППАСОВ, 25 ЖАСТА

Байланыс мәліметтері: Павлодар қ., Ломов көш., 38 (ЖҚКО), каб. 1.078 (7182) 61 80 50 | 8 778 942 48 11

Page 21: TANDAU (KAZ)

YКІМЕТТІК ЕМЕС ЖАСТАР YЙЫМДАРЫН ШОЛУ //////

21«ТАНДАУ» ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ЖАСТАР САЯСАТЫ БОЙЫНША ЖОЛБАСШЫ | МАУСЫМ 2014

Қызмет саласы: жастар арасында Мемлекет басшысы мен «Нұр Отан» партиясы саясатының жақтаушылар санын көбейту.

2013-2014 жылдардағы негізгі жобалар: «Жастар - Отанға!», «Жастар кадрлық резерві», «Ардагерлерді ардақтай-ық», «STOPҚылмыс», «Еркін пікір», «Сәтті қадам», «Волонтерлер мектебі».

«НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ «ЖАС ОТАН» ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ

2008 ЖЫЛЫ ҚҰРЫЛҒАНАТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ: ДАНИЯР АЙТЫШЕВ, 23 ЖАС

Байланыс мәліметтері: Павлодар қ., Кривенко көш., 25А, каб. 38 (7182) 32 89 79 | [email protected] | [email protected] | www.zhasotan.kz

Page 22: TANDAU (KAZ)

////// YКІМЕТТІК ЕМЕС ЖАСТАР YЙЫМДАРЫН ШОЛУ

22 «ТАНДАУ» ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ЖАСТАР САЯСАТЫ БОЙЫНША ЖОЛБАСШЫ | МАУСЫМ 2014

Қызмет саласы: салауатты өмір салтын қалыптастыруға және халық денсаулығын нығайтуға бағытталған ағар-тушылық қызмет арқылы Қазақстан Республикасындағы азаматтық қоғамды дамытуға және нығайтуға көмектесу; мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруда жастардың әлеуметтік белсенділігін дамыту.

2013-2014 жылдардағы негізгі жобалар: жастар арасында нашақорлықтың алдын алу және темекі тартуды шек-теу бойынша іс-шаралар; СӨС қалыптастыру және жастардың репродуктивті денсаулығын сақтау бойынша іс-ша-ралар; жастар арасында құқық бұзушылықты алдын алу бойынша іс-шаралар; «Ел тағдыры – Менің тағдырым» форумы.

«ЗДОРОВАЯ НАЦИЯ» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫ

2013 ЖЫЛЫ ҚҰРЫЛҒАНДИРЕКТОР: АЙСА ҚАБДУЛЛИН, 23 ЖАСТА

Байланыс мәліметтері: 8 (7182) 78 36 79 | 8 777 334 44 43 | [email protected]

Page 23: TANDAU (KAZ)

YКІМЕТТІК ЕМЕС ЖАСТАР YЙЫМДАРЫН ШОЛУ //////

23«ТАНДАУ» ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ЖАСТАР САЯСАТЫ БОЙЫНША ЖОЛБАСШЫ | МАУСЫМ 2014

Қызмет саласы: Павлодар облысының аумағында мемлекеттік тілдегі КВН-ді дамыту.

2013-2014 жылдардағы негізгі жобалар: қалалық КВН қозғалысын дамыту және оның жұмысы – «Ертіс» ай-мақтық КВН лигасы; республикалық «Жасыбай толқыны» мемлекеттік тілдегі КВН фестивалі; әр түрлі іс-шаралар мен әлеуметтік жобалар, оның ішінде теледидарлық жастар хабарлары; Павлодар облысының жастар активінің форумы және т.б.

«ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖОБАЛАР ОРТАЛЫҒЫ» АЙМАҚТЫҚ ЖАСТАР ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІ

2007 ЖЫЛЫ ҚҰРЫЛҒАНТӨРАҒАСЫ: ТӨЛЕГЕН АЙТБАЕВ, 25 ЖАСТА

Байланыс мәліметтері: Павлодар қ., Ломов көш., 38 (ЖҚКО), каб. 0.018 777 933 49 49 | [email protected]

Page 24: TANDAU (KAZ)

////// YКІМЕТТІК ЕМЕС ЖАСТАР YЙЫМДАРЫН ШОЛУ

24 «ТАНДАУ» ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ЖАСТАР САЯСАТЫ БОЙЫНША ЖОЛБАСШЫ | МАУСЫМ 2014

Қызмет саласы: мәдени-бұқаралық және спорттық-сауықтыру шаралар; мемлекеттік мерекелерге арналған па-триоттық акциялар; жастар форумдары; салауатты өмір салтын қалыптастыру.

2013-2014 жылдардағы негізгі жобалар: жастар бастамалары мен «Жайдарман» қазақ лигасының КВН қозғалы-сын дамыту («LM» командасы); пікірталас турнирлері; жастарды экологиялық тәрбиелеу («Жасыл ел» сарбаздары-ның лебяжі командасының қызметі).

«ЕЛ ҮМІТІ» БАЛАЛАР-ЖАСТАР ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІ

2004 ЖЫЛЫ ҚҰРЫЛҒАНЖЕТЕКШІСІ: АЙДАНА БАЛҒАБАЕВА, 21 ЖАСТА

Байланыс мәліметтері: Лебяжі ауданы, Аққу ауылы, Иванов көш., 92 8 (71839) 21366 | 8 777 066 26 89 | [email protected]

Page 25: TANDAU (KAZ)

YКІМЕТТІК ЕМЕС ЖАСТАР YЙЫМДАРЫН ШОЛУ //////

25«ТАНДАУ» ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ЖАСТАР САЯСАТЫ БОЙЫНША ЖОЛБАСШЫ | МАУСЫМ 2014

Қызмет саласы: ауылдық жерде тұратын жас адамдарды дамыту және қолдау; ауыл жастары мен ауылдық ау-мақтардың өткір мәселелерін шешу.

2013-2014 жылдардағы негізгі жобалар: «Дипломмен ауылға» бағдарламасын қолдау бойынша іс-шаралар; ар-дагерлерге көмек; жастарды шешендік өнерге үйрету; ауылдық жастарда шығармашылық қабілеттерді дамыту; салауатты өмір салтын насихаттау; ауыл жастарын елдің жастар қоғамдастығына сәтті біріктіруге бағытталған іс-шаралар.

«ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ АУЫЛ ЖАСТАРЫ ОДАҒЫ» КОРПОРАТИВТІК ҚОРЫ

2009 ЖЫЛЫ ҚҰРЫЛҒАНТӨРАҒАСЫ: ЖАНАТ САРБАСОВ, 27 ЖАСТА

Байланыс мәліметтері: Павлодар ауданы, Красноармейка ауылы, 60 лет Октября көш., 158 (71845) 53565| 8 705 986 52 47| [email protected]

Page 26: TANDAU (KAZ)

////// YКІМЕТТІК ЕМЕС ЖАСТАР YЙЫМДАРЫН ШОЛУ

26 «ТАНДАУ» ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ЖАСТАР САЯСАТЫ БОЙЫНША ЖОЛБАСШЫ | МАУСЫМ 2014

Қызмет саласы: жастардың құқықтары мен мүделлерін қорғау; патриоттық тәрбие; жастардың зияткерлік әлеуетін дамыту; сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті насихаттау; жастар арасында салауатты өмір салтын қалып-тастыру; волонтерлік қозғалысты дамыту; ішкі және сыртқы өзара іс-қимылды ұйымдастыру; мемлекеттік жастар саясатын іске асыру.

2013-2014 жылдардағы негізгі жобалар: студенттік қозғалысты дамыту бойынша іс-шаралар; «Көктем. Студенттік. Махаббат.» жастар әдеби балы; жұмысшы жастар арасында «Мамандығы бойынша үздік» конкурсы; «Жастар – 2013» жастар форумы; «Студенттік көктем» фестивалі.

«ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН СТУДЕНТЕРІНІҢ АЛЬЯНСЫ» ЖАСТАР ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІ

2009 ЖЫЛЫ ҚҰРЫЛҒАНТӨРАҒАСЫ: НҰРГҮЛ АЙҒОЖИНА, 24 ЖАСТА

Байланыс мәліметтері: Павлодар қ., Ломов көш., 38 (ЖҚКО), каб. 0.03 | 8 778 930 49 07

Page 27: TANDAU (KAZ)

YКІМЕТТІК ЕМЕС ЖАСТАР YЙЫМДАРЫН ШОЛУ //////

27«ТАНДАУ» ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ЖАСТАР САЯСАТЫ БОЙЫНША ЖОЛБАСШЫ | МАУСЫМ 2014

Қызмет саласы: мәселені арттыру және сезіну арқылы Павлодар қаласы мен Павлодар облысының 14-29 жастағы жастары арасында АИВ-ң, ЖИТС-ң және нашақорлытың алдын алу, сондай-ақ, ілеспе мәселелерді шешу.

2013-2014 жылдардағы негізгі жобалар: «Өрлеу» жобасы, оның шеңберінде тәуекел тобына кіретін жастар ара-сында АИВ-індетін және есірткі пайдаланудың алдын алу мақсатында «Youth Рower» жастар орталығы құрылды; балаламалы секциялардағы сабақтар, психолог пен гинекологтың кеңестері, оқу орындарында (мектептер, кол-ледждер, лицейлер) және жастар көп жиналатын орындарда (саябақтар, алаңдар, халық коп жүретін көшелер) ақпараттық науқандар; Халықаралық нашақорлықпен, АИВ-пен, ЖИТС-пен күрес, ЖИТС-тан қаза болған адамдар-ды еске алу күндерінде ақпараттық акциялар.

«CHALLENGE» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫ

2013 ЖЫЛЫ ҚҰРЫЛҒАНДИРЕКТОРЫ: ЕЛЕНА БОНДАРЕВА, 54 ЖАСТА

Байланыс мәліметтері: Павлодар қ., Ломов көш., 38 (ЖҚКО), каб. 0.038 (7182) 32-59-45 | 8 777 284 12 58 | [email protected]

Page 28: TANDAU (KAZ)

////// YКІМЕТТІК ЕМЕС ЖАСТАР YЙЫМДАРЫН ШОЛУ

28 «ТАНДАУ» ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ЖАСТАР САЯСАТЫ БОЙЫНША ЖОЛБАСШЫ | МАУСЫМ 2014

Қызмет саласы: жергілікті деңгейде мемлекеттік жастар саясаты саласында талқылау процессіне және шешім-дерді қабылдауға жасөспірімдер мен жастардың қатысуының әрекеттілік жүйесін арттыру; қоғамдық қызмет үшін оқушылар қатарынан көшбасшыларды теориялық және практикалық дайындау.

2013-2014 жылдардағы негізгі жобалар: жастар арасында «Leadership» көшбасшылық мектебі; азамат-тық-құқықтық жаппай оқу мектебі; пікірталас турнирлері.

«ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ЖАСТАР МӘСЛИХАТЫ» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫ

2010 ЖЫЛЫ ҚҰРЫЛҒАНДИРЕКТОРЫ: БАТЫРБЕК НУКИН, 18 ЖАСТА

Байланыс мәліметтері: 8 777 115 15 55 | [email protected]

Page 29: TANDAU (KAZ)

YКІМЕТТІК ЕМЕС ЖАСТАР YЙЫМДАРЫН ШОЛУ //////

29«ТАНДАУ» ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ЖАСТАР САЯСАТЫ БОЙЫНША ЖОЛБАСШЫ | МАУСЫМ 2014

Қызмет саласы: жастарды жұмысқа орналастыру, мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу; ауыл жастарымен көшпелі кездесулерді өткізу.

2013-2014 жылдардағы негізгі жобалар: V облыстық ауыл жастары форумы; республикалық қоғамдық бірлестік-тердің филиалдық желісін дамыту.

«КЕНЖЕКӨЛ ЖАСТАРЫ» ЖАСТАР ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІ

2007 ЖЫЛЫ ҚҰРЫЛҒАНЖЕТЕКШІСІ: ЖҰЛДЫЗ МАЛДЫБАЕВА, 25 ЖАСТА

Байланыс мәліметтері: Павлодар қ., Кенжекөл ауылы, Пригородная көш., [email protected] | www.kenzhekol-npo.kz

Page 30: TANDAU (KAZ)

////// YКІМЕТТІК ЕМЕС ЖАСТАР YЙЫМДАРЫН ШОЛУ

30 «ТАНДАУ» ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ЖАСТАР САЯСАТЫ БОЙЫНША ЖОЛБАСШЫ | МАУСЫМ 2014

Қызмет саласы: әйелдер мен ерлердің конституциялық теңдігін іске асыру бойынша қоғам мен мемлекетке көмек-тесу; қоғамды демократияландыруда әйелдердің рөлін жандандыру бойынша мемлекеттік саясатқа жәрдемдесу; саяси салада, іскерлік мансапта әйелдерді ілгері бастыру; әйелдер мен балалардың өмір сапасын, денсаулығын жақсарту; зорлық-зомбылықты, трафикті болдырмау; отбасылық қарым-қатынастарды үйлестіру.

2013-2014 жылдардағы негізгі жобалар: заңгердің кеңесі арқылы әйелдер мен балаларға құқықтық көмекті ұсы-ну; сенім телефонының қызметі; зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдер үшін баспанасы бар дағдарыс орталығы; «Балалардың өмірлері сіздердің қолдарыңызда» қиын өмірлік жағдайдағы жастардың мұқтаждықтары мен қажет-тіліктерінің мониторингі; гендерлік білім; семинарлар, тренингтер, БАҚ-та сөз сөйлеулер және т.б. арқылы ақпарат-тық-білім бағдарламалары; Павлодар облысында ҚР Парламентінің Мәжілісіне сайлаулардың мониторингі; «Бәрі махаббатан басталады...» жобасы шеңберінде ауытқып жатқан мінез-құлықты (оның ішінде аутодеструктивті) ба-лаларға, жастарға әлеуметтік-психолгиялық қызметтерді ұсыну.

«ӘЙЕЛДЕР - ҰЛТ БОЛАШАҒЫ ҮШІН» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІ

2001 ЖЫЛЫ ҚҰРЫЛҒАНТӨРАҒАСЫ: ЖАННА БОРОЗДИНА, 51 ЖАСТА

Байланыс мәліметтері: Павлодар қ., Суворов көш., 10-238 (7182) 54-65-39 | 8 777 973 01 90 | 8 701 752 99 45 | [email protected]

Page 31: TANDAU (KAZ)

YКІМЕТТІК ЕМЕС ЖАСТАР YЙЫМДАРЫН ШОЛУ //////

31«ТАНДАУ» ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ЖАСТАР САЯСАТЫ БОЙЫНША ЖОЛБАСШЫ | МАУСЫМ 2014

Қызмет саласы: үкіметтік емес сектордың жұмысын көпшілікке тарату арқылы елдегі шешімдерді қабылдау про-цессіне белсенді, интеллектуалды, шығармашыл жастардың әсер ету деңгейін арттыру; жастардың белсенді аза-маттық ұстанымын қалыптастыру; жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру; адамгершілік және рухани құн-дылықтарды нығайту; жастар арасында патриотизм сезімін дамыту.

2013-2014 жылдардағы негізгі жобалар: «Ақыл Дариясы» және «Бақытты балалық шақ» жобалары; «Қабырғалар – қаланың жүзі» акциясы; облыстық және республикалық пікірталас турнирлері; «Не? Қайда? Қашан?» және «Өз ойыны» зияткерлік ойындары; халықаралық конференцияларға, семинарларға, үйретуші бағдарламаларға қатысу; арадагерлер арасында жыл сайынғы шахмат турнирлері; Балаларды қорғау күніне арналған «Ең бақытты күні» акциясы; «EXPO Youth Team Pavlodar» бағдарламасы.

«САМҰРЫҚ» ЖАСТАР ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІ

2010 ЖЫЛЫ ҚҰРЫЛҒАНТӨРАҒАСЫ: ЕРНАР СЕЙТАХМЕТ, 20 ЖАСТА

Байланыс мәліметтері: Павлодар қаласы, Ломов көш., 38 (ЖҚКО), каб. 0.018 705 834 66 81 | [email protected]

Page 32: TANDAU (KAZ)

////// М СЕЛЕСІ

32 «ТАНДАУ» ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ЖАСТАР САЯСАТЫ БОЙЫНША ЖОЛБАСШЫ | МАУСЫМ 2014

Жыл сайын Павлодар облысын мыңға жуық жас адам тастап кетеді, сонымен қатар, бұл сан жыл сайын өсуде. Біз «бұрынғы» павлодарлықтардан неге туған қаладан кеткендерін және аймақтардан ірі қалаларға жастардың ке-туімен қалай күресу керек екенін сұрадық.

ОЛЖАС САЛМҰРЗА | ҚАЗАҚСТАННЫҢ ИНТЕРНЕТ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНДАҒЫ ЖОБАЛАР ЖЕТЕК-ШІСІ | АСТАНАДА 2.5 ЖЫЛ + АЛМАТЫДА 1.5 ЖЫЛ

Қайда білім алу керек сұрағы алдымда пайда болғанда мен астананы Павлодарда нашар білім беретіні үшін емес, Астанада өзін-өзі іске асыруға мүмкіндіктер көбірек болғаны үшін таңда-дым.

Өмір қарқыны да басқа, Павлодардағыдай ырғақты емес.Жастардың кетуін төмендетуге тек үлкен шаралар кешені көмектеседі, оларды жас мамандар-дың тұрғын үйге және жұмыс орындарға қол жеткізуге қатысты жүзеге асыру қажет. Сондай-ақ, жастар кәсіпкерлігін қолдау, мәдени демалыс үшін орындарды көбейту туралы да ұмытпау ке-рек. Егер жастар кететін болса, онда аймақтың даму қарқыны қазіргі жетістіктерден қалуда.

ӘЛІШЕР ЖАҚСЫЛЫҚОВ | «НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕРІ» ДББҰ-ҒЫ ЗАҢ ДЕПАРТА-МЕНТІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ | АСТАНАДА 7 ЖЫЛ

Мен астанаға оқуға келіп, осында тұруға қалдым. Мен сияқтылар аз болу үшін біріншіден, ЖОО лайықтырақ болу керек. Екіншіден, қазіргі уақытқа қарағанда инфрақұрылым сапалы және кеңірек болу керек. Үшіншіден, мәдени және спорттық іс-шараларды көбірек өткізу. Әрине, аймақтарда ірі қалаларда жоқ нәрселер де кездеседі, бірақ, жалпы деңгей жоғары және мүмкіндіктер көбірек болуы керек.

ВЕРА КИМ | ҰЛТТЫҚ ВОЛОНТЕРЛІК ЖЕЛІНІҢ ТӨРАҒАСЫ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ЖАСТАР САЯСАТЫ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТІҢ МҮШЕСІ | АСТАНАДА 5 ЖЫЛ

2009 жылы мен Астанаға республикалық ұйымның аймақтардағы жұмысын реттеуге көмек-тесу үшін 1 жылға келдім. Астананы бағындыру және мен өте жақсы көретін жұмысты тастау ойымда мүлдем болмаған. Сол кезде мен Павлодар қаласындағы әлеуметтік-волонтерлік ор-талықты басқардым, менде аймақта волонтерлік қызметті дамыту бойынша алысқа апаратын жоспарларым болған. Бірақ, бір жылдан кейін Астана мені тартып әкетті, мен волонтерлік қы-зметті дамыту бойынша жұмысты жалғастырдым, бірақ енді республикалық деңгейде. Нәти-жесі – Ұлттық волонтерлік желіні құру болды. Астанада жұмысым істегенім мен тұруымның 5 жылы ішінде Павлодарда болып, іске асыра алатынымнан көбірек жасай алдым.

Қандай жағдай жасау керек? Жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалар туралы көбірек ақпараттандыру: қолжетімді тұрғын үй, бизнестің жол картасы, әлеуметтік жұмыс орындар, жастар тәжірибесі және т.б. Көбі бұл туралы білмейді ғой. Тағы, менің ойымша облыстағы эко-логия мәселелерін шешу керек. Ертерек болғаны жақсы.

НЕГЕ ЖЫЛ САЙЫН ПАВЛОДАРДАН 1000 ЖАС АДАМ КЕТЕДІ?

Page 33: TANDAU (KAZ)

М СЕЛЕСІ //////

33«ТАНДАУ» ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ЖАСТАР САЯСАТЫ БОЙЫНША ЖОЛБАСШЫ | МАУСЫМ 2014

ЕВГЕНИЙ РИБАЛКО | «КАЗБРЕНД» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ | АСТАНАДА 9 ЖЫЛ

Мен өзім, мұны тілемей кеттім, маған үйді, туған достарды, Ертісті тастап кету қиын болды. Бірақ маған іс бойынша бір жылға баруға ұсынды. Алғашқы уақытта Астанада қиын болды, жай-лылықпен түней алмадым, тамақты тоқ жей алмадым, бірақ, бірнеше айдан кейін мен Астана қандай кең мүмкіндіктерді беретінін түсіндім, соны пайдалана бастадым. Маған ұнады. Бір жыл-дан кейін оралғым келмеді. Астана мен Павлодардағы қарқынның айырмашылығы Павлодарда болғанда екінші күнінде ішім пыса бастады, Астанадан кейін мұнда бәрі баяу және ырғақты болып көрінді. Солай мен Астанада қалуды шештім.

Жастар энергия, өз әлеуетін іске асыруға көп мүмкіндік бар жерге ұмтылады. Сондықтан Пав-лодардың Астанамен бәсекелестігі тең емес. Маған Павлодарда жастарды ұстап қалу үшін бір-деңені ұсыну қиын. Мүмкін Павлодарға жоспарларды көрсету саласында көбірек жұмыс жүргізу керек шығар. Жастарға Павлодарда болу келешегін көрсетіңіз. 30 жылдан кейін емес, бір апта, 1 жылдан кейінгі болашақты.

ОЛЖАС БАЙМАҒАМБЕТОВ | БОЛАШАҚ «ЦМП» АҚ-ДАҒЫ 1 САНАТТЫ МЕНЕДЖЕР | АСТАНАДА 2 ЖЫЛ

Астанадағы еңбек өтемақысы сөзсіз, жоғары қайта бұл мамандық пен маманның өзіне байланы-сты. Маған Павлодарда ұнаған жоқ деп айта алмаймын, барлық жерде өзінің артықшылар мен кемшіліктері бар. Мен үйге жиі барамын, үнемі сүйсінерлік сезімдермен. Менің ойымша Астана-да жүзеге асырылатын әсер ететін қарқындар мен кең өзгерістер жастарды өте қызықтырады. Осы жерде «өз бабымдамын».

«Болашақ» халықаралық бағдарламалар орталығының қызметі шеңберінде аймақтардан ма-мандардың кетуін төмендету бойынша кейбір шаралар қабылданды, оларға сәйкес «Болашақ» бағдарламасының шакіртақы алушысы оқуды аяқтағаннан кейін шәкіртақы берілгенге дейін еңбек еткен аймақта және ұйымда жұмыс істеу керек.

Менің ойымша, ірі қалаларға жастардың кетуін төмендету үшін жағдай жасап, аймақтарда ин-фрақұрылымдарды дамыту қажет. Жастардың қызығушылықтары саласына жұмыспен қамту, табыстар, сақталған ақшалар, шығындар, білім мен денсаулыққа қол жетімділікті енгізетін бір-сыпыра экономикалық факторлар кіреді. Жастар лайықты өмір деңгейінің қажеттіліктері мен мақсаттарына жауап беретін жүйені құруда қызығушылық танытуда.

РАВИЛЬ КАССИЛЬГОВ | «ЗАҢГЕР» ЗАҢ ФИРМАСЫНЫҢ АҒА ЗАҢГЕРІ | АЛМАТЫДА 9 ЖЫЛ

Алматыға оқуға кету шешімін мен Павлодар қаласындағы Қазақ гуманитарлық заң универси-теті филиалының заң факультетінің 2 курс студенті болғанда қабылдадым. Менің азаматтық құқықпен әуестігімді біліп, бір дана адам (тәжірибелі заңгер) білімді, мен оқыған оқулықтар-дың авторлары болып табылатын адамдардан тікелей алу керектігін ойға салды, сәйкесінше, бастап жатқан заңгер үшін басымдылық болып табылатын ең өзекті сұрақтарды оларға қою мүмкіндігіне ие болу. Осы ақылды пайдаланып, мен үшін 3 курс Алматы қаласындағы ҚазМЗУ қабырғасында басталды.

Алматы мен Астана қалаларымен салыстырғанда баяу қарқынмен дамып жатқан облыстық ор-талықтардан жастарды кетуі сөзсіз. Менің ойымша, аймақтарда кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік белсенділік қызметі жағдайды өзгертуі мүмкін.

Page 34: TANDAU (KAZ)

////// ИНФОГРАФИКА

Page 35: TANDAU (KAZ)