97 (3154) 2014-08-30

20
86' (85 585 ĭ³£« Ĥ£¤©L ª£¬¢© HPDLO LQIR#DVWDQDDNVKDP\N] :::$67$1$$.6+$0<.= Ě ÒÆμ 30 ÓÁÍÜÈ ÇÜÌ ÑæòðôâìéëáìüĬ ĬïĨáíåüĬòáĀòé äáèæó çüìĨü Ĭáèáîîáî âáòóáð ùüĨáåü ǹǧʹǮȂdz ʽǧǮǧʽ ǬDzʵ 4-5 12 20 ʦʢʛʨʨʻ ʕʧʨʕʣʕʡʱʨʕʦ ʜʣʛ ʛʡʤʦʚʕ ʤʣʕʨʕʦʱ ɹʼʞʛʜʧʛʼ ʩʖʣʲʞ o ʖʞʖʨʩʖʤ ɸʜʨʦʪʗʢʟʡʖʨʲ ɲʥʤʨʩʟʩʪʭʟʶʨʲ ʡʤʼʣʜʤ ʯʲʤ ʝʧʜʡʩʜʤ ʩʩʲʩʖʠʣʲʤ ɧʩʖ ʞʖ o ʡʦ ʢʩʩʲ ʬʖʢʲʣʲʞʛʲ ʛʥʨʩʲʖ ʯʖʲʧʲʦ ʨʖʤ ʖʢʪʖʤ ʛʼʤ ʡʼʢʛʜʧʼʤ ʩʖʩʪʢʲʖ ʤʛʜʙʜʤ ʜʢʼʣʼʞʛʼ ʗʙʼʤʙʼ ʗʜʛʜʢʛʼ ʗʼʧʢʼʙʼ ʣʜʤ ʗʜʧʜʡʜʢʼ ʩʼʧʢʼʙʼʤʼ ʤʜʙʼʞʼʤ ʖʢʖʖʤ ʗʖʨʩʲ ʝʖʩ ɹʥʤʛʲʩʖʤ ʣʜʣʢʜʡʜʩʼʣʼʞʛʼ ʴʡʥʤʥʣʟʡʖʢʲ ʨʖʶʨʟ ʝʤʜ ʢʜʪʣʜʩʩʼʡ ʛʖʣʪʲʤʖ ʩʲ ʨʜʧʦʼʤ ʗʜʧʼʦ ʗʖʠʩʖ ʜʢʼʣʼʞʛʼ ʗʖʨ ʖʢʖʨʲ o ʜʢʥʧʛʖʣʲʞʛʲ ʜʨʜʨʼʤ ʩʼʡʩʜʪʙʜ ʩʲʧ ʝʖʨʖʣʦʖʞʛʲʲʤʖ ʪʖʩ ʧʢʜʪʼʤʜ ʞʜʡ ʗʥʢʖʤ ɲʥʤʨʩʟʩʪʭʟʶ ʡʤʼ o ʣʧʩʜʗʜʨʼ ʖʯʖʤʛʖ ʡʼʢʙʜ ʝʲʢʲʢʲ ʝʧʜʡʡʜ ʪʖʤʲʯ ʨʲʠʢʖʠ ʩʲʤ ʬʖʢʲʩʲ ʣʜʧʜʡʜ ɬʜʤʛʜʧʼʼʞʙʜ ʨʖʪʢʲ ʥʩʗʖʨʲʢʖʧʲʲʞʖ ʖʣʖʤʛʲ ʩʼʢʜʠʣʼʤ ɯʢʕʣʕʡʞ ɹɧɸɳɧɧɳɨɬɹɵɩ ɧʧʨʕʣʕ ʕʡʕʧʱʣʱ ʠʻʢʻ АЛТЫН ДIНГЕК, асыл БЕРГЕК – АТА ЗАН ĚÒÇÊ·Ç ĚÒ¾ÒęÒÄ ·ÀÉ ĚÒ¾ÒÂĚĞÃÄÒě ĚÒÇ·Ä Ě·¾·ĚÉÒě Ě·Ä·ÉÒ

Upload: -

Post on 02-Apr-2016

258 views

Category:

Documents


7 download

DESCRIPTION

АСТАНА АҚШАМЫ №97 (3154) 30 тамыз 2014

TRANSCRIPT

Page 1: 97 (3154) 2014-08-30

30

4-5 12 20

АЛТЫН ДIНГЕК, асыл БЕРГЕК – АТА ЗАН

Page 2: 97 (3154) 2014-08-30

2www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

Бейбітшілік және Келісім сарайында Конститу-ция күніне арналған мерекелік концерт өтті.

Сәкен Сейфуллин мұражайында «Оқу – білім бұлағы, білім – өнер шырағы» атты ашық сабақтар өтеді.Басталуы: сағат 10.00

Астана қаласында халық саны биыл 1 шілдеде

835153 адамды құрады.

Елорда әкімі ал дымен ел ді ядролық қарусыз әлемге үндеп, бейбітшілік бастамаларын ұсына келген Ясуёси Комидзо мырзаға алғысын білдірді.

– Қазақстан өз тәуелсіздігінің алғашқы күнінен бастап бейбіт өмірді қолдап, Кеңес одағы ыды-рағаннан кейін қуаты жағынан әлемде төртінші ядролық арсенал-дан бас тартқанын өзіңіз жақсы білесіз. Елімізде 450-ден астам ядролық жарылыс болды. Мұндай сынақтардың адам айтқысыз ауыртпалығын Жапония елі де тартты. Бұл – екі елді біріктіретін ортақ мәселелердің бірі, – деді Иманғали Нұрғалиұлы.

Қала әкімі «Мэрлер бейбітшілік үшін» дүниежүзілік ұйымына Аста-на 2012 жылдың тамыз айында 110-шы астана ретінде тіркелгенін атап өтті. Ұйымның құрамына Астанадан бөлек, Қазақстанның Алматы, Қарағанды, Павлодар, Курчатов, Семей сынды көптеген қалалары да кірген.

Өз кезегінде жапондық мейман ядролық қауіпті жою мәселесі өзекті екендігін, 1945 жылғы та-мызда Хиросима мен Нагасаки қалаларын жермен-жексен еткен атом бомбаларының зардабын

Қазіргі заман өнер мұражайында «Шыны және басқа заттардан жасалған Қытай бұйымдары» сату-көрмесі өтеді.Басталуы: сағат 10.00

жапон халқы әлі де тартып келе жатқанын сөз етті.

– Атом бомбаларының адам-зат үшін қаншалықты қауіпті екенін жер шарының әр тұрғыны түсінуі керек. Жаппай қырып-жою қаруларын қолданудан күллі әлем бас тартуы тиіс. Сондықтан біздің бейбітшілікке үндеген бағ-дарламамызды басқа қалалардың мэрлері де қолдаса деймін, - деді Ясуёси Комидзо.

«Мэрлер бейбітшілік үшін» ұйымы 1982 жылы құрылған. Осы жылы Хиросима мэрі Такеши Араки әлемдік қалаларға ядролық қарудан түбегейлі бас тарту туралы бағдарламасын жария еткен еді.

Елорда әкімі бейбітшілікке үндеген құжатты Астана да қол-дайтынын айтып, екіжақты ынты-мақтастық одан әрі дами беретініне сенім білдірді.

Қымбат ТОҚТАМҰРАТ

Атап айтқанда, мереке күні «Хан-шатырда» «Ханталапай» ұлттық ойыны ойнатылып, сыйлықтар та быс талады. 31 тамызда «Көк түр кілер» ұлттық оркестрі қонақ-тар дың делебесін қоздырып, құлақ құрышын қандырмақ.

30 тамыз күні «MEGA Astana» СОО-да бағалы сыйлықтар тігілген викториналар мен бірнеше ойын-дар ұйымдастырылып, концерт қойылады. Балаларға аквагрим жасату және естелікке фотосуретке түсу тегін болады.

«Сарыарқа» орта лығында 7-8 жастағы 7 конкурсанттың қатысуымен шоу өтеді. Шараға қатысушылар өздерін танысты-рып, төл туындыларын көрсетіп, өнерлерін ортаға салады. Сонымен

қатар, келушілерге орталықта та-уарларды жеңілдікпен сатып алуға мүмкіндік туады.

Мереке аясында «Керуен» СОО «Мектепке жол» акциясы аясында аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға көмек көрсетілмек. Бұл күндері орталыққа келушілерге жаңа топтамалар ұсынылатын болады.

«Азия Парк» СОО-да әнші Адам және басқа да өнер жұл-дыздары мен би ұжымдарының концерттік бағдарламасы өтеді. 31 тамыз күні «Azia Park Live

Muzic» саз кеші өтсе, 1 қыркүйекте концерттік бағ дарлама қойылып, бағалы сый лықтар ойнатылады. Сонымен қа тар, келушілер кәнігі аспаздық ше берлік сыныбына қатысып, ойын залында сауық құ-руларына болады.

«Арсенал» кинотеатрында 30, 31 тамыз, 1 қыркүйек күндері «Менің Қазақстаным» атты балалардың сурет байқауы өтіп, кинотеатр да мерекелік фильмдер көрсетіледі.

«Аружан» – Астана қаласының әншілері мен бишілерінің кон-церттік бағдарламасын ұсынады.

Сіздерді Ата заңымыз – Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Мерейлі мереке – ұлттар мен ұлыстардың ұдайы бірлікте болып, берекелі де бейбіт өмір сүруін қамтамасыз етеді. Тәуелсіздіктің таңы атып, Конституциямыз өз күшіне енген уақыттан бастап еліміз адам құқығы мен бостандықтары мейлінше қорғалған, азаматтардың әл-ауқатын арттыруға жағдай жасалған зайырлы, демократиялық мемлекет ретінде көркейіп келе жатыр.

Ата заңымыздағы нормалар мен принциптер қоғамды алға жетелеп, бүгінде өз өміршеңдігін дәлелдеп үлгерді. Өйткені, әрбір қазақстандық Конституцияның мемлекет үшін ғана емес, өзінің жеке басы мен отба-сы үшін де маңыздылығын терең сезінеді. Қазақстанның халықаралық деңгейде лайықты орын алып, биік белеске көтерілгені – осының айғағы.

Баршаңызды Конституция күнімен құттықтай оты-рып, шаңырақтарыңызға шаттық, қызметтеріңізге то-

лайым табыстар тілейміз! Тәу еткен тәуелсіздігімізді қадірлеп, ел іргесін нығайтуға бірігіп үлес қосайық!

«Нұр Отан» партиясыАстана қалалық филиалының Саяси Кеңесі

Page 3: 97 (3154) 2014-08-30

Бетт

і дай

ынд

аған

: Оры

нбек

ӨТЕ

МҰР

АТ. Д

ерек

көзд

ері:

www.

asta

na.k

z, ww

w.in

form

.kz,

baq.

kz

3

Конституция – халқымызды ұйыс-тыратын, дербес мемлекет екендігімізді білдіретін құжат екенін атап өткен ол Ата заң қабылданған уақытынан бастап елдегі демократиялық институттар мен азаматтық қоғамның қалыптасуына қызмет етіп келе жатқандығын айтып өтті.

Қы л м ы с т ы қ і с те р жө н і н де г і а п е л л я ц и я л ы қ с о т а л қ а с ы н ы ң төрағасы Жазбек Әбдиев баяндама жасап, басқосу тақырыбын аша түсті. Филология ғылымының докторы,

Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің проректоры Дихан Қамзабекұлы Ата заң қабылдануының алғышарттарына тоқталды. Тарих-та болған «Алаш конституциясы» мен Қазақстанның бүгінгі Консти-туциясы арасын байланыстыра оты-рып, ол қазіргі басты құжатымызды халық референдум арқылы бірауыздан қабылдағанын еске салды.

Конституцияның қоғамға, әсіресе, елдің экономикасына әсері қандай? Бұл төңіректе заң ғылымының докторы,

Құқықтық саясат және конституциялық заңнамалар ғылыми-зерттеу инсти-тутының директоры Сергей Ударцев баяндады. Қалалық адвокаттар алқа-сының мүшесі Бақтияр Бөлеулиев Ата заңымызда адамның өмірі, құқылары мен бостандықтары басты құндылықтар ретінде бағаланып жатқанын жеткізді.

Өзге баяндамашылар да Конститу-цияның ел өміріндегі алатын орнын талдап көрсетті.

Аманғали ШМИТҰЛЫ

Жиын Рақымжан Қошқарбаев пен Григорий Булатовтың Рейхстаг ғимаратына тіккен Жеңіс туы сал-танатты жағдайда әкелініп, ерлікке тағзым етуден басталды.

Мемлекет тарихы институтының жетекші ғылыми қызметкері Сейітқали Дүйсен «Рақымжан Қошқарбаевтың өмірі мен жауынгерлік ерлігі» ту-ралы баяндама оқыса, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ докторанты Махаб-бат Қозыбаева Григорий Булатов

жөнінде тың деректермен бөлісті. Өз кезегінде сөз алған Альпинистер одағының вице-президенті Серікқали Мұқанов «Жеңіс туының жауынгерлік жолы: «Рейхстаг-Мәскеу-Астана» тақырыбында баяндама жасады. Ал, Берлин соғысының тірі куәгерлері Қадан Бекенов, Моисей Гольдберг және Ілияс Екібаев сұм соғыста көрген қиыншылықтарын айта келе, жастарды Отанды сүюге шақырды.

Гүлмира ШАРХАНҚЫЗЫ

Астана қаласы мәслихатының атынан Сіздерді мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтаймын.

1995 жылы Ата заңның қабылдануынан еліміздің дамуының жаңа кезеңі бастау алды. Он тоғыз жылдың ішінде еліміздің Консти-туциясы тұрақтылықтың, бейбітшілік пен гүлденудің сенімді кепілі бола отырып, өзінің кемелдігін дәлелдеді. Барлық алға қойған мақсатқа қол жеткізу, еліміздің дамуы мен болашақта қалыптасуы қазақстандықтардың бірлігі және Ата заңның қағидаттарын айқын ұстану негізінде ғана мүмкін болады.

Конституция күні елорданың әрбір тұрғынының жүрегінде ерекше орын алады, өйткені, осы заңды құжат ортақ тарихи тағдырымызбен байланыс-

ты халықтың бірлігін нығайтты, сіз бен біздің мүддемізді жоғары қойды.

Сіздерге денсаулық, береке-бірлік пен амандық тілеймін!

Сансызбай ЕСІЛОВ,Астана қаласы мәслихатының

хатшысы

Елордалық т ү рлі конфес-сия ұйымдары өкілдерінің ба-сын қосқан жиынды Дін істері б а с қ а р м а с ы н ы ң б а с ш ы с ы міндетін атқарушы Нұрдәулет Әлмұханов ашып, көп конфесси-ялы Қазақстан халқының бірлігі мен келісімін сақтауда азаматтық қоғамның барлық институтта-рын жұмылдыру қажеттігін ай-тып: «Еуразияның дінаралық үндесуінің орталығы атанған Астана тұрғындардың этникалық тегіне, діни сеніміне қарамастан жасампаздық әлеуетін толық ашуға мүмкіндік беретін қала болуы тиіс. Осы бағытта барлық дін өкілдерінің бір үстел басында отырып, мәселелерді талқылаудың өзі үлкен жетістік» деді.

Айгүл УАЙСОВА

Дүниеге келген шекесі торсықтай ұлдың есімін Жангелді деп қойыпты. Сәбидің салмағы – 4 келі 700 грамм, бойы – 58 сантиметр. Дәрігерлер ананың да, нәрестенің де денсаулығы өте жақсы дейді. Ең қызығы, тоғыз құрсақ көтерген Ұлданай перзентханаға босануға жедел жәрдеммен емес, өзі рөлге отырып, көлігімен келіпті. Аяқ-қолын бауырына аман-есен алған келіншек, дәрігерлердің қарауында тек бір күн ғана жатты. Ал, Жангелдіні қырқынан шығарған соң, жұмысқа кірісемін деп жоспарлап отыр.

Әділбек ЖАПАҚ

қ ңқ ңбіздің мүдбііздің мммүдүд

Сіздбірлірр

М е р е к е л і к ш а р а н ы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі мен «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанаты» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды.

«Бұл сабақта балалар Ата заң туралы жан-жақты мағлұмат алды. Биыл бізде алғашқы патриоттық сабақ Ж.Жабаев атындағы №4 м е к т е п - г и м н а з и я н ы ң бірінші сыныпқа баратын бүлдіршіндерге өткізіліп

отыр. Орталығымыздың а ға о қ ы т у ш ы с ы Ә с и я Әділқызы еліміздің бас заңдық құжатын балаларға ұғынықты тілде жеткізе алды» дейді Музей педа-гогикасы орталығының жетекшісі Рауза Қазбекова.

Музейде өткен сабақ-тан естелік ретінде ұйым-дас т ыру шыл ар мек теп т а б а л д ы р ы ғ ы н а л ғ а ш аттағалы тұрған оқу шы-ларға арнап сый лықтар та-быстады.

Page 4: 97 (3154) 2014-08-30

4www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

Шексіз де шетсіз, түпсіз де терең мұхит айдындары... Телегей теңіздер – адамзат тағдырының әйдік зерде сандығы. Халық қаһарманы Сағадат Қожахметұлының да өмірінің та-рыдай болса да сырларын ол ішіне бүгеді... титімдей ғана.

Боп-боз. Сол көзінің қиығына қонақтағалы

қашан. Алғаш қалай байқағаны есінде жоқ.

Кейін айнаға зер сала қарағанда ғана назарына ілігетін. Ол да әуелде ғана. Көзі үйренген соң, көңілінен таса болғалы қашан.

Бүгін айна алдында әдеттегіден ұзағырақ кідірді. Констит уция күнінің салтанатына жиналған беті еді. Ескі түйіршік ойда-жоқта на-зарын аударды. Баяғы сол бүріскен қалпы... Кезіндегі заңды белінен басқан сұрқай тірліктің сарқыншағы дерсің.

Титімдей. Өседі деуші еді. Өйтпеді. Сол

қалпында қала берді. Сырт көзге шалына да қоймайды.

Тарыдай ғана. Жаңа ойда-жоқта жанарын

сүріндірді. Оған да мынау мереке себеп: Алтын заң салтанаты.

Шапшаң жиналды. Шақырған жерге ешқашан кешігіп көрмепті. Бұл жолы да әдеттегідей ертерек келді. Қашаннан қанына сіңген қасиеті. Өзі секілді ардагерлер шоғыры да көп-көрім екен. Бәрінің Тәуелсіздік монументіне жиналған беттері.

Осы орта батырдың жанына жағымды-ақ. Әр жердің, әсілі, өз әдебі бар. Кей-кейде «мұнда қайдан тап келдім» деп жабығар еді. Сосын ондай бас қосулардан аулақ жүруге т ы р ы с а д ы . Әл г і ш і р к і н де рд і ң « и і с к е м е й т і н қ о қ ы с т а р ы , сүйкенбейтін бұрыштары» жоқ. Еріксіз сүйкімдері қашады. Анық-қанығын білмеген «қоламтаны қоздатып, аңдамай шоқ бас у » әуелден табиғатына жат.

Ал, ардагерлер болса, талай-ды көріп, егемендіктің бағасын білетін және не айтса да, таразылап алып қана сөйлейтіндер. Тәубесін ұмытпай, жақсылыққа қуанатындар. Ақсақалдықтың көп «сыбағасының» бірі де. Соған орай жиын-тойға шақыратындар да баршылық. Бәрі де сыйлап, өзгеше құрақ ұшады. Аты аңызға айналған батыр дейді. Төл армиямызды сапқа қойған қолбасшы дейді. Жастық шағы жа-лындап өткен, сол жігері «базардан қайтқанда» да мұқалмаған сүйегі асыл азамат дейді.

Рас, бұ дүниеге келген соң отша жана т ұ рып та өртенбей, с уша буырқана тұрып та асып, таспай, еңбектен тиянақ тауып, сабырды серік еткенге не жетсін! Бұл да болса, бір басына жетерліктей өмір мектебінің арқасы. Туған ел-жұрты сосын тағы зу етіп, өте шығатын тірліктің тұнығын шайқалтпаған жалын мен жігер, парыз бен па-расат иесі ретінде ерекше қастер тұтады.

Мерекеге жиналған ақсақалдар б і р - б і р і м е н қ у а н а қ а у ы ш ы п , өт кен-ке т кенд і еске а л ысад ы.

Көзіне ыстық, жү регіне жақын « қарул ас тар» ортасының кең пейілі жанын жадыратады. Жақсы орта мен жағымды ойда да жасам-паз от бар-ау! Ол көңілді тербеп, жүрегіңді елжіретеді.

Батыр аға ой тұңғиығына тар-тылып барады екен, қа лықтай жөнелген сиқырлы саз оны ардагер-лер ортасына қайта оралтты. Аспан төсіне «Менің Қазақстаным» Әнұраны самғай көтерілді.

«Ежелден ер деген даңқымыз шықты ғой...» Жеңіс қырандары да сүйікті әуенге сүйсіне қосылды.

Ғажап ән, өршіл әуен. Жүйке-жүйкеңе жайылып, ерек-

ше сезімге бөлейді. Өзіңді бүкіл елмен тағдырлас сезінесің. Бір сәтке болса да туған халқыңның тағдырымен біте қайнасып, бірге тыныстайсың.

Кеудеңд і мақтаныш кернеп, бойыңды намыс буады. «Намысын бермеген қазағым мықты ғой...». Әсем әуен мен сырлы сезімнің үйлесімі ғажап-ақ! Сұлу саз бен са лиқа лы сөз перзент тік ада л сезіммен өріле үндеседі.

Тебіреністі сәт. Аса құдіретті сезім! «Менің

Қ а з а қ с т а н ы м ! » – ж ү р е к толқытарлық әсерге бөлеп, бойға жасампаз жігер құяды.

Ғажайып әсер. Тіршілік толқынында тербелген

әуен. Әлбетте, ән де тірліктің ты-нысындай сан-алуан. Бірақ, соның бәрінің ортақ алтын арқауы бар. Баршасы соған тәуелді. Мұнсыз әуен дегенің құр айқай-шу болады да қояды. Ондай даңғаза жүйкеңді жеп, құтылғанша әбден зәрезап етеді.

Музыканың адам жанына, тіпті, суға әрқилы, яғни жағымды, бей-тарап және жағымсыз әсерін, жан жары Лира Сабирқызының ай-т у ынша , ға лымдар ба яғыда-ақ дәлелдеген. Әдемі әуеннен судың

молекулалық құрылымы ерекше мөп-мөлдір сән түзеді екен.

А л , ж а р ы а й т с а , ж а н ы н ы ң алақанын білген соң ғана жая-ды. Ол арнайы оқып, тоқыған с у маманы емес пе?! Кәсібіне қ а т ы с т ы н ы ң б ә р і н е қ ы з ы ғ а «сүңгіп», өз «құпиясын» екеуа-ра ғана бөлісер еді. Мәселен, рок музыка судың құрылымын быт-шыт қиратады екен. Демек, адам тәні 75-90 пайыз судан тұратын болса, бізд ің жанымызға от ты әуеннің немесе саз сәулесінің әсер күші қаншалықты екені өз-өзінен түсінікті. Табиғатпен, оның тыныс-тіршілігімен үндес ән адамның жанын да , тәнін де бау райды. Сырлы саз көңіл пернесін, тірлік тебіренісін тап басады. Сезімнен өріліп, ақылмен безбенделсе солай.

Әуен, ол – лапылдаған От пен тасыған Судың сапырылысы. Дарын өз жүрегінен туған сырлы сазды сезім отында ширатып, сабыр-мен суарып, тірлік тебіренісімен тоқайластырады. Осылайша хас шебердің көкірегінен т ұтанған ұшқын ән көрігін одан әрі маздата-ды дерсің.

Өмірдің өзі де – Ән, әрине, сәулел і сезім ү шін сол ай. Ол , бірақ, әркімге бұйыра бермейді... көктен төгілген Күн сәулесінің, көз а л дыңда көшкен қазбау ыр бұлттардың, аспаннан төгілген жауынның, бұрала аққан бұлақ пен буырқанған теңіздің әрқайсысының дербес үні бар.

З е ң г і р ж ұ л д ы з б е н а с қ а қ арманның, жарқылдаған найзағай мен жалын жігердің, тіпті білте шам мен үміт сәулесінің, ошақтағы от пен жан шуағының, сондай-ақ шатырдан сырт-сырт тамған және жанардан мөлт-мөлт үзілген тамшының да өз әні бар.

Жү р е к т е г і с е з і м н і ң д е ө з сыры мен өзгеше сазы болады.

Ба лбұл ақт ың ерке был д ырын, қамыстың құпия күбірін, самалдың сүйкімді сыбырын айтсаңызшы!

Сол сан алуан дыбыс пен сазды елін с үйген Шәмші Қа л даяқов дарынының с ұ ңқар қанатынан суылдай төгілген әуен мәпелей қ ұ н д а қ та п , ү к і л е п ұ ш ы ра д ы . Жаныңа жігер құйып, намысқа қайрап салады. Ол бірде отқа орап, т ұл а бойыңд ы бу ып, кү йд іре-жандыра көкке шарықтатса, енді бірде үстіңнен мұздай су құйып жібергендей селт еткізіп, салқын сабыр тереңіне сүңгітеді.

С а ғ а д а т Қ о ж а х м е т ұ л ы н ы ң көңіл толқынысы басылар емес. «Апырым-ау, бұған не болды?» От пен судан талай өтті, жаны мұрнының ұшына келген кезі де аз емес. Алайда, сол бір бала жетім көктемінен соң көзіне жас алып көрмепті... Бірақ, қазір қалайша толқымассың?! Бұл – асқақ күй. Туған ел мен жерге деген жүрек тебіренісі мен көңіл қуанышынан туған ерекше хәл! Аспанда самғаған қыран-қазақтың қанаты бұл!

Жан толқытарлық! Қазақ енді ешкімге де, ештеңеге де кіріптар б ол м а қ е м е с . Иы қ т а н б а с қ а н бодандық бұғауына ерегесе еңсесін тіктеп, өксігі көп өткенге салауат айтады.

Әнұран аспан төріне байланып қалғандай.

Асқақ та айбынды. Әлжан ағасы а й т у ш ы ед і : « Аб ы л а й х ан н ы ң әскері Тарбағатайдың баурайында жоңғарлармен соғыс үстінде қатты қалжырайды. Сол кезде он салт атты қыр үстінен ұлттық саз аспаптары-мен халық әуендерін шалқытады. Сарбаздардың бойына тың күш құйылып, найзаларын ойнатып, болдырған аттар қайта шиыршық атыпты». Ұлттың арман-мақсаты мен уайым-қайғысы тұнған халық му зыкасында осындай тылсым

күш бар. Әнұран барған сайын әуелеп ба-

рады... «Ежелден ер деген» даңқты х а лықтың намысын Шәмшінің дарыны төрткүл дүниеге тарата-ды. Алты алаш енді алған бетінен айнымақ емес.

Тастүйін. Морт сынуға бар, бірақ иілмейді.

Ешқашанда, ешкімнің де алдын-да. Солқылдақтық жат оған. Бос мәймөңкеңді білмейді. Жүрегің «елім» деп елжірейді. Ешкімге де жалтақ емессің. Еркіндік пен бостандық.

Ерекше асқақ күй!Әнұран шырқау биікке шалқи

самғайды. Осы бір қас-қағым сәтте бүкіл елдің арманы бір-ақ арнаға тоғысып, астасып кеткендей. Біте қайнасып, қабыса үндесіп, туған еліміздің бақытты ертеңіне тілектес қауымды шапағына орайды. Бойға қуат құйып, мәртебеңді өсіреді.

Ерекше үйлесім. От пен Су бір арнаға құйылады.Жігер мен Сабыр жарасады. Жасампаз сезім!Жетімдік... Жастығын жалмаған

с о ғ ы с . Б од а н з а м а н н ы ң б е л-ден басқан әд ілетсізд ігі . А дам табиғатына жат тота литарлық жоян т ірл ікт ің барша ызғары жүрегін ерте суытқан. Жанары баяғыда-ақ құрғап, ащы жастың сығындысындай, титімдей түйіршік қана көзінің қиығында бұғып қалған еді.

Титімдей ғана.Ә н ұ р а н а я қ т а л а б е р г е н д е

Сағадат аға еркінен тыс тебіреніп кетті. Салқар сезімі бір демде асыр-тұсыр сарқылдай тасыған. Бұл да бір тоспада талай уақыт тосылып, тауаны шағылып, одан сәл саңылау тапқанда сарқырай жөнелген асау ағын секілді...

Жаужүрек жанының тапталған намыстан өртеніп, өне-бойын

Page 5: 97 (3154) 2014-08-30

5www.astana-akshamy.kz

О н ы ң а ш ы л у с а л т а н а т ы -на Қазақстан халқы ассамблея-сы төрағасының орынбасары – х ат шыл ық меңгеру шіс і Ера л ы То ғ ж а н о в қ ат ыс ы п , ж и на л ға н қау ымд ы ел іміздегі ұлтара лық татулықтың өнеге тұтар қарапайым қырларымен таныстырды. Ера-л ы Лұ қ п а н ұ л ы а с с а м б л е я н ы ң жұмысына Франция, Германия, АҚШ, Швеция, Түркия, Қытай, Ресей, Испания, Голландия, Изра-иль секілді ірі мемлекеттің ресми өкілдері қызығушылық білдіргенін, БҰҰ мен бірқатар халықаралық ұйымдарда кездесулер өткізіліп, е л і м і з д е г і қ о ғ а м д ы қ к е л і с і м мен бейбітшілікті сақтаудың оң тәжірибелері таныстырылғанын айтты. Ол «британ жеріндегі жаңа орталық екі ел арасындағы қарым-қ а т ы н а с т а рд ы ж а н д а н д ы р у ғ а қосымша серпін беретін болады» деді.

қысқалы қаншама жыл. Отанға деген перзенттік сүйіспеншілік сезімі жұлын-жүйкесіне сел-сел та-рап, торыққан жанында талай жыл тұншыққан өртке лақ ете құйылды. Ардагердің көзінің қиығындағы ыстық пен суықтың, қуаныш пен қ иынд ықт ың сығынд ысындай, тарыдай түйіршік күлдіреп салды.

Ол дүр сілкінді. Ө н е - б о й ы м ұ зд а п қоя б е р -

г е н . К е уд е с і қ ы с ы п , т ы н ы -с ы т а р ы л ғ а н д а й . К ө й л е г і н і ң т ү ймелерін ағытып, га лс т у гін босатыңқырап қойды. Көктемнің Алатаудан ескен саумал самалы-на жүзін тосты. Бақыттан жан толқығанымен, жүрек қысылмайды екен. Бір демде астаң-кестең болған көңілі қайта орнына түсті.

Аспан түстес Ту көк жүзінде Күн сәулесімен шағылыса жарқырай барып, көкпеңбек шаңырақ төсіне бояуша сіңіп жүре берді. Бодандық оты қанатын шарпып, қыстыға күн кеше жүріп, еркіндікке әбден с усаған қыран-қазақ шексіз де ш е т с і з , т ү п с і з де т е р е ң ке ң -бай тақ өл кен ің үс т імен ба я у қалықтайды. Ол ел амандығының қ ы ра ғ ы к ү з е т і н де т ұ р ға н д а й . Бейбіт өмірдің күзетінде... алтын-нан өрілген ою-өрнектер келді көз а л дына. Оларда да сәулелі сезімге ғана ашылғандай терең сыр бар. Қазағының өнерпаз да сұлу табиғаты мен қайыспас, қайсар тағдыры сайрап жатыр.

Сағадат аға қазір ойлап қараса, егеменд ікт і жариял аған сәт те оның қандай бақыт екенін көпшілік же те сез і н е қо й ма п т ы . Ті п т і , Тәуелсізд ік заңын қабыл даған он екінші сайл анған Жоғарғы Кеңестің өзі сияқты депутаттары да шаттық құшағында тұрып, оның с а л ма ғ ы н ж а н -ж а қ т ы с а ра л ай алмағаны анық.

Қаһарман жаңағы бір тебіреністі сәтте жанарын соншама уақыт күзеткен ескі түйіршіктің қалай үзіліп түскенін де байқамаған. Ол талай жыл іште маздап, сыртқа шыға алмай тұншыққан орасан от-намыс ұшқынының бір ғана түйіршігі еді. Сырттағы «ызғардан» әбден суып, сүйелге айналғалы қашан. Басынан кешкен «аптап ыстық пен сараяз суықтың» нашар елесі іспетті.

К ө з і н і ң қ и ы ғ ы н а н ү з і л г е н ескі түйіршік жермен жосылған жаңбырдың суына қосылуы мұң, жанарын жасқанта жарқ еткен. Намыстың наркескеніндей, бойын-да талай жыл қайнап, теміртүйнекке айналған ол азаттықтың алауы бұрқ ете түсіп, жанартауша лақылдай атылғанда қайта балқып кеткендей.

К ә д і м г і д е й ж а н ы п , к ө з қарықт ыра сәуле шашад ы. Су тұтқынында шыр көбелек айналып, заулаған күйі қашан зәулім ғимарат тасалағанша көзіне оттай басылып бара жатты. Қалтарысты айнала бере жанарын жасқай тағы бір жарқ еткен. Жаңағы ұшқыннан бейне бір жер мен көкті жалғаған өрт көтерілгендей болды... шығыстан жоғары өрлеген алып Күн нұры ай-наланы шалқар шуағына орап келе жатыр екен.

ОтАсу... Сағадат Қожахметұлы Әнұран

қанатында тебірене тұрып, тірлік көшінде Тәуелсіздік таңын қарсы алған тағдырына разы көңілмен шүкіршілік етті.

Болат ЖҮНІСБЕКОВ,жазушы

«Отаным – Қазақстан, туған жерім – Оңтүстік Қазақстан об-лысы, қазақша атым – Жақып» деп таныстырған Якоб Фишер кешке жиналғандарды қазақы мінезімен бау-рап алды. Ол қазақ әндерін, әсіресе, Шәмшінің шығармаларын нақышына келтіре орындайды екен. Қазақ топырағында дүниеге келген ғалым қазақ тілін меңгеру арқылы оның мәдени болмысы мен жан дүниесін танып, салт-дәстүрін жете түсінгенін айтты. Көп жылдар бойы Теміртау қаласындағы, кейіннен Алматыдағы неміс театрларында қызмет еткен Якоб 1990 жылдары тарихи отаны –

Германияға көшіп кеткен еді. «Осын-да, мәдениет сарайы мен театрларында талай рет өнер көрсеткен едім. Қала көшелерін аралап көріп, таң қалдым. Қала қатты өзгеріпті, адам танымас-тай көркейіп кеткен. Тек біздерді туғанындай құшақ жайып қарсы алатын халықтың ақ жарқын көңілі өзгеріссіз, сол күйінде қалыпты» деп, гастрольдік сапармен Арқа жерінде болған күндерін еске алды.

– Кеңестер кезінде көп нәрсеге тыйым салынғандықтан, немістер өзінің ұлттық ерекшеліктерін сақтап қалуды ғана армандаған еді. Осы орайда, Қазақстандағы мәдениет пен тілдің сақталуына жасалып жатқан ұлттық саясат мені тамсандырады, - дейді ғалым.

Фишер мырза қазіргі таңда тәуелсіз Қазақстанның экономикасы-на, сыртқы саясаты мен мәдениетіне еуропалықтардың үлкен құрметпен қарайтынын жеткізіп, осы екі халықтың мәдени байланысының жалаугері болып жүргенін мақтаныш тұтады. Ол Еуропада этникалық

немістердің тағдырымен танысты-ратын «Халық жолы: КСРО/ТМД немістерінің тарихы және қазіргі өмірі» атты жылжымалы көрмені тұрақты түрде өткізіп келеді. Оның сөзінен қазақ топырағынан ірге ажыратқан немістердің ескі жұртына сағынышы әлі де басылмағанын білдік. Қазақстаннан Германияға қоныс аударған 1 млн 300 мыңға тарта немістің қазақ жеріне ыстық

ықыл астарын с у ытпай, ел дегі жаңалықтарға құлақтарын түре жүретіні сондықтан екен.

Ұлтаралық татулыққа сына қаққысы келгендерді заң бабымен жазалай-тын қазақ елі татулық пен достықтың туын желбіреткендерді құрметпен қарсы алып, төріне шығарады. Астана төріндегі жылы кездесу де тәуелсіз Қазақстанның ұлт саясатындағы ұстанымының нәтижесінде жүзеге асты. Туған жеріне сағынып жеткен неміс жамағайынмен өткен кездесуде біздің қоғамдағы бейбітшілік пен бірлік – «өркениетті» дейтін Еуропа елдерінің де қолы жетпеген биігі екенін ойладық.

С а л т а н а т т ы ш а р а ғ а Ұ л ы б р и т а н и я п а р л а м е н т і – Қауымдар палатасының депута-ты сэр Тони Бол дри қатысып, әлемдегі көптеген халықтар мен мәдениеттер арасында алауыздық о р ы н а л ы п ж а т қ а н ж а ғд а й д а олардың жақындасуына барынша күш салу қажеттігі жөнінде пікір білдірді.

Орталық жұмысының маңызды бір бағыты – екі ел арасындағы ғ ы л ы м и б а й л а н ы с т ы ң д а м у -ына ат са лыс у. Атап айтқанда, ғылым мен біл ім кластерлерін құруға, мәдениет, тіл және білім беру са л а л арындағы жоба л ар-ды іске асыруға гранттар бөліп, б р и т а н д ы қ б и з н е с қ а у ы м ы н ғылыми-техникалық және зерттеу жобаларды әзірлеп, оны іске асыру бағытында жұмыс істеуге тарту жоспарланған. Сонымен қатар, Қазақстан мен Ұлыбританияның

жетекші жоғары оқу орындары оқытушыларының өзара тәжірибе алмасуын ұйымдастырмақшы. Осы және басқа жобалар жөнінде Кем-бридж университетінің Орталық-Азия форумының төрағасы Сид-хапрт Саксен таныстырды.

Орталық екі елдің мәдениеті мен әдебиетін наси хаттауда да бірқатар шаралар өткізбек. Қазақ әдебиеті класиктерінің туынды-л арын ағылшын тіл іне аудару, екі елдің танымал тұлғаларымен

шығармашылық кездесулер өткізіп, қазақ тілін оқыту жұмыстарын да жүргізеді.

Айтулы оқиғаның тұсаукесер рәсіміне жиналғандар көптеген е л д е рд і ң т ә ж і р и б е с і н д е б а р мәдени-ғылыми-ағарту орталығы қазақстандық мән-мағынамен то-лысып, еурапалықтардың өмірінде лайықты орын алатынына сенім білдірді.

Дайындаған: Айгүл УАЙСОВА

Page 6: 97 (3154) 2014-08-30

//////////////////////////////////////////////////

6www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

– Анар Нұралықызы, Ата заң – мемлекетіміздің алтын қазығы. Е н д е ш е , е л д і ң ә л е у м е т т і к -э к о н о м и к а л ы қ д а м у ы н а , Қазақстанның халықаралық аре-нада кеңінен танылуына Ата заңымыздың ықпалы қандай?

– Әрине, ықпалы өте зор. Өйткені, Конституция дегеніміздің өзі мемлекеттің құрылымын, қандай жолмен дамитындығын, қандай басымдықтар болатынын белгілейтін мемлекеттегі саяси-құқықтық ең ба-сты құжат қой. Он тоғыз жылдан бері қолданыстағы 1995 жылдың 30 тамызында бүкілхалықтық ре-ферендумда қабылданған Кон-ституциямыз, тарихи тұрғыдан аз ғана уақыт өткенмен, еліміздің құқықтық, демократиялық, зайырлы және әлеуметтік мемлекет ретінде орнығуына үлкен үлес қосты.

Атап айтқанда, Конституция жас Қазақстан Республикасының дамуына жүйелі әрі дәйекті жаңа фундаменталды қағидалар ұсынды. Қазақстан Республикасының бірегей тұтастығын сақтап қалуда үлкен рөл атқарды. Жүйелі және нақты түрде ел дамуының демократиялық және құқықтық басымдықтарын айқындап берді. Республиканың ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп, адамның мемлекеттегі рөлін бұлтартпай а н ы қ т а д ы . М е м л е к е т і м і з д і ң халықаралық және дүниежүзілік құқықтық кеңістігіне терезесі тең мемлекет ретінде кіруіне жол ашты.

–Әлемде сан алуан консти-туциялар бар. Ұзын саны 395 баптан тұратын Үндістанның конституциясы ең үлкені болса, Ұлыбританияның бірыңғай кон-ституциясы жоқ. Ал ең ежелгі конституция 1600 жылы Сан-Маринода қабылданған екен. Сол сияқты АҚШ, Норвегия, Нидер-ланды конституциялары ең ескі конституциялар болып табылады. Осы ретте біздің Ата заңымыздың қандай тарихи ерекшелігі бар?

–Иә, ондай тарихи ерекшелік біздің Конституциямызда да б а р . О л Е л б а с ы , Қ а з а қ с т а н Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Консти-туция жобасын әзірлеуге қатысқан

казакстанда бiрде-бiр саяси даfдарыс болfан емес

заңгерлермен қызу пікір таластыра отырып енгізген принциптер: қоғамдық татулық және саяси тұрақтылық, бүкіл халықтың игілігі үшін экономикалық даму, қазақстандық па-триотизм, мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен, оның ішінде республикалық референдумда не-месе Парламентте дауыс беру арқылы шешу. Конституцияның 1-бабында орын алған, бір қарағанда, заңдық қағидаға жатпайтын, бұл принциптер Елбасының көреген саясаты мен көп жылдық ой-толғаныстарының жемісі еді. Екінші ерекшелік, ол Конституцияда, ұлттық саясаттың бүкіл әлемде теңдесі жоқ құралы – Қазақстан халқы ассамблеясын құруды баян ету болып табылады. Осыдан 19 жыл бұрын жасалған Елбасының осы көрегендігін жанымызда, көршілес елдерде болып жатқан ұлтаралық шиеленістер тағы бір паш еткендей.

– Көптеген зерттеушілер Қазақстанның Конститу-циясы әлемдегі адамзаттық құндылықтарды дәріптейтін ең үздік 50 конституцияның бірі дейді. Сіздің көзқарасыңыз қандай?

– Меніңше, мақсат – ең ү з д і к к о н с т и т у ц и я л а р д ы ң қатарына кіру емес. Басты мақсат – азаматтарымыздың емін-еркін дамуы: денсаулық, білім, әлеуметтік-экономикалық, саяси құқы, шығармашылық даму және тағы басқалар. Бұған қалай қол жеткізуге болады? Тек қана қоғам мен мемлекет арасында сенім болған кезде. Егер, Конституцияны қоғам мен мемлекет арасындағы келісім деп қарайтын болсақ, осы келісімді жүзеге асыруда екіжақты сенім керек. Консти-туцияда осы сенімді іске асыратын құқықтық негіздер орын алған. Ол – адам құқықтарының құндылығы, мемлекеттік биліктің тепе-теңдік және тежемелік жүйе арқылы жұмыс істеуі, мемлекеттің құқықтық, демократиялық, за-йырлы және әлеуметтік сипаты, адамдардың заң мен сот алдындағы теңдігі және тағы басқалар.

Келесі мәселе, осы көрсетілген құқыларды жүзеге асыруда кездесетін, орын алатын уақыт талаптары мен заманауи қыр көрсетулер. Сондықтан, ең басты мәселе – осы қауіп-қатерлерді уақтылы түбегейлі шешуге Конституцияның әлеуеті жету керек. Ол қыр көрсетулер туралы ашып айтар болсақ, сыбай-лас жемқорлық, діни экстремизм мен терро-ризм көріністері, экономикалық қылмыстар.

Бұл зардаптар заңның кемшіліктерінен, заңды қолданудағы ақаулардан, әлеуметтік теңсіздіктен, тәрбие кемшіліктерінен, материалдық төмен жағдайдан және тағы басқа себептерден туындайды. Соған қарамастан, Конституция мемлекетті өзі баян еткен қағидалармен алып жүре алса, бұл Конститу-цияны заман талаптарына сай деп бағалауға болады. Қосып айта кететін жағдай, осы Кон-ституция қабылданғаннан бері Қазақстанда бірде-бір саяси дағдарыс болған емес, кез келген қайшылық конституциялық рәсімдер шеңберінде шешіліп жатыр. Осылайша шешу дәстүрге айналып келеді деуге болады.

–Тәуелсіздік тарихында тұңғыш рет б ү к і л х а л ы қ т ы қ талқылауға салынған 1995 жылы қабылданған К о н с т и т у ц и я е к е н і белгілі. Жалпы, аталмыш қ ұ ж а т т ы т а л қ ы л а у д а х а л ы қ т а н к ө п т е г е н ұсыныстар түскен екен. О л а р қ а н ш а л ы қ т ы ескерілді?

– Әрине, ол ұсыныстар ескерілді. Бұл туралы Ел-басы өзінің «Қазақстан жолы» атты кітабында өте жақсы жазған: «Консти-туция жобасын талқылауға 3 миллион 345 мыңнан а с т а м қ а з а қ с т а н д ы қ қатысып, 31 886 ұсыныс п е н е с к е р т у ж а с а л -ды, соның нәтижесінде жобаның 98 бабының 55-іне 1100 түзету мен қосымша енгізілді, сондай-ақ Конституцияға жаңа та-рау мен бірқатар жаңа бап-тар қосылды. Кейіннен,

жалпы алғанда, Конституция мәтінінің 18 нұсқасы дайындалғанын санап шықтық». Қорыта айтқанда, бұл Ата заң шынымен бүкілхалықтық Конституция болып табылады.

– Бұрынғы Конституциялық соттың ор-нын басқан Конституциялық кеңес бүгін қандай қызмет атқаруда?

– Қ а з а қ с т а н Р е с п у б л и к а с ы К о н с т и т у ц и я с ы н ы ң 7 2 - б а б ы н а с ә й к е с Конституциялық Кеңес Қазақстан Республи-касы Президентінің, Сенат Төрағасының, Мәжіліс Төрағасының, Парламент депутаттары жалпы санының кемінде бестен бір бөлігінің, Премьер-министрдің өтініші бойынша: дау туған жағдайда Республика Президентінің, П а р л а м е н т д е п у т а т т а р ы н ы ң с а й л а у ы н өткізудің дұрыстығы және республикалық

референдум өткізу туралы мәселені шешеді; Парламент қабылдаған заңдардың Республика Конститу-циясына сәйкестігін Президент қол қойғанға дейін қарайды; Парламент және оның палаталары қабылдаған қаулылардың Республика Консти-туциясына сәйкестігін қарайды; Республиканың халықаралық шарт-тарын бекіткенге дейін олардың К о н с т и т у ц и я ғ а с ә й к е с т і г і н қарайды; Конституцияның норма-ларына ресми түсіндірме береді; Конституцияның 47-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделген реттерде қорытындылар береді. Сондай-ақ, Конституцияның 78-бабында көрсетілген тәртіпте соттардың ұсыныстарын қарайды. Атап айтқанда, онда «егер сот қолданылуға тиісті заң немесе өзге де нормативтік құқықтық акт Конституциямен баянды етілген адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіреді деп тапса, іс жүргізуді тоқтата тұруға және осы актіні конституциялық емес деп тану ту-ралы ұсыныспен Конституциялық Кеңеске жүгінуге міндетті» деп көрсетілген.

– Бір сөзіңізде «Біз қазір сөз бостандығының жоқтығын емес, сол сөз бостандығын Конститу-цияда көрсетілгендей құқықтық шеңберде дұрыс пайдалануды әңгіме қылуымыз керек» деген екенсіз. Оқырмандарға түсінікті болу үшін таратып айтсаңыз...

– Қазіргі кезде бұл өзекті мәселелердің бірі болып қалып отыр. Әсіресе, ғаламторда. Өйткені, қайсыбір сайттарда, қандай ақпарат болса, сонымен бірге оқырмандар ақпаратқа байланысты өз пікірлерін қалдыруға құқылы. Дегенмен, сол құқы көп жағдайда басқа адамның құқына, атап айтқанда, ақпаратта сөз болған адамның ар-ожданына, қадір-қасиетіне кір келтіре отырып, жүзеге асырылады. Яғни, сол адамды сөгіп, тіл тигізіп жатады. Бұндай жағдай тек заңға ғана емес, Кон-ституция талаптарына да қарама-қайшы. Өйткені, Конституцияның 17-бабында «адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды» деп көрсетілсе, Конституцияның 18-ба-бында «әркімнің жеке өміріне қол сұғылмауына, өзінің және отбасының құпиясы болуына, ар-намысы мен абыройлы атының қорғалуына құқығы бар» деп атап көрсетілген.

– Мерейлі мереке қарсаңында қандай тілегіңіз бар?

– Конституция күні қарсаңында көзі ашық оқырмандарға тілейтінім – мықты денсаулық, отбасының амандығы, әлеуметтік оптимизм, еңбекқорлық, береке-бірлік. Біз үлкеніміз – дана, жастарымыз – жалын халықпыз ғой, сондықтан еліміздің болашағы жарқын бола-тынына кәміл сенемін.

– Әңгімеңізге рахмет!

Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ

Page 7: 97 (3154) 2014-08-30

7

Жалпы, елорданың №1 қалалық ауруханасының негізі 1925 жылы қаланған. Алғашында 40 жатын орынға арналған Ақмола қаласының бірінші ауруханасы болған мекеме бүгінде қайтадан жаңғыртылып, 579 орындық заманауи ғимаратқа айналды. Көп бейінді клиникалық орталықта Еуропа, АҚШ, Жапония елдерінің әлемдік брендке айналған құрылғыларымен жабдықталған 28 бөлімше бар. Онда еңбек ететін дәрігерлердің барлығы дерлік дүние жүзіндегі алдыңғы қатарлы клиника-ларда біліктілігін жетілдіріп келген мамандар.

«Халықтың денсаулығын сақтау және жақсарту үшін ең қолайлы жағдайларды жасаймыз» деген ізгі мақсатты тұтынған ұжым талай адамның өміріне араша тұра білді. Ең бастысы, дәрігерлер кепілді медициналық көмектің аясындағы қызметтерді жұртшылыққа тегін көрсетеді. Әрине, ақылы қызмет көрсететін бөлімдер де бар.

Жалпы, аурухана дегеніміз – өміріне қауіп төнген адамға уақтылы көмек көрсететін мекеме. Мұнда «жедел жәрдеммен» келгендерге шұғыл ем-дом қолданып, олардың сауығып шығуына бар жағдай жасай-ды. Мысалы, осы емдеу мекемесінің неврология бөлімшесіне «же-дел жәрдеммен» келген Бағила Үрісхан атты тұрғын осында белі ауырып, жүре алмай қалған екен. «Мені қабылдаған дәрігерлер дереу ауруханаға жатқызып, ем-шараларын бірден бастап кетті.

АЛFЫС АРКАЛАFАНАУРУХАНА

Осында дәрі-дәрмек, екпелер-ден басқа, дене шынықтыратын, белдің ауырғанын басатын емдік-ш ы н ы қ т ы р у ж а т т ы ғ у л а р ы н жасадық. Бірнеше күннен кейін өзімді жеңіл сезіндім. Аурухананың іші өте ұнады. Кең әрі жарық екен. Мұндай заманауи клиникада емделіп шыққаныма қуаныштымын. Әрі осы үшін ешқандай да қаржы төлеген жоқпын. Барлық емді тегін қабылдадым. Науқастарға мемлекеттің жасап отырған мұндай қамқорлығына ризамын» дейді Бағила апа.

Аталмыш аурухананың барлық бөлімшесі жоғары деңгейдегі құрылғылармен жабдықталғанын ә л г і н д е а й т т ы қ . М ә с е л е н , жұртшылық көп түсетін пульмо-нология бөлімшесі өкпе мен тыныс жолдарының ауруларын емдеу-мен айналысады. Он бес орынға арналған бөлімше қызметін биыл наурыз айында ғана бастапты. Онда өкпенің абсцесі, фиброзы мен обырын және бронх демікпесі мен әртүрлі плевриттер, созылма-лы обструкциялық сырқаттарды емдейді. Сондай-ақ, мұнда демікпе кеселі, өкпенің созылмалы аурулары туралы түсінік беретін мектептер ұйымдастырылған. Емделушілер осында ингаляцияны қай кезде, қалай жасау керектігін және небулайзерлі терапия техникасын оқып үйренеді. Бөлімшеде ем қабылдап жатқан Қарашаш Абдрахманова осында бронх демікпесімен түскен екен. Ол да денсаулығының түзеліп қалғанын

айтып, ақжелеңділерге алғысын айтып жатыр.

Аурухананың тағы бір мақтанышы – политравма және қалпына келтіру жөніндегі ортохирургия орталығы. Бұл да жаңадан ашылған бөлім. Биыл 4 мамырда іске қосылған. Орталық кепілді медициналық көмек шеңберінде тегін және ақылы қызмет көрсетеді. Ерекшелігі сол, мұнда тек астаналықтар ғана емес, күллі республика азаматтары емделеді. Орталықта АҚШ, Еуропа мен Қытайдың жетекші клиникала-рында оқудан өткен жоғары білікті мамандар тірек-қимыл аппараты мен буын аурулары бар науқастарды сауықтырып келеді.

№1 қалалық аурухана – қалалық деңгейіне қарамастан, транспланта-ция сынды күрделі операцияны да-мытып келе жатқан республикадағы е к і е м д е у м е к е м е с і н і ң б і р і . Шетелдіктердің көмегінсіз-ақ, бауырды да, бүйректі де сәтімен ауыстырып келеді. «Транспланта-ция жасайтын мықты дәрігерлер өзімізде де бар. Әрі біз ағзаны ауыс-тыруды тегін жасаймыз. Тек донор табылса болды. Соған қарамастан жұртшылық қаншама қаржысын шашып, шетелге баруға құмар» дейді осындағы дәрігерлер.

Расында да, барды бағалай білмейміз. Әлі күнге дейін Қазақстан м е д и ц и н а с ы н а с е н б е у ш і л і к көзқарастан арыла алмай келеміз. Халық денсаулығын сақтау жолында мемлекеттің жасап отырған ша-руасы аз емес. Тіпті, аурудың бар-жоғын анықтап беретін скринингтік тексерулердің өзі неге тұрады?! Тегін жасалатын осы тексерулерге де бармайтындар көп.

Әр адамның денсаулығы – өз қолында. Әркім өзінің денсаулығына жауапкершілікпен қарай білсе, сонда ғана саламатты ұлтты қалыптастыра алатынымыз хақ.

Қ Р Д е н с а у л ы қ с а қ т а у ж ә н е ә л е у м е т т і к д а м у м и н и с т р л і г і н і ң «Электрондық денсаулық сақтау орталығы» ШҚЖ Р М К А с т а н а қ а л а л ы қ филиалының директоры Сәуле Құрманованың айту-ынша, «Ауруханаға жатқызу б ю р о с ы » п о р т а л ы н ы ң е н г і з і л у і м е д и ц и н а қызметінің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз етеді. Ең бастысы, жоспарлы ем қабылдағысы келген аза-мат өзі қалаған медициналық ұйымды еркін таңдай алады. «Бұрын әрбір науқас өзінің тұрғылықты мекені бойынша ғана дәрігерге тегін көріне алатын. Сырқаттанған аза-маттар дәрігер жолдаған ау-руханада ғана ем қабылдауға мәжбүр еді. Ал, қазір олай емес. Бұл жүйе, әсіресе, ауыл тұрғындарына тиімді. Олар ірі қалаларға барып, жоғары медициналық көмекті тегін ала алады. Айталық, Астана емдеу мекемелерінде емделіп шыққандардың 17-18 пайызы –

ауыл тұрғындары» дейді Сәуле Әжмұхамбетқызы .

Жалпы, Астана қаласында портал арқылы ауруханаға жатқызу бюросы 2010 жылдың шілде айында ашылған. Содан бері Астана қаласының ауру-ханаларында, республиқалық деңгейдегі клиникаларда жыл сайын орта есеппен 85 мыңнан астам науқас емделіп шығыпты. Былтыр портал арқылы емде-луге жатқызылғандардың саны 82 853 адам болған.

Казіргі кезде портал арқылы ауруханаға жатқызу ісін жақсарту үшін бірқатар ша-ралар қолға алына бастапты. Атап айтқанда, биыл қыркүйек айынан бастап еліміз бойынша жоспарлы госпиталдаудың автоматты түрі енгізілмек. Оның тиімділігі сол, емделуші порталға тіркелген бетте, автоматты түрде жоспар-лы жатқызу күні белгіленіп, тұрақты емдеуге жатқызуға арналған жолдама қолма-қол беріледі. Әрі науқастың күту уақыты анағұрлым қысқара түседі.

Бетт

і дай

ынд

аған

: Қы

мбат

НҰР

ҒАЛИ

Page 8: 97 (3154) 2014-08-30

8www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

Жәй күндері қолжазбаның бірінші және төртінші беттері оқ өтпейтін арнаулы шыны қорапқа салынып, көпшіліктің назарына шығарылып отырады. Қағаздың сапасын сақтау үшін қорапша іші гелий және су буымен толтырылған. Түнде қағаз беттері жерасты қоймасына түсіріліп, оларды атом жарылысына төтеп бере алатындай шамада жасалынған бес тонналық есіктің арғы жағында сақтайды. Конституцияның толық мәтінімен дүйім ел тек жылына бір рет, 17 қыркүйекте, яғни, осынау құжатты құрастырушылардың қол қойған күніне орай таныса алады.

Әрине, біз өз Конституциямызға мұндай жоралғы жасап отырғанымыз жоқ. Алайда, бұл қазақстандықтар ел дің Ата заңына құ рметпен қарамайды дегенді әсте білдірмейді. Ха лықара лық « Алаш» әдеби сыйлығының иегері Оразақын Асқардың «Ата заңым» атты өлеңінің мына бір шумағында айтылғандай:

«Әлемге ел пейілін таныстырған,Заңым – ең адамгершіл, халықшыл заң.Тілім тұр онда айтыста әділ жеңіп,Мәртебе мемлекеттік алып тынған.Қорғалар елім тұтас, жерім бүтін,Қол сұғып ешкім сырттан айтпас үкім.Заңда айқын міндеттерім, құқықтарым,Ақтайтын ел үмітін, ана сүтін». Сайып келгенде, 1995 жылы қабыл-

данған еліміздің ең басты құжаты Кенжеболат ЖОЛДЫБАЙ,

саясаттанушы

Қазақстанның сан ғасырлық та-рихында жаңаша бір даму саты-сына көтерілуінің айрықша да айтулы уақиғасы болды. Мемлекет пен жеке адам мүдделерін барын-ша жақындататын, біріктіретін демократиялық, зайырлы, құ-қықтық, әлеуметтік ерікті қоғам құруға толықтай жол ашылды. Экономикада нарықтық қарым-қатынастарды, саясатта саяси-идеологиялық сан алуандылықты орнықтыруға мүмкіндік туды. Мемлекеттің негізгі әрі бірден бір құндылығы ретінде адам, оның өмірі, құқы мен бостандығы құқықтық тұрғыдан толық мо-йындалды.

Ең маңыздысы, Констит у-ция белгіленген мақсаттардың көпшілігіне бүгіндері Қазақстан қол жеткізіп отыр. Айталық, за-йырлы мемлекет ұстанымын берік ұстанған Қазақстанда дін мемле-кеттен бөлектенгенімен, қоғамдық қарым-қатынастарды реттеуде ұлт тық ізгіліктермен, дәстүрлермен және заңдылықтармен қатар діни құндылықтар да маңызды орын алады. Қазір елімізде 130 эт-нос өкілдері мен 17 конфессия бейбіт қатар өмір сүруде. Осын-дай ымыра-бірліктің, алғаусыз тірліктің арқасында Қазақстанда бейбітшілік пен тағаттылық нық орнығып, экономика саласында әлем таңғаларлық оң өзгерістер орын алуда. Нақтырақ айтсақ,

тәуелсіздіктің алғашқы жылдары кезіккен қиындықтарды абырой-мен еңсере алдық. Біз Оңтүстік-Шығыс Азия дағдарысынан және соңғы әлемдік дағдарыстан шал-дықпай өттік. Қаржылық дағ дарыс белең алғанына қара мастан, соңғы үш жылда зейнетақыны екі еседей өсірдік.

Бәрімізге белгілі, қазір Батыс елдерінің кейбір мемлекеттерінде дефолт қыспаққа алып, еңбекақы мен зейнетақы азаюда, зауыттар өндірісі тоқтап, кәсіпорындар жабылуда. Ал, Қазақстанда 2010 жылдан бері Үдемелі индус-трия лық-инновациялық даму бағ дарламасы жүзеге асырылып келеді. Осы жылдары 672 ны-сан пайдалануға беріліп, 69 мың жұмыс орны құрылды. Бұл үрдіс енді индустрияландырудың екінші кезеңінде, яғни, 2015-2019 жылда-ры өз жалғасын табады.

Жалпы, ішкі және сыртқы сая-сатымызды сауатты жүргізе келе, «қазақ» деген ұлтты, «Қазақстан» атты жаңа тәуелсіз мемлекетті дүние жүзіне паш етіп, күллі әлемге таныта білдік. Соның нәтижесінде алпауыт мемлекеттер Қазақстанды посткеңестік аумақта бірінші бо-лып нарықтық экономикасы бар мемлекет ретінде мойындаумен қатар еліміздің тәуелсіздігіне, ше-карасының тұтастығына, бей біт-шілігіне кепілдік беретін құжатқа қол қойды. Мұнан соң Қазақстан

қазба және басқа бай лықтарды экс порттауға халық аралық дең-гейде шек қоятын «Джексон-Венс» қара тізімінен сызылды да, өзінің әлемдік рынокқа кедергісіз шығуына мүмкіндік алды.

Қазақ елі бүгінгі таңда әлемдік нарықта бидай сатумен атта-ры шыққан алтылыққа кіреді, ал ұн экспорттаудан үш жыл қатарынан алдына жан салмай келеді. Мәселен, дүниежүзілік нарықтағы ұн экс портының бір жылдық көлемі 11,5 млн тонна болса, осының 19 пайызы біздің елдің үлесінде. Ал, ішкі нарықтағы өзіміздің жылдық тұтынымымыз 2,681 млн тоннаға пара-пар. Яғни, бұл жылына әр қазақстандыққа 167 келі ұн өнім дерінен келеді деген сөз.

Сөз жоқ, кез келген қоғамдағы сияқты біздің жас мемлекетімізде де өз шешімін күтіп жатқан өзекті мәселелер жеткілікті. Жұмыс-сыз дықпен күресу, инфляция-ны тежеу, еңбек өнімділігін арт тыру, шикізаттан гөрі қайта өңдеуге ден қоя отырып, отан-дық бәсекелестікті күшейту, та-рифтерді реттеп, ба ғаның шектен тыс өсіп кетуіне тосқауыл қою – солардың бір парасы ғана. Соны-мен қатар, қоғамдағы орын алып отырған жемқорлық, парақорлық, жағымпаздық, көз бояушылық, тамыр-таныстық тәрізді кеселдерді түбегейлі жою да бүгінгі күн

тәртібіндегі мін деттердің бірі. Осы орайда, кем шіліктерімізді термелеп, бір-бірімізге түрлі ай-ыптар тағып, істің байыбына бармай қызбалыққа салынаты-нымыз жасырын емес. Иә, осын -дай шығашап сезімге бой ал-ды ратындардың да т уған ел бо лашағына, балаларының ер-те ңіне шын жүректерімен алаң-дай тындықтары түсінікті жәйт. Дегенмен, туындаған мәселе дабы-рамен емес, сабырмен, тек заң-дылық шеңберінде шешілуі тиіс. Ең мәдениетті қоғам – заңмен өмір сүретін қоғам десек, Эм-мануил Канттың «Мемлекет дегеніміз – құқыққа бағынған адамдар ұйымы» деген сөзі ойға оралады. Ендеше, құқықтық тәр-биенің күшейтілуі қажет.

Неге американдықтар өз елінің Негізгі заңына аса ыждағат ты -лықпен әрі мақтаныш пен қа-райды? Себебі, сәби туғаннан бастап отбасында, балабақшада, мектепте оның бойына құқықтық мәдениетті қалыптастыру бас-ты міндет болып саналады. Американдық фильм дерде: «Сіз адвокат шақыруға құқылысыз, еш нәрсе айтпауға құқылысыз. Әр айтқан сөзіңіз өзіңізге қарсы қолданылуы мүм кін...» деген сөздердің айтылатыны әркімге етене таныс. Негізгі заң оларда АҚШ мемлекетінің қарқынды дамуының бірден-бір кепілі ре-тінде дәріптеледі. Ал, аме рикан аза маттығын алар тұста: «Сіз аме рика конституциясына сенесіз бе?» деген сұрақ қойылады. Яғ ни, конституция Америкада құдды бір екінші «Інжіл» тәрізді баға-ланады. Олай болса, біздер де әр - бір қимылымызды конституция та лаптары шеңберінде жүзеге асыра отырып, заңдылықтары мүлтіксіз сақталатын құқықтық мемлекетті орнатуға атсалысуы-мыз қажет. Сонда ғана біздер Ата заңымызда белгіленген биік межелерді бағындыра аламыз.

Ең асыл мұратымыз еңселі ел болу еді. Кейінгі екі ғасыр ішінде ғана қазақтың өз бостандығы жолында екі жүзден астам ұлт-азаттық көтеріліске шыққаны соның дәлелі. Мұнан 23 жыл бұ рын қазақ жерінде атқан тәуел-сіздік таңы Алтай мен Атырау және байтақ Сарыарқа арасын алып жатқан дархан даланың төсін қанымен, терімен суарған ата-бабамыздың қасиетті күре-сінің заңды жемісі, нақты нәти-жесі емес пе? Сондықтан да тәуел сіздіктің бәрімізге артар мін деті мол. Енді еңселі ел болу-дың жолына шындап түсуіміз керек. Әулетіміздің асуы да, дәу-летіміздің тасуы да өз қолымызда. Оған Ата заңымыз кепіл.

Page 9: 97 (3154) 2014-08-30

9

– Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей басшылығымен әзірленген ел Конс титуциясы мемлекет дамуы-ның негізіне айналды. Саяси сара жолмен келе жатқандығымыз соның айқын белгісі, – деген Конс титуциялық кеңес төрағасы Игорь Рогов Елбасының «Қазақ-стан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы жүктеген міндеттерге тоқталды.

Мемлекеттік хатшы Әділбек Жақсыбеков Ата заңның мемле-кетіміздің өркендеуіне, тұтас халқымыздың уайымсыз өмір сүруіне берген мүмкіндіктері жайында әңгімеледі.

Еуропа кеңесінің Венеция ко-миссиясы төрағасының орынбаса-

Қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылықты сақтап, еліміздің әрбір азаматының бақытты өмір сүруін қамтамасыз ететін Ата заң – елдің қорғаны. Негізгі заңда барша қазақстандықтарға т үсінікті де етене ортақ құндылықтар нақты заң тілімен баяндалған. Халықтың бірлігі – бұл ең алдымен мемлекеттік инстит у ттардың бірлігі . Ал тын заңымыздың 34-ба-бында: «Әркім Қазақстан Республикасының Консти-туциясын және заңдарын сақтауды, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абырой мен ар-намысын құр-меттеуге міндетті» деп көр-сетілген. Өзінің құқықтары мен бостандықтары Ата заң-мен қорғалатындығын және ол мемлекеттің мүддесінен шығып отырған дүние екендігін әрбір ел азаматы бес саусақтай білуі тиіс. Өйткені, адамның өз құқыларын білуі және оны қажетті жерде қорғай алуы, яғ-ни, құқықтық сауаттылықтың болуы – зайырлы қоғамның бас ты талаптарының бірі.

Мемлекетіміздің Конститу-циясы қоғамның дамуы үшін жағдайлар жасап қана қоймай, елімізде тату-тәтті өмір сүріп жатқан барлық этнос өкілдері үшін тең құқық берді. Осы орайда, Ұлт көшбасшысы Н.Назарбаевтың құқықтық мемлекет құрудағы ерен ең-бегін атап айту керек. Ата заңымыздың әрбір бабы көз қарашығындай сақталып, мүлтіксіз орындалуына ел Президенті кепіл болып келеді. «Конституцияны қатаң ұстану – бұл мем лекеттіліктің табысты дамуы ның және қоғамдағы аза маттық келісімнің негізі. Ол бойынша өмір сүру – бұл демократияның ең жоғарғы мектебі. Бұл мектептен бар-лығымыз өтуге тиіспіз. Біздің міндет – Конституцияға аса ұқыптылықпен қарау. Өзі-міздің елімізді, өзіміздің тари-хымызды, өзіміздің жетіс тік-терімізді қалай құр меттесек, оны да солай аялауымыз ке-

рек. Конс титуцияны сыйлай біл месек, оның талаптарын мүлтіксіз орындай алмасақ, онда қоғамдық келісімге, тәр-тіпке, бейбітшілікке және ты-ныштыққа жету мүмкін бол-майды, яғни мұндай жағдайда Отанның ырыс-берекелі бо-лашағы туралы айтудың да қажеті жоқ» деген тұңғыш Президентіміз.

Ғасырлар бойы қалып тас-қан адамзат баласының жал-пы құн дылықтарын өз бойы-на сіңір ген Конституция-мызда адамдардың табиғи құқылары мен бостан дық-тары, билік институттарын демократиялық жолмен қа-лыптастыру және дамыту, Қазақстан аумағында аза-мат тық қоғам құру туралы дүниежүзі таныған про грес-сивті идеялар бекітілді. Сол арқылы еліміздің барлық аза маттарының бірлесіп, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып қызмет етулері үшін жағдайлар жасалды.

Бүгінгі таңда біз әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және саяси өмірдегі реформа-ларды жүргізуде Конститу-ция нормалары мен принцип-терінің дұрыстығына көз жеткізіп отырмыз. Бұлай дей-тінім, әлгінде атап өткенімдей, небір алмағайып заманды бастан кешірген бабаларымыз ұрпа ғының тәуелсіздігі жо-лында қасықтай қанын төгіп, шыбындай жанын беріп, еш аянған жоқ. Олар елі азат, жері тұтас қуатты мемлекет құруды, Жерұйықта ғұмыр кешуді аңсады.

Ау мағы ұ шқан құстың қанатымен, жер апшысы қуырған тұлпар тұяғының дүбірімен өлшенген кең де келісті өлкені мекендеген қазақ халқының егемендігінің кепілдігі іспеттес Конститу-циямыз өміршең болып, Көк туымыз көкте желбірей берсін!

Қанат МУСИН, Астана қаласы Әділет

департаментінің басшысы

ры Евгений Танчев өзі қызмет етіп отырған ұйымның құттықтауын жеткізді.

Әділет министрі Берік Имашев «Қазақстан – 2050» стратегиясы аясында ұлттық құқықтық жүйенің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудегі Конституцияның рөліне тоқталды.

Бас прокурор Асхат Дауыл-баев прокуратура органдарының қоғамдағы тұрақтылықтың, бей-бітшілік пен келісімнің конс ти-туциялық негіздерін сақтау жо-лында атқарып отырған жұмыс-тарынан хабардар етті.

Қазақстан Республикасындағы Адам құқылары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіров еліміздегі уәкілдікте халқымыздың конституциялық құқыларының бұзылмауы және мемлекетіміздегі тұрақтылық пен

қоғамдық келісімнің сақталуы үшін не істелініп жатқанын ба-яндад ы. Ел імізде қоғамд ық келісімнің үлгісін қалыптастыру жөнінде сөйлеген Мәдениет және спорт министрі Арыстан-бек Мұхамедиұлы оның сөзін толықтыра түсті.

Саясаттанушы, Ресей Феде-рациясы Ұлттық стратегия инс-титутының халықаралық бағдар-ламалар жөніндегі директоры Юрий Солозобов Қазақстан өз Конституциясын қабылдаған уақыттан бері жасампаздық пен табыстың жолымен келе жатқандығын атап өтті. Ол да Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегіне жоғары баға берді.

Қ а з а қс т а н Ре с п у б л и к а с ы Президентінің жанындағы Әйел-дер істері және отбасылық-демо-графиялық саясат жөніндегі ұлт-тық комиссияның төрайымы Махаббат Бекбосынова еліміздегі әйел дердің құқыларын қамтамасыз ету деңгейін саралады. «Мем-л е ке т б а с ш ы с ы Нұ р с ұ лт а н Назарбаевтың Жарлығымен бекітілген 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік тура-лы стратегиясы қай салада бол-масын нәзік жандылардың бел-сенділігін арттырды. Оның куәсі – мемлекеттік билік органдарында соңғы жылдары әйелдердің екі есе көбейгендігі. Мәселен, Қа зақ-станда қазір 87 мың шамасында мемлекеттік қызметкер бар. Ал, олардың 55 пайызы – әйелдер. Пар-ламенттің төменгі палатасында қызмет ететіндердің 25 пайызы – әйелдер. Бұл - ЕҚЫҰ кеңістігіндегі о р та ша кө р се т к і ш тен ас ы п отыр» деді ол.

Конференция бүгін Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық уни-верситетінде жалғасады.

Аманғали ҚАЛЖАНОВ

Ата заңда – мемлекеттің қалыптасу бағыттары көрсетілген. Азаматтардың құқылары мен бостандықтары айқындалған. Қазақтың өзі қабылдаған Конституция ел дамуына жол ашты. Елбасы Ата заң арқылы Қазақстанды мықты мемлекетке айналдырды. Елімізде бірлік пен татулық орнады. Экономи-ка мен демократия дамыды. Отандастардың бо йына қазақстандық патриотизмнің рухы себілді. Ең бастысы – Қазақстан тәуелсіз мем-лекет екенін әлемге танытты.

Page 10: 97 (3154) 2014-08-30

Әр елдің даму тарихы, мәдени-қоғамдық негіздері әрқилы. Осы үдеріске сай оның өзіндік заң-низамы жазылып, болашағын айқындайды. Біздің Ата заң да, әрине, тақыр жерде пайда болған жоқ, тарихи тамыры тереңде жатыр. ХV-ХVІ ғасырлардан бері дәс түрлі қазақ қоғамында «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім хан-ның ескі жолы», Тәуке ханның «Жеті Жарғы» заң топтамала-ры дала конституциясы іспетті болғаны белгілі. Аса маңызды қоғамдық қарым-қатынастарды реттейтін әдет-ғұрыптық норма-лар жиынтығы 1867-68 жылдары патшалық Ресейдің Уақытша ережелері енгізілгенге дейін негізгі заң ретінде қолданылып келген еді. Одан кейінгі Кеңестер Одағының Конституциясы өз за-манына сай декларациялық әдіпте болғаны белгілі. Сол Одақ ыдыраған кезде кеңестік режим қапасынан шығып, өз бағытымызды анықтап, дербес жолымызға түсу үшін жаңа конституция қабылдау керек болды. Бұл ел тарихындағы күрделі кезеңмен тұспа-тұс келді. Ол кездегі Жоғарғы Кеңес Президент Н.Назарбаевтың импичмент, екі палаталы парламент шақыру және оны тарату, жерді жеке меншікке беру, сот реформа-

сы мен азаматтардың әлеуметтік-экономикалық құқыларын қорғау тұрғысындағы идеяларын қолдамады. Күні өткен идеологияның постулат-тарына малтыққан, депутаттардың өткен күндерге деген үміті мен қалыптасқан қасаң сананың сал-дары басым түсті. Нәтижесінде, нарықтық реформаларды жүргізуге кедергі келтіретін консервативтік конституция дүниеге келді. Бұл 1993 жыл еді. Көп ұзамай, оның қол данысқа енгеніне екі жыл өтпей жатып-ақ, жаңа Конститу-

ция қабылдау қажеттігі қайта туындады. Себебі, алғашқысы ел егемендігін алып, бағыт-бағдарын айқындайтын тарихи кезеңнің талабына жауап бере алған жоқ. Елдегі экономикалық-әлеуметтік реформалардың серпін алуы-на кедергі келтірді. Мен ол кез-де Жоғарғы Кеңестің заңнама, заңдылық және құқық тәртібі комитетінің басшысы едім. Сот жүйесінде де бұрынғы инсти-туттардан бас тартып, реформа жүргізу керек болды. Алайда, басты заңымызда оны жүргізу тетігі қаралмаған еді. Дәл сол кезде түбегейлі өзгерістер қажет екеніне толық көзіміз жетті. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан

халқы ассамблеясының сессия-сында болашақ Конституцияның басымдықтарын баяндап, жаңа жоба бүкілхалықтық талқылауға ұсы ныл-ды. Сөйтіп, Ата заңымыз 1995 жылы 30 тамызда республикалық референ-думда қабылданды.

Нұрсұлтан Әбішұлы үлкен қа-жырлылықпен конституцияның негізгі ережелерін құрастырып қана қойған жоқ, қоғамды әртүрлі әлеуметтік қақтығыстан, алмағайып кезеңнің ауыртпашылығынан алып шығып, мемлекеттің ерік-жігерін таныта білді. Президенттік респуб-

лика үлгісін таңдаған Қазақстан сол уақытта кеңестік кеңістікте орын алған саяси-экономикалық берекесіздіктен абыроймен жол та-уып шықты. Мемлекеттің қалыптасу кезеңінде түбегейлі өзгеріс, батыл қадамдардың дұрыс таңдалғанын бүгінгі күннің биігінен айта аламыз.

Осы Конституция арқылы мем-лекетіміз өзін демократиялық, за-йырлы және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырып, оның қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқылары мен бостандықтары екенін іс жүзінде танытты.

Содан бері біздің Негізгі заңымыз өміршең қалыбынан танған жоқ. Оның әрбір ережесі аксиомалық сипатқа ие, дәлелдеуді қажет етпейді. Адам құқылары жөніндегі барлық халықаралық пактілер мен БҰҰ қа-былдаған Жалпыға ортақ адам құқы ережелерінің мән-мағынасы басты заңымызда тоғысты. Сол себепті де жеке тұлғаның мәртебесі оның алтын арқау, қызыл өзегіне айналды. Бұл – Ата заңымыздың жүздеген жылдарға дейін өзгермейтін ере-жесі, мәңгілік қағидаты.

Ата заңымыз – ұлттық құқық жүйе нің бастауы деп айтуға болады. Қоғам өмірінің іргетасын қалайтын ең мәртебелі заңымызда мемлекет құрылымы және мемлекеттік орган-

дар жүйесінің негізгі принциптері берік бекіді. Онда президенттік басқару, парламент, соттар мен сот төрелігі, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару прин-циптері айшықталып, сол бойынша жүзеге асырылуда.

2007 жылы Негізгі заңның құры-лымына, жеке адам ның мәртебесі және мемлекеттік органдар жүйесі ережелеріне бірқатар өзгерістер енгізілді. Атап айтқанда, мемлекеттік органдар қызметі мен ұйымдастыру ұстындары уақыт талабына сай жетілдіріле түсті.

Содан бері саяси және эконо-микалық жаңғыртулар мен түбегейлі рефорамаларды жүргізуге жол ашқан Ата заңымыз уақыт сынынан сүрінбей өтіп, өзінің тиімділігі мен өміршеңдігін дәлелдеді. Ал 2007 жылғы енгізілген өзгерістер мен толық тырулар заманға сай демо кра-тиялық институттарды нығайтып, дамыту жолында әлеуетін арттырды.

Еліміздің заңнамалық төлқұжаты ретінде Конституцияның жи нақы да ықшам түрде жазылған қағи-даттары мемлекетіміздің саяси, эко-номикалық және әлеуметтік негі зін айқын сипаттайды.

Николай АКУЕВ, профессор

-

555--6688--7774444,, 55-68--77555

10www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

Page 11: 97 (3154) 2014-08-30

11www.astana-akshamy.kz

Сәуле Исатаева:

– 2009 жылдан бастап осы күнге дейін Астана қаласы бойынша 86 мыңнан астам жұмыс орын-дары құры лды не месе орташа есеппен а лғанда әр жы л сайын 17 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары ашылды. Биыл жеті ай ішінде қалада экономиканың әртүрлі салаларында – 10 983, оның ішінде шағын бизнес саласында 8016 жаңа жұмыс орны құрылды.

Тілеулес:

Қаншайым:

– Азаматтарға жұмысынан айыры-луы бойынша жәрдемақы тағайындау үшін Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа хабарла-са алады. Аталған жәрдемақыны тағайындау уәкілетті органда, яғни, Астана қаласы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаментінде қаралады. Жәрдемақының мөлшері 24 айдың орташа айлық табысына, аударылған әлеуметтік есептеулерге байланысты болады.

Жұмыссыздығына байланысты жәрдемақы төлеу мерзімі әлеуметтік сақ танд ыр уғ а қ атыс у шының өтіліне байланысты бекітіледі: егер еңбек өтілі 6 айдан 12 айға дейін болса, төлем – 1 ай, 24 айдан 36 айға дейін құраса – 3 ай, 36 айдан жоғары болса 4 ай бойы жүргізіледі.

Бақытжан:

– Бақытжан, біздің басқармада барлық топтағы мүгедектерге, оның ішінде мүгедек балаларға да төмендегі әлеуметтік қызмет түрлері көрсетіледі. Олар: қалалық жолаушылар көлігінде тегін жүру; протездік-ортопедиялық көмек; кресло-арба; сурдокөмек; ымдау тілі маманының қызметі; жеке көмекшінің қызметі; міндетті гигиеналық құралдар; шипажайлық-курорттық емделу; «Инватакси» қызметі және т.б.

Бекболат:

– Әрине, мүмкін. «Жұмыспен қамту -2020» бағдарламасы бойынша сіз Астанада ашылып жатқан емханаларға немесе Бейбітшілік көшесі, №11 үйде орналасқан Денсаулық сақтау басқармасына барып, түйіндемеңізді қалдыра аласыз. Сонымен бірге Брусиловский 17/3 мекенжайында орналасқан Жұмыспен қамту орталығына хабарласыңыз. Ондағылар сізге мамандығыңыз бойынша жұмысқа тұруға көмектеседі.

Мақпал Құрмашева:

Ғалым:

– Сіздер білесіздер, өз шипажай-ымыз болмағандықтан, қазіргі қ о л д а н ы с т а ғ ы з а ң б о й ы н ш а жағдай дәл солай болып ке лді . Дегенмен, келесі жылы Астана қаласында өзіміздің шипажай ашы-лады. Оған бару үшін барлық соғыс ардагерлері, мүгедектер, Ауған соғысына қатысушы азаматтар және қарапайым зейнеткерлер 50 пайыздық жеңілдікті пайдала-натын болады.

Гүлсара Түсіпбекова:

– Бүгінгі таңда елордада 314 мүге-дек жұмыспен қамтылған. Олардың к ө б і қ о ғ а м д ы қ ж ұ м ы с т а р да , әкімшілікте, халыққа қызмет көрсету орталықтарында еңбек ететіндері де бар. Өздеріңізге мәлім, қазір қала әкімінің мүгедектер мәселелері бой-ынша кеңесшісі бар. Сол арқылы мүмкіндігі шектеулі жандарға қатысты түйткілдер дұрыс шешімін таба бастады.

Жалпы, Астанада 18 666 мүгедек тұрады, оның 2 866-сы балалар болса, қалғандары – ересек жандар. Жыл аяғына дейін осы топтағы азамат-тарды әлі де жұмыспен қамтитын боламыз.

Шоқан:

– Биы л қыркүйектің соңғы жексенбісінде елімізде бірінші рет Еңбек күні аталып өтіледі. Сол себепті Үкімет қаулысына сәйкес, 40 жыл жұмыс істеген және он жыл бір орында тапжылмай істеген азаматтарға «Еңбек ардагері» деген мәртебе беріледі. Оның айрықша белгісі – медаль. Осыған орай Аста-на мекемелерінде түрлі іс-шаралар өткізіледі, әр мекеме өз зейнеткерлерін марапаттап құттықтайды. Оларға ақшалай көмек те көрсетіледі деп ой-лаймыз. Бүгінгі күнде мәселе әлі нақты шешілген жоқ. Дегенмен, қазіргі таңда Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде «Еңбек ардагерлері туралы» заң жобасы қарастырылып жатыр. Ол желтоқсан айына дейін қабылданады деген үмітіміз бар.

Гүлбаршын ӨКЕШҚЫЗЫ

– 2014 жылдың 1 шілдесіне дейінгі жағдай бойынша қала халқының саны – 835,2 мың болса, экономикалық белсенді халық – 452,7 мың адам. Олардың 429,2 мыңы жұмыспен қамтылған, ал жұмыссыздардың саны – 23,5 мың. А с т а н а д а жұмыссыздық деңгейі 5,2 пайыз шамасында құбылып отырады және 2013 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда ол 0,3 пайызға төмендеді. Жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатында Аста-на қаласы әкімдігінің жанындағы ж ұ м ы с ш ы т о б ы ж а н - ж а қ т ы амалдарды іздестіреді. Сонымен бірге Астана тұрғындарының ә л е у м е т т і к - э к о н о м и к а л ы қ

жағдайларын жақсартуға және жұмыссыздық деңгейін төмендетуге нақты шаралар қарастырылған 2013- 2014 жылдарға арналған еңбек нарығын реттеу жөніндегі Астана қаласы әкімдігінің іс-қимыл жоспары бекітілген.

Бірер жы л бұ рын w w w.job.astana.k z порта лы құры л ған еді. Сол арқылы жұмыссыздар өз түйіндемелерін жолдай отырып, бос жұмыс орындары туралы ақпарат ала алады, ал жұмыс берушілер өздеріне қажетті мамандарды таңдайды. Жастар арасында бос орындар жәрмеңкесі, кәсіптік бағдар беру жұмыстары тұрақты түрде өткізіліп тұрады.

– Қолданыстағы заңна маға сәйкес, бала тууға байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақы 52 мың теңге мөлшерінде төленеді. Б ұ д а н б а с қ а , р е с п у б л и к а л ы қ б ю д ж е т т е н б а л а б і р ж а с қ а

толғанға дейін балаға күтім бой-ынша ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы тағайындалады. Би-ы лдан бастап ба ла бір жасқа толғанға дейін балаға күтім бой-ынш а рес пу блик а лық б ю д же т

қаражатынан 5 пайыз, жұмыс берушілердің қаражаты есебінен 10 пайыз мөлшерінде зейнетақы а у д а р ы м д а р ы н ы ң т ө л е м д е р і қарастырылуда.

Page 12: 97 (3154) 2014-08-30

Кендай және Күлән Ахметовтер Астанаға 2000 жылы көшіп келген. Өздері бұрынырақ

сары даласы балық «сасыған», әс кери по лигоны бар, темір жолы бо йы мен сақырлап анда-мында по-йыздар зулап жататын Сарышағанда тұрған екен. Елордаға жұмыс ба-бымен қоныс аударған. «Астана электр мен жабдықтау дистанциясы-на». Содан бері, міне, он төрт жыл өтіп, осы уақыт ішінде елорданың қалай өсіп-өркендегеніне куә болған астаналықтарға айналып үлгерді.

Бұл отбасы Гүлнәр, Ғалия, Ай-гөлек есімді үш қыз бен Серік деген ұл тәрбиелеп өсірген. Бүгінде олар-дан Әдилә, Әділет, Аяжан, Дамир, Абылай, Әлтайыр деген немерелер сүйіп отыр.

Алғаш кездесіп, шүйіркелесе бастағаннан:

– «Мерейлі отбасы» байқауында өзге отбасылардан қалай озып, немен ерекшелендік деп ой-лайсыз? – деп сұрадым.

Егдерген ерлі-зайыптылар бі рінің сөзін бірі жалғай оты-рып, «әулетімізбен бір салада қызмет етіп келе жатырмыз» деп жауап берді.

Расында да, Ахметовтер әулетінде қазірге дейін төрт буын темір жол бойында қызмет етіп келеді екен. Ах-мет, Шәкен, Жолтүс, Жөкіш, Төлеухан – Кендай Ахметовтің аталары болса, солардың ішінен үш адам теміржолшыларға берілетін ең үлкен марапат «Құрметті темір-жолшы» атағына қол жеткізген. Олардың қатарында біздің кейіп ке-ріміз Кендай Төлеуханұлы да бар.

– Кез келген кәсіптің жетік мама-ны болу үшін мамандық ұрпақтан ұрпаққа өтуі керек деп ойлаймын. Сонда отбасылық тәжірибе мо-лайып, кейінгі ұрпақ сол саладағы

12www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

-

қызметін ширата түседі, - деді осы орайда Күлән апайымыз.

Санап қараса, бұл әулеттегі адам-дардың жалпы еңбек өтілі 1264 жыл-ды құрайды екен. Бұл санды отағасы мақтанышпен мәлімдеді.

Айтпақшы, Күлән апайымыз да сол салада қызмет етеді. Талай жыл-дан бері темір жол стансаларында техникалық бөлімде еңбек етіп, бейнетінің зейнетін көріп келеді.

Заман басқа болса, заң да басқа. Темір жол бойында ақ жүзіне қара май жұқтырып, сақыр-сұқыр дауыстарға шыдап, кім жүргісі келсін?

- Балаларыңызды қалай ең бек ке баулыдыңыздар? Темір жол сала-сында қызмет етуге қалай қызық тыр-дыңыздар? – дедік біз.

Кендай ағамыз: – Бұл – ата кәсібіміз, - деп жауап

берді. – Балаларымызды кіш кен-тайынан жанымызда алып жүр дік.

Жұмысқа да ертіп апаратынбыз. Сонда көрді. Қызықтырған болуымыз керек. Қазір енді бір қызымыз бен бір ұлымыз осы теміржол саласында қызмет етеді. Екі баламыз басқа сала-ларға кет кенімен, екі баламыз біздің маман дығымызды төңіректеп жүр...

Дастарқанынан дәм татып, әң-гімесіне құлақ түрген жарты са ғаттың өзінде Кендай ағамыз бен Күлән апамыздың әңгімесінен көп мәлімет

алдым деп айта аламын. Олар үш қыз, бір ұл өсіріпті. Бұл жағынан ұқсастығымыз да бар. Сүйсіндік те, «мерейлі отбасы» болып, елдің өне гелі, ардақты азаматтарына айна-лып отырған аға-апамыздың жолын тіледік. Содан соң... әрине, осылай абыройлы, бақытты өмір сүрудің шартын сұрадық.

Көргені көп, сөйлесе, өнегелі әңгіме, ғибратты сөздер айтып, ұйытып әкететін Кендай ағамыз өткеніне ой жіберіп, естелік шом-ғандай болды:

– Жас күнімізде біз де түк білмедік қой. Бірақ, қай жағынан да өзіміз дұрыс таңдау жасадық деп ойлай-мын... Мына апайың Күләнді кезік-тіргенде ол маған қарамай қой ған. Соңынан бір жыл жүгірдім. Ол бізге жаңадан қызметке келіп жатқан еді. Барсам, қарамайды. Үнемі кітап оқып отырады. Әй теуір, өзім

көр генде қолынан Сәбит Мұ қановтың «Мөл д ір махаббаты» түспейтін. Сонда да қоймай, бара бердім. Ақыры, үйленіп, ша ңырақ көтердік. Біз отау құрғанда дымымыз бол-ған жоқ. Айдалада, темір жол стансасында тұрдық. Темір жолдың бойын да. Ай нала он шақырымға дейін кісі мекендемейді. Біз стансадағы жалғыз үйде тұ-ра тынбыз. Темір төсек пен

жұ мыстан берілген көрпе-жастықтан басқа дүниеміз жоқ. Ал нанды апта-сына бір рет автолавкамен жеткізіп береді. Сонда да біз мойымадық. Өмір ге құлшынысымыз күшті болды.

Осылай әңгімелесіп отырғанда Күлән апайымыз қазіргі жастардың атүсті үйленіп, тез ажырасып жата-тынына алаңдаушылығын білдірді.

– Бұл отбасын құндылық деп сана -мағандықтан. Жастардың бір-біріне

кешіріммен қарауға тырыс пай тын-дығынан. «Ашу – дұшпан, ақыл – дос» дейді, сол ақылды же текшілікке алмайтындығынан, - дейді ол.

Ал Кендай ағамыз дерекпен сөй-лейтін әдетінен жаңылмады:

– Мен өткенде бір жерден оқыдым. Бізде бір жылда 70 мың отбасы құ-рылса, 30 мың отбасы ажырасып жа тады екен. Бұл – өте қорқынышты нәрсе. Мемлекет мықты болуы үшін ондағы отбасы құндылығы мықты болуы керек. Әрбір отбасы діңгегі мықты шаңыраққа айналып, ондағы тәрбиеге баса мән беруі қажет... Бірақ, мен осы ажырасудың ең бас ты себебі қаражат жетіспеушілігі деп ойлай-мын. Мұндай сынақтарға жастар сабырмен қараса игі еді.

Сынақ демекші, Ахметовтер от-басына да тағдырдың сынағы аз беріл меген. Кендай ағамыздың күн-түн демей жұмыс істейтінін, төрт жыл бойы жапан түздегі темір жол бойында тұрғандарын, 1986 жылы Желтоқсан оқиғасына қатысып, қан-жоса болып, артынан біраз уақыт бойы тергеуге алынып, қыспаққа түскенін, тағы басқа қиындықтарды айтпағанда, бес жыл бойы сал болып жатқан екен. Иә, қырыққа таяғанда омыртқасына шершеу шығып, аяғын баса алмай қалады. Жан жары сүйеп, арқалап, емдеу орындарына апарады. Осылайша жарымжан күйдегі азапты тіршілік бес жылға созылады.

– Оның бәрі, құдайға шүкір, артта қалды ғой... Менің ойымша, адамның өмірі аққан өзен сияқты. Өзен ылғи түп-түзу болып, бір қалыпта ақпайды ғой. Оның да арнасы бұрылып отыра-ды. Біресе жыңғыл, тоғай арасымен,

біресе жазық даламен ағып оты-рады. Біз де сондай тіршілік кешіп келеміз. Бірақ, Аллаға тәубе дейміз. Өміріміздегі ең басты байлығымыз – балаларымыз аман-есен. Әрқайсысы отау тігіп, үбірлі-шүбірлі болып, абыройлы өмір сүріп келеді...

Кендай ағамыз бен Күлән апайы-мыз, расында, аз уақыттың ішінде көп ой салды бізге. «Мерейлі отбасы болу үшін, өнегелі ұрпақ тәрбиелеу үшін ең алдымен өзің өнегелі іс істе» деді Күлән апайымыз. Ал, Кендай ағамыз бүгінгі күні балаларды компьютер мен те ледидар алдына телміртіп, жал-пы тәрбиені экранға тапсыра салудың дұрыс еместігін айтып күйінді. «Ба-ланы бос қалдырмау керек. Жақсы-жайсаң жүрген жерге ертіп ала бару қажет. Сабақтан тыс уақыты болса, спорттық үйірмелерге беру керек. Әр баланың тәрбиесі мен адамдық болмысы үшін ең жауапты тұлға – ата-ана. Сондықтан, біз балалары-мызды қоғамдық ортаның, теле-дидар мен интернет көздерінің кері тәрбиесінен арашалап, уысымыздан шығармауға ұмтылуымыз қажет».

P.S. Белгілі ақын Күләш Ахметова айтпақшы, «отба-сы – әр адамның құтханасы». Құт ханасын қастерлеп, қа-дірлеп ұстаған адам ғана шы-найы отбасылық бақытқа қол жеткізбек.

Біз Кендай Ахметовтің отба-сымен танысып шыққан сәтте Күләш ақынның сөзінің растығына көз жеткізе түс кендей болдық.

Нәзира БАЙЫРБЕК

Page 13: 97 (3154) 2014-08-30

13www.astana-akshamy.kz

АЛҒАШҚЫ ЗАҢДАСТЫРУҒА ҮШ МЫҢ АДАМ ҚАТЫСТЫ

Елімізде алғашқы заңдастыру 2001 жылы өткізілген болатын. Сол жылдың 14 шілдесі мен 14 тамызы аралығында өткен шара «Қазақстан Республикасының азаматтарына олардың қаражатын заңдастыруға орай рақымшылық жасау туралы» заңымен реттелді. Заңдастыру бір реттік науқан ретінде өткізілді және тұлғаның заңдастыратын ақшасынан салық алынбайтыны және тиісті жауапкершілікке тартылмайтыны кепілдендірді. Нәтижесінде үш мыңға жуық азаматтың 480 млн доллар көлеміндегі қаражаттары заңдастырылды.

Айта кеткен жөн, 2006-2007 жылдардағы заңдастыруда тек ақша емес, сонымен қатар, жылжы-майтын және жылжымалы мүлікті де заңдастыруға рұқсат берілді. Осыған байланысты заңдастыру мерзімі ұзартылып, бір жылдан аса уақытқа созыл-ды. «Мүлікті заңдастыру бойынша рақымшылық жасау туралы» заң нормаларына сәйкес қолдағы дүниесінің құжатын түземекші болған азаматтар мен

заңды тұлғалар жекелеген қылмыс жасағаны үшін, әкімшілік құқық бұзушылығы үшін және тәртіп бұзушылығы үшін жауапкершіліктен босатылды. Заң шеңберінде мүлікті заңдастырғаны үшін мүлік құнының 10 пайыздық жинағы ғана алынды. Белгілі болғандай, жүргізілген науқан аясында 844,7 млрд теңгенің мүлкі заңдастырылған. Соның ішінде 538,4 млрд теңге қаражат пен 236,2 млрд теңгенің жыл-жымайтын мүлігі бар. Өз кезегінде республикалық бюджетке 59,6 млрд теңге түскенін ерекше атап өткен жөн.

Сонымен көлеңкелі экономикаға қарсы бағытталған биылғы заңдастыру қолдағы бар капиталды шығарып, оны экономикаға тартуды көздейді. «ҚР азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтияр хаты бар тұлғаларға мүлiктi жария етуiне байланысты рақымшылық жасау туралы» заңда жария етілетін мүлік пен қаражат заңды түрде экономикалық айналымға енгізілуі тиіс.

Бұл ретте Премьер-Министрдің бұрынғы орынбасары Бақыт Сұлтановтың «Мүлікті жария ету – әлемдік тәжірибеде бұрыннан бар. Еуропаның бірқатар елдерінде және АҚШ-тың көптеген штаттары мұндай акцияны бірнеше мәрте өткізіп тұрады. Өйткені капиталды көлеңкеден шығару проблемасы барлық елдерде бар. Ағымдағы жылы 1 қыркүйектен басталатын жаңа акцияны өткізудің алғышарты Қазақстан экономикасындағы көлеңкелі айналымның қомақты үлесі болып табылады. 2012 жылы көлеңкелі экономика үлесі жалпы ішкі өнімнің

19 пайызына жуықтады немесе шама мен 6 три -ллион теңгені құрады. Екіншіден, бұл – шетелдік инвестициялардың қысқаруы мен ағымдағы опе-рациялар шоты сальдосының төмендеуі. Сонымен қатар дағдарыс құбылыстарына байланысты банк секторы тарапынан экономикаға кредит берудің төмендегені байқалады. Осылайша, экономиканы дамыту үшін қосымша ресурстар тарту қажеттігі туындады» дегені есімізде.

КОМИССИЯ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫЖария ету объектілеріне ақша, бағалы қағаздар,

заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі, басқа адамға рәсімделген жылжымайтын мүлік, ел аумағында тұрған үйлер және ел аумағынан тыс жерлерде тұрған жылжымайтын мүлік жатады.

– Айта кеткен жөн, заңға сәйкес құрылыс ны-сандары және құрылымдары жоқ өз бетімен басып алынған жерлер және жер телімдері, онда салынған ғимараттар мен қондырғылар заңдастырылмайды. Сонымен қатар, жалпы қолданыстағы жерлер мен «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің аумағында орналасқан жер телімдері мен ондағы ғимараттар да заңдастыруға жат-пайтын объектілердің қатарына кіреді, - дейді жекешелендіру саласының маманы, заңгер Нұржан Сейтматов.

Ал, ақшаны заңдастырудың тетіктеріне келсек, екінші деңгейлі банктердің арнайы депозиттік шотына ақша аудару арқылы жүргізіледі. Заңдастырылатын ақша арнайы депозиттік шотта бірнеше жыл бойы тұруға тиіс. Бұл ретте нарықтық мөлшерлеме бойынша сыйақылар төленетінін ұмытпаған жөн. Егер, банктердің арнайы депозиттік шотындағы ақшаны мерзімінен бұрын алған жағдайда заңдастыру үшін 10 пайыз көлемінде төлем алынады.

Тағы бір жаңалық, мемлекеттік құнды қағаздарды, «Халықтық ІРО» шеңберіндегі ак-цияларды, ұлттық компаниялардың, басқарушы холдингтердің, даму институттарының облигация-ларын, екінші деңгейлі банктердің облигацияларын, қазақстандық қор биржасына салынған басқа да бағалы қағаздарды, жекешелендіру шеңберіндегі нысандарды сатып алған жағдайда ешқандай төлем алынбайды. Егер азаматтар мұндай инвестициялық тетіктерді пайдаланғысы келмесе, ол жоғарыда

айтылғандай, заңдастырылатын ақшаның 10 пайызы мөлшерінде алым төлеп, өз ақшасын өзі басқаруға құқылы.

МҮЛІКТІ ЗАҢДАСТЫРУ ҚАЛАЙ ЖҮРГІЗІЛЕДІ?

Мүлікті заңдастыру тәртібіне тоқталсақ, ол үшін азаматтар жергілікті атқарушы органдардың жанындағы комиссияларға арыз және тиісті құжаттарды беру қажет. Мүлікті (ақшадан басқа) заңдастыру үшін төлем алынбайды. Заңдастыруға жататын мүлік (ақшадан басқа) осы мүлік туралы комиссияның заңдастыру туралы шешімі шыққан күннен бастап заңдастырылған мүлік деп танылады. Мемлекеттік тіркеуге жататын заңдастырылған мүлік заңдастырушы азаматтардың жеке өтініші бойынша тіркеледі. Мүлікті заңдастырушы аза-мат заңдастырылған мүлікті тіркеу жөніндегі шығындарды жеке өзі көтереді, соның ішінде құжаттарды дайындау және жасау шығындары бар.

Ал, шетелдегі мүлікті заңдастыру үшін 10 пайыз алым алынады. Осыған байланысты берген өтінішті комиссия салық органы өтініш берілген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қарайды.

Заңдастыру шарттарында рақымшылыққа жатпайтын қылмыстар бар. «Атап айтқанда, жалған кәсіпкерлік, жеке кәсіпкерлік субъектісінің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру ниетінсіз мәміле жасасуы, несиенi заңсыз алу және мақсатсыз пай-далану, бағалы қағаздармен операциялар жүргiзу ережелерiн бұзу, жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау немесе сату, экономикалық контра-банда, кеден төлемдерi мен алымдарын төлеуден жалтару және рейдерлік» деп мәлімдеді ҚР Бас прокурорының орынбасары Андрей Кравченко.

P.S: Заңға сәйкес, мүлікті жария ету үшін Астана әкімдігі жанынан құрылған комиссияға мүлiктi жария ету туралы өтініштің екі данасын, өтініш берген кезде жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы мен көшiрмесiн, ғимараттар мен құрылыстарға техникалық тексеру жүргізген аттестатталған сарапшының қорытындысын, жылжымайтын мүлік объектісінің техникалық паспортын тапсыру керек.

Гүлмира ШАРХАНҚЫЗЫ

Достық пен татулық, келісім мен бірлік сияқты адам сыйластығын білдіретін сөздер құлаққа жаттанды естілгенімен, шын мәнінде, орнықты қоғамның берік негізін қалайтын маңызды фактор екеніне көзіміз жетіп отыр. Біздің мемлекеттің қол жеткізген жетістіктерінің бастауында бүкіл қазақстандықтардың өзара достығы мен ынтымағы көрнекі жерден орын алуының басты себебі де осында. Әрбір азаматтың тең құқылығын этносаралық қарым-қатынастың негізгі қағидаты санайтын мем-лекет саясаты алғаш рет 1995 жылы 30 тамызда өткізілген республикалық референдумда қабылданған Ата заңымызда жазылды. Онда «Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, наны-мына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген жағдаяттар бой-ынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды» деп, этностар мен конфессиялар арасындағы келісімнің жаңа үлгісін жария етті.

Ата заңымыздың тағы бір артықшылығы – титулды және титулды емес халық деп қазақстандықтардың арасын ашқан жоқ. Қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі ресми түрде қазақ тілмен тең қолданылады. Бұл өзге этнос арасында қолдау тауып, олардың жауапкершілігін арттыр-ды. Жаңа заң қабылданған күннен бастап этностардың өз мәдениеті мен тілін, тарихын зерделеуге барлық мүмкіндік жа-салды. «Әртүрлілік арқылы – бірлікке» деген біріктіруші қағидат жаңа

мән-мағынасымен толықты. Біздер, әртүрлі этностардың

өкілдері, өскелең ұрпақтың болашағына алаңдамаймыз. Еліміздегі халықтар арасындағы достық пен бірліктің, тағаттылық пен төзімділіктің, өзара құрметтің салтанат құратынына сенімдіміз. Себебі, бұған біздің Консти-туциямыз кепілдік берген.

Салман ГЕРОЕВ, «Вайнах» шешен-ингуш

этномәдени орталығының жетекшісі

Page 14: 97 (3154) 2014-08-30

АДВОКАТТЫК КЫЗМЕТТI ЖЕТIЛДIРУ КАЖЕТ

14www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

– Бауыржан Әскербекұлы, шетел тәжірибесіне сүйенсек, адвокаттық қызмет – мәртебелі мамандық. Тіпті, дамыған елдерде «отбасылық адвокат» қызметі барынша жетілген. Біздің елімізде бұл қызметтің жағдайы қалай?

– Жасыратыны жоқ, біздің елі-мізде адвокаттық қызметтің жағдайы төмен. Бүгінгі қоғамда, қарапайым қоғам мүшелері арасында құқыққа деген көзқарастың өзгеруі, жал-пы құқыққа байланыс ты бағаның төмендеуі нигилистік сананың да-муына әкелуде. Мәселен, қызмет ба бында, іс барысында министрлікте жұмыс істейтін лауазымды тұлға-лармен жиі әңгімелесуге тура келеді. Сонда байқағаным, заңды бақылайтын кейбір кісілердің өзінің құқықтық сауаты төмен. Сондықтан, алдымен адамның құқықтық санасы өзгермей, заң шеңберінде іс-әрекет етуді үйренбей қоғамның дамуы екіталай деп ойлаймын. Ал, елімізде адвокаттық қызмет жетілдіруді талап етеді.

– Еліміздің әрбір қаласында адвокаттар алқасының жұмыс істейтінін білеміз. Олар азамат-тарға қандай қызмет көрсетеді?

– Қазақстан Респуб ли касының

1997 жылғы 5 желтоқсанда қабы-лданған «Адвокаттық қызмет ту-ралы» заңы бар. Сол заңның 4-ба-бына сәйкес, адвокаттар ауызша және жазбаша нысанда құқықтық мәселелер бойынша кеңес береді, арыздар, шағымдар, өтініштер мен құқықтық сипаттағы басқа да құжаттарды жасайды, сенім біл діру-шінің өкілі ретінде азаматтық сот ісін жүргізуге, қорғаушының немесе сенім білдірушінің өкілі ретінде қылмыстық және әкімшілік сот ісін жүргізуге қатысады. Медиация жүргізу кезінде, төрелікте, аралық сот та және дауларды шешетін өзге де органдарда істерді талқылауға сенім білдірушінің өкілі ретінде қатыса алады. Мемлекеттік органдарда, қоғамдық бірлестіктер мен өзге де ұйымдарда сенім білдірушінің мүддесін білдіреді. Сонымен қатар, сенім білдірушінің өкілі ретінде атқарушылық ісін жүргізуге, сондай-ақ, қылмыстық жазаны орындау кезінде қатысады. Және біздің заң-дарда тыйым салынбаған өзге де құ қықтық көмектерін көрсетеді.

– Ендеше осы қыз метті жал-даудың құны қанша?

– Бұл ақылы қызмет болған дық-тан, ең алдымен, адвокатпен ке-

лісімшартқа отырады. Адвокаттың қызметі екі жақтың келісімімен белгі ленеді. Адвокат шарт жаса-спастан бұрын ақысын атқаратын жұмысының ауқымына, істің дең-гейіне, өзінің біліктілігі мен тәжі-рибесіне қарай тағайындайды.

– Азаматтар сіздің қызме ті-ңізге көбіне қандай істер бойын-ша жиі жүгінеді?

– Менің ойымша, жыл сайын адвокаттардың қызметіне жүгі не-тіндер саны артып келеді. Маған көбіне әкімшілік және азаматтық істер бойынша көмек сұрап келеді. Сонымен қатар, бүгінгі қоғамда еңбек дауы ушығып тұр. Аза-маттардың көбі жұмыстан заңсыз босатылған жағдайда адвокаттық қызметке жүгінеді. Мәселен, Ас-тана қаласында азаматтарды жұ-мыс тан оңай босата салу көп кез-деседі. Көптеген басшылар Еңбек кодексіндегі заң талаптарын сақтай бермейді. Осы ретте мекеме бас-шылары алдымен заң талаптарын басшылыққа алып, адам тағдырына жауаптылықпен қараса деймін.

– Қазір елордада адвокаттық кеңселер көбейіп келеді. Бұл ком-мерциялық ұйымға жата ма?

– Жоқ, адвокат кеңсесi – ком-

мер циялық емес ұйым. Ол адво-кат тардың заң көмегiн көрсетуiнiң мате риал дық, ұйымдастырушылық-құқықтық және өзге де шартта-рын қамтамасыз ету мақсатында құрылады. Айта кеткен жөн, адво-кат кеңсесiн адвокаттар алқасының мүшесi құрады. Сонымен қатар, ад-вокат тек бiр ғана адвокат кеңсесiнiң құрылтайшысы бола алады.

– Осы салада «Адвокат құ-пиясы» деген термин кездеседі. Оны қалай түсінуге болады?

– Бұл термин туралы заңда ар-наулы бап бар. Яғни, «Адвокаттық қызмет туралы» заңның екінші тарауындағы 18-бап адвокат құ-пиясына арналған.

Азаматтардың адвокатқа жүгiну фактiсi, көмек сұрап өтiнiш жасаған адаммен және басқа да адамдар-мен жасалған ауызша және жазба-ша келiссөздердiң мазмұны тура-лы, көмек сұрап, өтiнiш жасаған адамның мүдделерiнде жасалатын әрекеттердiң сипаты мен нәтижелерi туралы мәлiметтер, сондай-ақ құ-қықтық көмек көрсетуге қатысты өзге ақпараттар – адвокат құпиясы. Екіншіден, адвокаттардың, олардың көмекшілері мен тағылымдамадан өтушілердің адвокаттар алқасы

төралқасы, заң консультациясы, адвокат кеңсесi қызметкерлерiнiң заң көмегiн көрсетуге байланысты алынған мәлiметтердi жария ету-ге, сондай-ақ өз мүдделерi немесе үшiншi бiр адамдардың мүдделерi үшiн пайдалануға құқы жоқ. Со-нымен қатар, адвокат құпиясына жататын мәлiметтердi көмек сұрап өтiнiш жасаған адамның келiсiмiнсiз жария еткен адвокат заңға сәйкес жауапқа тартылады.

– Соңғы сауал: азаматтардың құқықтық сауатын жетілдіру үшін не істеу керек?

– Олардың құқықтық сауатын арттыруда, алдымен кеңес берудің тиімді жолдарын қарастырған аб-зал. Әсіресе, тұрғын үй, жер, еңбек дауы, әлеуметтік және басқа да мә-се лелерді оңтайлы шешу жолдарын ке ңінен түсіндіру қажет. Елбасы Қа-зақстанның өркендеуі үшін құқық-тық сауаттылықты, тәрбиені, са наны жетілдіру қажеттілігіне на зар ауда-рып келеді. Еліміздің заң да рын сақтау – жауапкершілікті, тү сі ністікті, заң талаптарын білуді және соған сәйкес мінез-құлық пен іс-әрекеттерді үй-лестіруді талап етеді.

– Әңгімеңізге рахмет! Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ

Page 15: 97 (3154) 2014-08-30

15www.astana-akshamy.kz

ЖАСЫЛ МЕШІТТЕ НЕ СЫР БАР?

Астана қаласындағы ең көрнекті көшелердің бірі Абайдың атында. Бес шақырымнан асып жығылатын осы көшені бойлап, шаһардың ескі орталығына таяғанда, оң жақтан қызыл кірпіштен қаланған, биік бағандары бар шарбақ кезігеді. Ескі екенін білініп тұратын қақпасы да бар. Бұл – заманында «Жасыл мешіт» немесе «Татар мешіті» деп аталған құрылыстан қалған қалдық.

Бір кездері мұсылман жамағатына қалтқысыз қызмет еткен татар мешітінің құрылысын Астананың орнындағы байырғы қаланың ең бай адамы атанған Нүркей Зәбиров жеке қаражатына салдырыпты. Ол көпестің әдеті сол, қандай құрылыс тұрғызса да жасыл бояумен сырлайтын болған екен. Сол себептен көпшілік «Жасыл мешіт» атап кеткен. Бұл сөзімізді белгілі та-рихшы Жамбыл Артықбаевтың мы-нау сөзі қуаттай түседі: «Есіл-Нұра алқабында қазақ заманындағы керуен жолдармен жүрсеңіз ескі көпірлердің, бекеттердің қалдықтарын табасыз. Егер осы қалдықтардың жасыл бо-яумен боялғанын байқасаңыз, онда бұл құрылыстардың салынуына көпес Нүркей Зәбировтің қатысы бар деп есептеңіз».

Астана тарихын зерттеуге бел шеше кіріскен тарихшының айтуынша, бұл мешіттің қай жылы жабылғаны туралы мәлімет жоқ. Алайда, көне құрылыстың көп жылдар Пионерлер үйі ретінде қызмет жасағанын қаланың бұрынғы тұрғындары біледі. Пионерлер үйі кейін келе қалалық партия комитетінің ғимаратына көшіріледі. Осы жылда-ры жергілікті тұрғындар мешіттің ағаштарын ұзақ уақыт бойы отынға пайдаланады. Енді құлшылық үйінің қызметін қайта қалпына келтіру мүмкін емес еді. Ақыры, оның орнына үш қабатты тұрғын үй салынды.

Міне, Абай көшесінен ескі орталыққа таяп, Республика даңғылына жете бер-генде оң жақтан көзге шалынатын жасыл қаңылтырлы телпек киген тас бағандар, темірден иілген шарбақ пен биік арканың сыры осындай.

КУБРИНДЕРДІҢ ҚОЛТАҢБАСЫ

Кубрин. Көпес Кубрин. Шамамен 1830 жылдары Ақмола жеріне қоныс тепкен казак әулеті осы өңірліктерге жақсы таныс. Әулеттің атасы –Констан-тин Кубринді патшалық Ресей Ақмола бекінісінің негізін салушы ретінде

таныған. Оның Андриан және Матвей есімді ұлдары болды. Әкесі тәрізді олар да саудамен айналысып, бай көпестердің қатарынан көрінді. Андриан мал ұстап, шарап ашытумен айналысқан, Ақмола жерінде ең алғаш сыра зауытын ашқан. Ал, Матвей қалада саудамен айналысады. Қаланың қоғамдық өміріне араласып, кейбір бастамаларға демеуші де болды. Бірақ кейін Матвей өзінің шаруасын ұлы Василийге тастап, Ресейге қоныс тебеді. Әкесінің сауда саласындағы тәжірибесін жинақтаған Василий ата кәсібін тез меңгеріп кетеді. Осылайша, Ақмола жерінде көпес Кубриндер әулеті тарихта қалады.

Тарихта қалғаны сол, Кубрин тұрғызған ғимараттардың бірнешеуі әлі де қаланың ажарын ашып тұр. Мәселен, Кенесары мен Әуезов көшелері қиылысындағы үй айрықша архитек-турасымен бас шайқатады. Бүгінде Украина Елшілігі отырған нысанның тарихи Василий Кубриннен басталады. Ресейге жиі барып тұратын ол бірде Петербургте әртіс қызды жолықтырады. Аруға қатты ғашық болған Василий оны Ақмолаға әкелуге бел буады. Қыз да Василийді ұнатқанымен, жер түбіндегі мекенге келгісі келмейді. Қыздың Петербургтегі жағдайы тым жақсы. Өзі тұратын салтанатты үйі, тіпті, ғажап. Ол Василийдің Ақмоладан дәл осындай үй салып беретініне күмәнмен қарап, оған қиындау талап қоюды ұйғарады. Талабы – Ақмоладан дәл сондай үй салдырту.

Қаржысы ұшан-теңіз көпес аянсын ба, Ресейден шеберлер алдырып, екі жылдың ішінде, 1910-1912 жылда-ры осы үйді салдырыпты. Ауласына көпестің өзі ағаш егіп, сәнін келтіреді. «Ресей» сақтандыру қоры» мекемесіне 1913 жылы 700 жылқы немесе 40 мың рубльге бағалап, сақтандырып та қояды. Өкінішке қарай, салтанаты жарасқан үйде Василийге ұзақ тұруды тағдыр жаз-бапты. Сол кездегі бірінші дүниежүзілік соғыстың басталуы, қазақ даласындағы ұлт-азаттық көтеріліс, Ресейдегі қазан төңкерісі, Кеңес өкіметінің орнауы сынды төтенше оқиғалар Кубриндер әулетінің мазасын қашырып, Ресейге көшулеріне тура келді.

Қазан төңкерісінен соң Кубриндер әулетінің үйлері мен дүкендері Кеңес өкіметінің қолына өтеді. Әртіс қыздың қалауымен салынған үй жұмысшылар клубы мен кітапханаға айналады. Кейіннен атқарушы комитеттің үйі бола-ды. 1930 жылдардағы Сталиндік қуғын-сүргін кезінде үйдің жертөлесі қудалауға ұшыраған зиялылардың жасырын бас

қосатын мекені болса, 1950 жылдары мұнда білім басқармасы орналасты. Ал, алпысыншы жылдары облыстық тарихи-өлкетану мұражайына мекен болды. Отыз жылдан астам уақыт бойы мұражай үйі қызметін атқарған ғимарат кейіннен мұражай қорына арналған орын болды. Бүгінде бұл ғимарат Астана қаласының мақтанышы ғана емес, туристердің де келіп қызықтайтын басты орындарының бірі.

Астанадағы тарихи ғимараттардың

санатындағы бүгінгі ардагерлер емхана-сы да елордаға көнелік сипатымен сән беріп тұр. Бұл ғимаратты көпес Кубрин тұрмысқа шыққан қызы үшін салдырған

көрінеді. Нысанның құрылысы енді біткенде, қалада қызылдар төңкерісі басталып кетеді де, көпестің дүние-мүлкі тәркіленіп, қызы Қарағандының

жанындағы Долинка ауылында орын тепкен еңбекпен түзеу лагеріне айда-лады.

Ғимараттың қабырғасындағы қызыл кірпішті құрылысшылар түу Орал топырағынан түйемен тасыған екен. Астананың тарихына қатысты деректер-де бұл үй кейін коммунистік партияның Ақмола уездік комитетіне, содан кейін облыстық кеңестің атқару комитетіне берілгені жазылған. Іле-шала облыстық партия комитетінің емханасына айна-лып, ұзақ жыл бойы осы бағытта қызмет еткен.

ҚОСШЫҒҰЛОВТАРДЫҢ КӨЗІ

Астана тарихына үңілсек, шаһар бір кездері сауда-саттықтың, жәрмеңкенің орталығы болғанын көреміз. Қала кәсіпкерлігінің дамуына қазақ іскерлері де елеулі үлес қосты. Орыс-татар көпестерімен дәулет жарыстырып, бәсекеге түскен қазақ азаматтары көшін ағайынды Қосшығұловтар бастай-ды. Әулет басшысы – Баймұхамбет Қосшығұлұлы. Олардың атын шығарған – Ақмоладағы кондитер фабрикасы – қазіргі Абай даңғылындағы Халыққа қызмет көрсету орталығы мен «Абай» қонақ үйінің арасында орналасты. Сол тұста дәл осындай кәсіпорын қазақ қалаларында жоқтың қасы еді. Фабрика түрлі тәтті тағамдарды шығарды.

Баймұхамбет Ақмоладан үш дүкен ашады. Оларға келушілер күн өткен сайын көбейеді. Қала тұрғындары өлшеп алса, бақалшы саудагерлер арбалап алып қырға апарып сатады. Фабрика уақыт өткен сайын қуатын арттыра түседі.

Мұндай ел игілігі үшін қызмет етуді Баймұхамбеттің балалары да назарла-рынан тыс қалдырмайды. Ақмоладағы жалғыз ағаш мешіт өртеніп кеткен соң баласы Бекмұхамбет жеке қаржысына мешітті тастан қайта тұрғызады. Оның жанынан мұсылман жастарының медресесін ашады. Бұл білім ошағының негізі қазіргі Бөкейханов көшесінде әлі бар.

Ал жоғарыдағы кондитер фабрика-сы оның ұлы Нұрмұхамбеттің қолына көшкенде, ол әкеден қалған дәулетті өсірмесе кемітпейді. 1929 жылы кеңес өкіметі тартып алғанша Ақмола мен оның маңайындағы елді өзінің өнімімен толық қамтамасыз еткен.

«Астана» энциклопедиясындағы де-ректерге сүйенсек, Қосшығұловтардың үлкені – Шәймерден ресейдің екінші Мемлекеттік думасына Ақмола облысы-нан депутат болып сайланған.

Асхат РАЙҚҰЛ

Page 16: 97 (3154) 2014-08-30

...1958 жылдың қаңтарындағы сары аязда Ақтөбе, Қызылорда облыстарында бірінші хатшы, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің хатшысы болған Мұхамедғали Әленұлы Сужиков Семей облыстық партия комитетінің бірінші хатшылығына ауысқанда ежелгі қазақ жері, ұлылар мекені, қазақ әлеміне Абай, Шәкәрім мен Мұхтарды берген қасиетті өңірдегі қасіреттен еш хабары жоқ еді. Ал күндердің күнінде өзінің жоғары партиялық қызметтен кетуіне негізгі себеп осы Семейдің сынақ полигоны болатыны үш ұйықтаса да түсіне кіре қоймаған еді.

Білім де, тәжірибе де жететін Мұхаң жаңа жұмысқа ерекше жігермен кірісті. Облысқа келісімен өңірдің негізгі кәсіп-машығының бірі – мал шаруашылығына ерекше көңіл бөледі. Мал тұқымын асылдандыруға, сүт өндіріп, мал бордақылау кешендеріне айрықша на-зар аударады. Облыс 1958 жылдары мемлекетке 70 млн пұт астық тапсырса, бұл облыстың бұрынғы жеті жылда тапсырған астығының көлеміне тең еді. Ет, жүн өнімдері өткен үш жылдағы көрсеткіштерді қосқанмен бірдей бола-тын. Соңғы екі жылда ірі қара 50 мың басқа өссе, қой 555 мың, жылқы 15600 басқа көбейді, т.б.

Алайда, осылай қысқа мерзімде об-лыста келелі істердің иесі болған, бұрын да жалпы Қазақстанның мәдениеті мен экономикасының дамуына үлкен үлес қосқан, Еңбек Қызыл Ту, екі рет «Құрмет Белгісі» ордендері мен көптеген медальдардың иегері, республикамызда өзіндік бедел мен кұрметке ие болған, барлық қызметте ұйымдастырушылық таланты жарқырай көрінген Сужиков Мұхамедғали Әленұлы облыста бас-аяғы екі жарым жыл ғана қызмет етті. Жоғары билік оның маңайында айқай-шу ұйымдастырып, орнынан алды.

Жағдай былай болған еді. Ол кезде Семейдегі сынақ полигонының зар-даптары жөнінде материал өңірдегінің барлығын ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстап отырған облыстық партия комитетінде де жоқ болатын. Бәрі жасырын, бәрі құпияда ұстап, тиісті мекемелер қатаң қадағалайтын. Сол себепті әуелі кезде Сужиков та ештеңе біле қойған жоқ. Бірақ хатшы көп ұзамай бұрын-соңды кездеспеген оқиғаға тап болады. Кейде түн ортасына дейін жұмыста отырып, ертеңгісін кел-генде обком үйі терезесінің сау тамтығы қалмағанын көреді. Жер шайқалғанда жылу қазандықтарындағы пештерден шоқ төгіліп, содан өрт шыққан кездер де болған. Сонан соң жұмыс барысында аудандарды аралағанда адамдардың денсаулығымен танысады, байқайды. Өз бетінше ақпарат жинайды. Бірақ, бірден тікелей әрекетке бара қоймайды. Қолда нақты мәліметтер жоқ еді.

Айтулы радиолог маман, кейін академик болған Сайым Балмұханов өзінің «Атомный полигон моими глазами» деген мақаласында Семей облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы М.Ә.Сужиковтың кабинетінде бірінші кездескенде Полигон өкілі бұрын дайындалған мәліметтерін ай-тып, сол кездегі байқалған симптомдар мен синдромдардың негізгі себебін витаминдердің жетіспеушілігімен, тұрғын халықтың бруцеллез, тубер-

16www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

кулез, т.б. сырқаттарға бейімдігімен түсіндіріп, сынақтың тікелей зарда-бына шаң жұқтырмағаның жаза-ды. Қарсы жақтың бұған ол кездері дәлелдері бола қоймайды. Өйткені, қолда тұрғындардың тамақтарындағы витаминдердің жетер-жетімсіздігі ту-ралы ешқандай мәлімет жоқ еді. Ар-найы құрылған, кейін жоғарғы жақтың қысымымен таратылған экспедицияның арқасында Қарағанды облысының Шұбартау және Ақтоғаймен салыстыра отырып, Саржал, Қайнар, Қарауыл елді мекендеріндегі сыртқы даланың, тамақ өнімдеріндегі радиоактивтілікті зерттегенде, оның мөлшері, әсіресе,

қой еттерінде, сүт өнімдерінде ерекше жоғары екендігі байқалады. Осыларды және басқа мәліметтерді республиканың жетекші маманы С.Балмұхановтан білген М.Ә.Сужиков зорға деп обкомның бюро мүшелерінің келісімін алып, Семей полигонындағы атом және термоядролық қаруды сынаудың зар-даптары туралы 1959 жылы КПСС Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Н.С.Хрущев пен Қазақстан Компар-тиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Н.И. Беляевке құпия ашық хат жолдаған болатын. Мұхаңның өзі айтқандай, «халық өліп жатқанда үндемей, үнсіз келісіп, әрекет етпей отыра алмаған». Өйткені, Мұхамедғали Әленұлының ар-ожданын әркез халық қамы, соның мүддесі басқаратын.

Алайда, хатқа еш жауап келген жоқ, тек КСРО Министрлер Кеңесі Семейдің жергілікті халқына аз да бол-са материалдық және медициналық көмек көрсету жөнінде құпия қаулы қабылдайды. Бұл сынақ басталғаннан 10 жыл өткеннен кейін қабылданған бірінші шара болатын.

Хат Мәскеу мен Алматының бірінші хатшы жөніндегі көзқарасын күрт өзгертеді. Оны мынадан байқауға бола-ды. 1959 жылы Семей облысы мемле-кетке ет және басқа ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен өткізуде жоғары көрсеткіштерге жетіп, социалистік міндеттемесін орындап шыққанда Мұхамедғали Әленұлы «Еңбектегі ерлігі үшін» («За тудовую доблесть») медаліне ғана ие болады. Ол кезде мұндай жетістіктер үшін облыстық партия комитеттерінің бірінші хатшылары ең кемі Еңбек Қызыл Ту орденімен мара-патталатын.

Біздер осы хатты аса құпия бол-са да, жазылғанынан бері көп уақыт өтті ғой, «бәлкім, табылып қалар» деген үмітпен көп іздедік. Семейде,

Алматы мұрағаттарында болдық. Ресей мемлекеттік әлеуметтік-саяси тарихы және Ресей мемлекеттік жаңаша та-рих мұрағаттарының директорларының ат-тарына сұрау салдық. Бірақ олардан мұндай құжаттың жоқтығы т у ра л ы ж ау а п та р алдық. 2009 жылы Мәскеуде болғанда Ре-сей мемлекеттік жаңаша тарих мұрағатының бөлім меңгеру шіс і маған «бұл құжаттар Президенттің мұрағатында

құпия сақталуы мүмкін. Ол біздің қолда жоқ» деді. Сонымен хатты табу үміті ақталмады. Бірақ, оның жазылғаны ту-ралы М.Ә.Сужиков 1991 жылғы шілденің 20-сы күні шыққан «Казахстанская правда» газетінің саяси шолушысы Л.Вайдманға берген «Үшінші дүние жүзілік соғысқа арналған бомба» атты сұхбаты мен 2001 жылғы 23 тамызда «Ана тілі» газетінде басылған «Хрущев-ке хат жазған себебім» деген мақалада айтқан еді. Осы хаттың тарихы туралы әңгімені академик Сайым Балмұханов ағамыздан да естідік.

Семей сынақ полигоны туралы жазылған хат Мұхаңның тағдырын шеш-кен еді. Бірақ, құпия мәселемен қайсар хатшыны орнынан босата салудың ол кез-де реті келмеді. Сондықтан екі Орталық М.Ә. Сужиковтен құтылудың амалын іздестірумен болады. Оның «Қазақстан Магниткасы» аталған Теміртаудағы құрылыста болған атышулы оқиғамен орайы келді.

Теміртау трагедиясы 1960 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің арнайы жабық пленумын-да «Қарағанды металлургия зауыты құрылысындағы істің жағдайы туралы» деген күн тәртібімен қаралады. Пленумда сөз сөйлеген М.Ә. Сужиков Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бюросын принципті мәселеде партиялық пайымдылық танытпағаны үшін қатты сынайды. Ол бюроның басты кінәсі, ең алдымен, облыстық партия комитетінің бірінші хатшысын сәтсіз таңдауында болғанын, оның тіптен шикі екенін атай отырып, Қазақстанның аса ірі аймағының басшылығына тиісті мектептен өтпеген, бірінші басшылық қызметтен тәжірибесі жоқ, басқа ұйымнан шақырылған, республиканың ерекшеліктерін білмейтін, таза функционердің басшылыққа қалай келгенін және кімнің ықпалымен келгенін түсіндіру керек

еді дейді. Осы бірінші хатшысының кінәсінен бюро мүшелерінің арасында алауыздық пен жікшілдік пайда болып, облыс партия ұйымында теріс жағдай қалыптасқанда да Орталық Комитеттің бюросы тиісті шешім жасай алмағанын атап көрсетеді.

Кеңес кезінде Қазақстанға келген орыс текті басшылар қазақтың тарихын, салтын, әдет-ғұрпын, оның әдебиеті мен мәдениетін білуге тырыспайтын, білгілері де келмейтін. Оған қажеттілік болмады. Бұл сияқтылардың аңсары Мәскеуге ауатын да тұратын. Бұлар жоғары лауа-зымнан босай сала, Мәскеуге тартатын. Исаев та сондай кадр болатын.

Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің пленумындағы «Семей об-комы хатшысының ұлтшылдық сипаттағы сөзі» жайындағы хабар Мәскеуге жедел жетеді. Апта өткенде тиісті нұсқаулар алған, КПСС Орталық Комитетінің нұсқаушысы Мәскеуден асығыс ұшып келіп, «ұлтшылды» қырына алады. Оның бұрынғы қызмет істеген облыстарының бәрінде болады. Үш айға созылған тексерістен Сужиковты айыптауға, жұмыстан босатуға негіз болатындай қомақты ешнәрсе қолға түсе қоймайды. Содан мәскеуліктер мен алматылықтар қайта-қайта жиналып, қайта-қайта ақылдасып, дәл осы кездегі облыстағы мал шаруашылығы саласындағы социалистік міндеттемелердің орындалу барысын негізгі нысана етіп алудан басқа амал таба алмайды.

Расында да, 1959 жылдың жазы мен 1960 жылға қараған қысы жалпы ауыл шаруашылығы үшін өте қолайсыз болған еді. Жауын-шашынның аз бо-луына байланысты қуаңшылықтан көп аудан, шаруашылықтар малға шөп дайындай алмайды. Қыстың аса қатал болуынан мал қырылды. Ол тіптен көп болуы да, бұл жылы Семей облысының ауыл шаруашылығынан

социалистік міндеттемесін орындай алмауы да мүмкін еді. Алайда, М. Сужи-ков қыстың зардаптарына қарсы жан-жақты ұйымдастырушылық шараларды жүзеге асырады. Тынбайды, малшылар ауылын түгел дерлік аралап, маман-дармен кездесіп, күш беріп, облыстың мүмкіндігін толық пайдаланады.

Әрине, мұндай қыстан шыққан малдың өнімділігі де дәл тексеріс кезінде жоспардағыдан төмен болады. Оның үстіне, маусым-шілде-тамыз айларында мал да тойынып, тиісті өнім бере ал-майтыны белгілі. Бірақ, «Табиғаттан рахым күтіп отыра алмайтын, оны тар-тып алу міндетіне айналған» кеңес өкіметінің кейбір басшылары өзінің мақсатын жүзеге асыру үшін мұндай ауа райының қолайсыздығымен санас-пайтын. Сужиковты орнынан алудың бұдан басқа сылтауы жоқ еді. Сондықтан, тексерістің қорытындысын дереу КПСС Орталық Комитетінің органы «Правда» газетінде «Сөзі ісіне сәйкес емес» деген мақала етіп шығарып, күн ілгері үкім шығарып қояды. Онда шыққан мақаланы ешкім теріс деп айта алмайтын. «Правдаға» шықсаң болды, «Бастық болсаң, орынтағынды босата бер, ауру болсаң, көрге түсер киіміңді дайында, басқа жол жоқ» деген қатаң принциптің бет қаратпай тұрған кезі еді. Аты «Прав-

да» болғанымен, жазғанының барлығы шындық емес еді. Содан 1960 жылғы 27 тамызда өткен Қазақстан Компар-тиясы Орталық Комитетінің бюросы «Семей облыстық партия комитетінің ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді көбейту жөніндегі және облыс колхоз-дары мен совхоздарының 1960 жылға қабылдаған социалистік міндеттемелерін орындаудағы қанағаттанғысыз жұмысы туралы» және осы мәселе жөніндегі КПСС Орталық Комитеті аппара-ты қызметкерлерінің хаттарын қарап, облыстық партия комитетінің ауыл шаруашылығын басқарудағы елеулі кемшіліктері мен қателіктері үшін М. Сужиковты обкомның бірінші хат-шысы және бюро мүшесі міндетінен босатады. Бюро осы шешім мен «Прав-да» газетіндегі «Сөзі ісіне сәйкес емес» атты мақала облыстық партия комитетінің пленумында талқылансын деген қаулы қабылдайды. Бұл іле-шала қыркүйектің 3-інде Семей облыстық пар-тия комитетінің пленумында қаралып, бюрода қабылданған шешім күшіне енеді. Алайда, Мұхамедғали Әленұлы жұмыстан босағаннан үш айдан кейін республикалық, облыстық газеттер Се-мей облысы социалистік міндеттемелерін мерзімінен бұрын орындағаны жөнінде рапортты жария лап жатты.

Сөйтіп, кеңестік идеологияның түсінігі бойынша «ұлтшыл» аталған, біздің ұғымымызша – өз ұлтын сүйген, халқы үшін ештеңеден тайынбаған қайсар қайраткер Мұхамедғали Әленұлы Сужиков күш-жігерінің толып, ақыл-ойының кемелденген кезінде, ердің жасы елуге толуына он шақты күн қалғанда Семей облысы пар-тия комитетінің бірінші хатшылығынан осылай босаған еді.

Әбдіжәлел БӘКІР,саяси ғылымдар докторы,

профессор

Page 17: 97 (3154) 2014-08-30

17

30.08 / 11 00 , 12 00

30.0830.08

30.08

30.08

01.09

01.09

01.09

12.09

30-31.08/ 09 00

30-31.08/ 10 00

30.08/ 10 00

30.08/ 10 00

30.08

30.08

01.09

30.08ТАМЫЗ

Д о с т а р ы м е н а л а ң с ы з к ү н кешіп, ҰБТ-ға бірге дайындалды.

Сынақ сәтін сәтті өткізіп, үздіксіз жылдардың үздік оқуын ақтайтынын, сөйтіп, газет бетіне басылатын грант тізімінен өз есімін оқитын кезді де қаншама елестетіп, арманмен күн жалғап еді. Әттең... Бір-ақ ай қалғанда, денсаулығы сыр беріп, дәрігерлер ҰБТ-ға қатысуға тыйым салды.

Емдеуге кірісті. Ендігі мекені – аурухана. Көз алдындағы Алма-ты, экономика факультеті, бәрі-бәрі жайына қалды. Аудитория-да тест сұрақтарына жауап беріп емес, амалсыздан дәрі қабылдап, өзінің төсектегі танылып жатысына Кербұлақ аруы іштей қынжылды.

Ботадай мөлдіреген көздерін жасқа бұлап, жылаумен болды...

Кейіпкер жағдайынан хабар бердік. Енді оқырманға ұғынықты болу үшін оның кім екенін жазайық...

Талдықорған тумасы. Ақбота десе, ақ ботадай-ақ екен. Сүмбіл шаш, бойы ұзын, мүсіні келісті, тал шыбықтай бұралған аққұба қыз. 2010 жылы «Кербұлақ аруы» атанып, одан соң «Жетісу аруы» байқауында бірінші орынды олжалағаны тегін емес. Көркіне ақылы сай, қарапайым да биязы. Сөйлегенінен

үндемеуі көп. Ал, сөйлей қалса, артық-ауыс сөзін естімейсің. Сыңғырлаған үнімен мәнерлеп, байыппен сөйлейді. Үнсіз ғана нәзік жымияды. Мінезі мен қылығын группаластары дәл осылай сипаттай келіп, оны қазіргі заманның Қыз Жібегіне балайтындарын айтты. Иә, қате оқығандарыңыз жоқ, қазіргі группаластары.

Ақбота жылап, өмірден түңілудің негізсіз екенін түсініп, басынан өткенін тағдыр сынағы деп сабырмен қабылдауды жөн көреді. Қаладағы әжесінің шақыртуымен сол жылдың қысында Астанаға бет түзейді.

Әжесінің үйі елорданың маңдайалды оқу орындарының бірі Еуразия ұлттық университетінің маңында екен. Жа-

нынан өткенде білім ордасына қызыға қарап, әйтеуір бір күні ішіне кіруге бел буады. Әр факультеттің есігін қағып, оқуға түсудің мүмкіндіктерін іздейді. Ең тиімдісі – журналистика екен. Қазақ тілі мен Қазақстан тарихы пәндерінен кешенді тест тапсырып, со-дан соң 2 шығармашылық емтиханнан өтіп, грантқа ілігуге болады. Осыны түсіндірген бүгінгі күні Журналис-тика және саясаттану факультетінің деканы, ол кезде кафедра меңгерушісі болған Қайрат Сақ «Ақбота, сен әлі

жассың ғой. Мен де оқуға ә, дегеннен түспедім. Алға ұмтылуды тоқтатпа. Жур-налистиканы сүю керек. Махаббатыңды ояту үшін осы кітапты оқып шық. Көп нәрсені түсінетін боласың» деп әу баста экономика саласына бағыт алған Ақботаны журналистикаға қызықтыру үшін оның қолына бір кітапты ұстатады. «Ол – белгілі журналист Бауыржан Омарұлының «11-шi қаламұш» кітабы еді. Айтулы аға буын журналистердің студенттік кезі, жүрген жолы, қызығы мен қиындықтары. Бәрін оқып шығып, көңілге жағымды ойлар түйдім. Алдым-нан шыққан кішігірім сынақтан өте алмай, ұнжырғамды түсірген жарамас. Қатарымнан қалмай, оқуға түсуге тыры-самын» деп, емтихандарға дайындықты

бастап кеттім. Әрине, бір жыл кешіккендіктен, өзімді жас бойынша ересектеу санап, ыңғайсызданып жүрдім. Бірақ кешенді тестілеуде колледж бітіріп келген, менен де үлкен замандастарым да болды» деп еске алады Ақбота.

100-ден 96 балл жинаған оның ұпайына ауылдық квота қосылады. 2011 жылы шыққан «Егемен Қазақстан» газетіндегі мемлекеттік грант тізімінен әр фамилияны тағатсыздана оқып, өзін іздейді. Есімі ең соңғы қатарда жазулы екен. «Жүрегім тулап, кеудеме сыймай кеткендей болды. Бақыттымын. Журналистикада, оның үстіне бас қаламыз – Астанада оқимын деген ой үш ұйықтасам да, түсіме кірмеген еді. Ауылдың баласының қалада оқуы қиял ғана емес, орындалатын дүние екен ғой» деп ойладым мен.

Ақбота Қалқабекова бүгінде 4-курсқа өтті. Оқу үлгерімі жақсы, жоғары шәкіртақы алады. Ұстаздары: «Қашан көрсек, кітапханада оты-рады. Жауапкершілікті сезініп, әр тапсырманы уақытылы орындайтын үлгілі студент» деп жылы лебізін білдірді.

Иә, өткеніңді білсең де, ертеңгі күнің – белгісіз. Кейіпкеріміздің үйреншікті бағыты күтпеген жер-ден өзгеріп, тағдыр жолы оны бейтаныс жаққа бұрып жіберді. Бірақ үзілмеген үміт пен күш-жігер жас жолаушыны адастырмады...

Мәдина ЖАҚЫП

Page 18: 97 (3154) 2014-08-30

18www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

О с ы д а н 2 3 ж ы л б ұ р ы н Е л б а с ы н ы ң Ж а рл ы ғ ы м е н я д р ол ы қ с ы на қ а л а ң ы на а й н а л ғ а н С е м е й п о л и г о н ы ж а б ы л д ы . Дәл сол күн, яғни – 29 тамыз 2009 жылы Біріккен ұлт тар ұ йымының шешімімен Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні болып бекітілген болатын. Қалалық «Дзюдо ардагерлері федерация-сы» қоғамдық бірлестігінің, «Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалы мен Алматы ауданы әкімдігінің ұйытқы болуымен ұйымдастырылған шараның басты мақсаты – халық қасіретін тоқтатқан осы екі тарихи датаны еске алып, жас ұрпақты бірлікке баулу.

Мектепке дейінгі мекемелердің 5-6 жасар тәрбиеленушілері мен сол бүлдіршіндердің ата-аналары Жапонияның Қазақстандағы Елшісі Камохара Масаеси, Онкологиялық диспансердің бас дәрігері Мұхтар Төлеутаев, белгілі мәдениет қайраткері Хасен Абаев бастаған бірқатар азаматтардың полигон зардаптары жайлы тарихи фактілерге толы әңгімелерін тыңдады.

Ашық аспан астында өткен жарқын күннің шарасы соңында ақ көгершіндер биікке ұшырылды.

Мәдина ЖАҚЫП

,

Өткен ғасырдың сексенінші жылдары жасы он сегізге енді ғана толып, Алтын атты бойжет-кенмен шаңырақ құрып үлгерген Бейсенбай Та-ушев те осы кәсіпорынға жұмысқа келді. «Қол қусырып, бос жата алмадым. Үйленгеннен кейін жауапкершілікті сезіне бастадым. Отбасын асырау керек дегендей. Зауытта біз негізінен тұқым себетін машиналарды жасадық» дейді өзі сол жылдарды еске алып.

Осы зауытта бақандай он жыл жұмыс істеді. Өндірістен қол үзбей дәнекерлеуші курсын да бітіріп алды. Жастығына қарамай, ұжым ішінде сыйлы азаматқа айналды. Басшылардың да назарына жақсы жағынан ілікті. Оған дәлел – көптеген Алғыс хаттары және суретінің Құрмет тақтасына ілінуі. Екі жыл цех комсоргы болғаны да бар.

Мұның бәрі шаңырақта алған тәрбиеден, майдангер әке өнегесінен болар. Әкесі Қасиден 1938 жылы Баянауылдан Ақмолаға қоныс ауда-рып, соғыс өрті бұрқ ете қалғанда осы жерден майданға шақырылған.

« Мәскеуд і жаудан қазақтар қорғап қалды» деп жатамыз ғой, солардың арасында кейіпкеріміздің әкесі де бар еді. Мәскеу түбіндегі

жаумен кескілескен шайқастарда ауыр жараланып, елге қайтарылған Қасиден Таушев Ақмолаға оралған соң жылқы зауытында еңбектенді. Былтыр есімі «Ұлы Отан соғысының ардагерлері» кітабына енгізілді.

Осындай әкеден өнеге алған Бейсен-бай 1962 жылы Целиноград қаласында дүниеге келді. Сондықтан, оны «нағыз астаналық» деп атауға болады. Балалық шағы Есілдің суына шомылумен, жалаң аяқ жар кешумен өтті.

Ө т ке н ғас ы рд ы ң то қс а н ы н ш ы жылдардағы дағдарыс елге ауыр тиді. Көптеген кәсіпорындар жабылып, өзгелері жарым-жартылай жұмыс істеді. Бейсенбай еңбек еткен зауыт та соның кебін киді. Жалақы дұрыс төленбей, көптеген жұмысшыларынан айырылды. Ол кезде Бейсенбай мен Алтын Ермек, Серік, Берік атты үш ұлды өсіріп жатқан. Ж а л а қ ы н ы ң м а рд ы м с ы з д ы ғ ы н а н өзгелері секілді осы шаңырақтың иесі де үйреншікті жұмысын тастауға мәжбүр болып, «Целинэнерго» мекемесіне ауысты. «Ол жылдары аудандарды ара-лап, үнемі іссапарда жүретінбіз. Мен құрылыс учаскесінде еңбектендім» дейді кейіпкеріміз.

Құрылыс жұмыстарына сол уақытта шыңдала бастады. «Целинэнергодан» кейін бірнеше кәсіпорында жүріп, нәпақа тапты. Солардың бірі – «Астана-Теплотранзит» АҚ.

Қазір «Стройконтракт» ЖШС-нде дәнекерлеушілер бригадирі. Бұл ком-пания аты айтып тұрғандай, құрылыс жұмыстарымен айналысады. Қазір биыл тапсырылуға жоспарланған маңызды нысан – Жекпе-жек сарайын салуда. Дәл Конституция мерекесі күні 52 жасқа толатын, үш ұлынан да немере көріп отырған Бейсенбай да оның салтанатпен бой көтеріп, Астана ажарын айшықтай түсуіне өз үлесін қосуда.

Аманғали ҚАЛЖАНОВ

Жиынға 500-ден аса отандық және шетелдік дәрігер мен ғалым-сарапшылар ке л і п , к а рд и о х и р у р г и я с а л а с ы н д а ғ ы түйткілді мәселелердің түйінін тарқатты. Сондай-ақ, медицинаның осы саласындағы тың емдеу әдістері мен инновациялық тех-нологиялар жайы сөз болды.

К о н г р е с т е қ а з а қ с т а н д ы қ к а р д и -о х и р у р г т е рд і ң ә л е м д і к с т а н д а р т т а р

бойынша ат қарып жат қан жұ мыс тары кеңінен талқыланды. Сондай-ақ, отандық м а м а н д а рд ы ң т е к әл е м н і ң т а ң д аул ы елдерінде ғана жасалатын жүректің күрделі операцияларын сәтімен жүзеге асырып келе жатқаны айтылды.

О с ы к о н г р е с с е л і м і з д е г і кардиохирургтердің біліктілігін одан әрі жетілдіре түсетініне сенім мол. Себебі, жиын аясында әлемдік деңгейде белгілі кардиохи-рургтер 11 шеберлік дәріс өткізетін болады. Конгресс екі күнге созылады.

«Астана ақшамы» газетінің 2014 жылғы 31 шілдедегі №84 (3141) санында жарық көрген «Астана қаласында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасы туралы» Астана қаласы мәслихатының 2014 жылғы 27 маусымдағы №250/36-V шешімінің «Амбулаторлық емделу кезінде Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарын тегін қамтамасыз ету үшін дәрі-дәрмек заттарының тізбесі» деп аталатын 4-қосымшасындағы екі рет жазылып кеткен 176 реттік саны қате деп саналсын. 176-шы реттік нөмірден кейінгі «Тропикамид» дәрісі тұрған қатар 177-ші нөмірмен белгіленуі және одан кейінгі кейінгі препараттар сәйкес реттік нөмірге ауыстырылуы тиіс.

Page 19: 97 (3154) 2014-08-30

15100Ò

ÄÈÐÅÊÒÎÐ-ÁÀÑ ÐÅÄÀÊÒÎÐ

ÀÑ ÄÈÇÀÉÍÅÐ

Ò

15100Ò

ÄÈÐÅÊÒÎÐ-ÁÀÑ ÐÅÄÀÊÒÎÐ

19

59 19 88, 52 78 87(Астана қаласы бойынша)

Астана қаласы әкімдігінің «Жұмыспен қамту

орталығы» КМК-ге хабарласыңыз! Мекенжайы:

Астана қаласы, Брусиловский көшесі, 17/3, Бизнес-орталық

ғимаратының 2-қабаты. 104,5,14,34 автобустарымен келуге болады. Анықтама алу

телефоны: 57-88-88.

«Астана қаласы мәслихатының аппараты» ММ Астана қаласы мәс ли хаты аппаратының мемлекет-тік қызметшілері сыбайлас жемқор лық қа қарсы күрес

заңнамасын, «Мем ле кет тік қызмет туралы» Қазақ стан Республикасының Заңы мен Ар-намыс кодексі нормаларын

бұзу мәселелері бойынша хабарлау үшін сенім телефоны нөмірін хабарлайды: 55-66-35

Page 20: 97 (3154) 2014-08-30

20www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

Бала кезімізден таныс ән жол-дары тура «Отырар» орман және аң шаруашылығының орманшысы Айдынбек

Жұмабеков туралы айтылғандай. Қызылқұм шөлінің жиегінде жатқан Балтакөл ауылының тумасы Айдекең иен даланың иесі екенін әр қимыл-қарекетімен танытады. Сызып қойған жолы жоқ, көз тоқтатар ноқаты аз қу медиенді бес саусағындай біледі де-сек, артық айтпаймыз. Ұшы-қиыры жоқ ұлаңғайыр дала төсінде көзге түртсе көргісіз тастүнек қараңғыда да ешбір картаға қарамай жол таба білетіні былай тұрсын, сан алуан өсімдігін, жорғалаған жәндігі мен жосылған аңын түрі мен түсінен, із-сорабынан жазбай таниды.

«Осы құмда не бар дейсің?! Көп болса, сексеуіл, одан артық не көремін?» деп ойлаған жан қателеседі. Шөл даланың шағылында, ш а ғ ы р м а қ к ү н і н і ң а с т ы н д а табиғаттың небір тылсымы бұғып жатыр екен ғой. Әжемнен талай естіп, бірақ ол не нәрсе екен деп анығына жете алмай жүрген күшәләні көзбен көріп, қолмен ұстадым. Өзі бір қызық өсімдік, ғылыми атауы «мышьяко-вый эминиум» деп аталады екен. Көктемдегі көк өскіннің жаз ауа жапырақтары түсіп, бозарып, жер астындағы тамыры картоп тәріздес түйнектер салады екен. Айдын-бек ағамыздың айтуынша, жабайы қабан мұны іздеп жүріп, қазып жейді. Баяғыда ата-әжелерімізден «күшәләні тістің қызыл еті сыздап ауырғанда, өкпе қабынғанда ғана ішеді» деп естуші едік. Осынау шипалы түйнекті іздеп құмға әдейі келетіндер әлі де аз емес көрінеді.

Тағы бір қызық, бәріміз білетін кәдімгі қырықбуын – дәмі ерекше сағыз «зауыты» екен. Тарамдала өскен бұтақтары тырс жарылып, арасынан ақ қоймалжың шығады. Біраз уақыт тұрып, қоңырқайланған қоймалжыңды суға шыласаң, нағыз сағыздың өзі болып шығады. Шайырға келетін ашқылтым иісі бар «даланың орбитінің» шипалы

қасиеттері де мол дейді Айдынбек. Бактериацидтік қасиеті ауыз қуысын түрлі аурудан сақтайды әрі іш өтуін тоқтатады. Құмға келіп тұрып, құмсағызды шай-намай кеткен болмас деп, біз де біраз малжаңдап алдық.

Даланың дариғасы – киікті көреміз бе деп, құм қойнауын адақтадық. Бірақ ол көл-суатқа келмесе, былайғы уақытта адам қарасынан аулақ жүреді екен. Дегенмен, әккі аңшының із кесіп жосылған киіктің тұяқ шаңына ілесіп, алыстан болса да сұлбасын көрсеткеніне қуандық.

Аңызақ қуырған қуаң далада құстың неше шұрайы көзге түседі. Бозторғай, сексеуіл арасында ұя салатын дала торғайы дейсіз бе, әлде сағыммен араласып, көз ұшында қушиып біреу отырғандай әсер қалдыратын қарақұс дейсіз бе – қарға миын қайнатардай шақырайған күн астында олар да тіршілікпен үйлесім тапқан.

Ендеп еніп барғанда үрейлі көрінгенмен, құм дегенің тілін білген адамға әжептеуір пана екен. Мысалы, қарапайым сексеуіл тек отын ғана емес, қажет кезде жылы төсек те. Күн суықта далада қалған жолаушы сексеуілдің отына жылынып, асын әзірлеп болған соң, шоғын құмға жаймалап, үстіне жатса денесін

суыққа алдыртпайтын көрінеді. «Ал, су таппай қаталаған кезде сексеуіл түбіндегі ылғал шөлден біраз уақытқа құтқарады» дейді қу медиенде талай мәрте жалғыз жортқан «Охотзоо-пром» шаруашылығының жануарлар дүниесін қорғау инспекторы Ахмет Дәулетов.

Құмның қай мінезін айтайық... Сұрай беруге ауыз ашқан сайын аңқаны кептіріп жіберетін аңызақтан тосылдық па, әйтеуір, жанымдағы фотосуретші Сұлтан аппаратының шүріппесін баса беріпті. Ендеше біздің сөзбен жеткізе алмағанымызды сурет «айтып» берсін.

Әзиза ҚАЙБАРҚЫЗЫ,М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-дің

2-курс студенті