Сақшы №47 (4213)

8
№47 (4213), 28.06.2016, сейсенбі www.mediaovd.kz Газет 1933 жылдан бастап шығады РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ, ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ГАЗЕТ ТҮЛЕК-2016 ЖАҢА ЖОБАЛАР ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ САЛТАНАТТЫ 18- ші ТОЛҚЫН СЕНАТ ОТЫРЫСЫНЫҢ КҮН ТƏРТІБІ ТАЛҚЫЛАНДЫ ҮКІМЕТ БАСШЫСЫ ҚАРАҒАНДЫ ӨҢІРІНДЕ Көкшетау техникалық институтының 2012 жылы күндізгі оқыту бөліміне қабылданған курсанттар шығарылымының салтанатты рəсімі облыс орталығындағы Тəуелсіздік алаңында өтті. Шараға Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин, Ақмола облысы əкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов жəне басқа да құрметті қонақтар қатысты. 1 ШІЛДЕДЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫ- СЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ТЕЛЕКӨПІР ӨТІП, ОНДА ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУДЫҢ ЕКІНШІ БЕСЖЫЛДЫҒЫ БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДАҒЫ БІРҚАТАР ЖАҢА ЖОБАЛАР ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ. Бұл туралы кеше баспасөз мəслихатында Инвестициялар жəне даму министрлігінің ресми өкілі Қайсар Жұмабайұлы мəлім етті. «1 шілдеде Астанада Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен жұмыс кеңесі өтеді. Онда индустрияландыру бағдарламасының ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығындағы қорытындылары қаралады. Шара барысында индустрияландырудың екінші бесжылдығын жүзеге асырудың жаңа қадамдары таныстыры- лады. Мұнда бірқатар түзетулер күтіліп отыр», – деді ресми өкіл. Оның айтуынша, Елбасының қатысуымен өтетін телекөпір барысында бірінші жартыжылдықтың негізгі жобалары іске қосылады. Атап айтқанда, осы кезеңде жалпы құны 175,5 млрд. теңгені құрайтын 30 жаңа жобаны жүзеге асыру күтіледі. Қайсар Жұмабайұлының айтуынша, бұл негізінен инвесторлардың өздерінің Мемлекет басшысының тапсырмасымен Премьер-Министр Кəрім Мəсімов жұмыс сапарымен Қарағанды облысына барды. Премьер-Министрмен бірге аймаққа Білім жəне ғылым министрі Ерлан Сағадиев, Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова жəне Инвестициялар жəне даму министрі Жеңіс Қасымбек сапарлады. К.Мəсімов жұмыс сапары барысында бірқатар əлеуметтік нысанды аралады. Атап айтқанда, ол Қарағанды облысында жұмыс сапары ба- рысында өңірдің əуежайының жұмысымен, «Самұрық-Қазына» салып жатқан «Жанұя» тұрғын үй кешенінің құрылысымен танысты. Сонымен қатар, «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында салынып жатқан балабақшаға барып, сондай-ақ, Қарағанды Мемлекеттік техникалық университетін аралап, ақ қаңылтыр шығаратын кəсіпорында болды. Сондай-ақ, Премьер- Министр Кəрім Мəсімов жұмыс сапары аясында аймақта түйнеме ауруының тіркелуі жағдайына байланысты кеңес өткізді. Бұдан бұрын белгілі болғандай, Қарағанды облысы Шет ауданының Еркіндік ауылында түйнеме ауруы тіркелді. Бүгінгі таңда түйнеме ауруына шалдыққан деген күдікпен 8 оқиға тіркелді, оның ішінде 2 адам көз жұмды. Осыған байланысты аталған елді мекенде ТЖ режімі жарияланды. Кеңес барысында қолға алынып жатқан шаралар туралы Қарағанды облысының əкімі Нұрмұхамбет Əбдібеков, ҚР Бас санитарлық дəрігері Жандарбек Бекшин, АШМ вице-министрі Гүлмира Исаева, ДСƏДМ басшысы Тамара Дүйсенова, сонымен қатар ІІМ вице-министрі Юрий Ильин баяндама жасады. Кеңесті қорытындылаған К.Мəсімов бірқатар нақты тапсырмалар берді. Ауыл шаруашылығы министрлігіне ветеринарлық қызметтердің жұмысының тиімділігіне талдау жасау, вакцина сапасына сараптама жүргізу тапсырылды. Мал қорымдарының күйі туралы мəселені Үкіметтің селекторлық отырысының күн тəртібіне жеке шығару ұйғарылды. Ал Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму министрлігіне Премьер-Министр түйнеме дертіне шалдыққан науқастарға көрсетілген медициналық қызметтердің са- пасын тексеруді жəне бұдан былай мұндай жағдайларға жол бермеу үшін қатаң шаралар қабылдауды тапсырды. АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС САЛАСЫНДА МАМАНДАРДЫ ДАЙЫНДАЙ- ТЫН ЕЛІМІЗДЕГІ ЖАЛҒЫЗ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫ БОЛЫП ТАБЫЛАТЫН КӨКШЕТАУ ТЕХНИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫНДА ЖАС ОФИЦЕРЛЕРДІҢ КЕЗЕКТІ ШЫҒАРЫЛЫМЫНА АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ІС-ШАРА ӨТТІ. Оқу ордасы бұл жолы басты міндетім – адамдардың өмірін құтқару деп түсінетін, ұлттық байлықты дəріптеп, төтенше жағдайлардың алдын алу шараларына қатысатын қызметкерлердің қатарын əскери іс жəне қауіпсіздік бакалаврының «Өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойыншы 102 түлегімен толықтырды. Биыл сонымен қатар, Қазақстан мен Қырғызстанның халықаралық келісімдері бойынша Қырғызстанның ТЖМ-і үшін екі маман дайындалып шыққанын да айта кеткен жөн. Осы жылы 19 курсант Көкшетау техникалық институты атынан Ресей Федерациясының жетекші оқу орындары: Ресей ТЖМ Мемлекеттік өртке қарсы қызмет академиясы мен Азаматтық қорғаныс академиясына жол- дама ұтып алса, институттың барлық түлектері еліміздің өңірлерінде орналасқан Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің аймақтық бөлімшелеріне қызметке жіберіледі. Игі дəстүр бойынша салтанатты шара Көкшетау техникалық институ- ты мен Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті өртке қарсы гарнизонының өрт сөндіру жəне құтқару техникасын көрсетуден басталды. Осы уақытта түлектердің ата-аналары, туған-туыстары мен салтанатқа арнайы шақырылған қонақтар институттың көпжылдық тарихымен таны- сып, оқу мекемесінің құрылу тарихы, қызметі жайында деректі фильмді тамашалады. Шараның салтанатты бөлімін алғысөзімен ашқан Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Викторович жас лейтенанттарды институтты табысты аяқтауларымен құттықтап, үлкен өмірге жасаған қадамдарына сəттілік тіледі. Түлектерді өрт қауіпсіздігіндегі инженер квалификациясы, сондай- ақ, ең бірінші офицерлік атағының берілуімен шын жүректен құттықтаған ІІМ өкілі жастарға қызметте кəсіби тұрғыда бар күштерін салып, білімдері мен тəжірибелерін ұштай беруге кеңес берді. Ал, өз кезегінде түлектер төрт жыл білім нəрімен сусындатып қана қоймай, нағыз білікті маман қаражатына, сонымен қатар, екінші деңгейлі банктерден тартылған қаражаттарға салынып жатқан жобалар болып отыр. «Бұл кəсіпорындарда 4 мыңға тарта жұмыс орындары құрылады. Атап айтқанда, тау- кен өнеркəсібі, химия, жеңіл өнеркəсіп, ағаш Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Сенаты Бюросының отырысын өткізді. Жиында Мəжілістен түскен заң жобалары бөлініп берілді. Халықаралық қатынастар, қорғаныс жəне қауіпсіздік комитеті Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын алу жəне оларды жою саласындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімді ратификациялау туралы заң жобасын пысықтауға жəне қорытынды əзірлеуге жауапты болып белгіленді. Қаржы жəне бюджет комитеті «Төлемдер жəне төлем жүйелері туралы» жəне оған ілеспе «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне төлемдер жəне төлем жүйелері мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларына бас комитет болып белгіленді. Бюрода Палатаның 2016 жылғы 29 маусым- да болатын кезекті отырысының күн тəртібіне ұсыныстар да енгізілді. Отырысқа, атап айтқанда, Қазақстан мен Ресей арасындағы Жер қойнауын пайдалануға арналған егемендік құқықтарды жүзеге асыру мақсатында Каспий теңізі солтүстік бөлігінің түбін межелеу туралы келісімге Хаттамаға өзгеріс енгізу туралы Хаттаманың ратификациясы енгізілді. Сенат одан басқа төлемдер мен төлем жүйелері туралы жəне заңнамаға төлемдер мен төлем жүйелері мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (бірінші оқылым) заң жобаларын қарайды. өңдеу, машина жасау, агроөнеркəсіп кешені саласындағы жобалар қамтылады. Телекөпір аясында сонымен қатар, индустрияландыру бағдарламасының шарапатымен ашылған за- уыт өнімдерінің көрмесі өтеді», – деді Қайсар Жұмабайұлы. жасап шығарған қара шаңырақтың оқытушылары мен командирлеріне алғыстарын білдірді. Мерекелік жиында сөз тізгінін алған Ақмола облысы əкімінің орынбаса- ры Нұрлан Жаңбыршыұлы Көкшетау техникалық институтының түлектері Қазақстанның жоғары кəсіби мамандары болып, ел азаматтарының денсаулығы мен өмірі үшін жауапкершілік ауыртпалығын алуға дайын екендігін атап өтті. Кейіннен салтанатты шара түлектерге дипломдарды табыс ету рəсіміне ұласты. Шара барысында Ю.Ильин мен Н.Нұркенов оқу озаттарына, ерекше көзге түскен түлектерге дипломдарды табыс етті. Жоғары оқу орнын бітіргені туралы дипломдарды табыс ету- ге құқық қорғау органдарының басшылары да қатысты. Жауынгерлік тумен қоштасу – Көкшетау техникалық институтында жақсы дəстүрлердің бірі болып табы- лады. 2016 жылғы түлектер атынан Жауынгерлік тумен қоштасу құрметі азаматтық қорғау лейтананты Абылай Баяновқа бұйырды. Абылай 4 жыл бойы курс старшинасының көмекшісі болған түлек. Ол курс пен институт аясында өткізілген барлық іс-шараларға белсене қатысып, белсенділігі, білімімен көзге түсіп жүрген жастың бірі. Қалыптасқан дəстүр бойынша кеш соңында түлектер қоштасу вальсін билеп, аспанға курсанттық өмір мен оқу орнымен қоштасуды, жаңа өмірге қадам басқанын бейнелейтін шардан жасалған курсанттық погон композициясы жіберілді. Соңғы рет жас лейтенанттар жалпы курсанттық салтанатты шерумен өтіп, офицерлердің тарихи міндеттемесіне сай «Ақшаға емес, ар-намысқа қызмет ету» деген ескі офицерлік міндеттемені білдіретін көкке күміс ақша шашты. Жас лейтенанттар оқу ұясынан ұшып шығып, жоғары кəсіптілік пен отансүйгіштіктің үлгісі бола отырып, азаматтық қорғаныс офицерлерінің атағын жоғары ұстап, міндеттерін мақтанышпен атқаратындықтарына сенімдіміз. Көкшетау техникалық институтының баспасөз қызметі

Upload: mediaovd

Post on 03-Aug-2016

274 views

Category:

Documents


14 download

DESCRIPTION

Сақшы №47 (4213) 28.06.2016

TRANSCRIPT

Page 1: Сақшы №47 (4213)

№47(4213),

28.06.2016, сейсенбі

www.mediaovd.kzГазет 1933 жылдан бастап шығадыГазет 1933 жылдан бастап шығады

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ, ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ГАЗЕТ

ТҮЛЕК-2016

ЖАҢА ЖОБАЛАР ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

САЛТАНАТТЫ 18-ші ТОЛҚЫН

СЕНАТ ОТЫРЫСЫНЫҢ КҮН ТƏРТІБІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ҮКІМЕТ БАСШЫСЫ ҚАРАҒАНДЫ ӨҢІРІНДЕ

Көкшетау техникалық институтының 2012 жылы күндізгі оқыту бөліміне қабылданған курсанттар шығарылымының салтанатты рəсімі облыс орталығындағы Тəуелсіздік алаңында өтті. Шараға Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин, Ақмола облысы əкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов жəне басқа да құрметті қонақтар қатысты.

1 ШІЛДЕДЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫ-СЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ТЕЛЕКӨПІР ӨТІП, ОНДА ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУДЫҢ ЕКІНШІ БЕСЖЫЛДЫҒЫ БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДАҒЫ БІРҚАТАР ЖАҢА ЖОБАЛАР ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ.

Бұл туралы кеше баспасөз мəслихатында Инвестициялар жəне даму министрлігінің ресми өкілі Қайсар Жұмабайұлы мəлім етті.

«1 шілдеде Астанада Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен жұмыс кеңесі өтеді. Онда индустрияландыру бағдарламасының ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығындағы қорытындылары қаралады. Шара барысында индустрияландырудың екінші бесжылдығын жүзеге асырудың жаңа қадамдары таныстыры-лады. Мұнда бірқатар түзетулер күтіліп отыр», – деді ресми өкіл.

Оның айтуынша, Елбасының қатысуымен ө т е т і н т е л е к ө п і р б а р ы с ы н д а б і р і н ш і жартыжылдықтың нег ізг і жобалары іске қосылады. Атап айтқанда, осы кезеңде жалпы құны 175,5 млрд. теңгені құрайтын 30 жаңа жобаны жүзеге асыру күтіледі.

Қайсар Жұмабайұлының айтуынша, бұл н е г і з і н е н и н в е с т о р л а р д ы ң ө з д е р і н і ң

Мемлекет басшысының тапсырмасымен Премьер-Министр Кəрім Мəсімов жұмыс сапарымен Қарағанды облысына барды. Премьер-Министрмен бірге аймаққа Білім жəне ғылым министрі Ерлан Сағадиев, Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова жəне Инвестициялар жəне даму министрі Жеңіс Қасымбек сапарлады.

К.Мəсімов жұмыс сапары барысында бірқатар əлеуметтік нысанды аралады. Атап айтқанда, ол Қарағанды облысында жұмыс сапары ба-рысында өңірдің əуежайының жұмысымен, «Самұрық-Қазына» салып жатқан «Жанұя» тұрғын үй кешенінің құрылысымен танысты. Сонымен қатар, «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында салынып жатқан балабақшаға барып, сондай-ақ, Қарағанды Мемлекеттік техникалық университетін аралап, ақ қаңылтыр шығаратын кəсіпорында болды. Сондай-ақ, Премьер-Министр Кəрім Мəсімов жұмыс сапары аясында аймақта түйнеме ауруының тіркелуі жағдайына байланысты кеңес өткізді.

Бұдан бұрын белгілі болғандай, Қарағанды облысы Шет ауданының Еркіндік ауылында түйнеме ауруы тіркелді. Бүгінгі таңда түйнеме ауруына шалдыққан деген күдікпен 8 оқиға тіркелді, оның ішінде 2 адам көз жұмды. Осыған байланысты аталған елді мекенде ТЖ режімі жарияланды.

Кеңес барысында қолға алынып жатқан шаралар туралы Қарағанды облысының əкімі Нұрмұхамбет Əбдібеков, ҚР Бас санитарлық дəрігері Жандарбек Бекшин, АШМ вице-министрі Гүлмира Исаева, ДСƏДМ басшысы Тамара Дүйсенова, сонымен қатар ІІМ вице-министрі Юрий Ильин баяндама жасады.

Кеңесті қорытындылаған К.Мəсімов бірқатар нақты тапсырмалар берді. Ауыл шаруашылығы министрлігіне ветеринарлық қызметтердің жұмысының тиімділігіне талдау жасау, вакцина сапасына сараптама жүргізу тапсырылды. Мал қорымдарының күйі туралы мəселені Үкіметтің селекторлық отырысының күн тəртібіне жеке шығару ұйғарылды. Ал Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму министрлігіне Премьер-Министр түйнеме дертіне шалдыққан науқастарға көрсетілген медициналық қызметтердің са-пасын тексеруді жəне бұдан былай мұндай жағдайларға жол бермеу үшін қатаң шаралар қабылдауды тапсырды.

АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС САЛАСЫНДА МАМАНДАРДЫ ДАЙЫНДАЙ-ТЫН ЕЛІМІЗДЕГІ ЖАЛҒЫЗ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫ БОЛЫП ТАБЫЛАТЫН КӨКШЕТАУ ТЕХНИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫНДА ЖАС ОФИЦЕРЛЕРДІҢ КЕЗЕКТІ ШЫҒАРЫЛЫМЫНА АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ІС-ШАРА ӨТТІ.

Оқу ордасы бұл жолы басты міндетім – адамдардың өмірін құтқару деп түсінетін, ұлттық байлықты дəріптеп, төтенше жағдайлардың алдын алу шараларына қатысатын қызметкерлердің қатарын əскери іс жəне қауіпсіздік бакалаврының «Өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойыншы 102 түлег імен толықтырды. Биыл сонымен қатар , Қазақстан мен Қырғызстанның халықаралық келісімдері бойынша Қырғызстанның ТЖМ-і үшін екі маман дайындалып шыққанын да айта кеткен жөн.

Осы жылы 19 курсант Көкшетау техникалық институты атынан Ресей Федерациясының жетекші оқу орындары: Ресей ТЖМ Мемлекеттік өртке қарсы қызмет академиясы мен Азаматтық қорғаныс академиясына жол-дама ұтып алса, институттың барлық түлектері еліміздің өңірлерінде орналасқан Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің аймақтық бөлімшелеріне қызметке жіберіледі.

Игі дəстүр бойынша салтанатты шара Көкшетау техникалық институ-ты мен Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті өртке қарсы гарнизонының өрт сөндіру жəне құтқару техникасын көрсетуден басталды.

Осы уақытта түлектердің ата-аналары, туған-туыстары мен салтанатқа арнайы шақырылған қонақтар институттың көпжылдық тарихымен таны-сып, оқу мекемесінің құрылу тарихы, қызметі жайында деректі фильмді тамашалады.

Шараның салтанатты бөлімін алғысөзімен ашқан Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Викторович жас лейтенанттарды институтты табысты аяқтауларымен құттықтап, үлкен өмірге жасаған қадамдарына сəттілік тіледі. Түлектерді өрт қауіпсіздігіндегі инженер квалификациясы, сондай-ақ, ең бірінші офицерлік атағының берілуімен шын жүректен құттықтаған ІІМ өкілі жастарға қызметте кəсіби тұрғыда бар күштерін салып, білімдері мен тəжірибелерін ұштай беруге кеңес берді. Ал, өз кезегінде түлектер төрт жыл білім нəрімен сусындатып қана қоймай, нағыз білікті маман

қаражатына, сонымен қатар, екінші деңгейлі банктерден тартылған қаражаттарға салынып жатқан жобалар болып отыр.

«Бұл кəсіпорындарда 4 мыңға тарта жұмыс орындары құрылады. Атап айтқанда, тау-кен өнеркəсібі, химия, жеңіл өнеркəсіп, ағаш

Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Сенаты Бюросының отырысын өткізді. Жиында Мəжілістен түскен заң жобалары бөлініп берілді.

Халықаралық қатынастар, қорғаныс жəне қауіпсіздік комитеті Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын алу жəне оларды жою саласындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімді ратификациялау туралы заң жобасын пысықтауға жəне қорытынды əзірлеуге жауапты болып белгіленді.

Қаржы жəне бюджет комитеті «Төлемдер жəне төлем жүйелері туралы» жəне оған ілеспе «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне төлемдер жəне төлем жүйелері мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларына бас комитет болып белгіленді.

Бюрода Палатаның 2016 жылғы 29 маусым-да болатын кезекті отырысының күн тəртібіне ұсыныстар да енгізілді. Отырысқа, атап айтқанда, Қазақстан мен Ресей арасындағы Жер қойнауын пайдалануға арналған егемендік құқықтарды жүзеге асыру мақсатында Каспий теңізі солтүстік бөлігінің түбін межелеу туралы келісімге Хаттамаға өзгеріс енгізу туралы Хаттаманың ратификациясы енгізілді. Сенат одан басқа төлемдер мен төлем жүйелері туралы жəне заңнамаға төлемдер мен төлем жүйелері мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (бірінші оқылым) заң жобаларын қарайды.

өңдеу, машина жасау, агроөнеркəсіп кешені саласындағы жобалар қамтылады. Телекөпір аясында сонымен қатар, индустрияландыру бағдарламасының шарапатымен ашылған за-уыт өнімдерінің көрмесі өтеді», – деді Қайсар Жұмабайұлы.

жасап шығарған қара шаңырақтың оқытушылары мен командирлеріне алғыстарын білдірді.

Мерекелік жиында сөз тізгінін алған Ақмола облысы əкімінің орынбаса-ры Нұрлан Жаңбыршыұлы Көкшетау техникалық институтының түлектері Қазақстанның жоғары кəсіби мамандары болып, ел азаматтарының денсаулығы мен өмірі үшін жауапкершілік ауыртпалығын алуға дайын екендігін атап өтті.

Кейіннен салтанатты шара түлектерге дипломдарды табыс ету рəсіміне ұласты. Шара барысында Ю.Ильин мен Н.Нұркенов оқу озаттарына, ерекше көзге түскен түлектерге дипломдарды табыс етті. Жоғары оқу орнын бітіргені туралы дипломдарды табыс ету-

ге құқық қорғау органдарының басшылары да қатысты.

Жауынгерлік тумен қоштасу – Көкшетау техникалық институтында жақсы дəстүрлердің бірі болып табы-лады. 2016 жылғы түлектер атынан Жауынгерлік тумен қоштасу құрметі азаматтық қорғау лейтананты Абылай Баяновқа бұйырды. Абылай 4 жыл бойы курс старшинасының көмекшісі болған түлек. Ол курс пен институт аясында өткізілген барлық іс-шараларға белсене қатысып, белсенділігі, білімімен көзге түсіп жүрген жастың бірі.

Қалыптасқан дəстүр бойынша кеш соңында түлектер қоштасу вальсін билеп, аспанға курсанттық өмір мен оқу орнымен қоштасуды, жаңа өмірге қадам басқанын бейнелейтін шардан жасалған курсанттық погон композициясы жіберілді.

Соңғы рет жас лейтенанттар жалпы курсанттық салтанатты шерумен өтіп, офицерлердің тарихи міндеттемесіне сай «Ақшаға емес, ар-намысқа қызмет ету» деген ескі офицерлік міндеттемені білдіретін көкке күміс ақша шашты.

Жас лейтенанттар оқу ұясынан ұшып шығып, жоғары кəсіптілік пен отансүйгіштіктің үлгіс і бола отырып, азаматтық қорғаныс офицерлерінің атағын жоғары ұстап, міндеттерін мақтанышпен атқаратындықтарына сенімдіміз.

Көкшетау техникалық институтының баспасөз қызметі

Page 2: Сақшы №47 (4213)

№ 93 (3970), четверг, 19.12.20132 е-mail: [email protected]№47 (4213), сейсенбі, 28.06.2016 е-mail:[email protected]

ЖАҢАЛЫҚТАР

Бетті дайындаған Жадыра МЫРЗАХМЕТ

ƏЛЕМ-АҚПАРАТ

Испания

Қытай

Халықтық партия жеңіске жетті

Колумбия

Журналистер марапатталды

Испанияда кезектен тыс парламенттік сайлауда премьер-министр Мариано Рахойдың Халықтық партиясы жеңіске жетті. Олар заң шығару органындағы 350 мандаттың 137-іне ие болған.

Екінші орынға 85 мандатпен социалистер табан тіреді. Үшінші орын 71 мандатпен «Біріксек бəрі болады» солшылдар блогына бұйырды. Центристік «Азаматтар» партиясы 32 депутатын өткізе алған. Осылайша, ешбір саяси күш нақты көпшілік қолдауына ие бола алмай, өз бетінше үкімет құру мүмкіндігіне жеткен жоқ.

Демек, Испания коалиция құру үшін күрделі келіссөздер жүргізуі тиіс деген сөз. Айта кет-кен жөн, бұл елде жарты жылдың ішінде пар-ламент сайлауы екінші рет өткізілді. Өткен жылдың желтоқсанында сайланған Конгресс Премьер-министрді тағайындай алмаған еді.

Бейжің жерге батып кету мүмкін

КЕШЕ АҚОРДАДА МЕМЛЕКЕТТIК ХАТШЫ ГҮЛШАРА ƏБДIҚАЛЫҚОВА БАЙЛАНЫС ЖƏНЕ АҚПАРАТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРI КҮНI ҚАРСАҢЫНДА БIРҚАТАР БАҚ ӨКIЛIНЕ ПРЕЗИДЕНТ СЫЙЛЫҒЫ МЕН ГРАНТТАРЫН ТАПСЫРЫП, АЛҒЫС ЖАРИЯЛАДЫ.

Биыл ақшалай жүлденiң жалпы қоры 8 млн 485 мың теңгенi құраған. Президент сыйлығының лау-реаттарына 3 млн. теңгеден жəне алтын төсбелгi, ал грант иелерiне 1 млн. 242 мың теңгеден тағайындалды.

Сонымен, Мемлекет басшысының өкiмiмен Президент сыйлығына «Түркiстан» газетiнiң бас ре-дакторы Шəмшидин Паттеев жəне «Казахстанская правда» республикалық газетiнiң саясат бөлiмiнiң редакторы Владимир Курятов ие болды.

Ал «Хабар» агенттiг iнiң т iлшiсi Мұхтар Ыбрайымов пен «Свобода слова» қоғамдық-саяси апталығының тiлшiсi Вера Ляховскаяға грант тапсырылды. Бұдан бөлек, «Дойче Альгемайне Цайтунг» газетi, «Сыр медиа» ЖШС, «Қазақ радиосы» жəне «РИКА-ТВ» телекомпаниясы шығармашылық ұйымдарына Президент алғысы жарияланды.

«Биыл ел өмiрiндегi ерекше белес. Бiз қастерлi Тəуелсiздiгiмiздiң 25 жылдық мерейтойын атап өтемiз. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев егемендiктiң ең алғашқы кезеңiнен бастап отандық бұқаралық ақпарат құралдарының қалыптасуы мен даму-ына ұдайы қолдау көрсетiп келедi. Мемлекет деңгейiндегi жүйелi шаралардың нəтижесiнде тəуелсiз елiмiздiң мүддесi мен баянды болашағына қызмет ететiн ұлттық баспасөзiмiз қалыптасты», – деп атап өттi өз сөзiнде Мемлекеттiк хатшы Гүлшара Əбдiқалықова.

Оның айтуынша, ширек ғасыр iшiнде Қазақстан журналистикасы қоғамдағы татулық пен бiрлiктiң ұйытқысы, биiк парасат пен адамгершiлiк құндылықтарды халыққа жеткiзушi қуатты

Мемлекеттік қызметкерге қымбат киінуге бола ма?

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ ҚЫМБАТ КИІМ КИЮГЕ ТЫЙЫМ САЛЫНБАЙДЫ, АЛАЙДА, ОНЫҢ ҚҰНЫ ӨЗІНІҢ ТАБЫСЫНА САЙ БОЛУЫ ТИІС. БҰЛ ТУРАЛЫ ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ МИНИСТРЛІГІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫ-СЫ АСАН ҚАЛИАХМЕТ FACEBOOK ƏЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІСІНДЕГІ ПАРАҚШАСЫНДА МƏЛІМДЕДІ.

«Соңғы екі күнде мемлекеттік қызметкерлерге қымбат киім киюге тыйым салынады деген ақпаратты бірнеше рет көзім шалды. Бұған қатысты менің айтарым: ОКҚ брифингі барысында киім-кешек бағасы регламенттелмейтіні, яғни оған шек қойылмайтыны айтылды. Тек мемлекеттік қызметкер жұмыс уақытында қарапайым жəне жұмысқа сай киінуі керек», – дейді Асан Қалиахмет.

Оның сөзінше, Brioni маркалы іскерлік костюм де қарапайым, жұмысқа шақ болып көрінуі мүмкін.

«Ал шенеунік жұмысқа Levi's маркалы алба-жұлба джинсімен келсе, онда əңгіме басқа. Телефондар мен автокөліктер жайлы айтсақ, мемлекеттік қызметкерлерге ешкім айфон жəне мерседес алуға тыйым салмайды, бастысы олар заңды түрде табылған ақшаға сатып алынуы ке-рек (немесе несиеге, ол да заңды түрде табылған ақшаға алынуы керек)», – деп түйіндеді баспасөз хатшысы.

Естеріңізге сала кетсек, бұдан бұрын БАҚ-та мемлекеттік қызметкерлерге қымбат киім киюге тыйым салынғаны туралы ақпарат тараған бола-тын.

Б и ы л а л ғ а ш р е т ұ й ы м д а с т ы р ы л ғ а н республикалық байқауға мемлекеттiк орган-дар, əкiмдiктер мен ұлттық компаниялардың баспасөз қызметтерi жəне баспасөз хатшылары қатысты. Жеңімпаздарды 2016 жылдың 10-21 маусым аралығында өткен дауыс беру арқылы

Жылдың ең үздік баспасөз қызметіХалықаралық ғалымдар тобы Бейжің

қаласы жыл сайын жер астына батып бара жатқанын айтып дабыл қағуда. Жер асты суларын мөлшерден тыс пай-далану əрі жер жыныстарының опыры-луы салдарынан қытай астанасы жыл сайын 11 сантиметрге отырып барады.

Бұл туралы мақала Remote Sensing журна-лында жарияланды. Ғалымдардың айтуынша, қаланың мұншалықты отыруы тұрғындарға қау іп төнд ір іп , жоғары жылдамдықты теміржол жүйесін істен шығаруы мүмкін. Бұл құбылысты жер биіктігі мен жер қыртысының кез келген өзгерісін байқап отыратын InSAR – синтетикалық апертурасы бар радарлық интерферометр тіркеді.

Ə с і р е с е , а л ы п ш а һ а р д ы ң з ə у л і м ғимараттар, айналма жолдар жəне басқа да қала инфрақұрылымдарының озық үлгілері үйлесім тапқан Чаоян ауданының жерге кіріп бара жатқаны анық сезіледі. Егер, бұлай жалғаса берсе, алып ғимараттар мен жер асты жолдарын апат күтіп тұр.

Жалпы, Бейжің қаласы мыңжылдықтар бойы жер асты сулары жиналған жазықтықта орналасқан. Мөлшерден тыс жер асты сула-рын сорғылау жер жыныстарының солып, тығыздалуына алып келеді. Қала маңында бірнеше ондаған ұңғымадан су айдалып, қаланы көгалдандыру жəне ауылшаруашылық мақсаттарына пайдаланылады.

Колумбияда бортында 16 əскериі бар тікұшақ радардан жоғалып кетті, іздеу жұмыстары жүргізілуде, деп Telesur телеарнасы дереккөздерге сілтеме жасау арқылы хабарлайды.

«Жедел тапсырмаларды орындап, Кибдо-Толемаида бағытында келе жатқан Колумбия Ұлттық армиясының Ми-17 тікұшағы соңғы рет байланысқа Толимис департаментінің солтүстік жағындағы Маркита елді мекенінен 35 миль жерден шыққан болатын», – деп колумбиялық əскерилер мəлімдеді.

Қазіргі таңда жоғалған тікұшақты іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Апаттың неден болған себебі əзірге белгісіз. Телеарналардың хабарлауынша тікұшақпен байланыс жоғалған жерде жойқын нөсер болған екен.

Əскери тікұшақпен байланыс үзілген

Жолаушы тасымалдау ережесі жиі бұзылады

АЛМАТЫДА ЖОЛАУШЫ ТАСЫМАЛДАУ ЕРЕЖЕСІ ЖИІ БҰЗЫЛАДЫ. БҰЛ ТУРАЛЫ ОҢТҮСТІК АСТАНАНЫҢ ПРОКУРОРЫ БЕРІК АСЫЛОВТЫҢ ҚАЛАДАҒЫ АВТОПАРКТЕР БАСШЫЛАРЫМЕН БОЛҒАН КЕЗДЕСУІНДЕ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ, ДЕП ХАБАРЛАЙДЫ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ƏКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНЕН.

Прокурордың айтуынша, осындай заң бұзушылық əрекеттерге жəне тұрғындардан түсіп жатқан көптеген шағымдарға байланыс-ты, қадағалаушы органдар енді қаладағы барлық автобус парктерін тексеруден өткізетін болады. «Бағыттық автобустардың уақтылы жүру тəртіб і жиі бұзылады, жылжымалы құрам жаңартылмайды, қоғамдық көліктердің салонының тазалығы сын көтере бермейді, сондай-ақ, жүргізушілер мен кондукторлар ара-сында əдепсіз қылықтар жиі орын алады», – деді Б. Асылов.

Сонымен қатар, көлік қызметкерлерін қалалық прокуратурадан басқа, қалалық Ішкі істер департаменті, салық комитеті жəне көші-қон полициясы да тексереді. Бұл жерде барлығы: жүргізушілер мен кондукторлардың мінез-құлқы, əдептілігі, психологиялық күйі, еңбек қызметі жəне тағы басқа да көрсеткіштер тексеріледі.

Одан басқа, көлік компанияларына салықтық аударымдар бойынша да тексеру жүргізілмек. Ішкі істер департаменті арнайы эко-рейд ұйымдастырады. Мұнда полиция қызметкерлері автобустардың техникалық жай-күйіне бақылау жүргізеді.

Айта кетелік, бүгінгі таңда Алматыда 110 ав-тобус жəне 8 троллейбус бағыты бар. Қоғамдық көлік бағыттары бойынша 18 кəсіпорын қызмет көрсетеді. Олардың құрамында барлығы 1,5 мыңнан астам автобус жəне 215 троллейбус бар.

« А л м а т ы қ а л а с ы н д а м ы т у - 2 0 2 0 » бағдарламасында қоғамдық көлік жүйесін жақсартуға ерекше көңіл бөлінген. Қала əкімдігі қаладағы бағыттар желісін жетілдіру жəне оңтайландыру, қазіргі қолда бар автопарктерді жаңалау, «Оңай» электронды жүйесінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету жəне тұрғындарға көрсетілетін қызмет сапасын арттыру бойынша жұмыстарды атқарып жатыр», – деді Алматы қаласының прокуроры Берік Асылов.

АҚТАУДАҒЫ ҚР ҚК ƏСКЕРИ-ТЕҢІЗ КҮШТЕРІНІҢ ƏСКЕРИ-ТЕҢІЗ БАЗАСЫНДА ЭКСТРЕМАЛДЫ ЖУРНАЛИСТИКА БОЙЫНША «ƏСКЕРИ ДИСКУРС» СЕМИНАРЫ АЯҚТАЛДЫ. БҰЛ ТУРАЛЫ МИНИСТРЛІКТІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ ХАБАРЛАДЫ.

Үш күн бойы 40 журналист пен республикалық БАҚ өкілдері, сондай-ақ, қазақстандық бло-герлер экстремалды жағдайларда кəсіби машықты көрсетіп, сонымен қатар, танымал саясаткер Ерлан Қариннің, Болгариядан кел-ген профессор Татьяна Дронзинаның терро-ризм мен экстремизмді ақпараттық тұрғыда тарату қағидалары туралы ерекше дəрістерін тыңдады. Журналистермен кездесулер ая-сында терроризм мəселелерін зерттеу туралы біліп қана қоймай, топтардың жалпы сипат-

құралға айналды. Бұқаралық ақпарат құралдары мемлекетiмiздiң iргесi берiк, келешегi кемел болуына, ең бастысы, ел дамуының маңызды құжаттарының б iр i – «Қазақстан-2050» Стратегиясының лайықты iске асырылуына атса-лысып келедi.

«Отандық журналистика саласы заманға сай ақпарат технологияны, интернет əлемiн игеру арқылы жаңа белеске көтерiлдi. Осылайша, өзiнiң бəсекеге қабiлеттiгiн арттырып, мемлекетiмiздi əлемнiң ең дамыған елдерiнiң қатарына қосу мақсатын орындауға сүбелi үлесiн қосуда. Бұл iсте кəсiби деңгейiнiң биiктiгi мен терең бiлiмiмен жəне мол тəжiрибесiмен ерекшеленген сiздердiң қызметтерiңiздiң маңызы зор», – дедi Мемлекеттiк хатшы.

Өз кезегiнде марапатталғандар артылған зор сенiм үшiн алғыстарын бiлдiрдi.

республикалық БАҚ редакциялары анықтады. Байқау «Үздік орталық атқару органының баспасөз қызметі», «Үздік жергілікті атқарушы органның баспасөз қызметі», «Үздік квазимемлекеттік сала компаниясының баспасөз қызметі», «Кəсіби құрмет» сынды 4 аталым бойынша жүзеге асты.

Байқау қорытындысы бойынша Қорғаныс министрлігі «Үздік орталық атқару органының баспасөз қызметі» деп танылды. Осы аталым бойынша, ең көп дауыс жинағандар қатарында Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі бар.

Ал «Үздік жергілікті атқарушы органның баспасөз қызметі» аталымында Астана əкімдігі, Алматы қалалық Ішкі істер департаменті мен Алматы қаласы əкімдігінің баспасөз қызметтері ең көп дауыс жинап, нəтижесінде Алматы қаласы əкімдігінің баспасөз қызметі жеңіске жетті.

«Үздік квазимемлекеттік сала компаниясының баспасөз қызметі» аталымында «ЭКСПО» Ұлттық компаниясы» АҚ баспасөз қызметі жеңімпаз деп та-

нылды. Бұл аталым бойынша БАҚ өкілдері, сондай-ақ, «ҚТЖ» ҰК» АҚ пен «Бəйтерек» холдингін жеңімпаз деп тапқан екен. «Кəсіби құрмет» арнайы аталымы Бас прокуратураның баспасөз хатшысы Ернұр Уəлиге бұйырды. Сонымен қатар, осы марапаттауды табыстаған Бас редакторлар

клубының президенті Бибігүл Жексенбай Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің басшысы Əнуар Жайнақов пен ҚР ІІМ баспасөз хатшысы Алмас Садубаевтың да еңбегін ерекше атап өтті.

Салтанатты рəсімнің соңында «Ең жедел баспасөз хатшысы» аталымы бойынша ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов марапатталды.

Жеңімпаздардың қалай анықталғаны жөнінде Бас редакторлар клубының президенті Бибігүл Жексенбай: «Бұл жерде барлығы электрон-ды түрде өтті. Ешқандай қазылар комиссиясы анықтаған жоқ. Баспасөз қызметінің жұмысын халық, яғни журналистер бағалады. Дауыс беру барысында біздің БАҚ-та құқық қорғау саласына көбірек материал жазылатыны байқалды. Менің ойымша, баспасөз қызметінің кəсіби деңгейін арттыру үшін мұндай жарыстар өткізілуі қажет», – деп өз ойымен бөлісті.

Байқауды ұйымдастырушылар аталмыш шара-ны енді жыл сайын өткізуді жоспарлап отыр.

Ақтауда «Əскери дискурс» семинары өттітамасы, қаржыландыру қағидалары туралы білуге мүмкіндік алды. Сонымен қоса өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды.

Журналистер күні Қорғаныс министрлігінің атынан Қарулы Күштерде барлық əскери оқиғаларды тарату кəсібилігі мен жылдамдығы үшін семинарға қатысушыларға сертификаттар табыс етіліп, естелік сыйлықтар берілді. «Бұл семинарда Қарулы Күштердің күнделікті өмірін көрсеткіміз келді. Əскери дискурс барысын-да журналистер мен блогерлер Əскери-теңіз күштерінде жауынгерлік даярлықтың қалай өтетінін, журналистердің қайыққа шығуын, біздің əскери теңізшілердің əскери қызметі мен жұмысын көрді. Кішкентай қайықтарда жорықтар ұйымдастырылып, суда жəне өрт кезінде өмір сүру үшін күрес жөніндегі

жаттығулар ұйымдастырылды», – деді ҚР ҚК ƏТК Бас қолбасшысы, вице-адмирал Жандарбек Жанзақов.

Естер ің і з ге сала кетсек , ҚР Қорғаныс м и н и с т р л і г і н і ң ұ й ы м д а с т ы р у ы м е н қ а з а қ с т а н д ы қ ж у р н а л и с т е р д і қ а р у л ы қақтығыстар мен экстремалды оқиғалар аумағында, лаңкестік актілері туралы хабар таратуда жұмыс жасауға үйрету үшін экс-тремалды журналистика бойынша «Əскери дискурс» практикалық семинары төртінші рет өтк із ілді . Бұл жолғы семинар ҚР ҚК Əскери-теңіз күштерінің Əскери-теңіз база-сында өтті.

Ақерке ТҮРКЕБАЙ, сурет Серік ЖОЛДАСПЕКОВТІКІ

ЕЛІМІЗДЕ АЛҒАШ РЕТ «ЖЫЛДЫҢ ЕҢ ҮЗДІК БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ» БАЙҚАУЫ ӨТТІ. БАЙЛАНЫС ЖƏНЕ АҚПАРАТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРI КҮНI ҚАРСАҢЫНДА «ҚАЗКОНТЕНТ» АҚ БАС РЕДАКТОРЛАР КЛУБЫМЕН БIРIГIП, АҚПАРАТ ЖƏНЕ КОММУНИКАЦИЯЛАР МИНИСТРЛІГІ АҚПАРАТ КОМИТЕТІНІҢ ҚОЛДАУЫМЕН ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮЗДIК БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТТЕРIН МАРАПАТТАДЫ.

Page 3: Сақшы №47 (4213)

№ 93 (3970), четверг, 19.12.2013 3е-mail: [email protected]№47 (4213), сейсенбі, 28.06.2016 е-mail:[email protected]

УАҚЫТ ТЫНЫСЫ

МАРАПАТ АЙМАҚ АЙШЫҚТАРЫ

Ел ќорєандарына ќўрмет

АТЫРАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ҚАЖДҚазақстан полициясы күні Атырау облысы бойынша ҚАЖ

департаментінің ұйымдастыруымен мерекелік шара өтіп, салтанатқа ҚАЖ департаментінің зейнеткерлері, облыстық бұқаралық ақпарат құралдары, ұлттық алдын алу тетігінің жəне облыстық қоғамдық байқау комиссиясының өкілдері арнайы шақырылды.

Шараның ашылу салтанатында департамент бастығының орынбасары, əділет полковнигі Д.Туашев ҚАЖ зейнеткерлерін жəне жеке құрам қызметкерлерін Қазақстан полициясы күні мерекесімен құттықтап, оларға зор денсаулық жəне табысты еңбек тіледі.

Сонымен қатар, мерекемен тұспа-тұс келген Медицина қызметкерлерінің жəне журналистер күні мерекелеріне орай, түзеу мекемелерінің медици-на қызметкерлерін жəне облысымыздағы баспасөз өкілдерін мерекелерімен құттықтап, оларға мақтау қағаздарын жəне бағалы сыйлықтар табыс етті.

Шара соңы департаментке қарасты түзеу мекемелерінің қызметкерлері дайындаған концерттік бағдарламамен аяқталды.

Ж.ЕСПУСИНОВА

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ҚАЖДАл, Петропавл қаласында Қазақстан полициясы күніне орай Солтүстік

Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне ведомстволық туды тапсыруға жəне қызметте жақсы жетістіктерге жеткен қызметкерлерді марапаттауға арналған салтанатты іс-шара өтті.

Қызметкерлер үшін салтанатты сəттердің бірі – залға ведомстволық нышандардың енгізілуі еді. Туды тапсыру құрметіне ие болған өңір əкімінің орынбасары Владимир Бубенко департаменттің барлық ұжымын Қазақстан полициясы күнімен құттықтады.

«ҚАЖ қызметі ауыр жəне психологиялық жағымен айрықша ерекшеленеді. Бұл қызмет барынша күш-жігерді жəне өзінің ісіне жауапкершілікпен қарауды талап етеді. Бүгінгі салтанатты рəсім – Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаментінің тарихына кіреді», – деп атап өтті ол.

ІІМ-нің ТЕМІРТАУ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ОҚУ ОРТАЛЫҒЫІІМ-нің Теміртау қаласындағы Оқу орталығында Қазақстан поли-

циясы күні ерекше аталып өтті. Мерекелік шараға Оқу орталығының жеке құрамы, ауыспалы құрам тыңдаушылары, сондай-ақ, Теміртау қаласындағы кəмелетке толмағандарды бейімдеу жəне оңалту орталығы директорының міндетін атқарушы И.Нұрмұхамбетова мен тəрбиеленушілер қатысты.

Оқу орталығының бастығы, по-лиция подполковнигі Ақынғали Дарменов барлық жеке құрам мен тыңдаушыларды кəсіби ме-рекемен құттықтап, оларға табыс тілей отырып, Қазақстан полиция-сы күнін мерекелеуге байланыс-ты жəне қызметтік міндеттерін адал орындағандары үшін Оқу орталығы бастығының саптық бөлім жөніндегі орынбасары, поли-ция подполковнигі Ж.Тəшімбетовке ІІМ Құрмет грамотасын, арнайы пəндер циклының оқытушысы по-лиция майоры О.Смольниковаға І ІМ І І дəрежел і «Ішк і і стер органдарының үздігі» төсбелгісін, Оқу орталығының оқу-саптық бөлінісінің курс бастығы, полиция аға лейтенанты А.Молдахметовке ІІМ-нің Алғыс хатын табыстады.

Оқу орталығы бастығының арнайы мадақтамасымен оқу-саптық бөлінісінің курс бастығы, полиция майоры Б.Айқынбаев пен əлеуметтік жəне жалпықұқықтық пəндер циклының бастығы, полиция подполковнигі С.В.Зюбина марапаттал-са, Алғыс хатпен Оқу орталығының əлеуметтік жəне жалпықұқықтық пəндер циклының оқытушысы, полиция лейтенанты Б.Өмірзаққызы мен əскери пəндер жəне денешынықтыру дайындығы циклының оқытушысы, полиция лейтенанты Р.Баязитов марапатталды.

Əскери пəндер жəне денешынықтыру дайындығы циклының аға оқытушысы, полиция подполковнигі С. Летов пен осы цикл оқытушысы, полиция лейтенан-ты Р.Баязитовтың ұйымдастыруымен ауыспалы құрам тыңдаушылары арасында олардың дене дайындығын арттыру, денсаулықтарын нығайту, саламатты өмір салтын насихаттау мақсатында қол күресі, турникке тартылу, арқан тарту, кір та-сын көтеру, волейбол, шағын футболдан спартакиада өткізіліп, жеңімпаздар Оқу орталығы бастығының грамоталарымен марапатталды.

Қазақстан Республикасы ІІМ Оқу орталығы тыңдаушыларының күшімен мерекелік концерт ұйымдастырылды.

Динара ТҮСІПОВА

Салтанатты іс-шараға департаменттің жеке құрамы, басшылығы, ҚАЖ органдарының ардагерлері жəне басқа құқық қорғау органдарының жəне мемлекеттік ұйымдардың өкілдері қатысты. Олардың арасында ЕС-164/3 мекемесінде 20 жыл жұмыс істеген облыс бойынша ҚАЖД Ардагерлер ұйымының төрағасы Николай Данилов та болды. Ол көп жылдар бойы ЕС-164/3 мекемесі бастығының тəрбие жұмысы жөніндегі орынбасары лауазымында қызмет атқарды.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының уақытша міндетін атқарушы, əділет полковнигі Бөкенбай Жүсіпов барлық қатысушыларды Қазақстан полициясының 24 жылдық мерекесімен құттықтап, денсаулық, бақыт жəне еліміздің өркендеуі жолында атқарып жүрген еңбектеріне табыс тіледі.

Қазақстан полициясы күнін мерекелеуге байланысты, ҚАЖД-ның əртүрлі қызметтерінің 38 қызметкері Ішкі істер министрі, ҚАЖ комитеті төрағасы, өңір бойынша ҚАЖ департаменті бастығының грамоталары жəне алғыс хатымен, «Қылмыстық атқару жүйесінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды. Мереке соңында аймақ бойынша ҚАЖ департаментінің қызметкерлеріне арнап облыстық филормонияның əртістері концерт қойып, өз өнерлерін көрсетті.

Гүлнара ƏБІШЕВА

«Қазақстанның ішкі істер органдары – бұл еліміздің көп функциялы жəне көп санды құқық қорғау органдарының бірі болып табылады. Полиция орган-дары барлық қылмыстық істердің 90 пайызы тергеуді жүзеге асырады, аза-маттармен тікелей қарым-қатынаста қызмет атқарады, автокөлік ресімдеу, рұқсат алу, көші-қон құжаттары жəне өзге де бірқатар мəселелер бойын-ша тікелей жұмыс істейді», – деді кездесуді алғысөзімен ашқан министр.

« Б і з д і ң н е г і з г і м а қ с а т ы м ы з – б ұ л б а р ы н ш а а ш ы қ т ы қ т ы ,

БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ КӨРСЕТІЛГЕН СЫЙ

БАЙЛАНЫС ЖƏНЕ АҚПАРАТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІ, ПОЛИЦИЯ ГЕНЕРАЛ-ПОЛКОВНИГІ ҚАЛМҰХАНБЕТ ҚАСЫМОВ БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСІП, ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІНІҢ БЕДЕЛІН АРТТЫРЫП, ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫ ҚЫЗМЕТІН БАҚ-ТА БЕЛСЕНДІ ЖАРИЯЛАҒАНДАРЫ ҮШІН СЫЙ-ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ.

АЙМАҚ

Күрделі жөндеуден өткен ғимаратты қолданысқа беру шарасына Батыс Қазақстан облыстық ІІД басшылығы, аудан əкімі, аудандық ішкі істер бөлімінің ардагерлері қатысып, жеке құрам сапқа тұрғызылды.

Салтанатты шараның тұсаукесер рəсімінде сөз алған облыстық ІІД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Талғат Рахметов: «Тəртіп сақшысының басты міндеті – халыққа

ЖАҢА УЧАСКЕЛІК ПУНКТҚАЗАҚСТАН ПОЛИЦИЯСЫ КҮНІНЕ ОРАЙ РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ОРЫН-БОР ОБЛЫСЫ МЕН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖОЛДАРДЫ БІРІКТІРЕТІН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАҢЫЗДЫ АВТОКӨЛІК ЖОЛЫ ТОРАПТАРЫ ӨТЕТІН ХАЛЫҚ КӨП ШОҒЫРЛАНҒАН АЙМАҚТАРДЫҢ БІРІ – БӨРІЛІ АУДАНЫНЫҢ БӨРІЛІ АУЫЛЫНДА ПОЛИЦИЯ БӨЛІМШЕСІ АШЫЛДЫ.

қызмет көрсету, тұрғындардың тыныштығын сақтау, қауіпсіздігін қ а м т а м а с ы з е т у , қ ы л м ы с т ы қ əрекеттерден қорғау. Сондықтан осы-нау тəртіп сақшысы деген атқа лайық болып, халыққа берген антты адал орындаңыздар!» – деп атап өтті.

Елбасының Ұлт Жоспары «100 нақты қадам» бағдарламасын жүзеге асыру барысында жергілікті полиция қызметі де өз қызметін бастап кеткен

болатын. Қоғамдық тəртіпті қорғау, тұрмыстық қылмысқа қарсы тұру, жол бақылау қызметі мен ұсақ құқық бұзушылықты болдырмау талапта-ры осы жоспардың 30-қадамында көрсетілген міндеттер.

Салтанатты жиынға қатысқан ау-дан əкімі Алдияр Халелов Елбасының Үк іметке , жерг іл і кт і атқарушы билік органдарына жəне полицияға отандастарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша берген тапсырмасының маңыздылығын айта келе, аудан əкімдігі атынан «УАЗ» автокөлігінің кілтін табыс етті. Жаңадан ашылған бөлімшеге облыстық Ішкі істер департаменті атынан «Нива» маркілі автокөлігі берілді.

Сондай-ақ, салтанатты рəсімде ішкі істер органдарының ардагері Мендұғұл Құрманғалиев қатысушыларды құттықтап, «Қазақстан полиция-сы – бұл елімізді жəне халқымызды қылмыскердің құрығынан қорғайтын сенімді жасақ» деп, нық баса ай-тып, осы жасақта қызмет етіп жүрген сақшыларға табыс тіледі.

Шара аяқталғаннан кейін тəртіп сақшылары жаңаша жабдықталған жұмыс орындарында қызметт ік міндеттерін орындауға жаңаша көңіл-күймен кірісіп кетті.

Батыс Қазақстан облыстық ІІД баспасөз қызметі

жариялылықты, сондай-ақ, біздің қ ы з м е т і м і з д і ң т и і м д і л і г і м е н кəс ібил іг ін қамтамасыз ету. Ал азаматтардың сенім деңгейі – біздің жұмысымыздың басты индикаторы. Алайда, БАҚ-пен толыққанды өзара іс-қимылсыз осы міндетт і шешу мүмкін емес.

Мемлекеттік органдардың қызметі туралы халықты шынайы хабардар етуде, халықтың құқықтық сана-сын арттыруда баспасөз ерекше рөл атқарады», – деп атап өтті Ішкі істер министрі.

Ме р е к е қ а р с а ң ы н д а І І М - н і ң бұйрығына қол қойылды, онда құқықтық тəртіпті жəне азаматтардың қауіпсіздіг ін қамтамасыз етудегі полицияның жұмысын белсенді жариялағаны, полиция қызметінің беделін арттыруға ықпал еткені үшін республикалық БАҚ-тың 33 журналисі марапатталды.

Салтанатты іс-шара барысында Қалмұханбет Қасымов журналистерге грамоталар мен естелік сыйлықтар табыс етті.

Материалдары халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға ықпал еткен жəне полиция қызметін туралы жария-лап жүрген БАҚ өкілдерін марапат-тау ішкі істер органдарының барлық аумақтық бөліністерінде өткізілді.

ІІМ баспасөз қызметі

Е с і р т к і н і ң к е ң і н е н т а р а л у -ы н а ж о л б е р м е у м а қ с а т ы н д а ұйымдастырылған шараға елорда тұрғындары қатысып, синтетикалық есірткілердің жаңа түрлерінен төнетін қауіп туралы толыққанды мағлұмат алды. Департамент қызметкерлері орталық саябақта демалушылардың назарын өздеріне аударып, саламат-ты өмір салтын ұстануға шақырып, адам ағзасына есірткі затының зиян екенін түсіндіріп бақты. Саябақта демалушы жұртты, əсіресе оң-солын танып үлгермеген жастарға есірткі затының зияны туралы түрлі мы-салдар келтіріп отырып түсіндірді. Мамандар зиянкесті заттардан бой-ларын аулақ ұстауға үгіттеді.

Сондай-ақ, саябақта жиналған жұрт иісшіл иттердің есірткі іздеу көріністерін тамашалады. И іс сезу қаб ілет і жоғары иттер тінтіп жүріп, есірткі затын бірден тауып, жұртшылықтың

АКЦИЯ

ЕЛОРДА ЖАСТАРЫ ЕСІРТКІГЕ ҚАРСЫАқерке ТҮРКЕБАЙ, сурет Серік ЖОЛДАСПЕКОВТІКІ

ӨТКЕН ЖЕКСЕНБІ КҮНІ НАШАҚОРЛЫҚ ЖƏНЕ ЕСІРТКІ САУДАСЫНА ҚАРСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КҮРЕС КҮНІНЕ ОРАЙ ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ ЕСІРТКІ БИЗНЕСІНЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ҰЙЫТҚЫ БОЛУЫМЕН АК-ЦИЯ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ. АКЦИЯ ЕЛОРДАНЫҢ ОРТАЛЫҚ САЯБАҒЫНДА «ЕСІРТКІГЕ ЖОЛ ЖОҚ» ҰРАНЫМЕН ӨТКІЗІЛДІ.

қошеметіне бөленді. Бұдан бөлек, акцияға қатысушылар арасында түрлі спорттық жарыстар ұйымдастырылып, жеңімпаздар анықталды. Спорттық жарыстарда топ жарып шыққандар сыйлықсыз қалмады.

Ес іртк і ге қарсы күрес күн іне орайластырған шаралар орталық саябақтан бөлек, «Астаналық» жəне «Бəйтерек» монументінің алдында өткізілгенін атап өту керек. Көпшілік демалатын орындарда отандық эстра-да жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынылды. Атап айтқанда, қаламыздағы əн-би ұжымдары, «Жас қанат» байқауының жеңімпазы Нұрсұлтан Қарабалев, көше биі бойынша Қазақстан чемпиондары «Simple Sistem» тобы мен елімізге белгілі əнші Сон Паскаль өнер көрсетті.

Page 4: Сақшы №47 (4213)

№ 93 (3970), четверг, 19.12.20134 е-mail: [email protected]№47 (4213), сейсенбі, 28.06.2016 е-mail:[email protected]

АЙМАҚ АЙШЫҚТАРЫ

ЕЛ ЌОРЄАНДАРЫНА ЌЎРМЕТ23 МАУСЫМ – ЕГЕМЕНДІ ЕЛІМІЗДЕ БЕЙБІТШІЛІК ОРНАТУҒА ҮЛЕС ҚОСҚАН ТƏРТІП САҚШЫЛАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТУ КҮНІ. ҚАЗАҚСТАН ПОЛИЦИЯСЫ КҮНІ – ТӨЗІМДІЛІК, ҚЫРАҒЫЛЫҚ, ҚАРАПАЙЫМДЫЛЫҚ ДЕГЕН ҰҒЫМДАРДЫ БОЙЫНА СІҢІРІП, ҚЫЗМЕТТІҢ ҚИЫНДЫҒЫНА ҚАРАМАСТАН АНТТАРЫНА АДАЛ БОЛЫП ҚАЛҒАН ЕРЛЕРДІҢ ЕРЛІГІН ҰЛЫҚТАУ КҮНІ. БЕЙБІТ ЗАМАНДА ӨМІРЛЕРІН ҚАТЕРГЕ ТІГІП, ТЫНЫШТЫҒЫМЫЗДЫ ҚОРҒАП, БЕРЕКЕ МЕН БІРЛІКТІ САҚТАУ – БҮГІНГІ ПО-ЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БАСТЫ ПАРЫЗЫ БОЛЫП ҚАЛА БЕРМЕК. ТӨЛ МЕРЕКЕДЕ ҚОҒАМДЫҚ ТƏРТІПТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ, ЕЛ ТЫНЫШТЫҒЫН ҚОРҒАУ ЖОЛЫНДАҒЫ ҚАЖЫРЛЫ ЕҢБЕКТЕРІҢІЗГЕ СƏТТІЛІК ТІЛЕЙ ОТЫРЫП, ƏРДАЙЫМ АНТТАРЫҢЫЗҒА АДАЛ БОЛЫП, ЕЛ ҚОРҒАНЫ ДЕГЕН АТАҚҚА ҚЫЗМЕТ ЕТІҢІЗДЕР ДЕГЕН ТІЛЕК БІЛДІРЕМІЗ.БҰЛ КҮНІ АСТАНА ҚАЛАСЫНДА ЖƏНЕ ЕЛІМІЗДІҢ ƏР АЙМАҒЫНДАҒЫ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ БӨЛІМШЕЛЕРДЕ КƏСІБИ МЕРЕКЕНІ ЕРЕКШЕ ҚҰРМЕТПЕН АТАП ӨТТІ. ЕЛ ҚОРҒАНЫ БОЛҒАН ЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ ПЕН МАРАПАТТЫҢ, СЫЙ МЕН САЛТАНАТТЫҢ КӨРІНІСІ ТӨМЕНДЕГІДЕЙ...

ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІІшкі істер министрі, полиция

генерал-полковнигі Қалмұханбет Қасымовтың қатысуымен Ішкі і стер министрліг інде өткен мерекелік шара «Алатау» спорт кешенінің алдында қызметтік бо-рышын өтеу кезінде қаза болған ішкі істер органы мен ішкі əскер əскери қызмешілеріне арналған м о н у м е н т к е г ү л ш о қ т а р ы н қоюмен басталды.

Монументке гүл шоқтарын қою рəс ім іне қатысқан министрл ік , орталық аппарат қызметтерін ің басшылары, ішкі істер органда-ры мен ішк і əскер ардагерлер і қызметт ік м індеттер ін орындау барысында қаза болған ұландарды б ір минуттық үнс і зд і кпен еске алды. Ерлікпен қаза болғандарды еске алу рəсімінен соң Қалмұханбет Н ұ р м ұ х а н б е т ұ л ы І І М - н і ң о қ у орындарының түлектеріне салта-натты түрде лейтенант погондарын табыстады. Салтанатты рəс імге түлектердің ата-аналары, туған-туыстары қатысып, қуанышты сəтте қастарынан табылды. Министрдің қолынан погон алған түлектер еліне адал қызмет етуге ант етті. Мерекелік салтанатқа қатысқан ар-дагерлер тыныштықтың сақшысы, қауіпсіздіктің қорғаны болған по-лиция қызметкерлер ін ің ерл і г і мен еңбегін жоғары бағалап, төл мерекелерімен құттықтады.

Ішкі істер органына 40 жылдан астам уақытын арнаған ардагер, полиция генерал-майоры Мейірхан Жаманбаев төл мерекелерінде лейтенант погон-дарын алған ізбасарларына ізгі тілегін білдірді.

ІІМ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР КОМИТЕТІІІМ Төтенше жағдайлар комитетінде Полиция жəне Мемлекеттік

қызметші күндері құрметіне орай салтанатты жиналыс өтіп, Ішкі істер министрінің орынбасары Ю.Ильин ТЖК жеке құрамын мерекелерімен құттықтады.

Қазақстанда 90 мыңнан астам азамат мемлекеттік қызметте жұмыс істейді. Мемлекеттік қызметтің та-бысты реформасы жəне кəсіби, бəсекеге қабілетті мемлекеттік аппараттың құрылуы ел Президенті Н . Н а з а р б а е в т ы ң с а я -си қ ажыр - қайра тының арқасында мүмкін болды.

Ал, Қазақстан полиция-сы күні – бұл қазақстандық полицияның құрылуына ерен еңбек сіңірген арда-герлер мен бүгінде оның қатарында жұмыс істейтін барлық қызметкерлеріне де-ген алғыс білдіру белгісі. Бұл бейбіт уақытта қазақстандықтардың тыныштығы мен қауіпсіздігі үшін өмірін құрбан еткен əріптестерге деген естелік құрмет.

Полиция қызметі қауіпті де қиын қызмет, сол қиындыққа қарамастан осы қажырлы жұмысқа өмірін арнаған адамдар күн-түн демей, қоғамдағы құқықтық тəртіпті қамтамасыз етеді.

Мемлекеттік азаматтық қорғау жүйесінің дамуына үлесін қосқаны, қызметтік міндеттерін үлгілі орындағаны үшін жəне Қазақстан полициясы күнін тойлауға байланысты, ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен ТЖ комитетінің 20 қызметкері ведомстволық наградалармен, 4 қызметкері ҚР ІІМ ТЖ комитеті төрағасының гра-моталары жəне алғыс хаттарымен марапатталды.

ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі

АСТАНА ҚАЛАСЫАстана қалалық ІІД-де Қазақстан полициясы күніне орай өткен сал-

танатты шараға басшылық, жеке құрам мен ішкі істер органдарының ардагерлері қатысты.

Елордалық Ішкі істер департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Амантай Əубəкіров алғысөзінде тəртіп сақшыларын кəсіби мерекелерімен құттықтап, олардың дендеріне саулық, қызметтеріне қажымас қайрат пен төзімділік тіледі. «Еліміздің елордасы – Астанада құқықтық тəртіпті нығайту мен тұрақтылықты қамтамасыз етуде жүктелген жауапты парызды адал атқаруда, Қазақстан полициясының абыройын асқақтатуда табыстар тілеймін», – деп түйіндеді ол сөзін. Сонымен қатар, полиция генерал-майоры Амантай Əубəкіров

ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ ТЖДСалтанатты мереке Қостанай облысы ТЖД

«Өрт сөндіру жəне апаттық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ-ні де айналып өткен жоқ.

Əріптестері бұл мерекені атап өту үшін зейнеткерлерді де шақыртты, олар қызметтік міндеттерін орындау ба-рысында көрсеткен адал еңбектері, ерліктері жəне қайсарлықтары үшін Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының жəне Қостанай облысы ТЖД «ӨС жəне АҚЖҚ» ММ бастығының алғыс хаттарымен наградтал-ды.

«Құрметті əріптестер, зейнеткерлер! Сіздерге зор денсаулық, отбасында тыныштық, бақыт тілеймін, Əрине, кез келген мемлекеттік қызметтің өз қиындықтары бола-ды, бірақ біздің ардагер-зейнеткерлер атқарған жұмыс лайықты құрметке ие, өйткені Сіздер өз өмірлеріңіздің

жастық шақтағы ең қызықты сəттерін мемлекеттік өртке қарсы қызметке арнаған жансыздар. Сіздерге сол үшін рахмет», – деп азаматтық қорғау полковнигі Марат Жүсіпов барлық кешке қатысып отырған əріптестерін, зейнеткерлерді құттықтады.

Бұл күні аға буынды осындай керемет мерекемен құттықтауға өсіп келе жатқан жас буын да келіп, олар жылы сөздері мен əндерін арнады. Таурум Кенжетаев пен Айдос Шакуровтың тамаша əндері аталмыш кешті одан да қызықты əрі көңілді етіп əрлендіріп жіберді.

Қазақстан полициясы күні – бұл өз еңбектерін ая-май Қазақстан полициясын құрғандарға жəне оның қатарында қызмет етіп жатқандарға айтылған алғыс, бұл өз істерін адал атқарып халықтың ризашылығына бөленген ардагерлерге көрсетілген қошемет, бұл өз өмірлерін елінің, жерінің тыныштығы үшін қиғандарға арналған құрмет.

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ҚАЖДҚазақстан полициясы деп аталатын жауапты қызметті жолға қоюдың

басы-қасында болған жəне бүгінде осы салада қызмет етіп жүрген тыныштықтың тал бесігін күзеткен тəртіп сақшыларын Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ИЧ-167/11 мемлекеттік мекемесінің ұжымы да ерекше атап өтті.

Бұл мерекелік іс-шарада мекеме бастығының орынбасары, əділет подполковнигі А.Құрманбеков «Қазақстан полициясына 24 жыл» атты тақырыпта баяндама жа-сады.

Салтанатты жиында ИЧ-167/11 мекемесі бастығының №61 бұйрығымен мекеменің 8 қызметкеріне алғыс жарияланып, ІІМ ҚАЖ комитетінің төрағасы, əділет генерал-майоры Б.Бердалиннің бұйрығымен ИЧ-167/11 мекемесінің тəртіп жəне күзет бөлімінің аға бақылаушысы, əділет аға прапорщигі Ербол Бисембаев грамотамен марапатталса, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығы, əділет полковнигі Б.Қуандықовтың бұйрығымен ИЧ-167/11 мекемесінің 12 қызметкері грамотаға ие болды. Мерекелік іс-шара соңында қызметкерлер патриоттық əндер айтып, мекеме қызметкерлерінің көңілін қуанышқа бөледі.

Д.ТҰРЛЫБАЕВ

ІІМ М.БӨКЕНБАЕВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ЗАҢ ИНСТИТУТЫТөл мерекеге орай институтта шағын футбол алаңы салтанатты түрде

ашылып, оқу ордасының бастығы, полиция полковнигі Сəлімгерей Қаракүшев жеке құрамды кəсіби мерекелерімен құттықтады.

Қазақстан полициясына 24 жыл

«Таңдауы осы салаға түскен тəртіп сақшыларын еліткен оның еңбекақысы емес. Олар ел игілігі үшін еңбек етуді мəртебе санаған азаматтар. Күні-түні ел тыныштығын аяқтан тік тұрып күзететін құқық қорғау органы қызметкерлерінің қатары жас буын-мен толығып отыр. Жаңадан қатарға алынған жас буын төрт жылдық білімі мен біліктілігін дəлелдейтіндеріне зор сен ім б ілд ірем із . Ел ім ізд ің тыныштығын қамтамасыз етуде олардың еңбегі өлшеусіз», – деді Мейірхан Жаманбаев. Бұдан əрі Ішкі істер министрлігінің клубында жалғасын тапқан салтанатты шара мерекелік концертке ұласты. Ерен еңбек иелерін кəсіби мерекелерімен құттықтаған ведомство басшы-сы Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы: «Құрметті əріптестер, бүгінгі кəсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын! Қазақстан полициясының құрылғанына

24 жыл толып отыр. Биыл полиция қызметкерлері үшін оңай жыл болған жоқ. Дегенмен, соңғы есеп бойынша елімізде қылмыс санының азайғанын байқауға болады. Сондай-ақ, Төтенше жағдайлар комитет ін ің жұмысы жақсарғанын атап өткім келеді. Барлығыңыздың отбасыларыңызға бақыт, жұмыстарыңызға сəттілік тілеймін», – деді.

Министрдің мерекелік бұйрығымен ішкі істер органдарының бірқатар қызметкері «Құқық тəртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен, сонымен қатар, Құрмет грамоталары-мен марапатталып, мерзімінен бұрын атақтар берілді. Сондай-ақ, Орталық аппарат пен аумақтық бөліністердің 5 00 - ден а с т ам қызмет кер і ө з міндеттерін адал атқарғаны үшін ма-рапатталды.

Жадыра МЫРЗАХМЕТ,сурет Серік ЖОЛДАСПЕКОВТІКІ

Институт бастығы Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай Академиясының 45 жылдығына орай өтк із ілген спартакиаданың қорытындысы бойын-

Салтанатты шараны институттың арнайы бастапқы оқыту курсы тыңдаушыларының белсенділері «Қазақ биімен» ашса, институт түлегі Бекзатхан Еркіновтың сөзіне жазылған «Қазағымның сақшылары» əнін по-лиция майоры Лəззат Жұбандықова ерекше ынтамен орындады. Бабалар бойынан дарыған ерліктің, өрліктің символдары жəне əділдік пен тəртіпті жаны сүйетін абзал жандардың құрметіне мемлекеттік т іл жəне ақпарат бөлімшесінің инспекторы Ақжүніс Жəленова «Қазақстаным алға» əнін орындап, 1-курс курсанты Парасат Молданов институт ұжымына жəне бейбіт өмір үшін күресте өз өмірлерін қиған əріптестеріне арнап жүрекжарды өлең жолдарын ұсынды.

Салтанатты шара одан əрі арнайы ұйымдастырылған хормен жалғасын тапты. Хорда «Егемен Қазақстан», «Господа офицеры», «Сарбазым» жəне «Атамекен» əндері орындалып, поли-ция қызметкерлері бір серпіліп қалды.

Ақжүніс ЖƏЛЕНОВА

ша 1-орын алған М.Бөкенбаев а т ы н д а ғ ы А қ т ө б е з а ң институтының жеке жəне ау-ыспалы құрамын марапат-тап, сыйлықтармен қатар кубок тапсырды. Полиция күніне орай жаңадан ашылған шағын футбол алаңында «Басшылық» жəне «Қорған» командалары арасында финалдық жарыс өтті.

М е р е к е и н с т и -т у т қ ы з м е т к е р л е р і н е арналған салтанатты ша-рамен жалғасты. Институт бастығы С.Қаракүшев оқу орынының қызметкерлері

мен курсанттарын адал еңбектері мен табандылықтары үшін ІІМ грамотасы жəне алғыс хаттары, төсбелгілермен марапаттады.

Ақтөбедегі лаңкестік кезінде қаза тапқан Ұлттық ұлан əскери қызметшілерінің отбасыларына ерікті түрде материалдық көмек көрсетуге қатысқан жеке құрамға алғысын білдірді.

Салтанатты жиында Ардагерлер кеңесінің төрағасы Есім Кəрібайұлы да ақ батасын берді. «Сіздер қызметтеріңізді абыроймен атқарып, елорда аумағындағы тəртіптің сақталуын қатаң бақылап, азаматтардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғап келесіздер. Осы жауапты істе сіздерге табыстар тілеймін», – деді ардагер. Сонымен қатар, кеңес төрағасы елордалық полиция қызметкерлерінің кəсіби біліктіліктері қала тұрғындарының тыныштығы мен сенімділігінің кепілі екендігін атап өтті.

Дəстүрге айналған Қазақстан полициясы күні қызметте ерекшеленген қызметкерлер медальдармен, ҚР Ішкі істер министрінің грамоталарымен жəне алғыс хаттармен марапатталды.

Астана қалалық ІІД баспасөз қызметі

Page 5: Сақшы №47 (4213)

№ 93 (3970), четверг, 19.12.2013 5е-mail: [email protected]№47 (4213), сейсенбі, 28.06.2016 е-mail:[email protected]

АЙМАҚ АЙШЫҚТАРЫ

КӨЛІКТЕГІ ІІДҚазақстан полициясы күніне арналған іс-шара бейбіт өмірде қызметтік

борышын өтеу кезінде қаза болған қызметкерлердің құрметіне ашылған «Мəңгілік ұмытылмас есімдер» ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан басталды.

АТЫРАУ ОБЛЫСЫКəсіби мерекеге орай Атырау облыстық Ішкі істер департаментінің

алаңында салтанатты шара өтті. Шараға арнайы қатысқан облыс əкімі Нұрлан Ноғаев полиция қызметкерлерін кəсіби мерекелерімен құттықтады.

Өңір басшысы мемлекет пен жергілікті билік органдары тарапынан құқық қорғау органдарына қолайлы жағдай қалыптастыру, олардың материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында тиісті жағдай жасалып келе жатқандығын, сондай-ақ, бұл жұмыстардың алдағы уақытта да мүмкіндігінше жалғасын табатындығын ай-тып, полиция қызметкерлерінің ел тыныштығын күзетудегі абыройлы қызметтеріне жемісті еңбек, отбасыларына береке-бірлік, амандық тіледі.

Ішкі істер департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Арман Жалмұханбетов Ішкі істер министрі Қ.Қасымовтың құттықтау хатын оқып, сақшыларды құттықтап, қызметте үздік шыққандарды марапаттады.

Бұл күні облыстық ІІД 2-арнайы бөлімшесінің бастығы Роберт Еникеевке штаттық лауазымынан бір саты жоғары полиция полковнигі арнаулы атағы берілсе, Атырау қалалық ІІБ Жергілікті полиция қызметінің бастығы Ерлан Бигамбаев мерзімінен бұрын полиция подполковнигі атағын салтанатты түрде алды.

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ҚАЖДАйтулы мерекені Қызылорда облысы бойынша

ҚАЖ департаменті де сəн-салтанатпен атап өтті. Департамент бастығы, полиция полковнигі Ғанибек

Отарбаев жеке құрамды Полиция күнімен құттықтап, ішкі істер органдарына өмірлерін арнаған қызметкерлерге үлкен алғысын білдіре отырып, шын жүректен ұзақ ғұмыр, күш-жігер, шаңырақтарына бақыт тіледі. Ардагерлер кеңесінің төрағасы Серікбай Қойшыбайұлы да: «Сіздердің жұмыстарыңыз үнемі жоғары кəсібилікті жəне жеке қабілеттеріңізді талап етеді жəне қауіп-қатері де көп.

Осындай жауапты қызметтеріңізге сəттілік тілеймін», – деп жылы лебізін білдірді.

Сонымен қатар, ҚАЖ департаменті жəне мекеме қызметкерлері қызметтегі қол жеткізген жетістіктері мен адал атқарған мінсіз қызметтері үшін ІІМ мен департамент бастығының бұйрығымен грамота жəне алғыс хаттармен ма-рапатталды. Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті ЗК-169/5 мекеме бастығының режим жəне жедел жұмыстар жөніндегі орынбасары, əділет капитаны Ж.Төреқожа «Қылмыстық атқару жүйесінің үздігі» төсбелгісімен мара-патталды.

Дана ДОСТАНОВА

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ 22 маусым күні Батыс Қазақстан облыстық ІІД қоғамдық тəртіпті

қамтамасыз ету жəне арнайы дайындық базасында облыс əкімінің бірінші орынбасары Арман Өтеғұловтың қатысуымен Қазақстан поли-циясы күніне арналған салтанатты шара өтті.

ІІМ Ш.ҚАБЫЛБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚОСТАНАЙ АКАДЕМИЯСЫІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай Академиясының саптық

алаңында Қазақстан полициясы күнін мерекелеуге байланысты салта-натты сап түзеу жəне туды алып шығу іс-шарасы өтті.

Салтанатты мерекеде Академия бастығы, по-лиция полковнигі Мирлан Қызылов құттықтау сөз сөйлеп, барлық офицер-лер мен курсанттарды құттықтады.

«Ішкі істер органдары – қоғамдағы құқықтық тəртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз е т е т і н м е м л е к е т т і к бил і к т ің ең маңызды құрылымдарының бірі», – деген Мирлан Ахмедияұлы Елбасы Ұлт Жоспары « 1 0 0 н а қ т ы қ а д а м » бағдарламасында «Адамдар полиция қызметкерлерін өздерінің қорғаушысы ретінде танып, өз қауіпсіздіктерін сезінуі тиіс», – деп атап көрсеткенін еске салды. Сондай-ақ, бұл халық алдында адал қызмет етуге ант берген қатардағы əрбір тəртіп сақшысына үлкен жауапкершілік жүктейтінін айтты.

«Біздің халқымыздың бейбітшілігі мен тыныштығы – бұл Сіздердің еңбектеріңіздің жемісі. Берген антына адал полиция қызметкерлерінің бұдан кейін де мақтаулы дəстүрлерді нығайтатынына, дамытатынына жəне азаматтардың мемлекеттің қуатын, құқықтық тəртіптің заңдылығы мен салтанатын сезінуі үшін бар күшін салатындығына сенімім мол. Негізгі міндеттеріңіз халық сенімін барынша иеленіп, қиындығы мен жауапкершілігі мол қызметтеріңізді атқаруда жаңа табыстарға жетулеріңізге тілектеспін! Сіздерге жəне отбасыларыңызға денсаулық, құт-береке, бақыт жəне сəттілік тілеймін», – деді Академия бастығы.

Салтанатты шарада Академияны бітіруші түлектерге төсбелгі беріліп, кейбір жемісті еңбек еткен офицерлерге Ішкі істер министрінің жəне Академия бастығының мақтау грамоталары табысталды.

Мереке соңында Академия қабырғасында «Шырақбек Қабылбаев» атындағы курсанттар хоры тамылжытып əн салды. Осы күні түстен кейін Академияның акті залында концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, қызметкерлерге əдемі көңіл-күй сыйлады.

Мейрам ОСПАНОВ

АТЫРАУ ОБЛЫСЫ МКҚБПолиция күніне орай Атырау облысы МКҚБ-да ішкі істер органдарына

жаңадан қадам басқан 13 жас полиция қызметкері салтанатты түрде Ант қабылдады.

Ішкі істер органдары ардагерлері мен депар-тамент қызметкерлер і есімдері ішкі істер орган-дары жеке құрамының тізіміне мəңгілікке енгізілген қ ы з м е т к е р л е р д і б і р минуттық үнсіздікпен еске алды.

Іс-шараны құттықтау с ө з і м е н а ш қ а н І І М Көліктегі ІІД бастығы, по-лиция полковнигі Аманжол Қ а б ы л о в : « Б ү г і н б і з қызметт ік борыштарын өтеу кезінде ерлікпен қаза тапқан əріптестеріміздің өшпес рухы алдында бас и і п , ерен ерл і к тер і не тағзым етеміз. Олардың қайсар мінезі мен антқа а д а л д ы ғ ы б і з ү ш і н отансүйгіштіктің, туған елге деген махаббаттың айқын

көрінісі ретінде үлгі болмақ. Бүгінгі мереке күнінде жастарымыздың бойы-на қызметтің озық дəстүрлерін сіңіріп, патриоттық тəрбие беруде аянбай тер төккен ардагерлерге де ерекше алғысымды білдіремін», – деді.

Еліміздің бас көлік полицейі аса ауыр қылмыстарға, соның ішінде, əсіресе лаңкестікке қарсы іс-қимылды нығайту, сол арқылы еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету көлік полицейлерінің алдындағы басты міндеттері болып қала беретіндігін атап өтті. «Кез келген құқық бұзушылықтың ал-дын алу өз маңызын жоймауы тиіс. Қызметтік міндеттерді адал атқару мен табандылық таныту əр қызметкердің жоғары нəтижелерге қол жеткізуіне көмектеседі деп сенемін» деді полиция полковнигі.

Шараға қатысушыларды ішкі істер органдарының ардагерлері де қызу құттықтады.

100-ден аса үздік деп танылған қ ы з м е т к е р л е р Қ Р І І М ж ə н е департаменттің грамоталарымен жəне алғыс хаттарымен марапатталды. Салтанатты шараның соңы мерекелік концертке ұласты.

Көліктегі ІІД баспасөз қызметі

«Құқық тəртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен ІІД Жол-патрульдік полиция ротасының командирі Серік Гайнеденов марапатталса, ІІД Экстремизмге қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары Андрей Карабасов ҚР ІІМ-нің Құрмет грамотасымен марапатталды

Сондай-ақ, ІІ дəрежелі «Ішкі істер органының үздігі» төсбелгісімен – ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының аға жедел уəкілі Алексей Хан жəне ІІД Балық қорына қылмыстық қолсұғушылыққа қарсы күрес бөлімінің бастығы Рахметолла Дауылбаев марапатталды. Облыстық ІІД Жедел криминалистік басқармасы бастығының орынбасары Нұрлан Төлепов ҚР ІІМ грамотасына ие болса, облыстық ІІД Криминалдық полиция басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уəкілі Манарбек Үмбетқалиевке ІІМ-нің алғыс хаты табыс етілді.

Сонымен қатар, «Менің полициям» тақырыбында асфальтқа сурет салу конкур-сына қатысқан қызметкерлердің балалары дипломмен марапатталды.

Ішкі істер органдары Ардагерлер кеңесінің төрағасы, милиция полковнигі Ғалымжан Казиханов полиция қызметкерлерін бүгінгі кəсіби мерекелерімен құттықтап, зейнеткерлерін үнемі ардақтап, мереке сайын жиындардан қалдырмай шақырып отыратындығына шексіз риза екендіктерін жеткізді. Ішкі істер ор-ганы зейнеткерлерінің барлығына бағалы сыйлықтар табысталып, полиция қызметкерлері өз ардагерлерінің ағалық ақ алғыстарына бөленді. Салтанатты жиналыс соңында облыс əкімі Н.Ноғаев бастаған ІІД басшылары мен ардагерлері, ел тыныштығын күзету жолында жандарын қиған ішкі істер органдарының қызметкерлеріне арналған обелискіге гүл шоқтарын қойып, марқұмдарды еске алды.

Карим БАҚРИДЕНОВ

Шараға ішкі істер органдарының ардагерлері, Батыс Қазақстан облыстық ІІД жанындағы Консультативтік-кеңесші органның төрағасы Қазыбай Бозымов, құқық қорғау органдарының басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.

Қазақстан полициясы күні – бұл егеменді елімізде осынау құрылымды құрған тұлғаларға жəне ардагер-лерге зор құрмет көрсететін күн. Еліміздің тыныштығы мен адамдардың қауіпсіздігі үшін жан қиған ерлерді еске алу күні. Бұл отандастары-мызды зорлық-зомбылықтан, қауіп-қатерден қорғап жүрген жауын-герлерге Отанына адал əрі мінсіз қызмет етуді аманат еткен күн. Облыс əкімінің орынбасары мен де-

партамент басшылығы қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза болған ІІО қызметкерлеріне арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойды.

Егемендік алған жылдар ішінде Батыс Қазақстан облыстық Ішкі істер департаментінде қызметтік міндетін орындау кезінде 24 қызметкер қаза бо-лып, 8 қызметкер жарақаттанған екен. Қаза болған əріптестеріміздің есімі біздің жүрегімізде мəңгі сақталады. Салтанатты шараға жиналғандар Ақтөбе қаласында жасалған террорлық акті кезінде қаза болғандарды бір минуттық үнсіздікпен еске алды.

Салтанатты шарада Ішкі істер министрі, полиция генерал-лейтенан-ты Қалмұхамбет Қасымовтың поли-

ция қызметкерлерін құттықтау хаты оқылды. Облыс əкімі Алтай Көлгіновтің атынан Батыс Қазақстан облыстық ІІД Криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары, поли-ция полковнигі Илья Кеникстул, ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы, полиция майоры Жасұлан Шамшиденұлы алғыс хаттармен марапатталды.

Батыс Қазақстан облыстық ІІД бастығының бірінші орынбасары, по-лиция полковнигі Сағат Кентайұлы құттықтауын жеткізіп, ерекше көзге түскен қызметкерлерге Ішкі істер министрі тарапынан алғыс хаттар та-быс етті.

Қызметкерлерді көтермелеу ту-ралы Ішкі істер министрлігінің жəне Батыс Қазақстан облыстық Ішкі істер департаментінің бұйрығына сəйкес тəртіп сақшыларына кезекті арнаулы атақтар ұсынылып, мақтауға тұрарлық əрекеттері үшін тиісті қызметкерлерге Құрмет грамотасы мен төсбелгілері табыс етілді. Қоғамның тыныштығы үшін қалтқысыз қызмет ететін полиция қызметкерлерінің қатары 16 жас буын-мен толықты.

Отанға адал қызмет етуге ант берген тəртіп сақшыларына Батыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің бастығы Бекболат Төремұратов, Ішкі істер органдары Ардагерлер кеңесінің төрағасы Жайлыбай Адаев қоғамдық тəртіпті сақтау мен қылмысты ашу жолындағы еңбектеріне сəттілік тілеп, құттықтау тілектерін білдірді.

Одан соң əдемі сап түзеген полиция қызметкерлерінің тобы салтанатты шерумен жүріп өтті.

Асылай ҒҰБАШЕВА

Салтанатты шара дəстүрге сай Мемлекеттік туды көтеріп, əнұранды шырқаудан бастал-ды. Шараға басқарма бастығы, Ардагерлер кеңесінің төрағасы, басқарма жеке құрамы жəне қызметкерлердің бүлдіршіндері қатысты.

Ант қабылдау рəс ім інде басқарма бастығы, поли-ция полковнигі С.Молдашев құттықтау сөзін жеткізіп, жас қызметкерлерді Антқа адал болуға шақырды. Қызметтік м і н д е т т е р і н а б ы р о й м е н атқарып, қоғамдық тəртіпті сақтауда белсенді болу қажет екендігін айтты. Жəне кез кел-ген қылмыс түрімен күресте, азаматтардың Конституциялық құқығын қорғауға барынша күш салуды тілге тиек етті.

Қазақстан полициясы күні мерекесіне орай Ішкі істер министрі, полиция генерал-полковнигі Қ.Қасымовтың атынан қызметтік міндетін адал а т қ а р ғ а н ы , ж ұ м ы с т а ж о ғ а р ы жетістіктерге қол жеткізгені үшін

1-полиция батальон командирі, по-лиция капитаны Б.Амиров II дəрежелі «Ішкі істер органдарының үздігі» төсбелгісімен жəне қызметте жет-кет жетістіктері үшін 24 қызметкер басқарма бастығының атынан мақтау қағаздарымен марапатталды.

Сонымен қатар, Қазақстан полиция-сы күні қарсаңында спорттық жарыс ұйымдастырылып, саламатты өмір салтын сақтап, бұқаралық спортты насихаттауға арналған шараға 12 ко-манда қатысты.

Салтанатты түрде шымылдығы түрілген жарыс спорттың 8 түрінен өтті. Жарысқа қатысушылар шағын футбол, волейбол, арқан тарту, кір та-сын көтеру, турникке тартылу, кешенді күш жаттығу, нысанаға дəлдеп ату (9 мм МП), 9 мм ПМ, АК-74 қаруларын жартылай шашып-жинау, бойынша бақтарын сынады.

Е к і к ү н г е с о зыл ғ ан т ар тыс -ты жарыстың қорытындысында командалық есепте 1-орынды басқарма аппаратының командасы иеленіп, жа-рыс жеңімпазы атанды. Екінші орынды 1-полиция батальонының 4-взво-ды еншілесе, 3-орынды 2-полиция батальонының 1-взводы қанағат тұтты. Жарыс жеңімпаздарына басқарма аты-нан бағалы сыйлықтар мен марапат қағаздары ант қабылдау рəсімінде табысталды. Жарысқа қатысқан өзге де қызметкерлерге ынталандыру сыйлықтары мен алғысхаттар берілді.

Ш а р а с о ң ы н д а к і ш к е н т а й б ү л д і р ш і н д е р « М е н і ң полициям» тақырыбында суреттер салып, шығармалар жазды.

Ақтөре ҚУАНЫШЕВ

Page 6: Сақшы №47 (4213)

№ 93 (3970), четверг, 19.12.20136 е-mail: [email protected]№47 (4213), сейсенбі, 28.06.2016 е-mail:[email protected]

АРДАГЕР

МАЙДАНГЕР ДӘПТЕРІНЕН

ƏУЕДЕН ҰШҚАН, ƏЙ ҚҰСТАР...БІЗДІҢ ТУЫП-ӨСКЕН ЖЕРІМІЗ БҰРЫНҒЫ СЕМЕЙ ОБЛЫСЫ МАҚАНШЫ АУДАНЫНЫҢ ЖАРБҰЛАҚ (ҚАЗІРГІ ҚАБАНБАЙ) АУЫЛЫ. ҚЫТАЙ МЕМЛЕКЕТІМЕН КӨРШІЛЕС ЖАТҚАН АУЛЫМЫЗДЫҢ БІР ЖАҒЫНДА ƏЛЕМДЕ ТЕРЕҢДІГІ БОЙЫНША БАЙКАЛ КӨЛІНЕН КЕЙІНГІ ЕКІНШІ ОРЫНДАҒЫ АЛАКӨЛ ЖАТЫР, АЛ ЕКІНШІ ЖАҒЫНДА СУЫ ШИПАЛЫ, КЕҢЕС КЕЗІНДЕ ҒАРЫШҚА ҰШЫП КЕЛ-ГЕН ҒАРЫШКЕРЛЕР КЕЛІП, ДЕМАЛЫП, ДЕНСАУЛЫҒЫН ТҮЗЕГЕН БАРЛЫҚ-АРАСАН ДЕГЕН ҚҰТТЫ МЕКЕН ОРНАЛАСҚАН. АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ БАСЫМ КӨПШІЛІГІ ҚАЗАҚТЫҢ АТАҚТЫ БАТЫРЫ, ҚОЛБАСШЫСЫ ҚАРАКЕРЕЙ ҚАБАНБАЙДЫҢ ҰРПАҚТАРЫ.

ТУҒАН ЖЕР, ШЫНЫМЕНЕН ҚАЛАСЫҢ БА?

Туып ем қызыл-шілік сағасында,Кең байтақ исі аңқыған даласында.Айырылып алысырақ кетіп қалдым,Туған жер, шыныменен қаласың ба?

Дарыған қыдыр оған қара қоныс, Дəм тартып, туған жерден кеттім алыс,Ішінде өз халқымның жүрген күнім,Табалмай енді жүрміз жақын таныс.

Алланың добы деген адам басы,Алама бізді ойына елде жақсы.Болды ғой көрмегелі көп уақыт,Аман ба ел-жұртымның кəрі-жасы.

Біз жүрміз алыс жерде қарып болып,Қайғымен қапаланып көкте толып.Көңілді жүдеп жүрген көтеруге,Шығыста біздер жүрміз əнге салып.

Басына жас жігіттің не келмейді,Ата-ана бізді ойлап қайғы жейді.Біледі бір Құдайым деп айтайын,Біраз күн қайтуға да қалды енді.

Айтып жүр жазға таман қайтасың деп,Біз жүрміз тоса-тоса бір Құдай деп.Көңілді онымен де көтереміз,Дəм тартса төрт-бес айда қайтамыз деп.

Тірі адам оған-дағы жетіп қалар,Өткізсек январьды төрт ай қалар.Күн барма тіршілікте бізге дағыАуылға аман барып əнді салар.

Сағынып жазушы-майдангер Шайзада. (13.01.1946 жыл )

ƏУЕДЕН ҰШҚАН, ƏЙ ҚҰСТАР...

Əуеден ұшқан, əй құстар,Үйіме сəлем айтып бар.Жеткіншегім қуатым,Жан-жарығым болатын,Інілерім сұрасаБіз сияқты ағасын.Сақалы-шашы ағарған,Ата-анам егер сұрасаАман-сау жүр дегейсің.Айта бар сəлем, ей, құстар,Кейінгі менің еліме. Ұзынбұлақ-ЖарбұлақТуып өскен жеріме.Сəлем айт менің анама,Сағынып түсті ойыма,Əулие ата аруақтар,Жəрдем бермей жата ма,Біз сияқты жастарын,Салмасын мұндай қапаға.

ЖАН АНАМ

Жан анам мені өсірдің, еркелеттің,Талпынып құшағыңда мен ержеттім.Амал не тағдыр қуды мен балаңды,Жас бастан жахан кезіп, шетке кеттім.

Қайғырып, жаным анам, қапа болдыңҚуарып, өңі кеткен гүлдей солдың.Төрт болды екі көзің қарай-қарай,Бойына балаң кеткен ұзақ жолдың.

Мен кеттім өзім жалғыз ұзақ жолға,Айырылып менен қалдың қымбат ана.Балаңыз алыс жерде жүрген шақта,Жақ болар оған-дағы Құдай пана.

Айырылып кеттім жалғыз елден ана,Тапсырғың мен балаңды бір ҚұдайғаТірі адам тіршілікте көрер деген, Қайғырып, əзірінше болма қапа.

Елді ойлап, шетте талай азап шектім,Егіліп екі көздің жасын төктім.Зарығып, талай-талай ойға кеттім,Біле алмай не боларын келешектің.

Аман бол, мен барғанша, қымбатты анам,Қолыма сағынған соң алдым қалам.Сағынып, бір азырақ өлең жаздым,Бұл өлең енді осымен болсын тəмам.

Хат жазушы балаң Шайзада.

ШЫҒЫСТАҒЫ ШЕКАРАДА

(Қыстың күні күзетте шығарған өлеңім)

Қиыр Шығыс даласы, Шекараның арасы.Күзетте тұр тоңазып,Біздей қазақ баласы.

Біздер де тұрмыз күзеттеҚару-жарақ асынып.Қашан келеді смен деп,Тыпыршылап асығып.

Аяқтағы сұр пима,Жылуы жоқ оның да.Аяқтан суық өтіп тұр,Сүйекке де жетіп тұр.

Əсіресе, түн іші, Суық өтіп тоңамыз.Тау ешкідей секіріп, Тастан-тасқа қонамыз.

Қарлы боран соғып тұр,Қарауға да қиындық.Аталарды шақырып, Аруағыңа сиындық.

Тау менен қалың орманның, Арасында жүрміз біз.Кетер ме екен ұмыт боп,Осындай көрген күніміз.

Қуат берер Құдайым,Біз секілді жастарға.Нелер келіп, не кетпес,Жасөспірім бастарға.

Солардың бірі – 1924 жылы наурыз айын-да дүниеге келіп, 2005 жылы өмірден озған, Жарбұлақ ауылының негізін қалаушы, Ұлы Отан соғысының ардагері, əкеміз Шайзада Абылқасымұлы. Арғы аталарымыз тура-лы баяндасақ, Қожақұл батырдан Ерасыл (Қабанбай), Ерасылдан Əлі, Əліден Шаған, Шағаннан Жолан, Жоланнан Екежан, Екежаннан Абылқасым ұрпақтары тараған екен. Абылқасым шаруақор, пысық, сөзге ділмар адам болыпты. Əжеміз Несіпхан екеуі бес ұлды өмірге əкеліп, тəрбиелеген.

Абылқасым атамыздың бір ұлы – əкеміз Шайзада 1942 жылы небəрі он сегіз жасында Ұлы Отан соғысына аттанады. Аягөз қаласындағы əскери комиссариаттың жолдамасымен əскери киімдерін киіп, майданға кетуге дайындалып, сол жерде кезекті эшелонды күтіп екі апта жатады. Жергілікті жердің халқы «елімізді қорғайтын солдат қой» деп, əскери киім киіп, жолдорба асынған əкемізге өте мейірімділікпен қарап, соғысқа аттанғанша тамақтандырып, кезекпен үйлеріне қондырған екен.

Шайзада екі аптадан соң пойызға отырып, туған елімен қоштасып, майданға кете барады. 1942 жылдың желтоқсан айында Владивостоктағы 209-атқыштар бөлімінің жауынгері ретінде қатарға қосылады. Еліміздің шығыстағы шебін қорғайды. Мұнарада күзетте тұрғандарды жа-пон солдаттары пышақ лақтырып, дыбысын шығармай өлтіріп, шабуылға шығады екен. Əкеміз де бір күні күзетте тұрған кезінде жапон солдатының пышағынан жараланады. Қиыр Шығыстағы соғыстарға бастан-аяқ қатысады. Тіпті, соғыс біткен соң да, елге қайтпай əскери борышын өтей береді. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1947 жылғы 4 ақпандағы Жарлығынан кейін ғана 1947 жылы 20 наурызда əскер қатарынан босатылады.

1947 жылы майданнан оралғанда жалғыз інісі Құбаш он алтыдан енді ғана асқан бала жігіт екен. Ағасын Еміл өзенінің бойынан қарсы алған бауырының қуанышында шек болмайды. Əкеміз оған əскери киімдерін кигізіп, ағайынды екі жігіттің əңгімесі таусылмай, үйге екі күннен кейін арбамен жетіпті. Соғыстан аман оралған əкемізді шағын ауыл тік тұра қарсы алып, жылап көріскен. Анасы Несіпқан (əкем əжемді «Шөкей» деп атайтын) өз көзіне өзі сенбей, «бұл менің Шайзадам емес» деп оны қайта-қайта қысып, дауыс салып, көз жасын тоқтата алмай жы-лай беріпті. Соғыстан оралғаннан кейін əкеміз аудандық «Қызыл отаудың» бастығы болып тағайындалады. Орысшаға жүйрік, пысық жас жігітті партия кеңсе хатшылығына, соңынан ауылдық кеңеске төраға етіп тағайындайды. Көрші Қарабұлақ жерінен анамыз Сараға жолығып, шаңырақ көтереді. Біздің анамыз Сара он үш жасынан еңбек еткен Тыл ардагері болатын.

Əкеміз Шайзада сол кездегі ағартушылық ша-раларына белсене араласып, жоқ-жітікке сүйеу бола білді. Ашаршылық жылдары Қытай асып кеткен ағайындардың елге оралуына да көп көмегін тигізді.

Анамыз екеуі тоғыз бала тəрбиелеп өсірді. Ұшқан ұямыздан танымал ғалым да, құрылысшы

мен өлімнің шекарасында жүрген жауынгердің туған жеріне, өз халқына, ағайын-туыстарына деген шынайы махаббаты ғой. Бұл өлеңдерде жалған ұраншылдық, көпірме патриотизм деген атымен жоқ, қатардағы қарапайым солдаттың көңіл толқыны, шын сөзі мен мөлдір сезімі ғана бар. Біздің əкеміздің өлеңдерін жыр сүйер қауым сол тұрғыдан қабылдап, бұл өлеңдердің түбінде жатқан жауынгердің жан сырын ұғынар деп үміттенемін.

Айкерім АБЫЛҚАСЫМОВА,ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды

Академиясы Ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері,

полиция подполковнигі

ИГІ ІС

ТАҒЫЛЫМЫ ТЕРЕҢ КЕЗДЕСУСабырбек ОЛЖАБАЙ

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ ІШКІ ІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ЖЕКЕ ҚҰРАМЫ ЗАҢГЕР, ƏДІЛЕТ ГЕНЕРАЛ-МАЙОРЫ МОЛДИЯР ОРАЗАЛИЕВПЕН КЕЗДЕСТІ. САЛТАНАТТЫ КЕЗДЕСУ ОБЛЫСТЫҚ ІІД БАСТЫҒЫ, ПОЛИЦИЯ ГЕНЕ-РАЛ-МАЙОРЫ АСҚАР ОСПАНОВТЫҢ БАСШЫЛЫҒЫМЕН ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ.

Кездесуге генерал Оразалиев жұбайы Элла апамызбен б ір ге келді . Жеке құрам мен жас по-лицейлер əділет генерал-майоры Оразалиевтің өмір жолын, қызметтегі асуларын өз аузынан естіді. Тəлім-тəрбиесі мол осы кездесуде полиция қызметкерлерінің еліне, Отанына деген сүй іспеншіл іктер і артып, өздеріне сенім пайда болды. Себебі, генералдың өмір жолы қарапайым еңбектен жəне алға ұмтылудан басталған екен.

1953 жылдың 16 наурызында Оңтүстік Қазақстан облысының Төле би ауданына қарасты Көксаяқ ауы-лында дүниеге келген генералдың балалық шағы сол ауылда өтеді. 1974 жылы мектепті бітірген ол сол жылы КСРО ІІМ Қарағанды Жоғары мектебіне оқуға түседі.

« О қ у д ы б і т і р і п қ а й ж е р г е орналастыңыз? Жалақыңыз қанша болды? Б і р і нш і жалақыңызды қайда жұмсадыңыз?» , – деген сауалдарға əділет генералы Молдияр Молыбайұлы: «1974 жылы оқуды бітіріп, жолдамамен Шымкент об-лысы атқару комитеті Ішкі істер басқармасының қылмыстық іздестіру бөліміне аға инспектор болып келдім. Жұмысқа келген күні мені Түлкібас ауданында орын алған адам өлімі оқиғасын ашуға жіберді. Сол кез-де мен жұмысымның қаншалықты ауыр екенін түсіндім. Бұрын өлген адамның денесін көрмегенмін. Маған сол қылмысты ашу алынбас белестей

ақшаны қимай, жұмысқа жаяулатып келетінбіз. Ал, бірінші жалақымнан жұбайыма көйлек əпергенім көз ал-дымда», – деді.

Облыстық ІІД бастығы, полиция генерал-майоры Асқар Шуашұлы: « Ə д і л е т г е н е р а л ы М о л д и я р Молыбайұлы ішкі істер органдары қатарында көп жыл қалтқысыз еңбек етті. Еліміз тəуелсіздік алған жылдары департаментті басқарды, еліміздің құқықтық тəртібін қамтамасыз етуге елеулі үлес қосты, кейінгі буынға үлгі болды. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарында лайықты қызмет атқарған Молдияр Оразалиев құқық қорғау саласының үздігі. Көптеген на-градалар, грамоталар мен медальдар алды. Атап айтар болсақ, ІІ дəрежелі «Даңқ» орденімен, сондай-ақ ІІ жəне ІІІ дəрежелі «Үздік қызметі үшін» медалімен марапатталды», – деп атап өтті.

Заңгер, əділет генерал-майоры Молдияр Оразалиев – ІІМ Қарағанды заң институтының профессоры. Ол 1992-1993 жылдары Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІББ Криминалдық полиция басқармасының бастығы лау-азымында, одан соң екі жыл Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІББ бастығының бірінші орынбасары қызметін атқарды.

1997 жылы Оңтүстік Қазақстан облыстық Ішкі істер бас басқармасының бастығы болып тағайындалды. 1999

жылы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары қызметіне ауысты. Алматы қалалық ІІББ-ның бастығы, Қостанай облысы Ішкі істер департаментінің бастығы қызметтерін де мінсіз атқарды. 2007-2009 жылдары ҚР ІІМ Əкімшілік полициясы комитетінің төрағасы болды. Мұнан соң, 2013 жылы ТМД қатысушы-мемлекеттері Лаңкестікке қарсы орталығы басшысының бірінші орынбасары болып еңбегін жалғады. Кездесуде Оңтүст і к Қазақстан облысының құрметті азаматы Молдияр Оразалиевтің еңбек жəне өмір жолын баяндайтын фильм көрсетілді.

Ж и ы н с о ң ы о б л ы с т ы қ ө н е р жұлдыздарының жəне облыстық ІІД қызметкерлерінің қатысуымен концерттік бағдарламаға ұласты. Кездесу кешінің иесі департамент басшылығымен бірге департаменттің музейін аралап көрді. Ал, əділет гене-ралы музейге «Ұлы дала генералда-ры» атты кітапты сыйға тартты.

Айта кетей ік , соңғы уақытта Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД-нің жеке құрамы Қазақстан полициясын-да өзінің өшпес іздерін қалдырған жəне Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары жұмысының жандануына елеулі үлес қосқан ге-нералдар мен ішкі істер органының ардагерлерімен кездесу өткізуді дəстүрге айналдырып отыр.

да, ұстаз да, заңгер де, кітапхана қызметкері де, агроном да, дəрігер де тəрбиеленіп шықты. Солардың ішінде Бауыржан Шайзадаұлы КСРО кезеңінен аға тергеуші, аудандық ІІБ бастығының тергеу бойынша орынбасары лауазымдарында бірқатар жылдар қызмет атқарды. Қазіргі күні Шығыс Қазақстан облысының Курчатов қаласында соттың төрағасы. Айнұр Шайзадақызы Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы Академиясында аға оқытушы, полиция майоры. Əкеміздің немерелері Еркебұлан майор арнайы атағында болса, Ақбота Алматы қаласының Наурызбай аудандық ІІБ-де Əйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жұмыстарын ұйымдастыру бөлінісінде инспектор лауазымында қызмет атқарады, полиция майоры.

Қазақ ақын халық қой, соғыс кезінде ағайын-туыс бауырлар бір-біріне өлеңмен де хат жа-зысып, сағыныштарын білдіреді екен. Зымырап жатқан уақыт, күндей күркіреген қаһарлы соғыстың аяқталғанына да 71 жыл болыпты. Мұқабасы сарғайған əкеміздің күнделігінен мар-жандай болып өз қолымен жазылған өлеңдерін оқып отырып, көңілім қатты толқиды. Əкеміз Шайзаданың майданның қанды шебінде жүріп, қолымен деуден гөрі, жүрегімен жазған де-уге келетіндей өлеңдерін оқырман қауымға ұсынғым келеді. Əрине, кəсіби ақындар бұл өлең шумақтарынан біраз кемшіліктер табатын шығар. Өлеңді жазу техникасында, буындар санында, ұйқастарында олқылықтар бар да шығар. Бірақ, бұл жанын шүберекке түйіп, өмір

көрінді. Дегенмен, уақыт шындықты əшкерелейтіні секілді, қылмыстың да беті ашылды. Сол кездегі жалақым

120 сом болды. Сол ақшаны жал-дамалы пəтерге , азық-түл ікке , жүріп-тұруға жеткіздік. Жолақыға

Page 7: Сақшы №47 (4213)

№ 93 (3970), четверг, 19.12.2013 7е-mail: [email protected]№47 (4213), сейсенбі, 28.06.2016 е-mail:[email protected]

СПОРТ

ФУТБОЛ

ВЕЛОМАРАФОН

АКЦИЯ

Қазақстан Республикасы ІІМ Атырау облысы Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы мемлекеттік мекемесінің басшылығы мен жеке құрамы осы мекеменің 2-полиция батальонының аға инспекторы, полиция майоры Магбит Пайзоллаұлы Сабировқа ағасы

САБИРОВ Бердібектіңқайтыс болуына орай қайғысына ортақтасып қөңіл айтады.

ДОСТЫҚ КУБОГЫ САРАПҚА САЛЫНДЫ

СПАРТАКИАДА

ҚОЯН-ҚОЛТЫҚ АЙҚАС

«Саламатты қала»

Спорттық жарыс қазақстандық Полиция күн і мен мемлекетт ік қызметшілер күнін мерекелеу аясында ұйымдастырылды, сондай-ақ, сайыс саламатты өмір салтын насихаттауға жəне корпоративтік рухты нығайтуға бағытталған. Бұдан бұрын өткен жолдастық кездесу былтыр өткізіліп, матч 2:2 есебімен тең аяқталған бо-латын.

Биылғы кездесу өте тартысты өтті. Қос команданың өкілдері сол күнгі жаңбырға қарамастан бір-біріне дес бермеді. Қызу əрі тартысты өткен бірінші таймда есеп ашылмады. Екі команда да қорғаныста сауатты ойнай білді. Екінші таймда əкімдік командасы үзд ікс і з шабуылдар ұйымдастырғанымен, одан нəтиже шықпады. Ал тəртіп сақшылары əкімдік командасының қателіктерін ұтымды пайдаланып, қарсы шабуылдар ұйымдастыра білді. Нəтижесінде ІІД-нің командасы 2:0 есебімен жеңіске жетті. Жеңімпаз командаға Достық кубогы салтанатты түрде табысталды.

Астана қаласы əкімінің орынбасары Ермек Аманшаев пен Астана қалалық Ішкі істер департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Амантай Əубəкіров жарысқа қатысушыларды құттықтап, сəттілік тіледі.

« Ж а ң а ғ а н а А с т а н а қ а л а с ы əкімдігінің мемлекеттік қызметкерлері мен қалалық Ішкі істер департаменті

Нұрлан ОРАЗҒАЛИЕВ, суреттер Серік ЖОЛДАСПЕКОВТІКІ

АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ ІШКІ ІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІ 23 МАУСЫМ – ПОЛИЦИЯ КҮНІНЕ ОРАЙ ФУТБОЛДАН ДƏСТҮРЛІ ДОСТЫҚ КУБОГЫН САРАПҚА САЛДЫ. АСТАНА ҚАЛАСЫ ƏКІМДІГІНІҢ ҚҰРАМА КОМАНДАСЫМЕН ӨТКЕН ЖАРЫС Қ.МҰҢАЙТПАСОВ АТЫНДАҒЫ СТАДИОНДА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ. БҰЛ ЖОЛҒЫ ЖОЛДАСТЫҚ КЕЗДЕСУ 2:0 ЕСЕБІМЕН ТƏРТІП САҚШЫЛАРЫНЫҢ ЖЕҢІСІМЕН АЯҚТАЛДЫ.

Ақ нысанды киімде сап түзеп, Көк туға бет бұрып, Əнұран орындалғаннан кейін басқарма бастығы, полиция полковнигі Оңал Бекеев құттықтау сөз сөйледі. Ол сөзін қызмет бабында қаза болған əріптестерін бір минут үнсіз еске алудан бастады.

«2007 жылы 5 маусым күні Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өз Жарлығымен 23 маусымды – Полиция күні деп бекітті. Қазақстан полициясы күні – осы жауапты қызметті жолға қоюдың басы-қасында болғандарға, ардагерлерге жəне бүг інде осы қатарда еңбек етіп жүргендерге ризашылық пен алғыс сезімдерін білдіру күні. Сонымен қатар, бұл күн бейбіт уақытта қазақстандықтардың тыныштығы мен қауіпсіздігі үшін өз өмірлерін құрбан еткендерге құрмет

қ ы з м е т к е р л е р і н і ң а р а с ы н д а мемлекеттік қызметкерлер күні мен Ішкі істер органдарының құрылған күніне арналған футболдан достық кездесу аяқталды. Ойын өте тартысты болды. Астана қаласының əкімдігі 2:0 есебімен жеңіліп қалғанымен, оған ешқандай өкініш жоқ. Астана қаласының тұрғындарын, оның ішінде, мемлекеттік қызметкерлер мен ішкі істер органдарының қызметкерлерін

əкімдігінің Əдеп жөніндегі уəкілі Рахат Бекқадамов.

Сонымен қатар, алаңда ерекше көзге түскендер түрлі аталымдар бойынша марапатталды. Астана қаласының ІІД Жедел басқару орталығының бөлім бастығы Жеңіс Бектаев «Үздік қақпашы», Тергеу басқармасының бөлім бастығы Серік Ыбыраев «Үздік шабуылдаушы», оқу-жаттығу рота-сы командирінің орынбасары Ардақ Амантаев «Үздік қорғаушы», №8 БЖСМ директоры Ербол Кошанов «Үздік ойыншы» аталымында үздіктер деп танылды.

«Енді келесі кездесуге дейін «Достық кубогы» Астана қалалық Ішкі істер департаментінде тұратын болады. Спортқа жақын болғандықтан Ішкі істер департаментінің футболшылары 2:0 есебімен жеңіске жеттік. Осындай жарыстар көп бола берсін, еліміз аман, халқымыз тыныш болсын. Жарыста да, қызметте де жеңіске жете берейік», – деді əріптестерін құттықтаған Ішкі істер департаментінің АЖƏО инспек-торы Еңсепов Данияр.

Үзіліс кезінде қолданбалы спорт түрлерінен алты кезеңдік полицейлік эстафета өтті. Бірінші кезеңде – ПМ-9 мм тапаншасын толық емес бұзып-жинау, стадионды айналып 450 м жүгіру. Екінші кезең – газдан қорғау маскасымен 200 метрге жүгіру. Үшінші кезең – зембілмен 200 метрге жүгіру.

Астана көшелеріндегі веломарафон

көрсету күні болып та саналады», – деді ол.

Одан соң қызметке жаңадан қабылданған жас қызметкерлердің ант беру рəсімі өтті. Иықтарына автомат асынған жас мамандар қандай жағдайда да ел тыныштығын қорғауға, қызмет жолында басын қатерге тігіп, өмірін де сарп етуге, қызметі мен азаматтық ұстанымына кір келтірген жағдайда республика заңы бойынша жазаға тартылуға дайын екендіктерін айтып ант берді. Сонымен бірге, қызметінде көзге түскен қызметкерлерге кезект і шендік атағы мен алғыс хаттар табыс етілді.

Салтанатты шара Астана қаласы əк імд і г ін ің алдындағы алаңнан басталған велошерумен жалғасты.

Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлері, осы күні интернет кеңістігін фото-видео-кадрларымен толтырған, веломара-фон ұйымдастырды. Осылайша олар ерекше тəсілмен өз кəсіби мерекелерін атап өтуді жөн санапты. Полицейлер елордада кең танымалдылыққа ие қоғамдық көліктің бірі «Astana Bike» велосипедтеріне отырып, Астана əкімдігінен Тəуелсіздік монументіне дейін жүріп өтті.

Велошеруді басқарма бастығы, поли-ция полковнигі Оңал Ботайұлының өзі бастап жүрді. Шараға 150-ден астам тəртіп сақшысы қатысты. Олардың барлығы да күнделікті қызметтік нысанды киімде болды. Осылайша дəстүрлі велошеру акциясын биыл да жандандырған тəртіп сақшылары 10 шақырым жол жүріп өтті.

«Біздің мақсатымыз – саламатты өмір салтын насихаттаумен қатар, тəртіп сақшыларының қашан да, қандай жағдайда да қандай көлік түрімен болмасын əрекет етуге даяр екендігін көрсету», – дейді велошеруді ұйымдастырушылар.

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТƏРТІП САҚШЫЛАРЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ НАШАҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС КҮНІНЕ ОРАЙ «САЛАМАТТЫ ҚАЛА» АКЦИЯ-СЫН ҰЙЫМДАСТЫРДЫ.

Алматы қаласының полиция қызметкерлері нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы профилактикалық жұмыстардың тиімділігін арттыру үшін жан-жақты жұмыстарды үнемі жүргізіп келеді. Соның бір парасы – қоғаммен өзара тығыз жұмыс жасау.

«Алматы қаласы əкімі орынбасары бекіткен «Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне арналған шараларды өткізу жоспарын» жүзеге асы-ру аясында біздің бөлімше қызметкерлері «Саламатты қала» акциясын ұйымдастыруда. Акцияны өткізу үшін таңдалып алынған қаладағы ірі сауда-сауық орталықтарының басшылары бұл бастаманы қуана қолдап отыр.

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ƏКІМІНІҢ ЖҮЛДЕСІНЕ АРНАЛҒАН СПАРТАКИАДАДА СЫР САҚШЫЛАРЫ ҮЗДІК НƏТИЖЕ КӨРСЕТУДЕ. ЖАҚЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК ЖƏНЕ ВЕДОСТВО ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АРАСЫНДА ДƏСТҮРЛІ ХХІ СПАРТАКИАДА САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ ӨЗ ШЫМЫЛДЫҒЫН ТҮРГЕН БОЛАТЫН.

22 маусым мен 7 шілде аралығында өткізіліп жатқан спорттық бəсекеге арнайы құқық қорғау құрылымдарымен қатар облыс əкімдігінің басқармалары қатысып, спорттың 9 түрінен бақ сынасуда. Бұл байрақты бəсекеден Қызылорда облыстық Ішкі істер департаменті де қалыс қалмай, алғашқы күні-ақ тыңғылықты дайындықпен келгендіктерін көрсетіп, əр спорт түрінен үздік нəтижелер көрсетуде.

Мəселен, жарыстың бірінші күнінде өткізілген арқан тарту сайысында қарсыластарын айқын басымдықпен жеңген департаменттің құрама коман-дасы, 1-орынды қанжығаларына байласа, екінші күні де волейбол турнирінің ақтық ойынында Төтенше жағдайлар департаментінің құрама командасын жеңіп, 1-орын иегерлері атанды.

Ал шахматтан өткен жарыста 3-орын үшін таласта облыстық ІІД командасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің командасымен кездесіп, есе жіберіп алды. Нəтижесінде 6-орынға тұрақтады.

Тағы бір сайыс – пневматикалық мылтықтан атудан Қызылорда облыстық ІІД-нің қызметкерлері алдарына жансалмайтынын дəлелдеп, қарсыластарын сыпыра жеңіп, 1-орынды қанжығаларына байлады.

Спорттық дода шілде айының 7-не дейін жалғасатын болады. Алғашқы күні-ақ Ішкі істер департаментінің құрама командасы үшін жеңісті басталған жарыс əрі қарай да жемісті болары сөзсіз.

Қызылорда облыстық ІІД баспасөз қызметі

Облыс əкімінің жүлдесі

2016 ЖЫЛДЫҢ 1-3 ШІЛДЕСІ АРАЛЫҒЫНДА АСТАНА ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ҚЫЛМЫСТЫҚ АТҚРАУ ЖҮЙЕСІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН ЕЛ ТƏУЕЛСІЗДІГІНІҢ 25 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНА ОРАЙ ЕЛОРДАДАҒЫ «ДИНАМО» СПОРТ КЕШЕНІНДЕ «ҚЫЛМЫСТЫҚ АТҚАРУ ЖҮЙЕСІ КОМИТЕТІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АРАСЫНДА ЖЕКПЕ-ЖЕК САЙЫСЫ БОЙЫН-ША IХ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТ» ӨТЕДІ.

Спорттық іс-шараға республиканың Оңтүстік, Батыс, Шығыс, Солтүстік аймақтарының құрама командалары қатысады. Құрама команданың ер жəне əйел қызметкерлері əртүрлі салмақ дəрежесінде сайысқа түседі. Жарыстың қорытындысы бойынша үздік нəтижеге жеткен қызметкерлер Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің құрама коман-дасына кіреді. Спорттық іс-шараның басты мақсаты – қызметкерлер бойын-да патриоттық, отансүйгіштік сезімді тəрбиелеуге, саламатты өмір салтын ұстануға, насихаттауға, ҚАЖ органдарының имиджін көтеруге бағытталған.

Іс-шараға ҚР ІІМ ҚАЖК басшылығы, Астана қаласы əкімдігінің Ішкі саясат басқармасының қызметкерлері, «Динамо» СК өкілдері, Астана қаласы бой-ынша Қылмыстық атқару жүйесі департаменті басшылығы, қызметкерлері жəне Ардагерлер кеңесі мүшелері, республикамыздың Оңтүстік, Батыс, Шығыс, Солтүстік аймақтарының құрама команда өкілдері қатысады. Спорттық іс-шараның алғашқы күнінде мерекелік ахуал қалыптастыруда де-партамент қызметкерлері күшімен ұйымдастырылған концерттік бағдарлама ұсынылады.

Жекпе-жек сайысы соңында анықталған жеңімпаздарға марапаттау шара-сы өтеді. Сонымен қатар, осы шараны өткізуге үлес қосқан қатысушыларға сый-құрмет көрсетіледі.

Астана қаласы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі

Дəстүрлі чемпионат өтеді

ССО-ға келушілер арасында нашақорлық профилактикасына жəне жастарды саламатты өмір салтына тартуға бағытталған «Наркопост» жəне «Будущее без наркотиков» ақпараттық-шолу журналдары таратылып берілді», – дейді Алматы қалалық ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Дəулет Қазкеев.

Сонымен қатар, есірткі бизнесіне қарсы күресуші құқық қорғаушылар балалар арасында «Менің полициям» тақырыбында Қазақстан полициясы күніне орай су-рет салудан байқау ұйымдастырды. Туындылары келушілердің назарына көрме етіп қойылған балалар суреті байқауының арасында полиция қызметкерлерінің де балалары бар. Шығармашылық шараға барлығы 40 бала қатысты. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен жəне грамоталармен марапатталды.

Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі

АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН КҮЗЕТ ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КƏСІБИ МЕРЕКЕЛЕРІН МЕКЕМЕ АУЛАСЫНДАҒЫ САЛТАНАТТЫ ТАҢҒЫ ТАРАТУДАН БАСТАДЫ.

Н.СƏРСЕНҒАЛИҰЛЫ, суреттер автордікі

мерекелер імен шын жүректен құттықтаймыз. Жас мемлекетіміздің дамуына, жас астанамыздың да-муына қосып жатқан еңбектеріңіз əрдайым жемісті болсын. Алда да үлкен табыстарға жете беріңіздер. Осындай жарыстарда əрқашан достық жеңе берсін», – деді Астана қаласы

Төртінші кезең – 200 метрге жүгіру. Бесінші кезең – ролликпен 800 метрге жүгіру. Алтыншы кезең – 150 метр қашықтыққа толық əскери керекті жабдықтармен жəне киіммен жүгіру. Мерекелік шарада жеңімпаздармен қатар ынталы қызметкерлер де мара-паттан құр қалған жоқ.

Page 8: Сақшы №47 (4213)

БҮГІН – БАЙЛАНЫС жəне АҚПАРАТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІ№47 (4213), сейсенбі, 28.06.2016 е-mail:[email protected]

ШЫҒАРУШЫ жəне МЕНШІК ИЕСІ:«Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының Медиа орталығы» ЖШС

Басылым 01.06.2006 жылы ҚР Ақпарат министрлігінде тіркеліп, тіркеу туралы №7355 - Г куəлігі берілді• Автордың пікірі редакцияның көзқарасын білдірмейді• Қолжазба рецензияланбайды жəне авторға қайтарылмайды• Редакция хаттарға жауап беруге міндетті емес• Ұсынылған материалдағы фактілер үшін автор жауап береді• Фотосуреттердің сапасына редакция жауап береді• Редакцияның келісімінсіз материалдарды көшіріп басуға тыйым салынадыБас директор

Бимаханбет АСАНОВКомпьютер жəне дизайн бөлімінің қызметкері: Ақсая ЖҮРКЕНОВА Корректор: Нұршакүл ƏШІМБАЕВА Фототілші: Серік ЖОЛДАСПЕКОВ

МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ:010000, Астана қаласы, Брусиловский көшесі, 17/3Телефон: 8(7172) 56-97-58, 56-97-68 (ішкі нөмір 109) Эл. пошта: [email protected]

БІЗДІҢ РЕКВИЗИТТЕР:ИИК - KZ748560000000147459 БИК - KCJBKZKXБИН - 051040005963 КБЕ-16«БанкЦентрКредит» АҚФ РНН 600900114533

Газет «Сақшы» компьютер жəне дизайн бөлімінде теріліп, қатталды. Басылым «ERNUR» Медиа- холдингі» ЖШС баспаханасында басылды.Индексі: 65395 Таралымы: 13029Тапсырыс: №2958

Нөмірдің кезекшісі: Нұрлан ОРАЗҒАЛИЕВ

РЕДАКЦИЯ АЛҚАСЫ: Бас редактор: Бану ƏДІЛЖАНОВА Ақпарат бөлімінің меңгерушісі: Ғанибет ҒАЛЫМБЕКҰЛЫ Аға тілшілер: Жадыра МЫРЗАХМЕТОВА, Нұрлан ОРАЗҒАЛИЕВТілшілер: Гүлнəр МАҒЗҰМОВА, Айткен ШƏМШІ,Сабырбек ОЛЖАБАЕВ

ЖУРНАЛИСТ МАМАНДЫҒЫН АУЫСТЫРАДЫ

Мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру сөйлеген сөзімізден емес, істеген нақты істерімізден көрінеді. Осы орайда Астана қалалық ІІД-нің Есіл аудандық ІІБ-да бұл жұмыстар өз дəрежесінде жолға қойылған. Басқарманың Мемлекеттік тіл жəне ақпарат тобы қызметкерлері «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын орындау мақсатында, 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама аясында жоспарлы түрде жұмыстар жүргізіп, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту барысында құжаттар мен іс қағаздарды мемлекеттік тілде жүргізу, түрлі шаралар, тіл апталықтарын ұйымдастыру, өзге жерлерде өтіп жатқан шараларға қатысу, «Қазтест» сынағына қатысу, қазақ тілі сабағын өткізу сынды жұмыстарды жүзеге асы-рып келеді.

Мемлекеттік тіл жəне ақпарат то-бында 2 инспектор қызмет етеді. Олар баспасөз қызметінің жұмысын қоса атқарады. Сонымен қатар, қазақ тілін оқыту курсы жолға қойылған. Курсқа

Кинологиялық қызмет орталығының есігінен кірген бетте, темір торлы үйшіктерде үн-түнсіз жатқан иттер мені бірден бөтенсініп, абалап үре бас-тады. Бастапқыда үрейленіп қалсам да, кейіннен бұл қорқынышымның өзі бекер болып шыққанын түсіндім. Мені бұл жерде күтіп алған мамандар иттермен қалай тіл табысып, жұмыс жасау керек екенін жіті түсіндіре бас-тады. Мұндағы иттердің тұқымдарын да көріп, таныстым. Олар неміс ов-чаркасы, малинуа, лабрадор-ретри-вер, орыс спаниельдері екен. «Бұл иттердің иісшілдік қабілеттері ерекше дамыған жəне жаттықтыруға тез бейім», – дейді кинологтар. Мысалы, иісшіл иттер мың түрлі иістер арасы-нан оған қажеті иісті анықтап, оның қай жерде жасырынғанын айыра алады жəне итке қажеті иісті небəрі 5 секундқа иіскеуге берсең, ол оны 5 жыл көлемінде ұмытпайды.

Сонымен, кинологтың киімін киіп, мамандардың түс інд ірген əд іс -тəсілдері бойынша қызметтік-іздестіру иттерімен жұмыс жасап көрдік. Ең

Бүгінде журналистикаға қатысты осы афоризмді қолданбайтын жан жоқ. Шерағаң журналистердің жайын бес саусағындай білетіндіктен айтады. Өйткені, өзі жазушылықпен жұптастырып журналистікті ұзақ жылдар сүйретті. Ал, Шерағаң барған басылым жайнап, көркейіп шыға келетін. Тіптен, Шерағаң ол үшін ит тұмсығы батпастай меңіреу орман болған радио-телевизияға да жегілді. Талант қашан да талант. Мұнда да жарқ етіп, алмағайып заманда алдан күдерін үзе бастаған «телевизионщик» пен «радищниктердің» үмітін жалғады. Сөзіне «бостандық», қаламына кеңістік алып берді, ауызына ақ тигізді. Ол алып Одақтан «бос жүгенмен» бөлініп шыққан біздің еліміз үшін ауыр кезең-тін. Бүгінде пайым-дап қарасақ, талай əпербақандықты көрген осынау насихат ұйымына сол кезде Шерхандай тұлға керек болған екен.

Бүгінде ақпарат алаңы кеңіп, насихат нарқы айқындалды-ау деген тұста, керісінше, басшылық тұлғасы азайды. Тізгін «ұстағанның қолында, тістегеннің ау-ызында» кетіп тұр. Бірақ, есесіне ақпарат көзінің көбеюі халық үміт артып отырған ұлттық бағытта болуы тиіс салалардың «жыртығына жамау» болып келеді. Бірақ сауатты халық оның бəрін біліп отыр. Президент БАҚ-ты билік пен халықтың арасын жалғаушы алтын көпір деп атағаны белгілі. Халық сол көпірдің шегесінің суырылып, босамауын қалайды. Көрермен жақсыны көрсе балаша қуанып, жалғандықты байқап қалса жабырқап қалады.

Ауызды тіптен қу шөппен сүртуге бола қоймас. Еңбекақы əлі де жақсартуды қажет етеді. Ал, мақтау-марапатқа келсек, билік бұтақтары тарапынан жыл айналып келетін журналистердің кəсіби мерекесінде, əйтеуір, қатырма мақтау қағаздарымен елеп жататыны рас. «Нұр Отан» сияқты азулы партиялар үлкен сыйлықтар да ұсынады. Аға газет «Егемен Қазақстанның» «Алтын қалам» атты өз сыйлығы бар. Бұл «Егеменге» жарасып тұр. Пəтер де берген кездері болған. Бірақ сол бағалы сыйлық лайықты иесін тапты ма екен? Ол басқа əңгіменің тақырыбы. Алайда, бұл жерде құдайшылығын айту керек, мереке тұсында қаламгерлердің бір серпіліп қалатыны бар. «Илеп жүргеніміз бір терінің пұшпағы» ғой деп беріліп жатқан сыйлықтардың орнын тапқан-таппағанына көз жұматыны рас. Əйтпесе, қаламының желі барлар тасада қалып, жанкештілердің озықтар қатарынан көрінуі қандай əділдік?! Бұның арты жел сөздерге тамызық болатыны да бар. Шерханмен бастадық, шағын ғана ойбөлісімізді Шерағаңмен жалғайық. «Журналистика жүгіргенімен есептелінетін спринтерлік жарыс емес, журналистік шеберлік, мақалалардың сапасы сынға түсетін шығармашылық алаң», – дейді журналистіктің майын ішкен қарт қаламгер. Біздің жоғарыда айтпағымыз да сол.

Ақпарат жəне байланыс қызметкерлері күнін мереке дейтін болсақ, мерекелік ша-раны ұйымдастырудың да жосығы бар. Мəселен, əр сала өз кəсіби ерекшелігіне бай-ланысты тақырыпты бөліседі делік. Жалпы бұл тақырып бəріне де ортақ деп есеп-тесек те, қатары сиреген 1941-45 жылдардағы Отан соғысы ардагерлері тақырыбы ерекше болуы тиіс. Ол науқаншылыққа ұрынып күн тəртібінен түсіп қалатындай не жазды? Мұны айтуыма бір əріптесімнің аталмыш ведомствоның баспасөз қызметіне хабарласса «Отан соғысы тақырыбы байқауын былтыр Жеңістің 70 жылдығында өткізгенбіз. Биыл «KADEX-2016» деген маңызды тақырып тұр» деуі түрткі болды. Бұл тақырып бəлкім керек шығар. Бірақ, кəсіби қажеттілік ретінде КADEX-ты жыл бойына журналистер жаза бермей ме? Мұны науқаншылдық демегенде, не дейміз? Қарт солдаттар қатар жүре берсе біреудің қазанын ортайтып кетпейді ғой.

Тағы да журналист біткен «Шерханның шекпенінен шыққанбыз» деп мақтанатын Шерағаңның: «Мекеме басшысының қасындағы баспасөзбен айналысатындарға да білім мен біліктілік керек! Ал, журналистер өз шаруасын атқарудан шаршамайды» дегенінен де нəтиже шығара жүрейік.

СЫРТТАЙ ҚАРАҒАНДА КИНОЛОГТАРДЫҢ ЖҰМЫСЫ ҚЫЗЫҚТЫ КӨРІНЕДІ. ҮЙРЕТІЛГЕН ИТТЕР ҚЫЛМЫСКЕРЛЕРДІ ҰСТАП, ЕСІРТКІ ЖƏНЕ ЖАРЫЛҒЫШ ЗАТТАРДЫ ТАУЫП ЖАТАДЫ. ЖУРНАЛИСТ РЕТІНДЕ БҰЛ МАМАНДЫҚҚА ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ ТАНЫТЫП, БІР КҮНГЕ КӨЛІКТЕГІ ІШКІ ІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ КИНОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҒЫНА БАРЫП ҚАЙТҚАН ЕДІК. ОНДАҒЫ МАҚСАТЫМЫЗ – ӨЗІМІЗДІ КИНОЛОГ РЕТІНДЕ СЫНАП, ОСЫ МАМАНДЫҚТЫҢ ҚЫР-СЫРЫМЕН ТАНЫСУ.

бірінші «Джек» лақап атты неміс овчаркасымен бірге қораптардың ішінен оның ойыншығын іздедік. «Ойыншықты жасырған кезде итті қызықтыра білу керек, себебі олар мұны ойын деп түсінеді», – дейді ма-мандар. Бұл жаттығу итті есірткі зат-тарын іздеуге үйрету үшін өткізіледі. Кинологтар бастапқы кезеңде қораптардың ішіне иттің ойыншығын, кейіннен иіс имитаторлары пайдала-нылып, ойыншықтың қасына өзіндік иістегі затты қояды екен. Сонымен, ит қалған үш қораптың қасынан жай ғана иіскеп өтіп кеткенімен, ойыншығы тығылған қорапқа жеткен кезде иесіне барынша белгі бере бастады.

Ит 9 айынан бастап үйретуге беріледі. Кинолог оны 2 жасына дейін командаларды орындауға бейімдейді. Осы мақсатта спаниель тұқымдас «Глория» лақап атты итпен біраз жаттығу жасап байқадым. Қазірде бұл ит əлі де үйретілу үстінде екен. Ол мен бұйырған командалардың барлығын өте ұқыпты орындағанына қарағанда, бүг інг і күнге дей ін жүргізілген жаттығулар нəтижелі екені байқалады.

Ал лабродор тұқымдас «Стелла» лақап атты итпен оған тағы да бір иісті таныстырып, Газел автокөлігінің маңында жасырылған сол иіс сіңген келесі затты іздеуге көштік. Ең бір қызығы, ит іздеген затын тапқанша ты-нышталмайды екен. Мен қаншалықты қиын жерге тықсам да, ол тауып алып, сол жерді қайта-қайта кезек-

кезек төрт аяқтап басып иесіне белгі беріп жатты.

Кинологтардың айтуынша, вок-зал іш інде немесе пойыздарда ешқандай зат табылмаған болса, иттің ойыншығын əдейі бір жерге тығып қояды екен. Сонда, ол өз ойыншығын тауып алып, ары қарай іздеуін тоқтатады дейді. Себебі, кез келген жұмыс, ит үшін жай ғана «ойын» жəне ол əрқашан оң нəтижелі болуы керек.

Иттердің жұмыс істеу тəсілдері де əртүрлі. Мысалы, есірткі заттарын іздестіруші қызметтік иттер есірткі затын тапқан кезде бірден жұлқып көрсете бастайды. Тіпті, оның иесін кеудесінен басып, есірткі салынған

зат немесе сөмке кімдік і екенін біліп, əртүрлі шапшаң қимылдармен іздестірушілерге белгі береді. Ал ж а р ы л ғ ы ш з а т т а р д ы і з д е й т і н қызметтік иттердің ерекшелігі – жарылғыш затты тапқанда ақырын ғана отырады немесе жатып иесіне белгі береді. «Иттерді бұл тəртіп бойынша үйретудің өзіндік қыр-сыры бар», – дейді кинолог мамандар.

Дəл осы күні Астана стансасындағы Ішкі істер желілік басқармасының кезекші бөліміне Астана теміржол вокзалының жаңа ғимаратында иесіз жатқан қорап табылғаны жөнінде хабарлама келіп түсті. Кинологтар қызметтік-іздестіру иттерімен бірге тез арада вокзалға бет алды. Ал мен алған ақпараттарымды ойға түйіп, бір күндік тəжірибемді қорытындыладым.

Кейіннен келіп түскен хабарламаға сəйкес, Астана қаласы теміржол вокзалының жаңа ғимаратынан табылған қорап бос болып шықты. Қауіпсіздік мақсатында вокзалдан 450 жолаушы мен 55 қызметкер сыртқа шығарылды.

***Б ү г і н г і т а ң д а К ө л і к т е г і І І Д

Кинологиялық қызмет орталығында 40 қызметтік-іздестіру иті бар. Олар күніне бір уақыт тамақтандырылады. Иттің салмағы 40 келіден асса оған 510 грамм құрғақ азық беріледі. Қызметтік-іздестіру иттері 10 жыл көлемінде қызмет етеді.

2016 жылдың басынан бері көлік полицейлері қызметтік- іздестіру иттер ін ің көмег імен 78 ес іртк і қылмысын анықтаған, соның ішінде есірткі заттарының контрабандасына қатысты 2 факт бар. Сонымен қатар, есірткі заттарының заңсыз айналымы-на қатысты 59 қылмыстық теріс қылық тіркелген. Заңсыз айналымнан 300 келіден аса əртүрлі есірткі заттары тəркіленіп алынды.

***Көлік нысандарында қызмет атқарып

жүрген кинолог мамандарға арты-латын жауапкершілік те жоғары. Себебі , департаментт ің қызмет көрсету аумағында Қытай Халық Республикасы, Ресей Федерациясы, Қырғыз, Өзбекстан жəне Түрікменстан республикаларымен шекаралас теміржол түйісу стансалары бар. Жалпы, 25 желілік бөліністі құрайтын департаменттің қызмет көрсету аумағы 16 мың шақырымнан асады. Аталған аумақтарда есірткі тасымалдау, аса қауіпті қылмыскерлердің жүру қаупі жиі кездеседі.

Мысалы, ағымдағы жылғы, 26 мамыр-да Луговая стансасындағы Желілік по-лиция бөлімінің Есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімі қызметкерлері «Мэрли» лақап атты қызметт ік- іздест іру итінің қөмегімен «Тəтті-Құрағатты» өткелінде Жамбыл облысының 37 жастағы тұрғынын ұстаған бола-тын. Тексеру барысында одан жалпы салмағы 252 келі 300 грамды құрайтын «кептірілмеген марихуана» есірткі заты табылып, тəркіленіп алынды. Бұл факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-тармағы бойынша (Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) тіркелді.

Нұрай ƏБІЛМҰҚСЫНАЙТАЙЫН ДЕГЕНІМ...ТІЛІҢ – ТҰҒЫРЫҢ

Мəртебелі мамандықАйткен ШƏМШІ

ШОҢ ЖАЗУШЫ ШЕРХАН МҰРТАЗАНЫҢ (ШЫҢҒЫС АЙТМАТОВ ОСЫЛАЙ АТАҒАН) «АРҚАЛАҒАНЫ – АЛТЫН, ЖЕГЕНІ – ЖАНТАҚ» ДЕГЕН СӨЗІ ҚАЛАМГЕРЛЕР ОРТА-СЫНДА МƏТЕЛ БОЛЫП ҚАЛДЫ. СЕБЕБІ, БҰЛ СӨЗ ҚАЛАМ ҰСТАҒАНДАРДЫҢ ҚЫЛ ПЕРНЕСІН ДƏЛ ТАУЫП ТҰР.

БАСЫМДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕБҮГІНГІ ТАҢДА ЕШКІМДІ ҚАЗАҚ ТІЛІН БІЛУДІҢ МƏНІ ЗОР ЕКЕНДІГІНЕ ҮГІТТЕП, МƏЖБҮРЛЕУДІҢ ҚАЖЕТІ ШАМАЛЫ. МЕМЛЕКЕТТІК ҰЛТ САЯСАТЫНЫҢ АЖЫРАМАС БІР БӨЛШЕГІ РЕТІНДЕГІ ТІЛ САЯСАТЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТЫ – МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ӨРКЕНДЕТУ.

Гүлжан БЕКЕНОВА, Астана қаласы

қатысушылар екі топқа бөлінген. Бастауыш топта 15, жалғастырушы топта 15 қызметкер мемлекеттік тілді қолдану машығын жетілдіріп жүр. Сабақтар аптасына екі рет сейсенбі жəне бейсенбі күндері жүргізіледі. Қазақ тілі курсының мұғалімі ұзақ жылдардан ұстаздық етіп келе жатқан

филолог маман Бибігүл Мұхтарқызы басқарманың мемлекеттік тіл бойынша қоғамдық жұмыстарына да белсенді атсалысып келеді.

Естеріңізге сала кетейік, қазақ тілін білу деңгейін бағалаудың «Қазтест» жүйесі бойынша 2017 жылға қарай мемлекеттік тілді В1 деңгейінде меңгерген мемлекеттік қызметшілердің үлесі 25%, С1 деңгейінде 5%, В1 деңгейінде меңгерген мемлекеттік қызмет көрсететін ұйымдардағы қызметкерлердің үлесі 10%, С1 деңгейінде 5% болуы тиіс.

КИНОЛОГИЯДАҒЫ БІР КҮН

Құра

стыр

ған

Еске

ндір

ТАС

БОЛА

ТОВ

Ойл

ан, т

ап!

... Патриот

Бесінші парыз

Мəңгі рахат мекені Абзал

Жұтаң

Намаз оқушы

Қасиетті күн

Жəнібек пен Керей

Үгінді Энергия Қазақ теле-арнасы

Мейман ... Грозный Молекула бөлшегі

Əрі Кіші Азия түбегі

Қазақ футбол клубы

Ыстық (диалект) ...-жора